139
ҚазаҚ
стандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
налистің жұмысы өте
маңызды. Бұл кезеңде
олар екі жақтың ара-
сында өзара түсіністік
пен сенім қалыптасты-
руға тырысуы керек.
Конфликт үнемі тек екі
тараптан
тұрмайды,
онда тасада тұрған ой-
ыншылар, ықпал етуші,
арандатушы
жақтар
болуы мүмкін. Сон-
дықтан, бір кикілжің
туралы жазардың ал-
дында ойша болса да
оның картасын жасап
алыңыз (3-сурет).
тАҚыРыПшА БОйыншА КеңестеР:
Конфликтіге дейінгі кезеңде бейтараптық сақтай отырып, тараптардың мәселе бойынша
ашық, салмақты пікір айтуына мүмкіндік беріңіз. Мақалаңызды (репортажыңызды) солардың
пікірталас алаңына айналдырыңыз.
Мәселені шешудің жолдарын көрсетуге тырысыңыз. Ол үшін арнайы мамандардың, бейтарап
тұлғалардың көмегіне сүйенуге болады. Журналистің қолында кикілжіңнің алдын алуға
болатын үлкен күш бар екенін түсініңіз. Қарулы қақтығыстардың басым көпшілігі осы кезеңде
журналистер бейтараптық сақтай алмағаннан болады.
3-таҚыРыПШа. «СЕзІмтал ЖуРналИСтИКа»
Қақтығыстар көп болған елдерде «conflict reporting» дегеннің орнына «peace journalism», «conflict
sensitive journalism» деген ұғымдар қалыптасқан, қазақшаласақ, «бейбіт журналистика», «сезімтал
журналистика» деуге болады. Бұлардың басты мақсаты – конфликтіні текетірес, бітіспес дау-дамай
емес, қоғамдағы объективті құбылыс ретінде сипаттап, оның зорлық-зомбылыққа ұласып кетуіне
жол бермеу.
Физикалық зорлықтан (күш немесе қару қолдану, мүлікті талқандау, т.с.с.) бұрын мәдени зорлық
болады. Журналист көбіне байқамай немесе білместікпен осы процеске белсене араласып кетеді.
Кейде тараптардың пікірін өзі айтып, бейтараптық принципін бұзып жатса, кейде «шындықты» бе-
ремін деп олардың жаулық сипаттағы сөздерін жариялап, жағдайды одан сайын ушықтырады.
мәдени зорлыққа мыналар жатады:
• Жаулық сипаттағы сөздер (hate speech) – ұлттық, діни топтардың бір-бірі туралы жағымсыз
пікір айтып, бір-бірін айыптауы, онда кекесін мен мысқылдың, өшпенділіктің болуы.
• Ксенофобия – бір топтың екінші бір топқа қатысты жағымсыз стереотиптерін факт орнына
пайдалану, менмендік, үстемдік, өшпенділік, тарихи фактілерді бұрмалау, орынсыз қорқыныш,
үрейді насихаттау.
• Соғыстың батырлары туралы аңыздар – «жауды жеңген батырлар» туралы әңгімелер екінші
тараптың намысына тиеді, ол адам бір жақ үшін батыр болса, екінші жақ үшін қылмыскер саналуы
мүмкін.
• Күш қолдануды ақтау – қорғану, кек алу, жерді қайтару, намысты қолдан бермеу сияқты түрлі
себептермен күш қолдануға болады деп жазу арқылы журналист бір жақтың ығына жығылып,
жағдайды одан бетер ушықтырады.
3 - сурет