Санаты бойынша орналастыру орындарының үлестірілуі
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
БАРЛЫҒЫ,
оның ішінде:
|
1 678
|
2 056
|
2 338
|
2 754
|
2 987
|
5*
|
17
|
20
|
20
|
20
|
22
|
4*
|
53
|
61
|
75
|
85
|
87
|
3*
|
103
|
122
|
138
|
138
|
132
|
2*
|
22
|
20
|
19
|
20
|
18
|
1*
|
17
|
19
|
17
|
15
|
14
|
санаты жоқ қонақүй
|
955
|
1 184
|
1256
|
1 441
|
1 578
|
мекен етудің басқа орындары
|
511
|
630
|
813
|
1 035
|
1 136
|
Жалпы елге келушілер 13,3 млн. адамды құрады, олардың ішінде орналастыру орындарында 5,3 млн. тіркелді, бұл елде тіркелген туристтердің шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Келушілердің қалғаны – шамамен 8 млн. адам басқа орналастыру орындар пайдаланды (туысқандар, достар т.б.).
Барлық туристік ағымдарды талдау үшін ресми статистика деректеріне әкімшілік көздерінің(ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің деректері бойынша), сондай-ақ үй шаруашылықтарын тексеруден және шетелдік қонақтардың деректері кіретініне қарамастан, қонақ үйлердің толуы бойынша көрсеткіштер әлі де сенімсіз болып қалады. Жоғары ықтималдылық дәрежеде қонақ үйлер орташа жылдық жүктемелері бойынша нақты деректерді жасыруы туралы болжам жасауға болады.
Тұрғындарға қатысты фактілердің бұрмалануы басқа статистикалық деректерде қателіктерге алып келеді, мысалы, қызмет көрсетілген келушілердің саны (курорттық аймақтарды қоса алғанда), көрсетілетін қызметтер көлемі және т.б., бұл жағдай өз кезегінде шетелдік туристер мен инвесторларға қазақстандық туристік дестинациясының тартымдылығын төменделуіне әсер етеді.
Соңғы 3 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде орналастыру орындарының көрсеткіштерін талдайтын болсақ, қызмет көрсетілген келушілердің саны жыл сайын өсіп келеді. Осылайша, 2016 жылдың қаңтар-наурызы кезеңінде 839 825 келушіге қызмет көрсетілді, 2017 жылы – 932 603 келуші, 2018 жылы – 980 149 келуші.
Сонымен бірге 2016 жылы ұсынылған орын-тәулік саны 1 264 361 құрады, 2017 жылы 1 587 161 дейін өсті, ал 2018 жылы 1 559 264 дейін төмендеді.
Сәйкесінше, толтырылу көрсеткіші де 2016 жылы 19,7 %-дан 2017 жылы 21,5 %-ға дейін пропорционалды өсті және 2018 жылы 20,1 %-ға дейін төмендеді.
Бұл мейманханалардың толтырылу көрсеткішін арттыру үшін қызмет көрсетілген келушілердің санын ұлғайту ғана емес, сондай-ақ ұсынылған орын-тәулік санын ұлғайту да маңызды деген тұжырымға келуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, отельерлердің пікірінше, орналастыру орындарының жүктелу көрсеткіштерін арттыру үшін, бірінші кезекте, сұраныс генерациясын арттыру керек. Демек, қосымша туристтерді өзіне тартқысы келген дестинация туристті дестинацияда қосымша уақытқа кідіртуге көмектесетін оқиғалар қатарын және шараларды енгізетін оқиғалар күнтізбесін қайта қарауы және кеңейтуі тиіс. Келушілер аз келетін маусымда мейманханаларды жүктеу үшін бұл ерекше маңызға ие болады.
Көрсетілген қызметтерді талдау көрсеткендей, туристік инфрақұрылым кәсіпорындары жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді.
Сонымен бірге, орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жартысынан көбі (55%) Астана және Алматы қалаларына тиесілі.
2-кесте
Өңірлер кескінінде қызметтер көрсетілді, мың теңге
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
Қазақстан Республикасы
|
59 714 164,2
|
72 401 941,1
|
72 597 228,3
|
82 853 434,6
|
108 359 760,4
|
Ақмола облысы
|
3 329 941,1
|
3 987 484,3
|
4 255 885,7
|
5 020 856,3
|
5 656 946,1
|
Ақтөбе облысы
|
1 305 907,8
|
1 697 767,8
|
1 445 833,9
|
1 549 764,0
|
2 078 793,3
|
Алматы облысы
|
1 101 212,4
|
2 244 240,7
|
3 202 810,2
|
4 779 411,8
|
8 280 288,8
|
Атырау облысы
|
8 412 823,5
|
5 472 461,5
|
6 802 761,1
|
7 086 544,2
|
7 192 536,3
|
Батыс Қазақстан облысы
|
1 317 940,0
|
1 465 823,5
|
1 970 286,6
|
2 906 309,2
|
3 121 014,4
|
Жамбыл облысы
|
537 390,2
|
669 522,3
|
874 895,3
|
1 004 788,6
|
1 258 402,0
|
Қарағанды облысы
|
2 884 647,3
|
3 399 112,3
|
3 418 374,4
|
3 872 377,1
|
4 226 003,2
|
Қостанай облысы
|
1 018 681,6
|
1 109 894,3
|
1 075 420,3
|
1 122 255,6
|
1 506 394,8
|
Қызылорда облысы
|
822 941,9
|
900 957,0
|
739 374,3
|
783 860,6
|
933 647,9
|
Маңғыстау облысы
|
5 010 419,4
|
5 097 621,0
|
4 656 540,8
|
3 922 236,3
|
4 154 705,1
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
1 398 196,2
|
1 539 512,2
|
1 915 253,7
|
2 730 818,9
|
3 652 733,9
|
Павлодар облысы
|
1 450 686,5
|
1 612 252,1
|
1 550 449,8
|
1 591 832,4
|
1 852 259,7
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
432 000,0
|
473 721,1
|
583 507,5
|
826 061,4
|
1 000 726,3
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
2 940 325,5
|
3 677 811,8
|
3 290 367,2
|
3 877 789,5
|
4 278 273,5
|
Астана қ.
|
13 292 428,2
|
18 456 615,4
|
18 228 423,7
|
22 116 316,7
|
36 687 488,0
|
Алматы қ.
|
14 458 622,6
|
20 597 143,8
|
18 587 043,8
|
19 662 212,0
|
22 479 547,1
|
Курорттық аймақтар
Қазақстанда сондай-ақ 20 курорттық аймақ бойынша статистикалық есеп жүргізіледі.
2017 жылы барлық 20 курорттық аймақта 815 орналастыру орны тіркелді, жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді және екі жылда 26,5 % өсуді көрсетті. Одан басқа, курорттық аймақтарда 144 санаторийлік-курорттық ұйым тіркелді, олардың 48 – курорттық аймақтарда.
Сонымен қатар келушілердің ұлғаюы, және сәйкесінше, көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюы байқалады. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы курорттық аймақтарға 34 %-ға (730 мың адам) және 2015 жылмен салыстырғанда 85 %-ға көбірек адам барды (979,5 мың адам.), сол уақытта көрсетілген қызметтер көлемі 12,4 млрд. теңгені құрады, бұл екі жылдық кезең ішінде 60 %-дан астам өсуді көрсетеді.
Алматы курорттық аймағы (Алматы облысының барлық курорттық аймақтарын, оның ішінде Алакөл көлінің Алматы бөлігін енгізеді) қызмет көрсетілген келушілердің саны бойынша көшбасшыға айналды, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішін 1,8 есе және 2015 жылмен салыстырғанда 3,8 есе жақсартты. Осылайша, 2017 жылы бұл курорттық аймақ 426,3 мың адамға қызмет көрсетті, сол уақытта екі жыл бұрын келушілер саны 111,3 мың адамды құраған болатын. Осы көрсеткіш бойынша екінші және үшінші орындарда Щучинск-Бурабай курорттық аймағы (150 мың адам) және Алакөл – ШҚО жағажайы курорттық аймағы (79,1 мың адам) алып жатыр. Келушілердің ең аз саны Қатон-Қарағай курорттық аймағында тіркелді (842 адам).
Қонақ үйлері
Қазіргі уақытта экологиялық туризмнің белсенді дамуына және танымалдылығының жоғарылауына байланысты, қонақ үйінде орналастыру қызметінің өзектілігі өсіп келеді.
Осылайша, 2005 жылдан бастап Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында 80-нен астам қонақ үйлері ашылды және әрекет етуде.
Ағымдағы жылдың басында Алматы облысында Эко және агротуризмді дамытудың еуропалық орталығының (ЕСЕАТ, Нидерландтар) «Орталық Азияда инклюзивті экономикалық даму қауымдастығына негізделген туризмді және ауыл туризмін ұйымдастыру бизнесінің әлеуетін күшейту, 2017-2019 жж.» жобасының шеңберінде тағы 10 қонақ үйлері ашылды2.
Бұл жоба Орталық Азияның 4 елінде (Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда) параллельді жүзеге асырылып жатыр, және жобаның түпкі мақсаты туристтердің Орталық Азия өңірінде трансшекаралық сапарлар жасау мүмкіндігі үшін бірыңғай орталық азиялық желі құру болып табылады.
Осылайша, Орталық Азияға кешенді турларға сұраныстың белсенді өсуінің аясында қонақ үйлері бүгінгі күні сұранысқа ие қызмет болып табылатыны белгілі.
Одан басқа, туристтерге қызмет көрсету үшін қонақ үйлерін ашу тәжірибесі өңірлерде және ауылдық жерлерде бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы бизнес-кейс болып табылады. Осыған орай, «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының» екінші бағытына аналогия бойынша өңірлерде қонақ үйлерін ашу жобаларын одан әрі жүзеге асыру мүмкіндігін, оның ішінде өңірлерде эко- туристік қызметтердің провайдерлерін оқыту және олардың қызметтерін одан әрі жылжыту мүмкіндігін қарастыру керек.
Хостелдер
Қазақстанда хостелдер нарығы 2014 жылдан бастап белсенді дами бастады.
Осылайша, 2015 жылы (Қазақстандық қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының мәліметтері бойынша) Алматыда 53 хостел жұмыс жасады, ал 2017 жылдың маусым айының соңында – 98 (шамамен 6 мың керует-орын), Астанада – шамамен 100 (шамамен 6,4 мың керует-орын). Сондай-ақ 2017 жылы қазақстандық нарыққа Nice ресейлік хостелдер желісі енді (Алматы, Ақтөбе ққ.).
Алматының хостелінде бір тәулік үшін орташа баға 2 мың теңгені құрайды, Астанада – 3 мың теңге. Осылайша, нарықтың әлеуетті сыйымдылығы жылына 11,7 млрд. теңгені құрайды.
Хостелдер қызметтері Қазақстанның өңірлерінде дамымаған. 2018 жылдың шілдесінде Booking.com сайтында Шымкент қаласы бойынша небары 7 хостел қолжетімді, Қарағандыда – 1 хостел, Атырауда – 1, Ақтөбеде – 1, Қостанайда – 1. «Маңғыстауда хостелдер» сұрауы бойынша Интернет желісінде ақпарат мүлдем жоқ.
Өңірлерде хостелдердің қызметтерінің сұранымсыздығы төмен бюджеттік қонақүйлердің болуымен және тәулікке жалға берілетін пәтерлердің қолайлы бағасымен түсіндіріледі.
Хостелдердің ұсыныстарының қалыптасуының негізгі арналарының бірі онлайн-брондау сайттары болып табылады, онда маңызды көрсеткіш – қонақтардың пікірлерінің және ұсыныстарының саны. Оң пікірлер мен ұсыныстар көп болған сайын, жарнаманың конверсиясы соғұрлым жоғары болады.
Хостелдердің бір бөлігі «басқа орналастыру орындары» тарауында ресми статистикамен ескерілмейтіндігін атап өткен жөн, өйткені заңнамада «хостел» ұғымы бекітілмеген.
Хостел сияқты үлгінің орналастыру орындары нарығында табысты жұмысы үшін хостелдердің қызметі үшін институционалды негіз құру қажет.
2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен ҚР Ұлттық стандарты «Хостелдерге қойылатын жалпы талаптар» бекітілді, алайда ол ұсынушы сипатқа ие. Сәйкесінше, осы стандарттың талаптары қаншалықты орындалатындығына бақылау жасалмайды.
Кемпингтер
Кемпингтер – туристерді орналастырудың қол жетімді орны болып табылады. Әлемдегі кемпингтер саны жыл сайын өсіп келеді, өйткені ең төменгі инвестициялармен кемпингтер көптеген туристерді қабылдай алады.
Мысалы, Еуропада 25 мыңға жуық кемпингтер бар, олар төсек орындарының саны бойынша барлық басқа тұру түрлерінен асып түседі.
Қазақстан мұнымен ерекшеленбейді, жыл сайын кемпингтер саны өсіп келеді.
Қазақстандағы кемпингтердің кең тараған түрі - киіз үй глампингі (кемпинг түрлерінің бірі), ол туристер үшін қазақтың көшпелі дәстүрін көрсетеді және шетелдік туристер арасында өте танымал.
Жайлылық пен қызмет көрсетудің әртүрлі деңгейлеріне, сондай-ақ қазақстандық кемпингтерде ұсынылатын қызметтердің жоғары деңгейіне байланысты, бір күндік кемпингте тұру құны 5 мыңнан 35 мың теңгеге дейін болады.Аймақтық кемпингтердің автотұрақтарында бір автоүйге күнделікті тұрақ құны 5 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар Алматы мен Астанадағы қонақүйлердің автотұрақтарында бір автоүйге күнделікті тұру құны 10 мың теңгеден 60 евроға дейін жетеді, бұл тіпті еуропалық стандарттар бойынша өте жоғары баға болып табылады.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін ақылы жолдарға инвестицияларды қайтару, ұлттық саябақтардың қызметін монетизациялау, жоспарланған ойын-сауық іс-шараларға көршілес елдерден көптеген автотуристерді тарту Қазақстанның аймақтарында этноауылдар, трейлерлер парктерін, глампингтер, шатырлы лагерлер түрінде ең қолжетімді орналастыру ретінде кемпингтер желісін кеңейту қажеттілігі бар.
Қазақстандық кемпингтерде туристерге қызмет көрсету деңгейін жоғарылату үшін ең жақсы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, «Кемпингтерге қойылған жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Ұлттық стандарттың Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мақұлдауын қоса алғанда, кемпингтердің саралануы мен ең төменгі талаптарын көрсете отырып, олардың қызметі үшін оларды жобалау мен пайдаланудың институционалдық негіз құру қажет.
Осылайша, келтірілген статистикалық мәліметтер, бір жағынан, Қазақстанда орналастыру орындарының жеткіліксіз даму фактісін, басқа жағынан статистикалық есептің жетілмегендігін, статистикалық ақпараттың бір мәнді еместігін көрсетеді.
Жалпы алғанда, Қазақстанда бүгінгі күні кіру туризмі секторы ел аумағында өткізілетін іскерлік оқиғалық шараларды өткізу есебінен қолдау табады. Қазақстан әлемде шықпалы туристтердің ең жылдам өсіп келе жатқан нарығының ортасында орналасқандықтан, елде іскерлік туризмді дамыту перспективалары да бар. 2020 жылға қарай болжанатындай, Қытай және Ресей, сондай-ақ Үндістан және Таяу Шығыс жыл сайын сайын 220 млн. шықпалы туристтердің өсімін береді.
Ішкі туристтер үшін, сондай-ақ кірме туристтер үшін де Қазақстанда туризмнің төмен тартымдылығының салдарынан басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының инвестициялық тартымдылығының төмен деңгейі байқалады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7 762,3 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде мекен ету және тамақтану бойынша қызметтерді дамытуға 1%-дан астамы жіберілді (80,8 млрд. теңге), бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 %-ға көп. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында 2016 жылы тартылған инвестициялардың жалпы көлемінен 0,9 % жұмсалды (68,8 млрд. теңге), алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 40 %-ға қысқарды.
2017 жылы елдегі туризм салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар (14 ЭҚЖЖ) 287,3 млрд. теңгеге тартылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 41,8 %-ға көп (202,6 млрд. тг.).
Мемлекеттік қолдау механизмдерінің жеткіліксіз дамуына және сала субъектілері үшін «ұзын» және қолжетімді ақшалай қаражаттың жоқтығына байланысты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылмайды.
Техникада және технологиялардағы прогресспен байланысты технологиялық факторлар туризмнің дамуына әсер етеді, қызметтердің жаңа түрлерін өндіру, оларды өткізу және клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдіру үшін мүмкіндіктер ашады.
3.1.2. Ойын-сауық орындары
Ойын-сауық орындары да туристтерді тарту құралы болып табылады.
Ойын-сауық орындарының әрекет ету саласы ресми статистиканың екі саласында көрсетілген.
«Қызметтер» тарауында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтердің және спорттық қызметтердің көлемі туралы ақпарат көрсетілген.
Сонымен бірге, ойын-сауық және тынығу парктерінің, мұражайлардың және мәдени-бос уақыт өткізу ұйымдарының қызметі туралы ақпарат «Мәдениет» тарауындағы бюллетеньдерде қамтылған.
Қазақстан Республикасының аумағында 2017 жылдың соңына әрекет ететін ойын-сауық және демалыс парктерінің жалпы саны 143 бірлікті құрады (олардың ішінде 101 – ашық аспа астында, 42 – жайда).
Өңірлік кескінде ойын-сауық және демалыс парктерінің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (42 бірлік) және Қарағанды (19 бірлік) облыстарында қамтылған. Ауылдық жерлерде 23 парк орналасқан. 2017 жылы парктер 4541 мәдени-бұқаралық шара өткізді.
Парктерде бос уақыт өткізу нысандары нің жалпы саны 3199 бірлікті құрайды. Астана қ. және Алматы қ. ойын-сауық және демалыс парктері ең көп жарақталған. Оларда сәйкесінше 544 және 540 бос уақыт өткізу нысандары орналасқан. Нысандардың көбін ойын автоматтары (1770), аттракциондар (981), басқа нысандар (448) құрайды. Сонымен бірге келушілер саны бойынша аттракциондар көш бастап келеді (11,4 млн.). Бос уақыт өткізу нысандары не келушілердің жалпы саны 20,4 млн. адамды құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 17,0%-ға ұлғайды.
Қазақстан Республикасында адамдар ең көп баратын ойын-сауық және демалыс паркілері Алматы қаласында (7 млн. 510 мың адам), Астана қаласында (2 млн. 988 мың адам) және Оңтүстік Қазақстан облысында (2 млн. 325 мың адам) орналасқан.
Сондай-ақ, демалысты ұйымдастыру кезінде көрсетілетін қызметтер мен спорттық қызметтердің көрсеткіші бірқалыпты өсу қарқындарына ие. 2015 жылы бұл көрсеткіш 139 988,5 млн. тг құрады, 2016 ж. – 160 921,1 млн.тг., 2017 ж. – 180 856,7 млн.тг. (мәліметтер «Қазақстан туризмі» статистикалық жинағындағы мәліметтерден ерекшеленеді)
Ойын-сауық парктерінің жалпы саны 143 бірлікті құрайды, олардың ішінде жабық парктер – небары 42. Ашық алаңда 101 парк орналасқан. Жылы маусымның ұзақтығына байланысты оңтүстік облыстарда ашық парктерге деген сұраныс өте жоғары.
Сәйкесінше, жалпы еліміз бойынша, кез-келген маусымда бару үшін қолжетімді жабық парктерге мұқтаждық жоғарылау.
Жабық парктердің көбі Астана қаласында (8), ШҚО-да (6) және Қарағанды облысында (6), Алматы қаласында (5) шоғырланған. Ақмола, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстарында жабық ойын-сауық парктері жоқ.
Ойын-сауық парктерін салуды жоспарлау және олардың жұмысы кезінде негізгі мәселелер келесі: жер телімдерін бөлудің ұзақ процесі (екі жылға дейін), өтелудің ұзақ мерзімі (шамамен 10 жыл), дайын мамандардың жеткіліксіздігі, қос салық салу.
3.1.3. Мәдени-оқиғалық нысандар
Қазақстанда 2017 жылы мұражайлардың саны 240 бірлікті құрады (2016 жылмен салыстырғанда 2 есе көп). Ең көп саны Шымкент қаласында және Түркістан облысында (28), Алматы облысында (26), Қарағанды облысында (22), Ақтөбе облысында (20), Атырау облысында (17) шоғырланған. Алматы қаласы мен ШҚО-да 16 мұражайдан бар.
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің, қорық-мұражайларының саны 2017 жылы 1453 бірлікті құрады.
2017 жылы республика мұражайларында 153 665 экскурсия өткізілді және тыңдаушыларға 13 440 дәріс оқылды.
Келушілердің жалпы саны 6450,2 мың адамды құрады, олардың ішінде балалар - 2841,0 мың адам немесе 44,0%.
Республика мұражайлары өткізген көрмелердің саны 2017 жылы 9206 бірлікті құрады, олардың ішінде 10 көрме шетелде өткізілді.
240 мұражайдың ішінен Интернет желісіне 203 мұражай қосылған, 149 мұражайда меншікті интернет-ресурс бар.
Мұражайлардың ғимараттарының және жайларының саны 395 құрайды, олардың ішінде жылытылмайтын ғимараттар – 26, күрделі жөндеуді талап ететіндер - 40, апаттық жағдайда – 4.
2017 жылы Қазақстан Республикасында мәдени-бос уақыт өткізу ұйымдарының саны 3185 бірлікті құрады, олардың ішінде ауылдық жерлерде – 2912 бірлік.
2017 жылы мәдени-бос уақыт өткізу ұйымдарымен 299,2 мың мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді, оларға 39,9 млн. адам қатысты. Көрермендер залдарында орындардың саны 523,8 мың бірлікті құрады.
Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілетін қызметтердің көлемі жыл сайын өсіп келеді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 29 827,7 млн.тг құрады, 2016 ж. – 31 684,0 млн.тг., 2017 жылы 48 557,0 млн.тг. дейін күрт өсті.
Бүгінгі күні бизнес өкілдері туристік нысандар ретінде мұражайлардың жеткіліксіз икемділігін атап өтуде. Мұражайлар және мәдениет нысандары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады және коммерциялық құраушыны дамытуға мүдделі емес. Сонымен бірге көптеген нысандарда әуесқойлық фото- және видеотүсірілімді жасау үшін төлем орнатылған, бұл қолданыстағы заңнамаға да, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарына да (№ 21 және № 372) қайшы келеді.
Көптеген әлем мұражайлары осындай тәжірибеден бұрыннан бері бас тартқан және келушілерінің фотосуреттерін өз нысандары н танымал етудің құралы ретінде пайдалана отырып, қолжетімділік саясатын ұстанады.
Сондай-ақ мұражайларда және халық жаппай баратын басқа мәдени нысандарда шетел тілдерін білетін экскурсия жетекшілері жеткіліксіз, радио- және аудиожабдықтар (шетел тілдеріндегі аудиогидтер) барлық жерде бола бермейді, нысандар персоналында қызмет көрсетудің және дайындығының төмен деңгейі байқалады. Ақылы негізде туристік топтарды әкелетін туристік компанияларға қатысты икемсіз саясат байқалады (топтық жеңілдіктер барлық жерлерде бола бермейді, туристік компаниядан жеткізіп салушы үшін жеңілдікпен өту жоқ және т.б.).
Мәдениет нысандары нің өздері тарихи-мәдени мұра нысандары не сапалы ақпараттық қостау мүмкіндігінің жоқтығын атап өтеді (мысалы, ақпараттық буклеттерді, ақпар-кітапшаларды, афишаларды, флаерлерді, 3D технологияларын пайдаланумен тақырыптық каталогтарды басып шығару және тарату арқылы).
3.1.4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі - ЕҚТА) елдің 8,2%-ын алады. Сонымен бірге жалпы мойындалған әлемдік стандарт кем дегенде 10 - 12%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта 13 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 10 мемлекеттік табиғи қорықтар, 3 мемлекеттік табиғи резерват, 50 мемлекеттік табиғи қаумал қызмет етеді. Одан басқа, республикада республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының 127 геологиялық, 58 геоморфологиялық және 19 гидрогеологиялық нысаны, 5 мемлекеттік қорықтық аймағы, 26 табиғи ескерткiштер, 5 республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақшасы және 2 жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи паркі қызмет етеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік қызметті реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы, ҚР Жер кодексі, ҚР Орман кодексі болып табылады.
Қазіргі уақытта ЕҚТА жеке түрлерінде әр-түрлі режимдер әрекет етеді, олар рұқсат етілген туристік қызметтің көлеміне қарай ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік табиғи қорық аумағында қорғаудың қорықтық режимі орнатылады, мемлекеттік табиғи қорықтың қызметімен байланысты емес ғимараттарды (құрылыстарды), жолдарды салуға, құбырларды, электрлік беріліс желілерін және басқа коммуникацияларды және нысандарды салуға тыйым салынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн туристiк және рекреациялық қызмет жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.
Бірегей табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда да пайдалану үшін арналған мемлекеттік ұлттық табиғи парк (бұдан әрі – МҰТП) сияқты ЕҚТА түрі туристік қызметті жүзеге асыру үшін қолжетімді.
Осылайша, МҰТП негізгі қызметіне өзгеден басқа оның аумағын және қорғалатын аймағын туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады, осыған орай МҰТП-те аумақты зоналау жасалады, олар: қорық режимі, экологиялық тұрақтандыру, және рекреациялық қызмет, шектеулі шаруашылық қызмет аймақтары.
Сонымен бірге қорық режимi және экологиялық тұрақтандыру аймағында кез келген шаруашылық қызметке, оның ішінде рекреациялық пайдалануға тыйым салынады, алайда реттелмелі экологиялық туризмге рұқсат етіледі.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға жол беріледі.
Шектеулi шаруашылық қызметi аймағында рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, кемпингтерді, мұражайларды және туристтерге қызмет көрсетудің басқа нысандары н салуға және пайдалануға рұқсат етіледі.
Заңмен туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру талаптары жеке реттеледі:
1) МҰТП туристік қызметті туристік операторлық қызметке арналған лицензия болған кезде туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады;
2) учаскелер рұқсат болған кезде бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі;
3) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер МҰТП инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
МҰТП-де құрылыс жүзеге асыру үшін шарттар:
1) шарттың қолданылу мерзімі өткен соң алдыңғы пайдаланушыда шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар;
2) учаскені пайдалану құқығын беретін туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға шарт жасау қажеттілігі;
3) учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысандары нің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті. Өз кезегінде, учаскені пайдалану рұқсатын алу процесі, шарт жасау және рұқсат алудың алдындағы тендер процедурасы жеке ережелермен реттеледі.
ЕҚТА келушілеріңің өсуіне қарамастан, туристтік ағынның қарқынды өсуі байқалмайды.
5-кесте
ЕҚТА келушілердің саны
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару, мың адам
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
584,1
|
591,0
|
732,5
|
738,6
|
840,2
|
889,6
|
Впечатляющие цифры и по другим странам: в Великобритании – нацпарк «Lake District» – 10,5 млн., нацпарк «New Forest» - 4,3 млн. посещений, в Канаде - нацпарк «Seven Montain» – 9,2 млн.человек и т.п.
Басқа елдердегі ұлттық парктерге бару деңгейіне қарағанда бұл сан үлкен емес.
Мысалы, Cambridge (Ұлыбритания) университетінің сарапшылық деректері бойынша АҚШ-та тек «Golden Gate» ұлттық паркіне жыл сайын 13,7 миллион адам, ал Гранд Каньонға 4,29 миллион адам келеді.
Басқа елдер үшін керемет көрсеткіштер: Ұлыбританияда - «Lake District» ұлттық паркі - 10,5 млн., «New Forest» ұлттық паркі - 4,3 млн., Канадада - «Seven Montain» ұлттық паркі - 9,2 млн. және т.б.
Қолданыстағы заңнамада ЕҚТА-дағы туризмді белсенді дамытуды тоқтататын нормалар бар.
Мысалы, ҚР Жер кодексі резидент еместердің жерді пайдалану құқығын реттейді. Осылайша, Кодекс шектеулі шаруашылық қызмет аймағында тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдіктерге тиесілі болмайтынын белгілейді.
Осыған байланысты шетелдік инвесторлар МҰТП аумағында туристік объектілердің құрылысына және туристік қызметті дамытуға мүдделі емес. Мысалы, елеулі мысал Бурабай АЭА-да шетел инвестицияларының жоқтығы болды, ол кезде шетелдік инвесторлардың туристік объектілерді салуға келмеуінің негізгі себебі - жеке меншікке жер алу мүмкіндігінің жетіспеушілігі болғадықтан.
Инвесторлардың төменгі қызығушылығы сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның (кіру жолдары, электр беру желілері, байланыс, сумен жабдықтау, канализация) болмауымен, сонымен бірге ЕҚТА (таулар, өзендер, батпақтар) жер телімдерінің қашықтығы мен жерлеріне қиындықтармен байланысты.
Сонымен қатар, соңғы жылдары ЕҚТА-дағы инфрақұрылымды дамыту бойынша шараларды қаржыландыру бойынша процедураларды жеңілдету жөнінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
Осылайша, МҰТП жер учаскелерін туристік және рекреациялық қызмет үшін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға рәсімдерді жеңілдету үшін учаскелердің құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсат беру және эскиздік жобаны уәкілетті органның келісу жөніндегі ереже алынып тасталды.
Бұдан басқа, туристік және рекреациялық объектілерге жолдарды салуға және реконструкциялауға арналған шараларды табиғат қорғау мекемелерінің қаржыландыруға қатысты норма енгізілді. ҚР Бюджеттік кодексінің 54-бабына республикалық маңызы бар инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдар, көпірлер, электр беру желілері және басқа коммуникациялар) салу бойынша ЕҚТА-лардағы шараларды тікелей қаржыландыруды ЖОО-ға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.
Табиғатты қорғау мекемелерін басқару тиімділігін және шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыру үшін ҚР АШМ бұйрығы қабылданды, ол қоғамдық бірлестіктер мен бизнес құрылымдардың өкілдерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы және өкілді органдарды үйлестіру кеңесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Ұлттық саябақтарда туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру ережелеріне конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыру және ҮЕҰ өкілдерін тендерлік комиссияға тарту бөлігіндегі өзгерістер енгізілді.
Үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, тұрақты туризмді дамытуды реттейтін заңнаманы жетілдіруді одан әрі жалғастыру қажет.
Осылайша, келушілердің жылсайыңғы өсуіне қарамастан, ЕҚТА пайдалану экологиялық туризмді ғана қамтиды, өйткені шектейтін режимдердің және зоналаудың күрделі құрылымының, жер телімін пайдалану рұқсатын алудың ұзақ және күрделі процедурасының, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыруға рұқсат алудың ұзақ және күрделі процедурасы (ЖСҚ, жерге орналастыру жобасын бекіту) кәсіпкерлерді ЕҚТА-да туристік инфрақұрылымды дамытуға уәждемелемейді.
3.1.5. Қолөнершілікті дамыту
Қызмет түрі ретінде қолөнершілік ұлтты мәдени сәйкестендірудің ажырамас бөлігі және елде туристік индустрияның қажетті құраушысы болып табылады.
Қолөнершіліктің көпғасырлық тарихына ие және қолөнершілер мен шеберлерді қолдайтын шетел елдері халықаралық деңгейде бизнес-құрылымдардың көшбасшылары болып табылады, итальян керамикасы және аяқ киім ісі, түркмендік және түрік кілем тоқу өнері, авторлық жиһаз, былғарыдан жасалған бұйымдар, әр-түрлі елдердің бірқатар зергерлік брендтік өнімдері соның айқын мысалы. Одан басқа, қолөнершілікті дамыту мәдени-ойын сауық шараларының элементіне айналуы мүмкін және халықаралық сахнада туристік нысан рөлінде шығады (шеберханалары бар қолөнершілік орталықтары).
Қолөнершілікті дамытудың халықаралық тәжірибесі дамыған елдердің мәдениетін және дәстүрлерін сақтауда қолөнершілік ісінің маңызды рөлін айғақтайды.
Ұлыбританияда көпғасырлық қолөнершілік ісінің тарихы дамуының бірнеше кезеңдерінен өтті және бүгінгі күні британ қолөнершілігі өнімімен ішкі нарығын қамтамасыз етеді, шеберханалар мен цехтер ұрпақтан ұрпаққа беріледі. 1971 жылдан бастап қолөнер мәселелеріне консультативтік Комитет - Crafts Council жетекшілік етеді, ол Ұлыбританияның Мәдениет істері БАҚ және спорт министрлігімен өзара әрекеттеседі. Мәліметтер бойынша, британдық қолөнер гүлденуші сектор болып табылады, ол Ұлыбритания экономикасына 3,4 млрд. фунт стерлинг табыс әкеледі, бұл 0.3% ЖҚҚ/ UK GLA құрайды. London Craft Week, British Craft Trade Fair сияқты жылсайыңғы фестивальдер үздік қолөнер өнімдерінің 200 000 астам қолөнершілерін біріктіреді.
АҚШ-та заманауи қолөнершілік өңірлік (штаттар бойынша) тарихқа ие көпвекторлы бағытқа ие және American Craft Council ұлттық үкіметтік емес ұйымға біріктірілген. Сондай-ақ американдық қолөнершілік мәртебесі әр-түрлі бағыттардағы (ағаш, шыны, металл, зергерлік бұйымдар, керамика және т.б.) қолөнер өнімдері ұсынылған көрме залдарының, арт-орталықтардың, крафт-мұражайлардың есебінен жоғарылайды, бүгінгі күні олардың саны шамамен 224 нысанға дейін жетті және қоғамның назарын тарта бастады. Одан басқа, АҚШ-та қолөнер мектептері мен арт-студиялар танымалдылыққа ие (300-ден астам).
Ресей Федерациясында қолөнершілік те бай тарихқа ие және әр-түрлі бағыттарда дамыған. Бұл сектор РФ Қолөнер қызметін дамыту туралы федералдық заңымен қорғалған. Қолөнер қызметі онда шағын кәсіпкерліктің бір түрі ретінде көрсетілген. Бизнесті жылжыту үшін салық жеңілдіктері, мемлекеттік қолдау нысандары, қолөнершіні тіркеу, қолөнерші куәлігі ескерілген, нәтижесінде бұл сектор қарқынды даму мүмкіндігіне ие болады. Қолөнер қызметі субъектілерінің қызметін жалпы үйлестіру үшін коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым – Ресейдің қолөнер палатасы жауап береді, ол Ресей Федерациясының қолөнершілер субъектілерінің палаталарын біріктіреді.
Осы кезеңде Қазақстанда көпғасырлық қолөнер тарихына қарамастан, қолөнершіліктің рөлі көлеңкеде қалып отыр. Әдетте қолөнершілер негізгі екпінді өндірістік аспектілерге шоғырландырады. Қолөнершілік толығымен қол еңбегі, мамандар өндірістерін тиімді кеңейте алмай қалады. Білдектерді және жабдықтарды сатып алу қолөнершілерден күрделі қаржы салымдарын талап етеді.
Елімізде өнімді өткізу, жылжыту, өткізу алаңдарын қамтамасыз ету мәселелері ретке келтірілген жоқ. Нәтижесінде қолөнерші азғантай табыс алады, табыстың негізгі бөлігі қайта сату бизнесінің үлесінде қалады. Сонымен бірге көптеген қолөнершілер қызметтерін ресми түрде тіркемейді.
Бүгінгі күні Қазақстандағы қолөнер қызметі – экономиканың шеткері саласы, оны жаңа деңгейге көтеру қажет.
Қолөнершілікті дамытудың негізгі проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары келесі:
Біріншіден, қолөнер қызметінің тоқырауы кезінде Қазақстанда қолөнердің кейбір түрлері, бірегей техниктер және материалдармен жұмыс жасау әдістері жоғалды. Кейін халқымыздың шынайы қолөнері ұмытылды және қол жұмыстарының барлық түрлері, оның ішінде handmade (қолөнер) өнімдері де, қолөнер бұйымдары ретінде сыныптала бастады. Осыған орай қолөнер өнімін сыныптауды қалпына келтіру, сапа стандарттарын әзірлеу мәселесі туындайды. Ол үшін Қазақстанның ғылыми қауымдастығын және көрнекті қолөнершілерін жұмылдырып, қолөнер қызметі бойынша республикалық сараптамалық-консультациялық кеңес құру қажет.
Екіншіден, қолөнершілердің саны бойынша статистикамен және қолөнер бұйымдарының және қызметтерінің өндірістік көлемін талдаумен, сондай-ақ олар жөнінде басқа мәліметтермен жұмыс жүргізілмейді. Қазақстандық қолөнершілер жеке кәсіпкерлер немесе кәсіпкерліктің белгілі бір нысанынсыз қызмет етеді (патент, жеке тұлға, заңды тұлға), бұл қолөнер нарығының ағымдағы жағдайы жөнінде транспарентті/мөлдір ақпаратты алуды қиындатады. Шынайы қолөнершілердің көп бөлігі шалғайдағы аймақтарда мекен етеді, бұл қолөнершіліктің ерекшелігімен негізделген, олар жоғары шеберлікке ие бола отырып, көлеңкеде қалып қойып отыр. Қолөнер өнімдерін жасаушылармен толыққанды жұмыс жасау үшін басқа елдердің, мысалы Ұлыбританияның, крафт-менеджмент тәжірибесін үлгі ретінде алу керек, онда орталық басқару органы және қолөнер бойынша үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп жұмыс жасайды.
Үшіншіден, қолөнер ісінің жандануы тарихи отанына оралған және атакәсіптерін жалғастырып жатқан этностық қазақтардың есебінен жүзеге асырылады, Сәндік-қолданбалы өнер факультетінің бітірушілері болса, білімдерін қолдана алмай отыр. Бітірушілер басқа мамандықтарға ауысуға мәжбүр, соның салдарынан қолөнершіліктің даму әлеуеті жоғалады. Басқа жағынан, қолөнершілердің және дипломы бар бітірушілердің арасында үйлесімсіздік сезіледі. Осы бағытты жаңғырту үшін шынайы қолөнершілер үшін де, сондай-ақ әр-түрлі бағытта білім алған жас мамандар үшін де біліктілік алудың және қайта маманданудың күрделі бағдарламаларын, “Craft-management” бағыты бойынша халықаралық білім беру бағдарламаларын әзірлеу керек. Одан басқа, халықаралық крафт-менеджмент тәжірибесіне сүйене отырып, крафт-мұражайлар, қолөнер орталықтары идеясын жылжыту немесе елдің жетекші мұражайларында және көрме залдарында экспонат түрінде үздік қолөнер өнімдерін орналастыру мүмкіндігі пайда болады.
Төртіншіден, осы заманғы қазақстандық қолөнершілер беттесетін негізгі мәселелердің бірі мемлекеттік қолдау нысандарының тұрлаусыздығы болып табылады. Қолөнершіні өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа, ал қолөнершілік субъектілерін шағын бизнеске жатқызу белгілі бір қолайсыздықтарға әкеледі, олар: салық салудың жалпы анықталған жүйесі, шағын өндіріс кезінде несие берудің жоғары пайызы немесе шағын пайыздық мөлшерлемелер бойынша несиелендіру талаптарына сәйкес келмеу (start-up жобалары), қолөнершілердің коммерциялық жайды ұстауға дәрменсіздігі. Осы мәселелерді реттеу үшін мемлекеттік қолдаудың бірнеше нысандарын бөлу керек, олар: қаржылай көмек (гранттар, субсидиялар), мүліктік көмек (ғимарат, жер, жабдық), ақпараттық-консультациялық (мемлекеттік құрылымның және КЕҰ бірлескен қызметі), сондай-ақ бизнес-жобаларды МЖӘ форматында қарастыру (әлеуметтік-мәдени жобалар бағыты бойынша). Салықтар бойынша – микро және шағын кәсіпкерлікке қатыстылыққа қарай, өзгеше сипатын ескере отырып, арнайы салықтық режимге енгізу мүмкіндігін қарастыру керек (агроөнеркәсіпте сияқты).
Бесіншіден, қолөнер өнімін өндіру шикізат мәселесімен беттеседі. Ұлыбританияда шынайы ұлттық қолөнер өнімі ретінде Ұлыбританияда 100% өндірілген бұйым мойындалады. Қазақстанда да өңдеуді талап ететін қажетті шикізат бар. Шикізат өнімін өндіру қазақстандық қолөнершілердің ішкі және сыртқы нарықтары (өнімді өткізу) үшін көбірек мүмкіндіктер ашады. Өндірістің басым бөлігі агроөнеркәсіппен байланысты, осыған орай Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің грант бағдарламалары және «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның микронесиелендіру бағдарламалары арқылы бастапқы инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайда болады.
3.1.6. Туризмнің негізгі бағыттары
Агротуризм
Агротуризм келуші қонақтарға орналасу, демалу, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету бойынша, олардың бос уақыты мен спорттық іс-шараларды, балық аулау мен аңшылықты ұйымдастыру, білім мен дағдыларға ие болу, сондай-ақ ауылдық жерде туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға мүмкіндікті қалыптастыру мен ұсынуды көздейтін салыстырмалы түрде жаңа және перспективті бағыт болып табылады.
Агротуризмнің тартымды ерекшеліктері таза ауа, үйдегідей жағдай, пәк табиғат, табиғи азық-түлік, тыныштық және салмақты тұрмыс-тіршілік болып табылады. Бұл табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын, жергілікті халықты осы процеске тартуға ықпал ететін қоршаған ортаны қорғаудың қуатты құралы.
Осыған байланысты, өңірде агротуризммен айналысатын ШОБ-ны қалыптастыру және дамыту үшін тетіктердің әдістемелік құралдарын қалыптастырған, қонақ үйлерін ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсеткен, жергілікті деңгейде ақпараттық қолдау және қонақ үйлерін ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындаған жөн.
Аңшылық-олжалық туризм
Туристтердің жабайы әлем өкілдерімен баяу (бақылау), сондай-ақ белсенді (аңшылық) заңнамамен қатаң реттелетін жанасуын қарастыратын тұрақты туризмнің бір бөлігі. Аңшылық туризмі дұрыс басқару кезінде жабайы табиғатты сақтау үшін қаржы құралдарын тартудың тиімді механизмі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Әлемде аңшылық туризм қарқынды дамып жатқан сала болып табылады. Мысал ретінде АҚШ бойынша деректерді келтіруге болады (қаржылық есепке алудың дамыған жүйесіне байланысты көрсетуге тұрарлық). Осылайша, АҚШ-тың Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша аңшылық туризмнен (белсенді және баяу) ел экономикасына түскен табыс 2017 жылы 156 млрд. АҚШ долл. құрады. Аңшылықтың жалпы мультипликативті әсері 61 млрд. АҚШ долларын құрайды. АҚШ-тың аңшылық шаруашылығы 700 мыңнан астам жұмыс орнын ашады және жылына 16 млрд. АҚШ долларынан астам жалақыны қамтамасыз етеді.
60-шы жылдардың аяғында Еуропада осы белсенді демалыс түрі күрт танымал бола бастады. Қазігі уақытта Еуропада аңшылық туризм Испанияда, Венгрия мен кейбір басқа да елдерде де анағұрлым дамыған.
Туризмнің басқа нысанымен қатар валюта алу көздерінің бірі болып табылатын дамып келе жатқан Африканың кейбір елдері үшін аңшылық туризмнің құны жетпес экономикалық маңызы бар. Мұнда туризмнің басқа нысандарымен қатар ел экономикасына қолма-қол валютаның түсімінің көздерінің бірі болып табылады. Африкадағы сафари бүгінгі күні тұтынушыларға кеңінен танымал аңшылық туристік өнім болып табылады. Оңтүстік Африка Республикасына жылына 8 000 аңшы барады, ал осы саладан жиынтық кіріс жылына 100 млн. АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан аңшылық нысандар болып табылатын жануарлар әлемінің өкілдеріне ерекше бай. Әр-түрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғауға кететін шығындар аңшылық туризмін дамыту есебінен толығымен жабылуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде кәрі аталық жануарларды алудың ғылыми негізделген лимиті популяцияға сондай ықпал етпейтіні дәлелденген, ал кейбір жағдайларда ол оның өнімділігін арттырады. Кейбір мемлекеттер үшін ол сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтаудың жалғыз тәсілі. Мысалы, кәрі аталық жас аталыққа ұрықтандыруға мүмкіндік бермейді, бірақ өзі барлық ұрғашыларды ұрықтандыруға қауқары болмағанда кейбір ашатұяқтылар тұқымының ұрғашылары қысыр болып қалады.
Қазақстанда көптеген сирек кездесетін түрлердің популяциясының қазіргі заманғы жай-күйі тұрақтанды және кәрі аталықтарды аңшылық мақсатында тұрақты пайдалану туралы айтуға болады. Үкіметтің қаулысы бойынша кәрі аталықтарды ғылыми негізделген алып тастау мүмкіндігіне толық тыйым салу бөлігінде Қызыл кітап туралы ережені қайта қарау қажет.
Жалпы дамыған аңшылық инфрақұрылымы бар әртүрлі жануарлар әлемінің бар болуы елімізге едәуір ақшалай қаражатты тартады, табиғатты сақтауға көмектеседі, сондай-ақ өңірлердің дамуына ықпал етеді деп айтуға болады:
1) мемлекет жалпы аңшылыққа құқық сату есебінен және жекелеген жануарлар түрін атуға лицензия беру үшін қаражат алады
2) жеке аңшылық шаруашылықтары аңшылықты ұйымдастыру есебінен қаражат алады
3) шағын және орта бизнестің жергілікті өкілдері орналастыру, тамақтандыру, аңшыларды тасымалдау, кәдесыйларды сату, аңшылық олжаларды дайындау есебінен пайда табады
Аңшылық туризмнің құрылған инфрақұрылымы жергілікті халыққа жабайы табиғатты сақтауда қосымша ынталандыру бере отырып, осы аумақтарда экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Этнографиялық туризм
Қазақстан – тарихи және мәдени мұрасы бай ел. Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан әлемнің өркениет торабында, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы көліктік, әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық қиылыста тұр. Ерте заманда Қазақстан даласы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде қазіргі Қазақстан аумағында өзіндік мәдени тарихы бар мемлекеттер пайда болып дамыған.
Сол дәуірдің мұрасы көптеген тарих және мәдениет ескерткіштері, географиялық көрнекі орындар болып табылады.
Мәдени демалу ойын-сауық және демалыстың өзге де түрлері сияқты бір орында тұрмайды. Ол жаңа функцияларға ие болып, өз мәнінің аса үлкен шегін белгілей отырып, кеңейеді және оңтайланады. Бұл процесте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, экологиялық бос уақытты өткізу және демалыс орталықтарын және этно-парктерді, әртүрлі мәдени, табиғи және тарихи қорықтарды құру ерекше рөл атқарады.
Табиғи көрнекі жерлерден басқа, Қазақстан әлемдік маңызы бар Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Ұлы Жібек жолында транзиттік турларды ұйымдастыру аса өзекті, өйткені ол Қазақстанға Жапония, Малайзия, Қытай Халық Республикасы, Корея елдері, сондай-ақ Еуропа мемлекеттері сияқты қызығушылық тудыратын аймаққа кіруге мүмкіндік береді. Ұлы Жібек жолы – Қазақстандағы туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі.
Әлемдік тәжірибе шетелде өз еліңнің мәдениетін танымал етудің құралы ретінде мәдени-танымдық туризмнің ерекше рөлін көрсетеді. Шетел туристтерін тарту креативтік индустрияны қарқынды дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Қазіргі уақытта адамдардың көбі көпұлтты мегаполистерде және қалаларда тұрады, этнографиялық туризм өзекті және танымал бола бастады, бұл жерде халықтың этнографиялық тобының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, сәулетімен, ұлттық костюмдерімен және мерекелерімен, мәдениетімен және өз немесе өзге тілімен танысу болады.
Этнографиялық туризм отбасылық қатынастарды нығайтуға, жастарды рухани-ізгілікке тәрбиелеуге, мәдени және отбасылық құндылықтарды сақтауға және дамытуға ықпал ететін болады.
Балалар-жасөспірімдер туризмі
Балалар-жасөспірімдер туризмінің (бұдан әрі – БЖТ) елдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі қомақты, өйткені туризмнің бұл түрі жаңа буынға өмірлік тәжірибе мен материалдық-мәдени мұраны табыстаудың, құндылық бағдарлардың қалыптасуының, ұлттың өнегелік сауығуының және мәдени дамуының, тұлғаның әлеуметтенуінің маңызды әдісі болып табылады.
БЖТ жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей үлгісі болып табылады, табиғатпен қарым-қатынас жасау арқылы адамның салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақытты белсенді өткізуді ұйымдастыруға, табиғатта өзін-өзі ұстау мәдениетінің дамуына, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауды тәрбиелеуге, туған өлкені тәжірибеде танып білуге, сондай-ақ әлеуметтік бейімделуге, кәсіби бағдарлануға, азаматтық пен отансүйгіштікті тәрбиелеуге ықпал ететін ең тиімді тәрбиелік-сауықтыру технологияларының бірі, өсіп келе жатқан буынды патриоттық тәрбиелеуде үлкен мемлекеттік маңызға ие.
2018 жылдың басындағы жағдай бойынша 1-10 сыныптарда оқитын оқушылардың жалпы саны 2 млн. 814 мың адамды құрайды (2017 ж. - 2 698 737 адам).
6-кесте
ҚР-да жазғы демалысты және сауықтыруды ұйымдастыру жөнінде мәліметтер
Мәліметтер
|
2015 ж.
|
2018 ж.
|
Динамика
|
1-10 сыныптарда оқитындардың жалпы саны
|
2.629.904
|
3.050.770
|
+ 420.866
|
БЖТ жүйесімен қамту
|
59.980 (2,3 %)
|
80.256 (2,6%)
|
+ 20.276 (+0,3%)
|
БЖТ орталықтар мен БЖТ және өлкетану станциялар жалпы саны
|
35
|
40
|
+5
|
Туристік бағыттағы үйірмелер саны
|
735
|
2.188
|
+ 1.453
|
БЖТ-ны жедел дамытуға кедергі келтіретін факторлар:
Бірінші. Кеңес Одағының ыдырағаннан кейін БЖТ жүйесінің қажетті қолдауы, оның ішінде мемлекеттік қолдауы жоқ. Содан бері БЖТ-ны дамыту тәжірибесі, дәстүрлері мен институционалдық тетіктері жоғалды.
Екінші. Капиталдық салымдардың, заманауи жабдықтар мен құралдар, оқулықтар мен компьютерлік техниканың тапшылығын бастан өткерген, балалар туристік ұйымдарының материалдық-техникалық базасы моральдық жағынан ескірген. Елдегі туристік жабдықтардың жиынтықтылық деңгейі шамамен 51,5%-ды құрайды. Сонымен бірге, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы сияқты аймақтарда БЖТ-ның материалдық-техникалық базасы 10-нан 20% -ға дейінгі нәтижені құрайды. Қостанай және Қызылорда облыстарында туристік-тарихи бағыттағы ұйымдар жоқ.
2-сурет
Үшінші. Оқушылар қатысуымен аймақтық және республикалық іс-шаралар жүйесін кепілдендірілген қаржыландыру жоқ, бұл оқушылар мен оқытушылардың БЖТ-ға қатысу деңгейіне теріс әсер етеді. МҰТП, мұражайларға бару үшін төлем, әуе және теміржол көліктеріне арналған қымбат билеттер балалар мен жастарды жастар туризмі саласына жаппай тартуға ықпал етпейді.
Төртінші. Спорттық туризмде дарынды балалар жеткіліксіз қолдауды алады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ерекше қажеттіліктері бар балалар жастар туризмінің шараларымен толық қамтылмайды, бұл олардың әлеуметтік бейімделуін қиындатады және қоғам үшін қосымша әлеуметтік шығындар тудырады.
Бесінші. Туристік-жергілікті бағытындағы технологиялармен таныс мұғалімдер мен мамандардың біліктілік деңгейі жеткіліксіз. Туристік-өлкетану бағытындағы мұғалімдердің біліктілікті жоғарылатуға қажеттілігі 69,2%-ды құрайды.
Алтыншы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмысты үйлестіру жеткіліксіз. БЖТ дамытц мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық база жетілдіруді талап етеді.
Медициналық және санаторийлік-курорттық туризм
Медициналық туризм ретінде әлемде медициналық қызметтер алу мақсатымен адамдардың тұрақты мекен ету жерлерінен шығуы түсініледі.
Қазақстан медициналық, сондай-ақ сауықтыру туризмін дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие.
Ол – Астана қаласында жоғарытехнологиялық медициналық қызметтер көрсететін заманауи медициналық кластердің болуы, заманауи медициналық клиникалардың, стоматологиялық, косметологиялық және ЭКО-орталықтардың дамыған желісі және т.б. Қазақстанның жеті клиникасы JCI (JointCommissionInternational) халықаралық аккредитациялық комиссиясымен сертификатталған, ол медициналық қызметтер мен пациенттердің қауіпсіздігінің алтын стандарты болып табылады, тағы бір клиника EFQM (Еуропалық сапа менеджменті ұйымымен) сертификатталды.
Сауықтыру туризмін дамыту үшін Қазақстанның аумағы алуан түрлі туристік-рекреациялық ресурстарға ие. Қазақстанда 20 курорттық аймағы тіркелді және жұмыс жасайды, олардың негізгі бөлігі (10-нан астамы) барланған және зерттелген табиғи емдік факторларға ие және бальнеологиялық, сазбен емдейтін, климаттық курорттар болып табылады. 500-ден астам емдік минералды су көздері, 78 балшық көлі, 50 климаттық жерлері сияқты табиғи емдік факторлары бар курорттық аймақтар Қазақстанда рекреациялық-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік береді.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Қазақстанда сыйымдылығы 21 291 керует-орынға ие 154 санаторийлік-курорттық ұйымдар (бұдан әрі – СКҰ) бар, олардың ішінде 18 475 керует-орын тәулік бойы қолжетімді. Санаторийлердің 80%-ы жеке құрылымдар болып табылады. Президент Істері Басқармасының Медициналық орталығының, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің және т.б. мекемелік шипажайлар мемлекеттік санаторийлер болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстанның санаторийлік-курорттық ұйымдарының шетел курорттарынан түбегейлі айырмашылығы медициналық қызмет көрсетудің дамығандығы болып табылады. Шетел курорттары көпжұлдызды қонақүйлерде орналасқан, оларда тамаша сервис пен ойын-сауық (SPA-мейманханалар) ұсынылады. Қазақстанда кеңес дәуірі кезеңінен бастап санаторийлердің жүйе құрушы факторы санаторийлік-курорттық медицина болды. Алайда санаторийлердің денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты еместігі демалушыларға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылаудың бірыңғай жүйесін құруға мүмкіндік бермейді.
Санаторийлердің қызметі туризм саласы мен денсаулық сақтау саласы мүдделерімен түйіседі.
Екі саланың статистика мәліметтерінің негізінде соңғы жылдары санаторийлердің саны болмашы өзгерді: 66 бірлік (2014ж.), 62 бірлік (2015ж.), 66 бірлік (2016ж.), 65 бірлік (2017ж.).
Санаторийлердің демалушылардың саны 2014 жылы 231 642 адамнан 2015 жылы 173 695 адамға дейін төмендеді, одан кейін 2016 жылы 189 399 адамға дейін жоғарылады және одан кейін 2017 жылы 288 151 адамға дейін оқыс өсті.
2016 жылы санаторийлерде демалған 189 399 адамнан бейрезиденттер 2 581 адамды құрады (1,4%). 2017 жылы демалған 288 151 адамнан, бейрезиденттер – 2369 адам (0,8%). Яғни, бейрезиденттердің саны нақты және пайыздық көріністе төмендеді.
Көптеген санаторийлердің қызметінде негізгі «осал» тұстар әлсіз материалдық-техникалық база, маркетингтік стратегияның жоқтығы, қосымша қызметтердің жоқтығы болып табылады. Сондай-ақ бұл салаға мемлекеттік қолдау жасалмайды. Санаторийлік-курорттық кешенді жаңарту және бұл секторды жаңғырту қажет. Ол үшін Қазақстанда сауықтыру медицинасының әлеуметтік құраушысының рөлі арттыруы тиіс.
Санаторийлік-курорттық туризмнің ерекшелігі мынада: сауықтырудың ең үлкен әсеріне қол жеткізу үшін санаторийде жеткілікті түрде ұзақ уақыт болу керек (14 күннен 21 күнге дейін). Сонымен бірге санаторийлерде бос уақытты өткізу үшін қосымша қызметтер жоқ, іс-шаралар, экскурсиялар және т.б. ұсынылмайды. Одан басқа, санаторийлерде және курорттарда емделу қымбат тұрады.
Бүгінгі күні Қазақстанның бірегей табиғи, климаттық және емдік ресурстарға ие өңірлерін дамытудың маңызды міндеті санаторийлік және туристік кешендерді құру негізінде сапалы емдік-сауықтыру қызметтерін ұсынуды ұлғайту болып табылады, оларда денсаулықты қалпына келтіру және ойын-сауық шаралары мен әсер алу балансы сақталатын болады.
Одан басқа, санаторийлік-курорттық емдеуді енгізетін туристік өнім жыл бойы ұсынылуы тиіс. Ол үшін қызметтердің құнын төмендетуге және негізгі маусымнан тыс кездері туристтерді тартуға мүмкіндік беретін әр-түрлі мүмкіншіліктерді қарастыру керек. Осындай мүмкіншіліктерге санаторийлер үшін салық жеңілдіктері, мемлекет тарапынан жүктелудің белгілі бір үлесін кепілді қамтамасыз ету, азаматтар үшін стимулдар жүйесі (туристік сертификаттар жүйесінің шеңберінде санаторийлік демалысқа шығындарды өтеу) жатады.
Ел ішінде туристік пакеттер сататын туристік компаниялар туристік компанияларды тартумен агенттік желілерді дамыту бөлігінде санаторийлердің азғантай белсенділігін атап өтеді. Қазақстандық нарықта Қазақстанның бірқатар қалаларында еткен агенттік желісін құрған бірнеше санаторийлерді ғана атап өтуге болады, бұл санаторийлер өздеріне жыл бойы сатылымдарды және толтырылудың жоғары деңгейін қамтамасыз етті.
Медициналық туризм бойынша Қазақстан Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Германия, Англия, БАӘ, Шығыс Еуропа сияқты елдерге «туристік донор» болып қалып отыр.
Шықпалы медициналық туризмнің жоғары деңгейінің себептері – клиникалардың менеджментінің және сервисінің төмен деңгейі, халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және медицина жүйесіне халықтың төмен ниеттестігі.
Қазақстанда шетелдегі сапамен бірдей сапалы медициналық қызметтер алуға болады, бірақ нарық жүйелендірілмеген, клиникалардың саны шектеулі, олар бей-берекет таныстырылады және МТ-ге маманданған шетел клиникаларының қалыптасқан маркетингтік саясатымен бәсекелесе алмайды.
Сонымен бірге, елімізде медициналық туризм үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды қамтамасыз етуде клиникалардың және туроператорлардың қызметі бірыңғай үйлестірілсе, осы салада біршама алға жылжуға болады. Осындай үйлестіруді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «KazakhTourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асыра алады.
Ол үшін жағымды факторлар да бар, олар: жоғары санатты медициналық мамандар, жоғары технологиялық клиникалар, Қазақстан Республикасының бірқатар жерлерінде емдік факторлар ретінде сипатталатын бірегей табиғи жағдайлар, медициналық туризмде жұмыс жасау дағдысы бар туроператорлар.
Осылайша, кіру медициналық туризмнің дамуы үшін негізгі тежеуші факторлар мыналар: құқықтық негіздің және қалыптастырылған медициналық турөнімнің жоқтығы, оның ішінде талдау үшін басым медициналық қызметтер тізімінің және олардың бәсекелік артықшылықтарын жылжытудың жоқтығы, медициналық ұйымдарда және санаторийлерде клиникалық мүмкіндіктерге сәйкес келетін менеджмент пен сервистің жеткіліксіз деңгейі, пациенттер мен туроператорлар үшін ақпараттық негіздің, сондай-ақ туроператорлар мен клиникалар арасында жедел коммуникацияның жоқтығы, кірме, ішкі және шықпалы медициналық туристтердің жетілмеген және шынайы емес статистикасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан орталықтандырылған үйлестірудің жеткіліксіз деңгейі.
Қазақстанда медициналық туризмді дамыту денсаулық сақтау саласын дамыту үшін қосымша екпін беретін болады, өйткені медициналық туризмнің дамуы медицинаны жылдамдау қарқындармен дамуға итермелейді және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығының жақсаруына ықпал етеді, ішкі туризмнің дамуына, туризмде маусымдылықтың тегістеуге жағдай жасайды, елде туристтердің ұзақтау болуын қамтамасыз етеді, қосымша табыс береді, өйткені медициналық туристтің чегі кәдімгі туристтің чегінен шамамен 1,3 есе жоғары, мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді (медициналық туристпен бірге келгендер мейманханаларда мекен етеді және т.б.). Медициналық туризм санаторийлік-курорттық саланың дамуын қамтамасыз етеді, емдік табиғи факторларды пайдалануды жүйелендіреді, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, инвестициялық тартымдылықты жоғарылатады.
Сипатталған туристік бағыттардың тізімі толық емес. Мемлекеттік бағдарлама туризмнің барлық басқа салаларын қолдауды және дамытуды қамтиды: білім беру, әлеуметтік, гастрономиялық, экологиялық, кемпингтік, автокараванинг, іскерлік, сауда, спорттық, киелі, қажылық/діни, ностальгиялық, жылқы, жаяу т.б.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеті жалпы туризмді дамыту үшін жалпы жағдайларды жасау болып табылады. Сонымен бірге, осы міндетті орындау үшін күштердің шоғырлануы негізгі әсер бере алатын негізгі шараларға бағытталатын болады – жаппай келу және ішкі туризмі бойынша ағындарды қамтамасыз ету.
3.2. Туристік дестинацияларға және нысандарға көліктің қолжетімділігі
Туристік нысандардың және дестинациялардың көліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасында ішкі және кіру туризмін одан әрі дамыту үшін анықтаушы факторлардың бірі болып табылады.
Сонымен бірге, туристтің «клиенттік жолында» турөнім бағасында көлік құраушысы 50% және одан көп құрайды. Осыған орай, турнысандарға қолжетімділікті жеңілдету, жол бойындағы сервисті, әуежайларды, т/ж және автобекеттерді қоса, туристтің сапары барысында жайлылықты қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |