Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі



жүктеу 164 Kb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі164 Kb.
#21725
  1   2   3

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінің басым бағыттарының бірі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Аудандағы әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алу, жою бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру үшін қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Ауданда биліктің оң имиджін қалыптастыруға және күшейтуге, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды және Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларын, Бағдарламалық мақалаларын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар, сонымен қатар маңызды оқиғалар қатарын жоспарлау – ішкі саяси тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, әлеуметтік шиеленіс деңгейі төмен деп бағаланады.

Қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтап, бекіте түсу үшін ауданда кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар, этномәдени орталықтары, саяси партия, дін өкілдері қатысып, өз үлестерін қосып отырады.

Ақпараттық жұмыс 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауы, «100 нақты қадам - Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Ауылшаруашылық кооперативтерін құру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар, Жастар саясаты, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Цифрлы Қазақстан, Үш тілді білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім туралы және басқа да өміршең бағдарламалардың жүзеге асырылуы жария көруде.

Сонымен қатар бүгінгі таңда өзекті болып отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрақтандыру қоры, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қызмет, білім, ауылшаруашылығы, спорт, мәдениет, экономика салалары, үкіметтік емес ұйымдар, Жасыл ел, аудандық қоғамдық кеңес, қауымдастықтар жұмысы және аудан тынысы, ел және жаһан, облыс және аудан жаңалықтары халық назарына ұсынылып отырады.

Бүгінгі таңда Зайсан ауданы бойынша стратегиялық басты бағыттар ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аудандық «Достық» газеті жұмыс жасайды. 1930 жылғы 1 қазаннан шығатын қоғамдық-саяси газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 2008 жылғы 6 қазанда №9363-Г куәлігі берілген.

Аптасына екі рет, сәрсенбі, сенбі күндері қазақ тілінде шығады. Таралымы 4800 дана.

Басылым уақытылы обьективті ақпараттар беру арқылы қоғамдық пікірдің оң қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Мемлекет басшысының Жолдауын, Мемлекеттік бағдарламаларды, қоғамдық-саяси шараларды газетте жариялау бойынша медиа-жоспар жасалып бекітілген, спикерлер тізімі жасалған. Спикерлер бекітілген медиа-жоспар бойынша аудандық «Достық» газетіне мақалаларын жарияланып отыр.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болуы, Алматыда өткен Универсиада-2017 спорт ойындары және де Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылып өтті.

Атаулы даталарға, биылғы жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, ҚР Қарулы куштерінің, ҚР Ішкі Істер қызметінің құрылғанына және ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына 25 жыл толуына орай мерейтойлық арнайы беттер әзірленіп, арнаулы газет саны шығарылды.

Ақпараттық саясат газет арқылы ғана емес, аудан әкімінің сайты, әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асырылады. Зайсан ауданы әкімдігінің инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерінде арнайы парағы ашылып, ақпараттар жарияланып отыр. Аудан әкімінің ресми сайтында арнайы айдарлар ашылып, ауданда жүзеге асырылған іс-шаралар жайлы жарияланып тұрады. Газетке, сайтқа, әлеуметтік желілерге ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында логотиптер, инфографикалар басылады.



2017 жылы газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу қызметіне жергілікті бюджеттен 4 млн. 443 мың теңге бөлінсе, телерадиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерге 1 млн. 357 мың теңге қаржы бөлінді.

Жыл басынан бері сыни мақалалар болған жоқ.



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын халық арасында түсіндіру туралы

Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басым бағыттары мен міндеттері және жолдау аясында ауданда атқарылатын жұмыстар жайлы халықты ақпараттандыру үшін аудан әкімінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы 1-14 ө өкімімен құрамында 80 мүшесі бар 13 ақпараттық топ құрылған. Ақпараттық топ мүшелері ауданның барлық 37 елдімекенінде, мекемелер мен ұжымдарда тұрғындармен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері 362 кездесу өткізіліп, 25660 адам қамтылды. Ақпараттық топ мүшелеріне жолдау бойынша, барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асырылуы бойынша қысқаша мазмұнда көмекші құралдар, жаднамалар әзірленіп таратылып отырады. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, осы мақала аясында «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы, Жер кодексі нормаларын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы, әлеуметтік көмекті жаңғырту, оның атаулығын жоғарлату және әлеуметтік масылдықты төмендету, «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек», ауылшаруашылық кооперативтерін құру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдармен, өзге де мемлекеттік бағдарламалардың қысқаша мәтіндерінен және аталған бағдарламалардың орындалуы туралы ақпараттардан жаднамалар әзірленіп топ мүшелеріне таратылды.



ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Туған жер» бағдарламасын түсіндіру және насихаттау, іске асыру бойынша.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөнінде комиссия аудан әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №1-83ө өкімімен құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Комиссия құрамына мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым мүшелері кірді. «Туған жер» бағдарламасының арнайы тұжырымдамалық ұстанымдары басшылыққа алынып, аудан әкімдігінің қаулысымен жұмыс тобы бекітілді.

Осы топтың жұмысшы органы ретінде Жобалық Кеңсе құрылып, құрамына 4 бөлім қызметкерлері енді, қызметкерлер осы жобаны іске асырумен ғана айналысатын болады. Сонымен қатар Қазақстанда және алыс-жақында тұратын атақты жерлестердің тізімі (барлығы 36 адам) жасалып, оларды әрі қарай ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, патриоттық және рухани тәрбие беретін жобалар мен акцияларға қатыстыру үшін арнайы ауқымды іс-шаралар қатары қалыптастырылды.

Ауданға қомақты инвестициялар тарту мақсатында бірнеше болашақ жобалар базасы қалыптастырылды. Жобалар арнайы талдау және іріктеуші жұмыс тобына жолданды. Жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы –Майқапшағай елдімекенінде көліктік-логистикалық орталығын салу (жоба құны 6 млрд.800 млн.теңге) табиғи газ және көміртек диоксидін өндіру зауыты (жоба құны 250 млн.теңге), 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, ет өнімдері цехы, тері өңдеу және сүйек ұнын шығару зауыты (жоба құны 2 млрд.теңге), Абай саябағында ардагерлердің демалыс орнын салу (жоба құны 1 млн.теңге), шағын трактор зауытын кеңейту (жоба құны 80 млн.теңге) және т.б.

Ауданда «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты жобаға еліміздің түкпір-түкпірінде білім мен ғылымда, өнерде, әдебиетте, спортта қоғамдық келісім мен ұлт бірлігінің нығаюына зор үлес қосып жүрген зайсандық 15 тұлға іріктеліп алынып, әрқайсысының еңбек жолы, қол жеткен табысы, енгізген жаңалығы, жетістіктері жайлы мағлұматтар толық берілді. Олардың қатарына Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Қылышқанов М.Қ., Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің философия ғылымдарының докторы Уазырханова Г.К., ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Абзалиев О.Қ., Режиссер-хореограф, алтын және үш күміс медаль иегері Ағабылов М.М., электронды оқулықтардың авторы, Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры, «Қазақстан ұстазы» қоғамының төрағасы Өскенбаев А.Ә., дзю-додан Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, әлем кубогының күміс жүлдегері, XV Азия ойындарының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Атаев А.Ж., дзю-додан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Исанова Г.А., «Ерен еңбегі медалінің иегері», Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлық медалінің иегері, кәсіпкер Абышева А.А., Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Уаш Д.З. , журналист, ҚР Сенат төрағасының ақпарат жөніндегі көмекшісі Жексенбай Б., және басқалар енді.

Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасы шыққаннан бері ауданға өнердегі, әдебиеттегі елімізде танымал бір топ жерлестер келіп, дарын иелері болған зайсандықтарға арналған кітаптарының тұсаукесерін ұйымдастырып, аудан тұрғындарымен, жастармен кездесулер өткізіп, театр саңлағы болған Қазақстанның мәдениет қайраткері О.Кәкеев атындағы облыстық театрлар фестивалі ұйымдастырылып, тұңғыш рет балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шеруі ұйымдастырылып өткізілді. Ауданымызда, мамыр айында Мәдениетте, өнерде танымал болған жерлестер жайлы «Зайсанды ән-күймен әлдилеген» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, атақты жерлестермен кездесулер өтті. Шілде айында жерлесіміз, қазіргі таңда Алматы шаһарының тұрғыны Ғазизхан Ыбырайханұлы ү.ж. 2-6-шы шілдесі аралығында өзінің өнердегі баласы және інілерімен Зайсан ауданына келіп, ауылдастарына «Елге салем!» атты қайырылымдық концерт қойып, тәлімді кездесулер өткізді. Тамыз айында Алматы қаласы және басқа аймақтарда тұратын өнердегі жерлестердің «Ретро-фестивалі» ұйымдастырылып өткізілді. Қазан айында Қазақстанның халық әртісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Құрмет» және «Прасат» ордендерінің иегері Роза Рымбаева және әнші Ғибрат Азубаев Зайсан ауданына келіп, аудан халқын тамаша өнерлерімен тамсандырып, әуезді де сырлы әндерін тарту етті. Ауданымыздың негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы саласы болғандықтан, жылдағы ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында «Туған жер» атты кіші бағдарламасы аясында кәсіпкерлер форумы ұйымдастырылып өткізілді. Бұл форумға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты, жерлесіміз Дәлел Уаш акцияға өз үлесін қосып, аудан халқын тамаша әуезді әндерімен қуантты. Қазан айының 24 жұлдызында М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында «Тағдырлы тұлға» атты тақырыпта халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу кеші өткізілді.

Бүгінгі күні өңірден шыққан Баймұрат батыр баба ескерткіші қойылатын жерге белгі қойылды. Келер жылы қаланың 150 жылдығы және ауданның 90 жылдық торқалы тойына ауданның танымал тұлғалары тарту етпек.

Аудандағы киелі жерлер мен тарихи мұра орындарына балалар мен мектеп оқушыларының саяхаттары ұйымдастырылуда, сонымен қатар алдағы 3000 оқушының, 130 ардагердің, 50 астам мүмкіндігі шектеулі жандардың, мемлекеттік қызметшілер және барлық санаттағы адамдардың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы және Астана қаласына саяхаты жоспарланып жүзеге асырылды. Бүгінгі күнге дейін ақпараттық топ мүшелері ауданның барлық 37 елдімекенінде, мекемелер мен ұжымдарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері 220 кездесу өткізіліп, 25670 адам қамтылды.

EXPO-2017 халықаралық көрмесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аудандық «Достық» газетінде, аудан әкімінің сайтында ақпараттық материалдар, инфографикалар жарияланды.

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне арналған «Әсер алып, шабыттан!», «EXPO-2017. Future energy Astana Kazakhstan. Президенттің тағы бір жеңісі – Қазақстанның тағы бір жеңісі» атты көрнекі насихат құралдарының эскизі жасалып, қала, ауыл округтеріне ілінді. Жыл басынан бері шығарылған баннерлер саны – 39.

Аудандық «Достық» газетінде және әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру» атты арнайы айдармен бүгінгі күнге 25 мақалалар жарық көрді.

Ұлттық рухты жаңғыру жолындағы жұмыстар жоспар бойынша жалғастырылады.

Осы мақсатта үсітіміздегі жылы аудан көлемінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырып өткізу жоспарланған. Оның ішінде 17 дөңгелек үстел, 44 спорттық сайыс, жастар арасында 3 дебат турнирі, 6 форум, 8 конкурс, би кештері, ретро фестиваль, кездесулер және аудан кітапханаларында 34 тақырыптық көрме, 47 концерттік бағдарлама және т.б.

«Туған жер» бағдарламасы аясында Зайсан қаласында Энергетиктер аллеясы, әлеуметтік дәріхана, тойхана, «Happy Baby» балабақшасы, ардагерлерге арналған Абай саябағында демалыс орны, сауда үйлері, Сартерек ауылында Шөкей Сәкібаев атындағы алма бағы, ашылды.

7 ірі мекемелердің 2017-2020 жылға дейінгі аралыққа 150 млн. теңгеге 41 жобасы жасалып бекітілді. Ауданда бүгінгі күнге дейін «Туған жер» жобасы аясында 45,5 млн. теңгенің 38 жобасы жүзеге асырылды.

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жыл басынан бері 70 миллион теңгенің 10 жобасы жоспарланып, барлығы 70 миллион теңгеге жүзеге асырылды.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттаудың жағдайы туралы

Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша тұрақты жұмыс атқаратын комиссия құрылып, құрамы аудандық маслихаттың шешімімен бекітілген. Үстіміздегі жылы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған ауданда кешенді шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Ту ұстаған 25 бірыңғай безендірілген ақ приора автокөліктері, 25 салт аттылар және 25 жас велошабандозшылар шеруі аспанға 25 көгаршын мен 250 шар ұщырумен жалғасып, әскери қызметшілердің арнайы Ту, Елтаңба ұстаушыларының салтанатты маршы және бір мезгілде аудандық музыка мектебінің хорына 5000 мың адамның қосылған Мемлекеттік Гимнді орындауына ұласқан шара өтті. Шара соңы патриоттық әндерден даярланған концертпен жалғасты. Жыл басынан бері аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, комиссия отырысында тиісті мекеме басшыларының есебі тыңдалып, кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қабылданды. 2 рет рейд жүргізіліп, 94 мемлекеттік мекеменің рәміздері тексерілді. Аудандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерді қолдану барысы комиссия тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында Зайсан қаласында және ауылдық округтерде 80 лайтбокс, 20 баннер орнатылған.


Дін мәселесі бойынша 

Ауданда діни ахуал тұрақты. Дінаралық, ұлтаралық келіспеушіліктер тіркелмеген. Ауданда діни ахуалды тұрақты сипаттайтын және этносаралық, конфессияаралық саладағы мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындардың үлесі 85,5 пайызды құрайды. Діни ахуалды қалыпты деп бағалаушылар 92,6 пайызды құрайды.

«ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысында, жергілікті тұрғындардың діни сауатын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау, толеранттылық пен қазақстандық қоғамның рухани бірлігі идеясын қалыптастыру және тарату, қоғамда жалған сипаттағы діндердің және радикалды ұйымдар мен ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімі жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы (әрі қарай АТТ) өз жұмысын заман талабына сай жетілдіріп, кездесулерді көпұлтты және көпконфессиялы халықтың ауызбіршілігі мен жарасымдылығын сақтау, елімізде діни экстремизмнің алдын алу, жастардың азаматтық ұстанымдарын белсендете түсу мақсатында жүргізіп келеді.

Топ құрамына дінтанушы, исламтанушы, теолог мамандары, көпті көрген аға буын қоғамның белсенді өкілдері, белсенді жастар тартылып отыр. Жыл басынан бері мақсатты топтар арасында 80 кездесулер өткізіліп, 12250 адам қамтылды, оның ішінде 42 кездесу жастар арасында өтіп, 4200-ге жуық жастар қамтылды. Ауданда діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 4 отырысы, 6 семинар, 4 форум, 15 дөңгелек үстел, 2 конференция, өтті, 4 рет облыстық деңгейдегі теолог мамандары (Смағұлов Т.Б., Мухтаев М.А.) және 3 рет облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары келіп ауданда жұмыстар жүргізді. Кездесулер жастар, жұмысссыз және студент жастар, жоғарғы сынып оқушылары, спортшылар, спорт секциясына қатысушылар, жұмыссыздар, әйел жамағаты, мешіт жамағаты, көп балалы аналар және қолайсыз отбасылары мүшелері, саудагерлер, таксистер арасында өтіп, сонымен қатар жамағаттар арасында оңалту және адрестік көмектер көрсетілді.

Ауданда жалпы дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен азаматтарға қарсы насихаттық іс-шараларының жүргізілуі және әлеуметтік жағдайларына ықпал ету шаралары, өткен жылдан бері қолға алынған «әлеуметтік портрет», «әлеуметтік карта» жобалары бойынша жұмыстар атқарылып, нәтижесінде «тізімдегі» 23 тұлғаның 8-і дәстүрлі дін жолына ауысып, 12-і дәстүрлі ислам дініне және қазақстандық құндылықтарға бетбұрыс жасап бейімделді, 3-нің бүгінгі күні діни көзқарастары өзгеріп, дәстүрлі емес діни ағым идеологиясын тарату бойынша іс –әрекеттерін тоқтатқан.

Ауданда дін саласындағы мемлекеттік саясатты сауатты да байсалды түрде жүргізу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңес» жыл басынан бері өзінің жоспарлы 4 отырысын өткізді.Барлық отырыстар кеңейтілген түрде өткізіліп, әрбір отырыстарға қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім және тиісті сала басшылары, мәслихат депутаттары, аудандағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер өкілдері, құқық саласының жауапты қызметшілері, жастар және БАҚ өкілдері қатыстырылып отырды.

Кеңестің 4 отырысында 30-ға жуық мәселелер мен сұрақтар қаралды, оның ішінде өзекті деген: Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы; Ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі азаматтық қоғам институттарының рөлі және жұмысы туралы; қоғамда радикалды діни ағымдардың идеяларының таралуына қарсы тұру және шешу жолдары; жастардың деструктивті діни ағымдардың идеяларының жетегінде кетпеу мәселесіне байланысты олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын ұйымдастыру; жастарды жұмыспен қамту; жастардың баспаналы болу мәселесі және тиісті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жолдарын қарастыру; Зайсан технология колледжін бітірген мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері; мектеп бітірген түлектердің есебінің жүргізілуі; білім беру мекемелері жанында құрылған қыздар кеңестерінің жұмыстары; қала, ауыл округтеріндегі әйелдер кеңестері мүшелерінен құрылған «Руханият» қауымдастығының жастарға, әсіресе қыз-келіншектерге, жас отбасыларына беретін тәрбиелік мәндегі жұмыстары жайлы; дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ауылдық округтерде жүзеге асырылуы; елімізде діни білім алудың жолдары; жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау проблемалары; мешіт имамдарының біліктіліктері; діни оқу курстарының жүргізілуі; білім беру мекемелерінде «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің жүргізілуі, пән ұстаздарының біліктіліктері; Рухани жаңғыру аясында ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтардың жаңғыртылуы; Интернет желілерінен экстремистік контентті жабу және бұғаулау; Рухани жаңғыру-жастармен; Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының тұрғындар арасында насихатталуы; «Әлеуметтік портрет», «Әлеуметтік карта» бойынша жұмыстардың жүргізілуі, оңалту жұмыстарының орындалуы және нәтижелері туралы және тағы басқалар. Кеңес отырыстары бойынша ұсыныс-пікірлер қорытындыланып, қарар қабылданады, орындалуы туралы келесі кеңес отырыстарында арнайы тиісті сала басшыларының есебі тыңдалады.

Жыл сайын ауданда қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындар арасында дін саласы бойынша белсенді жұмыс атқарулары үшін аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға арнайы қаржы бөлінеді, үстіміздегі жылы да тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, рухани жаңғыру аясында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында 500 мың теңге қаржы бөлініп, жоба бойынша Рухани керуен жұмысы ұйымдастырылып (ұтып алған «Зайсанның белсенді әйелдер қоғамы» ҚБ), елдімекендерде ауқымды шаралар өткізіліп, 5000-нан астам тұрғындар қамтылды.

Ауданда жастар арасында «Сақ бол, жас түлек!», «Жолың болсын, жас түлек!» және «Рухани жаңғыру – жастармен» атты форумдар, «Рухани келісім-бірлік бастауы», «Зайырлы мемлекеттегі діни білім», «Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары», «Ислам діні және қазақ дәстүрлері» атты семинарлар, «Рухани жаңғырудың түп қазығы - аға буын өкілдері – болашақ ұрпақтың сенімді кепілі», «Дін мен дәстүр бірлігі-ұлт болашағының кепілі» атты конференциялар және Ақсуат ауданының халық театрының «Адасқандар» спектаклінің қойылымы ұйымдастырылып өткізілді. Аудандағы жастардан және оқушылардан құралған Зайсан «Поэзия» жастар театры әзірлеген «Дәстүрлі емес дін-біздің жол емес» және «Адасқан ұл» атты сахналық қойылымдары әрбір форум жұмыстарында ұсынылып, кең қолдау табуда, ү.ж. Астана қаласында өткен оқушылар арасындағы фестивальде бас жүлдені жеңіп алып, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы жұмыстардың бір саласын көрсетіп қайтты.

Діни экстремизм мен терроризмнен сақтандыру мақсатында 5500-ге жуық бүктемелер, 3000 дана парақшалар, 3500 дана флаерлар, 1500 дискілер даярланып, таратылды. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың бір форматы ретінде қала, ауыл округтерінде діни тақырыптарға арналған 22 баннер орнатылған, әртүрлі тақырыптарға және діни мерекелерге сәйкес жаңартылып отырады, аудандық "Достық" газетінде 35, облыстық газеттерде 6 мақала, сайттарда 55 материалдар, ресми сайтта 28 бейнероликтер орналастырылды.

Ауданның рухани ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлестерін қосып отырған 17 діни бірлестіктер бар, 16 мешіт және 1 православие шіркеуі, барлығы тіркеуден өткен, жергілікті атқарушы билікпен қарым-қатынаста белсенді жұмыс атқарады. Кадр тапшылығы жоқ, аудан имамдары 2 және 4 айлық толық арнайы курстардан өткен, үстіміздегі жылы облыстағы Халифа Алтай мешіті жанында 6 имам «Рухани жаңғыруға байланысты сауат ашу курсы» тақырыбында даярлық курстарынан өтті, қосымша 12 имам осы аталмыш курстардан өтеді. Аудандық мешіттің бас имамы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде сырттай оқуын жалғастыруда, ауданның 2 азаматы осы университетте оқиды және өткен жылы осы университеттің 2 түлегі (1 әйел, 1 ер азамат) ауданға арнайы келісім-шартпен келіп жұмыс жасауда және арнайы баспанамен қамтамасыз етілді.

Мешіттерге үнемі тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады, мешіт имамдары, шіркеу қауымының өкілдері аудандағы барлық көпшілік шараларға қатысып, өз үлестерін қосып отырады. Әсіресе Наурыз мерекесінде киіз үй сайыстарына қатысып, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойып, ұлттық спорт түрлеріне қатысады. Ораза айт мерекесінде қаладағы орталық стадионға киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, қолөнер бұйымдарынан көрме қойылып, білім сайысы өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен кіші қажылыққа жолдамалар сыйға берілді. Құрбан айт мерекесінде 500- ге жуық тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмектер көрсетілді.

Аудан аумағында, елдімекендерде діни жораларды, басқа да іс-шараларды заңсыз өткеріп жүрген азаматтар жоқ. Жұма күндері жұма намазына келетін жамағаттың саны 500-ге жуық, оның 30 пайызға жуығы жастар, мешіттерге келіп тұрақты ғибадат ететін жамағаттың саны 150 –ге жуық, оның ішінде ерлер 100, әйелдер 50.

Ү.ж. наурыз айында ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандағы филиалы ашылып, 2 исламтанушы-теолог, 1 дінтанушы маманы жұмыс атқаруда. Шілде айында осы орталық жанында әйел жамағаттары үшін қол-өнер үйірмесі ашылып, бүгінгі күні 20-ға жуық әйел жамағат тартылған. Ү.ж. Семей қаласында өткен «Рухани жаңғыру» Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» атты республикалық форумында осы үйірменің қол өнерінен шыққан бұйымдардан көрмелер қойылып, жамағаттың 2 әйелі облыс әкімі орынбасарының «алғыс хатымен» марапатталды.

Дін саласына қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккендерге кеңесшілік-психологиялық көмек көрсетуге арналған "Қауырт желі-114" қызметіне аудандық бюджеттен 123200 теңге бөлініп, 17600 дана төлемшот түбіртектері таратылды.

«Дінтану негіздері» пәнінің қоғамтанушылық мазмұны күшейтіліп, білім алушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары мен қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын тарату мақсатында 9 сыныптарда өтетін пәннің атауы өткен жылдан бастап "Зайырлылық және дінтану негіздері" болып өзгертіліп, ү.ж. 674 дана жаңа оқулыққа жергілікті бюджеттен 957 080 теңге қаражат бөлінді, оқушылар жаңа оқулықтармен толық қамтылды. Аудандағы 29 пән мұғалімдері толық білім жетілдіру курстарынан өтті.

Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, шынайы қазақ қызының бейнесін қалыптастыру және жас қыздардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру мақсатында құрылған «Зере», «Қыз Жібек» клубтары жұмыс жасайды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға атсалысу, Елбасының Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал ету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мәдени мұралар мен дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды жастарға үйрету мақсатында зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері жастармен тығыз байланыс орнатып, бірлескен іс шаралар ұйымдастырып, 2 семинар, 2 форум, 15 дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Жастардың мәдени, рухани-өнегелі, патриоттық тәрбиесін дамыту және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін ауданда 100-ден астам спорт нысандары, 10-нан астам мәдениет ошақтары жұмыс істейді, жастардың пайдалануына толыққанды мүмкіндіктер берілген.

2016-2017 жж. Оқу жылы мерзімінде өмірлері өнегелі, ғибратты ғұмыр иелері аға буын өкілдерінің қатысуымен барлық 27 білім беру мекемелерінде 5-6 реттен кездесулер өтіп, «Өз еліңді сүй, өзге халықты кемсітпе», «Мәңгілік ел-ол біздер», «Ұлы Дала перзенттері», «Рухани жаңғыру-жастармен», «Дәстүрлі емес дін-біздің жол емес» және т.б. тақырыптарда патриоттық сабақтар өтті, арнайы бетплакаттар шығарылып, оқушылардың ата-аналарымен жүйелі әңгімелер өткізілді.


жүктеу 164 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау