Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет43/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50

146
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
КЕмСІтуГЕ БОлмайДы, БІРаҚ...
Конституция  бойынша,  Адам  құқықтары  жөніндегі  декларация  бойынша,  Адам  баласын  ұлтына, 
нәсіліне, тілі мен дініне қатысты кемсітуге болмайды. Бірақ...
Қылмыстық  оқиға,  даулы  мәселе  кезінде  журналистер  қауымы  көбіне-көп  тараптардың  ұлтына, 
ұстанатын дініне акцент беріп, материалды сол тұрғыда беріп жатады. Мәселен, өткен жылы Оңтүстік 
Қазақстан облысында бір ауылдың тұрғындары өздерімен неше жылдан бері іргелес тұрып келе 
жатқан этникалық тәжіктерді ауылдан көшіріп жіберді. Олардың үйлерін өртеп, мүліктерін қиратты. 
Себеп: тәжік жігіті қазақ көршісінің кішкентай қызын зорламақ болған. зорлағаны дәлелденген жоқ. 
зорламақ болғаны да. Бірақ, ауыл түгел өре түрегеліп, тәжіктерге қоқан-лоққы жасады. Ал ақпарат 
құралдарында, әлеуметтік желілерде «келімсектер әбден құтырды!», «бұларды тайраңдатып қоймау 
керек!» деген сарындағы жазбалар көптеп жариялана бастады. Арада бір жыл өткенде, өткен жазда 
Ақтау қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Жасы қырықтан асқан азамат 6 жасар қызды зорлап, 
жағажайда күннің астында қалдырып кеткен. Бүлдіршін күн астында ұзақ жатып қалған. Жан сақтау 
бөлімінде  есін  жимаған  күйі  қайтыс  болды.  Қылмысты  жасады  деген  күдікпен  ұсталған  жігіттің 
қорғаушылары  күдіктінің  отбасына  қауіп  төніп  тұрғанын  айтып,  қайта-қайта  дабыл  қаққанымен, 
оның отбасын көшіріп жіберген ешкім болмады. Әлбетте, қандай да бір әрекеті немесе әрекетсіздігі 
үшін әркім заң алдында жауап береді. өз бетінше жазалауға ешкімнің де құқығы жоқ. Дегенмен 
де, дәл осы оқиғада «ұлт» факторы белгілі бір рөл ойнағаны жасырын емес. Егер әлгі бүлдіршін 
қазақтың қызы болып, ал күдікті өзге ұлттың өкілі болғанда, бұл оқиға қоғамдық резонанс тудыруы 
әбден мүмкін еді. Олай болмады. немесе, Есік қаласында төрт азамат жабылып зорлады делінген  
Жібек Мусинованың жағдайын алайық. Мұнда да күдікті жігіттерді жазғырудан гөрі, бойжеткеннің 
өзін кінәлі етіп көрсету көбірек байқалды.
 
Екі  ұлт  өкілінің  арасында  болған  жанжал  немесе  кішігірім  кикілжің  бірден  ұлтаралық  қақтығыс 
сипатын  алып  кете  барады.  Ол  тіпті  болымсыз  тұрмыстық  тартыстан  туындаса  да.  «Шалақазақ», 
«мәңгүрт»  деп  кемсіту;  «сақалдылар»,  «шолақ  шалбар  киетіндер»  деп  жазу  да  қазір  қалыпты 
жағдайға  айналған.  Күн  сайын  көшеде  белгісіз  адамдар  төбелесіп  жатады.  Кейде  бірнешеуі  бір 
адамға жабылып жатады. Ондай бейнежазбалардың талайы уотсап желісі арқылы да күніге келіп 
жатады.  Алайда,  егер  сол  бейнежазбада  барлығы  бір  ұлттың  өкілі  болса,  онда  аса  қатты  назар 
аудармаймыз.  Ал  егер  таяқ  жеп  жатқан  қазақ  болып,  өзгелері  басқа  ұлттың  өкілі  болса,  бірден 
жәбірленуші  мен  айыпталушы  белгілі  бола  қалады.  «Бүкіл  бір  көшеде  дүнгендер  тұрады  екен», 
«өзбектердің ауылы екен», «ұйғырлардың базары», «түріктердің районы» дегендей «анықтауыштар» 
ауызекі айтылғанымен, оларды ақпарат құралында жария ету дұрыс емес.
 
жУРнАлИст сОт немесе ПРОКУРОР емес!
 Қылмыскер жазасын алуы тиіс;
•  Адам өлтірген азғын алшаң басып жүр;
•  Бар кінә – мұғалімдерде;
 Жол сақшылары шетінен парақор;
 
Мұндай сипаттағы жазбалар журналистік этиканың жоқтығын ғана емес, сонымен бірге журналистің 
кәсіби деңгейінің төмендігін де көрсетеді. Журналистің міндеті қылмыскердің жазасын беру емес. 
Тіпті, оны талап ету де біздің міндетімізге кірмейді. Біздің міндет – қандай да бір қылмыстық оқиға 
туралы жазғанда болған жағдай туралы ақпаратты беру. Егер журналистік зерттеу жүргізген болсақ, 
қылмыстың  себебін  көрсетіп,  тараптардың  әрқайсысының  көзқарасын  жариялау.  Онда  да  заң 
шеңберінде ғана.
Қандай  да  бір  оқиға  кезінде  журналистер  сол  оқиғаның  ішіне  кіріп  кетіп  жатады.  Жәбірленуші 
тарапқа  жақтасып,  айыпталушы  жаққа  қара  күйе  жаға  сөйлеу  де  дағдыға  айналған.  Осының 


147
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
барлығы айналып келгенде жалпы журналистиканың деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп жатқанын 
білген жөн. 
Журналистік  этика  дегеннен  шығады,  қылмыстық  оқиғалар  кезінде  этика  нормаларын  сақтамау 
салдарынан адам құқығы аяқасты болатын жағдайлар да көп кездеседі.
 
мӘСЕлЕн:
•  Алматының қақ ортасында көпқабатты үйдің кіреберісіне кірген кішкентай қызды ұстап алып, 
зорламақ болған педофил ұсталды. Кешкі жаңалықтарда педофил деген күдікпен бір ер адамның 
ұсталғаны айтылды. Сонымен бірге, кейбір журналистер әлгі үйге барып, көшесін айтып, подъезін 
көрсетіп, жәбірленуші тұратын пәтердің есігінде қоңырау басып, «ешкім жауап бермейді» деп 
тұрды.
 
Бұл  арада  әңгіме  адамның  тағдырына  қатысты.  Ол  қыздың  ата-анасы  бұл  жағдай 
туралы  таныстарының,  жалпы  көпшіліктің  білгенін  қаламайтын  шығар.  Оқиғаның 
ертеңгі салдарынан қорқатын шығар. Тіпті, олай болмаған күннің өзінде де мұндайды еш 
қымсынбастан көрсету кәсіби этикаға жат.
 
немесе:
Алматының іргесінде ұшақ құлап, жолаушылар мен экипаж мүшелері түгел мерт болды. Осы оқиғаға 
бір жол толған уақытта белгілі бір телеарна арнайы сюжет жасамақ болады. Ұшақ апатынан көз 
жұмған ерлі-зайыптылардың ұлынан сұхбат алмақ болады. Алайда, баланың психологиясына әсер 
ететіндіктен, жақындары мұндай сұхбатқа рұқсат бермейді. Бірақ, «тапқыр» тележурналистер 
баланың мектебін біліп алып, сабақтан шыққанын аңдып тұрып, әңгімеге тартады.
Кәмелеттік  жасқа  толмаған  баладан  үлкендердің  рұқсатынсыз  сұхбат  алуға  болмайды. 
сюжеттің «өтімділігін» ғана ойлап, адамның тағдырын естен шығарып алсақ, адамгершілікке 
сын екені өз алдына, кәсіби біліктілікке де сай емес.
  
«айлығың ҚанШа?.. ҚаШан тұРмыС ҚұРаСың?..»
Адамның  үйленгені  немесе  ажырасқаны;  екінші,  үшінші,  бесінші  рет  үйленгені;  жасы  біразға 
келгеніне  қарамастан  отбасын  құрмай  жүргені;  баласының  жоқтығы  (немесе  ұлының,  қызының 
жоқтығы); алатын айлығы; тұратын үйі; киетін киімі... тағысын тағы осындай жеке басына қатысты 
жайттар  көптің  талқысына  салуға  жатпайды.  Дамыған  елдерде.  Ал  бізде?  Біздің  елде  бұл  да 
қалыпты  жағдайға  айналған.  Тележурналистер  кез  келген  белгілі  адамды  көшеде  артынан  қуып 
жүріп  ұстап  алып,  «Ажырасқаныңыз  рас  па?»,  «Күйеуіңіз  сізді  тастап  кеткені  рас  па?»  дегендей 
сауал қоя береді. немесе жасы біразға келіп қалған адамдарға «неге тұрмыс құрмай жүрсіз?» деген 
сауалды да ойланбастан қоя саламыз. Адамның денсаулығына қатысты жайттар да көптің «игілігіне» 
айналып кете барады. Мәселен, бір бағдарламада жүргізуші белгілі тележүргізушіге «неге тұрмыс 
құрмадыңыз? неге бала көтере алмадыңыз?» дегендей сауалдарды қойып отырды. өкінішке қарай, 
бізде ешкім ондай «ұсақ-түйек» үшін сотқа бермейді, моральдық өтемақы талап етпейді. Ал бұл өз 
кезегінде одан әрі «тереңдей» беруге жол ашады. 
Адамның  жанына  тиетін  нәрселерді  үнемі,  ретті-ретсіз  қазбалай  беру  де  журналистік  этиканың 
жоқтығын көрсетеді. немесе белгілі бір тұлғаны алдап шақырып алып, «тығырыққа тіреу» де солай.
Жуырда белгілі актриса Гүлшарат Жұбаева өзін телебағдарламаларға алдап шақырып алып, өнері 
туралы,  қазіргі  атқарып  жатқан  тірлігі  туралы  сөйлесіп,  ал  артынша  баяғы  «Келін»  фильміндегі 
жалаңаш бейнесін көрсетіп, мүлдем басқа сипаттағы сюжет жасайтын журналистерге өзінің ренішін 
білдірді. Біздіңше, орынды реніш.


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау