Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет41/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

141
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
A. өзара сәйкес келмейтін мүдделер мен көзқарастардың қақтығысуы
B. Әр тараптың өз позициясын қорғау әрекеті
C. өз мақсаттарына жетудегі бәсекелестік
D. Индивид немесе әлеуметтік топтың эмоционалдық жағдайы
E. Түрлі фактілер немесе оқиғаларды негативті қабылдау
 
2. Конфликт туралы сараптама жасағанда нені басты назарда ұстау керек?
 
A. Бір жақтың пікірін жалпыға ортақ пікір ретінде пайдаланбау
B. Тарихи фактілерді аргумент ретінде келтіруде абай болу
C. «Агрессор мен құрбан» схемасын пайдаланбау
D. «Терроршы», «экстремист» деген айып тағарда тараптардың ұстанымдарын ескеру
E.  Аталғандардың барлығы
 
3. Сарапшының конфликтіні объективті түрде бағалауына басты кедергі не?
 
A. Тараптардың тілін, мәдениетін жете түсінбеуі
B. Тараптарға қатысты стереотиптердің болуы
C. Әр тараптан объективті ақпарат алудың қиындығы
D. Сарапшының бір тараптың өкілі болуы
E.  Аталғандардың барлығы 
 
4.  Этностық  конфликтінің  басқа  әлеуметтік  конфликтіден  қандай  айырмашылығы 
болуы мүмкін?
 
A. Иррационалды
B. Ұзақ
C. Агрессивті
D. Тез эскалациялану
E. Аталғандардың барлығы
 
5. Этностық конфликтілердің түп тамыры не?
 
A. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы
B. Саяси дағдарыс
C. Бірегейлік
D. Жер үшін талас
E. Аталғандардың барлығы 
6. Конфликтіні шешуге не кедергі келтіреді?
A. Компромисс
B. Әріптестік
C. Агрессия
D. Ыңғайлану
E. Қашқақтау
 
7.Мына әрекеттердің қайсысы эскалацияланған конфликт кезеңіне көбірек тән?
 
A. Келіссөздерге шақырып, конфликтіні шешудің саяси амалдарын іздеу
B. Күш қолданумен қорқыту, күш қолдану, конфликтіге негіз болған басты себептерді ұмыту
C. Мақсатқа жету жолында ымыраласу
D. Биліктің ауысуы, жаңа сайлау
E. Саяси жүйенің өзгеруі, төңкеріс
8.  Конфликт картографиясын жасау журналистке не үшін қажет?
A. Басшылыққа көрсету үшін
B.  Конфликтіге қатысты тараптарды анықтау үшін
C. Сұхбат алушыны таныстыру үшін
D. Конфликтіні түсіндіру үшін
E. Шындықты анықтау үшін  
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз.
 
 


142
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Авторы   
Жұлдыз Әбділда
Жұмыс орны, қызметі  
«ұлан» газеті, бас редактор, 
                       Factcheck.kz, редактор


143
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
 
ЖуРналИСтІң мІнДЕттЕРІ мЕн ҚұҚыҚтаРы
Журналистің ең негізгі міндеттерінің бірі – ақпарат тарату. Болған оқиға туралы жан-жақты мәлімет 
беру.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы  заң  бойынша,  журналистің  ақпарат  іздеуге,  алуға 
және таратуға құқығы бар. БАҚ заңының 20-бабында журналистің құқықтары толық көрсетілген. 
Журналист мемлекеттік және басқа да меншік нысанындағы ұйымдарға барып, ақпарат ала алады. 
заңмен тыйым салынбаған болса, аудио, видеожазбаларды жаза алады. Журналист ретінде апат 
болған жерлерге бара алады, митингілер мен демонстрацияларға қатыса алады. Сонымен бірге, 
заң бойынша, журналист ақпараттың дұрыстығын тексеруге де құқылы. Дұрыс-бұрыстығын тексеру 
кезінде  кәсіби  мамандарға  да  жүгіне  алады.  Көріп  отырғанымыздай,  журналистің  құқықтары 
көп. Сонымен бірге, журналистің міндеттері де бар. Журналист еліміздің заңдарына сәйкес өзіне 
жүктелген міндеттерді атқаруы тиіс. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауы керек. 
БАҚ туралы ҚР заңы: http://medialaw.asia/document/-7466 
Журналист  өз  мамандығына  орай  қайсыбір  оқиғалар,  белгілі  бір  жағдайлар  туралы  басқалар 
білмейтін мәліметтерді білуі мүмкін. Мәселен, сізге сенімді ақпарат көздерінен бір мәлімет келіп 
түсті.
 
СЕнІмДІ аҚПаРат КөзІ ДЕГЕн нЕ? 
 
Мемлекеттік органда, халықаралық ұйымда немесе басқа да кез келген мекемеде жұмыс істейтін 
(немесе істеген) жақын танысыңыз арқылы жеткен ақпарат. немесе белгілі бір оқиға, жағдай тура-
лы жан-жақты хабардар жекелеген тұлғалар тарататын мәлімет. Кейбір құжаттардың (қаулы, бұй-
рық, тағы басқа ішкі құжаттар) көшірмесі, скриншоттар.
Сенсация!  Шындыққа  жанаспайды  деп  айта  алмайсыз,  қолыңызда  дәлел  бар.  Бірақ,  соған 
қарамастан, ол ақпаратты жария етуге болмайтын жайттар болады. 
өз-өзіңДі теКсеРіП КөР!
1. Лауазымды қызметте отырған тұлға туралы қандай ақпаратты тарата алмаймыз?
A. лауазымды тұлғаның өз қызметін асыра пайдаланғаны жөніндегі ақпаратты
B. лауазымды тұлғаның қызметіне салғырт қарағаны жөніндегі ақпаратты
C. лауазымды тұлғаның жеке өміріне қатысты кейбір жайттарды
D. лауазымды тұлғаның қызметтік көлігін жеке мақсатына қолданғаны туралы мәліметті
 
Иә,  біз  жауапты  қызметте  отырған  азаматтардың  қызметіне  салғырт  қарауы,  қызметін  асыра 
пайдалануы, мемлекетке залал келтіруі (әрине, дәлел болған жағдайда) туралы жаза аламыз. Бірақ, 
адамның жеке өміріне, егер ол мемлекеттік қызметіне залал тигізбейтін болса, қол сұға алмаймыз.
 
заң БОйынШа...
Тіліне,  дініне,  нәсіліне,  түр-түсіне,  жынысына,  саяси  немесе  басқа  да  наным-сенімдеріне,  ұлттық 
немесе  әлеуметтік  тегіне,  мүліктік,  тектік  немесе  топтық  ерекшеліктеріне  қарамастан,  барлық 
адамның құқығы тең және оған қол сұғуға болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары 
жөніндегі  жалпыға  ортақ  декларациясы  осылай  дейді.  Халықаралық  құқықтық  құжат  бойынша, 
адамның жеке басының құқықтарына қол сұғуға, ар-намысына тиюге, намысын таптауға жол жоқ.
Адам  құқықтары  жөніндегі  жалпыға  ортақ  декларация  мәтіні:      http://www.ohchr.org/EN/UDHR/
Documents/UDHR_Translations/kaz.pdf
 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау