Бағдарламасы астана, 2018 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты



жүктеу 2,19 Mb.
бет1/7
Дата30.12.2019
өлшемі2,19 Mb.
#25489
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Жоба




Қазақстан Республикасының туристік саласын

дамытудың 2025 жылға дейінгі

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2018 жыл

МАЗМҰНЫ


        1. Бағдарламаның паспорты




        1. Кіріспе




        1. Ағымдағы жағдайды талдау

3.1. Туристік ресурстарды дамыту

3.1.1. Орналастыру орындары

3.1.2. Ойын-сауық орындары

3.1.3. Мәдени-оқиғалық нысандар

3.1.4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

3.1.5. Қолөнершілікті дамыту

3.1.6. Туризмнің басым бағыттары: агротуризм, аңшылық-олжалық туризм, экологиялық туризм, этнографиялық туризм, балалар-жасөспірімдер туризмі, медициналық туризм

3.2. Туристік дестинацияларға және нысандарға көліктің қолжетімділігі

3.2.1. Әуежайлардың инфрақұрылымы және сервисінің сапасын арттыру

3.2.2. Автомобиль жолдарының, жол бойындағы сервистің және Мемлекеттік шекарада өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы

3.2.3. Автомобиль көлігінің және тасымалдаулардың инфрақұрылымы

3.2.4. Теміржол көлігінің және тасымалдауларының инфрақұрылымы
3.3. Туристік өнімдердің және қызметтердің сапасы және қолжетімділігі

3.3.1. Туризм индустриясында адам ресурстарын дамыту

3.3.2. Туристік ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі

3.3.3. Туроператорлардың және басқа туристік ұйымдардың қызметтерінің сандық қолжетімділігінің деңгейі

3.3.4. Туристік өнімдердің және туристік қызметтердің қолжетімділігі
3.4. Туристік климат

3.4.1. Визалық және көші-қон режимдерін ырықтандыру

3.4.2. Қонақжайлылық мәдениетін дамыту

3.4.3. Туристік нысандарда туристтердің орналасуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету


3.5. Ішкі және халықаралық нарықтарда елдің туристік әлеуетін жылжыту жүйесі

3.5.1. Маркетинг пен брендингтің тиімділігі

3.5.2. Халықаралық көрмелерге қатысу

3.5.3. Жылжыту бойынша шараларды қаржыландыру

3.5.4. Қаржыландырудың мүмкін көздері

3.5.5. Сандық маркетинг




3.6.Қазақстан Республикасының туристік саласын басқару

3.6.1. Қазақстан Республикасының туристік саласын басқару жүйесі

3.6.2. Қазақстан Республикасының туристік саласын мемлекеттік қолдау

3.6.3. Шетелде туризмді мемлекеттік қолдау

3.6.4. Статистикалық есеп жүйесі
3.7. SWOT-талдау


        1. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Туристік ресурстарды дамыту

4.2. Туристік дестинациялардың және нысандардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету

4.3. Туристік өнімдердің және қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру

4.4. Қолайлы туристік климатты құру

4.5. Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру

4.6. Туристік саланы басқару және дамуын мониторингтеу жүйесін жетілдіру


        1. Бағдарламада қойылған мақсаттардың негізгі бағыттары, оларға қол жеткізудің жолдары және сәйкесінше шаралар

    1. Туристік ресурстарды дамыту

    2. Туристік дестинациялардың және нысандардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету

    3. Туристік өнімдердің және қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру

    4. Қолайлы туристік климатты құру

    5. Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда тиімді жылжыту жүйесін қалыптастыру

    6. Туристік саланың дамуын басқару және мониторингтеу жүйесін жетілдіру




        1. Қажетті ресурстар




        1. Қосымшалар



              1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ




Бағдарламаның атауы


Қазақстан Республикасының кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Әзiрлеу негiздемесi


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық-олжалық, экологиялық, этнографиялық және агротуризмді дамыту шараларын қарастыратын Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша 2018 жылғы 10 мамырдағы тапсырмасын орындау;

100 нақты қадам Ұлт жоспарын орындау, атап айтқанда туристік кластерлерді құрудың сәтті тәжірибесіне ие стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалды реформаны жүзеге асыру



Бағдарламаның әзірлеушісі


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Іске асыруға жауаптылар

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, Облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктері;
2) Жобалық тәсілге сәйкес, Мемлекеттік бағдарламаның басқарушы кеңесі оның ішінде өңірлердегіі бағдарламала жобаларын және іс-шараларын, жүзеге асыру үшін жауапты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және басқа мемлекеттік органдардың саяси лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі бекітілетін болады.

Бағдарламаның мақсаты


2023 жылға Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің үлесін кем дегенде 8 % деңгейінде қамтамасыз ету


Міндеттері

Туристік ресурстарды дамыту

Туристік дестинациялардың және нысандардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету

Туристік өнімдердің және қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру

Қолайлы туристік климатты құру

Ішкі және халықаралық нарықтарда елдің туристік әлеуетін жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Туристік саланы басқару және дамуын мониторингілеу жүйесін жетілдіру




Іске асыру мерзiмдерi


2019-2025 жылдар

Нысаналы индикаторлары

2025 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізу:

  • кірме келушілердің* санын 9 млн. адамға дейін ұлғайту, оның ішінде кірме туристтердің** санын 3 млн. адамға дейін ұлғайту;

  • ішкі туристтердің санын 8 млн. адамға дейін ұлғайту;

* келуші – шекарадан өткен шетел азаматы

** кірме турист –кәсіби қызметпен емес >24 сағаттан астам уақыт ҚР аумағында өткізген шетел азаматы

  • Туристік салада жұмыс істейтіндердің санын 650 000 адамға дейін өсіру;

  • орналастыру орындары көрсеткен туристік қызметтер көлемінің 2,5 есе өсуі (270 млрд. теңгеге дейін);

  • негізгі капиталға инвестициялардың көлемінің 3 есе өсуі (600 млрд. теңгеге дейін);

  • туристтерді тарту үшін маркетинг пен брендингтің тиімділігі – 2023 жылға қарай «БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі» рейтингінде 80-ші орын (2017 жылы – 102-ші орын);

  • ауа көлігінің инфрақұрылымын дамыту – 2023 жылға қарай «БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі» рейтингінде 60-ші орын (2017 жылы – 71-ші орын);

  • жер үсті және порт инфрақұрылымын дамыту - 2023 жылға қарай «БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі» рейтингінде 80-ші орын (2017 жылы – 91-ші орын);

  • Туристік сервистің инфрақұрылымын дамыту - 2023 жылға қарай «БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі» рейтингінде 70-ші орын (2017 жылы – 97-ші орын);

  • халықаралық ашықтық - 2023 жылға қарай «БЭФ саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің индексі» рейтингінде 70-ші орын (2017 жылы – 113-ші орын);




Қаржыландыру көлемi мен көздерi

2019-2025 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджетте қарастырылған жалпы шығындар ___________млн. теңгені құрайды1(РБ - _______млрд. теңге*, ЖБ_______млрд. теңге*, басқа көздер - _______ млрд. теңге), оның ішінде:

2019 жыл:

барлығы - ________;

РБ - _______;

ЖБ - _______;

басқа көздер - _______.


2020 жыл:

барлығы - ________;

РБ - _______;

ЖБ - _______;

басқа көздер - _______.
2021 жыл:

барлығы - ________;

РБ - _______;

ЖБ - _______;

басқа көздер - _______.
2022 жыл:

барлығы - ________;

РБ - _______;

ЖБ - _______;

басқа көздер - _______.
2023 жыл:

барлығы - ________;

РБ - _______;

ЖБ - _______;

басқа көздер - _______.



* сәйкесінше қаржы жылына мемлекеттік бюджетке сәйкес сомалар нақтыланатын болады


              1. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 9-10 мамырында Алматы облысына барған сапарында берген тапсырмасын, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік кластерлерді құрудың сәтті тәжірибесіне ие стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалды реформаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына, және «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген саланы дамытудың негізгі қағидаларын ескерумен әзірленді.

Әлемдік экономиканың дамуының заманауи жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып жатқан салалардың біріне айналады. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасының ағынының, жұмыс орындары санының өсуінің есебінен туризм экономиканың басты секторларының дамуына үлес қосады (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі).

Қазақстан тиімді геосаясаттық жағдай ала отырып, маңызды тарихи-рекреациялық ресурстарға және әлемдік мәдени және тарихи мұра нысандары не (ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне 11 нысан енгізілді), бірегей табиғи алуан түрлілікке ие бола отырып, жаңа турөнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.

Алайда қазіргі уақытта туризм саласы орташа қарқынмен дамып жатыр, ұлттық ауқымда әлеуметтік-экономикалық әсері болмашы. Қазақстан Республикасына туристік ағындарды ұлғайту мақсатымен тосқауылдарды төмендету және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.

Осы Бағдарлама туристтер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік климат жасау арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ республика халқының өмір деңгейін арттыруға бағытталған.

Сонымен бірге Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде мемлекеттің белсенді рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдайлар тудырады және 2023 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында саланың негізгі мәселелері айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды.

Олар келесі міндеттер:

- туристік ресурстарды дамыту;

- туристік дестинациялардың және нысандардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- туристік өнімдердің және қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру;

- елде қолайлы туристік климат құру;

- маркетингтің тиімділігін арттыру және ұлттық туристік брендті жылжыту;

- туристік саланы басқару жүйесін жетілдіру.


3. Ағымдағы жағдайды талдау

Туризм әлем шаруашылығының ірі, сондай-ақ ең жылдам дамып жатқан саласы болып табылады, оның өсу қарқындары экономиканың басқа салаларының өсу қарқындарынан 2 есе асады. Басты көрсеткіштері бойынша, оның ішінде инвестициялық салымдардың тиімділігі бойынша, туризмді мұнай шығару өнеркәсібімен салыстыруға болады.

Туризм саласына әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10 %-ы, қызметтердің әлемдік экспортының 30 %-ы, әлемдік инвестициялардың 7 %-ы, жұмыс орындарының 10 %-ы және барлық салық түсімдерінің 5 %-ы келеді.

Бір шетел туристінен түсетін табысты алу үшін әлем нарығына шамамен 9 тонна тас көмірін немесе 15 тонна мұнайды, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды шығару керек. Сонымен бірге шикізатты сату елдің энергия тасымалдаушыларын тоздырады, ал туризм ресурстарды жаңғыртады. Елге келетін әрбір турист әрбір сағат сайын шамамен 20 доллар шығындайды, 30 турист 1 жұмыс орнын береді.

Қызметтермен экспорттық-импорттық операцияларды орындайтын сыртқы сауданың маңызды сегменті бола отырып, туризм «көрінбейтін» экспорт қасиетіне ие. Өнімінің тұтынушыға тасымалданатын экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі сонда туризм адамдардың рекреациялық ресурстар шоғырланған орындарға көші-қонын тудырады, бұл ресурстар белгілі бір жерде тұтынылады.

Қазіргі уақытта туризм бизнестің әлемдегі ең табысты түрлерінің бірі болып табылады. Әлемдік капиталдың шамамен 7%-ын пайдалана отырып, туризм мұнайды, мұнай өнімдерін және автокөліктерді экспорттаудан кейін үшінші орынды иеленді.

БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының (UNWTO) бағалаулары бойынша 2030 жылға қарай танымал курорттарға және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне шамамен 1,8 млрд. адам барады деп күтілуде, қонақүй- туристік қызметтерден түскен табыс шамамен 2 трлн. АҚШ долл. құрайтын болады, туризм саласында 550 млн. жұмыс орындары ашылады.

Іскерлік туризм индустриясы (МІСЕ) заманауи ұғымында экономиканың ең перспективалы секторларының біріне айналды. Бүгінгі күні ірі шетел компаниялары іскерлік сапарларына жылына шамамен 2 трлн. АҚШ долл. жұмсайды, бұл шығындар кадрлық қамтамасыз етуден, салықтан, жалға алудан, ІТ және байланыстан кейін шығындардың басты баптарында қарастырылған.

WorldTravel & TourismCouncil (WTTC) мәліметтері бойынша 2015 жылы іскерлік туризмнің әлемдік нарығының көлемі 1,106 трлн. АҚШ долл. асты. 2016 жылдың қорытындылары бойынша бизнес-сапарларға кеткен шығындар 1,150 трлн. АҚШ долл. дейін өсті, ал 2017 жылы бағалау мәліметтері бойынша 3,7 %-ға ұлғайды және 1,192 трлн. АҚШ долл. дейін жетті.

2026 жылға қарай іскерлік туризмнің жаһандық нарығы 1,658 трлн. АҚШ долл. бағаланады, ал жылсайыңғы өсім орташа есеппен 3,7 %-ды құрайтын болады.

Туризмнің ең жылдам өсуі Қытайда, Үндістанда және Ресейде байқалады. Ресей мен Қытайдың ең жақын көршісі ретінде, Қазақстан да іскерлік және оқиғалық туризм бойынша әлемде өз орнын алуы мүмкін.

UNWTO болжамдарына сәйкес, келесі екі онжылдықта экотуризм қарқынды дамитын болады, ал экотуризмге кететін жаһандық шығындар жалпы туризм индустриясымен салыстырғанда жоғарылау қарқындармен өсетін болады.

Одан басқа, бүгінгі күні әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жыл сайын 8 млрд. адам барады, олардың 80 %-ы Еуропаға және Солтүстік Америкаға тиесілі. Нәтижесінде тікелей шығындар түрінде 600 млрд. АҚШ долл. және тұтынушылық шығындар түрінде 250 млрд. АҚШ долл. пайда келеді. Сонымен қатар, Халықаралық экотуризм қауымдастығының бағалаулары бойынша, нарық жыл сайын 25 %-ға өседі және 470 млрд. АҚШ долл. көлемінде табыс әкеледі.

Баруға болатын жаңа аумақтардың пайда болуының есебінен туризмнің өсуі күтіледі, өйткені әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары рекреациялық мүмкіндіктерінің шегіне жетті.

Азиялық сапарлар мониторингінің болжамдарына сәйкес, 2050 жылы ең қарқынды дамитын туристік нарықтар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд болады.

Материалдық жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы туристік ағында орта топ өкілдері басым. Сонымен бірге әлемде сапарлардың құны арзан авиарейстердің таралуының, сапарлардың мерзімдерінің қысқаруының (1-3 түн), орналасудың және көліктің балама құралдарын таңдаудың есебінен төмендей береді.

Туристік қызметтер нарығында жаппай тұтынудың жаңа типінің ерекшеліктері келесі:

- ақпараттандырылу, білімнің жоғары деңгейі;

- қызметтердің сапасына жоғары талап қою, үстеме жайлылыққа қажеттіліктің жоқтығы;

- даралық және тәуелсіздік;

- сананың экологиялылығы;

- шешімдерді қабылдаудағы шапшаңдық;

- жинақылық;

- демалыста дене және ой белсенділігі;

- өмірден көп әсер алуға ұмтылу.

Осылайша, жаппай конвейерлік туризмнің көптеген тар мамандандырылған сегменттерге, «икемді» туристік өнімдерге, жаңа туристік бағыттарға, брондаудың және сатып алудың онлайн-технологияларына сұранысты тудыратын жаппай сараланған туризмге түрленудің айқын қарқыны байқалады.



1 кесте

2013-2017 жылдардағы туристік саланы дамытудың негізгі көрсеткіштері




Атауы

2013

2014

2015

2016

2017

 

Қызметтер экспорты, млн. АҚШ доллары, олардың ішінде:

5 384,7

6 618,1

6 476,0

6 309,7

6 436,60

 

Халықаралық саяхат (Қазақстан резидент еместерге көрсетілетін қызметтер көлемі)

1 522,0

1 467,30

1 533,6

1 548,5

1 780,50

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместеріне көрсетілетін қызметтер көлемі

1 164,60

1 094,3

1 132,1

1 161,00

1 368,00

 

Қазақстан басқа елдер резидент еместеріне көрсетілетін қызметтер көлемі

357,4

373

401,5

387,5

412,5

 

Қызметтер импорты, млн. АҚШ доллары, олардың ішінде:

12 458,4

12 916,2

11 582,2

11 062,8

10 849,5

 

Халықаралық саяхат (Қазақстан резидент еместерден қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі)

1 843,3

1 932,00

1 979,0

1 657,8

1 790,60

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Қазақстан ТМД елдерінің резидент еместерінен қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі

1 190,90

1 278,2

1 434,0

1 235,40

1 264,90

 

Қазақстан басқа елдер резидент еместерінен қабылдаған көрсетілетін қызметтер көлемі

652,4

653,8

545

422,3

525,7

 

Келу туризмі бойынша келушілер саны, адамдар

6 841 085

6 332 734

6 430 158

6 509 390

7 701 196

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

ТМД елдері

6 213 390

5 655 246

5 835 592

5 935 690

7 060 630

 

ТМД-дан тыс елдер

627 695

677 488

594 566

573 700

640 566

 

Туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны, мың адам:

 

 

 

 

 

 

Туризм саласында қызметтер қамтамасыз ететін туроператорлар, турагенттер және өзге ұйымдар қызметі

6,6

6,5

7,3

7,2

7,3

 

Тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер

22

25,7

25,3

26,5

27,6

 

Санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметі

10,8

10,3

10,5

10

9,6

 

Демалыс, ойын-сауық, мәдениет және спортты ұйымдастыру бойынша қызмет

61,5

65,8

68,2

70,2

71,8

 

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

 

 

 

 

 

 

Туризм саласында қызметтер қамтамасыз ететін туроператорлар, турагенттер және өзге ұйымдар қызметі

70 475

71 233

85 002

94 465

108 152

 

Тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер

76 360

86 272

106 823

112 582

118 606

 

Санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметі

71 059

76 885

77 245

83 385

88 163

 

Демалыс, ойын-сауық, мәдениет және спортты ұйымдастыру бойынша қызмет

57 613

63 238

67 329

82 124

86 208


Көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) Сапарлардың және туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінде 2017 жылы Қазақстан 136 елдің ішінде 81-ші орын алды, 2015 жылғы 85-ші орынмен салыстырғанда позицияларын шамалы ғана жақсартты (рейтинг 2 жылда бір рет жарияланады).

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін жоғары әлеует рейтингтің келесі көрсеткіштерінде көрсетілген:

- бүкіләлемдік мұраның мәдени нысандарының саны бойынша - 61 орын;

- ауызша және сезілмейтін мәдени мұра нысандарының саны бойынша - – 22 орын;

- бүкіләлемдік мұраның табиғи нысандарының саны бойынша – 30 орын.

Сонымен бірге, БЭФ пікірінше, туризм саласында қазақстандық рейтингті келесі факторлар айтарлықтай нашарлатады:

- туристік инфрақұрылымның жоғары емес сапасы (мейманханалар, курорттар, мәдени-сауықтыру нысандары және т.б.) – 121 орын;

- әуе қатынасының жеткіліксіз ашықтығы – 121 орын;

- визалық режимнің күрделілігі– 114 орын;

- жолдың төмен сапасы – 106 орын;

- автокөлікті жалға алу бойынша компаниялардың аздығы – 113 орын.

- маркетинг пен брендингтің төмен тиімділігі–102 орын.

Сонымен бірге осы бағыттар туризм саласының дамуының жағдайын анықтайтын және саланы дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін шоғырлануға қажет болатын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
3.1. Туристік ресурстарды дамыту
Туристік ресурстар туристік инфрақұрылымды қалыптастырады. Туристік инфрақұрылымның құрамында екі негізгі элемент бөлінді. Бірінші элемент – орналастыру және тамақтандыру қызметтерін, қонақжайлылық қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар. Екінші элемент – туристік өнімді қалыптастыруға қатысатын кәсіпорындар. Олар туристтерсіз де жұмыс жасай алады, алайда туристік ағын дестинацияда ұлғайған кезде олардың экономикалық қызметінің көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылайды. Осындай нысандарға ойын-сауық орындарын, мәдени-оқиғалық нысандарды, ұлттық парктерді және т.б. жатқызуға болады. Бұл дестинациялардың туристік ресурстары болып табылады.

Жеткілікті мөлшерде дамыған туристік ресурстар туристік дестинацияның қолжетімділігін, туристтердің орналасу жайлылығын қамтамасыз етеді, мемлекетке және кәсіпкерлерге табыс әкеледі.

Қазақстан туризмінің статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыруда туристік инфрақұрылым нысандарының қызметінің көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, олар: нысандардың саны, олар қызмет көрсеткен келушілердің саны, көрсетілген қызметтер көлемі. Сондай-ақ туристік инфрақұрылым кәсіпорындарының көрсеткіштері сала ретінде туризмнің елдің ЖІӨ-не үлесін есептеу кезінде маңызды.

Қазақстанның туристік инфрақұрылымының кәсіпорындарының саны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Алайда, қонақүйлер жыл сайын 8,5%-ға ұлғайғанымен толтырылудың орташа пайызы бұрыңғы деңгейінде қалып отыр (соңғы бірнеше жылда орташа есеппен 22-25 %-ға).

Демалысты және ойын-сауықты, мәдениетті және спортты ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын нысандармен өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің көлемі де жыл сайын 10-15 %-ға өсіп келеді.

Сонымен бірге өңірлерде туризм жүйесіз түрде дамып келеді, ең перспективалы туристік дестинацияларды және туристік өнімді дамыту бойынша өңірлік, сондай-ақ жалпы елге ортақ стратегия жоқ.

Тұрақты туристік ағынды қамтамасыз ету және халықаралық туристік ағындардың бір бөлігін Қазақстанға бағдарлау үшін туристік ресурстардың даму деңгейін арттыру керек. Елге келу сұранысының басты генераторы ретінде туристік ресурстарды дамытуға мемлекет пен бизнестің негізгі күші жұмылдырылуы тиіс.

Халықаралық рейтингтерде (туризмнің бәсекеге қабілеттілігі бойынша 81-ші орын, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі бойынша 99-шы орын, туристік қызметтердің сервисінің деңгейі бойынша 97-ші орын және т.б.) Қазақстанның туристік саласының төмен көрсеткіштері қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау (саланы жүйелік қолдау бойынша 93-ші орында) туризм саласында айтарлықтай ілгерілеу үшін жеткіліксіз екендігін көрсетті.

Қазақстан «жаңадан дамып жатқан туристік дестинация» болып табылады. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымы шектеулі, туристік өнімдер мен қызметтер жеткіліксіз. Осындай жағдайларда туризмнің негізгі инфрақұрылымын қамтамасыз ету, өнімдерді әзірлеуде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, елді туристік дестинация ретінде жағымды қабылдауды қалыптастыру тұрғысынан мемлекеттің араласу қажеттілігі айқын.

Дамуының осындай кезеңінде шетел елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, ашықтықты (визалық режимді жеңілдету), қолжетімділікті (ауа және жер үсті көлікпен қамтамасыз ету), инфрақұрылымды және халықаралық стандарттар бойынша орналастыру орындарын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Туристік нысандардың жағдайын диагностикалау көрсеткендей, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта «туристік магниттер» және «туристік өсу нүктелері» деп аталатын 100-ден астам белгілі туристік нысандар бар.

Сонымен бірге, ресурстардың шектеулігінің және барлық берілген нысандарды дамытуға қомақты инвестициялар салу қажеттілігіне байланысты басымдылық жасау немесе республикалық, сондай-ақ өңірлік деңгейде ең тартымды нысандарды іріктеу қажеттілігі туындайды.

Осыған орай, ең маңызды туристік нысандарды Қазақстанның Туристтендіру Картасына іріктеу жұмысы атқарылды.

Туристік магнит ретінде нысанның бірегейлігі мен туристік ағынның әлеуетті өсуі іріктеу критерийлері ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ нысандардың тарихи-мәдени маңыздылығы да ескерілді. Мысалы – ЮНЕСКО ескерткіштері немесе Ұлы Жібек жолы нысандары тізбесіне енген нысандар, сондай-ақ «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының Киелі нысандары.

Осы нысандардың әлеуетін, болжанатын экономикалық әсерді, сондай-ақ республикалық деңгейде негізгі мәселелерді шешу қажеттілігін назарға ала отырып, Туристтендіру Картасының нысандары екі деңгейге бөлінді:

біріншісі – республикалық деңгейдегі ТОП-10 басым нысан;

екіншісі – өңірлік деңгейдегі нысандар.

Республикалық және өңірлік деңгейдегі Туристтендіру Картасының нысандары нің тізбесі қоса тіркеледі (2 және 3-қосымшалар).
ТОП-10 енген ең перспективалы бағыттар ретінде Қазақстанның келесі 10 басым туристік аумақтары қарастырылады:


  1. Алакөл көлі – әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын – бір жылда 772 000 турист);

  2. Алматы өңірінің тау кластері– әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын – 500 000);

  3. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 2 000 000 турист (ағымдағы ағын - 750 000);

  4. Баянауыл курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 450 000 турист (ағымдағы ағын - 200 000);

  5. Имантау-Шалқар курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);

  6. Балқаш көлі – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);

  7. Шарын каньоны – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист (ағымдағы ағын - 100 000);

  8. Түркістанның тарихи-мәдени туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 500 000 турист (ағымдағы ағын - 500 000);

  9. Маңғыстаудың жағажай туризмін дамыту - әлеуеті бір жылда 750 000 турист;

  10. Астана қ. МІСЕ туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист;

Бұл дестинациялар туризмді дамытудың басты бағыттары ретінде анықталды, олардың әрбіреуі өз даралығына, өзіне тән өніміне/ әлеуетіне ие.

Туризм индустриясын тиімді дамыту үшін табыстың басты факторларының бірі ретінде турөнімдерді тиісті құрылымдау және позициялау болып табылады, ол туризмді жоспарлау және дамыту үшін елдің әкімшілік-аумақтық бөлінуіне міндетті түрде сәйкес келе бермейді. Қазақстанның кейбір өңірлері (облыстары) ортақ бірегей «тәжірибеге» және сипаттамаларға ие болуы мүмкін, және олар бірегей басым эксперименталдық құрылыммен бір туристік кластерге түрлендірілуі және туризмнің сыртқы нарықтарына бірегей сауда ұсынысы ретінде берілуі мүмкін.

Таңдалған 10 бағытты дамыту заманауи жоғарытиімді туристік кешенді қалыптастырудың және Қазақстан экономикасына туризмнің қосатын үлесін арттырудың басты шарты болып табылады.


3.1.1. Орналастыру орындары
Орналастыру орындарының болуы сапар үшін дестинацияны таңдау кезінде басты рөл атқарады. Олардың жеткіліктігі және сервистің деңгейі елдің ішінде де, сондай-ақ сырттан да туристік ағынның көлеміне маңызды әсер етеді.

Ресми статистиканың мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының саны 2 987 бірлікті құрады (өсу қарқыны – 108,4%), оларда 65 791 номер бар (өсу қарқыны – 108,8%), сонымен бірге біруақыттағы сыйымдылық 152 601 керует-орынды құрады (ЖКИ – 110,5%).



2-кесте
Қазақстан Республикасында орналастыру орындары бойынша негізгі көрсеткіштер


 

2013

2014

2015

2016

2017

Орналастыру орындарының саны, бірлік

1 678

2 056

2 338

2 754

2 987

Номерлер саны

41 197

49 128

53 126

60 427

65 791

Бір мезеттегі сыйымдылық, керует-орын

92 053

109 094

118 355

138 062

152 601

Орын-тәулік ұсынылды

7 186 444

7 213 295

7 017 070

7 582 785

9 544 646

Орналастыру орындарымен келушілерге қызмет көрсетілді

3 307 752

3 804 447

3 802 225

4 217 782

5 279 406

Керует-орындардың %-да толтырылуы

21,4

22,0

23,5

24,0

25,0

Орташа жылдық толтырылу (толтырылған керует-орындардың жалпы номер қорына ара қатынасы) да оң қарқын көрсетті, 25%-ды құрады (өсу қарқыны – 104,1%). Сонымен бірге толтырылудың ең жоғары деңгейі 5* санатындағы қонақүйлерге (54,5%), ең төмен – 1* санатындағы қонақүйлерге (4,6%) тиесілі.

Өңірлердің арасында толтырылу бойынша ең жоғары деңгейді БҚО (33,4%), сол уақытта ең төмен деңгейді Жамбыл облысы көрсетті (17%).

1-сурет

Қазақстан өңірлерінде қонақүйлердің толтырылуы (керует-орын, %)




4-5 жұлдызды мейманханалар сегментінде пайдалалықтың ең тиімді көрсеткіші байқалады. Орналастыру орындарының орташа өтелуі іске асырылатын жобаның санатына және орналасу орнына байланысты 5-10 жылды құрайды.

Алайда, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның ешбір өңірі 30% деңгейінде орташажылдық жүктелу деңгейіне дейін жеткен жоқ, сонымен бірге бизнесмендер жаңа мейманханаларды ашуды және бар мейманханаларды кеңейтуді жалғастыруда.

Қонақүй бизнесін жүргізудің әлемдік тәжірибесінде қабылданғандай, қонақүйдің толыққанды жұмысы үшін жүктелу 40-60% деңгейінде болу керек. егер осы сала елімізде пайдасыз болса, онда әрекеттегі қонақүйлерді кеңейту емес, орналастыру орындарын жабу қарқынға айналар еді.
ҚР-да мекен ету орындарының құрылымын талдау көрсеткендей, сыныпталатын қонақүйлер ұсыныс нарығының небары 10%-ын ғана құрайды, орналастыру қызметтерінің қалған үлесі халықаралық нормаларға және стандарттарға сәйкес келмейтін санаты жоқ орналастыру орындарына тиесілі.

Осындай жағдайға әкелетін себептердің арасында қонақүй саласының әрекеттегі реттелуін атап өтуге болады. Осылайша, Қазақстан Республикасында қонақүйлер мен мейманханаларды сыныптау бойынша мемлекетаралық және ұлттық стандарттар қабылданған және қолданылып келеді. Алайда, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, қонақүй қызметтеріне қойылатын талаптар міндетті болып табылмайды, демек, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы N 01-08/200 бұйрығымен бекітілген Туристтерді орналастыру орындарын сыныптау ережесі ұсынушы сипатына ие.

Одан басқа, қонақүйлерді жұлдыздылығына сертификаттау кезінде сәйкестікті тексеру өтінішті беру кезінде біруақытта жасалады және келесіде берілген санатқа сәйкестікке мониторингілеу аймақтық Статистика департаменттерімен жасалады.
3-кесте


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау