қЫсқАшА МАЗМҰНЫ
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1,1 млн им-
мигранттардың, соның ішінде 464000 – этникалық
қазақтар мен оралмандардың баспанасына ай-
налды.
1
Этникалық иммиграциялық саясаты бар басқа ел-
дер сияқты (мысалы Германия, Израиль) Қазақ-
станда этникалық өкілдердің репатриациясы әле-
уметтік күйзелістердің залалдарын болдырмаудың
негізгі (тиімді және нәтижелі) тәсілі болып табы-
лады, сондай-ақ, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз
етуге және ұлттық төлтуманы, ерекшелікті сақтауға
мүмкіндік жасайды.
Оралмандардың тарихи отанына қайтып келуі
әр түрлі жолдармен ынталандырылады. Бұл бағыт-
та көптеген жұмыстар жасалды, дегенмен, ел ішін-
де оралмандарды қоныстандырғаннан кейін эконо-
микалық және әлеуметтік интеграциялау әлі де
өзекті мәселе болып тұр.
Қазақстан экономикасының даму үрдісі жоғары бол-
ғанына қарамастан, оралмандар айтарлықтай қи-
ыншылықтарға кездеседі, халықтың әлжуаз, қор-
ғалмаған топтарына кіреді.
Жүргізілген ізденістер барысында интеграция үде-
рісінде оралмандардың тарихи отанында кездес-
тіретін қиындықтарына талдау жасап, осы жағдай-
ды бағалауда нақты жұмыстар жасалды.
Қазақстан Республикасының бес өңірінде (Ал-
маты, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды облыстарында) 2004 жылы сәуір ай-
ының ортасынан бастап, мамыр айының ортасы-
на дейін жүргізілген әлеуметтік зерттеулер топтық
пікірталастар арқылы, әр топтың өкілдерімен
жүргізілген 20 тереңдетілген интервью арқылы
оралмандардың, жергілікті халықтың зерттеліп
отырған проблемалардың әр түрлі аспектілері ту-
ралы көзқарастарын білуге жағдай жасады.
Зерттеулерге 600 оралмандар мен 300 жергілікті
тұрғындар тартылды.
Бұл шолу ресми статистика органдарының дерек-
теріне және ақпаратты талдау нәтижелеріне негіз-
делген.
Шолудың құрылымы
I Бөлімде Қазақстандағы этникалық иммиграция-
ның пайда болуы, оралмандар туралы мемлекет-
тік саясаттың ерекшеліктері және қайтып келуі
мен интеграциясын реттейтін құқықтық негіздері,
сондай-ақ, оралмандардың қайтып келуіне жағдай
жасау шаралары мен интеграция үдерісінде көр-
сетілетін көмектер қарастырылған.
II Бөлімде жалпы ақпарат беріліп, Қазақстандағы
оралмандар туралы негізгі елдер мен қоныстанд-
ыру ерекшеліктеріне жалпы мазмұндама берілген.
III және IV бөлімде Қазақстан Республикасында-
ғы интеграция үрдістері көрсетілген.
IV бөлімнің негізін мәдени интеграция мен тілге
бейімделу жағдайын талдау қалайды
Жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғын үй, білім беру
сияқты негізгі көрсеткіштер арнайы бөлімге кірік-
тірілген.
Осы көрсеткіштер бойынша зерттеудің негізгі нә-
тижелері көрсетілген.
Зерттеулер жүргізу барысында көріп отырға-
нымыздай, оралмандардың негізгі қиыншылығы,
әсіресе квотасыз келгендерге, тұратын үй табу бо-
лып табылады.
2004 жылға дейін келгендердің тек қана 51,2 % ға-
на тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай квотамен және
квотадан тыс келген оралмандардың көбісі
(78,5%), мемлекеттік емханаларың медициналық
қызметін алады, әрбір алтыншы оралман ақ-
ша үнемдеу мақсатымен емханаға бармайды.
Оралмандардың көбісі (80%) емдеуге ақы тө-
лемейді.
1
«Оралман» деген ұғымды «қайтып келгендер» деп түсінуге болады. Кең ұғымда оралмандар дегеніміз-өздерінің тарихи отанына қайтып
келген қазақтар. Сандық көрсеткіштер 1991 жылдар мен 1.01.2005 жылдар аралығында қайтып келген оралмандарды көрсетеді.
Медициналық қызметпен қатар мемлекет орал-
мандарға орта білім алуға кепілдік береді. Жоға-
ры оқу орындарына оқуға квота бөлінген.
Оралмандардың балалары, зерттеулер көрсетіп
отырғандай, сабақты жақсы оқиды. Бірақ бұрынғы
тұрған елдердің жазу ерекшеліктеріне байланыс-
ты қиындықтар туындайды. Оралмандардың бала-
ларының ішінде сабаққа бармау көрсеткіші өте
жоғары, олардың ішіндегі 23%-і негізгі себебін
аурумен және қаржылық қиындықтармен түсінді-
реді.
Оралмандардың қазақстандық қоғамға интегра-
циялануы тілмен, психологиялық және мәдени бей-
імделумен тікелей байланысты.
ТМД–ға кірмейтін елдерден келген оралмандар
орыс тілінің кең ауқымда қолданылуына байла-
нысты проблемалармен кездеседі.
Бұл проблема еліміздің солтүстік аймақтарында
жиі кездеседі.
Мәдени және этникалық бейімделу оңтүстік және
шығыс өңірлерде, батыс, солтүстік және орталық
аймақтардағы моноэтникалық аудандарда жеңіл-
деу болып отыр, өйткені бұл жақтарда ұлттық,
соның ішінде тілді қолдау дәстүрлері сақталынған.
V бөлімде оралмандардың интеграциялауына
жағдай жасайтын халықаралық және мемлекеттік
емес ұйымдардың көмектері қарастырылған.
Оралмандарға құқықтық көмек (заңдар бойынша,
әлеуметтік қорғау, азаматтыққа тіркелу құжаттарын
қазақ тіліне аудару) көрсететін көптеген ұйымдар
бар; олар конференциялар, семинарлар, дөңгелек
үстел өткізеді, құқықтарын қорғайды. Өкінішке орай,
мұндай ұйымдардың мемлекеттік құрылымдар-
мен қатынас деңгейі жоғары емес.
Шолудың қорытындысында оралмандардың ин-
теграциялану үрдісін жақсартатын ұсыныстар кі-
ріктірілген. Жалпы, зерттеулер көрсетіп отырған-
дай, оралмандарға қатысты экономикалық және
әлеуметтік саясатты жаңартып, үйлестіру қажет.
Қазақстандағы оралмандардың бейімделуіне жағ-
дай жасайтын мемлекеттік бағдарламалар қажет.
Мұндай жаңа қаржылық тәсілге негізделген бағ-
дарлама квотаға енгізілген немесе квотаға енгізіл-
меген оралмандардың жағдайын теңдестіреді,
экономикалық бейімделу мәселелерін, соның ішін-
де жұмыспен қамтумен, кәсіпкерлікпен айналысу
проблемаларын шешсе, тұрғын үймен қамтама-
сыз ету, медициналық қызмет, білім алу ба-
ғытындағы әлеуметтік бейімделуді жүзеге асыра-
ды және мәдениетке, тілге байланысты бейімделу
қарастырылады.
Оралмандардың қоныстануы мен бейімделуі де-
мографияға, Қазақстанның әлеуметтік және эко-
номикалық саясатына үлкен маңызы бар. Осыған
байланысты оралмандардың тарихи отанында
интеграциялануының дамыу мен интенсифика-
циясын жандандыратын механизмдерді қолдану
өзекті мәселеге айналып отыр.