Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



бет8/10
Дата25.01.2020
өлшемі1 Mb.
#27271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.

Мазмұны


1-тарау.

Қолдану саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Мұнай, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутегі газдардың жерасты қоймаларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар




1-параграф.

Жалпы талаптар




2-параграф.

Өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарын ұйымдастыру




6-тарау.

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттарына талаптар




7-тарау.

Оң температуралы тұрақты тау жыныстарындағы жерасты қоймаларына талаптар




8-тарау.

Оң температуралы тау жыныстарында тау әдісімен салынатын жерасты қоймаларына талаптар




1-параграф.

Жалпы талаптар




2-параграф.

Оң температурасы бар жыныстардағы шахталы қоймалар




9-тарау.

Тас тұздарындағы жерасты қоймаларына талаптар




1-параграф.

Жалпы талаптар




2-параграф.

Тасты тұздағы шахтасыз қоймалар




10-тарау.

Сұйытылған газдың жерасты қоймаларына қойылатын талаптар




1-параграф.

Жалпы талаптар




2-параграф.

Сулы құрылымдардағы сұйытылған газдың жерасты қоймалары




11-тарау.

Қоймалардың жерүсті кешендеріне талаптар




12-тарау.

Алмастыру технологияларына талаптар




1-параграф.

Өнімді ерітіндімен, газбен немесе сумен алмастыру әдісімен пайдалану үшін арналған жерасты қоймалары




2-параграф.

Өнімді сақтауды алмастырмай пайдалану үшін арналған жерасты қоймалары




13-тарау.

Эксплуатациялық талаптар




14-тарау.

Жобалау мен құрылысын салуға талаптар




1-параграф.

Негізгі талаптар




2-параграф.

Тұзды тастағы шахтасыз қоймалар




15-тарау.

Жерасты қоймаларын салу сапасын бақылау мен қабылдау




16-тарау.

Қоршаған ортаны қорғау




17-тарау.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

МҰНАЙ, МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МЕН СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДАРДЫҢ ЖЕРАСТЫЛЫҚ ҚОЙМАЛАРЫ
ПОДЗЕМНЫЕ ХРАНИЛИЩА НЕФТИ, НЕФТЕПРОДУКТОВ И СЖИЖЕННЫХ ГАЗОВ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы нормалар мұнай, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутегі газдардың (бұдан әрі - СКГ) осы өнімдерді өткізбейтін тау жыныстары массивтерінде және тасты тұздарда геотехнологиялық және тау әдістерімен салынатын жер асты қоймаларын жобалауға, жаңасын салуға, кеңейтуге және қайта құруға таралады.

2. Осы нормалар келесі жерасты резервуарлары бар қоймаларды жобалауға таралмайды:

1) металл және темірбетоннан жасалған;

2) қалыпты бутан үшін арналған төменгі температуралы мұз жыныстарына;

3) қысылған газдар үшін;

4) камуфлеттік жарылыс әдісі арқылы салынатын;

5) технологиялық аппараттар ретінде қолданылатын.

2-тарау. Нормативтік сілтемелер

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10303) (бұдан әрі – Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары).

Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.



3-тарау. Терминдер мен анықтамалар

3. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен олардың анықтамалары беріледі:

1) аспалы діңгек – шахтасыз резервуарды жасағанда және пайдаланғанда сұйықтар мен газдарды құю мен алуға арналған, ұңғының құйылмалы жеріне бекітілген құбырлар;

2) аспалы діңгек табаны – аспалы діңгектің төменгі беті;

3) газдың активтік көлемі – кез-келген уақытта қойманың жерасты сұйыққоймасындағы тасты тұздағы ортақ және буферлік газ көлемінің айырмашылығы;

4) газдың буферлік көлемі – тасты тұздағы қойманы пайдалану кезінде шығарылмайтын, газдың минималдық ұйғарынды қалдығы;

5) ерітпегіш – тасты тұзда үңгіме қойма құрылысын жүргізгенде тасты тұз бетінің еруінен сақтайтын газ немесе сұйық орта, үңгіме қойманың өздігінен кеңейіп кетуін болдырмайды және жобалық формасын қабылдауға мүмкіндік береді;

6) жерасты қойма – сұйықтықтар мен газдарды сорып алуға, сақтауға және беруге арналған, өткізбейтін жыныстарда орналасқан, ашатын және қосымша қазбалардан тұратын тау қазбаларының жүйесі;

7) жерасты қоймалары үшін тау жыныстарын шығару жолы – жерасты сақтауға пайдаланушыға берілетін геометрияланған жыныс блогы;

8) зумпф – шахталық қоймаларда сақталатын өнімді және суды жинақтайтын топырақтағы қазынды үңгімелер-сыйымдылықтар, онда батырылатын сорқыштар немесе батырылатын сорқыштардың соратын келте құбыры орналасады;

9) кентірек – құрылыс кезінде алынбайтын, қазбаның тұрақтылығы мен ауа өткізбеушілігін қамтамасыз ететін және жерасты суының жарылуынан қорғайтын тау жыныстары массивінің бір бөлігі;

10) көмекші үңгіме – адамдардың өту, жабдық пен көлікті жылжыту, үңгімелердің желдетуге ауа ағынын өткізу ыңғайлығына арналған шахта қоймасының құрылысы кезіндегі таулы жер асты үңгімесі. Пайдалану кезеңінде не жойылады, не резервтік сыйымдылық бөлігі ретінде пайдаланылады;

11) қазбалы үңгіме – вертикальный или наклонный ствол, обеспечивающий строительный подход к интервалу заложения выработки-емкости и транспорт отбитой горной породы на земную поверхность, в период эксплуатации шахтного хранилища в отдельных случаях может частично или полностью использоваться для хранения продукта и пропуска эксплуатационных коммуникаций;

12) қорғау кентірегі – тасты тұз немесе басқа тұрақты тау жыныстары қазбаларының төбесі мен жер қабатындағы кентірек, бұл кентірек сұйық және газ тәрізді табиғи флюидтердің жер қыртысы арқылы қазба-ыдысына өтуінен қорғайды;

13) негізгі діңгек – үңгіме қойманың құрылысы жүргізілетін және резервуарды пайдалануға арналған шахтасыз қойманың тұз қабатына тереңдетілген негізгі діңгегі;

14) өнімнің буферлік көлемі – шахталы қойманы пайдалану барысында қазбадағы температура тәртібін көп уақыт үсімейтін жыныстарда сақтайтын өнімдер;

15) саңылаусыз бөгет – үңгімелерді сыртқы ортадан не бір бірінен бөлетін бөгет, пайдаланылатын уңгімелерде коммуникацияларды өткізуге арналған құрылғылармен жабдықталған;

16) тас тұзының кен орнындағы шахтасыз қоймасы – қазба-ыдысы ұңғыманы бұрғылау арқылы жасалған қойма, бұл ұңғымада еріту немесе тау жыныстарының жылулығын бұзу арқылы жабдықталған аспалы бағандары бар;

17) тау жынысының реологиялық қасиеттері – тау жыныстарының кернеулі деформацияланған күйіне ұзақ уақыт бойы әсер еткен механикалық қасиеттері;

18) тосқауылды кентірек – қойманың қазба-ыдысы орналасқан аймағы мен көрші кен қазушы кәсіпорнының аймағын бөліп тұратын кентірек;

19) тұздық суды сақтау қоймасы – пайдалану сұлбасында қолданылатын қойытылған тұздық суды сақтауға арналған жер;

20) үңгіме-қойма – өнімді сақтауға арналған жерасты тау үңгімесі, жерасты резервуардың бөлігі;

21) үңгіме төбесі – үңгіменің жоғарғы жағында жатқан тау жыныстары;

22) шахталы қойма - қазбасы бұрғылау-жару, комбайндық немесе қалқандық ұңғылау тәсілімен жыныстарда салынатын қойма;

23) шахтасыз тұздықты сұйыққойманың пайдалану сұлбасы – сақтаулы өнімді құю және беру кезінде тұздық сумен өзара алмасуы;

24) шахтасыз тұздықсыз сұйыққойманың пайдалану сызбасы – газды компрессормен құю және сұйыққойманың ішкі қысымы арқылы шығару, құю және шығару кезіндегі өнім мен газдың өзара алмасуы, батырмалы сорғы арқылы өнімді іріктеу.



4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары

1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
4. Осы құрылыс нормалары нормативтік талаптардың міндеттері қауіпсіздік жағдайын, технологиялар мен әдістерді енгізу, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғау еңбекті қорғау құралдарын пайдалануды жақсарту өндірістік қызметінің жүйелерін құру және іске асыру болып табылады.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары

5. Мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутегі газдардың жер асты қоймаларын техникалық, технологиялық және экологиялық параметрлері бойынша жобалағанда олардың құрылысын салғанда және пайдаланған кезде келесі функционалдық талаптар қамтамасыз етілуі керек:

1) жер асты қоймаларын пайдалану кезінде жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әсерлерге бүлінбей, апатсыз төзе алуын олардың механикалық беріктігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуі керек;

2) олардың құрылысын салғанда және пайдаланған кезде мүмкін болатын қауіпті бүлінулер мен апаттық жағдайлар конструктивтік-технологиялық шешімдер арқылы болмайтындай болуы керек;

3) қойма ғимараттарын пайдаланған кезде қауіпсіз санитарлық-гигиеникалық шарттар орындалуы және уытты заттар бөлінулері мен су ортасының ластануы немесе улануы негізінде қызметтегі техникалық жұмысшылар мен адамдардың денсаулығы мен өміріне, жан жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төнбейтіндей болуы керек.

6. Мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутегі газдардың жер асты қоймаларын жобалау қоршаған ортаны қорғау мен табиғи орта экологиясы талаптарын ескеру арқылы орындалуы қажет.

7. Мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутегі газдардың жер асты қоймаларын жобалағанда өрт қауіпсіздігі талаптарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР мен Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сай орындау қажет.

8. Мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутегі газдардың жер асты қоймаларын жобалағанда барлық жақтан өрт сөндіргіш техникалар, техникалық құралдар, құтқарушы және медицина қызмет машиналары еркін өте алатын жолдар, өткелдер қарастырылуы қажет.

9. Мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутегі газдардың жер асты қоймаларының жобасында сақталынатын осы өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль жолдары мен темір жол қарастырылуы қажет.

5-тарау. Мұнай, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутегі газдардың жерасты қоймаларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар

1-параграф. Жалпы талаптар

10. Жер асты қоймаларының құрамы жер асты ғимараттары және жер үсті ғимараттарынан тұрады.

Қоймалардың жер асты ғимараттарына жерасты резервуарлары, үңгімелер мен қосалқы тау шығарымдары, бұрғылау ұңғылары мен жерасты ерітінді қоймалары кіреді.

Қоймалардың жерүсті ғимараттарына қызметтік ғимараттар мен құрылыстар, қойма аумағындағы жүйелер, жерүсті ерітінді қоймалары кіреді.

11. Қоймалардың жерасты кешенді құрамына кіретін жер асты резервуарлары келесі түрлерге бөлінеді:

1) шахтасыз, тасты тұзда немесе тау жыныстарында геотехнологиялық әдіспен бұрғылау арқылы салынатын ұңғылары;

2) шахталы, оң температуралы жыныстарында немесе тау жыныстарында таукен әдісімен салынатын.

12. Мұнай және мұнай өнімдерінің нақты түрі сақталатын жер асты қоймаларын жобалауға арналған инженерлік-геологиялық ізденістердің және тау үңгімелерін зерттеулердің көлемі жобалаушы мекемемен құрылыс салу аумағының зерттелген деңгейімен анықталынуы керек. Бір жер асты қойманың алаңқайында бірнеше түрдегі резервуарлар орналастыруға болады.

13. Жер асты қоймаларының көлемдік-жоспарлық схемалары тау жыныстарының сыйымдылық қалыңдығын ең тиімді қолдануын (тереңдігін максималды қолдану и минималды - ауданын), сонымен қатар ашатын және қосалқы үңгімелердің мүмкіндігінше минималды көлемі мен ұзындығын қамтамассыз ету қажет.

14. Жер асты қоймаларының көлемді-жоспарлық схемасын таңдау мыналарды ескеріп жүргізілуі керек:

1) құрылыс орнының тау геологиялық шарттарын;

2) қойманың мақсаттық арналуын;

3) қойманың берілген сыйымдылығын; сақтауға арналған өнімдердің ассортиментін және олардың көлемдік қатынасын;

4) негізгі технологиялық жабдықтардың түрлері мен санын (өнімдердің сорғыштары, құбырлары, бақылау-өлшеуші аспаптары және тағы басқа);

5) сақталатын өнімдердің сипатын (сұйық, тұтқыр және тағы басқа);

6) резервуардағы бу фазасының қысымын; өнімдерді сақтау температурасын; резервуар ғимараттарының қабылданған технологиясын.

15. Жер асты резервуардың ұңғыларының конструкциясы суы бар горизонттармен олардың қиылысқан кезінде өнімнің ағып кету мүмкіндігін болдырмауы қажет (әртүрлі физикалық әдістерді қолданып тексеруден өткен аралық аспалы діңгектер, дәнекерлік біріктемелер).

16. Шаруашылық-ішуге келетін сумен қамтуға тұщы суы бар горизонттарды және емдік суларды бақылау үшін арналған гидробақылаушы ұңғылар жер асты резервуарлар ғимараттарын салуы басталғанша бұрғылануы, жабдықталуы және тексерістен өтулері қажет. Ұңғылар саны, олардың тереңдігі, конструкциясы және орналастыру схемасы жобамен анықталады.

17. Жер асты қоймасын пайдалы қазба өндіру кәсіпорындар шекарасында орналастырғанда қойманың жерасты және жер үсті ғимараттарының беріктігі и саңылаусыздығын қамтамасыз ететін кедергілік кентірек қарастырылуы қажет.

18. Өрт қауіпсіздігі шараларын жобалағанда және нысандардың құрылысын салғанда осындай нысандарға қатысы бар және белгілі бір тәртіпте бекітілген барлық нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу қажет.

19. Қоймалардың, оның аумағындағы ғимараттардың және құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ететін, қондырғыларды қоса, жобамен кешенді шаралар қарастырылуы қажет:

1) бекітілген нормадан аз емес өрт сөндіруге арналған су шығыны есептеумен анықталған өртке қарсы шеңберлік су құбыры жүйелері, норма талаптарына сай бір бірінен алшақтата орналастырылған өрт гидранттарын құру;

2) байланыс пен хабарлағыштар;

3) газ-булы ауа ортасын бақылағыштар;

4) өнімдерді сақтаудың процесстерін автоматтандыру;

5) өрт сөндіру мен өрт хабарлағыштарының автоматтық қондырғылары.

20. Құбырларда қондырылатын тиекті арматура өнімнің ағып кетуі немесе құбырларда қысымның түсуі кезінде технологиялық кешеннің бөліктерін автоматты түрде ажыратуы қажет.

21. Ашушы үңгімелердің тіректері мен шахталық резервуарлардың саңылаусыз бөгеттері өрт қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ғимараттардың I дәрежелік өртке төзімділіне сәйкес болуы қажет.



2-параграф. Өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарын ұйымдастыру

22. Қоймаларды орналастыру ауданын таңдау, негізгі жоспарлық шешімдер, ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік желілерді және тағы басқаларды орналастыру жоспары Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңдары, нормативтік актілері және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.

23. Жер асты резервуарларын пайдаланудағы және жобалаудағы жер асты мен жер бетіндегі сумен қамту көздерінің болашақ кезеңде олардың дамуын ескере отырып, оларды санитарлық қорғау зонасының II белдеуінің сыртына орналастыру қажет.

24. Қоймаларға жатпайтын ғимараттар мен құрылыстарды осы қоймалардың тау кен аумағында орналастыруға жол берілмейді.

25. Технологиялық ұңғылар, шахталық діңгектер мен жерасты резервуарлардың эксплуатациялық құдықтарының бастары, және СКГ төмен температуралы резервуарлары жанбайтын материалдардан жасалған, биіктігі берілген нормаға сай қоршауы болуы керек.

26. Резервуардан арақашықтықты жабындының топырақпен қиылысқан жерінің сыртқы бетінен бастап өлшеу қажет.

27. Жер асты резервуардың діңгектері мен ұңғыларынан арақашықтықтарды орталық осьтерінен бастап есептеу қажет.

28. Жер асты резервуарларының барлық түрінің қолданыстағы ұңғыларынан, шахталық діңгектерінен, қолданыстағы шурфтарынан әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз ара қашықтықтар қоймаларға арналған ережелер жинағында келтірілген мәндерге сәйкес болуы қажет.

Жер асты қоймаларының ғимараттары мен құрылыстары аралықтары қолданыс кезінде осы нысандардың жер асты мен жер үстіндегі жүйелеріне қызмет көрсетуі мен персоналды эвакуациялау мүмкіндігін қамтуы қажет.

Шахтасыз резервуар ұңғыларының жақын сағаларының арақашықтығы есептеумен анықталынуы қажет, бірақ бекітілген нормативтік мәннен аз болмауы шарт.

29. Эксплуатациялық ұңғылар сағалары, жерасты резервуарлардың діңгектері мен шурфтары биіктігі нормативтік мәннен кем емес, ауа өткізетін, жанбайтын материалдардан жасалған қоршауы (торлар, шарбақ) болуы қажет.

30. Жер асты қоймалардың ғимараттары мен құрылыстарының арақашықтықтары ұңғылар сағаларына, жер асты қоймаларының діңгектері мен шурфтарына өрт техникасының еркін өту мүмкіндігін қамтамассыз ету керек.

31. Өрт депосын орналастыру қажеттілігі, ондағы өрт автомобилдерінің саны, санитарлық қызмет көрсету реті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады және жергілікті органдармен және санитарлық бақылау органымен келісіледі.

6-тарау. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттарына талаптар

32. Үңгіме-сыйымдылықтарды орналастыруға лайықты тау жыныстарының минималды орналасу тереңдігі резервуардың түріне, резервуардың ішкі қысымына, үңгіме-сыйымдылықтардың жоғары жағындағы жыныстардың тығыздығына және гидрогеологиялық шарттарына байланысты есептеумен анықталынуы қажет.

33. Қоймалардың жерасты мен жерүсті ғимараттарын сейсмикалығы 9 баллдан жоғары аумақта, сонымен қатар физикалық-геологиялық және криогендік процестер дамыған территорияларда арнайы негіздеме жасамай орналастыруға болмайды,.

34. Жерасты резервуарының үңгіме-сыйымдылықтары орналасқан тау жыныстарында сақталатын өнімдердің сапасын төмендететін қоспалары болмауы қажет.



7-тарау. Оң температуралы тұрақты тау жыныстарындағы жерасты қоймаларына талаптар

35. Жерасты қоймасын орналастыруға болатын тау жыныстарының беріктігі мен тұрақтылығы тіреу қолданбай үңгіме-сыйымдылықтардың ғимараттарын салу шарттарына сәйкес болуы қажет.

36. Тау жыныстары массивтерінің сулану дәрежесі мен жерасты су кернеу шамасы әрдайым сулану болған кезде үңгіме-сыйымдылықтардың бетіне тіреу қамтамасыз ету шарттарына сай болуы қажет.

37. Үңгіме-сыйымдылықтар орналасқан жыныстар қалыңдығының жату тереңдігі сақталымдағы өнім түріне және жерасты қоймасындағы есептік ішкі қысымға сәйкес болуы қажет.

38. Қойма ретінде пайдалануға келмейтін үңгімелер басқа үңгімелерден саңылаусыз бөгеттер арқылы оқшаулануы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау