Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


-тарау. Қоршаған ортаны қорғау



бет10/10
Дата25.01.2020
өлшемі1 Mb.
#27271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

16-тарау. Қоршаған ортаны қорғау

133. Жерасты қоймалары жерге, топыраққа, атмосфераға және суға ең аз әсер ететін аумақта орналасуы қажет.

134. Жерасты қоймасының барлық элементтерінің конструкциясы мен оны пайдалану технологиясы табиғи ортаға мүмкіндігінше ең аз техногендік әсерді қамтамассыз етуі қажет.

135. Жерасты қоймалары мен ерітінді сақтау қоймасын салмай тұрып негізгі ландшафты-геохимиялық тексерулер мен экологиялық мониторинг үшін маңызды технологиялық және фондық көлемдер мен көрсеткіштерді белгілеу жүргізілуі қажет.

136. Жерасты қоймаларын салғанда және пайдаланған кезде ластайтын заттардың техногендік миграциясын анықтау мен қоршаған ортадағы нақты өзгерістерді білу үшін олардың әсеріне түскен орталардың экологиялық мониторингі жүргізілуі қажет.

137. Бақылауға мыналар жатады:

1) қорғаудағы және ішетін сулар;

2) ерітіндіні енгізу үшін керек су горизонттары;

3) суы бар горизонттар, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін; бірінші тұз үсті су горизонты;

4) топырақ қабаты;

5) геологиялық ортаның геодинамикалық күйі;

6) жер бетінің жылжуы;

7) атмосфералық ауа құрамы.

138. Шахталы резервуарлардың қондырғылары атмосфераға сақталатын өнімдердің буланған зиянды заттарын шығаруды болдырмауы қажет.

139. Жерасты қоймаларының жобалық шешімдері өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.

140. Жерасты қоймаларын толық не жекедара жойғанда, жерүсті технологиялық қондырғылар, құрылыстар, ғимараттар тұрғындар мен қоршаған ортаға теріс әсер етпейтіндей күйге келтірілуі қажет.



17-тарау. Өрт қауіпсіздігінің талаптары

141. Жерасты қоймаларды жобалағанда қойманың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді іс шаралар жүзеге асырылуы және мына қондырғылар болуы қажет:

1) есептеумен табылатын өрт сөндіруге жеткілікті шығыны бар өртке қарсы шеңберлі су құбырының желісі, бір бірінен белгілі қашықтықта орнатылған өрт гидранттары бар;

2) байланысы мен хабар бергіш;

3) газдыбу ауа ортасын бақылайтын;

4) көмірсутегін сақтау процесінің автоматизациясы;

5) өрт сөндіру мен өрт дабыл бергішінің автоматтық қондырғылары.

142. Жерасты қоймаларының барлық түрлерінің қолданымдағы ұңғымалар басынан, шахта діңгектерінен, эксплуатациялық шурфтардан әртүрлі ғимараттар мен құрылыстардан минималды арақашықтық алынуы қажет.

143. Жерасты қоймаларының ғимараттары мен құрылыстары араларындағы арақашықтықтар оны пайдалану кезінде қамтамасыз етуі керек:

1) жерасты және жерүсті нысандарды күту мүмкіндігін;

2) персоналды эвакуациялау мүмкіндігін.

Шахтасыз қоймалардың жақын орналасқан ұңғымалар бастарының арақашықтықтары есептеу арқылы табылуы қажет.

144. Тасты тұзда орналасқан шахтасыз қоймалардың ұңғымалар бастарының жан жағы топырақпен көмілуі қажет. Ол көмудің сыйымдылығы апаттық жағдайда өнімнің сыртқа шығатын мөлшерінен есептеулер арқылы анықталады.

145. Жерасты қоймалардың алаңына ортақ жолмен келетін жолға шығатын екі автомобиль жолы қарастырылуы қажет. Ғимараттар мен құрылыстар араларындағы арақашықтықтар арқылы өрт техникасы ұңғымалар басына, шахта діңгектеріне, эксплуатациялық шурфтарға еркін өте алуы қажет.

146. Жерасты қоймалардың территориясы желдетілетін жанбайтын материалдардан жасалған қоршаумен қоршалуы қажет.

147. Өртке қарсы талаптарына сәйкес жерасты қоймалардың территориясы функционалдық қолданысы бойынша аумақтар мен учаскелерге бөлінуі қажет.

148. Жерасты қоймасының территориясында ғимараттары мен құрылыстарының деңгейінен жоғары орналасқан магистральді мұнай мен мұнай өнімдерінің құбырларының қосу мен қабылдау түйіндері осы ғимараттар мен құрылыстар жағынан жер үйіндісімен қоршалуы қажет.

149. Екі жақты құйып толтыратын қондырғымен жабдықталған теміржол эстакадасы өрт машинасы үшін өту жолы шеңбер түрінде болуы қажет.

150. Жерасты қоймасының территориясында және теміржол мен автомобиль арқылы мұнай мен мұнай өнімдерін қабылдау мен жіберетін учаскесінің жүретін жолының жоспарлық деңгейі осы территорияның жоспарлық деңгейінен биік болуы қажет.

151. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын құбырлардың осы қойманың нысандарына дейінгі ара қашықтық ережелер жинағына сәйкес алынуы қажет.

152. Өнім соратын сорғылар ғимаратында сорғылардың электроқозғалтқыштарына арналған бөлме сорғылар бөлмесінен 1-түрдегі өртке қарсы бөгетпен бөлінуі қажет, ойықсыз.

153. Жерасты қоймаларында көбікпен өрт өшіру мен сумен сақындату жүйесі қарастырылуы қажет.

154. Жерасты қоймаларының нысандарының өртке қарсы жүйесін жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары ескерілуі қажет.

155. Өрт болған жағдайдағы судың есептік шығыны үшін ең көп шығын алынады:

1) теміржол цистерналарын, эстакада мен автомобилдік құйма төкпе қондырғыларындағы өртті сөндіру мен суыту үшін ;

2) қойманың бір ғимаратындағы сыртқы немесе ішкі өртті өшіруге кететін қосынды шығыны.

156. Жерасты қоймаларында автоматты өрт дабыл бергішпен жабдықталуы қажет:

1) сорғылар мен қосу ашу құрылғылары бар өнім беретін сорғы ғимараттары, мұнай өнімдері қалдықтарын шығаратын сорғы ғимараттары;

2) жерүсті инженерлік нысандар мен технологиялық нысандар.

157. Жерасты қоймаларында стационарлық автоматты және автоматты емес өрт сөндіру жүйелерін қондырғанда ортақ сорғы станциясы мен өрт сөндіруге арналған ерітінділердің құбырлар желісі жобалануы қажет.



Бұл желілер жерасты қоймасының қоршау қабырғасының сыртында жүргізілуі қажет.

ӘӨЖ 69.331.45 МСЖ 91.040
Түйінді сөздер: еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, қауіпті өндірістік фактор, қауіпті аумақ, зиянды өндірістік фактор, жұмысшылардың жеке және ұжымдық қорғау құралдары, өндірістік жабдықтары мен өндірістік процестердің қауіпсіздігі, қауіпсіздіктің белгілері мен түстері, тас төсеу құралдары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау