«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау (инватакси)



жүктеу 439,36 Kb.
бет1/3
Дата19.02.2018
өлшемі439,36 Kb.
#10113
түріКонкурс
  1   2   3

БЕКIТЕМIН

«Арал аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ-нің басшысы

_____________Қ.Аяпов

2014 жылғы «11» наурыз

25-Ө бұйрық



        

Ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алулар бойынша
КОНКУРСТЫҚ  ҚҰЖАТТАМА

Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы: «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі,

заңды мекенжайы: Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 58

пошта мекенжайы: 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 58

Банк реквизиттері:

БСН 941240001364

ЖСК KZ19070103KSN3302000

БСК KKMFZ2A «ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті» ММ



Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы өкіл: басшы Аяпов Қазыбек,

тел. 8(72433) 2-45-93 aral-sobes@mail.ru



Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. Жалпы ережелер.
1. Ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі          

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома 1 888 000 (бір миллион сегіз жүз сексен сегіз мың) теңге.                                                                                                                                       

           3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

           1) Осы конкурстық құжаттаманың 1 қосымшасына сәйкес сатып алатын қызметтің тізбесі;

2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтерге талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын конкурстық құжаттаманың    2 қосымшасына сәйкес;

3) осы  конкурстық құжаттаманы 3 және 4 қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы  конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;                

5)  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-бабына 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) және әрбір критериінің  пайыздық маңызын көрсетумен Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес ең жақсы сапалы қызметтерді ұсынатын қатысушыларды және Конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында, жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссиямен есепке алынатын міндетті критерийлер тізбесі.

- әлеуметтік қызмет көрсету нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы конкурстық комиссия дербес жабдықтаушының қызметтер көрсету нарығында бір жылдан бастап жұмыс тәжірибесінің әр жылына жарты пайызға (0,5 %), бірақ бес пайыздан аса емес, конкурстық өтінімнің құнын шартты азайтады. Бір жылға дейін немесе жұмыс тәжірибесі жоқ болған жағдайда ондай пайыз белгіленбейді;

- сатып алынатын қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджементі жүйесінің сертификациясын растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осы конкурстық өтінімнің құнын үш пайызға азайтады;

- мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің сертификациясын растайтын және Қазақстан Республикасының сатып алынатын қызметтер бойынша техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнімнің стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осы конкурстық өтінімнің құнын екі пайызға азайтады;

- жергілікті ұстау болуына қараған кезде конкурстық комиссия жергілікті ұстаудың әр пайызы үшін шартты түрде осы конкурстық өтінімнің құнын оннан бір (0,1) пайызға азайтады;

конкурстық комиссия шартты түрде отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің құнын он пайызға, отандық қызметтерді жабдықтаушының құнын бес пайызға азайтады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыс мерзімі 20 күн.



 

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 27 наурызына кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мына мекенжай бойынша жіберу қажет: 120100 , Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр к., 58.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
            1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге; 

2) конкурстық құжаттамасын түсіндіру            мәтінін тапсырыс берушінің интернет қорына жариялау.

            6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2014 жылғы 25 наурызында 13  сағат     00 минут мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

            Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он бес күні мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет қорына жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынылған әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың қағидаларын түсіндіру үшін кездесу өткізуге құқылы, мекенжайы: Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр к., 58, 2 кабинет, 2014 жылғы 27 наурыз 16 сағат 00 минут.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың алған негіздерді көрсетусіз түсіндіру туралы сұрауларды, сондай-ақ осы сұрауларға жауаптарды көрсетумен әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын құрайды. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізген күнінен екі жұмыс күнінен кешіктірмей бастап конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта реквизиттері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерге және конкурстық комиссияға жолданады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет қорында жариялайды. 


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы 
Конкурсқа қатысуға өтінім 

9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауды жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
            1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3, 4 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;

            2) құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұғалар үшін азаматтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу құжаты, СТТН, жеке бас куәлігінің көшірмесі);

3) заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарлықтың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударумен нотариалды куәландырылған сауда реестрінен ресмиленген үзіндіні ұсынады;

          4) құқықтық негізде бекітілген нотариалды куәландырылған жарғының көшірмесін ұсынуға әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

            5) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарлықтың негізінде қызметін жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) төлем қабілетін растайтын құжаттарды;

            - осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім  берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктік мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс:

- салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

               7) әлеуетті өнім  берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың)  арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;            

             әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындау-шылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды қарастырса, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

Сұрауда сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық құндық ұсыныстарға әсер ететін критерийлерін растайтын құжаттар болуы қажет.

Сұрауда конкурсқа сатып алулар өнімі болып табылатын қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыға 40 % қызметтер көлемін тапсыруға тыйым салу шарттары туралы мәліметтер болуы қажет.

- техникалық, сапалық және пайдалану қызметтер мен қызметтерді көрсету көлемінің сипаттамаларын көрсетумен техникалық ерекшелік, қызметтерді көрсету шарттарының сапасының кепілдігін ұсыну.

- әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға  конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.                                                                                                                                                        

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызға тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

          Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар туралы шартты орындауға және конкусрқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге енгізбейді. 



Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар 

            11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды   ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, мөрімен куәландырылады.( егер жеке тұлға  болса).

            Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен, мөрімен куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
            12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс       (егер жеке тұлға болса)

            13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе ариф-метикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

            14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін тиіс: «жұмыстарды сатып алулар бойынша конкурс»: Ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС және 2014 жылдың  31 наурыздың   17-00 сағат "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ"

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі 

            15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2014 жылдың 31 наурыз қоса алғанда 17-00 сағатқа дейін «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 58, № 2 бөлме, Махатов Бауржан Ибрашұлына

            16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

            17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

            18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған кон-верттер қабылданбайды және тіркелмейді.

 

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

            19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

            Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші қол қойып, бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.( егер жеке тұлға болса),

            Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
            20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

            21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

            1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу.

            22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

 

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы 

         23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді 2014 жылдың 31 наурыз 17 сағ. 00 мин «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ, Бақтыбай батыр көшесі 58  № 2 бөлме

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы кон-курстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім беру-шілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

         Егер конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

         24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс, «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ, Бақтыбай батыр көшесі 58 № 2 бөлме, 2014 жылдың  31 наурыз 16 сағ. 30 мин.

         Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

         25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
         26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

         1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

         конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
         конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
         конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің бар немесе жоқ екендігі,

         конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

         тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

         2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

         конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

         3) конкурстық комиссияның хатшысы:

         тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.


         Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

         Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешітірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.



5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

        27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

        28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

        1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

        2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

        Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.


        Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп қарайды.

        29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

        1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

        2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

        3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.                       

        Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында қарастырылмаған негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

        Конкурстық комиссия соманың бір пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.

        30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:


        1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;
        2) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің ресімдеуіне:
        конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

        тауарларды мемлекеттік сатып алудың атауын; өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

        конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;
        конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны:                     

        Конкурстық құжаттамалардың талаптарына сай келмейтін конкурсқа қатысуға енгізілген негізгі басқа да тапсырыстар жіберілмейді.                                                                                      

        31. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

        1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

       3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

       Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

        конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

        Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

        32. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

             Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет қорында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

 


жүктеу 439,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау