Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет42/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50

144
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Қазақстан  республикасының  Конституциясы  бойынша  да  солай.  негізгі  заңның  14-бабының 
2-тармағында:  «Тегiне,  әлеуметтiк,  лауазымдық  және  мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  нәсiлiне, 
ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген 
өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», – делінген. Конституцияның 17-
бабы бойынша: «Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды». 18-баптың 1-тармағы «Әркiмнiң жеке 
өмiрiне  қол  сұғылмауына,  өзiнiң  және  отбасының  құпиясы  болуына,  ар-намысы  мен  абыройлы 
атының қорғалуына құқығы бар» деп кепілдік береді. Ал 19-баптың 1-тармағы бойынша: «Әркiм 
өзiнiң  қай  ұлтқа,  қай  партияға  және  қай  дiнге  жататынын  өзi  анықтауға  және  оны  көрсету-
көрсетпеуге хақылы».
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы: 
http://www.akorda.kz/kz/official_documents/
constitution
Алайда,  қазір  әлеуметтік  желілерде,  ақпараттық  сайттарда  немесе  басқа  да  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында адамның ар-намысына тию, жеке өміріне қол сұғу, қарапайым этика нормаларын 
сақтамау қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Жазуға болатын нәрсе мен жазуға болмайтын 
дүниенің ара-жігін ажыратудан қалып бара жатқанымыз байқалады. Бұл, әсіресе, белгілі продюсер 
Баян  Есентаеваның  басынан  өткен  жағдай  кезінде  қатты  байқалды.  Баян  ханымның  ауруханада 
жатқан  суретінің  тарап  кетуінен  бастап,  оның  өміріндегі  әрбір  болымды-болымсыз  сәттің,  оның 
отбасы мүшелерінің жүрген-тұрғанының тегіс ақпарат көзіне айналуы осының дәлелі.
 
өз-өзіңДі теКсеРіП КөР!
2. Белгілі бір тұлға туралы ақпарат таратқанда не нәрсені көрсетпеген жөн?
A. Ол адамның белгілі бір мәселеге қатысты ұстанымын көрсете аламыз
B. Ол адамның қандай саяси партияға мүше екенін көрсете аламыз
C. Ол адамның өзі таратқан ресми мәлімдемесіне сүйене отырып, пікірін бере аламыз
D. Ол адамның белгілі бір діни ағымды ұстанатынына акцент бере аламыз
 
3. Адамның ұстанатын дінін көрсеткенде қалай жазған жөн?
A. Мұсылман
B. уақапшы
C. Діни фанат
D. Сопылардың көсемі
 
Иә,  біз  белгілі  тұлғалардың  өз  парақшасында  жазған  немесе  журналистерге  берген  сұхбатында 
айтқан қайсыбір мәлімдемелерін, ұстанымдарын жария ете аламыз. Ол адамның қай партияның 
мүшесі  екенін  көрсете  аламыз.  Алайда,  «лаңкестердің  барлығы  осы  діни  топтан  шығып  жатыр», 
«бұл ағымды ұстанатындардың жақсылық күтуге болмайды», «қауіпсіздік орындары мұндай діни 
фанаттарды  тексеруі  керек»  деген  сарындағы  жазбалар  адам  құқығына  қол  сұғу  және  арандату 
екенін ескерген жөн.
ӘлЕумЕттІК ЖЕлІ – аҚПаРат КөзІ ЕмЕС
өкінішке қарай, бүгінгі күні әлеуметтік желі негізгі ақпарат көздерінің біріне айналып отыр. Егер 
қандай да бір мемлекеттік мекеменің өкілі сол мекеменің жауапты қызметкері ретінде тіркелген 
ашық аккаунт бетінде әртүрлі ақпараттар тарататын болса, ол назар аудартуы мүмкін. Ал кез келген 
мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желіде жеке өз атынан ашылған, қызметі көрсетілмеген, тек өз 
достарына ғана ашық аккаунты болса, ондағы кез келген жазба ақпарат көзі бола алмайды. Мәселен, 
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің Фейсбук әлеуметтік желісінде аккаунты бар. Онда қала 
әкімі сұрақтарға жауап береді, соңғы жаңалықтарды жазады, сауал қойған немесе ұсыныс айтқан 
кейбір  қала  тұрғындарын  кездесуге  шақырады.  Астана  қаласының  әкімі  ретінде  отырғандықтан, 


145
ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
   
3.0
 
   
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА 
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
ол парақшада жеке басына қатысты ешқандай дерек жарияланбайды. Ал егер әкімнің екінші бір 
парақшасы  болып,  ол  жерде  өзінің  демалыс  сәтіндегі  суреттерін  салып,  отбасылық  мәселелерін 
жазса,  ол  көптің  талқысына  салуға  себеп  емес.  немесе,  лауазымды  тұлғаның,  мемлекеттік 
қызметкердің немесе қоғамға белгілі азаматтың басқа біреудің парақшасындағы суреті де көптің 
талқысына салуға себеп емес. 
Мәселен, 2016 жылдың күзінде Ratel.kz сайты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары туралы жазба 
жариялады.  «Әкімнің  орынбасары  Канныда  қалай  демалып  қайтты?»  деген  жазбаға  Инстаграм 
әлеуметтік  желісіндегі  бір  сурет  себеп  болған.  Осы  материалды  бірқатар  қазақтілді  сайттар  да 
аударып басты.  
Ratel.kz мақаласы: http://www.ratel.kz/raw/kak_zamakima_aktobe_v_kanny_so_zvezdami_ezdil 
Ratel.kz  Ақтөбе  облысы  әкімінің  орынбасары  Жандос  Байырхановтың  2016  жылдың  жазында 
Ақтөбенің әкімі ілияс Испановпен бірге көптеген тексерулер мен рейдтерге шыққанын, ал жазғы 
демалыстың  соңына  қарай  отбасына  мерекелік  көңіл-күй  сыйлағанын  жазады.  Италия  мен 
Францияда  демалып  қайтқан  шенеунікке  Ratel.kz  журналистері  телефон  соғады.    Екеуара  әңгіме 
былай өрбіген:
 
– Қайырлы күн! Сізге кедергі келтіріп жатқан болармын. Дегенмен, телефон соқпауға 
болмады. Инстаграм желісінен сіздің суретіңізді кездейсоқ көріп қалдым. Шенеуніктің 
шоу-бизнес жұлдыздарымен дос болғаны қызық екен.
– Білмедім, сіз кімді айтып отырсыз?
– «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевты.
– Ал сіздің жеке басыңызға оның керегі не?
– Сіз шенеуніксіз және үнемі елдің көз алдындасыз...
– Ол менің жеке өмірім.
– Сіздің жеке өміріңізге араласпақ ойым жоқ. Бірақ, жуырда ақтөбелік басылымдардың 
бірі  әкімдік  қызметкерлерінің  айлық  жалақы  мөлшерін  жариялапты.  Сіз  Канныға 
баратындай көп ақша таппайсыз. Бізге де ақша үнемдеп, жинап, Еуропада демалып 
қайтуға кеңес бере алмас па екенсіз?
– Ештеңе айта алмаймын. Егер менің жеке туристік агенттігім болса, айта алар едім. өкінішке 
қарай, көмектесе алмаймын.
– Яғни, сіздің жалақыңызбен де шетелге барып демалуға болады ғой?
– Айта алмаймын. Бұл сапардың жұмыспен еш қатысы жоқ...
 
Иә, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай көп емес. Бірақ, соған қарамастан, бұл 
дәл осындай сарындағы мақала жазуға себеп бола алмайды. прокуратура, ішкі істер органдарының 
алдындағы қымбат көліктерді суретке түсіріп, «азғантай айлыққа мұндай көлікті қалай алдыңыз?» 
деп сұрай алмайтынымыз секілді, шенеуніктерге «қай ақшамен демалып келдіңіз?» деген сауалды 
да  қоя  алмаймыз.  өйткені,  лауазымды  қызмет  атқарады  демесеңіз,  ол  да  адам  баласы.  Оның 
да  заңды  еңбек  демалысы  бар.  Және  ол  демалысын  қайда,  кіммен  өткізуді  әр  адам  өзі  шешеді. 
Біреудің қалтасындағы ақшасын санау журналистің міндетіне кірмейтінін және журналистік этикаға 
жатпайтынын ескеруге тиіспіз. 
Журналист ешқашан, ешқандай жағдайда ешкімнің жеке басының кемшілігін жазуға хақысы жоқ 
екенін түсінуі керек. Біреудің арық не толық болуы, бойының ұзындығы немесе қысқалығы, киімінің 
жарасуы немесе жараспауы, шашының ақ не көк болуы, арқасындағы татуировкасы, желкесіндегі 
тыртығы  мақаланың  арқауы  болмауы  керек.  Адамның  тіліндегі  кемістіктер,  көзілдірік  киюі, 
балдақпен жүруі немесе басқа да ерекшеліктеріне қатысты да солай.
 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау