134
ҚазаҚ стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
135
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
5-БөлІм.
ЖауаПКЕРШІлІК ЖӘнЕ
ҚұҚыҚ
136
ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Авторы
мұхтар Сеңгірбай
Жұмыс орны, қызметі
СДу, кафедра меңгерушісі
137
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
КОнФлИКтІДЕн хаБаР таРату
2006 жылы жазда ауыр оқиғаның куәсі болдым. Алматыдағы «Бақай» ықшамауданында заңсыз са-
лынған үйлерді сүргелі жатыр деген ақпаратты ести сала фототілші екеуміз сол ауылға тартып отыр-
дық. Тас жолдан бұрылып, шаңдауытпен жүріп жеткенде жылаған балаларды, билікке, полицейлер-
ге қарғыс айтқан аналарды, шатырға шығып, аттандап жүрген ер азаматтарды көрдік. Жағдай қатты
ушығып тұрды.
полицейлерден, сот орындаушыларынан сұхбат алуға талпынып көрген едік, қолдары бос болма-
ды. Сол эмоциямен келдік те «үйсіз, күйсіз қаңғыған бейшара халық» деген мазмұнда мақала жазып
тастадық. полицейлерді құбыжық етіп көрсеттік, түрлі теңеулер қолдандық. Мәселені үлкен саясат-
пен аяқтадық. Сонымен қоғамға үлкен пайдамызды тигіздік деп санадық.
ШынымЕн ПайДамызДы тИГІзДІК ПЕ?
Халықтың сөзін сөйлеп, үкіметті сынау – баспасөзге де, журналистке де ұпай әперетін ең оңай әрі
ыңғайлы жол. «Үкімет қайда қарап отыр?», «Әкімдер халықтың қамын неге ойламайды?», «Қазақтар
өз елінде неге үйсіз жүреді?» деген елдің құлағына жағымды болғанымен, кикілжіңнің табиғатын
түсінуге, оны түбегейлі шешуге еш жәрдемдеспейтін жауапсыз мәлімдемелер. Әсіресе, ушығып
тұрған кикілжің кезінде бұл әдіс тіпті отқа май құйып, жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберуі
мүмкін. Менің бұл қателігімді қайталамау үшін не істеу керек?
Ең алдымен, кез келген конфликтінің түпкі себептерін, оның даму кезеңдерін, оны қоздырушы фак-
торларды, негізгі тараптарды білу керек. Әрине, журналист – ғалым емес, оқиға орнынан шұғыл
репортаж беруге бара жатқан тілшінің мәселені зерттеп отыруға уақыты да жоқ. Сондықтан, кез
келген кикілжіңнен хабар жазуға бара жатқанда есте ұстайтын басты қағидаларды ұсынамыз.
таҚыРыПШа БОйынШа КЕңЕСтЕР:
Конфликтінің бір тарабын жақтап, екінші жақты қаралап материал жазбаңыз. Онда сіз
жанып жатқан отты одан сайын лаулата түсесіз.
Болып жатқан оқиғаның эмоциясын сол қалпында беруге, өзіңізді бір тарапқа
жатқызбауға, салқынқандылық танытуға тырысыңыз. Бірақ адамдардың нақты көмегі
қажет болғанда, кәсіпті қоя тұрып, жәрдемдесіңіз. Осы тақырыпқа сай келесі сілтеме
бойынша берілген шағын деректі фильмді көруді ұсынамын: https://m.youtube.com/
watch?v=vJtSOxPc--Y
«үкімет қайда қарап отыр?» деген жалпылама, адресатсыз айыптаулардың орнына
нақты министрліктің не мекеменің алдына нақты талаптар қойып, олардың пікірін де
қоса беруге дағдыланыңыз.
1-таҚыРыПШа.
КОнФлИКт ДЕГЕн нЕ?
1- Суретке мұқият қараңыз. не көріп тұрсыз? Қай-
тадан мұқият қараңыз, мүмкін бастапқы ойыңыз өз-
герген болар?
Осы суретті студенттерге көрсеткен сайын әркелкі
жауап аламын. Біреулері мұны қураған ағаш десе,
екіншісі өзеннің аңғарына ұқсатады, ал үшіншілері
сүйісіп тұрған қыз бен жігітті көреді. Қоғам да сол
сияқты, түрлі құбылыстарды әр адам әркелкі қабыл-
дайды, бұл оның біліміне, өскен ортасына, психика-
лық ерекшеліктеріне, сол кездегі көңіл-күйіне, тағы
да басқа көптеген факторларға байланысты.
1- сурет
138
ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Конфликт – мақсат-мүдделері қабыспаған (бір суреттен әркелкі бейнелерді көрген) адамдар мен
топтардың арасындағы пікір қайшылығы, яғни ол – өміріміздің бір бөлшегі. Тек ашық әрі сау қоғамда
ғана конфликт болады. Әрі ол бейбіт әрі өркениетті диалог түрінде өтеді. Мұндай конфликт қоғамға
өте қажет, соның арқасында қоғам алға жылжиды, проблемаларды сыртқа шығарып, оны шешудің
өркениетті жолдарын қарастырады.
Мәселені бейбіт жолмен шешуді үйренбеген, демократиялық саяси жүйе қалыптаспаған мемле-
кеттерде конфликт қақтығысқа, күш қолдануға ұласып кетеді. Мұнда кейде журналистер басты рөл
ойнайды. Иә, отты тұтандыруға журналистердің білместігі себепкер болады.
Конфликтінің табиғатын түсіну үшін 1983 жылы режиссер Г.Бардин түсірген сіріңкелер туралы қысқа
мультфильмді келесі сілтеме бойынша көруді ұсынамын. https://www.youtube.com/watch?v=68B-
na18DUwo
тАҚыРыПшА БОйыншА тАПсыРмАлАР:
1. Егер сіріңкелерді адамдар десек, онда бұл көріністі белгілі бір конфликтімен байланыстырып,
қиялға ерік беріп көріңіз. Жағдайдың ушығуына түрткі болған жайттарды журналистің кәсібі деп
ойлаңыз. Мәселен, «бөтен» сіріңкені араларынан қуып шығу – газетте жазылған «Бұл – біздің
жауымыз» деген мақаладан кейін болуы мүмкін. Осы сияқты тағы үш оқиғаны табыңыз.
2. Конфликтінің қай кезеңінде оны тоқтатып, екі жақты сабырға келтіруге болатын еді? Үш мысал
айтыңыз.
2-таҚыРыПШа. КОнФлИКт таБИғаты
Қоғамдағы кез келген конфликт (әлеуметтік, саяси, ұлтаралық, дінаралық, т.с.с.) – астары көп, күр-
делі әлеуметтік құбылыс. Сондықтан, бір дау-дамай туралы хабар бермес бұрын оның табиғатын аз
да болса түсініп алу керек. Оның табиғатын түсіну дегеніміз – оның қай кезеңде тұрғанын және оған
қатысушы тараптарды анықтау. Журналист үшін мұның екеуі де өте маңызды.
Конфликт кезеңдерін 1) конфликтіге дейінгі 2) конфликт кезіндегі 3) конфликтіден кейінгі деп қара-
пайым үш бөлікке бөлеміз (2-сурет). Бірінші кезеңде тараптар мүдделер алшақтығын сезініп, оны
эмоциясыз, салмақты түрде талқылай бастайды. Бұл – мәселені байыппен талқылап, ушықтырмай
шешуге ең ыңғайлы кезең. Мұнда журналист мәселені ортаға салып, оны шешу жолдарын құзырлы
органдарға, үкіметке ұсынуы керек.
Конфликтінің белсенді кезеңі әдетте болмашы бір оқиғадан басталады. Бұл оқиға шешілмей келе
жатқан үлкен мәселені
қоздырып,
тараптарды
белсенді әрекетке, зор-
лық-зомбылыққа итерме-
лейді. Басқаша айтқанда
эскалация басталады. Бұл
кезеңде адамдар рацио-
налды ойлай алмай қалуы
мүмкін. Журналист те сол
қоғамның өкілі болған-
дықтан, ол да бір тарап-
ты жақтап, отқа май құя
түседі. Дәл осы жағдайда
«сезімтал журналистика-
ның» рөлі орасан зор.
Кикілжің белгілі бір се-
бептермен
саябырсып,
басылған тұста да жур-
2 - сурет
Достарыңызбен бөлісу: |