Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет49/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

160
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Авторы   
Ольга Диденко 
Жұмыс орны, қызметі 
  Internews, заңгер


161
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
 
ЖуРналИСтЕРДІң ҚұҚыҚтыҚ, ЖЕКЕ БаСының 
ЖӘнЕ «ЖЕлІДЕГІ» ҚауІПСІзДІГІ
 
 
«Әрбір өлтірілген не үрей құшағында қалған журналист – адамдардың аянышты халінің 
бір куәсі кемігені. Әр шабуыл шындықты бұрмалайды, үрей мен өзін-өзі тежеу жағдайын 
тудырады». 
Барри Джеймс, «Баспасөз еркіндігі:
Журналистердің қауіпсіздігі мен жазасыздық»,
ЮНЕСКО басылымы, 2002 жыл.
  
2016 жылғы мамыр. Қазақстанда өткен шерулер кезінде қазақстандық және шетелдік БАҚ елуден 
астам журналисі тұтқындалды. Олардың бәрі редакциялық тапсырмамен кәсіби қызметін орындау 
үшін оқиға орнында жүрген. Тұтқындалғандардың бәрі Қазақстанның түрлі қалаларындағы полиция 
бөлімшелеріне жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін, еш айып тақпастан, бәрін босатып жібереді. 
Фото, видео келесі сілтемелерде: https://www.youtube.com/watch?v=nagD2o5MKvU;
https://www.youtube.com/watch?v=Ht2G_nhceK8; 
http://total.kz/politics/2016/05/21/v_as-
tane_smi_soobschayut_o_zaderjanii_ryada_jurnalistov
2016  жылғы  желтоқсан.  Журналистер  мен  азаматтарды  жала  жабу  фактілері  бойынша  қудалау 
фактілері  артып  келеді.  Дәстүрлі  БАҚ  бетінде  де,  әлеуметтік  желілерде  де  жариялаған,  бөліскен 
жарияланымдары, видео, ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жағдайлары жиілеп 
кетті.  
Қазақстандағы  пікір  білдіру  еркіндігін  шектеу  тенденциялары  налытады.  Адамдарда  пікірі  мен 
сенімін білдіру мүмкіндігі неғұрлым азырақ болуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр.
неге бұлай дерсіз. Үкімет пікір білдіру еркіндігі мен сөз бостандығына аса мән бермейтін, әр адамның 
пікірі  мен  сенімдері  артынан  жамандық  болады  деп  қорықпастан  айтылуына  қолайлы  жағдай 
жасамайтын, журналистер мен БАҚ ештеңеден қорықпастан зерттеу жүргізіп, қоғам мүддесіне сай 
ақпарат жариялай алмайтын елдерде осылай болады.
Әлемде журналистер кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында өздерін қауіпсіз сезінуі үшін сенімді 
құқықтық кепілдіктер бар. Ендеше, неліктен әлі күнге дейін журналистерге шабуыл жасалып, олар 
өлтіріліп, бас бостандығынан айырылып келеді? өйткені көптеген елдердің үкіметі ол кепілдіктер 
мен журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жүзеге асыруға асығар емес.
2016 жылы зерттеуші-журналист Павел шеремет өлтірілді. Киевте көшеде өзі мінген көліктің 
астына  жарылғыш  зат  қойылған.  Шеремет  –  Беларусь  азаматы,  2010  жылы  кәсіби  қызметі  үшін 
азаматтығынан айырылған, 1998 жылы журналистерді қорғау комитетінің Халықаралық баспасөз 
бостандығы  сыйлығын  иеленген.  павел  Шеремет  қазақстандық  БАҚ  және  ҮЕҰ  серіктес  болған, 
Қазақстанға жиі келіп тұратын. Оның өлімі әлі тергеліп жатыр.
соңғы бес жылда журналистер жұмысы үшін ең қауіпті ел – сирия болып келеді. Бұл елде 
2016  жылы  14  журналист  өлтірілді,  ал  қақтығыс  басталғалы  бері  онда  қаза  тапқан  журналистер 
саны 107 адамға жетті. 
Инфографика #1. «Журналистердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр: қақтығыстар, шабуылдар, өлтіріп 
кету  жағдайлары».  Журналистер  құқығын  қорғау  комитетінің  статистикасы.  «Әділ  сөз»  қорының 
Қазақстан бойынша 2016 жылғы статистикасы.  
Ел ішінде немесе кәсіби журналистік қауымдастық ішінде болған соң, еліміздегі сөз бостандығы, 
баспасөз бостандығы деңгейін объектив бағалай алмаймыз. Субъектив түрде бағалар болсақ, «иә, 
сөз бостандығы жөнінен бізде бәрі дұрыс» деген мен «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ» дегенге 


162
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
дейінгі кез келген жауап беруге болады. Қайсыбір елдегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы 
деңгейіне қандай да бір объектив баға халықаралық рейтингтерде ғана көрсетіледі.  
«Freedom  House»  және  «Reporters  without  borders»  халықаралық  ұйымдары  ондаған  жылдан 
бері    «Freedom  of  the  Press»  және  «World  Press  Index  Freedom»  рейтингтері  көмегімен  бүкіл 
дүниежүзіндегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы деңгейін өлшеп келеді. Осы рейтингтердегі 
Қазақстандағы сөз және баспасөз бостандығының жағдайы қандай?
2016 жылғы Freedom House рейтингінде Қазақстан 84 балмен 202 елдің ішінде 183-орында тұр.  
Қазақстан «еркін емес БАҚ» бар елдер тізіміне енгізілген. рейтинг әдістемесі журналистер мен БАҚ 
жұмыс істейтін саяси (ең жаман баға – 40 балл), құқықтық (30 балл) және экономикалық (30 балл) 
ортаны зерттеуге негізделген. 9 балл иеленген норвегия 2016 жылғы Freedom House рейтингінде 
көш бастап тұр.
«Шекарасыз  репортерлердің»  2016  жылғы  индексінде  Қазақстан  54,55  балл  жинап,  180  елдің 
ішінде 160-орында тұр. Бұл рейтингтің көшбасшысы – 8,59 балл алған Финляндия. Freedom House 
рейтингіндегі сияқты, Қазақстанның «көршілері» – БАҚ жағдайы бізден де төмен елдер.
Freedom House баяндамасында Қазақстанның журналистері мен БАҚ жұмыс істейтін экономикалық 
және  саяси  орта  ауыр  екені  атап  өтіледі:  журналистерге  шабуыл  жасалады,  жала  жапты  деп 
айыпталады,  заңдар  мен  шектеулер  тым  қатал,  соның  салдарынан  өзіндік  цензура  туындап, 
қазақстандық БАҚ тұшығып жатыр.
Қазақстан – жала жабу мен қорлау бойынша қылмыстық жауапкершілік сақталып отырған аздаған 
елдің  қатарына  кіреді,  ал  кейбір  санаттар  –  депутаттар,  судьялар,  құқық  қорғау  органдарының 
өкілдері – БАҚ бетіндегі жала жабудан қосымша қорғалған. 
Журналистер  диффамация  мәселелері  бойынша  сот  алдында  жауап  беретін  жағдайлар  да  жиі 
кездеседі. Кейде сот журналистер пайдасына шешім шығарады, алайда, көбінесе журналистер мен 
БАҚ  салынған  үлкен  айыппұл,  моральдық  шығынның  өтемі  басылымдардың  жабылып  қалуына 
себепші болып жатады.


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау