3.2.1. Әуежайлардың инфрақұрылымы және сервисінің сапасын арттыру
Аналитикалық зерттеулер бойынша, Қазақстанның туристік нысандары не бару үшін туристтердің 28 %-ы авиакөлікті пайдаланады. Сонымен бірге кірме турист үшін, әсіресе алыс шетелден келген турист үшін, көліктің бұл түрі негізгі болып табылады.
Осыған байланысты елдің авиациялық инфрақұрылымының жағдайы өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта республикада республикалық және облыстық маңызды 18 әуежай бар, оның ішінде 16 әуежайға халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген.
Бүгінгі күні Қазақстан әуежайларының 15-нің ұшу-қону жолағы (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Тараз, Талдықорған, Орал, Петропавловск, Павлодар, Шымкент, Жезқазған) және 11 жолаушылар терминалы (Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Петропавловск, Павлодар, Жезқазған) реконструкцияланды.
2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қалпына келтіру жоспарлануда.
2017 жылы әуежайлар қызмет көрсеткен жолаушылар саны 14,4 млн. адамға дейін ұлғайды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17%-ға көп (12,2 млн. адам), транзиттік жолаушылар саны 620 мың адамға дейін ұлғайды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 %-ға көп (476 мың адам), қазақстандық тасымалдаушылар әкелген жолаушылардың саны да 7,4 млн. адамға дейін ұлғайды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 23 %-ға көп (6 млн. адам).
Әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы түрде атқарылатын жұмысқа қарамастан, қазіргі уақытқа дейін әуежайлардың терминалдары мен ұшу-қону алаңдары қайта құруға және жаңартуға мұқтаж, ал ұсынылатын қызметтердің сапасы бойынша жолаушылардан шағымдар келіп түседі.
Халықаралық авиатасымалдаулары
Қазақстан Республикасы әлемнің ірі қалаларымен және халықаралық қаржы орталықтарымен авиақатынастарды ашу жұмысын атқарды. Қазақстан 38 шетел мемлекеттерімен ауа қатынасы саласында үкіметаралық келісімдер жасады.
Қазақстанға және Қазақстаннан 98 маршрут бойынша авиатасымалдаулары орындалады: ТМД елдерімен – 56 маршрут, ЕО елдерімен - 12 маршрут, Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен - 15 маршрут, Таяу Шығыс елдерімен - 15 маршрут.
Әлемнің 22 елімен және келесі қалаларымен байланыс қамтамасыз етілген: Франкфурт, Ганновер, Лондон, Париж, Амстердам, Варшава, Будапешт, Стамбул, Киев, Минск, Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Омск, Томск, Тбилиси, Батуми, Баку, Ашхабад, Ташкент, Душанбе, Бішкек, Тегеран, Абу-Даби, Дубаи, Шарджа, Урумчи, Сиань, Пекин, Сеул, Куала-Лумпур, Бангкок.
2019 жылы Токиомен және Сингапурмен қатынастарды ашу жоспарланады, 2020 жылы – Шанхаймен және Нью-Йоркпен.
ТМД, Еуропаның және Оңтүстік Шығыс Азияның ірі қалаларымен тікелей авиақатынастардың болуына қарамастан, авиабилеттердің қымбаттылығына байланысты ауа кемелерінің толық жүктелмеуі байқалады.
Авиатасымалдауларына жоғары тарифтердің болуының себебі ұлттық тасымалдаушыларды қаржылық қолдаудың қандай да бір механизмдерінің және Қазақстанда барлық авиатасымалдауларын мемлекеттік реттеудің жоқтығы болып табылады, соның салдарынан Қазақстанға келгісі келетін туристтер үшін билеттер қолжетімсіз қалып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанға және Қазақстаннан екі жақты тасымалдауларды 28 шетел тасымалдаушысы жүзеге асырады. Елдердің арасындағы ауа қатынасы үкіметаралық келісімдермен, өзара түсіністік туралы екі жақты меморандумдармен, авиация билік өкілдерінің келіссөздер хаттамаларымен анықталған уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылады.
Алайда бұл келісімдермен үшінші ауа бостандығы және төртінші ауа бостандығы бойынша жолаушыларды екі жақты тасымалдауға мүмкіндік беретін тәртіп регламенттелген (А пунктінен В пунктіне дейін және кері).
Келісімдерде немесе меморандумдарда отырғызудың рұқсат етілген пунктері, аптасына жиіліктер саны, отырғызу орындарының саны, пара-парлық негізде әрбір тараптан рұқсат алған авиакомпаниялардың атаулары көрсетіледі. Осылайша, шетел тасымалдаушысы жиіліктер санын ұлғайту немесе жаңа бағыт ашу ниетін білдірсе, онда бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың тармақтарына өзгерістер енгізу керек. Бұл процедура күрделі, уақыт шығындарын және заңды негіздерді талап етеді, нәтижесінде авиакомпанияларды икемділігінен және ұзақ мерзімді жоспарлау мүмкіндігінен айырады.
Авиатасымалдауларының пара-парлығының қағидасы қазақстандық тараптан авиажиіліктерді барабар ұлғайтуды қарастырады. Осы кезде отандық авиакомпаниялар пара-парлық тармақтарын сақтау мүмкіндігін пайдалана алмайды, өйткені ішкі және халықаралық тасымалдауларға деген сұраныстың қарқынды өсуін қанағаттандыру үшін авиакомпаниялардың парктерінде ауа кемелерінің (АК) тапшылығы байқалады.
Осылайша, келесі статистикалық ақпарат айқын мысал бола алады. Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы – 32 АК, сол кезде аумағы және халқының саны бойынша аздау ТМД елдерінің авиатасымалдаушылары АК бірдей дерлік санына ие: Белавиа – 28 АК, МАУ – 45 АК, УзбекистонХавоЙуллари – 27 АК және Түркмен Авиажелілері – 25 АК.
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде және осы уақытқа дейін Астананың үшінші ауа бостандығын және төртінші ауа бостандығын қолдану тәжірибесі тиімді болды (шетел мемлекеттерінің авиатасымалдаушыларына аптасына 7 рейске дейін орындау құқығы берілді). Нәтижесінде 23 жаңа халықаралық маршрут ашылды. Қазақстанға WizzAir, FlyDubai, AirArabia және Победа сияқты low-cost компаниялары тартылды.
Будапешт - Астана маршруты бойынша «Wizzair» авиакомпаниясы ұша бастады, Варшава – Астана маршрутымен «LOT» поляк авиатасымалдаушысы, Хельсинки – Астана маршруты бойынша «Finnair» авиакомпаниясы, Астана – Батуми маршруты бойынша «Georgian Airways» авиакомпаниясы ұшуларын жаңғыртты.
Алайда осы үлгі авиатасымалдаушыларға жолаушыларды тек өз елінен Қазақстанға және кері тасымалдауды орындауға мүмкіндік береді, алайда «Ашық аспан» режимі болып табылмайды.
Қазақстанда 18,2 млн. адамды құрайтын нарық өте шағын және жолаушылар ағыны жеткіліксіз. Соның салдарынан үшінші ауа бостандығы және төртінші ауа бостандығы ұсынылған Ұлыбритания, Франция, Сингапур, Гонконг, Швейцария және т.б. сияқты елдердің авиакомпаниялары экономикалық пайдалылықтың жоқтығына байланысты Қазақстанға жолаушыларды тасымалдау құқығын пайдаланбайды.
Халықаралық ауа кеңістігін реттеудің әлемдік тәжірибесінде транзиттік жолаушылар ағынын ұлғайту үшін авиация билігі бесінші ауа бостандығын қолданумен «Ашық аспанды» пайдаланады, және де кейбір мемлекеттер (мысалы, Тайланд) елде туризмді дамыту, аз пайдаланылатын маршруттарды толтыру, сондай-ақ әуежайлардың инфрақұрылымының бос қуаттарын жүктеу үшін бұл құқықты басқа елдердің тасымалдаушыларына береді.
Ауа кеңістігін реттеудің ең оңтайлы нұсқасы «Ашық аспан» - «Opensky» жүйесі болып табылады. (Мысалы: ЕО бірыңғай ауа кеңістігі, Аустралия – Жаңа Зеландия; Еуропалық ортақ авиациялық кеңістік (ОАК) – ЕО және үшінші елдер арасында екі жақты келісім, ортақ авиациялық кеңістік).
Қазіргі уақытта 119 мемлекет екі жақты және көп жақты форматта ашық ауа кеңістігі саясатын жүзеге асырды. Олардың ішінде 18 ел бір жақты тәртіптегі режимді енгізді. Мысалы, Украинаның Мемлекеттік авиақызметінің мәліметтері бойынша, бүгінгі күні ЕО көптеген елдерімен ауа қатынасы ырықтандырылды, бұл Украинаның ұлттық тасымалдаушысының дамуына және елдің астаналық әуежайында жолаушылар ағынының өсуіне әсер етеді. 2017 жылдың қорытындылары бойынша «Украинаның халықаралық авиажелілері» (бұдан әрі – УХАЖ) авиакомпаниясының жүйелі рейстерінде транзиттік жолаушылардың үлесі 54,1% белгісіне дейін жетті (сол уақытта, AirAstana авиакомпаниясы – бірдей кезең ішінде жалпы жолаушылар ағынынан 12%-ға дейін жетті).
2010 жылы Грузия, 2012 жылы Молдова ОАЕ туралы келісімге қол қойды. Соның салдарынан Грузияда 2010-2017 жылдар аралығында жолаушылардың үш есе өсуі байқалды (0,9 млн. нан 3,1 млн. жолаушыға дейін). Молдовада жолаушылар ағыны 2013-2016 жылдар аралығында 80%-ға өсті (2,2 млн. жолаушыға дейін). Молдованың Азаматтық авиация қызметінің мәліметтері бойынша Лондонға тікелей ұшу билеті 2010 жылдың сәуірінде 210 еуро көлемінде тұрса, 2017 жылдың сәуірінде 45 еуроға дейін төмендеді.
Халықаралық ашықтық көрсеткіші бойынша БЭФ ТОП-5 ең ашық елдер рейтингіне Сингапур, Аустралия, Чили, Колумбия, Жаңа Зеландия енеді. Барлық осы елдер бесінші ауа бостандығы элементтерімен ашық аспан саясатына ие.
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының Үкіметі өз ауа бостандығын ырықтандыру және «Ашық аспан» саясатын ендіру жұмысын қайта бастады, Қырғызстан арқылы халықаралық ұшуларды жасау ниетін білдірген шетел тасымалдаушыларына «ауаның бесінші еркіндігі» құқығын біржақты тәртіпте ұсынуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленді. Сонымен бірге «Эйр Манас», «Эйр Кыргызстан», «Авиатрафик», «Тез Жет» қырғыз авиакомпаниялары ішкі ұшуларға шоғырланады.
Ауа кеңістігін реттеу саясаты елдің туристік әлеуетінің қарқынды дамуына ықпал етпейтіндігін және, салдары ретінде, кірме туристтер ағынының ұлғаюына кедергі келтіретінін атап өткен жөн.
Алайда, қазақстандық тасымалдаушылардың мүдделерін ескерусіз «Ашық аспан» нормаларын біруақытта қолданған жағдайда өз елдерінің үкіметтері қолдау көрсететін шетел авиатасымалдаушыларының қазақстандық авиақызметтер нарығына келуінің тәуекелі туындайды, олар демпингтік шаралардың көмегімен отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттіліктерінің төмендеуіне ықпал ететін болады.
Туристік нарықтың дамуы елдің ауа кеңістігін кезең-кезеңмен қайта реттеу кезінде ғана мүмкін. Осы шараны отандық авиатасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен кешенде қарастыру керек.
Ішкі авиатасымалдаулар
Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді аптасына 600 астам рейспен 55 ішкі маршрут бойынша жеті қазақстандық авиакомпания орындайды, олар: «Эйр Астана», «Скат», «Казах Эйр», «Бек Эйр», «Жетысу авиа», «Жезказган Эйр» және «Южное небо».
2012 жылдан бастап ішкі авиациялық тасымалдаулар нарығында барлық шектеулер алынып тасталды, яғни жүйелі ішкі коммерциялық ауа тасымалдауларын орындауға рұқсаты бар әрбір қазақстандық авиакомпания әрекеттегі сұранысқа сәйкес Қазақстанда кез-келген ішкі маршрутта жүйелі рейстерді орындау құқығына ие.
Сонымен бірге ұшулар географиясы Қазақстанның барлық өңірлерінен Астана және Алматы сияқты ірі қалаларға жасалады. Қазіргі уақытта Қазақстанның қалған өңірлері арасында байланыс жоқтың қасы, бұл ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіреді. Мысалға, Батыс Қазақстанның туристтеріне қысқа уақытта Шығыс Қазақстанға, ал Солтүстік Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстанға авиакөлікпен бару қиын.
Осыған орай, ел өңірлерінің арасында ішкі авиатасымалдауларды дамыту, оның ішінде авиамаршруттарды субсидиялау арқылы, дамыту қажеттілігі туындайды.
Осылайша, 2018 жылы 1,8 млрд. теңге сомасына келесі авиамаршруттар субсидияланды:
Қарағанды – Қызылорда - Қарағанды
Өскемен – Қарағанды - Өскемен
Петропавловск – Шымкент - Петропавловск
Алматы-Балқаш-Алматы
Астана-Ұржар - Астана
Астана-Үшарал - Астана
Көкшетау-Ақтау - Көкшетау
Алматы – Көкшетау - Алматы
Астана-Петропавловск - Астана
Алматы – Петропавловск - Алматы
Алматы - Ұржар - Алматы
Алматы – Үшарал – Алматы
Астана - Талдықорған – Астана
Астана - Балқаш - Астана
Өскемен – Семей – Ұржар – Семей – Өскемен
Өскемен – Зайсан – Өскемен
Талдықорған – Үшарал – Талдықорған.
Өңірлік авиация
Өңірлік авиацияны дамыту маңызды. Ауқымды аумаққа, сондай-ақ жергілікті маңызға, оның ішінде облысаралық маңызға ие автомобиль жолдарының дамымағандығына ие бола отырып, туристік дестинациялардың республиканың ірі қалаларымен тұрақты байланысын қамтамасыз ете алмайды, қазіргі уақытта қажетті туристік қолжетімділік жоқ және соның салдарынан қазақстандық демалыс аймақтарының тартымдылығы да төмен. Осы мәселені шешу үшін ірі туристік дестинациялар мен ірі қалалардың, облыс орталықтарының арасында жүйелі және (немесе) маусымдық авиажолдарды дамыту керек.
Мысалға, Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылуда. Жергілікті аэродром барлық қажетті аэронавигациялық жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету үшін 200 шаршы метр аумақты құрайтын ғимарат салынады.
Курорттық аймақтағы аэродромды 2018 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланған. Тиісті сертификаттаудан кейін келесі туристік маусым алдында Астана-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу көзделініп отыр. Сонымен қатар, Алматы-Баянауыл бағытын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану жоспарланып отыр.
Осыған орай облыс орталықтары мен туризм орталықтары арасында жүйелі авиақатынас желісін қалыптастырумен өңірлік авиация секторын қалпына келтірген жөн.
Сонымен бірге қазіргі уақытта шағын авиация паркі үлкен емес, соның салдарынан өңірлік авиажелілердің тапшылығы байқалады. Ауа кемелерінің өңірлік паркін жаңарту мәселесі бар.
Өңірлік авиация флотын жасақтау үшін келесі негізгі сипаттамалармен біртипті ауа кемелері флотын сатып алған жөн:
Сыйымдылығы 20 жолаушыға дейін
Екі қозғалтқышпен жабдықталу
Топырақты немесе қар жауған аэродромдардан жұмыс жасау мүмкіндігі
Максималды қашықтық кем дегенде 1000 км
Ауа кемелерінің жалпы саны – 5 жыл ішінде кем дегенде 20, кейін санын көбейту керек.
Қымбат емес топырақты аэродромдардан осындай ұшақтарды қолдану жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, жолдағы уақытты бір күннің орнына 1-1,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді,.
Авиаотынмен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның бәсекелік саласының және халықаралық авиациялық хабтың қалыптасуының анықтаушы факторларының бірі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесі болып табылады, ол мемлекеттің жан жақты бақылауынсыз тежеуші факторға айналады. Соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасының авиатасымалдаушылары азаматтық авиация саласында тапшылық мәселесін шешу мақсатымен авиаотынның отандық өндірушілеріне берілген авиаотынға еркін баға түзу жағдайларында жұмыс жасауға мәжбүр (2011 жылдан бастап авиаотынның құнын реттеу алынып тасталды). Авиаотынмен қамтамасыз етуде мемлекет авиаотынды өндірудің жылсайыңғы жоспарларын ғана ұсынады, олар тек ұсыныс сипатына ие. Сәйкесінше, жыл сайын мәлімделетін 20 ресурсұстаушылар тізімінен Қазақстанда көптеген жылдар бойынша тек бір компания - «PETROSUN» ЖШС авиаотынды өндіреді, ал авиаотынды өндірумен үш мұнай-өңдеу зауыттарының ішінен тек Шымкент МӨЗ ғана айналысады. Одан басқа, 2018 жылдан бастап отандық өндіруші авиаотынды азаматтық авиация субъектілеріне дербес үлестіру және сату құқығына бөленді. 2008 жылдан бастап авиаотынның отандық ресурсұстаушыларын/өндірушін бекіту графигі жыл сайын бекітілді, ол 2018 жылдан бастап күшін жойды.
Отандық өндірушілер үшін жасалған еркін жағдайларда авиаотынды өндіру монополияландырылды (жасырын түрде), соның салдарынан авиаотынның тапшылығы одан сайын еселенуде, бағалар өсіп жатыр.
Авиакеросинге деген жоғары бағалар жолаушылар үшін авиабилеттердің құнына және туристтердің авиакөлікті пайдалану қолжетімділігіне әсер етеді. 2017 жылы ҚР нарығында авиациялық отынның тапшылығы шиеленіскен кезде зауытта отандық авиаотынның бағасы жарты жыл ішінде 18%-ға ұлғайды, сол уақытта әлем нарығында баға 17 %-ға азайды.
Мысалға, Мәскеуден Астанаға дейін ұшып бару үшін авиабилеттің құны бір отбасыға (2 ересек, 2 бала) кем дегенде 500 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге, Мәскеуден Бакуге, Тбилисиге немесе Ташкентке дейін ұшып барудың бағасы айтарлықтай аз (сәйкесінше 250, 300 және 450 мың тг.).
Авиабилеттердің баға қолжетімділігі бойынша Қазақстан қазіргі уақытта тек Батыс елдерге ғана емес, Ресейге де орын береді. Қазақстандағы орташа еңбекақыға сатып алуға болатын жолаушы-километр саны Ресейдің ұқсас көрсеткішінен 2 есе дерлік төмен және батыс елдердің көрсеткіштерінен 8 есе төмен.
Қазақстандық авиатасымалдаушылары отандық авиаотынға бағалардың өсуімен және қымбат импортқа өсіп келе жатқан тәуелділікпен беттеседі (60%-ға дейін – жылына 300 000 тоннаны құрайтын жалпы мұқтаждықтан «Эйр Астана» АҚ 180 000 тоннаны импорттайды).
2018 жылы өсу қарқыны сақталады және сәуір айында отандық өндірушіден авиаотынның құны 37%-ға қымбаттап (бір тонна үшін 58 000 теңгеге), 213 000 теңгені құрады, осылайша авиаотынның құны Еуропадаға бағалар деңгейіне және мұнай өңдеумен айналыспайтын өңірлерге дейін жетті. Осыған қарамастан, 2018 жылы Шымкент МӨЗ-да жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін отандық өндірушілер авиаотынның құнының кезекті жоғарылауын күтуде.
2018 жылдың тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық әуежайларда авиакеросиннің құны шамамен 850-900 АҚШ долл. құрайды. Салыстыратын болсақ: Франкфурт әуежайында авиакеросин 641 АҚШ долл. тұрады, Хитроу қаласында - 652 АҚШ долл., Стамбулда - 652 АҚШ долл..
Әлемде көп жылдар бойы орын алып жатқан саяси және энергетикалық тұрақсыздық жағдайларында ТМД басқа елдерінде және ҚХР-да азаматтық авиацияны авиаотынмен қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты бақылауында.
Мысалы, Ресейде авиаотынның басым бөлігін өндіретін «Газпром нефть» БАҚ-ның «Аэрофлот» ұлттық авиатасымалдаушысына және басқа авиакомпанияларға бекітілуі мемлекеттің бақылауында. Қытайда «Қытай ұлттық авиаотын компаниясы» (CNAF) авиаотынды бірыңғай мемлекеттік өндірушісі ұлттық авиатасымалдаушыларға (AirChina, ChinaSouthern және т.б.) және қалған авиакомпанияларға бекітілген, Әзірбайжанда, Түркменстанда, Өзбекстанда, Беларусьте ұлттық мұнай компаниялары ұлттық авиатасымалдаушыларға бекітілген (Белорусс мұнай компаниясы «Belavia» компаниясына, «УЗНЕФТЕПРОДУКТ» АҚ-ы UzbekistanHavaYollari компаниясына және т.б.).
3.2.2. Автомобиль жолдарының, жол бойындағы сервистің және мемлекеттік шекарада өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 96,3 мың км, оның ішінде, республикалық желі – 23,9 мың км, облыстық және аудандық желі – 72,4 мың км.
Экономиканың және халықтың сапалы және қауіпсіз автомобиль жолдарына мұқтаждықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсаттарында, автожол саласында бірқатар бағдарламалар қабылданды, олар: Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (2001 год), Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (2005 жыл), Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама (2010 жыл), Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (2014 жыл), сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2015 жыл).
Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру алты негізгі халықаралық транзиттік дәлізді қоса, республикалық маңызы бар шамамен 11,5 мың км автомобиль жолдарын және жергілікті маңызы бар 20 мың км салуға және қайта салуға мүмкіндік берді.
Автожол саласын дамытуға 2 трлн. 567,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға және жөндеуге 800 млрд. теңгеден астам бюджеттік инвестициялар салынды.
Ұзақтығы 8 мың км асатын республикалық маңызы бар Алматы-Астана, Астана-Қостанай-Челябинск, Самара-Шымкент, Атырау-Орал, Ақтөбе-Қарабутақ-Қостанай обл. шек., Алматы-Бішкек, Атырау-Ақтау, РФ шек.-Павлодар-Майқапшағай, Таскескен-Бахты, Чунджа-Көлжат, Астана-Щучинск, Щучинск-Көкшетау автомобиль жолдарының учаскелері қайта салынды.
Жалпы ұзындығы 216 км құрайтын Қызыләскер-Кировский, Риддер-РФ шек., Астана қ. Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік айналма жолдары, Щучинск-Бурабай курорттық аймағына кірер жол, Алатау ИТП ЕЭА кірер жол, Қостанай қ. айналма жолы, Көкшетеу қ. айналма жолы автомобиль жолдары салынды.
Орал қ. маңында Орал ө., Сырдария ө., Қиғаш ө., Павлодар қ. Ертіс ө. арқылы өтетін көпірлер салынды.
2013 жылы Астана-Щучинск учаскесінде автомобиль жолдарымен жүру үшін төлем алу жүйесі алғаш рет ендірілді.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 84%-ы және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 65%-ы жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде. Орындалған жұмыстардың арқасында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 40 %-дан аса жақсартылды.
Қолданыстағы «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде келесі жобалар бойынша республиканың он екі облысында 1,7 мың км қайта салынды: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Алматы - Өскемен, Астана – Петропавл, Ақтөбе – Атырау және Орал – Каменка.
Астана – Қарағанды, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Орталық – Батыс, Қапшағай – Талдықорған, Петропавл – РФ шекарасы және Орал – Каменка сияқты 7 ауыспалы жобада жұмыс жалғасты.
2018 жылдан бастап мынадай жаңа жобаларды іске асыру басталды: Бейнеу – Ақжігіт, Щучинск – Зеренді, Осинов асуы, Таскескен – Бақты, Қандығаш – Мақат , Күрті – Бурылбайтал, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Жетібай – Жаңаөзен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық. Жылдың соңына дейін, Ақтөбе – Қандығаш, Атырау – Астрахань, Қостанай – Денисовка, Ұзынағаш – Отар, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы жобаларын іске асыруға кірісу жоспарлануда.
Республикалық және жергілікті жолды салу жоспарлы және жүйелі түрде жүргізілсе, Туристтендіру картасының нысандары не «соңғы миля» деп аталатын көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету автомобиль көлігімен жүретін туристтер үшін әлі де қиынға соғатынын атап өткен жөн.
Жол бойындағы сервис
Автомобиль көлігімен жүретін туристтер үшін жол бойындағы сервистің инфрақұрылымының сапасы маңызды, және де бірінші кезекті мұқтаждықтардың бірі таза дәретханалар мен қауіпсіз тамақтану болып табылады. 2017 жылы өткізілген инвентаризацияның қорытындысы бойынша қызмет көрсететін нысандардың саны 1 859, олардың 33%-ы (618) Ұлттық стандартқа сай келеді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ уәкілетті органмен және ЖАО бірлесіп, қолданыстағы 113 нысанды жаңартты және 22 нысанды жаңадан салды, Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар саны 135-ке жетті. Сонымен қатар, «KazWаy» модульдік сервисінің 6 павильоны орнатылды.
2018 жылы 200 нысанды жаңалап, 36 нысанды салу жоспарланып отыр. 2018 жылдың соңында Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар санын 818-ге дейін немесе жол сервисі нысандары нің жалпы санынан 44%-ға жеткізу жоспарлануда.
Мемлекеттік шекарада өткізу бекеттері
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 52 автомобиль, 27 теміжол, 1 өзен және 3 теңіз өткізу бекеттері, Ресей Федерациясымен шекарада 105 оңайлатылған өткізу бекеттері, ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүкті өткізу жүзеге асырылатын 22 басқа орын ашылған.
Қолданыстағы өткізу бекеттерінің ішінде 35 бекет халықаралық тасымалдаулар үшін, 17 екіжақты автотасымалдаулар үшін ашық. 30 өткізу бекеті қазақстандық-ресейлік шекарада әрекет етеді, 7 – қазақстандық-қырғыз шекарасында, 8 - қазақстандық-өзбек шекарасында, 1 - қазақстандық-түркмен шекарасында. Сонымен бірге келушілердің (туристтердің) шамамен 85%-ы Қазақстанға автомобиль көлігімен келеді.
Туристтер Мемлекетік шекарадан автокөлік көлігімен өткен кезде проблемалы мәселелердің бірі автокөлік өткізу бекеттерінің дамымағандығы болып табылады, олар: өткізу бекеттерінің аумағын кеңейту үшін жеткілікті жер қорының жоқтығы, шекара және кедендік бақылаудың техникалық құралдарының жетілмегендігі, туристік жолаушылар көлігін бақылау үшін жеке жолақтардың жоқтығы, жолаушылар терминалдарының жеткіліксіз дамуы, өткізу бекеттеріндегі кірме жолдардың және инфрақұрылымның дамымағандығы.
Өткізу бекеттерінің әлсіз дамуының себептеріне мыналарды жатқызуға болады: қазіргі уақытта өткізу бекеттері жол және көлік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылмайды, өткізу бекеттерін дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясат және уәкілетті орган құрылымында өткізу бекеттерін дамыту бойынша жеке құрылымдық бөлімше жоқ, өткізу бекеттерінің әр-түрлі мекемелерінің балансында болуы (ИДМ, ҚМ МКК, ҰҚК ШҚ), сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасында әрекет ететін өткізу пунктерін жаңарту және қайта салу бойынша нақты стратегияның және іс-шаралар жоспарының жоқтығы.
Туристік жолаушылар көлігін басым бақылаудың жоқтығы да жағдайды қиындатады, соның салдарынан туристік автобустар Мемлекеттік шекарада орташа есеппен 2 ден 10 сағатқа дейін күтуге мәжбүр. Сонымен бірге, халықаралық автомобиль тасымалдаулары туралы қолданыстағы екі жақты үкімет аралық келісімдер туристік жолаушылар көлігі ұғымын қамтымайды, сондай-ақ туристік жолаушылар көлігін бірінші кезекте бақылау туралы нормалар жоқ.
3.2.3. Автомобиль көлігінің және тасымалдаулардың инфрақұрылымы
Теңізға шығар жолы жоқ ел ретінде Қазақстан үшін Еуропа және Азия елдері арасында тасымалдауларды және сыртқы сауданы жүргізу үшін халықтың мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде автомобиль көлігі өте маңызды рөл атқарады.
Республикада 32 автовокзал және 102 автобекеті жұмыс жасайды, олар жергілікті атқарушы органдардың тізіліміне енгізілген. Олардың ішінде 104 (шамамен 78 %) бекітілген стандарттарға сәйкес келеді.
79 % елді мекен, яғни 100 мыңнан астам тұрғыны бар 5 186 елді мекен жүйелі автобус қатынасымен қамтамасыз етілген.
Жолаушыларды тасымалдау 19 871 мың автобус автокөлік құралдары паркімен 2 430 жүйелі автобус маршруттарында 848 тасымалдаушылармен жүзеге асырылады, олардың ішінде облыс аралық тасымалдауларды 1250 автокөлік құралдары паркімен 254 маршрут бойынша 83 тасымалдаушы, халықаралық тасымалдауларды 368 автокөлік құралдары паркімен 134 маршрут бойынша 72 тасымалдаушы жүзеге асырады.
2017 жылы 19 871 автобустан жүйелі жолаушылар маршруттарында 11 572 бірлік (65 %) 7 жылдан астам пайдаланылады. 5-7 жыл ішінде парктің тозуы 90 % және одан жоғары болады деп күтілуде.
Әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша кейбір автотасымалдаулардың шығындылығына байланысты, ЖАО жыл сайын тасымалдауларды субсидиялауды жүргізеді. Осылайша, 2017 жылы әлеуметтік маңызды қала (ауыл), қала маңындағы, аудан ішіндегі, аудан аралық жүйелі жолаушылар тасымалдауларына ЖАО төлеген субсидиялардың сомасы 6 млрд. 254 млн. теңгені құрады.
Туризмде және саяхаттарда құндылықтарды талдай отырып, кірме, сондай-ақ ішкі туристтердің негізгі шығындары көлік шығындарына келетіндігі анықталды. Және де ішкі туризмде туристтердің негізгі шығындары автокөліктің үлесіне тиесілі. Сонымен бірге туристік автобустардың жаппай жетіспеушілігі және олардың тозуы байқалады.
Жолаушылар автокөлігінің тозғандығын назарға ала отырып, «БРК-Лизинг» АҚ-мен бірге 2018 жылы 10 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджеттен және инвестициялық қаражат есебінен тең қаржыландыруды бөлу арқылы жеңілдікпен несиелеу механизмі әзірленді.
Жеңілдікпен лизингтік қаржыландыру автобустармен жолаушылар тасымалдауларын ұйымдастырумен және/немесе ұсынумен айналысатын кәсіпорын - лизинг алушы үшін 15 %-ға дейінгі алғашқы салыммен жылдық 7 % мөлшерлемемен 7 жыл мерзіміне дейін ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру операторы ретінде БРК-Лизинг» АҚ арқылы беріледі.
3.2.4. Теміржол көлігінің және тасымалдауларының инфрақұрылымы
Теміржол көлігі ішкі туристтер үшін көліктің ең қолжетімді түрі болып табылады.
Статистика
Тасымалдаушылар көлігінің басқа түрлерімен салыстырғанда теміржол көлігінің бірқатар басымдылығы бар, олардың маңыздылары мыналар болып табылады:
1) жыл мезгіліне, тәулікке және ауа райына қарамастан тасымалдаулардың жүйелі болуы;
2) басқа көлік түрлерімен тасымалдау құнымен салыстырғанда құнының төмен болуы.
Қазақстанның темір жолдарының пайдаланушылық ұзындығы 14,9 мың км. құрайды. Өңірлердің арасында ішкі коммуникацияларды қамтамасыз ету, халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру және Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін 2 500 км жаңа темір жолдар салынды, оның ішінде:
Ақсу – Дегелен, темір жол Павлодарды Семеймен қосты (187 км);
Хромтау-Алтынсарино, темір жол Қостанай және Ақтөбе облыстарын қосты (404 км);
Шар–Өскемен, темір жол шығыс өңірдің бірыңғай теміржол инфрақұрылымын қалыптастырды (150 км);
Өзен – ҚР-ның Түркменстанмен мемлекеттік шекарасы, Қазақстанның батысынан Түркменстан және Иран арқылы Парсы шығанағымен тікелей маршрутын қамтамасыз етеді (146 км).
Жетіген – Қорғас, темір жол ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған, Қытайдан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне және Орталық Азия елдеріне дейінгі қашықтықты 550 км-ге қысқартуға мүмкіндік берді (293 км);
Арқалық – Шұбаркөл, темір жол орталық Қазқастаннан солтүстік өңірлерге дейінгі қашықтықты 540 км-ге қысқартуға мүмкіндік берді (214 км);
Жезқазған – Бейнеу, темір жол Қытайдан Еуропаға дейінгі қашықтықты 1 200 км-ге қысқартуға мүмкіндік берді (1036 км);
Боржақты – Ерсай, темір жол Құрық перспективалы портын теміржол магистралімен қосты (14 км);
Шу – Алматы учаскесіндегі екінші жол, ол өзіне 112 км екінші жолдарын енгізеді.
Қазіргі уақытта теміржол вокзалдарының жалпы саны 332 нысанды енгізеді, олардың ішінде 251 – вокзал ғимараты және 81 – жолаушылар платформасы.
Жолаушылар тасымалдаулары бойынша маршруттардың жалпы саны 73-ті құрайды, олардың ішінде субсидияланатын – 57 маршрут, коммерциялық – 16 маршрут.
Сонымен бірге бүгінгі күні келесі мәселелер бар:
- туристік бағыттар бойынша маршруттардың жетіспеушілігі;
- т/ж вокзалдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы;
- жылжымалы құрамның тапшылығы.
3.3. Туристік өнімдердің және қызметтердің сапасы және қолжетімділігі
Туристік ұсыныстың сапасы және қолжетімділігі саланың кадрлық қамтамасыз етілуіне, орналасу орындарында, тамақтану, ойын-сауық орындарында сервис деңгейіне, келу орындарында және көлікте сервистік қызмет көрсетуге, мемлекеттік қызметтерге, онлайн брондауға және туристік өнімдерді төлеуге және т.б. тәуелді болады.
3.3.1. Туризм индустриясында адам ресурстарын дамыту
Жоғары туристік ұсыныстың негізгі факторларының бірі туризм саласын жоғары білікті кадрлық персоналмен қамтамасыз ету болып табылады.
Туризмді өнеркәсіптік тауарлардан ерекшелендіретін маңызды ерекшелігі адамдардың өндірістік процеске белсенді қатысуы болып табылады. Осылайша, адами фактор туризм саласының біртекті еместігіне және сапасына қатты әсер етеді. Туризм индустриясында персонал ұйымның бәсекелік артықшылықтарының негізгі ресурстарының бірі болып табылады, демек, туристік ұйымдарда қызмет көрсету сапасы қызметшілердің біліміне, шеберлігіне және саналығына тәуелді.
Туристік салада мамандар тапшылығының, сондай-ақ оларды даярлау сапасының мәселесі ҚР-да туристік саланың тұрақты және тиімді дамуын тежейтін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм саласында білікті персоналдың жалпы жетіспеушілігі туристік қызметтер көрсету кезінде айқын.
Қазақстан туризм саласында білікті кадрлардың қолжетімділігі бойынша 136 елдің ішінде 71-ші орында тұр. Қазіргі уақытта Қазақстанда туризм индустриясы үшін кадрларды даярлау 61 жоо-да жүзеге асырылады, жыл сайын 3500 маман шығарылады.
Қазақстанда туристік бағдарлануға ие көптеген білім беру бағдарламаларының болғандығына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін тәжірибеге бағытталған білім беруде жүйелі келіске, туристік саланың кәсіпқойларының жеке санаттарын, мысалы, экскурсия жетекшілерін, гидтерді, ойын-сауық бағдарламаларының аниматорларын кәсіби даярлауға, туристік қызметтердің заманауи нарығының мұқтаждықтарын ескерумен кәсіби талаптарды анықтауда мұқтаждық байқалады.
Әрекеттегі оқу мекемелерінде халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген оқу жоспарлары жоқ, пайдаланылатын техникалық материалдардың сапасы нашар, туризм және/немесе қонақүй бизнесі саласында халықаралық тәжірибесі және білімі бар оқытушылар және профессорлар жеткіліксіз. Қолданыстағы академиялық бағдарламалар тәжірибелік жұмысқа бағдарланбағандықтан, туризм секторының нақты мұқтаждықтарын қанағаттандырмайды. Соның салдарынан бейінді жоғары оқу мекемелерінің кадрлары сұранысқа ие болмайды.
Қазақстандық білім беру жүйесімен салыстырғанда еуропалық білім өндірістік тәжірибелерді қарастырады, өндірістік тәжірибелер оқу уақытының 50% нан 70% дейінгі көлемін алады. АҚШ-та кадрларды даярлау тәжірибесі елеулі, онда білім беру мекемелерінің негізінде бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы туризм индустриясының кәсіпорындарымен қосылған мамандандырылған бөлімдер (кадрлық агенттіктер) жасақталған, олар еңбек нарығының мұқтаждықтарын жүйелі түрде бақылаумен, жас мамандарды жұмысқа орналастырумен және бейінді мамандықтар бойынша талапкерлерді жинау санын реттеумен айналысады.
Францияның тәжірибесі де қызықтырарлық, онда кәсіби даярлау жүйесі екі басты мақсаттарға ие: біліктілікті алуда көмек көрсету және саланы дамыту мәселелерін шешу. Осындай жүйе сапаға шоғырлануға көмектеседі. Кәсіби даярлаудың бұл жүйесі 2 ұйымдық процеске бөлінген: кәсіптендірудің қысқа мерзімді курстары және ұзақ мерзімді кәсіби тренинг.
Қазақстанның туристік индустриясын дамытуда мемлекеттік саясаттың бірінші кезектілігін назарға ала отырып, мамандарды даярлау нарық конъюктурасымен талап етілген мамандықтарға бағытталуы тиіс.
Өзара байланысқан салалардағы кадрларды (қонақжайлылық саласында орта буын персоналын) және ішкі және кіру туризмінің тар шеңберде мамандандырылған мамандарды (өлкетанушыларды, экскурсия жетекшілерін, нұсқаушыларды, жолсеріктерді) даярлауға ерекше көңіл бөлу керек.
Әр-түрлі шетел тілдерін білетін білікті гидтердің және экскурсия жетекшілерінің жетіспеушілігіне ерекше көңіл бөлу керек.
Гидтердің және экскурсия жетекшілері-аудармашылардың ресми тізілімінде 96 персона тіркелген, олардың көбі Алматы қаласына (67 адам), Ақмола облысына (14 адам), Тараз қаласына (7 адам), Ақтөбе қаласында (3 адам), Қарағанды қаласына (2 адам), Павлодар қаласына (1 адам) және Орал қаласына (1) келеді. Туристтер қызығатын жерлердің көбі шоғырланған өңірлерде гидтер мен экскурсия жетекшілерінің жоқтығы Астана және Алматы қалаларынан гидтерді әкелу қажеттілігінің салдарынан туристік пакеттің өзіндік құнын ұлғайтады.
Одан басқа, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан туроператорлар арқылы келген шетел топтарына қызмет көрсету үшін көршілес елдерден гидтерді тарту фактілері бар, бұл Қазақстан Республикасы заңын бұзу болып саналады.
3.3.2. Туристік ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі
Стандарт туристік қызметтер нарығын реттеудің тиімді құралдарының бірі болып табылады, жосықсыз дайындаушыларға да, туристтер қызметтердің сатушыларына, және тұтынушыларына да әсер етуге мүмкіндік береді. Стандарт кез-келген өнімнің немесе қызметтің сенімділіктің, қауіпсіздіктің, сапаның және т.б. формалданған критерийлері бойынша белгіленуіне сәйкес келуіне ықпал ететін минималды қажетті талаптарды орнату үшін арналған.
Қонақүй шаруашылығы саласына әлем стандарттарын ендіру қарқыны Қазақстан үшін тұрақты сипатқа айналып келеді. Әлемдік тәжірибені, туристік ағындармен өзара әрекеттесуінде ел кәсіпорындарының өзгеше ерекшеліктерін және жағдайын зерттеу қазақстандық тәжірибеде стандарттардың бағытын және оларды ендіру жолдарын нақты елестетуге, сондай-ақ елдің қонақүй шаруашылығын қонақүй қызметтері нарығының қалыптасуының әлемдік қарқындарымен теңестіру үшін параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қонақүй бизнесі Қазақстанның азаматтарын және шетел қонақтарын тұрғын үймен, тамақтанумен, сондай-ақ әр-түрлі қосымша қызметтермен қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындайтын қызметтер саласының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, халықтың өмір деңгейін жақсарту, отандық нарыққа ірі халықаралық қонақүй тізбектерінің келуі қонақүй қызметтерінің қарқынды дамуын және сапасын әлемдік стандарттарға дейін арттыру қажеттілігін негіздеді.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатымен қонақүй кәсіпорны қызмет көрсетудің сәйкесінше сапасын қамтамасыз етуі тиіс, бұл сәйкестік сертификатымен расталады. Ол үшін Қонақүйлердің қызметтерін сертификаттау процедурасы әрекет етеді, бұл процедура ерікті немесе міндетті болуы мүмкін.
Қазақстанда қонақүй қызметтері секторының ағымдағы жағдайы
Бүгінгі күні мекен ету қызметтерін ұсыну компания немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі мүмкін (кәсіпорынның көлеміне байланысты). Олар Қаржы министрлігіне жыл сайын есеп жіберуге міндетті (салық).
Туристік қызмет туралы заңнамада (2001 жылғы 13 маусымдағы) туристтерді орналастырудың келесі орындары келтіріледі: қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік орталықтар, қонақ үйлері, саяжай кенттері/демалыс үйлері, сондай-ақ туристтердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар.
2001 жылғы 13 маусымдағы Туристік қызмет туралы заңның 15.1-бабында келесі сыныптау критерийлері келтіріледі:
Туристтерді орналастыру орындары туристтер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
Сыныптама жүргізу кезінде туристтерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристтерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
Алайда «Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 Қаулысының қабылдануына байланысты берілген сыныптама міндетті болып табылмайды. Сыныпталу Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредитациядан өткен субъектілермен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта туристтер мекен ететін әрбір орналастыру орны өзін-өзі қалауынша тіркеуге және жұлдыз санаты туралы ақпаратты өз қалауынша ұсынуға құқылы.
Туристтер мекен ететін әрбір нысан тізілімге енгізілуі тиіс, алайда оны сертификаттау және сыныптау міндетті болып табылмайды.
Демек, туристтер мекен ететін нысандардың басшылығы ұсынылатын жайдың жайлылық деңгейін өз қалауынша анықтай алады, және келушілерге бұл тұрғын жайлар сертификаттаудан өткені жөнінде кепілдік берілмейді.
Осылайша, Қазақстанда қонақүйдің санатын анықтау жүйесі жоқ, мәлімделген жүйе халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді (халықаралық брендтерді санамағанда).
Бұл жағдай жақсартуды талап етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда санаттарды анықтау қағидалары бар, бірақ оларды, негізінен, қонақүйлер орындамайды. Одан басқа, қонақүйлерді жіктеу жүйесі жоқ. Яғни, қонақүй қандай да бір шынайы дәлелдер ұсынбай, өзін 5 жұлдызды қонақүй ретінде мәлімдей алады. Сәйкесінше, келуші шетелдіктер қонақүйде мекен ету жағдайларының деңгейіне қатысты сенімді ақпаратқа ие болмайды. Кезекті бағалаулар жүйесі болмаған кезде қонақүйлер нарығы халықаралық қауымдастықтың сеніміне ие бола алмайды.
Халықаралық тәжірибе
Көптеген елдерде қонақүйді алдын-ала сыныптау қонақүй қызметіне лицензия алған кезде міндетті шарт болып табылады. Қонақүйлердің қызметі көрсетілетін қызметтерді қауіпсіздікке сәйкес келу сертификатының негізінде жүзеге асыруды қарастырады.
Қазіргі уақытта туризм саласына клиенттердің келуін қамтамасыз ететін басты бәсекелік артықшылықтардың бірі ұсынылатын қызметтердің сапасы болып табылады. Көптеген еуропа елдері ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге мемлекет деңгейінде көп көңіл бөледі.
Туризмде сапа стандарттарын арттыру бойынша жасалған халықаралық талдаудың негізінде туристік қызметтердің сапа жүйесін қалыптастыруда Испанияның тәжірибесін бөліп көрсетуге болады, қазіргі уақытта әлемде туризмді дамыту деңгейі бойынша, сондай-ақ ел экономикасына түсетін пайда мөлшері бойынша Испания әлемде жетекші орындардың бірін алады. Испандық тәжірибе туристік қызметтердің сапасының бірыңғай жүйесін ендірудің және дамытудың бастамашысы мемлекеттің белсенді қолдауымен кәсіби қауымдастық болғандығымен Қазақстан үшін қызықты.
1995 жылы Испанияда туристік нарықтың мейманхана секторында пилоттық жоба іске қосылды, ол Мейманханалар мен апартаменттердің сапа жүйесіне жылдам ауысты. Осыншама сәтті жобаны тек жеке сектор ғана емес, Испанияның туризм басқармасы да қолдана бастады.
Бүгінгі күні Испанияның туризм саласы біртектілігімен ерекшеленеді, салалардың әрбіреуі өз институттарымен меншікті сапа жүйесіне ие, бұл SCTE (Испанияда туризмнің сапа жүйесі) қалыптастырылған үлгісінің салалық сипатын анықтады. Нәтижесінде туристік саланың сапасын қамтамасыз ету саласында шоғырлану екі бағыт бойынша орындалды: 1) институционалды, туризмде сапа мәселелері бойынша бірыңғай басқарушы органы – Испанияда туризм сапасының институтын (ІСТЕ) құруға әкелді; 2) жүйелі, салалық сапа нормаларының үйлестірілуінде көрінісін тапты. Осылайша, Туризм секретариаты ІСТЕ-мен бірлесіп, SCTE үлгісін жүзеге асыру үшін туристік сала кәсіпорындарын технологиялық қолдау жүйесін құрды.
SCTE жүйесі бәсекелік артықшылықтарды сақтау немесе ие болу үшін туристік саланың барлық қатысушыларына әдістемелік және технологиялық қолдау көрсетуге бағдарланған.
Жалпы түрінде SСTE жүйесі мыналарды енгізеді: − өнімдерінің және қызметтерінің сапасын жақсартуда туристік нарықтың барлық ойыншылары және мүдделі тұлғалар (кәсіпорындар) үшін бірыңғай әдістемелік негіз құруды; − Испанияда Туризмнің сапа белгісін жылжытуда институционалды қолдау көрсетуді (LaMarca Q). Бұл жүйе 2 негізгі мақсатқа ие: 1) Испанияның туристік саласының кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін және нарықтың жаңа сын-тегеуріндеріне қарсы төтеп беруге мүмкіндік беретіндей бәсекелік артықшылық беретін шараларды ендіру әдістемесін ұсыну; 2) ұсынылатын туристік қызметтердің жоғары сапасына екпін жасаумен халықаралық нарықта Испанияны жылжыту.
Одан басқа, сапа, бәсекелестік, пайдалылық және тұрақты даму қағидалары жүйенің негізін құрады. SCTE жобасын жүзеге асыру Испанияның туристік саласының әр-түрлі қатысушылары арасында жариясыз уағдаластықтарға қол жеткізуді білдірді. Осы мәнмәтінде Туризм бойынша мемлекеттік секретариат жеке, сондай-ақ мемлекеттік қатысушылар арасында ынтымақтастық жасаудың адекватты механизмдерін құрды.
Жоба шеңберінде әзірленген Сапа белгісі қазіргі уақытта осы елдің туристік саласында жұмыс жасайтын 2,5 мыңнан астам кәсіпорындарымен пайдаланылады. Осы жүйенің негізгі артықшылығы оған мемлекет тарапынан толығымен қолдау көрсетілетіндігінен тұрады, одан басқа, бұл белгіні жылжытумен мемлекет айналысады, осы белгіге ие болған кәсіпорындарда көрсетілетін қызметтер жоғары сапаға ие болады.
Шынында, Испанияның туристік қызметтерінің сапасының осы жүйесінің негізіне сертификаттау процесі салынған, оны Қазақстанда халықаралық деңгейге дейін жаңарту керек. Қазақстанда қонақүй қызметтерінің дамушы нарығы жағдайларында Испанияның алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибесін пайдалану және оны отандық жағдайларға бейімдеу осы нарықтың тұрақты дамуының бағыттарының бірі болып табылады.
Осылайша, қонақүй қызметтерінің нарығындағы ағымдағы жағдайды ескеріп, қызметтердің сапасын қамтамасыз етуде испандық үлгіні талдай отырып, Туристтендіру картасының ТОП-10 басым дестинацияларына одан әрі масштабтауды ескерумен, Алматы өңірінің туристік кластерінің негізінде пилоттық режимде Испан жүйесінің үлгісінде туристік қызметтердің сапасын ерікті бағалауды ендіруге кірісу керек.
3.3.3. Туроператорлардың және басқа туристік ұйымдардың қызметтерінің сандық қолжетімділігінің деңгейі
Туризм – ақпаратқа қаныққан қызмет. Ақпаратты жинау, өңдеу, қолдану және беру туристтік индустрияда сияқты маңызды болатындай салалар көп емес.
Технологиялық прогресс туризм индустриясының бизнесті жүргізуіне маңызды әсер етті. Интернет туристтер үшін негізгі ақпарат көзіне айналды, олар ақпаратты тікелей дестинациялардан және туристік ұйымдар-агенттерден де, сондай-ақ сапарлар жөнінде әр түрлі пайдалы ақпарат ұсынатын әлеуметтік желілер, блогтар және веб-сайттар арқылы жеке жолаушылардан да алады. Сандық технологиялардың дамуы барлық әлемде, оның ішінде Қазақстанда да әлемдік туристік индустрия нарығының дамуының негізгі қарқындарын қалыптастырады.
Сандық технологияларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесін қарастыра отырып, 2018 жыл барлық аумақтарда, оның ішінде саяхаттар мен турбизнес саласында, өсіп келе жатқан «сандық жүйеге көшумен» ерекшеленетін болады. Мысалы, Түркия «туризм 4.0» дамыту бағытын жариялады, туристік саласының сандық маркетингіне қомақты қаржы салуға ниет білдірді. Экономикалары туризмге тәуелді азия елдері үкіметтік деңгейде сандық түрлендіруге кірісіп кетті. Маусым айында Шри Ланка тартымды туристік бағыт ретінде ауқымды сандық промо іске қосатындығын хабарлады, соның арқасында елге осы жылы 2,5 млн. туристті тарту жоспарлануда.
Әлемде туризм саласында ондаған технологиялық стартаптар жұмыс жасайды, олар салаға өздерінің бірегей идеяларын қосуға тырысады. LocalAlike Тай стартапы жергілікті туризмнің жаңа тұжырымдамасын жылжытады: онлайн-платформа шеңберінде компания туристтерге көрсетері бар жергілікті тұрғындарды жұмылдыруға және оларға кеңес беруге үміттенеді. Көптеген туристік стартаптар туризмнің белгілі бір түріне шоғырлана отырып (мысалы, гастрономиялық немесе медициналық туризмге), өз тауашасын табуға тырысады. Tripnparty француз платформасы саяхатшыларға кез-келген елде ұқсас барлар мен пабтарды табуға мүмкіндік береді, ол жөнінде әдетте тек жергілікті тұрғындар ғана жақсы біледі, мәліметтер көптеген еуропа қалалары үшін ұсынылған.
Өзбекстан үкіметі QR – кодты ендіру жобасын жүзеге асырады, QR – коды санаулы секундтарда 12 тілде елдің турнысандары мен көрнекті жерлері жөнінде ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2018 ж. 10 қаңтардағы халқына Жолдауының шеңберінде Мемлекет басшысы жаппай цифрландыруға ерекше көңіл бөлді. «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан бағдарламаны бес негізгі бағыт бойынша ақпараттық технологияларды ендіруді жоспарлайды: экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу, цифрлық Жібек жолын іске асыру, адами капиталды дамыту, инновациялық экожүйені құру.
Қазіргі уақытта ҚР туристік нарығында ел келушілерін, сондай-ақ ішкі туристтерді барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететіндей қандай да бір біріктірілген қосымша немесе платформа жоқ. Қазіргі уақытта туроператорлар бірдей дерлік турпакеттер ұсынады (ең танымал көрікті жерлерге бару). Сонымен бірге, жасампаз инновациялық шешімдердің көмегімен ұсыныстар спектрін кеңейту және ақпараттық қолжетімділікті арттыру керек, бұл қайта келушілер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Туристтер үшін ыңғайлы ақпараттық орта құрумен байланысты Қазақстан Республикасы келесі мәселелермен беттеседі:
негізгі физикалық инфрақұрылымның жоқтығы немесе дамымағандығы (белгілер, көлік қоятын орын, қосымша қызметтер, орналастыру және т.б.);
заманауи туризм технологияларының бірігуінің төмен деңгейі және цифрландырудың төмен деңгейі;
елдің шынайы туристік құралдары жөнінде хабардар етудің әлсіз деңгейі (мәліметтер, ақпарат және т.б.);
барлық қолжетімді туристік сегменттерден бүтін туристік өнімнің жоқтығы (әрбіреуі оқшауланған түрде жұмыс жасайды);
ел туризмінің ортақ сәйкестігінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жеке секторда біріздендірілген көрініс.
Жоғарыда айтылғандар Қазақстан үшін өте маңызды, атап айтқанда: маркетинг пен брондау бойынша басты функцияларды біріктіре отырып, кәсіби ұлттық интернет-платформаны дамытуды дереу бастау, және елдің ұлттық маркетингтік стратегиясының шеңберінде халықаралық нарықта жылжыту керек.
Испания тәжірибесіне қайта тоқталатын болсақ, сапаны бағалау жүйесінің шеңберінде туристтер үшін www.tourspain.es бірыңғай ақпараттық порталы құрылды, онда әр-түрлі тілде, оның ішінде орыс тілінде де, ел жөнінде барлық туристік ақпаратты алуға болады. Одан басқа, Испанияны халықаралық нарықта ұсынатын және Испанияның халықаралық туристік логотипі болып табылатын бірыңғай логотип әзірленді. Қолайлы туристік ортаны дамыту кезінде бір жүйеде бірден бірнеше шаралардың қамтылуы бойынша Қазақстан үшін бұл қызықтыратын мысал болып табылады.
3.3.4. Туристік өнімдердің және туристік қызметтердің қолжетімділігі
Қазақстанның туристік саласының маңызды мәселелерінің бірі туристік өнімдердің және қызметтердің төмен сапасы және қолжетімділігі болып табылады, бұл, өз кезегінде, ішкі туристтердің, сондай-ақ кірме туристтердің мұқтаждықтарын қанағаттандырмайды.
Туризм және қонақжайлылық саласында сапаны қамтамасыз ету және арттыру мәселесі Қазақстан үшін өзекті болып табылады, өйткені қазіргі уақытта туристік сұраныстың конъюктурасы өзгерді және ішкі туристік ағындар мен кіру туристік ағындары айтарлықтай өсті.
Ішкі туристтер үшін Қазақстанда демалудың тежеуші факторларының бірі «баға-сапа» ара қатынасы болып табылады. Қазақстандық туристік қызметтер нарығында бағалар тым жоғары, сервистің жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілмеген, нәтижесінде қазақстандықтар ел ішінде демалудан «қашқақтайды» және шетелге демалуға барады. «Қосымша ақы төлеп, «all in inclusive» жүйесімен Түркияға немесе Мысырға демалуға баруға болады» деген таптаурын Қазақстан азаматтарының саналарында қалыптасты. Осы фактіні отандық турнысандарға дейін логистиканың күрделілігі қиындатады. Авиабилеттердің қымбат және теміржол билеттерінің тапшылығымен бірге автомобиль жолдарының сапасы Алакөл, Балқаш, Баянауыл немесе Каспий сияқты Қазақстан қазынасына бару ниетінен арылтады.
Сыртқы экономикалық жағдайдың өзгеруі Қазақстанға туристік ағынның ұлғаюын ынталандырады, алайда, бүгінгі күні сала халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін толыққанды туристік өнімдерді қамтамасыз етуге дайын емес.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында ҚР-на келген шетел азаматтарының саны 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 %-ға өсті, ал ішкі туристтердің саны 7 %-ға өсті. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу есебінен келушілердің көп болғандығына қарамастан, көрсеткіштер 2018 жылы өсті.
Сондықтан кіру және ішкі туристік ағынының сапалы өсуі үшін жоғарыда аталған таптаурындарды өзгерту бойынша түбегейлі өзгерістер қажет.
Осындай тиімді шаралардың бірі елде қолайлы туристік климат жасау бойынша шаралар болуы мүмкін, олар: визаларды алуды жеңілдету және көлік қолжетімділігін арттыру.
3.4. Туристік климат
Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингіне сәйкес, «қауіпсіздік бойынша позиция» Қазақстанның ең мықты жағы болып табылады (58-ші орын).
Аталған көрсеткіш жалпы қылмыскерлік пен зорлық көрсету деңгейіне, лаңкестік актінің болу ықтималдылығына, сондай-ақ полиция қызметтерінің жұмысының сапасына байланысты есептеледі. Сонымен бірге, Қазақстанға келген турист көптеген мәселелермен беттеседі, олардың арасында қызметтердің төмен деңгейін, тәжірибесіз менеджментті, туристтерді алдауды және алаяқтықты атап өтуге болады. Одан басқа, елде заңсыз аудармашы гидтермен байланысты мәселе бар, гидтердің қызметі қазіргі уақытта бақыланбайды.
Әлемдік қарқындарға сәйкес, әр-түрлі елдерде лаңкестік актілерге, толқуларға және төңкерістерге ұласып жатқан геосаяси дағдарыстарға қарамастан, адамдардың сапарға аттануға деген ұмтылыстары азаймайды.
Алайда саяси, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар туристтің сапарының бағытына әсер етеді. Осылайша, қолайлы туристік климатты жасау міндеттерінің бірі туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3.4.1. Визалық және көші-қон режимін ырықтандыру
Елде визалық және көші-қон режимінің деңгейі БЭФ әдістемесіне сәйкес сапарлар мен туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингінің «Халықаралық ашықтық» тарауында көрсетіледі. Өкінішке орай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің 136 елінің арасынан 113 орында қалып отыр.
Соңғы бірнеше жыл ішінде СІМ, ҰҚК, МСМ және басқа мемлекеттік органдармен визалық және көші-қон режимін ырықтандыру бойынша бірқатар ықпалды қадамдар жасады.
Осы ықпалды шаралардың арасында мыналарды атап өтуге болады: әлемнің 64 елімен визасыз режим ендіру, визаларды беру процесін жылдамдату, ҚХР және Үндістан азаматтары үшін транзиттік 72-сағаттық виза ендіру, сондай-ақ ұйымдасқан топтар құрамында Ираннан және ҚХР келген туристтер үшін оңайлатылған визалық режим ендіру.
Бірқатар елдерге қатысты визалық режимді одан әрі ырықтандыру, оның ішінде электрондық визаны ендіру бойынша жол карталары әзірленді және жүзеге асырылады.
Көші-қонды бақылау процедурасын оңайлату бойынша және көші-қон режимін бұзу үшін санкцияларды ізгілендіру бойынша іс-шаралар жоспарланған.
Сонымен бірге, Мемлекет Басшысының жолдауына сәйкес, виза-көші қон процедураларын ырықтандыру өзекті мәселе болып табылады.
Визалық процедуралар
Бірқатар елдердің туристтері (Қытай, Үндістан, Иран, Парсы шығанағы елдері) үшін визалық процедуралар одан әрі ырықтандыру және/немесе оңайлату әлеуетіне ие.
Көші-қон процедуралары да әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сәйкес келе бермейді.
Ұлттық қауіпсіздік пайымдауларын назарға ала отырып және оларға сөзсіз басымдылық бере отырып, нысаналы нарықтардың туристтеріне екпін жасаумен визалық және көші-қон режимін одан әрі ырықтандыру және оңайлату мүмкіндіктерін зерттеу бойынша жұмысты жалғастыру керек. Оның ішінде, көрші елдердің халықаралық тәжірибесін ескеру қажет.
Қазақстан үшін нысаналы нарықтар келесі суретте келтірілген:
3-сурет
Ключевыми туристическими рынками для РК являются РФ, Индия и Китай, Ближний Восток, Западня Европа и Северная Америка
|
ҚР үшін басты туристік нарықтар РФ, Үндістан және Қытай, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка болып табылады
|
Регион
|
Өңір
|
Темп прироста
|
Өсу қарқыны
|
Количество туристов, тыс. туристов
|
Туристтер саны, мың турист
|
Потенциал дохода в 2023 году, млн $
|
2023 жылы кіріс әлеуеті, млн $
|
Россия
|
Ресей
|
Индия
|
Үндістан
|
Китай
|
Қытай
|
Страны Ближнего Востока
|
Таяу Шығыс елдері
|
Западная Европа
|
Батыс Еуропа
|
Северная Америка
|
Солтүстік Америка
|
Узбекистан
|
Өзбекстан
|
Кыргызстан
|
Қырғызстан
|
Япония
|
Жапония
|
Южная Корея
|
Оңтүстік Корея
|
Турция
|
Түркия
|
Малайзия
|
Малайзия
|
Индонезия
|
Индонезия
|
Прочие страны
|
Басқа елдер
|
Всего
|
Барлығы
|
Ближний Восток: Иран, ОАЭ, Саудовская Аравия, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, Ирак, Израиль
|
Таяу Шығыс: Иран, БАӘ, Саудовская Аравия, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, Ирак, Израиль
|
Келесі суретте Қазақстанның және нысаналы нарықтарымен көршілес елдердің ағымдағы визалық режимінің схемасы ұсынылған.
4-сурет
В РК есть потенциал для дальнейшей либерализации визового режима
|
ҚР-да визалық режимді одан әрі ырықтандыру үшін әлеует бар
|
Регион
|
Өңір
|
Китай
|
Қытай
|
Индия
|
Үндістан
|
Иран
|
Иран
|
Ирак
|
Ирак
|
Саудовская Аравия
|
Сауд Аравиясы
|
Бахрейн
|
Бахрейн
|
Кувейт
|
Кувейт
|
Оман
|
Оман
|
Катар
|
Катар
|
Грузия
|
Грузия
|
Азербайджан
|
Әзірбайжан
|
Узбекистан
|
Өзбекстан
|
Казахстан
|
Қазақстан
|
Без визы
|
Визасыз
|
Транзит
|
транзит
|
2015 год – Азербайджан для Ирака – визы по прибытию. Турпоток – рост в 30 раз с 2 тысяч до 63 тысяч;
2016 год – Виза по прибытию отменена. Открыто консульство в Багдаде. Турпоток из Ирака в 2017 году = 83 тысячи
|
2015 жыл – Ирак үшін Әзірбайжан – келгеннен кейін виза беру. Туристік ағын – 2 мың 63 мыңға дейін 30 есе өсу;
2016 жыл – Келгеннен кейін виза беру алынып тасталды. Багдадта консулдық ашылды. 2017 жылы Ирактан туристік ағын 83 мыңға тең.
|
Виза по прибытию
|
Елге келгеннен кейін виза беру
|
Упрощенный визовый режим
|
Оңайлатылған визалық режим
|
Транзитные визы
|
Транзиттік визала
|
Стандартный визовый режим
|
Стандартты визалық режим
|
Грузия мен Әзірбайжанның мысалы назар аударуға тұрарлық – соңғы 2-3 жылда бұл елдер бірқатар нысаналы нарықтардан туристтерді тартуда серпінді қадам жасады.
Әзірбайжан жылсайыңғы туристтер ағынын Таяу Шығыстан (алдымен Ираннан, БАӘ-нен, Сауд Аравиясынан және Ирактан), сондай-ақ Ресейден 400 мың туристке ұлғайтты.
Грузияға үш жыл бұрын келген туристтер ағынымен салыстырғанда Таяу Шығыс елдерінен, Үндістаннан, Қытайдан және Ресейден қазіргі уақытта жыл сайын 1 миллион туристке көп келеді. Әрбір туристтің сапар барысында жұмсайтын 400-500 доллар көлеміндегі шығындарын назарға алсақ, бұл ағын осы елдердің экономикасы үшін өте маңызды демеу болып табылады.
Салыстырып көрсек, Қазақстан осы кезең ішінде сәйкесінше туристік ағынды негізінен ресейліктер есебінен небары 150 мың туристке ғана арттырды. Бұл мәліметтер төмендегі суретте келтірілген:
5-сурет
Грузия и Азербайджан добились кратного увеличения турпотока за последние 3 года
|
Грузия және Әзірбайжан соңғы 3 жылда туристік ағынның еселі ұлғаюына қол жеткізді
|
Прирост туристов с целевых рынков в период 2014-2017 гг.
|
2014-2017 жж. аралығында нысаналы нарықтардан туристтердің келуі
|
Тыс. туристов
|
Мың турист
|
Индия, Китай
|
Үндістан, Қытай
|
РФ
|
РФ
|
Ближний Восток
|
Таяу Шығыс
|
Источник: Национальное бюро по развитию туризма Азербайджана, МНЭ РК
|
Дерекнама: Әзірбайжанның туризмді дамыту ұлттық бюросы, ҚР ҰЭМ
|
Комитет индустрии туризма МКС РК
|
ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті
|
Грузияның және Әзірбайжанның жетістігінің басты факторлары үш негізгі жүйелі шаралар болды:
1) Барлық нысаналы нарықтар үшін визаларды оңайлату немесе алып тастау;
2) Белсенді маркетинг, жылжыту;
3) Бұл елдердің нысаналы нарықтардан туристтерді қолжетімді авиатасымалдауды жылдам ұлғайту қабілеті.
Визалық режимді оңайлату бөлігінде Әзірбайжанның батыл қадамы назар аудартады – 2015-2016 жылдары Ирактан келген азаматтарға визалар бере бастады, соның нәтижесінде туристік ағын бірнеше жүздеген есе өсті, бір жылда 80 000 мыңнан астам туристтер келді. 2017 жылы қауіпсіздіктің жергілікті органдарының талабымен бұл режим алынып тасталды, алайда Бакуде ирактықтармен күрделі жанжалдар тіркелмеді. Сонымен бірге визаларды жылдам беру үшін Багдадта консулдық ашылды, және 2017 жылдың қорытындылары бойынша Ирактан Бакуге туристік ағынның төмендеуі байқалмады, ол бұрыңғы деңгейінде қалды.
Көші-қон заңнамасы
Қолданыстағы көші-қон заңнамасы ҚР аумағында шетел азаматтарын міндетті түрде тіркеуді және елде болу мерзімдерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуды қарастырады.
Атап айтқанда, 2018 жылдың 6 айы ішінде әкімшілік жауапкершілікке 57 414 шетел азаматы тартылды, олардың ішінде 7058 – елден қуып шығарылды, 50 356 азаматқа қамауға алу немесе айыппұл қолданылды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың көбі (95%-дан астамы) туристтер емес, Қазақстанға табыс табу мақсаттарында келген ТМД елдерінің азаматтары болғандығына қарамастан, қолданыстағы көші-қон заңнамасы және құқық қолдану тәжірибесі туристтер үшін гуманистік келіс тудыруға мүмкіндік бермейді.
Виза қолданылмайтын елдерден келген турист көші-қон полициясы органдарында тіркелу үшін жауапкершілік көтереді және бұзушылық жасаған жағдайда ҰҚК органдарымен келісіп бойынша елден шығарылады, сондай-ақ әкімшілік сотқа тартылуы және қамауға алынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |