8
практикалық нұсқаулық
қозғау керек екені туралы жазды.
Авторлар сапында сондай-ақ литва мен украина мамандары да бар. өтінішімізді жерге тастамай,
тәжірибесін ортаға салуға келіскен журналистер – халықаралық журналистика жөніндегі тараудың
авторы Викинтас пугачаускас пен фактчекинг және ақпаратты тексеру туралы жазған Михайло
Кольцов.
Әрине, лайықты деген авторлардың бәрін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Алайда, үш кітаптың
басын қосса, осы жобамен қазақстандық журналистиканың маңызды әрі жақсы бөлігін қамтыдық
деуге болады.
Жоба барысындағы қызығы мен шыжығы көп жұмысты еске ала отырып, бүкіл шығармашылық
топқа – үйлестірушілер, редакторлар, аудармашылар мен дизайнерлерге (олардың есімдері бөлек
парақта аталады), барлық әріптестеріме осы «Кіріспенің» авторының бар қиғылығына шыдағаны
үшін алғыс айтқым келеді.
Айтқандай, жобаға қолдау білдіргендерге де бүкіл тобымыз атынан ерекше алғыс білдіремін.
Әділ Джалилов
MediaNet халықаралық журналистика
орталығының директоры
9
ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
10
практикалық нұсқаулық
11
АВТОРлАР
ӘДІл ДЖалИлОВ
MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры, медиа-
тренер, консультант. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің
филология факультетін үздік бітірген, Германияда докторантурада оқыған.
Бірқатар оқыту жобаларының бастамашысы және авторы: «практикалық
журналистика», Медиа Мектеп (тәуелсіз журналистика мектебі),
журналистика факультеттеріне арналған журналистік этика бойынша
арнайы курс, Internet4U/Интернет Сіздер үшін (компьютерлік және
интернет сауаттылық жөніндегі тегін курс) және тағы басқа, сондай-ақ,
зерттеу, әлеуметтік зерттеу бағытындағы бірқатар жобалардың авторы.
Vlast.kz бас редакторы, Орталық Азия аймағындағы «Оазис» интернет-
журналының Қазақстан бойынша өкілі және редакторы, IWPR Орталық
Азия бойынша редакторы (адам құқығын жариялау жөніндегі жоба),
«панорама» газетінің шолушысы болып істеген.
12
АВТОРЛАР
ИГОРь БРатцЕВ
Тренер, журналист, консультант. 1997 жылы Абай атындағы Алматы
Мемлекеттік университетінің филология факультетін «Орыс тілі мен
әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
MediaRelations бойынша мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және
коммерциялық ұйымдарға, журналистерге, ҮЕҰ өкілдеріне 100-ден аса
тренинг өткізген.
«практическая журналистика в Казахстане» (MediaNet) және «нпО, СМИ и
государственные органы: ключи к эффективному сотрудничеству» (IWPR)
кітаптарында тарау авторы.
13
АВТОРлАР
ИГОРь БРатцЕВ
СЕРГЕй ДОмнИн
«Эксперт Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы.
1987 жылы 6 қарашада павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге
келген.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу тарих факультетін бітірген. 2013
жылы осы университетте магистр дәрежесін алған; тарих ғылымының
теориялық проблемаларына, экономикалық және әлеуметтік тарихқа
маманданған.
2008-2009 жылдары бірқатар қоғамдық-экономикалық онлайн және
офлайн басылымдарда автор («Эксперт Казахстан», Vox Populi, Капитал
KZ). 2009 жылы «Эксперт Казахстан» қазақстандық іскерлік журналының
командасына қосылып, қазақстандық бизнес бөлімін басқарды. Сәл
кейінірек бас редактордың орынбасары ретінде арнайы жобалар
сериясына жауапты болды. Жүзеге асқан арнайы жобалар қатарында
«Қазақстан: мемлекеттіліктің жүз жылдығы», «Индустриалды республика»,
«ТКШ жүйесінің реформасы» және т.б. бар.
2015 жылдың қазан айынан – басылымның бас редакторы.
Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында еуразиялық
интеграция, ұлттық өнеркәсіп пен сауда саясаты жөніндегі эксперт ретінде
жарияланады. MediaNet ХЖО жанындағы Медиа Мектепте «Ақпарат
көздері», «іскерлік журналистика», «репортаж» курстары бойынша
тұрақты тренер.
14
АВТОРЛАР
ОльГа ДИДЕнКО
заңгер, Интерньюс-Казахстан.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Телерадиохабар
тарату туралы» және тағы басқа көптеген заң жобаларын жасауға қатысқан.
Қазақстан республикасы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының жобасы
мен Қазақстан республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын жасау жөніндегі жұмысшы
топтың мүшесі. Медиа-заңнама, журналистердің заң бойынша қауіпсіздігі,
ақпаратқа қол жеткізу тақырыптарында тренингтер өткізеді.
15
АВТОРлАР
ОльГа ДИДЕнКО
ВИКИнтаС ПуГачауСКаС
LRT Television литва ұлттық телевидениесінде халықаралық жаңалықтардың
аға редакторы, осы телевидениеде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
Әскери кикілжіңдерден бастап, халықаралық саммиттерге дейінгі
ғаламдық тақырыптарды жариялайды.
2011 – 2014 жылдары баспасөз хатшысы ретінде литваның Еуроодақтағы
өкілдігінде және ЕО Кеңесіндегі литва өкілдігінде литва дипломатиялық
қызметінің мүшесі болған. Викинтас халықаралық қатынастар және
саясаттану бойынша Вильнюс университетінде магистр дәрежесін алған
және бірнеше жыл осы оқу орнында сабақ берген.
Достарыңызбен бөлісу: |