Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау.
|
Қолдану саласы
|
|
2-тарау.
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3-тарау.
|
Терминдер мен анықтамалар
|
|
4-тарау.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
|
|
1-параграф.
|
Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
|
|
2-параграф.
|
Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
|
|
5-тарау .
|
Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Негізгі ережелер
|
|
2-параграф.
|
Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
|
|
3-параграф.
|
Өрт және басқа да апатты жағдайлар кезіндегі ғимараттың қауіпсіздігі
|
|
4-параграф.
|
Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
|
|
5-параграф.
|
Кәсіпорындарға газ-балонды автомобильдерге қызмет көрсету бойынша қосымша талапта
|
|
6-параграф.
|
Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
|
|
7-параграф.
|
Пайдалану кезінде мүмкіндігі шектеулі топтар үшін қауіпсіздікті және қолжетімділікті қамтамасыз ету
|
|
8-параграф.
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
|
6-тарау.
|
Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
|
|
1-параграф.
|
Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
|
|
2-параграф.
|
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
|
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КӘСІПОРЫНДАРЫ
ПРЕДПРИЯТИЯ ПО РЕМОНТУ И ТЕХНИЧЕСКОМУ ОБСЛУЖИВАНИЮ АВТОМОБИЛЬНОГО ТРАНСПОРТА
|
-
Қолданысқа
енгізілген күні
|
2019-ХХ-ХХ
|
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау үшін орналастыруға, сәулет-жоспарлау шешіміне, инженерлік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы құрылыс нормаларының талаптары мына автомобиль көліктерінің көсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарына, соның ішінде: жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге (бұдан әрі - ТҚ) және ағымдық жөндеуге (бұдан әрі - АЖ) арналған автомобиль көлігі кәсіпорындарының ғимараттары мен имараттары; автокөлік кәсіпорындарына (бұдан әрі - АКК), олардың өндірістік және пайдалану филиалдары; өндірістік автокөлік бірлестіктері (бұдан әрі - ӨАКБ), орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету базасы (бұдан әрі - ОТҚБ), өндірістік-техникалық комбинаттар (бұдан әрі - ӨТК); жылжымалы құрамды және орталықтандырылған мамандандырылған өндірістер (бұдан әрі - ОМӨ) бөлшектерін ағымдық жөндеу (бұдан әрі - АЖ) мен ағымдық қызмет көрсету үшін (бұдан әрі - АҚ) орталықтандырылған өндірістерге; жеңіл автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларына (бұдан әрі - ТҚКС), жылжымалы құрамды сақтауға арналған гараж-тұрақтарға, бензинмен, дизельдік отынмен, сығылған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар автомобильдерді қоса алғанда, жылжымалы құрамның барлық түрлерінің отын-жанармай құю пункттеріне (бұдан әрі - ОЖП) таратылады.
3. Осы құжат жол талғамайтын үлкен жүк көліктерін жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған кәсіпорындарға, ғимараттар мен құрылымдарға, үй-жайларға, қалалық электр көлік құралдарына таратылмайды.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
«Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №14858) (бұдан әрі – «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №9944) (бұдан әрі – «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР);
«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10851) (бұдан әрі –ЭҚҚ).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған
ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау
жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автокөлік құралына техникалық қызмет көрсету процесі – істен шығу және ақаулықтардың туындау қатерін төмендету мақсатында реттілікті белгілеу арқылы жүзеге асатын автокөлік құралының техникалық күйін өзгерту бойынша әрекет ету номенклатурасымен регламенттелетін жиынтық;
2) көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станциясы – көлік құралдарына қызмет көрсететін ұйымдар, автосервистер, сонымен қатар заңды тұлға немесе көлік құралдарына (трактордан басқа), тіркелетін көлік құралдарын және олардың құрама бөліктеріне техникалық қызмет көрсетуді немесе жөндеуді орындайтын жеке кәсіпкер;
3) күнделікті қызмет көрсету – төмендегідей агрегаттардың күйін бақылау:
автомобильдің әртүрлі жүйелерінің жұмысқа қабілеттігін көзбен шолып бақылау;
ақаусыздығын және электр қондырғыларды (сигнализация, жарықтандыру, «әйнек тазартқыштар») реттеу;
шығыс (отын, май, тежегіш сұйықтығы және тағы да басқа) сұйықтықтарын бақылау;
4) реборда – дөңгелектер шеңберінің немесе дөңгелектің рельспен қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметін атқаратын шкивтің немесе арқанның, кендір арқанның, шкив белдігінің шығыңқы бөлігі;
5) техникалық қызмет көрсету-1 – автомобиль көлігіне алғашқы техникалық қызмет көрсету, оған мынадай жұмыстар кіреді:
болжамдық жұмыстар;
барлық шанақтың жиынтықтығы;
ажырату басқышындағы бос жүріс жүйесінің герметикалығын, рульдік дөңгелекті, шарнирдегі саңылауларды, сондай-ақ кіндік темірлі қосылыстарды реттеу;
құлыптардың (есік, капот, жүк салғыш) ақаусыздығы;
бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысы;
амортизаторлар мен қалыптардың күйін, сондай-ақ шиналардағы қысым деңгейін тексеру;
6) техникалық қызмет көрсету-2 – автомобиль көлігіне екінші техникалық қызмет көрсету, оған техникалық қызмет көрсету-1 жұмыстары, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне, майларды ауыстыруға жауап беретін тораптар мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіру жұмыстары кіреді.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
5. Нормативтік талаптардың мақсаттары – автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының қауіпсіздігін, сенімділігін және пайдалану ұзақтығын қамтамасыз ету, өрттің туындау және таралу ықтималдығын азайту және адамдардың өмірін, денсаулығын ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау және автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестерін жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалаған кезде механикалық қауіпсіздікті, ғимарат элементтерінің бұзылуын және барлық қызмет ету мерзімі ішінде конструкцияның орнықтылығын жоғалтудың алдын алуын қамтамасыз ету қажет.
7. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары өрт қауіпсіздігін, өрт залалын барынша азайтуды, қысқа мерзім ішінде өртті оқшаулауды және өрт күштері үшін ғимараттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілетіндей жобалануы және салынуы тиіс.
8. Үй-жай шегіндегі эвакуациялау жолдары ондағы қолданылатын өрт сөндіру және түтінге қарсы қорғаныс құралдарын есепке алмай, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс.
9. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарында аумақты көркейту, сәулет-жоспарлық шешімдерді, санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, пайдалану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жұмыстар үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
10. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары және қызмет ету мерзімі ішінде онда адамдар болған кезде адамға (физикалық, химиялық, биологиялық және басқа зиянды факторларды) әсерлерді көрсетпеуі тиіс.
11. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарында және оның ішкі инженерлік жүйелері температураны, ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығын, сондай-ақ, қабырғалардың ішкі беттерінің температурасын қоса алғанда, қолайлы микроклиматы қамтамасыз етіледі.
12. Ғимараттың қоршау конструкциялары үй-жайды жылу қорғанысымен және ылғалдан қорғауды қамтамасыз етеді, ал сумен қамтамасыз ету және канализация судың ағуы мен ластануларға жол берілмейді.
13. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын қоса алғанда, барлық адамдардың мақсатына сәйкес орындарға кедергісіз мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
14. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарында энергияның барынша аз шығынын қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қарастыру қажет.
15. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарында жобалау және салу барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, су тұтынуды үнемдеу, құрылыс конструкцияларын, материалдар мен бұйымдарды қайталама қолдану қамтамасыз етілуі тиіс.
5-тарау. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Негізгі ережелер
16. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау, құрылысын салу және реконструкциялау «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР талаптарына, сондай-ақ, осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс.
17. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестерін жүргізу кезінде өндірістік үй-жайлардың (аудандардың) жұмыс аймақтары ауасындағы зиянды заттардың болуы шекті жол берілген шоғырдан аспайды.
18. Үй-жайлар және тексеру орлары, шұңқырлар мен тоннельдер таза болуы, бөлшектермен және әртүрлі заттармен үйілмеуі тиіс.
19. Автомобильге техникалық қызмет көрсететін және ағымдық жөндейтін жұмыс бекеттеріне арналған үй-жайлардың еденнен бастап шығып тұрған құрылыс конструкцияларының астына дейінгі биіктігі қызмет көрсетілетін автокөлік құралының биіктігіне, көтеру-көлік қондырғысының және жарықтандырудың қолдағы барына және түріне байланысты анықталады.
20. Табиғи және жасанды жарықтандыру, сонымен қатар өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлардағы жарықтылық деңгейі Заңның 20 бабындағы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
21. Көтергіш конструкциялардың механикалық беріктігі мен орнықтылығын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес геотехникалық жағдайларды, өртке қарсы қорғанысты, сейсмикалық әсерлерді, іргетастарды ескере отырып қамтамасыз ету қажет.
22. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары ғимараттары мен құрылыстарының көтергіш конструкцияларын есептеу мен жобалау әдістеме мен қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
23. Құрама конструкцияларды тасымалдау және жалпы автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарын салу барысында олардың пайдалану, оның ішінде монолиттік және құрама-монолиттік қасиетін жол бергісіз төмендетуге, конструкциялардың зақымдануына немесе бүлінуіне жол берілмеу керек.
24. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының негіздері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
25. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалаған кезде төмендегідей факторларды ескеру керек:
1) отқа төзімділігі және ұзақ мерзімділігі жөніндегі талаптарды анықтайтын ғимараттың пайдалану мақсаты және мерзімі, ғимаратты пайдалану жағдайлары (сыртқы және ішкі орта);
2) құрылысты біріздендіру талаптары, конструкцияларды дайындау мен монтаж бойынша жергілікті мүмкіндіктер;
3) жобаның экономикалық көрсеткіштері, сәулеттік-композициялық талаптар.
26. Біріздендірілген құрама элементтерден, жабын тіректері немесе ғимараттың қабатаралық аражабындар қызметін атқаратын ұстын торларынан тұрғызылған ғимаратты монтаждауды қамтамасыз ету қажет.
27. Тұрғын ғимараттар мен құрылыстардың астында орналастырылған автомобильдерді сақтау үй-жайларын дыбыс және діріл оқшаулауды қамтамасыз ету қажет.
28. Қабырға биіктігі бойынша еденнен бастап терезе ойықтарының төменгі қырын өндірістік үй-жайлар қондырғысын орналастырылатын габариттерге байланысты орналастыру керек.
3-параграф. Өрт және басқа да апатты жағдайлар кезіндегі ғимараттың қауіпсіздігі
29. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР және «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
30. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын конструкцияларының үстіңгі бет қабаттарында, оның ішінде жабындарда, қасбеттерді, үй-жайлар мен эвакуациялау жолдарын әрлеу мен қаптауда пайдаланылатын құрылыс материалдарының өрт қауіптілігін шектеуді қамтамасыз ету.
31. Ғимараттар мен құрылыстардың оңтайлы конструктивтік және көлемдік-жоспарлық шешімдерін қабат пен секциялар, бөліктер арасындағы, сондай-ақ ғимараттар арасындағы өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін үй-жайдың функционалдық мақсатын ескере отырып қабылдау қажет.
32. Өрт қауіпсіздігі жанбайтын және әлсіз жанатын материалдарды өртке қарсы қорғаныс жөніндегі конструктивтік шешімдермен үйлестіруде қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
33. Әрбір технологиялық жүйе үшін жарылу қаупін барынша төмендету бойынша шараларды қарастыру қажет.
34. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тез тұтанғыш және жанғыш лак-бояу материалдарын қолдану арқылы бояу және кептіру камералары автоматты өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталуы тиіс.
35. Өрт туындаған жағдайда, объектіде өртті оқшаулау мен өшіру үшін жабық үй-жайларға өрт бөлімшелерінің мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
36. Өрт сөндіру мақсаты үшін қолданылатын жолдарға, ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт баспалдақтарына және су көздеріне өтетін жолдар мен кіре берістерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес өрт техникасының өтуі үшін бос жобалайды.
37. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалаған, салған, пайдаланған кезде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдарға залал тигізудің алдын алуға, өрттің таралуының, жанудың қарқындылығы мен ұзақтығына бағытталған шаралар кешенін қарастыру қажет.
38. Қауіпсіздік мақсатында эвакуациялық жолдар мен шығатын есіктер конструкциясының беріктігін, орнықтылығын және сенімділігін, эвакуациялау жолдарындағы әрлеудің жанғыштығын, жүру жолдарындағы биіктіктер өзгерісін, басқыштар көлемдерін, баспалдақтар, пандустар және басқалар еңісін нормалауды қамтамасыз ету қажет.
39. Шығатын есіктер жұмыс уақыты ішінде эвакуациялау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
40. Эвакуациялау жолдарындағы есіктердің тиектері оларды ішінен кілтсіз еркін ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
41. Өрт сөндіру және өрт сигнализацияның автоматты қондырғылары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келуі тиіс.
42. Жобалау, салу кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын қоса алғанда, адамдарды үй-жайдан сыртқа өртке қауіпсіз аймақтарға эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында түтінге қарсы қорғаныс жүйесі, сондай-ақ өртті сәтті сөндіруге көмектесу қажет.
43. Ғимараттар мен үй-жайлардың автоматты өрт сигнализация жүйелерін қолданған кезде, жылу өрт хабарлағыштармен және жалын хабарлағыштармен жабдықтау керек.
44. Өрт хабарлағыштары өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне қойылатын талаптарды қамтамасыз ететіндей (іске қосылу уақыты бойынша) орналасуы тиіс, бұл жағдайда хабарлағыштар арасындағы арақашықтық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау керек.
45. Өрт туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері өрт қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес орындалуы тиіс. Ғимаратта немесе құрылыста өрт туындаған жағдайда, өрт туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері барлық эвакуациялау уақыты ішінде жұмыс істеуі тиіс.
46. Өртке қарсы су құбыры жоқ елді мекендерден тыс және елді мекендерде орналасқан желілік жанармай құю бекеттерінде өрт сөндіру үшін өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қарастыру қажет.
47. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштер, құм, шелек және тағы да басқа), өрт сигнализациясымен, автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.
4-параграф. Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
48. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары елді мекендердің бекітілген бас жоспарларының ережелерін, толық жоспарлар жобаларын сақтай отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орналастыру қажет.
49. Автокөлік кәсіпорындары және өндірістік автокөлік бірлестіктерінің аумақтарында екі функционалдық - пайдалану және өндірістік аймақ қарастыру керек.
50. Пайдалану аймағын жылжымалы құрамды қабылдауды, шығаруды және ауысымаралық сақтауды ұйымдастыру, күнделікті қызмет көрсетуді (КҚ) және басқа да ілеспелі жұмыстар өндірісі мақсатында қамтамасыз ету қажет.
51. Өндірістік аймақтарда техникалық қызмет көрсету-1, техникалық қызмет көрсету-2 өндірісі және жылжымалы құрамды ағымдағы жөндеуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру қажет.
52. Кәсіпорын аумағына пайдалану және өндірістік аймақты өзара орналастыру әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардан жұмыс орындарына және кері қарай қозғалыс кезінде қызметкерлер (жүргізушілер және өндірістік жұмысшылар) ағымын бөлуді қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорын аумағы қолданыстағы құрылыс нормативтік техникалық құжаттармен қоршалады.
53. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жалпы қолданатын екі өтетін жолмен шектелген жер теліміне орналастырған кезде, негізгі кіре беріс қоршауын қозғалыс қарқындылығы аз жол жағынан қарастыру керек.
54. Автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық алаңға оларды орналастыру кезінде өтетін жолдарды және автомобильдер арасындағы арақашықтықты қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес белгілеу керек.
55. Кәсіпорындарды жол желісіне қосуды жоспарлаған кезде, негізгі ғимарат пен басқа да құрылыстардың (автожанармай құю, қойма үй-жайлары) технологиялық реттілікпен орналасуын, ішкі көлік жолдарының, тұрақтардың, жасыл көшеттердің қажеттілігін, сондай-ақ жол қозғалысына әсер ете алатын кәсіпорынның кейінгі даму мүмкіндігін ескеру керек.
Қала құрылысы жағдайы жер телімі пішіміне, кіре беріс пен шыға беріс жолдарды ұйымдастыру сипаты кезінде ескеріледі.
56. Алаңдар және жылжымалы құрамды сақтауға және күтуге арналған шатырлардан бастап тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейінгі арақашықтық қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.
57. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының аумақтық шекараларынан бастап тұрғын үйлерге, әлеуметтік маңызды объектілерге, жер телімдерінің шекараларына дейінгі арақашықтықты қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылдау керек.
58. Гараж-тұрақтардан, жеңіл автомобильдердің тұрағына арналған ашық алаңдардан, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету станцияларынан бастап тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға дейінгі арақашықтықты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша қабылдау керек.
59. Автокөлік кәсіпорындары мен өндірістік бірлестіктер аумағында орналастырылған бензин мен дизельдік отынға арналған жанармай құю бекеті өзінің құрамына мынадай құрылыстарды қарастыруы тиіс:
1) жанармай сақтауға арналған жерасты резервуарларды;
2) үлестіру колонкаларын орналастыруға арналған арал;
3) отын-жанармай құю бекеттерін басқару пульттерін орналастыруға арналған павильонды.
60. Жанармай құю бекеті павильонынан шығатын жол үлестіру колонкасына қарама-қарсы жақта қарастырылуы тиіс.
61. Жанармай құю бекеттерінде автомобиль цистерналарынан жанармай құюға арналған жерасты резервуарларына өтетін жол қарастыру керек.
62. Жанармайға арналған жерасты резервуарының аузында қабылдау және өлшеу құрылғыларына еркін жақындауды қамтамасыз ету үшін алаң қарастыру керек.
63. Үлестіру колонкаларына, резервуарлар алаңдарына келетін жолдардың жабыны мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді болатындай жобаланады.
64. Кәсіпорынның жер телімін көшеге барынша жақын орналастыру және көлік желісіне бағдарлау керек.
65. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары ғимараттары мен құрылыстарының көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерін өндірістік қуаттылықты және технологиялық процесті (техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс көлемі, техникалық қызмет көрсету және жөндеу постыларының саны, сондай-ақ жұмыс істеушілер саны) ескере отырып, «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР және осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қабылдау керек.
66. Кәсіпорын аумағына кіре беріс жол және жалпы қолданылатын жол бағыты бойынша шыға беріс жол болуы тиіс.
67. Шыға беріс және кіре беріс жолдарды, оның ішінде жерасты гараж-тұрақтарды жобалау барысында ғимараттан арақашықтық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады.
68. Жерасты гараж-тұрақтарға дәрет сұйықтықтарын және улы, жұқпалы қалдықтарды және жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған автомобильдерді сақтауға жол берілмейді.
69. Жобалау барысында нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын ескере отырып, автомобильдер мен ғимарат элементтері арасындағы нормаланған арақашықтықтар сақталуы тиіс.
70. Қоғамдық ғимараттарға жапсарлас және кіріктірме жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары үшін дербес инженерлік коммуникацияларды (желдеткіштер, су құбырлары, электр желілері және тағы да басқа) орналастыруды қарастыру керек.
71. Көп қабатты ғимараттарда жылжымалы құрамды жылжыту үшін рампаларды немесе еңіс аражабындарды қарастыру керек.
72. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында қабырғаларды бойлай дөңгелек ұрғыш құрылғылар қарастыру керек, оларға автомобильдер шет жағынан және бойлай орнатылады.
73. Жылжымалы құрамды сақтау қарастырылған кәсіпорын ғимараттарындағы техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үй-жайлары автомобильдердің транзиттік қозғалысынсыз (оқшауланған рампаларсыз) тек бірінші және соңғы қабаттарға орналастырылуы мүмкін.
74. Жертөле және цокольдық қабаттарда орналасқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларда тікелей сыртқа шығатын бөлінген шығатын жолдарды қарастыру керек.
75. Жылжымалы құрамның кіруіне және шығуына арналған сыртқы қақпалар көлемдерін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жақындау габариттерін ескере отырып қабылдау керек.
76. Жеке оқшауланған үй-жайларда төменде аталғандарды тасымалдау үшін жылжымалы құрамның мынадай топтарының әрқайсысын сақтау қарастырылуы тиіс:
1) улы материалдарды;
2) жұқпалы материалдарды;
3) жанар-жағармай материалдарын;
4) дәретхана сұйықтықтарын және қоқыстарды.
77. Жобаның технологиялық бөлігімен белгіленген жылжымалы құрамды техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жеке түрлерін немесе топатарын орындау үшін олардың өртке қарсы қауіптілігін және санитарлық талаптарын ескере отырып, ғимараттың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өртке қарсы арақабырғалар және аражабындар бар жеке үй-жайды қарастыру керек.
78. (в) топты жылжымалы құрамды сақтайтын үй-жайларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегілерді қарастыру керек:
1) осы үй-жайларды сағатына кемінде бір рет ауаны алмастыра отырып, табиғи желдетуді қамтамасыз ету арқылы сыртқы қабырғаларға орналастыру;
2) соратын желдеткішті орналастыру;
3) жарылыс қауіпті шоғырланым пайда болғанда және соратын желдеткіш жұмыс істеген кезде үй-жайға кіретін (шығатын) жолдардың алдына газ талдауыштардан жарық және дыбыстық сигнализацияны орналастыру.
79. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың өндірістік үй-жайлары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобаланауы тиіс.
80. Бояу жұмыстарын орындауға арналған үй-жайларды Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
81. Дәретхана сұйықтықтарын және қоқысты, улы, жұқпалы, жанар-жағармай материалдарын тасымалдайтын автомобиль көлігін жөндеудің пост жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді жасау үшін қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына жауап беретін сақтауға арналған жеке үй-жайларды қарастыру керек.
82. Тағам өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары үшін олардың сыртын (кабинасы, шасси және трансмиссия) жуғаннан кейін шанақтарды санитарлық өңдеудің жеке постыларын қарастыру керек. Химикаттарды сақтау және шанақтарды санитарлық өңдеуге арналған жуғыш ерітінділерді дайындау үшін жеке үй-жайды қарастыру керек.
83. Технологиялық процесс бойынша қозғалтқыш жұмысы қарастырылатын автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету постылары пайдаланған газдарды қайтаруға арналған жергілікті қондырғылармен жабдықталуы тиіс.
84. I, II және III категориялы автомобильдерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың ағымдағы қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарының өндірістік-қойма үй-жайларын бір ғимаратқа орналастыру керек.
85. Көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларды автомобильдерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету өндірістік-қойма үй-жайларымен кәсіпорынның бір ғимаратына орналастыруға жол беріледі.
86. Автомобиль көлігін жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарда қойма үй-жайларын жобалауда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын ескеру керек.
87. Қуаттандыру жүйелерінің аспаптарын жөндеу бойынша жұмыстарды жарылыс-өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша Д категориялы бір үй-жайда жүргізуге жол беріледі.
88. Төменде әрбір тармақшада көрсетілген қосалқы бөлшектер мен материалдарды сақтау үшін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарын ескере отырып, ғимараттың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өртке қарсы арақабырғалар мен аражабындар бар жеке үй-жай қарастыру керек:
1) қозғалтқыштар, агрегаттар, тораптар, бөлшектер, өртке қауіпті емес материалдар, металдар, аспаптар, бағалы қалдықтар (түсті металл және тағы да басқа);
2) автомобиль шиналары (камералар және дөңгелек қаптар);
3) майлау материалдары;
4) лак-бояу материалдары;
5) қатты жанатын материалдар (қағаз, картон, шүберек).
89. Автомобильдерді жөндеуге және оларға техникалық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар көлік құралдары дөңгелегінің астына орнатылатын кері дөңгелеуге қарсы тіректермен, технологиялық қажеттілікке, нормативтік құжаттарға сәйкес сақтандыру тіреуіштерімен (құлақшалар, тумбалар) және көтергіш тірегінің табандарына арнайы тіреуіштермен жабдықталуы тиіс.
90. Көлік құралдарын бояу және кептіру постыларына жеткізуді қозғалтқыш іске қосылмайтындай және ұшқындар түзілмейтіндей тәсілдермен қарастыру керек.
91. Стартерлік аккумулятор батареяларын жөндеу бойынша жұмыстарды өндіру үшін үш үй-жай қарастыру керек:
1) жөндеу және зарядтау;
2) қышқылдарды сақтау;
3) электролитті дайындау.
92. Тұйық қарау шұңқырларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарының дөңгелектері үшін тіреулер құрылғысын қарастыру керек.
93. Жарылыс-өрт және өрт қаупі бойынша А категориялы зарядтау үй-жайларын отқа төзімділігі IV категориядан кем емес ғимараттарға орналастыру керек.
94. Дәнекерлеу жұмыстарын орындауға арналған учаскелер орталық газбен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
95. Газ коммуникациясының аралық төсемі дәнекерлеу учаскесі үй-жайының шектерінде ғана қарастырылуы тиіс.
96. Ленталы конвейерлермен жабдықталған шұңқырлардан басқа қарау шұңқырларында және эстакадаларда барлық ұзындығы бойынша бағыттау жағының немесе автомобильдердің шұңқырға немесе оның қозғалысы кезінде эстакададан құлауының алдын алатын басқа құрылғылар болуы тиіс.
97. Қарау шұңқырлары сору-тарту желдеткіштерімен жабдықталуы тиіс.
98. Қарау шұңқырларының өлшемдерін технологиялық қондырғыларды қолданатын көлік құралының түріне байланысты анықталуы тиіс.
99. Жаңа және пайдаланған майларға арналған ыдыстарды, оларды тасымалдауға арналған сорғы жабдығын орналастыратын майлау материалдарын сақтауға арналған үй-жайды тікелей сыртқа шығатын есігі бар ғимараттың сыртқы қабырғасына жобалау керек.
100. Ұсталық-жаншу және дәнекерлеу учаскелері жанбайтын материалдардан дайындалған қабырғалары және едендері бар үй-жайларға орналастырылуы керек.
101. Шұңқырлардың, орлардың немесе тоннельдердің қабырғалары ашық реңді керамикалық тақталармен қапталуы тиіс.
102. Технологиялық процеске сәйкес зиянды заттардың (газдың, шаңның, булардың), сондай-ақ, жылу мен шудың бөлінуі орын алатын жалпы өндірістік үй-жайлардағы жұмыс учаскелерін жеке оқшауланған үй-жайларға орналастыру керек.
103. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларын жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары сақталуы тиіс.
104. Әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлардың құрамы мен ауданын автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі өндірістік қызметкерлер санын ескере отырып анықтайды.
105. Жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін тексеру, диспетчер, кәсіптік бейімдеу кабинеті, бақылау-өткізу пункті механиктерінің үй-жайлары автокөлік кәсіпорындарының әкімшілік үй-жайларына жатады, оларды жобалау барысында құрылыс нормаларын сақтау керек.
106. Адамдар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда емдеу-профилактикалық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ денсаулық орталықтары мен кабинеттерін, рейс алдында және рейстен кейін тексеру кабинеттерін қарастыру керек. Қажет жағдайда медпункттер мен дәріханаларды қарастыру керек.
107. Жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін тексеру кабинетін жол құжаттарын ресімдеуге және беруге арналған үй-жайдың жанына орналастыру керек.
108. Кәсіпорын басшылары және олардың орынбасарлары кабинеттерінің жанынан қабылдау бөлмелерін қарастыру керек.
109. Жүргізушілердің сырт киімдерін сақтау үшін қызмет көрсететін және олардың санына тең ілгіштердегі орындар мөлшері бар киім сақтайтын орындар қарастырылуы тиіс.
110. Диспетчерлік кабинетті жол құжаттарын ресімдеуге арналған үй-жаймен (жүргізуші кабинетімен) шектес орналастыру қажет.
111. Жүргізушілер мен кондукторлардың уақытша демалатын үй-жайдың ауданы 2 қабаттан аспайтын әкімшілік немесе тұрмыстық ғимараттарда орналастырылуы тиіс.
112. Кәсіпорындардағы жиналыс өткізетін залдардың сыйымдылығын аса көп ауысымда жұмыс істейтін жүргізушілер мен кондукторларды ескере отырып қабылдау керек.
113. Көп қабатты тұрмыстық, әкімшілік және өндірістік үй-жайлардағы санитарлық тораптар әрбір қабатта қарастырылуы тиіс.
114. Санитарлық торапқа кіре беріс жерлер өздігінен жабылатын есігі бар тамбур арқылы қарастырылуы тиіс.
115. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу постылары жұмыстарының аймақтарында жұмыс істейтіндер үшін демалу, психологиялық жеңілдену, жылыту және салқындату үшін үй-жайлар қарастырылады.
5-параграф. Кәсіпорындарға газ-балонды автомобильдерге қызмет көрсету бойынша қосымша талаптар
116. Газ-балонды автомобильдерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорындар аумағында сұйытылған мұнай газын құю немесе балондарды кейінгі жанғыш емес (инертті) газдан газсыздандыру (үрлеу) арқылы сығылған табиғи газды шығару үшін жанбайтын материалдардан жасалған шатыр астындағы алаңды қарастыру керек. Алаңды өндірістік және қосымша ғимараттарға қатысты кәсіпорынның ық жағына орналастыру керек.
117. Газ-балонды автомобильдерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорындарда автомобильдің газсыздандырылған бос балондарын қаттауға арналған жанбайтын материалдардан жасалған шатыр астындағы алаңды қарастыру керек.
118. Газ-балонды автомобильдерді жерасты гараж-тұрақтарда сақтауға жол берілмейді.
119. Газ-балонды автомобильдерді сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу постыларының, диагностикалау және реттеу жұмыстарының үй-жайларында сығылған табиғи газдың немесе сұйытылған мұнай газының Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарда көрсетілген мәндерден асатын мөлшерде шығуына байланысты апатты жағдайларда төмендегідей шаралар қарастырылуы тиіс:
1) газ ортасының автоматты бақылау жүйесінің құрылғысы;
2) үй-жайларды және олардың барлық эвакуациялау жолдарын апатты жарықтандыру құрылғысы;
3) тұрақты табиғи желдету жағдайларын жасау.
120. Көп қабатты ғимараттарда аталған үй-жайлар сұйытылған мұнай және сығылған табиғи газдың осы үй-жайларға түсу мүмкіндігінің мөлшеріне байланысты жоғарыда аталған жүйелермен жабдықталуы тиіс.
121. Табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының үй-жайларын және құрылыстарын жобалау жарылыс-өрт және өрт қаупі бойынша үй-жайлар мен ғимараттардың категориялары, жарылуға қауіпті және өрт қауіпті аймақтар кластарының қолданыстағы тізімінде көрсетілген шектеу талаптарын ескере отырып жүзеге асуы тиіс.
122. Газ-балонды автомобильдерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың құрамында төмендегілер болуы тиіс:
1) газ-баллон жабдығының герметикалығын тексеру постысы;
2) сығылған табиғи газды шығару немесе сұйытылған көмірсутек газын құю және балондарды газсыздандыру постысы;
3) газсыздандырылған бос балондарды сақтауға арналған үй-жай немесе ашық алаң;
4) жанбайтын үрлемелі газы бар толтырылған және бос балондарды сақтауға арналған жанбайтын материалдардан жасалған металл шкафтар немесе шатырлар;
5) сығылған газдарға арналған газгольдер және (немесе) автомобиль жанармай балондарын босату жүзеге асырылатын сұйытылған көмірсутек газына арналған резервуарлар;
6) реттеу, диагностикалау және тікелей автомобильдерде қуаттандырудың газ жүйесіне қызмет көрсету бойынша басқа жұмыстар постысының үй-жайы немесе алаңы;
7) сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған көмірсутекті газбен жүретін газ-балонды автомобильдерді сақтауға арналған ашық алаң.
123. Қалыпты режимдегі газ-баллон автомобильдерін сақтауға және техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, диагностикалау және реттеу жұмыстарының постыларына арналған үй-жайларда бір реттік ауа алмастыру көлемінде үнемі жұмыс істейтін табиғи желдеткішті ескере отырып, бензинмен немесе дизельдік отынмен жүретін автомобильдер қозғалтқыштарының жұмыс істеу жағдайына есептелген механикалық жалпы алмасатын сору-тарту желдеткішін қарастыру керек.
124. Сору желдеткішінің барлық жүйелері жарылудан қорғалуы тиіс.
125. Ауаны қайта айналдыру арқылы тарту желдеткішінің жүйесін жобалауға жол берілмейді.
126. Соратын желдету камераларының үй-жайларында табиғи желдеткішті қарастыру керек.
127. Сақтау үй-жайларына және техникалық қызмет көрсету және көліктік құралдар, диагностикалау бекеттеріне қызмет көрсететін желдету камераларының және газ баллонды автомобильдердің реттеуші жұмыстарының шегінде ағынды жүйелердің ауа өткізгіштеріне кері қақпақ құрылғысы көзделуі керек.
128. Сұйытылған мұнай газында жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомабильдерді пайдаланатын кәсіпорындары газ ортасын автоматты бақылау жүйесімен, оның ішінде кәсіпорынның аумағында орналасатын сумен жабдықтау және кәріздің сорғы станцияларының тереңдетілген үй-жайларымен, желдету үшін желдету жүйелерін автоматты қосу бойынша іс-шараларды орындай отырып,автомобильді жуған ағынды суды үй-жайлардан тазартатын қабылдау резервуарларымен жабдықталады.
129. Сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштар бар автомобильдерге арналған жоғарыда аталған үй-жайлардан бөлек, ойықтар немесе ойықтар жоқ қабырғалармен үй-жайдың электр жабдығы газ ортасын бақылау жүйесі іске қосылған кезде, тиісінше үй-жайдың электр қондырғысымен бір уақытта сөндірілуі тиіс.
130. Желдету жүйесі үй-жайдың сыртында эвакуациялық шыға берісте орналасқан қашықтықтан іске қосу құрылғысымен қамтамасыз етіледі.
131. Ауыр жарылыс қауіпті газдардың түсуі ықтимал үй-жайлардағы газ ортасын бақылау жүйесі іске қосылған кезде, жұмыс істеп тұрған жүйелер мен қондырғылардың қуаттандырылуы жүзеге асатын трансформаторлық шағын станциялар, тарату және топтық қалқандар үй-жайларын, ЭҚҚ-на сәйкес жобалау керек.
132. Дыбыстық сигнализация ғимараттағы барлық жұмыс істеп тұрған газ ортасын автоматты бақылау жүйесінің іске қосылғандығы туралы хабарламаны қамтамасыз етуі тиіс. Жарық сигнализациясы жобамен үй-жайларда, сондай-ақ іргелес үй-жайлардың кіре беріс жағында және адамдар тәулік бойы тұрақты келетін үй-жайларда (күзет үй-жайы, диспетчерлік бөлме және тағы басқа) қарастырылуы тиіс.
133. Алаңдарда және сақтау үй-жайларында, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар көлік құралдарын диагностикалау және реттеу жұмыстарының постыларында жерасты құрылыстары: жертөлелерді, автомобильдердің ашық тұрақтарына арналған калориферлік камераларды, арналарды, шұңқырларды, қарау шұңқырларын, тоннельдерді, шұңқырлардан басқа құдықтарды, автомобильдерді жуу учаскесіне орналастыруға жол берілмейді.
134. Сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорындарда сарқын суларды бұру үшін мыналарды қарастыру керек:
1) жергілікті тазалау құрылысындағы автомобильдерді жуу құбырында гидроқақпақтарды;
2) жаңбыр суына арналған канализация желісін қалалық желіге қосар алдында гидроқақпақтары бар құдықтарды.
135. Соратын желдеткішті табиғи жолмен, тартатын желдеткішті газ ортасын автоматты бақылау жүйесі іске қосылғанда қосылатын жасанды жолмен жобалау керек. Тартатын желдеткішті ауаны қыздырмай орналастыруға жол беріледі.
136. Сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерді сақтауға арналған ашық алаңдарға су құбыры және канализация құдықтарын орналастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындау керек.
137. Сұйытылған мұнай газына арналған балондарды газсыздандырудың сорғы-компрессорлық бөлімінің және учаскесінің үй-жайларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау керек.
6-параграф. Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
138. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын сумен жабдықтауды және канализацияны жобалаған кезде, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары сақталуы тиіс.
139. Жылжымалы құрамды аралас парктің ашық алаңында сақтаған кезде, сыртқы өрт сөндіруге жұмсалған су шығынын әрбір категория үшін көлік құралдарына белгіленген орташа арифметикалық норма бойынша автомобильдердің жалпы саны үшін анықтау керек.
140. Жуу процесінің соңғы кезеңінде жеңіл автомобильдерді және автобустарды жуу үшін айналмалы сумен жабдықтау жүйесін қолдану кезінде техникалық су құбырында ішуге жарамды сапалы су болмаған жағдайда, жаңа техникалық сумен олардың шанақтарының сыртқы беттерін жууды қарастыру керек.
141. Тамақ өнімдерін тасымалдайтын автомобильдерді санитарлық өңдеу постыларынан ағын суларды тазалау үшін тұрмыстық канализация желісіне ішуге жарайтын сападағы сумен шаю кезінде артық суды ығыстыру арқылы кері сумен жабдықтаудың өздігінен тазалау құрылыстарын қарастыру керек.
142. Дәретхана сұйықтықтарын және қоқысты, улы және жұқпалы материалдарды тасымалдайтын автомобильдерді жуудан ағын суларды тазалау үшін тазалағаннан кейін тұрмыстық канализация желісіне ығыстыру арқылы тазалау құрылыстарын қарастыру керек.
143. Құрамында мұнай өнімдері, тетраэтилқорғасын, өлшенген заттар, бояу, қышқылдар мен сілтілер бар өндірістік ағын сулар жергілікті қондырғыларда сыртқы канализация желісіне түскенге дейін тазалануы тиіс.
144. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының канализация жүйесі бөлек болуы және шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр канализациясының желілерінен тұруы тиіс.
145. Өрт сөндіруге жұмсалған судың есептік шығынын анықтаған кезде, автомобильдерді, бөлшектерді және технологиялық қондырғыларды жууға, душ қабылдауға, едендерді жууға және аумақты суаруға жұмсалған су шығынын ескеру керек.
146. Су сапасына қойылатын бірдей талаптардың және суға түсетін ластану сипаттамасы бойынша жақын технологиялық процестер үшін жылжымалы құрамды жуу, агрегаттарды, тораптарды және бөлшектерді жуу, жылжымалы құрамды бояу үшін жекелеген тұйықталған циклдер түрінде айналым сумен жабдықтау жүйесін қарастыру керек.
147. Өндірістік сумен жабдықтау үшін ішуге жарайтын сападағы суды техникалық су құбыры болмаған жағдайда және айналымды сумен жабдықтау жүйесін орнатудың орынсыз негіздемесі кезінде, ерекшелік түрінде қолдануға жол беріледі.
148. Өндірістік ағын суларды (құрамында мұнай, бояу және жуғыш ерітінділер бар) жергілікті тазалағыш ғимараттарға беретін құбырларда гидроқақпақтарды қарастыру керек.
149. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының, автомобильдерді майлармен толтыру постыларын қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу постыларының едендерін жуған ағын суларды жылжымалы құрамды жуатын айналымды сумен жабдықтау жүйесінің тазалағыш ғимараттарын суғаруға немесе жаңбыр канализациясына жіберу керек.
150. Кәсіпорынның канализациялық желісін және тазалағыш ғимараттарын автомобильдерді жуғаннан және жылжымалы құрамды бояуға дайындау постыларынан ағын сулардың түсуі кезінде бітеліп қалудан қорғау үшін арнайы құрылғыларды, науаларды (үй-жай шектерінде), құдықтарды немесе қорғаныш торлары бар шұңқырларды қарастыру керек.
151. Жүргізетін құбырға резервуардағы ең жоғары (жоғарғы) және ең төменгі (төменгі) су деңгейіне байланысты үздіксіз автоматты толтыруды қамтамасыз ету үшін эектромагнитті вентильді орнату керек.
152. Мұнай өнімдерін жинауға арналған бак қалқымалы құйғыштар арқылы бұрып апаратын құбыр бойынша бакқа құйылатын мұнай өнімдерінің ағынсыз гидроциклондарында қалқымалы өнімдердің жиналуын қамтамасыз етуі тиіс.
153. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу постыларының едендерін жуған ағын суларды қабылдауға арналған траптар мен құдықтарды және ашық сақтау алаңынан беткі ағын суларды қабылдауға арналған жаңбырды қабылдау құдықтарын автомобильдер арасындағы жолдар мен өткелдерге орналастыру керек.
154. Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының аумағындағы алаңдар мен өтетін жолдардан беткі ағын сулардың аса ластанған бөлігін тазалауға арналған тазалағыш ғимараттарды ағын суларды қабылдауға есептеу керек.
155. Жанармай толтыру пунктінен беткі ағын суларды бұруды жергілікті тазалағыш ғимараттарды орналастырмай-ақ, гидробекітпесі бар қабылдау құдығы арқылы кәсіпорынның жаңбыр канализациясы желісінде жүргізу керек.
156. Өндірістік ағын суларды айдауға арналған сорғы станцияларын суды беру сенімділігі бойынша ІІІ категорияға жатқызу керек.
157. Автомобильдерді шаюға қажетті суды жіберу үшін, егер осы мақсат үшін жуу қондырғыларында сорғылар қарастырылмаса, судың су құбыры желісінен келуі көрсетілсе, дербес сорғылар орнатылуы тиіс.
158. Беткі ағын суларды тазалауды кәсіпорынның барлық аумағындағы беткі ағын сулардың жиналуын қамтамасыз ететін реттеуші резервуарларға ағын суларды жинау шартымен жылжымалы құрамды жуудан болатын ағын сулар үшін тазалау ғимараттарында жүргізуге жол беріледі.
159. Тазартылған беткі ағын сулар айналымды сумен жабдықтау жүйесін толтыру үшін қолданылуы тиіс.
160. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарына жылытуды және желдетуді жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы тиіс.
161. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу постыларының үй-жайларында төмендегілерді қолдану арқылы жылытуды қарастыру керек:
1) жұмыстан тыс уақытта рециркуляциялауға ауысатын тарту желдеткіші;
2) ауа-жылыту агрегаттары;
3) ауа-жылу шымылдығы;
4) тырналанбаған тегіс беті бар жергілікті қыздыру аспаптарымен жылытудың су жүйесі.
162. Рециркуляциялау арқылы жұмыс істейтін желдету және ауамен жылыту жүйелерінде өрт кезінде автоматты және қашықтықтан орталықтандырылған ажыратқышпен қамтамасыз етіледі (барлық ғимараттың көлемінде).
163. Өрт-жарылыс қауіпті буларды бөліп шығаратын жанғыш заттар бар үй-жайларға және жұмыс аймақтарына табиғи немесе мәжбүрлі сору-тарту желдеткіші орнатылуы тиіс.
164. Адамдардың көп санына сәйкес уақыт кезеңінде желдету жүйесі толық жүктемемен жұмыс істеуі тиіс.
165. Желдету және ауамен жылыту жүйелерінде тамбур-шлюздерге қызмет ететін жүйелерден басқа, өрт кезінде автоматты және қашықтықтан орталықтандырылған ажыратқышпен қамтамасыз етіледі.
166. Аталған жүйелердің қашықтықтан орталықтандырылған ажырату құрылғысын ауаны рециркуляциялау үй-жайларынан тыс, ғимараттан шығатын эвакуациялық шыға берістерге жақын орналастыру керек.
167. Ауа-жылу шымылдықтарын қосу және сөндіру автоматты орнатылған қақпалар аймағында немесе қақпаларды ашу тетігінен жүзеге асуы тиіс.
168. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу постыларының үй-жайларында ауа ортасының талап етілген шарттарын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның жұмыс режимін және жобаның технологиялық бөлігінде орнатылған зиянды бөлінетін заттар мөлшерін есепке ала отырып, механикалық себеппен жалпы алмасатын сору-тарту желдеткішін қарастыру керек.
169. Деңгейлері бір-бірінен және рампалардан оқшауланған көп қабатты гараж-тұрақтарда автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлардың сору және тарту желдеткішінің жүйелері (желдеткіш және ауа өткізгіштер) әрбір қабат үшін жеке қарастырылады.
170. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бекеттерінің үй-жайларында ауаны жалпы алмасатын желдеткіш жүйелерімен ауаны шығаруды қарау шұңқырларынан ауаны соруды, жұмыс аймағына және қарау шұңқырларына, сондай-ақ, қарау шұңқырларын біріктіретін жанасшұңқырға және жүру шұңқырларынан шығуды көздейтін туннелге шашыраңқы ағынды ауаны беруді ескере отырып, жоғарғы және төменгі аймақтардан көзделуі керек.
171. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайы үшін ауамен жылыту желдеткішінің жүйелерін басқа мақсаттағы ұқсас жүйелерден бөлек жобалау керек.
172. Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үй-жайларында және автомобиль қозғалтқыштарының жұмысына байланысты постылардағы жылжымалы құрамның жанармай толтыру пункттерінде жергілікті сорғыштарды қарастыру керек.
173. Автомобильдерді жуу үй-жайларында ауаны соруды жоғары аймақтан жұмыс аймағына келіп түсу арқылы қарастыру керек.
174. Аталған үй-жайларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін ауа алмасудың еселігі жұмыстарды өндіру жобасымен анықталады.
175. Посты үй-жайларында жергілікті сорғыштарды қарастыру керек.
176. Бояу және аккумуляторлық бөлімдерді (учаскелерді) орналастыруға арналған үй-жайлардың соратын желдеткіш жүйелерін өзара және басқа үй-жайлардың соратын желдеткіш жүйелерімен біріктіруге жол берілмейді.
177. Соратын шахталардың конструкциясы өртке қарсы автоматика жүйесінен басқарылатын және үй-жайлардың шыға берісінде орналасқан қашықтықтан қолмен басқарылатын отты ұстайтын клапандарды орнату есебінен түтіннің бір қабаттан екінші қабатқа кіру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
178. Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіпорындарда электр техникалық құрылғыларды жобалауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асыру керек.
179. Автомобильдерге қызмет көрсету кәсіпорындарының электр техникалық құрылғыларын жобалау барысында ЭҚҚ және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы тиіс.
180. Өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйесі өрт сигнализациясы немесе өрт сөндірудің автоматты қондырғысымен қалыптасқан командалық сигналмен автоматты түрде қосылуы тиіс.
181. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен сақтау үй-жайлары, техникалық қызмет көрсету постылары және көлік құралдары (жуу постыларынан басқа), диагностикалау және жылжымалы құрамның реттеу жұмыстарының постылары жабдықталуы тиіс.
182. Газ ортасын бақылау датчиктерін ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларына орналастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қарастыру керек.
183. Бояу жұмыстарын, бояуды дайындау және лак-бояу материалдарын сақтау үй-жайларында автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау кезінде тиісті нормалардың талаптары ескеріледі.
184. Химикаттарды және жанатын материалдарды, сондай-ақ, агрегаттарды және жанатын ыдыстағы (қаптамадағы) бөлшектерді сақтауға арналған қойма үй-жайлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.
185. Жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда қарастырылуы тиіс.
186. Қарау шұңқырларының текшелеріне орнатылған шамдар механикалық зақымданулардан қорғалуы тиіс.
187. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалаған кезде дәліздерді, негізгі өтетін жолдарды және адамдарды эвакуациялау үшін қызмет ететін баспалдақтарды эвакуациялық жарықтандыру қажет.
188. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарының аумақтарына жасанды жарықтандыруды орналастырған кезде жақын арада орналасқан ғимараттың терезесіне тікелей сәулелердің және ақ дақтардың түсуінің алдын алу керек.
189. Үй-жайдың алыс тереңдігіне тиісті жарық беру үшін ленталы немесе тұтас шынылауды қолдану керек.
7-параграф. Пайдалану кезінде мүмкіндігі шектеулі топтар үшін қауіпсіздікті және қолжетімділікті қамтамасыз ету
190. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіпорындарын және іргелес аумақты жобалаған кезде, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін талаптарды сақтау қамтамасыз етіледі.
191. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары жүретін жолдарда үй-жайлардағы деңгей айырмасын болдырмау керек, ал еден биіктігі қатты алмасқан жағдайда, құлаудан қорғау үшін қоршаулар қою керек.
192. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану барысында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына арналған кіре беріс алдына алаң қарастыру керек, сонымен қатар атмосфералық жауын-шашыннан қорғау керек.
193. Эвакуация жолдарына автоматты немесе жартылай автоматты есікті орналастыру, оны кең ашылатын жаймалары бар ойықтармен қайталау керек.
194. Есіктер халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін барынша қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
195. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау, салу барысында кіре беріс баспалдақтар барлық ашық жағынан тұтқалары бар пандустармен жабдықталуы тиіс.
196. Пандустарды жобалау барысында қозғалыс жолдарындағы барлық көлденең еңістерді ескеріледі, және тиісті параметрлері ескеріледі.
197. Жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жиек пандустар жаяу жүргіншілерге арналған аймақ шектерінде толықтай орналасуы тиіс және өтетін жол бөлігіне шықпауы тиіс.
198. Жаяу жүргіншілер жолдарын, тротуарлардың және пандустардың төсемі қатты материалдардан, тегіс, бұдырлы, саңылаусыз, қозғалыс кезінде дірілдемейтін, сондай-ақ сырғанаудың алдын алатын, аяқ киім табанының, қосымша жүру құралдары тіректерінің және ылғал мен қар кезінде кресло-арба дөңгелектерінің қатты қиюласуынан сақтайтын болып орындалады.
199. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына арналған стационарлық жабдық элементтері сенімді бекітілуі тиіс. Сонымен қатар жабдықтың бекіту элементтері, реттегіштер, иінтіректер және тағы да басқа қондырғылардың конструктивтік жазықтығынан шықпауы тиіс.
8-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
200. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру кезінде жақын және алыс жердегі экологиялық, демографиялық және объектілерді пайдаланудың басқа салдарлары ескерілуі және оны сақтаудың артықшылығын, биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
201. Қоршаған ортаны қорғау саласында белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз ететін ластаушы заттар шығарындыларын және лақтырындыларын, қалдықтарды тазалау, зарарсыздандыру және пайдалану бойынша техникалық құралдармен жабдықталмаған ғимараттарды пайдалануға тыйым салынады.
202. Атмосфераны ластаулардан қорғау жөніндегі шараларды қарастыру, технологиялық процестерге сәйкес газдар мен шаңдар көп жиналатын орындардағы цехтарға газ-шаң тұтқыш қондырғыларды орнату қажет.
203. Мұнай өнімдерінің ағын сулармен бірге табиғи су қоймаларына түсуінің алдын алу мақсатында жуу пункттері қалалық сумен жабдықтау және канализация жүйесіне қосылуы тиіс.
204. Су канализацияға түсер алдында су тазалау қондырғысында тазалаудан өтуі тиіс.
205. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары аумақтың аэрация жағдайын және атмосфералық ауаның санитарлық-гигиеналық нормаларын қамтамасыз етуді ескеру арқылы жобалануы тиіс.
206. Ландшафт жоспарларына су, топырақ, биологиялық әртүрлілік, энергетикалық ресурстар, ауаның сапасы және қоғам мүддесіндегі басқа да табиғи ресурстар сияқты табиғи ресурстарды енгізу керек.
207. Ағаштар отырғызу кезінде климаттық жағдайларды, топырақ түрін, жауын-шашын көлемін, жел бағытын, өсімдіктер күтімін ескеру керек.
208. Өндірістік үй-жайларда және ашық тұрақ аумақтарында жанар-жағармай материалдары, антифриз ағатын техниканы пайдалануға жол берілмейді. Қолданылған майланған шүберекті, пайдаланған майларды жинауды және оларды тапсыруды ұйымдастыру қажет.
209. Сыртқы шу көздерінің шу сипаттамаларын, үй-жайға кіретін дыбыс деңгейін, оларды төмендетудің талап етілген шамасын ескеру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес шараларды және шудан қорғау құралдарын анықтау керек.
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
210. Ғимараттарды жылыту немесе салқындатуға энергия ресурстарын үнемдеу үшін бастапқы талаптар қорғаныс конструкциялардың жылу оқшаулағыштарын айтарлықтай жақсарту болып табылады.
211. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын жобалау барысында ғимараттың энергиялық тиімділігін арттыру мақсатында:
1) механикалық желдету жүйесін жылуды регенерациялау құралдарымен жабдықтау;
2) ғимараттың сыртқы беттеріндегі жылу шығынын төмендету;
3) терезелерді ауыстыру;
4) конструкциялардың басқа сыртқы элементтерінің (қабырғалары, шатырлары) жылу оқшаулауын жақсарту;
5) ескі ғимараттарды жаңарту және тағы да басқалар қажет.
212. Энергияны тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін ғимараттың қоршау конструкциялары энергияны үнемдеу материалдарынан жасалуы тиіс.
213. Ғимаратты автоматтандыру жүйесі жылумен, желдетумен және салқындатумен, ыстық және суық сумен, жарықпен тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, бұл пайдалану тиімділігін арттырады және шығындарды төмендетеді.
214. Ғимараттың энергетикалық тиімділігін жетілдіру кезінде үй-жайдың ішіндегі, сонымен қатар жергілікті климаттық жағдайлар назарға алынуы тиіс және экономикалық тиімділікті ескеру керек. Бұл шаралар ғимараттың басқа техникалық талаптарына, сонымен қатар олардың жалпыға ортақтығына, қауіпсіздігіне және мақсатты қолданылуына әсер етпеуі тиіс.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
215. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары табиғат пайдалану саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ескеру керек.
216. Су тұтынуды қысқарту, айналым және қайталама сумен жабдықтау жүйесін қолдануды ұлғайту, өнімсіз шығындарды және су шығынын азайту, ластанған ағын сулардың ағуын төмендету және тоқтату, ағын суларды тазалау және басқалар сияқты су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шараларды ескеру керек.
217. Автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын, сондай-ақ, оның аумақтарын жобалау, салу және пайдалану барысында табиғи ортаны қалпына келтіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шаралар қарастырылуы қажет.
ӘОЖ 656.13.07 МСЖ 91.040.99
Негізгі сөздер: автомобильдер кәсіпорындары, пост, техникалық тексеру, жөндеу, тұрақтар, табиғи газ, қызмет көрсету, резервуар
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының 2019 жылғы _______
№ ___ бұйрығына 3-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ.
СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АВТОЖАНАРМАЙ СТАНЦИЯЛАРЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ПРОЕКТИРОВАНИЕ.
АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА
ҚР ҚН 3.03-07-2019
СН РК 3.03-07-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2 ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
6 УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |