2-параграф. Магистралдық құбыр жолдарының өрт қауіпсіздігі талаптары
20. Магистралдық құбыр жолдары объектілерінің ғимараттары мен құрылыстары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына және келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) өрт және жарылу қауіпі бар объектілер елді мекендерден алыс орналасуы тиіс, ал бұл шартты орындау мүмкін емес болса – онда көршілес ғимараттар мен құрылыстарға әсер етудің талап етілетін дәрежесіне дейін шектеу қажеттілігін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып;
2) ғимараттар мен құрылыстарға апаратын өткелдер, кірістер мен есіктер өрт техникасы мен құтқару техникалық құралдары және медициналық қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс;
3) ғимараттар мен құрылыстарға өрт бөлімшелерінің және құтқару қызметтерінің жеке құрамдары кедергісіз жете алатын, сонымен қатар ғимараттар немесе құрылыстардың қайсы бір бөлмесіне өрт сөндіру құралдарын оңай жеткізе алатын және адамдарды құтқару мақсатында өрт сөндіру заттарын өрт ошағына бере алатындай болуы тиіс;
4) құбырлардың, ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдері, өртке қарсы кедергілер, өрт бөліктері мен секциялары, құрылыс конструкциялары, оның ішінде эвакуация жолдарындағы конструкцияларды әрлеу және қаптау жұмыстары, қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары, сонымен қатар инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің элементтері өрт және оның қауіпті факторларын өрт шығу ошағынан шет жаюға шектеу қою талаптарын, сонымен қатар адамдарды құтқару іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі тиіс;
5) магистралдық құбыр жолдары объектілерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі және өрт қауіпсіздігі олардың функционалдық тағайындалуы, негізгі көрсеткіштері мен сипаттамалары, оның ішінде өндірістік және қойма ғимараттары мен бөлмелеріндегі құбырлардағы технологиялық үрдістерінің өртті-жарылысты қауіпсіздігі сипаттамаларын ескерген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
6) ғимараттардан, құрылыстар мен олардың бөлмелерінен шығатын есіктер мен эвакуациялық жолдары өрт кезінде адамдарды ең аз уақыт ішінде, кедергісіз эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
7) эвакуациялық жолдар мен шығыстар арқылы адамдарды толық көлемде қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда ғимараттар мен құрылыстарда адамдарды коллективті түрде қорғау жүйесі болуы тиіс, бұл жүйе өрттің дамуы мен өні сөндіру уақыты ішінде, немесе адамдарды қауіпсіз зонаға көшіргенге қажетті уақыт ішінде адамдардың өмірін сақтап тұруы тиіс;
8) магистралдық құбыр жолдары объектлерінің ғимараттары мен құрылыстары өртті анықтау жүйелерімен, белгілі бір объект шарттарында адамдарды уақтылы және қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру мақсатында өрт туындаған кезде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару жүйелерімен, сонымен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес өрт сөндірудің автоматтандырылған құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс;
9) ғимараттар мен құрылыстардың электр құрылғылары өздері орнатылған ортаның жарылысты-өрт және өрт қауіпі сипаттарына сәйкес келуі тиі, және ЭҚҚ-на сәйкес олар өрттің пайда болуының және оның жайылуының алдын алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
10) өрт бөлімшелерінің ғимараттары Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған нормативтерден аспайтын ара-қашықтықтағы территорияларда орналасуы тиіс.
3-параграф. Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
21. Магистралдық құбыр жолдарын (газ құбырлары, мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары) жерастына төсеу қажет.
Жер бетінде (жер үсті төсеу) немесе тіректер үстінде (жерде төсеу) құбырларын орналастыру 27-тармақта (бұдан әрі – т.) негізізделгендерге сәйкес болған жағдайларда бірыңғай рұқсат етіледі. Бұл жағдайда, жоба құбырларды сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шараларды қамтуға тиiс.
22. Құбырларды жеке-жеке немесе басқада қолданыстағы немесе жобаланып жатқан құбырлармен параллель техникалық коридорларда төсеуге болады.
Кейбір жағдайларда техникалық-экономикалық негізделген және құбырлардың жұмыстау сенімділігін қамтамасыз ету шарттары орындалған кезде мұнай құбырлары (мұнай өнімдері құбырлары) мен газ құбырларын бір техникалық коридорда біріктіріп төсеуге рұқсат беріледі.
23. 27-т. келтірілген жағдайларда басқа кезде магистралдық құбыр жолдарын елді мекендер, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындары, аэродромдар, теміржол станциялары, теңіз және өзен порттары, жағажайлар мен басқа ұқсас объектілердің территориясы бойынша төсеуге рұқсат етілмейді.
24. Магистралдық құбыр жолдары мен олардың объектілерін эксплуатациялаудың қалыпты шарттарын және олардың бұзылуының алдын алуды қамтамасыз ету үшін олардың айналасына қорғаныс зоналарын орнатады, бұл зоналардың өлшемдері және бұл зоналарда ауылшаруашылық және басқа жұмытарды жүргізу магистралдық құбыр жолдарын қорғау ережелерімен регламенттеледі.
25. Құбырларға түсіп тасымалданатын өнімдердің температурасы өнімді тасымалдау мүмкіндіктеріне байланысты және оқшаулау жабындарының қауіпсізігіне қойылатын талаптарға байланысты анықталады. Тасымалданатын өнімді салқындату қажеттілігі мен салқындату дәрежесі жобалау кезінде анықталады.
26. Магистральдық мұнай құбырларын қалалар мен басқа да елді мекендердің аумағында төсеу кезінде мұнайды қайта өңдеу, ауыстырып құю және сақтау кәсіпорындарына байланыстыру үшін мынадай қосымша барлық талаптар орындалуы тиіс:
1) мұнай құбырының номиналды диаметрі DN 700-ден артық болмауы керек;
2) жұмыс қысымы 1,2 МПа артық болмауы керек, сондай-ақ құбырдағы сақиналы кернеудің деңгейі құбырдың металл аққыштығының нормативтік шегінен 30% аспауы тиіс;
3) елді мекеннің болашақ даму шекарасынан мұнайды қайта өңдеу, ауыстырып құю және сақтау кәсіпорындарының сақтандырғыш клапандарының торабына дейінгі шегінде құбырдың бөліктері I санатты қабылдануы тиіс;
4) құбырларды тереңдікке ендіру жоғарғы құраушыға дейін 1,2 м кем емес болып қабылдануы тиіс;
5) табиғи және жасанды кедергілерді (каналдар, автомобиль жолдары, темір жолдары, трамвай жолдары) кесіп өткенде, мұнай құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, болат қорғаныс қаптамасында, микротоннелдеу әдістерімен, көлбеулі бағыттағы бұрғылау, көлденең бағыттағы бұрғылау, темірбетонды тақталармен құбырды қорғау, басқа да техникалық шешімдерді қолдану арқылы құбырды төсеуді көздеу керек;
6) мұнай құбырларынан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қауіпсіз арақашықтықтары нормаларда көзделгеннен кем болмауы керек.
Қоныстанған аумақтар бойынша магистральдық мұнай құбырларын төсеуге жол берілмейді.
27. Құбырларды және олардың құрылыстарын олардың сапалы әзірленуін қамтамасыз ететін зауыттарда немесе стационарлық жағдайларда әзірленген стандартты және типтік элементтер мен бөлшектерден блогты-кешенді орындалған зауыттық оқшаулауы бар құбырларды және құрастырмалы конструкцияларды қолдану есебінен құрылыс-монтаж жұмыстарын барынша индустрияландыруды ескере отырып жобалау керек. Бұл тұста жобалық құжаттамада қабылданған шешімдер құбырды тоқтаусыз және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
28. МАС және айдау станциясыдан (бұдан әрі – АС) құбырларын жобалау шешімдеріне сәйкес өнеркәсіптік алаңшалардың аясында жерастына және/немесе жерүстіне төсеуге болады.
29. Құбырларға қызмет көрсетуге арналған трасса бойындағы өткел жоспарлау тапсырмасына сәйкес трассаның жетуі қиын учаскелерінде қарастырылуы тиіс.
30. Магистральдық құбыр жолдарының құрамына кіретін әрбір құрылысқа, құрылыстың мақсатына, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарға және оның тіреу элементінің зақымдануы мен бұзылуына байланысты жауапкершілік деңгейін белгілеу қажет.
31. Құрылыстардың класстары мен олардың жауапкершілік дәрежелері тапсырыс берушінің келісімі бойынша, бас жоспарлаушының тапсырмасы мен жобалау нормаларында анықталады.
32. Құрылыстың жауапкершілік дәрежесі келесі факторлармен анықталады:
1) құрылыстың жалпы жауапкершілік дәрежесімен және (немесе);
2) оның көтеруші конструктивті элементтерінің жауапкершілік дәрежесімен.
33. Әр құрылыстың жауапкершілік дәрежесін таңдау кезінде ең маңызды факторлар ескерілуі тиіс, оның ішінде:
1) шектік жағдайға жетудің болуы мүмкін себептері мен оған жету әдістері;
2) адам өміріне қауіпті немесе адамды жарақаттау, сонымен қатар болуы мүмкін экономикалық зияндарды ескере отырып тоқтап қалудың болуы мүмкін салдары;
3) бұзылудың әлеуметтік салдары;
4) бүліну қауіпін төмендетуге қажетті шығындар мен іс-шаралар.
34. Құбырдағы қысымға байланысты магистральдық газ құбырлары келесідей жіктеледі:
1) Класс I – жұмыс қысымы 2,5-тен жоғары 10,0 МПа дейін;
2) Класс II – жұмыс қысымы 1,2-ден жоғары 2,5 МПа дейін.
35. Құбырдың диаметріне байланысты магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары 4 класқа жіктеледі:
1) Класс I – номиналдық диаметрі DN 1000-нан DN 1200 дейін;
2) Класс II – сол сияқты, DN 500-ден жоғары DN 1000 дейін;
3) Класс III – сол сияқты, DN 300-ден жоғары DN 500 дейін;
4) Класс IV – DN 300 және одан төмен.
36. Магистральдық құбыр жолдары мен олардың учаскелері жұмыс шарттарына, дәнекерлеу қосылыстарының бұзылмайтын көлемін бақылауға және сынау қысымының шамасына қойылатын талаптарға байланысты үш санатқа бөлінеді.
37. Құбырлардың трассасы таңдау берілген бірнеше болуы мүмкін варианттардан экономикалық мақсатқа сай және экологиялық мүмкін вариантты таңдау арқылы жүргізіледі, бұл кезде территорияның табиғи ерекшеліктері, елді мекендердің орналасуы, сонымен қатар магистралдық құбыр жолдарына кері әсер ете алатын көлік жолдары мен коммуникациялар ескеріледі.
38. Құбырларды салуға арналған жер учаскелерін Жер кодексімен қарастырылған талаптарға сәйкес таңдаған жөн.
39. Құбыр құрылысына жерді бөліп беру кезінде жер пайдаланушыларға келтірілген зиянның, ауылшаруашылық өнідірісінің шығындарының, балық шаруашылығына келтірілген зиянның орнын толтыруды белгіленген тәртіппен анықтаған жөн.
40. Құбырларға өту жолдары ретінде жалпы желідегі қолданыстағы жолдар барынша пайдаланылуы тиіс. Құбырларды салу кезеңінде және оларды эксплуатациялау кезіңінде қолданылатын жолдар, трасса бойындағы және технологиялық өткелдерді салу қажеттігі жобалау тапсырмасымен анықталады.
41. Құбыр трассасын таңдап алу кезінде қалалар мен басқа елді мекендердің, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың, темір және автокөлік жолдары мен басқа объектілер және жоспарланатын құбырлардың жақын 25 жыл ішінде келешекті дамуын, сонымен қатар құбырларды салу және пайдалану (бар, салынып жатқан, жобаланудағы және қайта құрылудағы ғимараттар мен құрылыстар, батпақталған жерлер мелиорациясы, шөлейт және дала жерлерінің сулануы, су объектілерін пайдалану және тағы басқа) кезеңінде оларға қызмет көрсету шарттарын ескеру қажет, магистралдық құбыр жолдарын салу және пайдалану үрдісі кезінде табиғи шарттардың өзгеруін болжау қажет.
42. Магистральдық құбыр жолдарын темір және автокөлік жолдары туннельдеріне, сонымен қатар басқа ұйымдарға, коммуникация және құрылыстар меншік иелеріне тиесілі электрикалық кабельдер мен байланыс кабельдерімен бірге және басқа мақсатқа тағайындалған құбырлармен бірге туннельдерде төсеуге жіберілмейді.
43. Барлық категориядағы темір және автокөлік жолдары орналасқан көпірлер бойынша және электрлік кабельдермен, байланыс кабельдерімен және басқа құбырлармен бірге бір траншеяда келесі жағдайлардан басқа кезде төсеуге тиым салынады:
1) берілген құбырдың технологиялық байланыс кабелін суасты өткелдері (бір траншеяда) мен темір және автокөлік жолдары арқылы өтетін өткелдерде (бір құтыда);
2) номиналдық диаметрі DN 1000 дейін қысымы 2,5 МПа дейінгі газ құбырларын және номиналдық диаметрі DN 500 және төмен мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларын III, IV және V санаттарындағы жанбайтын автокөлік жолдары көпірлері бойынша.
44. Қалааралық байланыс кабельдері төселген көпірлер бойынша (43-т. келтірілген жағдайларда) құбырларды төсеуді тек байланыс операторы – коммуникация иесінің келісімімен ғана жүргізуге болады.
45. Жылжымалы учаскелерге құбырларды төсеу кезінде сырғанау айнасынан төмен немесе тіректердің жылжуы болмайтындай тереңдіктегі сырғанау айнасынан төмен тереңдікте орналастырылған тіректерге орнатуды қарастыру қажет.
46. Сел ағындарымен қиылысатын құбырлардың трассасын ағынның динамикалық соғысынан тыс зонадан таңдау қажет.
47. компрессорлық станциядан (бұдан әрі – КС), газ тарату станциясынан (бұдан әрі – ГТС), МАС, АС-нан өндірістік кәсіпорындарға, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ара қашықтықты газ құбырының диаметрі мен классынан бастап, және МАС, АС деңгейіне байланысты және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай қабылдау керек.
48. Жобаланушы құбырлар, ережеге сәйкес, бүкіл созылымында қолданыстағы құбырлардың бір жағынан, параллельді салынымы кезінде, төселуі тиіс.
49. Берілген құбырлардың номиналды диаметрі DN 700 болған кезде, 500 м кем емес ара қашықтықта орналасқан, ал құбырлардың номиналды диаметрі DN 700 жоғары болса, 1000 м кем емес ара қашықтықта орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендердің маңынан мұнай өнімдері құбыры мен мұнай құбырларын төсеу кезінде, төтенше жағдай орын алғанда, төгілген өнімді ағызып алуға мүмкіндік беретін, құбырдың астыңғы жағынан қорғаныштық вал мен арық құрылғылары қарасытырылуы керек. Төгілген өнімді қорғаныштық қамбаларға жинау жүзеге асырылуы керек, ол өнімнің су арналары мен елді мекендердің аумағына таралуына жол бермеуі керек.
50. МАС, АС орналастыру орындары жобалық құжаттарда, магистральдық мұнай құбырының тас жолының саласы мен мүмкін болатын ауытқуларды есепке ала отырып, инженерлік зерттеулер құжаттарында анықталынады.
51. 110 кВ қысымындағы электр тасымалдау желілері мен магистральдық құбырлардың қиылысу орындарында, құбырлардың тек жер астылық, 60° кем емес бұрышында ғана төсемдер салу қарастырылуы керек.
52. 6 (10) кВ қысымындағы электр тасымалдау желілеріне параллель құбырларды салу төсеміне арналған аумақтың ені, орманды қорлардың жерлерін кесіп өтетін болса, ЭҚҚ талаптарына сәйкес, тас жолдың тар телімдеріне арналғандай етіп қабылданады.
53. Құбырлар диаметрі технологиялық жобалау талаптарына сәйкес анықталынуы керек.
54. Өнімдерді кері бағытта тасымалдау қажеттілігі болмаған жағдайда, құбырларды қабырға қалыңдығы әр түрлі болатын, құбыр ұзындығы бойынша жұмыс қысымның түсу ерекшеліктері мен эксплуатациялау шарттарына байланысты жобалау қажет.
55. Фланцтар көмегімен байланыстырылатын кептелістік арматураны орнатуды құдықтарда, жер бетіндегі желдетілетін дүңгіршектер мен қоршауларда жүзеге асыру керек. Құдықтар, жер бетіндегі желдетілетін дүңгіршектер мен қоршауларды жанбайтын материалдардан жобалау қажет.
56. Тік және көлденең жазықтықтардағы құбырдың мүмкін болатын икелім радиусын, орналасу беріктігі мен құбыр қабырғаларының жергілікті беріктігі мен сенімділік шарттарын ескере отырып анықтау қажет. Құбырдың икелімінің минималды майысу радиусы, тазалағыш құрылғылардың өту шартын ескере отырып, оның номиналды диаметрінің DN бесеуінен кем болмауы тиіс.
57. Құбырға жабыстырылатын, құбыршалардың (тікелей орнатылымдардың) ұзындығы 250 мм кем болмауы керек. Номиналды диаметрі DN 500 артық емес, ұзындығы 100 мм кем емес тікелей орнатылымдарды қондыруға жол беріледі.
58. Құбырларда тазалағыш және бөлгіш құрылғыларды босататын және қабылдайтын, құрастырылымы жобалық құжаттарда анықталған, тораптар қарастырылуы керек.
59. Бір тазаланушы аумақ шеңберінде құбыр тұрақты ішкі диаметр мен құбырдың ішкі жағына шығып тұратын тораптар мен бөлшектерсіз, тең өтпелі сызықтық арматураға ие болуы керек.
60. Негізгі құбырдан тең өтпелі тармақтар тораптары мен номиналды диаметрі негізгі құбырдың номиналды диаметрінен 0,3 артық болатын, тең өтпелі емес тармақтар торабын жобалау кезінде, тазалағыш құрылғының тармақтарға түсіп кетуіне жол бермейтін жобалық шешімдер қарастырылуы керек.
61. Диаметрі негізгі құбыр диаметрінен ерекшеленетін табиғи және жасанды кедергілерден өтетін құбырлардың өтпелері аумағында тазалағыш құралдарды босату және қабылдаудың еркін тораптарын қарастыруға жол беріледі.
Құбыр, тазарту құрылыстарын іске қосу және қабылдау тораптары тазарту, бөлу және диагностикалық құрылғылардың өтуін тіркейтін дыбыс аспаптарымен жабдықталуы керек.
62. Магистралдық құбыр жолдарының компрессорлық станциялардың байланыстық құбырларына, МАС, АС, НС, тазарту диагностика құралдары (бұдан әрі - Т(Д)Қ) қабылдау және босату тораптарында, су кедергілерінен бір немесе одан да артық желілердің өтуі, құбырларды қосу орындарында, құбыр металлдарының температурасының өзгерісі мен ішкі қысымның әсерінен құбырлардың жанасушы аумақтарының бойлай жылжуының көлемін анықтау керек. Бойлай жылжулар берілген құбырларға жабыстырылатын құрастырушылық элементтерді есептеу барысында назарға алынуы тиіс. Құбырлардың бойлай жылжуын азайту мақсатында арнайы іс-шараларды қарастыру, оның ішінде П тәрізді (яғни, грунтталмаған), Z формалы немесе өзге де формалы немесе осындай конфигурациядағы жер астылық тірек компенсаторларды орнату қажет.
Жиырылу қасиеті төмен жер астылық номиналды диаметрі DN 1000 және одан да астам құбырларды төсеу кезінде, жобалық құжаттарда құбырдың беріктігін қамтамасыз ететін арнайы шешімдер қабылдануы тиіс.
63. Құбыр тас жолында биіктігі жер бетінен 1,5-2 м болатын танымдық белгілерді (нұсқағыш қораптары бар) орнату қарастырылуы керек. Белгілер көріну аймағында, 1 км кем емес жерде, сонымен қатар бұрылыс бұрыштарында орнатылады.
64. Құбырларда есептеу арқылы анықталынатын кептелістік арматураның қондырылымын да қарастыру керек, алайда 30 км артық емес болуы шарт.
Сонымен қатар кептелістік арматураның орнатылымын келесі аумақтар деңгейі үшін де қарастыру керек:
1) екі желілі немесе одан да көп және бір желілі өткелдерде су бөгеттерінің екі жағалауында олардың құбырмен қиылысқан жағдайында I санатты;
2) монтаждық торапты орнату, оны жөндеу және қауіпсіз эксплуатациясына мүмкіндік беретін, құбырдың әрбір тармақталуының басында;
3) тармақтың ұзындығы 1000 м-ден жоғары ГТС тармақталуларында, және ГТС-дан 300-500 м қашықтықта;
4) газ құбырларының газды кешенді дайындау қондырғысы (бұдан әрі – ГКДҚ), КС, газды жер астында сақтау станциясы (бұдан әрі – ГЖСС) кірісі мен шығысында және бас ғимараттардың келесідей қашықтықтан кем емес:
номиналды диаметрі DN 1400 мм – 1000 м газ құбыры;
номиналды диаметрі DN 1400 мм -ден DN 1000 мм-ге дейін, қоса алғанда – 750 м, газ құбыры;
номиналды диаметрі DN 1000 мм – 500 м кем газ құбыры (күзет крандары);
5) автокөлік көпірлерінің екі жағы бойынша (олар бойынша газ құбырларын тарту жағдайында) 250 м кем емес ара қашықтықта;
6) қалалар, елді мекендер және өзге де өндірістік кәсіпорындардың белгілерінен жоғары жерлерден өтетін мұнай және мұнай өнімдерінің құбырлары бір немесе екі ұшында – жергілікті аймақтың жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты жобамен белгіленген ара қашықтықта;
7) су кедергілерін бір желіден кесіп өткен кездегі мұнай және мұнай өнімдерінің құбырларында– кептелістік арматураны орналастыру орны, берілген жағдайда, жергілікті аймақтың жер бедерінің ерекшелігіне байланысты, өтпелге жанасатын, су қоймасына тасымалданушы өнімнің таралауының алдын алатын қажеттіліктерге байланысты қабылданады.
Су кедергілері арқылы өтетін газ құбырларының су астылық жекелеген өтпелдерінде кептелістік арматураның орнатылымы қажет болған жағдайда қарастырылады.
Ескертпелер:
Мұнай өнімдеріне арналған кептелістік арматураны орнату орны, әдетте қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі болатын құбырларды жанастыру орындарымен сәйкес келуі тиіс.
Бас ғимараттардан күзет крандарын орналастыру орыны территориясынан бастап қабылданады, КС – магистральге КС-ын қосу торабынан ( сорушы газ құбырларының сыртқы шекті оймаларының осінен). 700 м қашықтықтан астам болатын магистральдық газ құбырын КС жою кезінде, табиғи кедергілердің ( шатқалдар, қиын бедерлер ж.т.б.) бар болуы кезінде кептелістік арматураны желдетуші шырақтармен орнатуды (БӨЖ және магистральдық газ құбырына КС торабында аналогы бойынша автоматикасы ) КС сорып алушы және қысушы газ құбырлары КС қоршауынан 250 м қашықтықта қарастыру керек.
65. Сызықтық кептелістік екі немесе одан да көп газ құбырларының торабын параллельді төсеу кезінде, жекелеген желілерді ара қашықтығы 100 м кем емес қашықтықта көшіруге жол беріледі. Тас жолдың қиын жағдайларында (таулы аймақ, батпақ, табиғи және жасанды кедергілер) берілген ара қашықтықты 50 м. дейін қысқартуға жол беріледі.
Бір тармақталушы газ құбырының екі немесе одан да көп газ құбырының негізгі желілеріне параллельді жалғастыру кезінде немесе тармақталудың бірнеше желілерін бір газ құбырына қосқан кезде, сызықтық кептелістік арматураның желілерін бір-бірінен 30 м кем емес қашықтыққа жылжыту керек.
Ескертпе - Берілген бөлім талаптары қосудың сызықтық кептелістік арматурасының желілеріне таралмайды.
66. Номиналды диаметрі DN 400 болатын кептелістік арматуралар тығыздалған негіздемеге орнатылатын фундаменттік тақталарға орнатылуы керек.
67. Қысымда орналасқан кептелістің сызықтық арматура тораптары мен газ құбырларын – қорлар, желдеткіш желілерді жер астылық қолданыста құдықсыз құрылғылар крандарымен қарастырған жөн.
Қызмет көрсетуші персоналдың қол жетімі тек арматураның тоғына дейін болуы керек.
68. Кептелістік арматураның арасындағы газ құбырларының екі ұшында да, КС қосу желілерінде және тазалағыш құрылғыларды босату және қабылдау желілерінде,газ құбырының номиналды диаметрі DN 1000 дейін болғанда, 15 м кем емес және номиналды диаметрі DN 1000 артық болғанда 50 м кем емес болатын желдеткіш шырақтардың орнатылымын ара қашықтықта қарастыру керек.
69. Үрлеу шырағының диаметрі 1,5-2 сағат ішінде жапқыш арматура арасындағы газ құбырының учаскесін босату жағдайынан анықталуы керек. Жапқыш арматура мен үрлеу шырақтарын орналастыруды газ құбырына жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардан 300 м кем емес қашықтықта көздеу қажет.
Газ құбырларын автокөлік жолдары мен темір жолдармен, электр тасымалдау желілерімен және байланыстармен қатар төсеу кезінде үрлеу шырақтары бар жапқыш арматураны жолдар мен желілерден газ құбырларын орналастырғандай етіп салу қажет.
Газ құбырлары автокөлік және темір жолдармен, электр беру желілерімен және байланыстармен қиылысқан кезде үрлеу шырақтарынан берілген құрылыстарға дейінгі арақашықтық, оларды қатар төсеу кезіндегі мәндерден кем болмауы тиіс.
Барлық айтылған жағдайларда жапқыш арматураның үрлеу шырақтарынан көпірлерге дейінгі арақашықтық 300 м кем болмауы тиіс. Газ құбырын темір жолдар мен автокөлік жолдары арқылы салған кезде футлярдың бір шетінде көлденең қашықтықта мынадан кем емес, ауаны сорып тазартатын шырақ көздеу керек:
1) темір жолдары үшін үйінді еңісінің табанынан немесе ойықтың еңіс жиегінен – 50 м;
2) сол сияқты, өнеркәсіптік кәсіпорындардың кіреберіс жолдары үшін – 25 м;
3) автожолдардың жол төсемінің табанынан – 25 м.
Жоғары қысымды электр беретін әуе желілерінің шеткі бөлігінен магистральдық газ құбырларындағы үрлеу шырақтарынан ара қашықтықты 300 м кем емес мөлшерде қабылдау қажет. Тар тас жолдар бөлігінде, жоғары қысымды электр беру желілері үшін берілген арақашықтық 150 м дейін қысқартылуы мүмкін, тек жалпы және жекелеген тіректерде орналасатын көп тізбекті жоғары қысымды электр беретін әуе желілеріне қолданылмайды.
Үрлеу шырағының жер деңгейінен биіктігі 3 м кем болмауы керек..
70. Конденсатқа бақылау жасау үшін және оларды газ құбырларында өткізу үшін, конденсат жинағыш құрылғылардың орнатылымын қарастыру керек. Конденсат жинағыш құрылғыларды орнату жерлері жобалық құжаттар бойынша анықталады.
71. Бір арналымда параллельді салынып жатқан құбырлар бір бірімен байланыстырғыштармен өзара байланысуы тиіс.
72. Кептелістік арматура құрылғыларының тораптары бірегейлендірілген дайындамалардан жобалануы керек.
73. Мұнай құбырларында, мұнай өнімдерін тасымалдау құбырлары мен сұйытылған газ құбырларында орнатылатын кептелістік арматура қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталынуы керек. Кептелістік арматураның электр өткізгіштері КЕП-да орнатылған, сыртқы босату құрылғысына ие болуы керек.
74. Су кедергілері арқылы өтіп орнатылатын кептелістік арматура:
1) номиналды диаметрі DN 1000 және одан да артық I класс газ құбырлары үшін төтенше жабылу автоматтандырмасымен жабдықталуы тиіс;
2) мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары үшін қуаттандыруды автоматты түрде қалпына келтіретін құрылғылары бар тәуелсіз өзара қор жинақтаушы екі электр жабдықтаушысымен қамтамасыз етілуі тиіс (электр қамтамасыз етудің бірінші категориясының тұтынушылары).
75. Су астылық өткелдерге келіп тірелетін мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары және сұйытылған көмірсутегі газдарының құбырлары аумағында, су кедергілері арқылы өтетін өткелдердегі құбырларда газ немесе ауаның жинақталуына жол бермейтін құрылғыларды қарастыру қажет.
76. Болат құбырларды (жер асты, жердегі, жер үстіндегі және түбіне тереңдетілген жер асты) жер асты және атмосфералық коррозиядан қорғау құралдарын жобалау кезінде белгіленген тәртіптегі бекітілген, басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.
77. Құбырлардың салыну тәсіліне қарамастан коррозияға қарсы қорғау пайдалану мерзімі бойы апатсыз (корррозия себебінен) жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.
78. Құбырларды жер асты коррозиясынан қорғау(жер бетіндегілерден басқа) салыну ауданына және топырақтың коррозиялық күшіне қарамастан кешенді түрде: қорғаныс жамылғыларымен және электрлі-химиялық қорғаныс құралдарымен жүзеге асырылуы тиіс.
79. Құбырлардың нақты салыну жағдайлары мен пайдаланылуына байланысты қорғаныс жамылғысының күшейтілген және қалыпты екі түрін қолдану қажет.
Қорғаныс жабындарының күшейтілген түрін сығымдалған көмірсутегілер құбырларында, DN 1000 номинальды диаметрлі құбырларда, сонымен қатар:
1) солтүстік ендіктен 50° оңтүстікке қарай;
2) еліміздің кез-келген ауданының тұзды топырақтарында (сортаңды,тұзды, ащы, тақыр, сор және тағы басқа);
3) батпақты, батпақталған және суармалы топырақтарда, сонымен қатар келешекте суарылатын телімдерде;
4) өзендердің жер асты өткелдері мен жайылмаларында, сонымен қатар темір жол мен автомобиль жолдарының өткелдерінде, оның ішінде құбырлардың қорғаныс қабына жобалау кезінде белгіленген қашықтық шегінде, оларға жапсарлас орналасқан;қиылысу орнынан екі жағына қарай 20 метрден-түрлі құбырлардың қиылыстарында;
5) өнекәсіптік және тұрмыстық ағындар, қоқыс пен күл үйінділері телімдерінде;
6) адасқан токтар телімдерінде;
7) 40 °С және одан жоғары тасымалданатын өнім температурасы бар құбырлар телімдерінде;
8) өзендер, каналдар, көлдер, су қоймаларынан, сонымен қатар елді мекендер мен өнекәсіптік кәсіпорындардың шекараларынан 1000 метрден кем емес қашықтықта салынатын мұнай және мұнай өнімдері құбырлары телімдерінде;
9) басты сорғы станциялары, мұнай таситын және аралас станциялар, магистральды сорғы станциялары және резервуарлы парк аймақтарында қолдануға болады.
Қалған барлық жағдайларда қалыпты түрдегі қорғаныс жабындары қолданылады.
80. Құбырлардың коррозияға қарсы жабындары үшін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша материалдарды қолдану керек.
81. Құбырлар жер үстінде салынған кезде атмосфералық коррозиядан лакты бояулармен, шынылы эмальдармен, металл жабындармен немесе консистентті майлы жабындармен қорғалуы тиіс.
82. Лакты бояулар 200 микрометрден (бұдан әрі - мкм) кем емес жалпы қалыңдықта және тұтастығы қалыңдығына 1 кВ-тан кем емес болуы тиіс.
83. Лакты бояулы жабындардың бақылауын: қалыңдығы бойынша –қалыңдық өлшегішпен, ал тұтастығы бойынша- ұшқынды дефектоскоппен жүргізу керек.
84. Шынылы эмальды жабындардың қалыңдығы 500 мкм-ден кем емес, тұтастығы қалыңдығына 2 кВ-тан кем емес болуы тиіс.
85. Консистентті майларды ауа температурасы 60 °С-тан кем емес аудандардағы, құбырларды пайдалану температурасы 40 °С-дан жоғары емес телімдерде қолдану керек .
86. Жер үсті құбырларының тіреулерінің және басқа металл құрылғыларының коррозияға қарсы қорғанысын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша орындау керек.
87. Жоғары коррозиялық қауіп жағдайларында: 20 Ом•м-ге дейінгі топырақ кедергілері бар топырақтарда, жер асты сулары деңгейі жылына 6 айдан кем емес құбырдың төменгі құрамынан жоғары болса, құбырлардың пайдалану температурасы + 40 °С және одан жоғары телімдерде, микробиологиялық коррозиясы бар телімдерде электрлі химиялық қорғаныс құралдарын сақтауды, қорғаныс тогының күшін қашықтықтан бақылауды, электрлі химиялық құралдардың коррозиялық мониторингінің кернеуі мен параметрлерін алдын-ала қарастыру керек.
88. КС, ГТС, МАС және осыған ұқсас алаңдарда орналасқан технологиялық жабдықтың қорғаныс жерге қосуларының контурлары, жер асты коммуникациясының электрлі химиялық жүйесіне экрандау әсерін жасамауға тиіс.
89. Катодты-қорғалатын құбырларға қосылатын, қорғаныс жерге қосулар құрылғыларын ЭҚҚ талаптарына сәйкес қара металдардың мырышталған илемінен жасау қажет.
90. Коррозиядан қорғаудың жағдайын бақылау үшін жобалау құжаттамасында бақылау-өлшеу пункттері қарастырылуы тиіс. Олардың орналасу орындары мен құрылымдық орындалу талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша белгіленеді.
91. Анодты жерге қосулар мен протекторларды орнатуды ең аз шекті кедергісі бар жерлерде, топырақтың қататын тереңдігінен төмен қарастыру қажет.
92. Анодты жерге қосуға сорғыту кабелін қосқан жерлерде тану белгісінің қондырғысы қарастырылуы тиіс.
93. Анодты жерге қосудың сорғыту кабелі немесе қосу сымжелісін катодты станцияның тогының ең көп көлеміне есептеу және бұл есепті кернеудің шекті түсуі бойынша тексеру қажет.
94. Электродтардың қосылымының зауытта жасалмаған анодты жерге қосуларын электрлі химиялық қорғанысы үшін пайдаланған кезде қимасы 6 мм2 (мысқа арналған) кабельмен қарастыру қажет.
95. Коксты құюлары бар анодты жерге қосуларды жобалаған кезде кокс ұнтағының түйіршіктелуі 10 мм-ден аспауы тиіс.
96. Электр химиялық қорғаныстың жүйелеріндегі барлық байланыс құрамалары, сонымен қатар кабельдің құбыр мен анодты жерге қосуларға қосылған жерлері қосу кабельдерінің оқшаулануы үшін зауыттың қабылдаған беріктігі мен ұзақ мерзімділігінен төмен болмауы тиіс.
97. Анодты жерге қосу-катодты қорғаныс қондырғысы - құбыр тізбегіндегі қосу кабелінің жер асты салымдарының телімдерінде тек екі қабатты полимерлі оқшаулауы бар кабельді қолдануды қарастыру қажет.
98. Құбырлардың катодты қорғанысы қондырғыларының электрмен жабдықталуы 0,4; 6,0; 10,0 кВ кернеуімен іс жүзіндегі ЭБЖ-тің II-санаты бойынша немесе ЭБЖ жолдарының бойында жобалануы немесе автономды көздерден жүзеге асырылуы тиіс.
99. Құбырлардың технологиялық байланыс кабельдерінің электрлі химиялық қорғанысын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау керек.
100. Магистральды құбырлар байланыс желілерімен жабдықталуы тиіс. Байланыс желілерін жобалауды белгіленген тәртіпте бекітілген, және осы бөлімдегі байланыс жүйелері мен желілерін жобалау жөніндегі іс жүзіндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізу қажет.
101. Магистральды құбырлардың байланыс жүйелері мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) магистральды құбыр нысандарының орталықтан басқарылуы;
2) автоматтандырылған басқару жүйесін технологиялық үрдіспен жұмыс істеуін;
3) диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің жедел байланысы;
4) магистральды құбырдың желілік бөлігінің әрбір нүктесіндегі пайдалану және жөндеу қызметкерлерінің қызметтік байланысы;
5) мүмкін болатын апатты жою жағдайында қарым-қатынас жасау және жедел қызметтерді шақыруға арналған басқа операторлардың каналдарына шығу мүмкіндігі;
6) магистральды құбыр көлігінің нысандары аймағындағы өндірістік байланыспен;
7) ұйымның стандарттарымен сәйкес ақпаратты беру және ақпараттық желілердің қызмет етуі;
8) күзеттің техникалық құралдармен, хабарландырылу, белгі беру желілермен жұмыс істеуі және басқарылуы;
9) мүмкін болатын апаттар мен оқиғалар туындаған кезде технологиялық үрдісті басқару.
Байланыс желілерін жасау үшін қолданатын технологияларды, топологияларды және байланыс құралдарын, сонымен қатар оларды салу қағидаттарын магистарльды құбыр көлігінің кәсіпорындары белгілейді.
102. Құбырлардың байланысының магистральдық желілерін оның ұзына бойына құбырды бойлай өтетін, желі түрінде қарастыру керек:
1) құбыр арматуралары мен жабдықтарының орналасу орындарындағы кабельді түрінде;
2) құбырдың барлық нысандарынан кіруге мүмкіндігі бар радиорелейлі түрінде.
Байланыс түрін таңдау техникалық-экономикалық есепппен негізделуі тиіс.
103. Байланыс желілері мыналардан тұрады:
1) ұйымдастыру жағынан – байланыс тораптарынан, радиорелейлі станциялардан, байланыс және қосылу желілерінен;
2) технологиялық жағынан – алғашқы және екінші желілерден.
104. Байланыс желісін басқару үшін, аппаратты-бағдарламалық кешен мен байланыс желілерінің жабдықтарын басқару арасындағы аппаратты-бағдарламалық кешен мен байланыс каналдарынан тұратын басқару жүйесі жасалады.
105. Құбырлардың байланыс тораптарын магистральды құбырдың нысандары аймағында орналастыру керек. Радиорелейлі байланыс құралдарын тиекті арматура тораптарына тікелей жақын және құйылу мен қабылдау-беру пункттерінің МАС, КС, АС алаңдарында орналастыру керек.
Радиорелейлі байланыс аппаратурасы күрделі түрдегі жеке ғимараттардың құрылысын болдырмайтын, бөлінген үй-жайда немесе зауытта жиналған ғимараттарда орналастырылып, автоматтандырылған болуы тиіс.
106. Бірнеше кезекте салынатын магистральды құбыр нысандарында бірінші кезек берілісімен байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
107. Радиорелейлі желілердің аралық станцияларын байланыс аппаратураларының қалыпты жұмысын, мүмкіндігінше желілік құрылымдарға (тиектік арматураға) жақындығы және байланыс желілерінің құрылысы мен пайдаланылуының ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орындарда, құбырдың бойында орналастыру қажет.
108. Байланыстың кабельді желілерін, номиналды диаметрі DN 500-ге дейінгі құбыр білігінен 8 метрден кем емес және номиналды диаметрі DN 500-ден астам құбырды 9 метрден кем емес қашықтықта, өнімнің бағыты бойынша магистральды құбырдың сол жағынан қарастыру керек. Жобалық ұйымның шешімі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әрі – ТОБЖ) құбырмен бір орда орналастырылады.
Желілік телемеханика кабельдерін бір мезгілде салу кезінде кабельді байланыс желісімен бір орда салуға рұқсат етіледі.
Күрделі жағдайларда салу кезіндегі және лажсыз шегіну жағдайындағы магистральды құбырдың қашықтығы жобалау құжаттамасында негізделеді.
109. Кабельді найзағай соғудан арнайы қорғау құрылғысының қажеттігі жобалау құжаттамасында негізделеді.
110. Техникалық шешімдері мен салыну жағдайларына байланысты кабель түрлері жобалау құжаттамасында белгіленеді.
111. Байланыс кабелінің топырақтағы терендігі 1,2 метрден кем емес болып және салыну жағдайын ескеріп белгіленеді.
Ауылшаруашылығы жерлеріндегі байланыс кабелінің салыну тереңдігі ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу және мүмкін болатын топырақ эрозиясы кезінде кабельдің бүлінбеуін сақтауды ескеріп орнатылуы тиіс.
112. Жергілікті жердегі жер асты байланыс желісі өлшеу бағаналарымен өлшеніп, төмендегідей орнатылуы тиіс:
1) тікелей көрінуді қамтамасыз ету үшін бір-бірінен 300 метрден алыс емес тас жолдың түзу телімдерінде және әрбір муфтыға қарама-қарсы;
2) муфтылардың арасындағы түзу желіден тас жолдың ең көп ауытқушылығы (2 м астам) бар жерлеріндегі тас жолдың қисық сызықты телімдерінде;
3) су кедергілері арқылы өтетін өткелдерде;
4) автомобиль және темір жолдардың қиылыстарында және жолдардың екі жағынан төмен түсіп;
5) түрлі мақсаттағы жер асты байланыстарының қиылыстарында;
6) найзағайдан қорғай сымжелелерінің ұштарында;
7) жылу құрылғылары блоктары орнатылған орындарда.
Егістік жерлерде өлшеу бағаналары орнатылмайды.
113. Бір желілі құбырлардың жер асты өткелдерінде құбырдың диаметрінің инженерлік-геологиялық және гидрологиялық жағдайларына байланысты құбырдың білігінен қашықтықта, сонымен қатар жұмыс өндірісінің қабылданған технологиясына байланысты, бірақ 10 м кем емес етіп қарастыру керек. Көп желілі жер асты өткелдеріндегі құбырдың шеткі білігінен қашықтығы 10 метрден кем болмауы тиіс.
Негіздемеге сәйкес, ерекше жағдайларда байланыс кабелін құбырмен бір орда салуға, сонымен қатар кабельді тікелей құбырдың тұтас бетон жабынында немесе арнайы кабель-каналдарда тұтас бетонды жабынның ішінде салуға рұқсат етіледі.
Кабельдің сақтық сымын салу қажеттігі жобалау құжаттамасында негізделеді.
114. Темір жолдар қиылыстарында байланыс кабельдерін салуды құбырдың қорғаныс қабында орналасқан, құбырларда (қаптарда) қарастыруға рұқсат етіледі.
Кабельді құбырдың қорғаныс қабының сыртында салған жағдайда, оны 1 метрден кем болмайтын ұзындықтағы жыраның далалық қасында немесе құбырдың екі жағының табанының үйіндісіне құбырдың ұштарын шығарып, құбырдың білігінен 8 метрден кем емес қашықтықта орналасқан, диаметрі 100 мм полимерлі немесе хризотилцементті түтіктерде салу керек.
115. Су кедергілері арқылы кабельдік өткелдерді төмендегідей орындауға рұқсат етіледі:
1) көлденең-бағытталған бұрғылау әдісімен салынған кабельдермен;
2) топыраққа тереңдетіліп су астында салынатын кабельдермен;
3) көпірлер арқылы салынатын кабельдермен;
4) тіректердегі аспалы кабельдермен.
116. Тұрақты арналы су кедергілері арқылы өтетін өткелдерде байланыс кабельдерін 1 метрден кем емес тереңдікте орналастыруы тиіс. Арнасы өзгеріп отыратын және ерекше гидрогеологиялық жағдайдағы өзендер арқылы өтетін өткелдерде кабельдің тереңдетілуі жобалау құжаттамасында белгіленеді, сонымен бірге кабельдің салынуы түбінің шайылып кету мүмкіндігі жақын 25 жылға есептік белгіден төмен 0,5 метрден кем емес тереңдікте жүргізілуі тиіс.
117. Темір жолдармен және автомобиль жолдарымен қиылыстардағы байланыс кабельдерін жол жанындағы жыраның түбінен 0,8 метрден төмен емес тереңдікте салу керек. Жырадағы механикалық зақымданулардан кабельді қосымша қорғау қажет болатын жағдайда бұл қашықтықты 0,4 метрге дейін азайтуға рұқсат етіледі.
Темір және автомобиль жолдарымен қиылысу бұрышы 90° немесе 60° -тан кем болмауы тиіс.
Байланыс кабелінің құбырлармен қиылысу бұрышы 60º -тан кем болмауы тиіс.
Байланыс кабельдері инженерлік байланыстармен қиылысқан кезде оларды жарыққа тікелей аралықтағы хризотилцементті немесе полимерлі құбырларда төмендегіден кем болмайтындай етіп салу керек:
1) жанармай немесе тез жанатын заттар тасымалдайтын құбырлармен, су жүретін және кәріздік құбырлармен, жылу желісі құбырларымен - 0,15 м;
2) 220 кВ дейінгі кернеудегі кұш беретін кабельдермен - 0,53 м;
3) байланыс кабельдерімен - 0,15 м;
4) радио тарату желілері кабельдерімен - 0,25 м.
118. Топырақтың өзгерісінің мүмкін өтеміне қажетті, ұзындық қорын қамтамасыз ету үшін ордағы кабельді топырақтың ықтимал өзгерісін теңгеру үшін «жылан» түрінде салу керек.
119. Кабельдің сақталуын қамтамасыз ету үшін, ордағы байланыс кабелінің үстінен белгі беру-іздеу лентасын салу керек.
120. Кабельді механикалық зақымданулардан қосымша қорғау қажет болатын жағдайда кабельді темір-бетонды науаларда, хризотилцементті, полимерлі немесе болат құбырларда салуды қарастыру қажет.
121. Радиорелейлі байланыс желісін жобалау кезінде іс жүзіндегі электр тарату желілерінің құбырының қажеттігі үшін жасалатын, қоректендіру қорын толықтай пайдалануды қарастыру қажет.
Радиорелейлік желінің қызмет көрсетілмейтін аралық электр құрылғыларын қоректендіру үшін, құбыр бойынша тасымалданатын өнім пайдаланылуы мүмкін.
122. С3 және С4 фракцияларының сығымдалған көмірсутегі газдары мен оның қоспаларын, тұрақсыз жанармайды және тұрақсыз конденсатты (бұдан әрі - СКГ) тасымалдауға арналған құбырларды жобалауды магистральды газ құбырларының, сонымен қатар осы бөлімнің талаптарына сәйкес орындау қажет.
Аталған құбырларды жобалау кезінде сонымен қатар СКГ құбырларын технологиялық жобалау нормаларын және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.
123. СКГ тасымалдауға арналған құбырлар (бұдан әрі – құбырлар) олардың диаметрі мен төселу түріне қарамастан I санатта болуы керек.
124. Ғимараттар мен құрылыстардың, қалалар мен басқа елді мекендерге дейінгі жер асты құбырларының білігінен қашықтығы құбырдың диаметріне, нысанның жауапткершілік дәрежесі мен ұзындығына, жер бедеріне, тасымалданатын СКГ түрі мен қасиетіне, сонымен қатар бұл нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қайнау температурасына қабылдану тиіс.
125. Құбырдың құбыр үстіне дейінгі салыну тереңдігін 1,5 м кем болмайтындай етіп қабылдау қажет.
126. Нақтылы диаметрі DN 150-ге дейінгі бірнеше құбырды бір мезгілде салған жағдайда, оған қоса оларды бір орда бір-бірінен 0,5 метрден кем емес қашықтықта орналастыруға рұқсат беріледі. Сонымен бірге нысан мен оған жақын жердегі құбырдың арасындағы қашықтық DN 150 нақтылы диаметріндегі құбырға арналған сияқты орнатылады.
127. Елді мекендердің бірдей белгілерінде немесе жоғары орналасқан жерлерде салынатын құбырлардың бөліктері екі жағындағы ұзындыққа тең проекцияға қабысып жатқан және құбыр нысанының проекциясы шегіндегі I санатына жатады.
Егер табиғи бөгеттер болмаса, СКГ төгілген жағдайда учаскелерді бойлай оларды қауіпсіз жерге бұрып жіберуге арналған жыралар көзделуге тиіс.
128. 65-т. сәйкес құбырларды орнатуда қарастырылатын бекіту арматурасын, II-санатты телімнің шекарасы жанына тікелей орналастыру керек.
129. Желілік бекіту арматурасы ретінде, құдықсыз орнатуға арналған, біліксіз құрылымдағы арматураны қарастыру қажет.
130. Бекіту арматурасы болаттан болуы және құбырлармен дәнекерленудің көмегімен біріктірілуі тиіс.
Фланец арматурасын құрылғыларға жөндеу жұмыстарын жасау кезінде, сонымен бірге жабдықтарға құбырларды қосу үшін қолдануға рұқсат етіледі.
Бекіту арматурасының жапқыштары жоғарғы А класының герметикалығына Қазақстан Республикасының құбыр жабатын клапан бойынша норматив талаптарына сәйкес болуы тиіс.
131. Құбырда орнатылатын желілік бекіту арматурасының арасындағы қашықтық 10 км-ден аспауы тиіс.
132. Желілік жапқыш арматура, сондай-ақ I санаттағы учаскелердің шекарасында орнатылатын жапқыш арматура технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қашықтықтан басқарылуы керек.
Бұл ретте, 127-тармақта көрсетілген учаскелер үшін СКГ ағып кету жағдайында жапқыш арматураны автоматты түрде ажырату қарастырылуы тиіс.
Ағып кетуді анықтау әдістері технологиялық жобалаудың нормалары бойынша реттеледі.
133. Құбырларды параллель түрінде салу кезінде желілік бекіту арматураларының тораптары бір-біріне қатысты 50 метрден кем болмайтындай жылжытылып орналасуы тиіс.
134. Бекіту арматурасының әрбір торабының СКГ бір телімнен екінші телімге тасымалдау мен жіберу және қайта өңдеудің түгендеу құрылғысын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, нақтылы диаметрі DN 100-150 құбырларымен байламы болуы тиіс.
135. Сығымдалған көмірсутегі газдары үшін, темір және автомобиль жолдары арқылы өткелдерде қарастырылатын қаптамалардан өнімдерді жинауға арналған құдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.
136. Нақытылы диаметрі DN 150 және одан асатын құбырлар тазалау құрылғыларының қабылдау және қосу тораптарымен жарақтандырылуы тиіс. Бұл тораптардың орналасу орындары жобалау құжаттамасында құбырдың нақты пішініне байланысты, бірақ бір-бірінен 100 км-ден аспайтындай етіліп белгіленеді.
Көршілес құбырлардағы Т(Д)Қ қосу мен қабылдау тораптарын параллель түрде салу кезінде олар бір-біріне қатысты 150 метрге жылжытылуы тиіс. Тазалау мен диагностика құралдарын қосу мен қабылдау камераларын СКГ-нан босату технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жүргізіледі.
137. Тазалау құрылғыларының қабылдау және қосу тораптарымен жарақталған құбырлардың барлық элементтері тең өтілетін болуы тиіс.
138. Тазалау құрылғыларының қабылдау және тазалау тораптарының бекіту органдарымен жарақталған қашықтықтан басқару пункттері шекарадан тыс орналасуы тиіс (қосу торабы үшін-тазалау құрылғысының қозғалыс бағытында, қабылдау торабы үшін- тазалау құрылғысынан қарама-қарсы бағытта)
139. Ғимарат пен құрылыстан 2000 метрден кем болмайтын қашықтықта орналасқан сорғы станциялары, осы нысандарға қатысты ең төмен белгілерде орналасуы тиіс.
140. Тәртіп бойынша, басты сорғы станцияларын осы кәсіпорындардың ыдыстарын, энергия және сумен жабдықтау жүйелерін және басқа қосалқы қызметтерін пайдаланып, жеткізуші-зауыттардың алаңдарында орналастыру керек.
141. Аралық сорғы станциялары технологиялық жобалау нормаларының талаптарын ескере отырып, арнайы бөлінген аймақтарда орналасуы тиіс. Сорғы станцияларын ені 200 метрден асатын өзен арқылы өткелдердің алдында орналастыруға рұқсат етілмейді.
142. Сорғы станцияларынан елді мекендерге, жекеленген ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтықты, сорғы станциясына жататын құбырларға арналған сияқты қабылдау керек.
143. Соратын және айдайтын коллекторлары бар сорғылардың бұрылыстарындағы бекіту арматурасын қашықтықтан басқарылатын етіп қарастырылуы тиіс: жедел жұмыстар үшін-сорғы станциясының ғимаратының ішінде, апаттың ажыратулар үшін - сорғы станциясының ғимаратының қабырғасынан 50 метрден аспайтын және 3 метрден кем болмайтын қашықтықта сыртында орналасуы тиіс.
144. Сорғы станциясының резервуарларын, сорғыларын және құбырларын үрлеу кезіндегі газдарды жағуға арналған шырақ осы нысандарға жылу ағымының рұқсат етілген әсеріне байланысты, сорғы станциясының жақын ғимараттан, құрылыстан, машина немесе сорғы станциясының аппаратынан 60 метрде кем емес қашықтықта орналасып, 10 метрден кем болмайтын биіктікте болуы тиіс.
145. Өнеркәсіптік алаңдарының шегіндегі сорғы станцияларының құбырларын эстакадалар немесе жеке тұрған тіректерге жер үсті етіп төсеу керек. Құбыр өткізгіштерінде өнімнің еркін ағып кетуіне кедергі келтіретін тік жазықтығында иілетін жерлері болмауы керек.
146. Құбырдың аралық сорғы станцияларына қосылу тораптары жұмысын тоқтатпастан құбырдан сорғылық ажыратылуы үшін аралықтан басқарылатын арматурамен жабдықталуы керек.
147. Құбырдың кез келген нүктесіндегі минималды қысым (екі фазалы ағынның жасалуының алдын алу мақсатында) 0,5 МПа өнімінің бу тығыздығынан жоғары болу керек.
148. Жалпы желі бойынша құбырлардың өтетін жерлерінде белгі бағандарын орнату және оларды ресімдеу қажеттілігі теміржол көлігінің облысында атқарушы биліктің органымен келістіру бойынша шешіледі.
149. СУГ тасымалдау процесін басқару, қауіпсіздік, автоматика жүйесі технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қарастырылуы керек.
150. Көміртекті сұйық газдың құбырлары орнатылған тәртіпте бекітілген арнайы техникалық шарттар бойынша әзірленген құбырлардан жарақталуы керек.
151. Орман және елді мекен арқылы өтетін құбыр жолдарында құбырларды ақаулардан қорғау қарастырылуы керек (қорғаныс металл сауыттарда төсем, темірбетон плиталарымен жабылуы және тағы басқа).
152. Кеме жүретін және балқыма су өткелдері арқылы құбырлардың су асты өткізгіштері, әдетте «құбыр ішінде құбыр» құрылымымен жасалуы керек.
6-тарау. Табиғы ресурстарды рационалды пайдалану және энергияны тұтынуды үнемдеуге қойылатын талаптар
1-параграф. Магистральды құбырлардың объектілерінің құрылыстары мен ғимараттардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар
153. Магистральды құбырлардың объектілерін жобалау кезінде энергетикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін инженерлі-техникалық жабдық жұмысын бақылау мен басқарудың зияткерлік жүйелерін қолдану, энергияның балама және жаңартылатын көздерін пайдаланудың мүмкіндіктері барынша Энергия үнемдеу туралы Заңның талаптары ескерілуі қажет.
154. Қайтадан салынатын, реконструкцияланатын және күрделі жөндеуден өткізілетін ғимараттар мен құрылыстар қолданысқа енгізу сәтінен бастап және пайдалану процесі кезінде энергияны үнемдеу сұрақтары жөніндегі нормативті құжаттар мен техникалық регламентте қарастырылған талаптарға сәйкес келуі керек, оның ішінде:
1) жабдықтар мен құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар бөліктері, құрылыс құрылымдарының элементтерінің жылу қорғау қасиеттері мен меншікті энергетикалық ресурстарының көрсеткіштері;
2) энергияны үнемдейтін жабдықты қолдану, ғимараттар мен құрылыстарда энергеткиалық ресурстардың шығынын азайтуға бағытталған көлемді-жоспарлау, сындарлы және басқа шешімдерді пайдалану;
3) энергетикалық ресурстарды шығындау есебі;
4) ғимаратқа жылу тасушыларды беруді реттеуді қамтамасыз ету, құрылыстар және сыртқы ауа температурасына сәйкес жайлар, жай ішіндегі қажетті температура, энергетикалық ресурстарды шығындау есебі.
2-параграф. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану талаптары
155. Магистральды құбырлардың объектілерінің ғимараттары мен құрылыстары табиғи ресурстарды қолдану рационалды болатындай етіп құрылуы және жобалануы, жекелеп алғанда, қамтамасыз етілуі керек:
1) құрылыс пен ғимараттың қызметінің есептік мерзімі ағымында құрылыс құрылымдары, материалдар мен бұйымдардың қажетті қасиеттерін сақтау;
2) құрылыс сынығын қайта өңдеу өнімдері, өнеркәсіптік және құрылыс өндірісінің қалдықтарынан әзірленген құрылымдар мен құрылыс материалдарын пайдалану;
3) құрылыс құрылымдарын және олардың элементтерін қайтадан пайдалану.
Металл құрылымдары элементтерін қайталап қолдану (сұлбалар, арқалықтар, құбырлар, табақтар, свайлар, шпунттар және тағы басқалар) жобалау ұйымымен (жоба авторы) келісусіз құрылыс процесінде қайтадан қолдануын алдын алу, осы нормативті құжат, жобалау және жұмыс құжаттамасының талаптарының көрсетілген элементтерінің ерекшеліктері мен қалдық қасиеттер сынауларын міндетті растау шарттары кезінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінде, ғимараттар мен құрылыстар фундаменттері мен тасушы құрылымдарында рұқсат етіледі.
7-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету талаптары
156. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды жобаға жеке тарау қылып қосу керек, ал сметаларда қажетті шығындарды қарастыру керек.
157. Құбырларды жер асты және жер үсті төсеу кезінде жергілікті материалдарды қолдана отырып эрозияға қарсы шараларды қарастыру керек, ал тік құлама, аңғарлар, суару арналары мен кюветтердің қиылысу жерлерінде құбырлардың бойлай таралуы мен судың траншеясына енуінің алдын алатын бөгеттер қарастыру керек.
158. Құбырларды арқалық, құлама мен жылғалар арқылы қиылысуында жер үйінділерінде төсеу кезінде суды өткізу құрылғыларын қарастырған жөн (орам, құбыр және тағы сондай сипаттағы). Су өткізетін құрылыстардың көлденең қиылысын 50 жылда бір рет қайталау арқылы судың максималды шығыны бойынша анықтау керек.
159. Жер асты құбырларымен қиылысу орындарында су баспайтын жағалауларды бекітуді құламаға толқынның биіктігі 0,5 м және 50 жылда бір рет қайталанатын есептік көкжиек үстінен 0,5 м кем емес көтерілетін белгіге дейін қарастыру керек.
Су жайылған жағалауларда құлама бөлігінен басқа 1-5 м ұзындығы бар құлама жанындағы учаскеде жайылма бөліктері бекітілуі керек.
Жағалаудың бекітілетін жолының ені геологиялық және гидрогеологиялық шарттарға байланысты жоба арқылы анықталады.
160. Жылжымалы аудандарда төсеу бойынша жобалау шешімдері:
1) табиғи шарттарды (терең діңгектелген және бұрғыланған діңгектер мен бағандар және тағы сондай сипаттағы) бұзу мүмкіндігін болдырмау шарттарынан қабылдануы керек;
2) жылжу шараларының барлық кешенін қамтып алуы керек (ерекше күзетілетін аумақтар, су объектілері, бақылаушы қауіпсіз өзгерістер қарастырылуы керек),
3) құрылыс және әрі қарай пайдалану кезінде құбырлардың қауіпсізідгін сипаттайтын, параметрлердің рұқсат берілген өзгеру шектері туралы ақпаратты қамтуы керек.
161. Құбырларды солифлюкциялық және қауіпті термоэрозиялық еңістерде термоабразионды жағалауда төсеу кезінде қарастырылуы керек:
1) техногенді бұзылуының алдын алу бойынша арнайы инженерлік шешімдер, өсу жабынының максималды сақталуы бойынша шаралар;
2) күп болмайтынға топырақты алмастыру және топырақ үю;
3) ағын суларды бұру және дренаждау;
4) құбыр үстінен топырақ валигін тығыздау және тегістеу.
162. Криогенді күп болу байқалған жерлердің шегінде төселетін құбырлардың тас жолы учаскелерінде, негіздемелердің (маусымдық еру тереңдігінің азаюы, күп болуға қарсы жастықтар құрылғысы және тағы сондай сипаттағы) өзгеруінің алдын алатын жобалау шешімдерін қарастыру керек.
Құбырлардың тас жолының жанында орналасқан эрозия ойықтары мен аңғарлары.
163. Құбырларды төсеу кезінде топырақтың өнімді қалпына келтірілуін қарастыру керек.
164. Гидравликалық сынаулар мен қалпына келтіруге қойылатын талаптар өзіндік ішкі тараулар түрінде жобада реттелуі керек.
165. магистральды құбырлардың құрылысы бойынша жобалау шешімдері кему жерлерін анықтау мен бақылаудың тиімді әдістерімен жабдықтауды қарастыруы керек.
166. Құбырдың желілік бөлігінің төсемін орындаушы құрылыс компаниясы, қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісімдер мен мемлекеттік заңнаманың сақталуы, қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалау шешімдерінің сақталуы үшін жауапты болады.
167. Магистральды құбырлар құрылысының уақытына жерді бұру жолдарының ені магистральды құбырлар үшін жерді бұру нормаларына сәйкес жобамен анықталады.
168. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, машиналар мен механизмдердің қозғалысы, жұмыстарды орындау жобасымен қарастырылмаған материалдарды сақтау және қоймалау, жұмыстарды орындау жобасымен қарастырылмаған монтаждау жұмыстарын іске асыруға тыйым салынады.
169. Жұмыстарды орындау үшін механизацияның әдістері мен құралдарын таңдау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісімдер мен мемлекеттік заңнама, ресурсты үнемдеу мен энергия талаптарын басшылыққа алу керек.
170. Топырақтың эрозиясы, аңғардың пайда болуының алдын алу шаралары, сондай-ақ опырылуға қарсы қорғаныс шаралары жобалау шешімдеріне қатаң сәйкестікте орындалуы керек.
171. Негізгі жер жұмыстары басталғанға дейін котловандар мен орлармен алынатын ауданның топырағының өнімді қабаты алынуы керек және қалпына келтірілуі үшін үйіндіге үйілуі керек. Көрсетілген жұмыстарды жасау кезінде қалпына келтіру жобасының талаптарын сақтау керек.
172. Топырақтың қабатының кері салынуы, сақталуы, тасымалдануы мен алынуы сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмайтын әдістер арқылы орындалуы керек.
173. Құрылыс мақсаттарына арналған жер құрылысы мен құю, су өткізбейтін бөгеттің құрылысына арналған топырақтың құнарлы қабатын пайдалану.
174. Алдын ала тазартусыз құбырдан шығарылған суды өзен, көлдерге және басқа су қоймаларына құюға болмайды.
175. Негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылыс ұйымы су жинайтын орларды, дренажды жүйелерді, жерді бұру жолдары шегінде орналасқан және осы жолды қиып өтетін қар ұстайтын құрылыстар мен жолдарды қалпына келтіруі керек, сондай-ақ жергілікті орынға жобалау рельефін беріп, табиғи түрін қалпына келтіру керек.
176. Криогенді күп болу байқалған жерлердің шегінде төселетін құбырлардың тас жолы учаскелерінде, негіздемелердің (маусымдық еру тереңдігінің азаюы, күп болуға қарсы жастықтар құрылғысы және тағы сондай сипаттағы) өзгеруінің алдын алатын жобалау шешімдерін қарастыру керек.
Құбырлардың тас жолының жанында орналасқан ойықтар мен эрозия аңғарлар бекітілуі керек.
ӘОЖ 621.643.053 МСЖ 01.120: 91.040.01
Түйінді сөздер: магистралдық құбыр жолдары, механикалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, құрылыс талаптары, ережелер жиыны, функционалдық талаптар, жіктеу, есептер, жобалау, талаптар, ықпалдар, жүктемелер, кедергілер, траншея, протектор, тоннель, қосалқы құбыр, технологиялық құбыр, құбыр алқабы, сорғыш станциясы, техникалық дәліз, жұмыс өндірісі, қорғаныштық қаптама, қысым, байланыс, өткізгіштік қасиет, құбыр сынағы, металлдар қасиеттері, байланыстырғыш материалдар, құбырларды пайдалану, бағытталған бұрғылау, электрохимиялық қорғаныш, қоршаған ортаны қорғау, жерлерді рекультивациялау, бауланыстар желісі, мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған көмірсутегі газы, кептегіштік арматура, электр желілері, тасымалдау, энергетикалық тиімділік, сапа бақылауы.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының 2019 жылғы _______
№ ___ бұйрығына 6-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МҰНАЙ, МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МЕН СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДАРДЫҢ ЖЕРАСТЫЛЫҚ ҚОЙМАЛАРЫ
ПОДЗЕМНЫЕ ХРАНИЛИЩА НЕФТИ, НЕФТЕПРОДУКТОВ И СЖИЖЕННЫХ ГАЗОВ
ҚР ҚН 3.05-04-2019
СН РК 3.05-04-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2 ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен № 2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
6 УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |