Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі Шолу Алматы 2006 ж. Каzakhstan



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата30.12.2019
өлшемі1,33 Mb.
#25517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1

Мұндай  қоныстандыру  жағдайы  әр  түрлі  фак-

торлармен  түсіндіріледі.  Біріншіден,  квота  өңірлік 

бөлініске  бағытталған,  сондықтан  да  квота  өмір  

сүру  жерлерін  шектейді.  90-жылдар  квота  көбі-

несе  Солтүстік  Қазақстанға  бағытталған  бола-

тын.  Бұл  етек  алған  солтүстік  және  орталық  ау-

мақтардағы  эмиграциялық  ағымдардың  халық  

санын  төмендетуге  әкеліп  соққан  залалдарын  

жабу  мақсатында  жүргізілген  болатын.  Мигра-

циядағы  өзгерістерге  сай  квота  кейінгі  жылдары 

оңтүстік  облыстарға  жылжи  бастады,  бұл  орал-

мандардың  қоныстандыру  үдерісіне  (географи- 

 ялық  бағытына)  сай  келеді.  Мысалы,  2005  жылы 

квотаға  енгізілген  оралмандардың  73%  (15  000 

отбасының  10 885-і)  Өзбекстаннан  көшіп  келіп, 

Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды.

Квотаға  енгізу  өтінішін  бергендер  қай  облыста 

тұрғысы  келетіндігін  көрсетеді.  Таңдау  өкілеттігі 

бар  облыстық  комиттер,  өтініш  бойынша  квота  

лимитіне  негізделген  нақты  шешім  қабылдайды. 

Белгілі  бір  облысқа  өтпей  қалған  өтініш  берген 

оралман басқа облысқа квотаға енгізілмейді. Егер 

оны бұл облысқа квотаға енгізбесе, ол тіптен еш-

қандай  квотаға  енгізілмейді.  Квотаға  енгізілме-

гендер  өтінішін  тек  қана  келесі  жылы  қайта  бере 

алады.

Квотаға  енгізілмеген  оралмандарды  қоныстан-



дыруға  көшіп  келген  елдің  жақындығы,  жұмыспен 

қамту  деңгейі  сияқты  факторлар  әсер  етеді.  Мы-

салы,  Оңтүстік  Қазақстанға  көптеген  оралмандар 

Өзбекстаннан,  Тәджікстаннан,  Түркменстаннан, 

Ираннан,  Ауғанстаннан,  Пәкістан  мен  Түркиядан 

көшіп  келеді,  олар  бұл  облысты  бұрынғы  тұрған 

жеріне жақын болғандықтан және жылы климаты-

на  байланысты  таңдайды.  Орыс  тілінде  сөйлей 

алмайтын  оралмандар  бұл  облыста  қазақ  тілін- 

де  сөйлейтіндердің  көптігін  де  еске  алып  таң-

дайды.  Облыстарды  таңдауда  оралмандардың 

туысқандары  болуы  және  тарихи  байланысы  қо-

сымша себеп бола алады.

Маңғыстау  облысы  –  оралмандар  санына  бай-

ланысты  екінші  орында  тұр  -  Түркменстаннан, 

Өзбекстаннан,  әсіресе,  Қарақалпақ  автономдық 

республикасынан  келген  оралмандарға  тартым- 

ды.  Олар  осы  облыста  тұрып  жатқан  оралман-

дардың  95%-ін  құрайды.  Мұндай  қоныстанудың 

негізгі  себебі  Түркменстан  мен  Өзбекстанның  та-

рихи  түбірінің  жақын  болуы.  Маңғыстау  облысы 

оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тар-

тымды.  2002  жылы  Маңғыстауда  бұл  көрсеткіш 

жалпы ұлттық деңгейден 91,1% -ке көбейді.

Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы 

ақпарат  шектеулі.  Осыған  қарамастан  жыл  сайын 

Өзбекстаннан  көшіп  келіп  жатқан  оралмандар  ту-

ралы ақпаратты соңғы 55 жылда байқауға болады. 

2001  жылы  осы  елден  Қазақстанға  24859  адам, 

2002  жылы  87596  адамға  дейін  көшіп  келді.  2004 

жылы бұл көрсеткіш 46787 адам болса, 2005 жылы 

қыркүйекте  тағы  да  күрт  өсті  (78 123-ге  дейін). 

Олардың көшіп келу себебін көшкен елдерінің эко-

номикалық  жағдайының  тұрақсыздығы,  ал  Қазақ-

станға келсек , керісінше, позитивтік жаңалықтардың 

болғаны деп түсіндіруге болады. 



2.3. оралмандарды қоныстандырудың 

ерекшеліктері 

Оралмандар  Қазақстанның  барлық  өңірленде-

рінде  тұрады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 

оралмандардың  басым  бөлігі  тұрады  (122  131). 

Бұл  шамамен  Қазақстанда  тұрып  жатқан  барлық 

оралмандардың  26%-н  құрайды.  Екінші  орында 

оралмандар  саны  бойынша  Маңғыстау  облысын 

бөліп  көрсетуге  болады.  Бұл  жерде  61 737  адам 

немесе барлық оралмандардың (13%) тұрады. Ал-

маты  және  Жамбыл  облыстарында  60  770  және 

49 365  оралман  тұрады.  Ең  аз  оралмандар  тұра-

тын облыстарға Батыс-Қазақстан, Атырау облысы 

мен Алматы, Астана қалалары жатады.

2.3. сурет. оралмандарды облыстар 

бойынша қоныстандыру



1

2.4. Қайталанған көші-қон үрдісі

Қайталанған  көші-қон  үрдісі  (немесе  басқа  об- 

лысқа,  ауданға  көшу)  оралмандар  арасында  жиі  

кездесетін  жағдай.  Зерттеулерге  сүйенсек,  орал-

мандардың  24%-і  тұрған  жерлерін  кем  деген-

де  1  рет  өзгерткен.  Қайталанған  көші-қон  үрдісі 

әсіресе  ауылдық  жерде  қоныстанған  оралман- 

дар  арасында  жиі  кездеседі.  Солтүстік  аудан- 

дардан  оңтүстік  аудандарға  ауысып  көшу  90- 

жылдары  кең  етек  алған,  бұл  квотаның  геогра-

фиялық тұрғыдан өзгеруіне байланысты, ауылдық 

жерлерден қалаға көшуі әлі де жиі кездеседі.

Мұндай  миграцияның  жоғары  деңгейіне  ауыл-

дық  жерлерде  жұмыс  орнының  болмауы  (кол-

хоз,  совхоздардың  күйреуі);  мектептер  мен 

ауруханалардың  тапшылығы,  кейбір  аудандарда 

бала  оқыту  мүмкіншілігінің  болмауы;  жақын  қа- 

лаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы жә- 

не  ауылдық  инфрақұрылымның  нашар  дамы-

ғандығы  сияқты  факторлар  жатады.  Орталық  жә- 

не  солтүстік  аймақтардағы  оралмандар  ауылдық 

жерлерден  қалаға  жиі  көшеді.  Маңғыстау  мен 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  респондент-

тердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жер-

лерін өзгерткен. 



1

III БөліМ.

орАлМАНдАрдЫҢ 

ЭкоНоМИкАлЫқ ЖӘНе 

ӘлеуМеттік ИНтеГрАЦИЯсЫ

3.1. Жұмыспен қамтылу

Иммигранттардың  экономикалық  интеграциясы  

немесе  жұмыспен  қамтылу  деңгейі  еңбек  рыно- 

гына  қатысуы  жаңа  қоғамға  кіруіндегі  негіз-

гі  көрсеткіш  болып  табылады.  Зерттеулердің 

нәтижелері  көрсетіп  отырғандай,  оралмандардың 

экономикалық  интеграцияға  жеткен  деңгейі  өте 

төмен.


Көші-қон  комитетінің  ресми  статистикасына  жү-

гінсек,  оралмандардың  тек  қана  61,5%  ғана  жұ-

мыспен қамтылған.

15

 2000 жылдағы жұмыспен қам- 



тылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көр-

сеткіш  2004  жылы  91,6%  болған  барлық  халық- 

тың  жұмыспен  қамтылу  деңгейімен  салыстыр- 

ғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасын-

дағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша көр-

сеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.

Аймақтар  бойынша  жұмыспен  қамту  деңгейінде 

айырмашылық  бар.  Мысалы  Астанада  оралман-

дардың  91%  жұмыспен  қамтылған.  Алматы  об-

лысында  сұрақ  қойылған  оралмандардың  83% 

жұмысымыз  бар  деп  жауап  берді.  Солтүстік  Қа- 

зақстан  облысында  зерттеу  барысында  оралман- 

дардың  79%-не  жұмыс  орны  табылды.  Оңтүстік 

аймақтарда  жұмыспен  қамту  деңгейі  өте  төмен.  

Оңтүстік  Қазақстанда  сұрақ  қойылған  оралман-

дардың  38%-інде  ғана  жұмысы  бар.  Осындай  тө- 

мен  көрсеткіштер  зерттеу  барысында  Батыс  Қа-

зақстан  облысында  да  байқалды,  ол  жерде  сұрақ 

қойылған  оралмандардың  41%  ғана  жұмысымыз 

бар деп жауап берді.

Оралмандар  ішіндегі  жұмыссыздық  деңгейінің 

жоғары  болуын  әр  түрлі  себептермен  түсіндіруге 

болады.  Біріншіден,  оралмандардың  жұмыс  та-

3.1. сурет. облыстар бойынша оралмандардың жұмыспен қамтылуы

15

 2005 жылы 1 қаңтардағы көші-қон комитетінің мәліметтері. 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау