Бағдарламасы астана, 2018 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты


Қонақжайлылық мәдениетін дамыту



жүктеу 2,19 Mb.
бет4/7
Дата30.12.2019
өлшемі2,19 Mb.
#25489
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3.4.2. Қонақжайлылық мәдениетін дамыту

Қолайлы туристік климат тудыру үшін қонақжайлылық мәдениеті - hospitality өте маңызды.

Туризм тұтас ел үшін бір үлкен бизнес-идеяға айналуы тиіс. Туризмге деген қатынасты тек мемлекеттік органдарға және туристік компанияларға ғана емес, сондай-ақ қоғамның да (әрбір жеке азаматтан бастап бизнес иесіне, ауыл әкімінен министрге дейін) қатынасын түбегейлі өзгерту керек.

Қазақстанға жағымсыз жағынан көрсететін «туризмнің жабайы карталарын» жою керек. Әуежайларда және вокзалдарда сыпайы қарсы алу, мейрамханаларда және қонақүйлерде сапалы қызмет көрсету, полиция қызметкерлерінің ізгіниеттілігі, дәретханалардың тазалығы, халықтың ағылшын тілін жаппай білуі, бүкіл елде интернеттің болуы сияқты қарапайым тұрмыстық әдеттер санаға сінуі тиіс. Басқаша сөзбен, Қазақстанда ең жақсы туристік климат тудыру қажет.

Туристтің жолындағы барлық тосқауылдарды алып тастау керек. Турист дербес құқықты, ал «қазақстандық қонақжайлылық» бірегей брендке айналуы тиіс.

Әрбір келуші турист «тосқауылсыз ортаға» енуі, өзін-өзі үйдегідей сезінуі, Қазақстаннан шынайы ләззат алуы тиіс және отандастарына Қазақстан жайлы міндетті түрде бөліскісі келетіндей сезіммен қайтуы керек.
3.4.3. Туристік нысандарда туристтердің орналасуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Еліміздің кез-келген өңірінде, жылдың кез-келген маусымында, күндіз де, түнде де кез-келген турист өзін жайлы және қауіпсіз сезінетіндей шаралар қолдану қажет.

Отандастарымыздың тарапынан кез-келген теріс факт немесе тіпті аздаған жағымсыз қылық, мысалы, қара терілі шетелдікті көрген кезде «саусақпен көрсету», таксисттердің алдауы, шекара немесе кеден бақылауында ұзақ тексеру, даяшының ағылшын тілінде тапсырыс ала алмауы, және сондай сияқты жағдайлар шетел туристін бездіріп жіберуі мүмкін. Елімізге нашар бедел тудырмауымыз, туристтерді Қазақстанға сапарынан жағымсыз пікірмен жібермеуіміз қажет.

Сондықтан кез-келген осындай құбылыс қазақстандық қоғамда төтенше оқиға ретінде қабылдануы тиіс, ал осындай олқылыққа жол берген тұлғалар мемлекетке қарсы қылық жасағандарын және ел мүддесін бұзғандарын сезінуі тиіс.

Тартымды туристік өніммен бірге туристке елімізде болу кезінде бірегей оң тәжірибе қамтамасыз ететін қолайлы орта тудыруда бәсекелес елдерден озып кету өте маңызды болып табылады.


3.5. Ішкі және халықаралық нарықтарда елдің туристік әлеуетін жылжыту жүйесі

3.5.1. Маркетинг пен брендингтің тиімділігі
БЭФ-ның Саяхаттар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі индексінің маркетинг пен брендингтің тиімділігі көрсеткіші бойынша Қазақстан 102 орында.

Қазақстанды туризм орны ретінде жылжытудың төмен белсенділігін сандық сұраныс көрсеткіштері өте айқын көрсетеді: мәдени және ойын-сауық туризмін онлайн іздеу бойынша Қазақстан 105-ші орында (100 ден 3 балл), табиғи туризм бойынша - 118-ші орында (100 ден 2 балл).

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – ЭКСПО) өткізу шеңберінде Қазақстан New York Times нұсқасы бойынша 2017 жылы баруға ұсынылатын ТОП-52 рейтингіне (26-шы орында), Huffington Post нұсқасы бойынша 2017 жылы баруға ұсынылатын ТОП-17 рейтингіне (3-ші орын) енген.

Bloom Consulting’s Country Brand Ranking © 2017 Tourism Edition нұсқасы бойынша елдердің туристік брендінің рейтингісі бойынша Қазақстан 2017 жылы 98-ші орын алды (өткен жылмен салыстырғанда -3 позиция), Әзірбайжан (90-шы орын), Грузия (79-шы орын) елдерінен қалып қойды.

Қазақстан бай тарихи-мәдени мұраға (ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне 11 нысан енді), шетел туристтерінің арасында танымал экотуризмді дамыту үшін бірегей табиғи әлеуетке ие, туризм үшін жеткілікті түрде тұрақты және қауіпсіз жер болып табылады, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне ие.

Сонымен бірге, мәдениеттің отандық нысандары , музей-қорықтары әлеуетті туристтер мен келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудыратын бірегей нысандарға ие бола отырып, нысан жөнінде ақпаратты кәсіби, қолжетімді, қызықты және әдемі жеткізе алмайды.

FutureBrand нұсқасы бойынша 2012-2013 жылдарға Country Brand Index рейтингіне сәйкес Қазақстан болашақтың алдыңғы қатарлы ел брендтерінің ТОП-15 енгізілген. FutureBrand Қазақстанның өңірдегі көсемдігін атап өтуде: «егер Қазақстан Үкіметі экономикалық бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру саясатын енгізуді жалғастырса, сол уақытта ұлттық сәйкестікті және тұрақты, көрнекі басқару жүйесін жылжытса, онда бұл жаңа жұлдыз өте маңызды елге айналуы мүмкін».

Саяси факторлардың арасында туризмге саяси тұрақтылық фактор ең көп әсер етеді, ол туризмнің дамуын қозғайтын күш болмаса да, оның міндетті шарты болып табылады.

Мақсатты мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Қазақстанның сақталып келе жатқан ішкі саяси тұрақтылығы және қауіпсіздігі елдің жағымды халықаралық беделінің қалыптасуына, халықаралық сахнада беделінің өсуіне ықпал етеді.

Сонымен бірге ұзақ уақыт бойы мемлекеттің беделін қалыптастырудың қажеті жоқ. Айқын стратегия болса және осы мақсатта қажетті қаражат бөлінсе, онда елдің меншікті брендін қысқа мерзімде қалыптастыруға болады.

Мысалы, Хорватия, өткен ғасырдың 90-шы жылдары орын алған саяси жанжалдарының салдарынан беделінен айырылса да, туристік секторды дамытуда таңдалған стратегиясының арқасында демалыс және бизнес үшін қалаулы орынға айналып үлгерді. 
3.5.2. Халықаралық көрмелерге қатысу

Қазақстан жыл өткен сайын туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң жаңа туристтері үшін танымал бола бастады. Мұнда қазақстандық туроператорлардың ITB Berlin, WTM London, ITE Hong Kong, MITT Moscow және т.б. ірі халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысуларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің рөлі маңызды. 2018 жылдан бастап Қазақстан 17 халықаралық көрмелерге қатысып келеді (2012-2017 жылдар аралығында көрмелер саны 5 тен 7 дейін ауытқыды), сол уақытта, мысалға, Ресей шамамен 30 халықаралық жәрмеңкеге, Түркия шамамен 50 халықаралық жәрмеңкеге қатысады. Испания, Франция, АҚШ, Түркия, Мысыр сияқты танымал туристік дестинациялар, сондай-ақ жақын жердегі Грузия және Өзбекстан да ауданы 100 ш.м. және одан көп павильондары бар көптеген көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

Әлемдегі ірі көрмелерден басқа, нақты туристік өнімге (тау туризміне, бердвотчингке, аңшылыққа және балық аулауға және т.б.) немесе нысаналы нарықтар тізіміндегі шекаралас өңірге бағдарланған «тауашалы» және өңірлік көрмелер үлкен мәнге ие.

3.5.3. Жылжыту бойынша шараларды қаржыландыру

Елде туризмнің дамуының өте маңызды көрсеткіші ішкі және халықаралық нарықта туристік әлеуетті жылжыту бойынша шараларды қаржыландыру болып табылады.

Аустралия, БАӘ, Израиль, Исландия, Греция, Норвегия және Грузия сияқты елдердің мәліметтерін салыстырған кезде (UNWTO: 2016 жыл бойынша мәліметтер3, 2016 жыл бойынша ақпарат болмаса – 2015 жыл бойынша4), бұл елдер туристік әлеуетті жылжытуға кіру туризмінен түскен барлық табыстан пайыздық қатынаста 0,2 % дан 4,34 % кіру -ға дейін шығындайды, ал Қазақстан болса, небары 0,03 %-ды ғана жұмсайды.

Мемлекет туризмді жылжытуға неғұрлым көбірек қаражат шығындаса, елге туристтер соғұрлым көбірек табыс әкеледі. Олар ЖІӨ-де үлестің жоғарылауына, номерлік қордың жүктелуіне, келушілердің санына және олардың дестинацияда шығындарына тікелей әсер етеді.



6-кесте
Әлемнің әр-түрлі елдерінде маркетингтің тиімділігі


Елдер

ЖІӨ-де туризмнің үлесі (тікелей/ортақ салым, %)

Келушілер саны,млн.

Кірме туристтерден түсетін табыс, $ млн.

Әрбір келген келушіден түскен орташа табыс

Номерлік қордың жүктелуі, %

Елді жылжытуға арналған бюджет,

$ млн.


Бір туристті тарту құны,

$/теңге


Аустралия

2,9 / 10,9

8,2

32 423

$ 3 954

66,6

131,5

16 / 5452

БАӘ

5,2 / 12,1

14,9

19 496

$ 1 308

77,4

40

2,6 / 912

Израиль

1,9 / 6,8

2,9

5 722

$1 973

67

73

25 / 8558

Исландия

7,0 / 33,9

1,79

2 415

$ 1 349

77,9

105

58,6 / 19944

Грузия

8,1 / 27,01

6,3

2 166

$ 344

75,0

14

2,2 / 755

Норвегия

4,1 / 9,1

5,3

4 898

$ 924

52,6

70

13,2 / 4490

Қазақстан

1 / 4,1

6,4 млн

1 825

$ 285

24,5

0,6 - (256 млн.тг)

0,09 / 32

Осылайша, Қазақстанда отандық туристік әлеуетті халықаралық туристік нарықта жылжытуға және маркетингін жасауға қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі шиеленісіп тұр.


3.5.4. Қаржыландырудың мүмкін көздері

Елді шетелде жылжытуды қаржыландыру көздерінің бірі «bed tax» арнайы туристік алымды ендіру болуы мүмкін. Бұл механизм әлемде кеңінен таралған, бейрезиденттер үшін қонақүй шотына арнайы алымды енгізуді болжайды, бұл алым сыртқы нарықтарда өңірді жылжыту бюджетін қалыптастырады.

Мысалы, АҚШ-та алым мөлшерлемелері әрбір штаттың заңдарына байланысты болады, Нью-Йоркте – 3 доллар, басқа қалаларда шот сомасынан пайыздар алынады (5-7%). Австрияда 2008 жылдан бастап әрбір туристтен турист салығы алынады, ол күніне шамамен 1,5 еуроны құрайды, Бельгияда турист алымы тәулігіне әрбір демалушыдан 2,15 – 8,75 еуроны құрайды, Германияда – тәулігіне номердің құнынан 5%, Испанияда – мекен етудің әрбір тәулігі үшін әрбір тұрушыдан 0,75 – 2,50 еуро, Нидерландтарда – мейманхана үшін төлемнің құнынан 5% және т.б..

Көрші елдерден бұл тәжірибе Ресейде және Өзбекстанда ендірілген. Осылайша, Ресейде 2017 жылдың 30 шілдесіде «Курорттық алым туралы» Заң қабылданды, ол 4 өңірде енгізілді. Өзбекстанда туристік (қонақүй) алым 2017 жылдың 15 наурызында «Өзбекстан Республикасында туризм саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес енгізілді.



Өзбекстанда туристік (қонақүйлік) алымның көлемі мекен етудің әрбір күні үшін минималды еңбекақы мөлшерінен 10%-ды (шамамен 2$) құрайды. Қаражат ЕДБ-дің арнайы шоттарына жиналады және ай сайын туристік саланы қолдаудың бюджеттен тыс қорына аударылады. Қор қаражатының басқарушысы Өзбекстан Республикасы Туризмнің мемлекеттік комитеті болып табылады. Одан кейін, осы қор қаражатының есебінен туризм саласындағы нысаналы бағдарламаларды қаржыландыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау, жарнаманы және жарияланымдарды орналастыруды қоса, шетел туристік нарықтарында туристік әлеуетті жылжыту, халықаралық туристік көрмелерге қатысу, БҰҰ Бүкіләлемдік туристік қауымдастығына (ЮНВТО) мүше жарнасын төлеу және т.б. жасалады

Одан басқа, шетел азаматтарынан мекен ету орындарынан туристік алым ендіру («Bed Tax») жылжыту тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралардың біріне айналуы мүмкін және маркетингтің тиімділігін тікелей бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстанға шетел туристтері неғұрлым көп келсе, соғұрлым алым да көп болады, демек, жылжытуға көбірек қаражат жұмсалатын болады. Басқа жағынан, жылжыту неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым көп туристтер келетін болады. Яғни, «Bed Tax» және маркетингтік шаралардың тікелей байланысы көрінетін болады.


3.5.5. Сандық маркетинг

Бүгінгі күні туризмде интернет ақпаратты тарату және ақпаратпен алмасу функциясын орындап қана қоймай, сондай-ақ жылжытудың және өткізудің жаңа жүйесін қалыптастырады, тұтынушыларды туристік қызметтердің жеткізушілерімен тікелей байланыстырады.

Қазақстан қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша БЭФ рейтингінде 90-шы орын алады, бұл сондай-ақ жұмыстарында, оның ішінде туризм саласында жаңа технологияларды ендіру бойынша кәсіпкерлік ортаның төмен белсенділігімен де байланысты (бизнестің инновациялық белсенділігі 7%).

Осылайша, технологиялық дамуда турбизнес қатысушыларын қолдау және саланы сандық жүйеге көшіруде көмек көрсету әлеуетті туристтердің туристік ұсыныстар жөнінде ақпараттандырылуының жоғарылауының және турпакеттерді брондау және сатып алу процестерінің қарапайымдылығының және ыңғайлылығының есебінен ішкі және кіру туризмін дамытуда маңызды серпін бере алады.

WorldTourismBarometer Бүкіләлемдік туристік ұйымның аналитикалық орталығының көрсетуінше, 2017 жылы 1,3 млрд. астам халықаралық саяхаттар жасалды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Skift ақпараттық платформасының сарапшыларының да пікірі ұқсас: 2018 жылы жасанды интеллекттің, VR және сандық көмекшілердің көмегімен онлайн-тревел дербестендіру белгісімен өтетін болады.

IDC халықаралық зерттеу агенттігінің болжамы бойынша, 2020 жылға қарай когнитивті технологияларды және жасанды интеллект жүйелерін сатудан түскен пайда $46 млрд. асады. Салыстырып көрсек, 2017 жылы пайда $12,5 млрд. құраған болатын. Туристік бизнесте бұл технологияларға деген сұраныс үлкен, ал оның пайдасы сөзсіз: мәліметтер ауқымы өте үлкен көдемге дейін жетеді және бәсекелік артықшылыққа емес, машақатқа айналады.

Клиенттер бұрынғысынша агенттіктердің өздеріне барып жүгінуді жөн көреді. Саяхаттар индустриясында бизнес-процестерін басқаратын InterGlobeTechnologies компаниясының мәліметтері бойынша, онлайн-турагенттіктердің (ОТА) сайттарында дербестендірілген ұсыныстар пайдаланушылардың 50%-ын сатып алуға итермелейді.
3.6. Қазақстан Республикасының туристік саласын басқару
3.6.1. Қазақстан Республикасының туристік саласын басқару жүйесі

Қазақстанда соңғы жиырма жылда туризм саласында мемлекет саясатының негізгі бағыттары айтарлықтай өзгерді: өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында туризм саласындағы саясат жүргізілмеді, ал 2000-шы жылдары оның көптеген мәселелерін шешуде көмек көрсетіле бастады.

Саланы дамытудың біріктірілген міндеті келесідей тұжырымдалған: 2023 жылға қарай елдің ЖІӨ құрылымында туризм саласы шамамен 8%-ды құрауы тиіс.

Ол үшін туристік саланы дамытуды мемлекеттік басқарудың келесі элементтері қалыптастырылды:

- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, онда туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздері анықталған;

- әлемдік туристік нарық жүйесіне кіріктірілген жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру бағдарлары Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында анықталған;

- Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары шеңберінде туризм қызметтің экспортқа бағытталған басым бағыттарының бірі ретінде анықталған;

- Туристік саланы дамыту жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдар, салалық және кәсіпкерлік қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, сарапшылық қауымдастық қатыстырылған;

- ұлттық туристік брендті жылжыту және ішкі және кіру туризмі дамыту бойынша ұлттық компания құрылды.

2017 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті туристік саласын қалыптастыру үшін бірыңғай институционалды, әдіснамалық, ұйымдық негізді қалыптастырды.

Өткен кезең ішінде Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша көп жұмыс атқарылды. Министрліктің құрамында туризмді дамыту бойынша, дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесі бойынша жеке мекеме ««KazakhTourism» ҰК» АҚ ұлттық кеңсесі құрылды, онда ұлттық туристік беделді арттыру және жылжыту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астананың инфрақұрылымын және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламаларын қабылдады, электрондық визалар ендіріліп жатыр, шамамен 65 ел азаматтары үшін туристік мақсаттарда Қазақстанға визасыз кіру құқығы берілді, ҚХР мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілді.

Сонымен бірге, бүгінгі күні туризм индустриясы 30 астам салалармен жанасады, бұл салалар дербес әрекет етеді және туризмнің дамуына олардың қосқан үлестері жеткіліксіз. Осыған орай, туристік саланың қалыптасуына ең үлкен әсер ететін көптеген жанама салалардың қызметін шоғырландыру және қаржылық, адами, инфрақұрылымдық және институционалды ресурстардың ЖІӨ-де туризмнің үлесін ұлғайтуға үйлестірілуін қамтамасыз ету керек.

Жиынтығында, туристік саланың дамуына қолайлы әсер ететін факторлар, басқадай тең жағдайларда, саладағы мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі және Қазақстанды әлемдік туристік картада белгілеуі тиіс.

Сонымен бірге, саланы мемлекеттік басқару деңгейінде басты мәселелер инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстанды туристік дестинация ретінде жылжыту бойынша кешенді маркетингтік стратегияның жоқтығы болып табылады.


3.6.2. Қазақстан Республикасының туристік саласын мемлекеттік қолдау

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері ҚР Кәсіпкерлік кодексінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексі, «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сияқты жеке заңнамалық актілер шеңберінде регламенттеледі.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 91-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 93-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:

1) қаржылық және мүліктік қолдау;

2) инфрақұрылымдық қолдау;

3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;

4) жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау.

Туристік сала мемлекеттік қолдаудың жеке бағыты ретінде бөлінбегендігін атап өткен жөн. Осылайша, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 92-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) шағын және орта кәсіпкерлік;

2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері;

3) индустриялық-инновациялық қызмет;

4) арнайы экономикалық аймақтар;

5) инвестициялық қызмет;

6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі;

7) тұрғын үй құрылысы.

Осыған орай, туристік қызмет субъектілері шағын және орта бизнес, арнайы-экономикалық аймақ және инвестициялық қызмет субъектілері үшін көзделген шаралар шеңберінде ғана мемлекеттен қолдау алуы мүмкін.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шеңберінде инвестициялық артықшылықтар беріледі.

Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық артықшылықтардың мынадай түрлерi берiледi:

1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;

2) мемлекеттiк заттай гранттар.

Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық артықшылықтардың (бұдан әрi – инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық артықшылықтар) мынадай түрлерi берiледi:

1) салық бойынша артықшылықтар, олар мыналарды енгізеді:

есептелген корпоративтік кіріс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;

2) инвестициялық субсидия, инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.

Инвестициялық басым жоба үшін көзделген туристік сала субъектілерімен инвестициялық артықшылықтарды алуы мүмкін емес, өйткені инвестициялар көлеміне шекті талап жоғарылатылған, олар қызметтер саласы және туристік сала үшін қолайлы емес. Артықшылықтар көлемі айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес және қызметтің басым түрлеріне жататын инвестициялық басым жобалар бойынша ұсынылады. Сонымен бірге, инвестициялық субсидия алу үшін инвестициялар инвестициялар көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес болуы тиіс. Сондай-ақ, инвестициялық субсидия жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобалар бойынша берілмейді.

Инвестициялық басым жобалар бойынша туристік сала шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2018 жылдың шілдесінде анықталған қызметтің басым түрлеріне енгізілген.

Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) режимі

АЭА қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгiн білдіреді.

АЭА аумағында келесі жеңілдіктер мен артықшылықтар:


  • есептелген ККС сомасын 100 %-ға азайту;

  • жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

  • мүлік салығын салық базасына 0 % мөлшерлемесі бойынша есептеу;

  • жеткізушілер үшін ҚҚС мөлшерлемесі – 0%;

  • жер телімін пайдалану үшін төлем – АЭА жұмысы кезеңіне 0 коэффициенті.

  • АЭА аумағына әкелінетін шикізатқа және жабдыққа кеден баж салықтарын салудан босату;

  • жұмыс күшін тартудың оңайлатылған тәртібі;

Туризм бойынша «Бурабай» АЭА (Ақмола облысы) ғана жұмыс жасады, қызметін 2008-2017 жылдары аралығында жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта «Бурабай» АЭА инфрақұрылымын салу толығымен аяқталды.

«Бурабай» АЭА аумағында құны 14,1 млрд. теңгені құрайтын шетелдің қатысуымен «Borovoe Tourism City» ЖШС жобасы жүзеге асырылды.
216 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2012-2016 жылдар ішінде «Бурабай» АЭА аумағында 200 номерге есептелген бесжұлдызды «RixosBorovoe» халықаралық мейманханасы пайдалануға енгізілді.

Сондай-ақ аумақта «Қазақстандық Лапландия» ойын-сауық кешені, жабық теннис корты, арқан паркі салынды және іске қосылды, Қазақстанда алғаш жыл бойы жұмыс жасайтын вейк-паркі, жалға беру пунктері, велосипед жолдары және т.б. жасалды.

«Бурабай» АЭА қызмет етуінің барысында тартылған инвестициялардың көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың үшінші тоқсанын қоса алғанда салық түсімдерінің көлемі 0,9 млрд. теңгені құрады. Тауарларды және қызметтерді өндіру көлемі 24,8 млрд. теңгені құрады.

2017 жылдың соңында «Бурабай» АЭА қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты жабылған, аймақ Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органының қарауына қор жерлері (рекреациялық белгіленуге ие жерлер) санатына ауыстырылды.

Қаржылық қолдау

Бизнесті қаржылық қолдау «Даму» КДҚ» АҚ арқылы әр-түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру жолымен жасалды:



  • 7 жылға дейінгі мерзімге 8,5-14% мөлшерлемелері бойынша қаражатты ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру арқылы несиелендіру;

  • Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 50%-на дейін субсидиялау;

  • Несиелер бойынша 50 ден 85%-ға дейін кепілдік беру;

  • Оқыту және кеңес беру.

Сондай-ақ ауылдық жерлерде жеңілдікпен несиелендіру «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бағдарламалары арқылы жасалды: 5 жыл мерзіміне дейін және құны 8 мың АЕК көп емес (19,24 млн.теңге).

Туризм саласында шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық қолдау шаралары шеңберінде небары 5 % жобаларға ғана қолдау көрсетілгендігін атап өткен жөн.


7-кесте
ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жобалар саны, жобалар


Шаралар

Барлығы

Туризм

Туризмнің үлесі

Қаражатты ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру

30 394

1 167

4%

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

12 083

634

5%

Несие бойынша кепілдік беру

3 729

196

5%


8-кесте
ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бөлінген қаражат сомасы, млрд.тг


Шаралар

Барлығы

Туризм

Туризмнің үлесі

Қаражатты ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру

1 671

48

3%

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

1 911

101

5%

Несие бойынша кепілдік беру

133

7

5%

Жеңілдікпен ірі қаржыландыруды ұсыну «Қазақстанның даму банкі» АҚ арқылы жасалады, ол арқылы 5 тен 20 жылға дейінгі мерзімге және кем дегенде 7 млрд. теңге құнымен жобаларды жеңілдікпен несиелендіру ұсынылады, бұл туризмнің көптеген жобалары үшін тым үлкен шек болып табылады.

Осылайша, мемлекет тарапынан кешенді және мақсатты қолдау жасалмады, ал туристік қызмет субъектілері үшін мемлекеттік қолдаудың әрекеттегі шаралары сәйкес келе бермейді және аса тартымды емес. Өңірлерде туристік бизнес субъектілері үшін ұсынылатын қаржыландыру жеткіліксіз, ал кредитті қайтару үшін несиелендіру мерзімі қысқа деп пайымдауға болады.
3.6.3. Шетелде туризмді мемлекеттік қолдау

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік- жекешелік әріптестік механизмдері және мемлекеттік қолдау шаралары туризм индустриясының қарқынды дамуының басты факторларының бірі болып табылады.

Туристік инфрақұрылым дамыған елдерде сала мемлекеттің және жеке инвестициялардың белсенді қолдауымен дамиды.

Мысалы, Испанияда мемлекет жоба құнынан 30%-ға дейін мөлшеріне гранттық ортақ қаржыландыруды жүзеге асырады, Португалияда мемлекет туризм нысандары н салуға 10 жылға пайызсыз кредиттер ұсынады, Малайзияда салықтан толық босату қарастырылған.

Оңтүстік Африка Республикасында Халықаралық нарықтарға кіруді қолдау бағдарламасы және Туризм саласында ШОБ сапасын арттыру бағдарламасы әрекет етеді, бұл бағдарламалар көрмелерге, роудшоуға қатысуға, сапа белгілерін алуға (HACCP, ISO) және т.б. үшін білікті шығындардың 30% нан 50% дейінгі мөлшерін мемлекет тарапынан өтеуді қарастырады.

Пуэрто-Рикода туризмді және круиздық индустрияны қолдау жүйесі әрекет етеді, бұл жүйе 50%-ға дейінгі салық жеңілдіктерін, 10 жыл мерзіміне дейін салық төлеуден босату түріндегі артықшылықтарды қарастырады.

Венгрияда туристік салада біліктілікті арттыруды мемлекеттік қолдау бағдарламалары әрекет етеді, салық артықшылықтары, салған инвестициялар көлемі 50 млн. еуродан асатын, кем дегенде 50 жаңа жұмыс орындарын құрған инвесторлар үшін қаржы субсидиялары және т.б. қолданылады.

Өзбекстанның тәжірибесі қызықтырарлық, онда туризм саласын мемлекеттік қолдау бірден 5 бағыт бойынша жүргізіледі: шағын және орта бизнесті қолдау, қонақүйлерді салу және жаңарту, тікелей инвестицияларды ынталандыру, туристтер үшін көлік сатып алуды қолдау, технологияларды ендіруді ынталандыру. Мысалға, Өзбекстанның туристік компаниялары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін туристік топтағы әкелінетін автокөлік үшін кеден баж салықтарын төлеуден босатылады. Тікелей шетел инвестицияларын тартатын және экономика салаларында туристік қызметтерді көрсетуге маманданатын кәсіпорындар заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салықты, мүлік салығын, әлеуметтік инфрақұрылымды көріктендіру және дамыту салығынан, микрофирмалар мен шағын кәсіпорындар үшін бірыңғай салық төлемінен, сондай-ақ Республикалық жол қорына міндетті аударымдарды төлеуден босатылады, тікелей жеке шетел инвестицияларының көлемі 300 мың АҚШ долл. бастап 3 млн. АҚШ долларына дейінгі көлем кезінде – 3 жылға, 3 млн. АҚШ долл. бастап 10 млн. АҚШ долларына дейін – 5 жылға, 10 млн АҚШ долл. астам–7 жылға.

Келесі суретте осы мәселе бойынша үздік әлем тәжірибесі көрсетілген.



6-сурет


Осы бағытта Түркияның тәжірибесі көрсетуге тұрарлық (6 және 7 суреттер), Түркия 2017 жылы елге 32 млн. турист келгендігіне қарамастан, 1982 жылдан бері туристік бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіп келеді.

Түрік Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының және мемлекеттік- жекешелік әріптестік механизмдерінің арқасында 1982 жылдан бері туристтер саны жиырма есе ұлғайды, ал туризмнен түскен табыс алпыс есе өсті.



Одан басқа, Түркияның статистика мәліметтеріне сәйкес, 1982-2008 жж. аралығында орналастыру орындарының және туристтердің санының параллельді өсуі байқалады, бұл туризмнің дамуы мемлекеттік қолдау шараларымен және мемлекеттік әріптестік механизмдерімен ажырамас байланысты деген негіз жасауға мүмкіндік береді.
7-сурет

Жылдар бойынша керует-орын саны, Түркия

8-сурет

Жылдар бойынша шетел туристтерінің саны, Түркия


Түрік Республикасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік үлгілерін қолданудың озық үлгілерінің бірі болып табылады. Мысалға, ағымдағы жылы Стамбул қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылатын үшінші әуежайды ашу жоспарланады (жеке инвестициялар – 10,2 млрд. доллар). Жобаға инвестиция салған жеке компаниялар әуежайды 25 жыл ішінде пайдаланатын болады, кейін әуежай мемлекетке табысталады, бағалаулар бойынша күтілетін табыстар шамамен 22,2 млрд. долларын құрайтын болады.

Одан басқа, Түркияда мейманханалар, туроператорлар үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді механизмдері қолданылады, олар: кеден баж салығынан босату, перспективалы түрлік өңірлерінде мейманханалар үшін коммуналдық қыметтерді ең минималды бағамен жабуды ұсыну (жарық/газ/су), халықаралық көрмелерге қатысу шығындарын өтеу, 25 нысаналы нарықтан 400 мыңнан астам туристтерді қабылдаған туроператорларға мемлекеттік қордың кепілдігімен төмендетілген мөлшерлемемен 25 млн. долларына дейін кредиттер, авиатасымалдау шығындарын өтеу (чартерлік/рейстік әрбір ұшақ үшін 6 мың доллар) және т.б..

Түрік Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық туризм бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне және туристік компанияларға мемлекеттік қолдау бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары ұсынылады: медициналық туризм бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің және туристік компаниялардың шығындарын өтеу:

- 100 мың АҚШ долларына дейінгі көлемде елдер бойынша аналитикалық, зерттеу есептерін, халықаралық заңдарды сатып алуға 60%-ға дейін.

- шетел пациенттерінің жол шығындарымен байланысты шығындардың 50%-на дейін.

- жылына 300 мың АҚШ долларына дейін шетелдегі мамандандырылған көрмелерде шараларды, жылжытуды және жарнаманы, консалтингті және т.б. ұйымдастыру бойынша 50%-ға дейін.

- жылына 15 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін шетелдегі мамандандырылған көрмелерге, конференцияларға қатысу шығындарының 70%-на дейін.

- жылына 100 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін іздеу жүйелерінде (Google/Yahoo/Yandex/Baidu) жарнама орналастыру бойынша шығындардың 50%-на дейін.

- жылына 200 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін төрт жылға дейін нысаналы елдерде үкіметтердің кеңселерін жалға алу бойынша шығындардың 60%-на дейін.

- жылына 50 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін халықаралық сертификаттарды алу, аккредитациядан өту бойынша шығындардың 50%-на дейін.

- жылына 150 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін шетелдік сауда делегацияларының келуіне байланысты (HostedBuyer) мекен ету, көлік, жарнамалау және жылжыту бойынша шығындардың 70%-на дейін.

- жылына 200 мың АҚШ долларына дейінгі сомамен шектелетін консалтингпен байланысты (маркетинг стратегиясы/аккредиттеу/шетел нарықтары) денсаулық сақтау министрлігімен құпталған тақырыптар бойынша шығындардың 50%-на дейін.

Белгілі болғандай, Түркия әлемде шетел пациенттерінің келуі бойынша елдер ондығына енеді (жыл сайын 500 мың шетел пациенттері), елде JCI Халықаралық ұйымының (JointCommissionInternational) аккредитациясынан қткен 46 денсаулық сақтау мекемесі бар. Шетелден келетін пациенттердің санын ұлғайту және медициналық туризмді дамыту мақсаттарында Түркия үкіметімен екі бағытта жұмыс жүргізіледі: медициналық туризмнің арнайы экономикалық аймақтарын құру және Түрік Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық туризм бойынша туристік компанияларға және денсаулық сақтау мекемелеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы.

Медициналық туризмнің арнайы экономикалық аймақтары Дубай қаласына (DubaiHealthcarecity) ұқсас құрылады. Аталған аймақтарда емханалар мен ауруханалардың қызметтерінен басқа термальдік туризмді дамыту, үшінші жастағы адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды күту қызметтері, SPA, спорттық-сауықтыру, діни кешендер, медициналық университеттер және фармацевтика мен емдеу бойынша ғылыми-зерттеу емханаларын салу болжанады.

Медициналық туризмнің осындай арнайы экономикалық аймақтарында инвесторларға мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары ұсынылады:

- салықтан және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерден босату;

- арзан инфрақұрылым және инвестициялар салу мүмкіндігі;

- инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету;

- жұмысқа шетел дәрігерлерін және медбикелерді тартуға рұқсат ету;

- қысқа мерзімде шетел дәрігерлері-кеңесшілерді тартуға рұқсат ету (жұмыс істеуге рұқсат алусыз);

- дәрігерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

- әуежайлардан 30 минуттық жерде міндетті түрде орналасу.



3.6.4. Статистикалық есеп жүйесі

Сенімді статистикалық мәліметтерді жинау тиімді шешімдерді қабылдау шеңберінде саясат құрушылары үшін үлкен мәнге ие. Сенімді статистикалық ақпаратты қамтитын жеткілікті және дәл мәліметтерге ие болған кезде ғана туристік бизнестің әр-түрлі түрлеріне талдау жасауға болады. Туризмнің әр-түрлі аспектілерін бағалау үшін, сондай-ақ шешімдерді қабылдау кезінде саясатты қолдау және жетілдіру үшін статистикалық ақпараттың маңызы зор.

«Өлшеуге болмайтынды басқаруға болмайды» деген пікір туризм саласына қатысты да қолданылады.



Маркетингтік стратегияларды әзірлеу, ұйымдар арасында қатынастарды нығайту, басқарушылық шешімдердің нәтижелігін және тиімділігін бағалау және ұлттық экономика шеңберінде туристік қызметтің көлемін өлшеу статистикалық мәліметтерді есепке алу сапасына тікелей тәуелді.

Туризмнің дамуының негізгі индикаторларын мониторингілеу де басқару органдарының, қаржы институттарының, ғылыми және консалтингтік ұйымдардың ақпараттық мұқтаждықтарын, статистика мәліметтерін талдау негізінде қалыптасады. Демек, белгілі бір қабылданған шараларды тиімді мониторингілеу үшін туристік қызметті статистикалық есепке алуды жетілдіру мәселесін тұжырымдамалық тұрғыдан шешу өте маңызды, бұл дамудың белгілі бір кезеңдерінде туризмнің кешенді жағдайы жөнінде мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.  

Туризм саласында статистикалық ақпаратты жинау маркетингтік стартегияларды әзірлеу, ұйымаралық қатынастарды нығайту, басқарушылық шешімдердің нәтижелігін және тиімділігін бағалау, ұлттық экономика шеңберінде туристік қызметтің көлемін өлшеу үшін талап етіледі.
Қолданыстағы ресурстар

Қазақстандық туризм статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және ҚР ҰЭМ Статистика комитетімен мақсаты туризм саласындағы статистикалық деректерді жинақтау кезінде ортақ анықтамалық бекіту болып табылатын «Туристік статистика бойынша халықаралық ұсынымдар» халықаралық әдіснамасына сәйкес қалыптастырылады.

Мысалы, 2017 жылдан бастап әлемдік деңгейдегі қонақ үйлердің заманауи инфрақұрылымымен ұсынылған халықаралық танымал қонақ үй бизнесі брендтерден бар болуынан негізделген орналастыру орындар туралы ақпарат қалыптастырылады.

Негізгі тұрғылықты жерінен кетіп бара жатқан кезде өңірлер мен қалалардағы отандық туристердің ағындарын сипаттайтын туристік ағындардың ішкі бағыттары туралы ақпарат жарияланады.

Орналасу қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер (негізгі және қосалқы қызмет түрлерінде «55» ЭҚЖК коды бар - қонақ үйлер, демалыс үйлері, лагерлер және т.б.) қатысатын орналастыру орындардың тоқсан сайынғы ұлттық статистикалық байқауы көзделген. Ақпарат орналастыру типі бойынша, жалпы республикада және өңірлер қимасында қалыптасады.

Бұдан басқа, санаторийлердің қызметі бойынша жылғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізіледі.

Халықаралық стандарттарға сәйкес қонақүйде тұрмайтын келушілердің туристік ағымының көлемін анықтау үшін үй шаруашылықтары мен келушілердің (резидент еместердің) туристік шығындар бойынша үлгілік сауалнамалары жүргізіледі.

Сонымен қоса, халықаралық әдіснаманы ескере отырып, әкімшілік көздер деректері пайдаланылады (ЕҚТА бойынша АШМ, ҚР ҰҚК ШҚ).

Осы мәліметтерге сүйене отырып, сапар мақсаттары (жұмыс мақсатындағы келу және кетуді қоспағанда) бойынша, шетелдік бағыттағы көлік құралдарының қызмет персоналы, тұрақты тұратын жері, келу және кету елдері бойынша, Қазақстан мен өңірлерге бөлінуімен туристік ағындар қалыптасады.

Бұдан басқа, Комитет, егер келушілер қонақ үй бизнесі немесе туристік фирмалардың қызметіне жүгіне алмай, бос уақыттарын ұйымдастырғанда, өзін-өзі ұйымдастырылған туризм көлемін бағалауды жүзеге асырады. Әлемдік тәжірибеде туристердің бұл санаты бағаланбайды, бірақ Қазақстан осы бағаны үй шаруашылықтары мен шетелдік қонақтарды зерттеу жүргізу негізінде жүзеге асырды, себебі бұл ақпарат елдегі пайдаланушылардың сұранысында .


Қосымша қажеттіліктер

Қазіргі уақытта Қазақстанда туризм бойынша деректерді толық талдау үшін қалыптасқан көрсеткіштердің тізімін кеңейту қажет.

Туризм статистикасын одан әрі жетілдіру мақсатында басқа елдердегі статистикалық кеңселерден (мысалы, Канада немесе ЕО елдері) халықаралық үздік тәжірибені зерттеуді жалғастыру ұсынылады.

Келешекте әкімшілік дереккөздерді пайдалану арқылы индикаторлар тізімін кеңейту керек, мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ҚР ІІМ көші-қон қызметі деректерінің тиімді пайдаланылуына назар аудару қажет.

Бұл қызметтер МСМ Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп, бұл арқылы елге кірушілерге қосымша уақыт жүктемесін жоятын процессті автоматтандыру арқылы шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өткен кезде деректерді кеңейту мүмкіндігін бірлесіп қарастыруы қажет.



Бүкіләлемдік туристік ұйым үш негізгі позицияны пайдалануды ұсынады:

  • Сұраныс көзқарасы тұрғысынан: туристтер мен туристік сапарлар санын өлшеу, сондай-ақ туристік шығындарды бағалау;

  • Ұсыныс көзқарасы тұрғысынан: туристік қызметтерді жеткізушілердің мәліметтерін пайдалану және олардың нәтижелерін қызметте пайдалану;

  • Жұмыспен қамту: ұлттық қызмет спектрінде туристік қызметтің қатыстылығын өлшеу.

Осылайша, осы бағытта туристік сала бойынша статистика көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша механизмдерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.



3.7. SWOT-талдау
Қазақстанның туризм саласына жасалған талдаудың қорытындылары бойынша саланың келесі күшті және әлсіз жақтары, даму мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды (SWOT-талдау):
Күшті жақтары

  1. табиғи ресурстардың болуы;

  2. халықаралық маңызға ие нысандарды қоса, материалдық және материалдық емес мәдени мұра ескерткіштерінің болуы;

  3. тұрақты саяси және мемлекетішілік жағдай;

  4. Қазақстанның тиімді геостратегиялық орналасуы;

  5. Орталық Азия өңірінде дамудың жоғары деңгейі.


Әлсіз жақтары

  1. туризм орындарында инженерлік-көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

  2. туристік нысандары нде жол қиындығы;

  3. туристтердің демалу орындарында сервистің төмен деңгейі;

  4. жол бойындағы инфрақұрылым нысандары нің жеткіліксіз саны;

  5. туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

  6. туризм саласына салынатын сыртқы инвестициялардың жеткіліксіздігі;

  7. жетілмеген визалық және көші-қон режимі;

  8. ауа кеңістігін реттеуде шектеу;

  9. ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттың төмен деңгейі;

  10. мекен етуге және авиатасымалдауларға жоғары баға.


Мүмкіндіктер

  1. шықпалы туризмнің жоғары әлеуетіне ие елдерге жақын орналасу (Ресей, Қытай);

  2. бірегей жергілікті туристік өнімдерді әзірлеу;

  3. өңірлерді дамытуда мемлекеттің белсенді қатысуы, оның ішінде туристік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жайластыру есебінен;

  4. коммуникациялар және өнімдерді тарату саласында заманауи технологияларды пайдалану.


Қауіптер

  1. көршілес елдердің ұқсас туристік өнімдері;

  2. іскерлік сапарлар көлеміне күшті тәуелділік;

  3. көлік қатынасының баяу дамуы (ауа, жерүсті);

  4. жаңа әлемдік және өңірлік дағдарыстар.

Туристік саланың дамуының басты мәселелері коммуникациямен байланысты.



Бірінші мәселе – туристік нарық ойыншыларының (туроператорлардың, турагенттердің, турнысандардың , қызмет көрсетушілердің, қауымдастықтардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың және т.б.) арасында жөнге салынған байланыстардың, үйлестірудің және тиімді өзара әрекеттесудің жоқтығы.

Екінші мәселе – қазақстандық туристік дестинациялардың әлсіз брендингі, маркетингі және жылжытылуы, ішкі нарықта да Қазақстанның туризм орындары туралы ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.
Туристік саланың тежеуші факторларына мыналарды да жатқызуға болады:

  • Туристік ресурстардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, туризм орындарында инженерлік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік нысандарда жол қиындығы, сапалы қонақүй, ойын-сауық және және жол маңындағы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, туристтер демалатын орындарда сервистің жоғары емес деңгейі;

  • туристке сапалы қызмет көрсетуді ұсына алатын білікті персоналдың жетіспеушілігі;

  • қызметтер сапасының жеткілікті жоғары емес деңгейінде турөнімдерге жоғары баға;

  • Қазақстанда жұмыс жасайтын халықаралық авиатасымалдаушылардың шектеулі саны, тікелей рейстердің саны және жиілігі, бюджеттік авиакомпаниялардың жоқтығы Қазақстанға сапарларды қымбат және кейде кейбір өңірлерден мүмкін емес етеді;

  • үлкен қалалардан тыс жерлерде туристік инфрақұрылым нысандары нің жеткілікті мөлшерде болмауы;

  • бірқатар әкімшілік тосқауылдардың болуы (визалық режим, көші-қон саясаты, рұқсат беруші құжаттар);

  • Туристік қызметтер сапасын мониторингілеу және бағалау жүйесінің жоқтығы;

  • Туристік саланың төмен инвестициялық тартымдылығы;

  • кіру туризмімен салыстырғанда шықпалы туризмнің артықшылығымен дамуы;

  • орналастыру орындарында, әсіресе маусым аралық кезеңде әлсіз жүктелу.

Қазақстан қызық оқиғалы, МІСЕ, оқиғалық, ойын-сауық, аңшылық, тарихи-мәдени, медициналық, экологиялық, этнографиялық, балалар-жасөспірімдік туризм және т.б. сияқты бағыттар бойынша жаңа өнімдерді дамытудың жоғары әлеуетіне ие.

Осыған орай туристтер, бизнес және инвесторлар үшін отандық туристік дестинациялардың тартымдылығын арттыру бойынша күрделі жүйелі және кешенді шаралар қолдану қажет.


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау