Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет3/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

> Билік және

   принциптер: 

Парламенттегі 

әлеуметтанушының 

«тар жол, тайғақ кешуі»

У

олден

 Б

елло



Уолден Белло, құрметті профессор, Дилимандағы Филиппин университеті, 

Филиппин конгресі төменгі палатасының бұрынғы мүшесі (2009-15)

 4

GD 



5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

>>

Уолден  Белло  –  ғалым  және  қоғамдық  зияткер  ретінде 



халықаралық  зор  беделге  ие  филиппиндік  әлеуметтанушы. 

Даму  және  саясат  бағыты  бойынша  «Дамуға  қарсы  мемлекет» 

(2004),  «Азық  үшін  соғыстар»  (2009),  кейіннен  жарық  көрген 

«Капитализмнің  соңғы  бекеті?  Қатаң  тыйым  заманындағы 

жаһанданудың  баламасы  (деглобализация)»  (2013)  сияқты 

көптеген кітаптардың авторы профессор Белло өзінің Филиппин 

университетіндегі  қызметінен  тыс,  1990-94  жылдары  АҚШ-та 

орналасқан  Азық-түлік  және  даму  саясаты  институтын  (Food 

First - азық-түлік саясатына басымдық беру) басқарып, Бангкок 

қаласында  орналасқан  Жаһандық  Оңтүстікке  назар  аудару 

институтының  негізін  қалаушы  директоры  болған.  Профессор 

Белло  әлемдік  деңгейдегі  әртүрлі  басылымдарда  тұрақты 

түрде  мақалаларын  жариялап  отырады,  сондай-ақ  бірнеше 

халықаралық  сыйлықтармен  марапатталған,  соның  ішінде 

«Өнегелі  өмір  салты  үшін»  (Right  Livelihood  Prize,  басқаша 

айтсақ, Нобель сыйлығының баламасы ретінде белгілі) сыйлығы 

және  Халықаралық  зерттеулер  қауымдастығының  Көрнекті 

қоғамдық  ғалым  сыйлығын  атап  өтуге  болады.  Осы  мақалада 

өзінің  әлеуметтанушы  ретіндегі  саясаттағы  тәжірибесі  және 

басты ұстанымы - Филиппин конгресінің төменгі палатасындағы 

Акбаян оппозициялық партиясына адал мүшелігі туралы баяндап 

береді. Профессор Белло 2014 жылы шілдеде Йокогамада өткен 

ХӘҚ әлемдік конгресінде негізгі баяндамашы болды. Аталмыш 

мақаланың толық нұсқасын Жаһандық диалог (Global Dialogue) 

журналының  Global  Express  атты  интернет  парақшасында  

табуға болады.

1.



Ө

мірімнің басым бөлігінде мен әрі әлеуметтанушы, 

әрі  қоғам  қайраткері  жүгін  қатар  алып  жүрдім. 

1975 


жылы 

Принстон 

университетінде 

әлеуметтану бойынша PhD ғылыми дәрежесін 

алғаннан бастап толықтай қоғамдық жұмыстарға араласып 

кеттім.  Алғашында  жасырын  қызмет  атқарған  Ұлттық 

демократиялық  майдандағы  халықаралық  қанаттың 

мүшесі ретінде Филиппиндегі Маркос диктатурасын құлату 

мақсатындағы шараларға қатысып, кейіннен корпорациялар 

басқарған  жаһандануға  қарсы  күрескер  ретінде  белсенді 

араластым.  1994-2009  жылдар  аралығында  Дилимандағы 

Филиппин  университетінде  әлеуметтанудан  дәрістер 

оқыдым, ал 2009 жылдан бері Филиппин конгресінің төменгі 

палатасында  прогресшіл  саяси  партияның  атынан  заң 

шығарушы ісіне белсене қатыстым.

Мен  мүшесі  болған  Акбаян  партиясы  1998-2009  жылдар 

аралығында  конгрестегі  батыл  ұсыныстары  арқасында 

прогресшіл  келбетін  қалыптастырды.  Партия  конгресте 

Репродуктивті денсаулық туралы заң, аграрлық реформалар 

жасау, ЛГБТ қауымдастығына қарсы кемсітушілікті тоқтату, 

шет  елдерде  тұратын  филиппиндіктердің  дауыс  беру 

құқықтарын жетілдіру, жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету, қаладағы кедей отбасыларды әлеуметтік тұрғын үймен 

қамтамасыз ету бойынша бастамаларды ұсынды.

2009  жылы  біздің  партияның  мүшелері  арасында 

Либералдық партия (ЛП) атынан 2010 жылғы президенттік 

сайлауға қатысушы үміткерді қолдау бойынша пікірталастар 

болды. Сол кезде барлығымыздың көкейімізді тескен сауал: 

«Бұл  үміткерге  кейіннен  реформалау  бағдарламасын  іске 

асыруда  иек  арта  аламыз  ба?».  Либералдық  партияның 

үміткерінен  игіліктерді  қайта  үлестіруге,  өкілеттік 

демократия  немесе  ұлттық  тәуелсіздікті  қорғау  бойынша 

шаралар күтілмегенімен, Акбаян партиясы жақтастарының 

басым  бөлігі  биліктегі  либералдардан  бірінші  кезекте 

мықты мемлекеттік билік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

шаралар  күтті.  Себебі  сол  уақытта  жемқорлық  мәселесі 

және оның салдары біздің демократиямызға өте үлкен қауіп 

төндірген еді.

ЛП-ның  бағдарламасында  жемқорлыққа  қарсы  шаралар 

біз үшін маңызды болғанымен, одан тыс ЛП-ның үміткерінен 

біздің  басқа  идеяларға,  әсіресе  репродуктивті  денсаулық 

пен аграрлық реформаларға да назар аударуын күттік. 2010 

жылға қарай біраз уақыт бойы қызу пікірталастар орын алды. 

Репродуктивті  денсаулық  туралы  заң  жобасы  конгрестегі 

талқылауға  жетіп,  партияның  тағы  бір  бастамасы  болған 

Аграрлық реформалар туралы заң өзінің іске қосылу мерзімін 

күтіп  тұрды.  Одан  тыс,  сол  уақытта  тәуелсіз  халықаралық 

саясатты жүргізу, шетелдік және отандық қарыздарға бірінші 

кезекте қызмет көрсететін қайтадан қаржыландыру туралы 

заңның  күшін  жою,  сонымен  қатар  сауда,  қаржы  және 

инвестициялаудағы неолибералды өлшемдерден бас тарту 

бойынша бастамаларды ұсындық.

Либералдық  партияның  үміткері  Бениньо  Симеон  Акино 

ІІІ  (аты  аңызға  айналған  бұрынғы  президент  Корасон 

Акино  мен  азапталып  өлтірілген  Бенино  Акиноның  ұлы) 

2010 жылы Президент болып сайланды. Келесі бес жылда 

конгрестің төменгі палатасында Акбаян партиясының басты 

 5

GD 



5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

>>

өкілі ретінде либералдар мен дәстүрлі саясаткерлер басым 



бөлігін  құраған  одақтың  прогресшіл  партияға  қатысты 

мүмкіндіктері  және  кедергілеріне  жеке  тәжірибем  арқылы 

куәгер болдым.

> Мәдени майдандағы жеңіс 

Кедейлік  және  әйелдердің  репродуктивті  денсаулық 

мәселелерін  шешу  үшін  филиппиндік  прогресшіл  партия 

мемлекеттің  қолдауына  ие  отбасын  жоспарлаудың  ұзақ 

мерзімді бағдарламасын енгізуді көздеді. 2010 жылға қарай 

жаңа  әкімшілік  тағайындалған  кезде  менің  партиям  және 

басқа  прогресшілер  он  екі  жылға  есептелген  заңнамалық 

жоспарға  Репродуктивті  денсаулық  туралы  заң  жобасын 

енгізе  алды.  Билікке  ықпалы  бар  Рим-католик  шіркеуінің 

қатты қарсылығына қарамастан прогресшілер мультитаптық 

одақ  құру  арқылы  әйелдердің  репродуктивті  құқықтары 

мен  денсаулығына  қатысты  мәселені  қайта  көтерді. 

Прогресшілер өз идеяларының жеңіске жетуі үшін тек қана 

рационалды  деңгейде  өте  жақсы  негізделген  дәйектерден 

бөлек, қоғамдағы еркектердің иерархиясы және басым бөлігі 

ерлерден  құралған  конгресте  әйелдер  шешіміне  бақылау 

жүргізу  тақырыбына  арналған  суреттерді  стратегиялық 

таратуы арқылы символдық дәйектерді қолдана білді. 2012 

жылға  қарай  біз  консервативті  идеологиялық  институттар, 

билік  басындағы  элитаның  бір  бөлігі  және  орта  таптың 

әдеттегі ықпалы арқасында белсенді және сәтті әрекет ету 

арқылы заң жобасын заң ретінде бекітуге үлес қостық.



> Аграрлық реформа: таптық жағдайдың ушығуы

Өз кезегінде аграрлық реформа саясаткерлер арасындағы 

одақтастықтың,  әсіресе  таптардың  мүдделеріне  қатысты 

мәселелерде,  өте  қиын  жағдайда  жүзеге  асатындығының 

мысалы  бола  алады.  Филиппиндегі  алғашқы  жер-су 

реформасы 1960-жылдары басында жүргізілді және терең 

теңсіздік  деңгейімен  сипатталған  болатын.  1970-жылдары 

Маркостың  диктатурасы  кезінде  жоспарланған  жер-су 

реформасының бағдарламасы жер иелерінің қарсылығына 

тап  болып,  біршама  уақытқа  тоқтап  қалды.  1986  жылы 

Маркос  билігі  құлағаннан  кейін,  президент  Корасон 

Акиноның әкімшілігі 10,3 миллион гектар жерді қайта бөлу 

бойынша  батыл  жобаны  бастады.  Жобаға  себеп  болған 

жағдайдың бірі ретінде ауылдық жерлердегі Жаңа адамдар 

әскерінің көтерілісін айтуға болады. Дегенмен, жер иелерінің 

саны  басым  Конгресс  заңда  ең  құнарлы  жеке  меншіктегі 

жерлерге  тиіспеу  арқылы  қоғамдық  меншіктегі  жерлерді 

қайта үлестіруді тиімді түрде шектейтін осал тұстарды әдейі 

қалдырды. 

Конгрестегі алғашқы еңбек еткен жылы Акбаян партиясы 

жер сатып алуға қаржылай көмек көрсететін және реттеуші 

заңды тетіктерді іске қосатын жаңа аграрлық реформалар 

заңын (CARPER) жасақтауға белсенді қатысты. Конгрестегі 

жер  иелерінің  саны  айтарлықтай  азайып,  Миндано 

аралынан Президент сарайына дейін 1700 километр бойы 

шеруге  шыққан  шаруалар  тобының  қолдауымен  аграрлық 

әділеттілік үшін күресуші танымал қозғалыстың белсенділігі 

арқасында заң жобасы сәтті қабылданды.

Ықпалы  күшті  заң  қабылданғанымен  де,  саяси  ерік 



жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау