Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства. Мазмұны
1-тарау.
|
Қолдану саласы
|
|
2-тарау.
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3-тарау.
|
Терминдер мен анықтамалар
|
|
4-тарау.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
|
|
1-параграф.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты
|
|
2-параграф.
|
Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
|
|
5-тарау .
|
Магистралдық құбыр жолдарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Магистралдық құбыр жолдарының механикалық қауіпсіздігі, сенімділігі мен төзімділігі бойынша талаптар
|
|
2-параграф.
|
Магистралдық құбыр жолдарының өрт қауіпсіздігі талаптары
|
|
3-параграф.
|
Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
|
|
6-тарау.
|
Табиғы ресурстарды рационалды пайдалану және энергияны тұтынуды үнемдеуге қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Магистральды құбырлардың объектілерінің құрылыстары мен ғимараттардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар
|
|
2-параграф.
|
Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану талаптары
|
|
7-тарау.
|
Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптары
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МАГИСТРАЛДЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ
МАГИСТРАЛЬНЫЕ ТРУБОПРОВОДЫ
|
-
Қолданысқа
енгізілген күні
|
2019-ХХ-ХХ
|
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы нормалар болат магистралдық құбыр жолдарды жаңадан жобалау, кеңейту және қайта құру кезінде және олардан номиналды диаметрі DN 1400 миллиметрге (бұдан әрі – мм) дейін және ортаның қысымы 1,2 мега Паскаль (бұдан әрі – МПа) жоғары, 10 МПа дейінгі құбырды жекелеп тармақтану кезінде немесе техникалық дәлізде қою кезінде таралады.
2. Осы құжат магистралдық құбыр жолдарының сызықтық бөліктерін жобалау нормаларын анықтайды.
3. Қалалар мен басқа да елді мекендерге, теңіз акваторяларына және өнеркәсіптерге төселетін құбырларды, сондай ақ құбырлардың метталына коррозиялы әсер ететін немесе алу 40 градус Цельсий (бұдан әрі – °С) температурадан төмен салқындатылған газ, мұнай, мұнай өнімдерін және өртелген көмірсутек газдарын тасымалдауға тағайындалған құбырларды жобалау және салуға осы нормалар қолданылмайды.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексі (бұдан әрі – Жер кодексі);
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі (бұдан әрі –
Экологиялық кодекс);
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – Энергия үнемдеу туралы Заң);
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң);
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Магистральдық құбыр туралы Заң);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);
«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10851) (бұдан әрі – ЭҚҚ).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
1) айдап қотару станциясы – магистральдық мұнай өнімі құбырының объектісі, оның құрамына магистральдық мұнай өнімі құбыры бойынша мұнай өнімдерін қабылдау, жинақтау, есепке алу және айдап қотаруға арналған ғимарттар, құрылыстар мен құрылғылар кешені кіреді;
2) анодты жерге тұйықтау – қорғанау тоғының жерге ағуын қамтамасыз ететін құрылғы;
3) байпас – технологиялық құрылғының кірісі мен шығысын байланыстырып тұратын тиекті-реттеуіш арматуралы, және айдап қотарылатын өнім ағымын толығымен немесе оның бөлігін осы құрылғы бойынша айналымға жіберуге, оның ішінде қызмет көрсету кезінде немесе құрылғы тоқтап қалған кезде өнімді құрылғыдан шығаруға арналған құбыр;
4) бөлектеуші жалғастырғыш – құбырдың электрикалық үздңксіздігін бұзатын құбырдың екі учаскесі арасындағы қосымша;
5) біріктіріп қорғау блогы – әр түрлі электрикалық көрсеткіштері бар екі және одан да көп жерасты коммуникацияларын біріктіріп қорғау кезінде қорғаныс тоғын өлшемі және бағыты бойынша реттеуді қамтамасыз ететін құрылғы;
6) вантуз – зауытта жасалған құбыр жүйесінің бөлімдері арқылы құбырға жалғастырылған зауытта жасалған құрылғы, ол өнімді (су, мұнай, мұнай өнімдері) айдап шығару-жүктеп алуға, жоспарлық және апаттық жұмыстарды орындау кезінде құбырға ауаны жіберуге және/немесе құбырдан газдыауалы қоспаны шығаруға тағайындалған;
7) дренажды кабель – тұрақты ток көзінің алу клеммасын құбырмен (катодты дренажды кабель) және қосу клеммасын – анодты жерге тұйықтаумен (анодты дренажды сызық) байланыстыратын өткізгіш;
8) дренажды қорғанысты орнату – құбырдан тоқты бұруды (дренаж) жерге немесе қаңғыма тоқтарға жүргізуді қамтамасыз ететін дренаж және дренажды желіден тұратын құрылғылар кешені;
9) дренаж нүктесі – электрохимиялық қорғау кезінде құбырдан тоқты бұру орыны;
10) жалғастыру бөлшектері – құбыр осінің бағытын өзгертуге, одан тармақ бөліп шығаруға, оның диаметрін өзгертуге, оның қабырға қалыңдығы мен аңылаусыздығын өзгертуге арналған құбыр элементтері (бұрма, құбыр жүйесінің бөлімдері, ауысым, ауысым сақинасы, түп;
11) жерге тұйықтау кедергісі – жерге тұйықталған электрод (электродтар) кедергісі, оның құрамына жердегі ағу токтарының кедергісі және электрод-грунт шекарасындағы байланыс кедергісі кіреді;
12) жобалық қорғанысты орнату – бірнеше параллель жұмыстайтын протекторлардан тұратын қондырғы;
13) жұмыс қысымы – жоба бойынша алдын ала қарастырылған құбырдың барлық стационарлы жұмыс режимдерінде құбырдың берілген нүктесіндегі ең көп артық қысым;
14) иілгіш құбырдың бүгілуі – бұрмаларды қолданбастан құбыр осінің бағытын өзгерту (вертикалды немесе горизонталды жазықтықта);
15) катодты қорғаныс – құбырдың жалаңаштанған учаскелерінің потенциялын теріс мағыналы мәндерге қарай қозғау арқылыкКоррозиялық үрдіс жылдамдығын тоқтату;
16) катодты станция – құбырдың сыртқы тоқпен катодты поляризациялауға арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені;
17) кедергілер -табиғи кедергілер – өзендер, су қоймалары, каналдар, көлдер, тоғандар, бұлақтар, ағыстар мен шалшықтар, жыралар мен сайлар; жасанды кедергілер – темір және автокөлік жолдары, электр беру желілері, әр-түрлі қиылысатын құбырлар, байланыстар;
18) кезбе тоқтар – тұрақты немесе ауыспалы кернеудің жат көздерінің (электрлендірілген транспорт, пісіру агрегаттары, жат ғимараттарды және тағы басқа электрохимиялық қорғау құрылғылары) жұмыстауы (электрохимиялық қорғалатын объект тоқтарына салыстырғанда) нәтижесінде пайда болатын өздеріне тағайындалмаған тізбектер бойынша ағатын жердегі тоқтар;
19) компенсатор – берілген қисықтығы бар арнайы конструкция немесе құбыр учаскесі, ол температураның ауысуын қабылдауға тағайындалған;
20) компрессор станциясы – магистральдық газ құбырының объектісі, оның құрамына магистральдық газ құбыры бойынша газды қабылдау және айдап қотаруға арналған ғимарттар, құрылыстар мен құрылғылар кешені кіреді;
21) қабырға қалыңдығы:
номинальдық – МемСТ, ТШ және құбыр спецификацияларында көрсетілген;
есептік – төзімділікке есептеумен анықталады;
минимальдық – номинальдық минус құбыр қабырғасының жуандығына жіберу;
22) қорғанысты жерге тұйықтау – электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен орындалатын жерге тұйықтау;
23) қорғаныс зонасы – құбырдың қорғаныс потенциалдары қамтамасыз етілген бөлігі;
24) қорғаныс қабаты – құбырдың сыртқы немесе ішкі бетін сыртқы немесе ішкі ортадан оқшаулап тұратын конструкция;
25) қоршаған орта – табиғи орта, табиғи және табиғи-антропогендік объектлер, сонымен қатар антропогендік объектлер кешенінің жиынтығы;
26) қоршаған ортаға әсер етуін бағалау – жоспарланған шаруашылық немесе басқа қызметті жүзеге асыру мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдау мақсатында сол қызметтердің қоршаған ортаға әсер етуінің тура және жанама салдарын анықтау, талдау және есепке алу қызметінің түрі;
27) қорғаныс потенциалы – коррозиялық үрдісті тоқтатуды қамтамасыз ететін катодты потенциал;
28) құбырдың ауалық (балочный, вантовый) – жасанды немесе табиғи кедергілер арасынан төселген жер үсті құбырының учаскесі;
29) құбырды балансқа келтіру – трассаның суландырылған бөліктеріндегі құбырлардың жобалық жағдайын қамтамасыз ететін құрылғыны құбырға орнату;
30) құбырдың жерасты өткелдері – жасанды немесе табиғи кедергілерден өтетін құбырдың жерасты учаскесі;
31) құбырдың жоспарлық өткізу қабілеттігі – айдап қотарылатын өнімнің жобалық көрсеткіштері (тұтқырлығы, тығыздығы) кезінде жылдық уақыт қоры ішінде құбыр өткізуге тиіс өнімнің берілген көлемі;
32) құбырдың суасты өткелі – өзен немесе су сабасының ені 30 м (газ құбырлары үшін) және оданда жоғары немесе ені 10 м жоғары (мұнай құбырлары үшін) және тереңдігі 1,5 м жоғары суат арқылы төселген құбыр учаскесі;
33) құбырды тереңдету – құбырдың жоғарғы бетінен жердің бетіне дейінгі ара қашықтық; балласт болған жағдайда – жер бетінен балластайтын констукциядың жоғарғы бетіне дейінгі ара қашықтық;
34) қысым толқындарын тегістеу жүйесі – ауыспалы үрдіс кезінде аралық мұнай айдау станциясы (бұдан әрі – МАС) кірісінде қысымның көбею жылдамдығын төмендетуді жүзеге асыратын жабдықтар мен ғимараттар кешені;
35) құбыр трассасы – құбыр осінің орналасуы, ол оның проекция жерінде горизонтальды және вертикальды жазықтықпен анықталады;
36) құбыр (учаске) категориясы – құбырдың мықтылығы мен сынау қысымының өлшеміне қойылатын талаптарды анықтайтын құбырдың (учаскенің) сипаттамасы;
37) лупинг – негізгі құбырмен параллель төселген және магистральдық құбырдың өткізу қабілетін көбейту мақсатында негізгі құбырмен байланыстырылған құбыр;
38) магистральдық құбыр – техникалық регламенттердің және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін өнімнің қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін желілі бөліктен және объектілерден тұратын бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
39) магистралдық құбыр жолдарының жасанды кедергілерден өтуі – автожолдар немесе темір жолдар, немесе су қоймасы, немесе каналмен қиылысатын және оның күзет зонасында орналасқан құбыр учаскесі;
40) магистралдық құбыр жолдарының табиғи кедергілерден өтуі – өзен, канал, жыра, шалшық учаскелерімен қиылысатын құбыр учаскесі;
41) магистральдық құбырдың сызықтық бөлігі – тікелей көліктік өнімді жүзеге асыратын жер асты, жер төле, жер беті, жер үстіндегі құбырлар;
42) магистральдық құбырдың күзет аймағы – Магистральдық құбыр туралы Заң мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңда айқындалған тәртіпте жерді пайдаланудың ерекше шарттары белгіленетін құбырлардың және объектілердің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құбыр трассасының бойындағы және оның технологиялық объектілері айналасындағы аумағы;
43) металл коррозиясы – сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық әсер ету нәтижесінде металлдар мен құйындылардың бұзылуы, оның нәтижесінде металлдар тотығады немесе өздеріне тән қасиеттерін жоғалтады;
44) механикалық қауіпсіздік – магистралдық құбыр жолдарыдың және оның құрамына кіретін ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайы, бұл құбырлардың, ғимараттардың, құрылыстардың немесе олардың бөліктерінің қирауы немесе тұрақтылығының жойылуы нәтижесінеде адам өмірі немесе денсаулығына зиян келтірудің, мүлік пен қоршаған ортаға зақым келтірудің алдын алумен сипатталады;
45) микротоннель – құбырды төсеуге арналған құбыр, оған адамдардың қолы жетпейді және оған қызмет көрсету үшін техниканың қолы жетпейді;
46) номиналды диаметр – шамамен құбырдың ішкі диаметріне тең, миллиметрмен өлшенеді және анықталған тәртіппен қабылданған сандар қатарынан ең жақынына сәйкес келеді;
47) оқшаулаушы қосылыс – құбырдың электрикалық үздіксіздігін бұзатын құбырдың екі учаскесінің арасындағы ендірме;
48) өрт қауіпсіздігі – магистралдық құбыр жолдарыдың және оның құрамына кіретін ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайы, бұл өрттің алдын алу және өрттің қауіпті факторларының адам, мүлік және қоршаған ортаға зиянды әсер етуінің алдын алу мүмкіндігімен сиптталады;
49) протектор – қорғалатық құбырдан қарағанда терісрек потенциалы бар материалдан немесе құйындыдан жасалған электрод (тәжірибеде болат құбырлардың коррозиядан қорғау кезінде негізінен магниден жасалған құйындыларды қолданады, алюминий немесе цинктен жасалған құйындылар сирек қолданылады);
50) протектор қорғанысы – құбырды протекторлар көмегімен коррозиядан қорғау;
51) сақтық желісі – трубопровод, проложенный параллельно магистральному трубопроводу, подключается на случай повреждения магистрального трубопровода;
52) саңылаусыздығын тексеру – құбырдан өнімнің кеміп қалуын болдырмауға кепілдік беру мақсатында құбырды статикалық ішкі қысыммен сынау;
53) сусіңгіш сызығы – тұрақты ток көзінің алу клеммасын құбырмен (катод сусіңгіш сызығы) және қосу клеммасын анодты жерге тұйықтағышпен қосатын электрберу сызығы;
54) сынау қысымы – құбырдың берілген бөлігін сынудың максималды қысымы;
55) техникалық коридор – магистралды құбыр немесе магистралды құбырлар мен коммуникациялар қатар салынған жүйелер өтетін аумақ;
56) технологиялық магистральдық мұнай құбырының учаскесі – резервуар паркі бар мұнайды айдап қотаратын бір станциядан келесі станцияға дейін резервуар паркі бар станция ағыны бойынша немесе сонғы пунктке дейін мұнайды (мұнай өнімдерін) жеткізетін магистральдық мұнай құбырының учаскесі;
57) технологиялық резервке қою – біреуі тоқтап қалған жағдайда келесісін жұмысқа қосуға арналған өзара резервте сақтау технологиялық агрегаттардың болуы;
58) тиекті арматура – құбырларға, оның бөлек учаскелері мен тармақтарына орнатылатын тең өткелді шүмектер мен ысырмалар;
59) төзімділігін сынау – құбырдың конструкциондық бүтінділігін растау мақсатында ішкі статистикалық қысыммен сынау;
60) траншея – құбырларды жерастына төсеу мақсатында шұңқыр түрінде салынған уақытша жер ғимараты;
61) траншея жиегі – траншея қабырғасының жер бетімен қиылысу сызығы;
62) трасса бойындағы жол – магистральдық құбыр объектісі, ол магистральдық құбырды салу және эксплуатациялау кезеңінде жүк пен жұмысшыларды магистральдық құбыр трассасының бойымен тасымалдауға арналған;
63) туннель – созылған жерасты құрылысы, ол құбырларға техникалық қызмет көрсету кезінде адамдардың қолы жетуін қамтамасыз ететін құбырлар мен ілеспелі байланыстарды төсеуге арналған.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
5. Құбырлар, құрылыс конструкциялары немесе негіздер болуы тиіс емес шекті жағдайға жетуі мүмкін болғандықтан құрылыс және эксплуатация үрдісі кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтіру қауіп-қатерлері төнбеу мақсатында, өртке қарсы талаптар мен санитарлы-техникалық талаптарды ұстана отырып құбырлардың, ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық жүйелер мен желілер элементтерінің механикалық қауіпсіздігін, сенімділігін, төзімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету осы нормативтік талаптардың мақсаттары болып табылады.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. Техникалық, технологиялық және экологиялық көрсеткіштері бойынша магистралдық құбыр жолдарыдың құрамына кіретін құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс конструкциялары, инженерлік-техникалық жүйелер мен желілер элементтерін магистралдық құбыр жолдары объектілерінің құрылысы және эксплуатациясы кезінде келесі функциональдық талаптарды қамтамасыз ететіндей жобалау қажет:
1) магистральдық құбыр объектлерінің механикалық қауіпсіздігі – құрылыс үрдісінде және есептік қызмет мерзімі ішінде пайда болуы мүмкін жағымсыз ауырлықтар мен әсерлердің пайда болған кезінде объектілер талап етілген дәрежеде төзімді және тұрақты болуы тиіс; сонымен қатар магистралдық құбыр жолдарыдың төзімділігі мен тұрақтылығы ерекше (апаттық) ауырлықтар мен әсерлерден қамтамасыз етілген болуы тиіс, оның ішінде транспортен соғысу, жарылыс, жабдықтардың апаты, көтеруші конструкцияның жұмысы тоқтап қалу және тағы басқалар нәтижесінде пайда болған жағымсыз жағдайлар;
2) магистралдық құбыр жолдары объектлерінің сенімділігі – қызмет етудің есептік мерзімі ішінде ең жағымсыз есептік ауырлықтар әсер ету кезінде объектілердің шектік жағдайдан аса алмауы, яғни әсер ету эффектлерінің есептік мәндері (күш, кернеу, деформация, орыны ауысу) жобалау нормаларымен анықталатын шектік мәндерден асып кетпеуі тиіс;
3) магистралдық құбыр жолдарының төзімділігі – магистралдық құбыр жолдарыдың объектлері жобаланған кезде олардың эксплуатациялық сипаттамасы қызмет етудің есептік мерзімі кезінде жобалық дәрежеден төмендемейтіндей етіп жобалануы тиіс;
4) магистральдық құбырдың өрт қауіпсіздігі – магистралдық құбыр жолдарының ғимараттары мен құрылыстары өрттің пайда болу қауіпін алдын алатындай және оның пайда болу қауіпін төмендететіндей етіп, ал өрт пайда болған жағдайда адамдар, мүлік пен қоршаған ортаны өрттің қауіпті факторларынан қорғайтындай өтіп жобалау қажет;
5) магистралдық құбыр жолдарының өртке тұрақтылығы – магистральдық құбыр объектлерінің ғимараттары мен құрылыстарының, олардың құрылыс конструкциялары мен ішкі инженерлік жүйе элементтерінің өртке тұрақтылығы уақтылы эвакуациялауға мүмкіндік болмаған адамдарды қауіпсіз зонаға көшіру және адамдарды құтқару уақытында конструкция тұрақтылығы талаптарына сәйкес келуі, сонымен қатар өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардың бүтіндігін қамтамасыз ету және келтірілген шығындарды азайту бойынша Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес экономикалық негізделген болуы тиіс;
6) санитарлық-гигиеналық шарттар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергетикалық ресурстарды ептеп жұмсау бойынша талаптарды;
7) қоршаған ортаға кері әсер етудің алдын алу бойынша талаптарды ұстану қажет.
5-тарау. Магистралдық құбыр жолдарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Магистралдық құбыр жолдарының механикалық қауіпсіздігі, сенімділігі мен төзімділігі бойынша талаптар
7. Құрылысы кезінде жіберілуге тиіс емес адам өмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға қауіп төнгенде, құбырлар, құрылыс конструкциялары немесе олардың негіздері жіберілуге тиіс емес шектік жағдайға жеткен кезде магистралдық құбыр жолдарының құрамына кіретін құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс конструкциялары, нженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің элементтері талап етілетін тұрақтылық пен төзімділікті болуы тиіс.
Есептік жағдайлар келесі факторларды ескеруі тиіс:
1) магистралдық құбыр жолдары объектлерінің функциональдық тағайындалуы мен конструктивті шешімдеріне сәйкес барлық ауырлықтар мен әсерлер түрлерін;
2) климаттық және қажетті ауырлықтар мен әсерлерді;
3) құрылыс конструкцияларының, негіздері мен геометриялық өлшемдерінің ауытқуының деформациясы нәтижесінде туындайтын күштерді;
4) қауіпті табиғи үрдістер мен көріністердің әсері және техногенді әсерлерді.
Жобалау тапсырмасымен анықталатын жағдайларда магистралдық құбыр жолдарының төзімділігі мен тұрақтылығы да ерекше (апаттық) ауырлықтар мен әсерлердің әсер етуімен, оның ішінде транспортен соғысу, жарылыс, жабдықтардың апаты, көтеруші конструкцияның тоқтап қалуы және тағы да басқалар нәтижесінде пайда болған әсерлермен қамтамасыз етілген болуы тиіс.
8. Есептерде ескерілетін және магистралдық құбыр жолдары объектілері мен негіздер жетуге тиіс емес шектік жағдайлар ауырлықтар мен әсерлердің есептік мәндері мен қызмет етудің есептік мерзімі кезінде келесідей сипатталады:
1) құбырлардың, түгел ғимараттың немесе олардың бөліктерінің бұзылуымен, оның ішінде жергілікті бүлінулер нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқан бұзылулар, құбырлардың, құрылыс конструкциялары мен негіздердің болуы мүмкін емес деформациясымен, сонымен қатар жалғасатын территорияның геологиялық массивтерінің деформациясымен және объектілерді содан әрі эксплуатациялауды тоқтатуға әкелетін басқа да бүлінушіліктермен;
2) объектіні экплуатациялауды уақытша тоқтатуға және/немесе олардың қызмет мерзімін қысқартуға әкелетін магистралдық құбыр жолдары объектлерінің, олардың негіздері, құрылыс консрукциялары немесе ішкі инженерлік жүйелердің эксплуатациялық жарамдылығының төмендеуімен.
9. Ерекше қауіпті категорияға жатқызылатын магистралдық құбыр жолдарының объектілері жобалау тапсырмаларында анықталатын, осындай объектілердің құрылыс және эксплуатация шарттарын ескерген қосымша талаптарға сай болуы тиіс. Негізделген жағдайларда осындай объектілерді қауіпті табиғи үрдістер мен көріністер әсер ететін қиын табиғи жағдайларда салуға шектеулер орнатылады.
10. Магистральдық құбыр мен негіздердің сенімділігін құрылысты дайындау, оны жобалау, оның конструктивті элементтерін дайындау, салу және эксплуатациялау кезеңдерінде қамтамасыз етіп отыру қажет.
11. Қабылданған жобалық және конструктивтік шешімдер олардың конструктивті элементтері мен байламдарының жалпы шектік жағдайлары бойынша есептелген нәтижемен негізделген болуы тиіс, сонымен қатар қажет болған жағдайда магистралдық құбыр жолдарының құрылыс объектілерінің негізгі көрсеткіштері, көтеру қабілеттілігі мен олар қабылдай алатын әсерлер экспериментті зерттеулер мәліметтерімен негізделуі тиіс.
12. Магистральдық құбырды есептеу кезінде келесі есептік жағдай қарастырылған болуы тиіс:
1) анықталған жағдай – құрылыс объектісінің қызмет мерзіміне жақын ұзақтығы бар (мысалы, екі күрделі жөндеулер арасындағы немесе екі технологиялық үрдістердің өзгеруі арасындағы эксплуатация) және эксплуатацияның қалыпты шарттарына сәйкес келетін жағдай;
2) ауыспалы жағдай – құрылыс объектісінің қызмет мерзімімен салыстырғанда ұзақ емес жалғасатын жағдай (мысалы, құрылыс объектілерін дайындау, тасымалдау, монтаждау, күрделі жөндеуден өткізу және қайта құру);
3) апаттық – айтарлықтай әлеуметтік, экологиялық және экономикалық шығындарға әкеле алатын және құрылыстың ерекше жұмыс шарттарына (оның ішінде ерекше әсер ету жағдайларында) сәйкес келетін жағдай.
13. Есептік жағдайлар магистралдық құбыр жолдарын салу және эксплуатациялау уақыты кезінде пайда болуы мүмкін барлық жағымсыз шарттарды ескеруі тиіс.
14. Магистралдық құбыр жолдары объектілерін жобалау және салу кезінде олардың жақында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды эксплуатацияға қалай әсер ететіндігін ескеру қажет.
15. Жобалау кезінде бұрын мақұлданбаған конструктивті шешімдер қолданылған немесе есептеудің сенімді әдістері жоқ жоғары дәрежелі жауапкершілікті ғимараттар үшін модельдер немесе натуралы конструкциялардағы экспериментальдық зерттеулер мәліметтерін пайдалану қажет.
16. Динамикалық және цилиндрлік ауырлықтарды немесе әсерлерді қабылдайтын магистралдық құбыр жолдары объектілерін жобалау кезінде болуы мүмкін кернеу концентраторларын және, қажет болған жағдайда, арнайы қорғаныс іс-шараларын (тербелістерді сөндіргіштер, оқшаулаушы конструкциялардың перфорациясы, виброоқшаулау және тағы басқа) қолдануды қарастырмау қажет. Цилиндрлік ауырлықтарды қабылдайтын конструктивті элементтерді жобалау тексеру есептерінің нәтижелерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
17. Магистралдық құбыр жолдарының объектілерін жобалау кезінде оларға агрессивті орта шарттарының кері әсер етуін ескеру қажет (ауыспалы қатыру және еріту, қатуға қарсы реагенттердің болуы, теңіз суының, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарының және тағы басқалардың әсері).
18. Материалдың тозу дәрежесін конструкцияны есептеу нәтижелері, оларды тәжірибелік зерттеу нәтижелері, бұрын салынған құрылыстарды эксплуатациялау тәжірибесі негізінде бағалауға болады.
19. Конструкция мен құрылыстың төзімділігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар, сонымен қатар олардың қызметінің есептік мерзімдерін тапсырыс берушінің келісімі бойынша бас жобалаушы анықтауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |