Студенттердің жазғы демалыста жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет
Студенттік шақ – біздің барлығымыз үшін өмірдің ең ерекше кезеңі.
Болашақтағы кәсіби жол мамандық таңдауға, тәжірибеден өткен орынға,
игерген дағдыларға байланысты болады.
Студент бола отырып жұмыс табу – оңай міндет емес. Еңбек нарығындағы
жағдай мынадай, жұмыс берушілер дипломсыз маманды жалдауға
қызығушылық танытпайды. Алайда бұл жағдайдан шығудың да амалы бар:
мемлекет жұмыс істейтін жастарды қолдау үшін әр түрлі бағдарламаларды
іске асырады, студенттер халықаралық бағдарламаларға (олар Work and
Travel) қатысуы мүмкін немесе өзінің болашақ жұмыс орнында
тағылымдамадан өте алады.
Осы мақалада сіз студенттерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша
қайда жүгінуге болатынын, қандай мемлекеттік
және халықаралық
бағдарламаларға қатысуға болатынын және ҚР заңнамасы бойынша
студенттермен еңбек қатынастары қалай реттелетіні туралы ақпаратты ала
аласыз.
Еңбек кодексіне сәйкес жастардың құқықтары (14-18 жас):
Жазғы демалыстар кезіндегі студенттерге арналған жұмыс
Жұмыс істейтін жастарды мемлекеттік қолдау. «Жасыл Ел»
бағдарламасы
Жазғы демалыстар кезінде немен айналысуға болады?
Пайдалыны жағымдымен үйлестіруге тілек білдіргендер үшін оңтайлы
шешім «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына қатысу болады, онда сіз
ақша таба аласыз, жаңа таныстықтарға ие болып, өз далаңыздың
экологиясына септігіңізді тигізе аласыз.
2005 жылдан бастап елбасының бастамасы бойынша жазғы демалыстар
кезінде жастарға әр түрлі бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс
істеуге: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаштар отырғызу, кесу,
ормандарды, су қоймаларын және т.б. санитарлық тазалау), өз қалаңды
көгалдандыруға мүмкіндік беретін «Жасыл Ел» бағдарламасы жұмысын
бастады. Аталмыш бағларлама соңғы жылдары өзін барынша белсенді ірі
студенттік құрылымдардың бірі ретінде көрсете білді. Бүгінде елде
200 мыңнан астам «Жасыл ел» сарбаздары бар. Қозғалыс Республиканың он
төрт облысында он бір жыл бойы әрекет етуде.
Бағдарламаны іске асыру және жалпы студенттік отрядтардың жұмысын іске
асыруға әр аймақтағы Жастар саясаты жөніндегі мәселелер бойынша
басқарма жанынан ашылған Жастар отрядтарының республикалық
штабтары жетекшілік етеді.
Егер сіз «жасыл сарбаздардың» бірі болуға бел бусаңыз, шартты жасау үшін
қажетті құжаттарды өзіңізбен алып өз қалаңыздағы студенттік отрядтар
штабына жүгініңіз. Студенттерге арналған бағдарламаның тартымдылығы
мен қолайлығы – іріктелу кезінде сізге міндетті түрде сұхбаттасудан өту
керектігінде. «Жасыл Елге» қатысу тәжірибесі болашақ экологтарға,
құрылысшыларға және инженерлерге ерекше пайдалы.
Республикалық штаб сіздің жұмыс берушіңіз сияқты жұмыс кезінде сізбен
еңбек шартына қол қояды, жұмысқа арналған арнайы киімді және қажеттілігі
болған жағдайда көлікті ұсынады. Еңбекақы мөлшері туралы айта отырып,
жұмыс көлемдеріне байланысты ол 30 000-нан 150 000 теңгеге дейін
түрленеді.
Еңбек шартын жасауға арналған қажетті құжаттар:
жеке куәлік;
зейнетақы қорынан шарт;
банктік дербес шот («Қазпошта» АҚ немесе банкте);
ф.086 денсаулық жағдайы туралы анықтама;
фото 3×4 (2 дана);
егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасынан жұмыс істеуіне жазбаша
рұқсат.
Халықаралық бағдарламалар
АҚШ. «Work and Travel» америкалық бағдарламасы жазғы демалыстар
кезінде студенттерге арналған.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның студенттеріне Америка Құрама
штаттарының мәдениетімен танысуға, тілді білу деңгейін арттыру, ел
бойынша саяхат және маңыздылығы аз емес ақша табу мүмкіндігін беру.
Work and Travel – АҚШ қызмет көрсету саласында заңды жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін студенттерге арналған бағдарлама: ресторандарда,
қонақүйлерде, сауықтыру саябақтарында, дүкендерде және т.б. Бағдарламаны
ұйымдастырудың екі түрі бар:
қазақстандық агенттік жұмысты іздеуде көмектеседі. Бұл жерде жаз
бойы жұмыс істеу қажет болады;
Егер студентте алдыңғы жұмыс
берушімен байланыс болса, жұмыс
келісімшартын ұсынбастан. (яғни студент АҚШ-қа бірінші рет
жіберілмесе). Агенттікке жазғы маусым бойында ол жұмыс істейтін
жұмыс берушіден келісімшартты міндетті түрде ұсыну талап етіледі.
Құрама штаттарда болу ұзақтығы шығу күніне байланысты 3-4 айды
құрайды. Қажетті шарт – Қазақстанға 1 қазаннан кешікпей оралу керек.
Бағдарламаға қатысу үшін тіркеуден өткен және құжатты беруде кәсіби
көмек көрсете алатын арнайы агенттіктерге жүгіну қажет.
Мәлімет
http://egov.kz/cms/kk/articles/work4students
сілтемесінен алынды.