Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық ЖӘне жұмыспен қамтылу жағдайы нұрланұлы Ж., Ибрашева Э. Ж



жүктеу 121,73 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі121,73 Kb.
#19386


Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жағдайындағы студенттік ғылымның рөлі

________________________________________________________________________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ  ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН 

ҚАМТЫЛУ ЖАҒДАЙЫ

Нұрланұлы Ж., Ибрашева Э.Ж.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Соңғы  жылдары  Қазақстандағы  еңбек  рыногы  жұмыссыздық  деңгейiнiң 

төмендеуiмен,  мемлекеттiк  емес  сектордың  пайдасына  экономика  секторлары  мен 

салалары  арасында  жұмыс  күшiнiң  қайта  бөлiнуiнiң  жалғасуымен,  жалданып  жұмыс 

iстейтiндер  санының  өсуiмен  сипатталады.  2008  жылғы  бірінші  тоқсанда  жұмыссыздық 

халық  саны  (15  және  одан  жоғары  жастағы,  табысты  жұмысы  болмаған,  оны  белсенді 

іздеген, жұмысқа кірісуге әзір болған адамдар) 573,8 мың адамды құрады. Бұл 2007 жылғы 

тиісті  кезеңге  қарағанда  50,2  мың  адамға  немесе  8%-ға  аз.  Жұмыссыздық  деңгейі  6,9% 

(2007 жылғы бірінші тоқсанда – 7,7%) құрады. Жұмыссыздар арасында ерлер саны - 231,6 

мың адамды (40,4%), әйелдер саны – 342,3 мың адамды (59,6%), жұмыссыздық деңгейі –

тиісінше,  5,5%  және  8,3%  құрады.  Жұмыссыздардың  жалпы  санынан  57%-ы  - қалалық 

жерде, 43%-ы - ауылдық жерде тұрады.

Жұмыссыз халық құрылымында 15-24 жастағы жастардың үлесі 19%, 25-29 жастағы 

адамдар  –  19,8%,  30-39  жастағылар  –  24,6%,  40-44  жастағылар  –  8%  құрайды.  Жастар 

жұмыссыздығының  деңгейі  (15-24  жастағылар)  8,1%  болып  қалыптасты.  Еңбек 

рыногындағы  жағдайға  мамандықтар  және  бiлiктiлiк  санаттары  бойынша  жұмыс  күшiне 

сұраныс  пен  ұсыныстың  сәйкес  келмеуi  әсер  етедi.  Бiлiктi  жұмыс  күшi,  әсiресе,  жоғары 

бiлiмдi  мамандар  және  жоғары  бiлiктi  жұмысшы  кадрлар  санының  кемуiмен  бiрге, 

халықтың  кетуi  салдарынан,  кәсiптiк  даярланбаған  адамдар  саны  өсуде.  Жұмыссыздар 

санынан  жоғары  білімі  барлары  –  128,6  мың  адам  (олардың  жалпы  санының  22,4%-ы), 

орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлары – 127,4 мың адам (22,2%), бастауыш кәсіптік білімі 

барлары  –  57,4  мың  адам  (10%),  жалпы  орта  білімі  барлары  –  221,9  мың  адам  (38,7%) 

болды.

Кез  келген  жұмыстың болмауы  себебімен  әрбір  үшінші  жұмыссыз  –  171  мың  адам 



жұмыспен  қамтылмады.  Таратылуына,  штаттың  қысқаруына  немесе  еңбек  шарты 

мерзімінің  аяқталуына  байланысты  кәсіпорындар  мен  ұйымдардан  босатылған  адамдар 

119,8  мың  адамды  (барлық  жұмыссыздардың  санының  20,9%-ы),  өз  еркімен  жұмыстан 

шыққандар саны – 110,3 мың адамды (19,2%) құрады.

2008  жылғы  бірінші  тоқсанда  бір  жыл  және  одан  көп  уақыт  154  мың  адам  немесе 

барлық жұмыссыздардың 28,6%-ы жұмыссыз болды. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі 

2,9% (2007 жылғы бірінші тоқсанда – 3,5%) құрады. 

Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің 

жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2008 

жылғы наурыздың соңында 62 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 16,1 

мың  адамға  (20,6%-ға)  аз.  Ағымдағы  жылғы  наурызда  экономикалық  тұрғыдан  белсенді 

халық  санындағы тіркелген  жұмыссыздардың үлесі 0,8%  (2007 жылғы  наурызда  – 1,0%) 

құрады.

Республика  экономикасында  2008  жылғы  бірінші  тоқсанда  7,8  млн.  адам  жұмыс 



істеді.  2007  жылғы  бірінші  тоқсанға  қарағанда  олардың  саны  271,9  мың  адамға  немесе 

3,6%-ға өсті. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,1 млн. адам (жұмыспен 

қамтылғандардың  жалпы  санының  66,2%-ы),  өзбетінше  жұмыспен  қамтылғандар  -  2,6 

млн. адам (33,8%) құрады.

Жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында, әсiресе, еңбек рыногында неғұрлым 

төмен  күйдегi  мүгедектердi  жұмыспен  қамту  проблемалары  шиеленiсуде.  Ең  алдымен, 

Тәуелсiз  Мемлекеттер  Достастығы  мемлекеттерiнен  астыртын  еңбек  көшi  қазақстандық 



еңбек  рыногына  әсер  етiп  отырған  проблемалардың  бiрi  болып  табылады.  Көптеген 

қазақстандық кәсiпкерлер бiлiктiлiгi төмен шетел жұмыс күшiнiң арзандығынан астыртын 

еңбек  iздеушiлердi  оңайлықпен  жалдайды.  Бұл  терiс  бәсекелестiкке  кезiгiп  отырған 

жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етiп, "көлеңкелi" сектордың және заңсыз 

жалдаудың 

кеңеюiне 

 

әкеледi.


Табысы  төмен  жұмыс  орындарының  басымдығымен,  толымсыз  жұмыспен  қамтумен 

айқындалатын  "жұмыс  iстеушi  кедейлер"  жалақысының  төмен  деңгейi  кедейлiк 

себептерiнiң  бiрi  болып  табылуда.  Экономикалық  қызмет  түрлерi  бойынша  жалақы 

айырмашылығы  6-7  есе  төмен  болады,  негiзiнен,  еңбек  өнiмдiлiгi  және  жұмыспен 

қамтылғандардың 

бiлiктiлiгi 

бойынша 

экономика 

салалары 

арасындағы 

айырмашылықтармен айқындалады.

Ерлер  мен  әйелдердiң  жұмыспен  қамтылуындағы,  олардың  еңбекақысындағы 

айырмашылықтар,  еңбек  рыногындағы  бәсекелестiк  қабiлеттiлiгi  әйелдердiң  кедейлiгiне 

әсер ететiн  факторлар болып  табылады. Әйелдер, әдетте, еңбекақысы төмен  секторларда 

(денсаулық  сақтау,  бiлiм  бepу  әлеуметтiк  қызметтер  саласы,  мәдениет)  жұмыс  iстейдi. 

1998 -2006 жылы әйелдердiң орташа жалақысы ерлер жалақысының 75,8%-iн, 1999 жылы 

-  67,6%-iн,  2000-2007  жылы  60,5%-ін  2001-2008  жылы  -  58,7%-iн  құраған.  Ерлер  сектор 

iшiнде мейлiнше жоғары ақылы қызметтерге ие болып отырғандықтан, бұл үрдiс дәстүрлi

"әйелдер" салаларында да сақталуда. Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда әйелдердi 

жұмыспен  қамту  проблемасы  мейлiнше  өткiр  тұр.  Жұмыссыз  әйелдердiң  үштен  бiрi 

ауылдық  жерде  тұрады.  Жұмысқа  қабылдау  кезiнде  орын  алып  отырған  жынысы  және 

жасы  бойынша  кемсiтушiлiктер  зейнеткерлiк  жасы  алдындағы  адамдардың,  әсiресе, 

әйелдердiң  кедейлiк  жағдайын  тереңдетуде.  Жұмыс  берушiлердiң  ер  қызметкерлердi 

жалдауға көңiл бөлуiнен, әйелдер жұмысқа орналасу кезiнде проблемаларға жиi кезiгуде. 

2001 жылы ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейi - 8,9%-ды, әйелдер арасында 12,0%-

ды құрады.

Ресми  деректерге  сүйенсек,  еліміздің  экономикасы  жылдан-жылға  өсіп  келе 

жатқанын көреміз. Әрине, мұнай мен астықтың  әлемдік бағасы тым шарықтап кетуі осы 

саладағы қазақстандық ірі компанияларға көл-көсір пайда әкелуде. Бұл – шындық. Алайда 

бұл  ел  экономикасы  дамуының  жалпы  көрсеткіші  болмаса  керек.  Неге  десең,  соңғы  бір 

жылдың көлемінде орын алған қаржылық дағдарысқа байланысты жұмыссыздық саны өсе 

түсуі  осының  айғағы.  2008  жылдың  мамыр  айының  дерегіне  сүйенсек,  республика 

бойынша  жұмыссыздық  6,7  пайызды  құраған.  Жұмыссыз  жүргендердің  жалпы  саны  568 

мың адам. Бұл – ресми дерек, ал есепке алынбаған жұмыссыздар саны бұдан бірнеше есе 

көп  болуы  мүмкін.  Сарапшы  мамандардың  пікіріне  қарағанда,  алдағы  күзге  қарай 

жұмыссыздық  саны  күрт  өсе  түспек.  Олар  мұның  бірнеше  себептерін  алға  тартуда. 

Қаржының  жетіспеушілігінен  шағын  және  орта  бизнес  қиын  жағдайда.  Еліміздің 

жартысын кәсіпкерлік ішкізіп-жегізіп, киіндіріп отыр дейтін болсақ, жағдайдың шынында, 

қиын  екенін байқауға болатындай. Мәселен, шағын және орта бизнестің  ең бір дамыған, 

көп жері Алматы қаласы  өткен жылдың қорытындысы бойынша, осы шаһарда тіркелген 

ЖШС-ның  77 пайызы және жеке кәсіпкерлердің  жартысынан көбі шығынға батты,  және 

қаладағы  өндіріс  көлемі  8,4  пайызға  құлдырады.  Бөлшек  сауда  айналымы  12  пайызға 

кеміді.  Сондай-ақ  құрылыс  заттарын  шығару  қысқарған.  Өйткені  құрылыс  алаңдарында 

жұмыстың  тоқтап  қалуы  бұл  салаға  да  үлкен  әсер  етуде.  Мамандардың  есебі  бойынша, 

құрылыста жүрген 100 мың адамның тең жартысы далада қалған. Ал жұмыс орнын сақтап 

қалғандардың біраз бөлігі, еңбекақының аздығынан өз еріктерімен жұмыстан кетуде. Бұл 

– аксиома. Демек, жұмыссыздық саны артпаса, кемімейтіні белгілі. Құрылыс саласындағы 

дағдарыс  1990  жылы  Токиода  болған,  сондай-ақ  соңғы  он  жылдықта  Испания,  Таиланд, 

Малайзия, Индонезия, Корея, Мексика, Финляндия, Швеция және АҚШ-тағы дағдарысты 

еске  салады.  Бұл  елдерде  де  дағдарыстың  салдарынан  жүз  мыңдаған  адам  жұмыссыз 

далада қалғаны белгілі. Өткен жылға қарағанда биыл елімізде жұмыс іздегендердің саны 

ондаған есеге артқан. Алайда жұмыс беретіндер тым аз көрінеді. Әсіресе, құрылыс саласы 




жұмысшыларды  жұмысқа  шақырған  жарнамаларды  кілт  тоқтатты.  Қаржы  саласында  да 

осындай жағдайды байқауға болады. Өзгені былай қойғанда, банктер мен компанияларда 

қызметкерлерді  қысқарту  жүруде.  Мұның  бәрі  жұмыссыздық  санын  көбейте  беретіні 

сөзсіз.  Демек,  сарапшылардың  «жұмыссыздық  саны  арта  береді»  дегені  шындыққа 

айналары анық.  Бұл үшін  не  істеу керек? Шағын және орта  бизнес  саласын өркендетуге 

жол  ашу  қажет.  Мемлекет  тарапынан  осы  салаға  үлкен  қолдау,  демеу  болмайынша 

тығырықтан шығу оңай болмасы анық. 

Жұмыссыздықты  жоюдың  бір  жолы  ол  бизнеске  мемлекеттің  қолдауы  керек. 

Мәселен,  өркениетті  елдерді  алатын  болсақ,  5  пайыз  адам  аса  бай,  75  пайызы  орта  тап, 

қалған 20 пайыз адам кедейлер тобын құрайды. Ал бізде қалай, өкінішке қарай, 5 пайызы 

аса  бай,  30  пайызы  өз  күнін  өзі  көріп  жатқандар.  Ал  қалғанының  бәрі  кедей-кепшікке 

жатады.  Айлығы  шайлығына  жетпей  жүргендерді  қалай  орта  тап  деп  айта  аламыз.  Бізге 

керегі  –  орта  тапты  қалыптастыру.  Орта  тап  дегеніміз  кім?  Ол  –  кәсіпорын  ашып,  кем 

дегенде  10-15  не  болмаса  100-200  адамға  жұмыс  тауып  беріп  отырған  адам.  Сондықтан 

шағын  бизнестің  өркендеуіне  жол  ашуымыз  керек.  Ал  ол  гүлдесе,  сөз  жоқ,  жұмыс 

табылады. Жұмыссыздық азаяды. Міне, бұл – жұмыссыздықпен күресудің басты жолы.

Қазір  сырттан  келетін  қаражат  көзі  тоқтады.  Сондықтан  банктерде  құрылыс 

саласына  несие  беруді  қойды.  Бұл  өз  кезегінде  көптеген  құрылыс  компанияларын 

банкротка  әкеліп  соқтырды. Ал  осы  құрылыс  саласында  еңбек  етіп  жатқан  он  мыңдаған 

адам  жұмыссыз  қалды.  Құрылыс  компанияларына  миллиардтаған  қаржы  бөлінуде. 

Баяғыдай  қарқын  болмаса  да  құрылыс  алаңдарында  жұмыс  жанданбақ.  Демек, 

жұмыссыздар армиясын азайтудың бұл да бір жолы.

Осыдан қорытынды жасай келе еңбек рыногындағы ахуалды жақсарту мақсатында

төмендегідей

 шаралар

ұсынылады:

     1) республикалық

 деңгейде:

-

жұмыс  күшiн  өзара  алмасу  мақсатында  өңiрлердегi  еңбек  рыногының 



мониторингiн жүргiзу;

-

жұмыс орындарын құруға жұмыс берушiлердi ынталандыру жөнiнде шаралар



қолдану;

-

экономиканың қажеттiлiктерiн ескере отырып,  кәсiби даярлау және қайта даярлау 



курстарын ұйымдастыру арқылы жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;

-

халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына мониторинг жүргiзу жүйесiн құру жөнiнде 



шаралар қабылдау;

     2)жергiлiктi

 деңгейде:

      -еңбек рыногында белсендi саясат жүргiзу жөнiндегi шараларды жалғастыру;

-

жұмыспен қамту мәселелерi  жөнiндегi  уәкiлеттi  органдар жанында өңiрдегi еңбек 



рыногына  мониторинг  жүргiзу,  соның  iшiнде  ұзақ  уақыт  бойы  жұмыссыз 

жүргендердi есепке ала отырып жүргiзу;

-

үйде  еңбек  етудi  қоса  алғанда,  бос  орындар  бойынша  ақпараттық  дерекқорды 



жетiлдiру және бос орындар жәрмеңкелерiн тұрақты түрде өткiзiп тұру;

-

жұмыспен  қамту  мәселелерi  жөнiндегi  уәкілеттi  органдардың  жұмыссыздарға 



олардың еңбек құқықтары мәселелерi бойынша консультация беру жөнiнде қызмет

 көрсетуi;

-

жұмыспен  қамту,  еңбекақы  төлеу  және  еңбек  жағдайлары  мәселелерiн  шешуде 



әлеуметтiк әрiптестiктiң рөлiн арттыру қажет.       3)Мақсатты топтардың өкiлдерiн 

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында:

-

жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;



-

жұмыс  берушiлердi  мүгедектердi  жұмысқа  қабылдауын  ынталандыру  тетiктерiн

әзiрлеу;

-

жаңа жұмыс орындарын құру кезiнде еңбек рыногының сұранысын ескеру;



-

әсiресе ауылдық жерлерде ұлттық көркем және басқа да кәсiпшiлiктердi дамытуға 

көмек көрсету;



-

   жергiлiктi атқарушы органдардың, YЕҰ-ның бiрлескен күш-жiгерiмен әлеуметтiк 

бейiмдеу,  өзiн-өзi  қолға  алу,  белсендiлiк  жөнiнде  халықаралық  тренингтер 

ұйымдастыру қажет.



жүктеу 121,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау