Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет50/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

163
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заң  да  журналистерге  де,  БАҚ  редакцияларына  да  қатысты 
әкімшілік  құқық  бұзудың  түрлі  салалары  бойынша  қолданылуы  мүмкін.  Ол  құқық  бұзушылық 
көбінесе маңызсыз, техникалық сипатта болуы мүмкін, әйтсе де, БАҚ жабылып қалуына ол да себеп 
бола алады. 
Ақпарат  алудың  оңайлығы  мен  жылдамдығы  –  табысты  кәсіби  қызметтің  басты  шарты  және 
аудитория тарапынан бұқаралық ақпарат құралына білдіретін сенімнің басты факторы.  Ақпаратсыз 
журналистика жоқ. Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу туралы арнайы заң бар, бұқаралық ақпарат 
құралдары туралы заңда да журналистер үшін мемлекеттік органдардан ақпарат алудың арнайы 
реті көзделген.
Алайда,  ақпарат  алу  үшін  журналист  кем  дегенде  аса  табанды  болуы  керек  және  көп  уақыт 
жұмсайды.  Шенеуніктер  қандай  да  бір  сұраққа  жауап  бергісі  келмей,  журналистерді  баспасөз 
қызметіне жолдап жіберуі немесе сұраным жіберуге мәжбүрлеуіне әзір болу керек.
Қазақстанда  бір  жағынан  журналистер  мен  БАҚ  қызметін  реттейтін,  ал  екінші  жағынан  кәсіби 
журналистік  қызметті  шектейтін  заңдар  көп.  өйткені,  олар  шарт  пен  талап  қояды  және  сол 
талаптардың орындалмауы үшін жауапқа тартуды көздейді.
 
ЖЕКЕ БаСыңызДың ҚауІПСІзДІГІн ҚамтамаСыз 
Ету үШІн:
1.1. Әрдайым жаныңызда редакция куәлігін және журналистің құқықтары туралы ескертпені 
(«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қр заңының 20-бабы) алып жүріңіз.
1.2. Сайлаудан хабар тарататын болсаңыз – қай сайлау учаскесіне баратыныңыз көрсетілген 
редакция тапсырмасын өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
1.3.  Төтенше жағдайлар, наразылық шаралары немесе бұқаралық шаралар, шерулерден хабар 
тарату  кезінде,  сондай-ақ,  қылмыс,  террорлық  акт,  ереуіл,  әскери  операция  болған  жерде 
жүрсеңіз – денеңізді  қорғау  және  тұлғаныңызды  тану  құралдарын ала жүріңіз. Кем  дегенде, 
«прЕССА» деген жазуы бар ашық түсті бешпет, қажет болса – дулыға киіп алыңыз.
1.4.  Жалған  атпен  журналистік  зерттеу  жүргізсеңіз,  өзіңізді  журналист  ретінде  танытатын 
құжаттардың бәрінен құтылу керек.
1.5.  өзіңізге,  әріптестеріңізге  қоқан-лоққы  жасалса,  жеке  мүлкіңізді  немесе  редакция  мүлкін 
қирату, денеңізге жарақат салу фактілері болған жағдайда – бәрін камераға, суретке түсіріп, 
куәгерлер мен кінәлі адамдарды есте сақтап алуға тырысыңыз.
1.6.  өзіңізге,  әріптестеріңізге  қоқан-лоққы  жасалса,  жеке  мүлкіңізді  немесе  редакция  мүлкін 
қирату, денеңізге жарақат салу фактілері болған жағдайда құқық қорғау органдарына шағым 
түсіріңіз. Қылмыстық іс қозғатып, оны ақырына дейін жеткізіңіз.
1.7.  Азаматтық  сот  істері  бойынша  ашық  процестерден  хабар  тарату  кезінде  сот  отырысы 
барысында  іске  қатысы  бар  тараптар  мен  судьяның  рұқсатынсыз-ақ  әлденені  түртіп  алуға, 
аудио жазып алуға құқығыңыз бар. 
1.8. Сот отырысы болып жатқан залда кино- және фототүсірілім, видео жазып алу және Интернет 
желісінде тікелей трансляция жасау үшін сот ісіне қатысы бар адамдар мен судьяның рұқсаты 
керек және уақытына шектеу қойылады.
1.9. Қылмыстық істер қаралып жатқан сот залында фото және видео түсіру үшін іске қатысы бар 
адамдар мен судья түсірілім уақытына шектеу қойылуы мүмкін.
1.10.    Тұтқынға алынсаңыз, бірден редакцияңызға, адвокатқа немесе заңгерге хабарласыңыз.


164
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
 
2. аҚПаРат алу ЖөнІнДЕГІ КЕңЕСтЕР:
2.1. Ашық және шектеулі ақпарат көздерінен өзіңізге қажет ақпаратты алыңыз.
2.2.  мүмкін  болған  жердің  бәрінде  аккредитацияланыңыз.  Аккредитациясы  бар 
журналистің ақпарат алуға мүмкіндігі көбірек.
2.3. Ақпарат көзі бола алатын адамдар – кез келген журналист үшін құнды ресурс. өзіңізге 
пайдасы тиер, керегі болар маңызды да тиімді ақпарат көздерімен байланыс орнатыңыз.
2.4. Түрлі органдар мен мекемелердің баспасөз қызметімен, баспасөз хатшыларымен достық 
қарым-қатынас орнатыңыз. 
2.5. Ақпарат алу процедураларын қатаң ұстаныңыз. Сұраныстар мен шағымдардың типтік 
нысандарын қолданыңыз. Сұранысыңызға үш күнде жауап келмесе, төртінші күні прокуратура 
органдарына немесе жоғары лауазымды тұлғаға шағым түсіріңіз, не болмаса сотқа жүгініңіз.
2.6.  Алынған  жауаптарды,  құжаттарды,  ақпараттық  хабарламаларды,  интервью 
жазбаларын қаттап, архивте сақтаңыз.
 
3.  ЖаРИяланымДаР мЕн СюЖЕттЕРДІ ӘзІРлЕу 
ЖөнІнДЕГІ КЕңЕСтЕР:
3.1. Ақпарат жинау. Ақпарат жинау кезінде және ақпарат көздерімен сұхбаттасқанда әңгіме 
барысын сенімді тасымалдаушыда сақтап алыңыз (қойын кітапшасы емес). Диктофон немесе 
камераға әлдене жазып алмаса бұрын, оның қай күні жазылғанын және кіммен сұхбат екенін 
айтып алыңыз.
3.2.  Ақпараттың  шындыққа  сәйкестігін  тексеру.  Үшінші  тұлғалардан  немесе  ұйымдардан 
алынған  фактілер  мен  деректерді  тексеру  керек.  Ондай  тексеру  барысында  түрлі  құжаттар, 
ресми  хаттар,  сот  материалдары  қолыңызға  түсуі  мүмкін.  Ондай  құжаттардың  көшірмесін 
жасап алыңыз.
3.3. Пікірлер мен фактілердің ара-жігін ажырату. Материалыңызда пікір мен фактінің ара-
жігін ажыратып отырыңыз.
3.4. Ақпаратты тексеруге уақыт болмаса. Алынған мәліметтерді тексеріп отыруға уақыт жоқ, 
материалды жариялау немесе сюжетті эфирге шығару керек болатын кездерде не істеу керек? 
Жауап біреу: толық тексерілмеген ақпаратты жариялаудың қажеті жоқ. 
3.5. материал мәтінін түрлі тараптармен келісу. Кейіпкердің ар-намысы мен ресми беделін 
қорғау  тұрғысынан  «қауіпсіз  емес»  материалды  ғана  қақтығыс  тараптарымен  келісу  керек. 
Келіскенде де, келістім деп қол қойғызып алып, қол қойылған дананы архивте сақтаған дұрыс.
3.6.  материал  мәтінін  жарияламас  бұрын  заңдық  қауіпсіздік  тұрғысынан  тексеру. 
редакцияда журналистік материалдарды тексеріп отыратын заңгер болса жақсы. Ол болмаса, 
материал авторы өзіне қарсы шағым не арыз түсіруге себеп болатын қауіпті тұстарын өзі де 
бағалай алады.
 
4.  аРыз, Шағым, айыПтауДан ҚОРғану 
ЖөнІнДЕГІ КЕңЕСтЕР:
4.1.  таратылған  ақпаратқа  қатысты  жеке  тұлғалардан  да,  заңды  тұлғалардан  да  келіп 
түсетін кез келген шағым жазбаша түрде ұсынылуы керек. Материал кейіпкері редакция-


165
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ға  қоңырау  шалып,  наразылық  танытса,  оған  осының  бәрін  жазып  жіберуді  ұсыныңыз.  заң 
редакцияларды  хаттар  мен  хабарларға  мұқият  қарауға  міндеттейтінін,  сондықтан,  жазбаша 
шағымдарын басшылық міндетті түрде қарастырып, тиісті уақытында жазбаша жауап беретінін 
айтыңыз.
4.2. жазбаша шағымдар (1) жай хат, (2) БАҚ бетінде жауап беруді талап ету және (3) 
жоққа  шығаруды  талап  ету  түрінде  болуы  мүмкін.  Хатқа  міндетті  түрде  және  тиісті 
уақытында жауап беру керек. Жазбаша талаптарға жауап бермеу дұрыс емес. Сотқа жеткен 
ақпараттық даудың көбін соған жеткізбей шешуге болады.
4.3.  Арызданушы  талап  етіп  отырған  жауапты  не  жоққа  шығаруды  жариялауға 
асықпаңыз. шешім қабылдар алдында бәрін өлшеп-пішіп алыңыз. Жауапты жариялауда 
тұрған ештеңе жоқ. Алайда, жоққа шығаруды жариялау – журналист не редакцияның кінәсін 
мойындауы деп танылады.
4.4.  сотқа дейінгі реттеу процедурасын пайдаланыңыз. редакцияға келіп түскен шағым-
талаптарға жауап беріңіз, назар аудармай қоймаңыз.
4.5.сотқа  дейінгі  реттеу  аясында  жоққа  шығаруды  жариялау  талабын  қарастыру 
нәтижелерінің бірін таңдаңыз: себебін түсіндіре отырып бас тарту немесе талап етіліп 
отырған жоққа шығаруды БАҚ бетінде жариялау.
4.6.  сотқа  шақырту  алсаңыз  –  қорықпаңыз.  сот  ісінің  материалдарымен  танысып, 
үстіңізден түскен шағым неліктен негізсіз екенін түсіндіретін жауап хат әзірлеңіз.
4.7. істі сотқа жеткізбей шешу жолдарын қарастырыңыз.
 
5.  ИнтЕРнЕттЕГІ ҚауІПСІзДІК ЖөнІнДЕГІ КЕңЕСтЕР:
5.1. Интернеттегі анонимдік пен қауіпсіздік – елес қана. заң жүзінде интернет провайдер-
лері абоненттер мен қолданушылар туралы олардың кім және қайдан екенін анықтауға 
мүмкіндік  беретін  ақпаратты  жинақтап,  сақтап  отыруға  және  құқық  қорғау  және  сот 
органдары талап еткенде ұсынуға міндетті.
5.2.  Интернетте  жарияланатын  контент  үшін  жауап  беретін  байланыс  операторлары 
немесе провайдерлер емес, сіз бен біз екенімізді ұмытпаңыз. Интернетте не жазсаңыз 
да, ол онда мәңгі болмаса да, ұзақ сақталады...
5.3.  Редакция  сайтында,  интернет-басылымда,  редакцияның  әлеуметтік  желілердегі 
аккаунттарында  және  журналистердің  блогтарында  қолданушыларды  тіркелуге 
міндеттеңіз және пікірлерді алдын - ала модерациялау жүйесін қолданыңыз.
5.4. Пайдаланушы келісімі бір қарағанда маңызсыз іс көрінуі мүмкін. Алайда, авторлар 
мен қолданушылардың құқықтары мен міндеттерін алдын - ала бөліп, модерация және премо-
дерация ережелерін, жауапкершілік деңгейін келісіп алған жөн.
5.5. Қазақстан заңдары бойынша таратуға тыйым салынған немесе БАҚ үшін қауіпті контент 
туралы ескертпе жариялап қойыңыз. Ондай контент: Қазақстан республикасының тұтастығын 
бұзуға, конституциялық құрылысты өзгертуге үндеу, экстремизм немесе терроризмді насихаттау, 
ұлтаралық және дінаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған ақпарат.
5.6.    Қолданушылар  контентін  жариялар  алдында  тыйым  салынған  немесе  қауіпті  контентті 
ғана емес, үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғауды да ұмытпаңыз: рұқсатсыз сурет жариялау, 
ар-намысын қорлау, авторлық құқықтарына нұқсан келтіруден абай болыңыз.
5.7.  Интернеттегі ақпаратты қорғау жөніндегі кеңестер – архивтеу, анитивирус бағдарламаларын 
қолдану, спамды және күмәнді хаттарды жою – міндетті және автоматты түрде орындалуы тиіс.


166
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
5.8.  Журналистердің  әлеуметтік  желілердегі  жеке  аккаунттары  –  әркімнің  жеке  шаруасы. 
Қауіптен  сақтанудың  ең  сенімді  тәсілі  –  интернетте  ештеңе  жазбау.  Әйтпесе,  ел  аумағында 
қолжетімді кез келген интернет ресурстары бұқаралық ақпарат құралына теңестірілетінін естен 
шығармаңыз.
 
6.  ПлаГИаттан ЖӘнЕ заңСыз КөШІРуДЕн 
ҚОРғану ЖөнІнДЕГІ КЕңЕСтЕР:
6.1. Журналистік қызмет нәтижесінде жасалған кез келген материал – авторлық құқық нысаны 
және оны пайдалану мен тарату үшін құқық иесінің келісімі керек.
6.2.  Тек  ақпараттық  сипаттағы  оқиғалар  мен  фактілер  турады  хабарламалар  ғана  авторлық 
құқық нысаны болмайтынын есте сақтаңыз.
6.3.  редакциямен  еңбек  шартын  жасайтын  болсаңыз,  еңбек  шартында  өзіңіз  әзірлейтін 
материалдардың авторлық құқықтары сақталуы туралы ереже енгізілуін қадағалаңыз.
6.4.  Штаттан  тыс  жұмыс  істейтін  болсаңыз,  тапсырыс  берушімен  араңыздағы  келісім-шартта 
автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау ережесі енгізілуін қарастырыңыз.
6.5.  өзіңіз  жазған  мәтіннің,  түсірген  фото,  видеоның,  жазып  алған  аудиожазбаның 
түпнұсқаларын сақтап жүріңіз және авторы өзіңіз екенін куәландыратын деректер мен 
жазылған күнін бір бекітіп қойыңыз.
6.6.  Авторлық  құқық  нысандарын  құқық  иесімен  келісе  отырып,  оның  рұқсатынсыз 
және ақы төлемей пайдалануға болатынын да есте сақтаңыз: табыс табу мақсатынсыз, 
анонс жасау үшін, дәйексөз келтіру үшін, үзінділер жариялау үшін. табыс табу мақсаты 
болса, құқық иесінің келісімі керек.
6.7.  журналистік  материалдарыңыз  заңсыз  көшіріліп  жарияланбауын  қадағалаңыз. 
Оны жасау қиын емес, тек ақпарат құралдарын тұрақты қарап, тексеріп жүрсеңіз болды.
6.8.   Сіз дайындаған материал, түсірген фото не видео заңсыз көшіріп жарияланғанын байқасаңыз, 
БАҚ  редакторына,  иесіне,  баспагерге  ол  туралы  хабарлап,  авторлық  құқықтарыңызды  кез 
келген жолмен, соның ішінде сотта да қорғауға әзір екеніңізді айтыңыз.
6.9. Интернеттегі материалдарды заңсыз көшіруден қорғау үшін түрлі техникалық шешімдер де 
бар. пайдаланушы келсімінде сайттағы материалдарды көшіріп жариялау үшін құқық иесінің 
келісімі керек екенін, көшіруге болатын көлемін және бастапқы ақпарат көзіне гиперсілтеме 
қойылуы керек екенін көрсетіңіз.
6.10. Авторлық құқығы бұзылғаны жөнінде автор немесе құқық иесі өзі шағымдануы 
керек екені есіңізде болсын. Сондай-ақ, автор және құқық иесі өзінің авторлығын дәлелдеуге 
әзір болуы керек.
 


167
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
 
тЕСт:
 
1. Журналистер құқығын қорғау комитетінің деректері бойынша, әлемде 
журналистерге қарсы қылмыс саны 2016 жылы
 
A.  Артты
B.  Азайды
C.   Бұрынғы жылдардағыдай қалды
 
2. Қандай халықаралық ұйымдар бүкіл дүниежүзіндегі баспасөз бостандығы мен сөз 
бостандығы деңгейін өлшейді (екі нұсқа):
 
A.  Article19
B.  Freedom House
C.  Center of Democracy and Law
D.  Reporters without borders
 
3. Сөз бостандығы мен баспасөз бостандығының халықаралық рейтингтері қалай 
аталады (екі нұсқа):
 
A.  Global Rights to Information
B.  World Press Index Freedom
C.  Index of Democracy
D.  Freedom of the Press
 
4. 2016 жылғы сөз бостандығы және баспасөз бостандығы рейтингтерінде көш бастап 
тұрған елдер (екі нұсқа):
A.  латвия
B.  норвегия
C.  Швейцария
D.  Финляндия
E.  Канада
 
5.  Қазақстанда жала жабуға байланысты қылмыстық жауапкершілік бар ма?
 
A.  Иә, бар
B.  Жоқ, қылмыстық жауапкершілік жоқ
C.  Білмеймін
 
6.  Интернеттегі пікір білдіру құқығы дәстүрлі БАҚ бетіндегі сияқты жазалана ма?
 
A.  Иә
B.  Жоқ
C.  Білмеймін
 
 
 


тЕСт ЖауаПтаРы:
1. 
ЖуРналИСтИКаДағы тӘСІлДЕР мЕн тРЕнДтЕР
Интернеттегі жаңалықтар. Вячеслав Абрамов
1. С  2. A  3. A, B, C 4. C, D  5. A, B  6. A, C, D  7. B, C, D  8. A, B  9. D
Фактчекинг пен верификация – журналистің құралы. Михайло Кольцов
1. A  2. B  3. D  4. A  5. A  6. A 7. E 8. А
Креатив сараптама. Әділ Джалилов
Тест 1. А. Тест 2. С, Тест 3. В, Тест 4. 1. B  2.  A  3. С  4. C  5. В  6. B  7. А  
2. 
аҚПаРат алу
Ақпарат көздері. Сергей Домнин
1. A  2. С  3. D  4. С  5. А  6. С; Қорытынды сұрақтар: 1. А, 2. В, 3. D, 4. B, 5. C, 6. A, 7. B, 8. A
Сұхбат. Гүлмира Қамзиева
1. B  2. С  3. C  4. D  5. C  6. B  7. С  8. B
3.
 ВИзуалИзацИя
Мультимедиа тұрғысынан ойлау. Игорь Братцев
1. A  2. B  3. D  4. A
Мультимедиалық құралдар және оларды қолдану принциптері. назгүл Қожабекова
1. D  2. B  3. A  4. B  5. A  6. A
Data-журналистика. Асхат Еркімбай
1. C  2. B  3. C  4. A  5. A  6. B  7. D  8. A
4. 
маманДыҚ
Әлеуметтік тақырыптағы материалдарды қалай әзірлеу керек. Гүлнара Бажкенова
1.C  2. C  3. D  4. C  5. C  6. C  7. D  8. C
Халықаралық журналистің жұмысы. Викинтас пугачаускас
Бақылау сұрақтары: 1. D, 2. B, 3. B, C 4. D, 5. B, 6. D, 7. A, 8. A
1. A, C, D  2. A  3. B  4. B  5. D  6. D  7. B, D  8. A, D  9. D
Жаңалықтар шығарылымын жүргізуші. Шолпан Елеусізова
1. B  2. C  3. D  4. B  5. C  6. A  7. C  
Экономикалық журналистика. Мария Гордеева
1. C, D  2. A, B  3. A  4. A, B  5. B, C  6. B, C  7. B, D  8. A, D


практикалық нұсқаулық
Медиадағы әлеуметтік маркетинг: редакцияға арналған нұсқаулық. 
павел Банников
1.  Дұрыс  жауабы  –  С.  пайдаланушылар  санының  кемуі  маусымдық 
немесе тренд тақырыппен байланысты болуы мүмкін. Егер аудиторияның 
ядросында айтарлықтай өзгеріс болмаса, бәрі дұрыс деген сөз. 
2.  Дұрыс  жауаптары  –  С  және  D  –  егер  бюджет  мүмкіндік  берсе.  Егер 
бюджет мүмкіндік бермесе – С. 
3.  В  –  жақсы  вариант.  Қызметкер  редакцияның  қалай  жұмыс  істейтінін 
біледі, мақсатты аудитория мен оның миссиясын түсінеді, егер қызметін 
ауыстыруға дайын болса, бір-екі оқыту тренингінен кейін мықты маманға 
қол  жеткізесіз.  Минусы  –  эйджизм  қажеттігі,  тәжірибелі  жасы  келген 
журналистен әлеуметтік желі жөніндегі маман жасай алмайсыз. Ондай ой 
болса, бірден бас тартыңыз. 
4.  Дұрыс  жауабы  –  С.  140  жаңару  ешкімге  де  керек  емес.  Егер  осынша 
жаңару  болатын  болса,  сіздердің  ресурсты  ешкім  оқи  алмайды,  өйткені 
«игере алмайды». 
Ең дұрыс жолы – контентті айдарларға сай тақырыптық каналдарға бөлу. 
Әр тақырыптың өз аудиториясы бар. Оны есепке алу күрделі, бірақ нақты 
болады.   
5. 
ЖауаПКЕРШІлІК ЖӘнЕ ҚұҚыҚ
Конфликтіден хабар тарату. Мұхтар Сеңгірбай
1. A  2. E  3. E  4. E  5 C  6. С  7. B  8. B
Журналистік этика. Жұлдыз Әбділда 
1. С  2. D  3. A
Этносаралық қарым-қатынастарды жазуда нені ескеру керек? 
Есенгүл Кәпқызы
1. В  2. A  3. A  4. A  5. A  6. A  7. A  8. C  9. A, 10. В
Журналист қауіпсіздігі. Ольга Диденко
1. A, 2. B, D 3. B, D 4. B, D 5. A, 6. A

жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау