Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау.
|
Қолдану саласы
|
|
2-тарау.
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3-тарау.
|
Терминдер мен анықтамалар
|
|
4-тарау.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
|
|
1-параграф.
|
Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
|
|
2-параграф.
|
Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
|
|
5-тарау .
|
Стационарлық типтегі автокөлікке жанармай құю станциясына қойылатын жалпы талаптар
|
|
6-тарау.
|
Станционарлық типтегі автокөлікке жанармай құю станциясының бас жоспарына қойылатын талаптар
|
|
7-тарау.
|
Ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар
|
|
8-тарау.
|
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Автокөлікке жанармай құю станциясында өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
|
|
2-параграф.
|
Автокөлікке жанармай құю станциясының жарылыс қауіпсіздігі
|
|
9-тарау.
|
Автокөлікке жанармай құю станциясын технологиялық жабдықтауға қойылатын талаптар
|
|
10-тарау.
|
Автокөлікке жанармай құю станциясын инженерлік-техникалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
|
|
2-параграф.
|
Жылыту және желдету
|
|
3-параграф.
|
Электрмен қамсыздандыру, электрмен жабдықтау, найзағайдан қорғау, байланыс, өндірістік процестерді автоматтандыру
|
|
11-тарау.
|
Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
|
|
12-тарау.
|
Электр-химиялық қорғанысқа қойылатын талаптар
|
|
13-тарау.
|
Автожанармай станцияларын пайдалануға беруге қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Жалпы талаптар
|
|
2-параграф.
|
Машиналарға қызмет көрсету мен автожанармай станциялары жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
|
|
14-тарау.
|
Жазатайым оқиғалар қауіпсіздігі және қолданудағы қолжетімділікке қойылатын талаптар
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ. СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АВТОЖАНАРМАЙ СТАНЦИЯЛАРЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ПРОЕКТИРОВАНИЕ.
АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА
|
-
Қолданысқа
енгізілген күні
|
2019-ХХ-ХХ
|
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары сұйық мотор отынына арналған резервуарлары жер астында және жер үстінде орналасқан стационарлық типтегі автожанармай станцияларын орналастыруға, жобалауға, құрылысына және пайдалануға беруге қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
2. Құрылыс нормалары адам өмірі мен денсаулығын өндіріс аумағының жағымсыз әсерінен қорғау мақсаттарында автожанармай станцияларын орналастыру, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту мен техникалық қайта жабдықтауда қауіпсіздіктің жалпы талаптарын, сонымен қатар өндiрiсте еңбек жолы үшiн керектi шарттарды жасауы және құрылыс процесi мен автожанармай станцияларын пайдалануда адамдардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етуді негіздейді.
3. Құрылыс нормалары ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне тәуелсіз, стационарлық автожанармай станцияларының барлық түрлеріне таралады.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – Жер кодексі);
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);
2009 жылғы 18 қыркүйектегі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы (бұдан әрі – Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс);
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңы (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы Заң);
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы Заң);
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Автомобиль жолдары туралы Заң);
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң);
«Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №14858) (бұдан әрі – «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);
«Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10256) (бұдан әрі – Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) Автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор жанармайын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкасы арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) жіберумен сипатталатын стационарлық автокөлікке жанармай құю станциясы.
2) Автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясының қызметтік ғимараты – автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясында қызмет көрсетуші жұмыскерлердің үнемі болуын талап етпейтін құрал-жабдықтары мен аспаптарын орналастыруға арналған ғимарат.
3) Модуль – автокөлікке жанармай құю станциясында көлік құралдарына сұйық мотор жанармайын құюға арналған және резервуарларының жерүсті орналасуымен және отын тарату колонкасы мен біртұтас зауыт өнім ретінде отын сақтайтын резервуарлардың әр жерге қойылуымен сипатталатын технологиялық жүйесі.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
5. Осы құрылыс нормаларының мақсаты Қазақстан Республикасының территориясында жер астында және жер үстінде орналасқан сұйық мотор отынына арналған резервуарлары бар автокөлікке жанармай құю станциясында тікелей қолдану мен орындау үшін міндетті болып табылатын жалпы қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарда белгіленеді:
1) еңбек қызметі үшін қажетті жағдайларды жасауды қоса алғанда, адамның өмірі мен денсаулығын өндірістік ортаның жағымсыз әсерінен сақтау;
2) автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) әртүрлі табиғи және техногендік әсерлер мен құбылыстар жағдайында автокөлікке жанармай құю станциясын қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
4) өрттің көршілес ғимараттар мен құрылыстарға таралуының алдын-алу, кәсіпорындарды өртке қарсы құралдармен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету;
5) қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпорын аумағына кіруге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. автокөлікке жанармай құю станциясы және оның төңірегіндегі аумақтар пайдалануға қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғалардың, адамдарды жарақаттау және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төну ықтималдығы барынша кем болатындай жобаланып, салынуы керек.
7. автокөлікке жанармай құю станциясын орналастыру, жобалау, құрылысын салу мен пайдалану табиғи-климаттық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы, қоршаған ортаны қорғау, гигиена, адам денсаулығын сақтау талаптарын ескере отырып, Заңның 20 бабындағы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптары мен өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
8. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстары өмір циклының барлық кезеңдерінде қауіпсіздік талаптарымен жобаланады.
9. Адамдардың келу қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық және микроклиматтық жағдайлармен: шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары жұмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың болмауымен; үй-жайдағы жылу мен ылғалдың минималды бөлінуімен, шудың, дірілдің, ультра дыбыс деңгейінің, электромагниттік толқындардың, радио жиіліктердің, статикалық электрдің және иондаушы сәулелердің жоғары рұқсат етілген мәндерінің болмауымен, сондай-ақ жұмыс істеушілерге физикалық күш түсіруді, олардың назарын ынталандыруды және шаршаудың алдын алумен қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстары ғимарат пен құрылыстың ықтимал өртенуінің есебімен ең жағымсыз ауа-райы жағдайында да өрт көршілес ғимараттар мен құрылыстарға берілмейтіндей етіп орналастырылуы керек.
11. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағының оған өрт сөндіру техникасы, техникалық құралдар, құтқару және медициналық қызметтер барлық жақтан кедергісіз кіре алатындай аралық жолдары, кіреберістері болуы керек.
12. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін орналастыруды қарастыру керек.
13. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағы, ғимараттары мен құрылыстары өртті табу және сөндіруге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы керек.
14. Автокөлікке жанармай құю станциясы және оған жанасқан аумақтар пайдалануға беруге қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғаларды, адамды жарақаттау және жүргіншілер, соның ішінде балалар мен егде адамдар жүрген кезде адам өміріне қауіп төндірмейтіндей және мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек орнына кедергісіз жетуін қамтамасыз ететіндей жобаланып, салынуы керек.
5-тарау. Стационарлық типтегі автокөлікке жанармай құю станциясына қойылатын жалпы талаптар
15. Автокөлікке жанармай құю станциясы үш типке жіктеледі:
1) А типі – тәулігіне 500 және одан астам рет май құятын (қарбалас уақытында 135 және одан астам рет май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 150 куб метр (бұдан әрі - м3) құрайтын автокөлікке жанармай құю станциясы;
2) В типі – тәулігіне 250-ден 500 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80-нен 135 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 100 м3 құрайтын автокөлікке жанармай құю станциясы;
3) С типі – тәулігіне 250 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 75 м3 құрайтын автокөлікке жанармай құю станциясы.
16. Автокөлікке жанармай құю станциясын жобалау осы құрылыс нормаларына, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР және «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек, автокөлікке жанармай құю станциясы бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, Жерді пайдалану және құрылыс салу ережесіне, қала құрылысы регламенттеріне және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орналасуы керек.
17. Автокөлікке жанармай құю станциясында қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды, еңбек процестерін барынша автоматтандыру мен механикаландыруды, сонымен қатар қызмет көрсетуші жұмыскерлерге әдеттегі жағдайларда және апатты жағдайларда санитарлық-гигиеналық және тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуді көздейтін бекітілген жобалар бойынша салынуы керек.
18. Автокөлікке жанармай құю станциясына арнайы бөлінген алаңдарда, көліктерге кіру қолайлы болатындай етіп, құрылыс нормалары мен ережелерін, санитариялық, экологиялық және өртке қарсы талаптарды сақтап ұйымдастырылған магистралдарда орналасуы керек.
19. Автокөлікке жанармай құю станциясы құрылысына арналған алаңды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы керек. Автокөлікке жанармай құю станциясы алаңын таңдау актісіне техногендік технологиялық жүктемелер бөлігінде бағалау материалдары қоса беріледі.
20. Жол жиегінде немесе олардан тыс объектілерде кіреберіс жасау қажет болған жағдайда автокөлікке жанармай құю станциясын орналастыру үшін жер телімдерін беру туралы шешімдерді автокөлік жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы, белгіленген тәртіп бойынша жергілікті атқару органы қабылдайды.
21. Қалалар мен басқа да елді мекендерде отынды сақтайтын резервуары жер астында болатын автокөлікке жанармай құю станциясын ғана орналастыруға рұқсат беріледі.
22. Автокөлікке жанармай құю станциясын жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген отынды қабылдау, сақтау және беру үшін технологиялық жүйелер көзделу керек.
23. Автокөлікке жанармай құю станциясына отынды жеткізу арнайы автокөлік, теміржол көлігі, құбырлы көлік арқылы жүзеге асырылуы керек.
24. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында көлік құралдарының қозғалысы біржақты болуы керек. Осы жерде бөлек кіру және шығу жолдары қарастырылуы керек.
25. Автокөлікке жанармай құю станциясында отынды төгу үшін отын құйылған автоцистернаның (бұдан әрі - АЦ) тұрағына арналған алаң қарастырылуы керек.
26. Автокөлікке жанармай құю станциясы үшін өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай санитарлық қорғаныс аймақтары жобаланады.
27. Автокөлікке жанармай құю станциясының санитарлық қорғаныс аймағы автокөлікке жанармай құю станциясы құрылысын салу немесе реконструкциялау жобасымен бір уақытта әзірленетін абаттандыру және көгалдандыру жобасына сәйкес абаттандырылып, көгалдандырылуы керек.
28. Елді мекендердің селитебтік аумағынан автокөлікке жанармай құю станциясы ластану аймағының есебімен жеке жасыл желек жолағымен бөлектенеді. Көгалдандыру ауданы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы керек.
29. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында транзиттік инженерлік жүйелерді жасауға болмайды.
Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағының үстіне байланыс және электр берілісі желілерін ауамен өткізуге де тыйым салынады.
30. Автокөлікке жанармай құю станциясының инженерлік желілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орналастыру керек.
31. Автокөлікке жанармай құю станциясы пайдалануға енгізілгенге дейін алаңда өрт қауіпсіздігі белгілерін ілу (орнату) керек.
32. Автокөлікке жанармай құю станциясында қолданылатын жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталады, отын қабылдау, сақтау және беру технологиялық жүйесінің модульдері зауытта жасалады.
33. Қоршаған ортаның агрессивті ықпал етуінің дәрежесін бағалау және жер үсті резервуарларының және құбырларының сыртқы бетін тоттанудан қорғау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
34. Технологиялық процестерді әзірлеу, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау барысында, сондай-ақ, жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде адамға жұмыс орнында әсер ететін шуды рұқсатты мәндерден аспайтын мәнге дейін азайтуға қатысты барлық тиісті шараларды:
1) шу қаупі жоқ техниканы әзірлеу;
2) ұжымдық қорғаныс құралдары мен әдістерін қолдану;
3) жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек.
6-тарау. Станционарлық типтегі автокөлікке жанармай құю станциясының бас жоспарына қойылатын талаптар
35. Автокөлікке жанармай құю станциясын келесі жерлерге орналастыруға тыйым салынады:
1) қала құрылысы, тарихи-мәдени құндылығы жоғары аймақтарда;
2) жол өтпелеріне және олардың астына;
3) қалқымалы құралдарда;
4) электр берілісі желілерінің астында және электр берілісі әуе жолының белдемінен тіреудің бір жарым еселік биіктігінен кем қашықтықта;
5) өнеркәсіптік аймақта минимал рұқсат етілген қашықтықтар болмаған кезде нормативтік қашықтықтар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР рұқсат етілген интервалдардың шегінде анықталады.
36. Автокөлікке жанармай құю станциясы оқшауланған жер телімінде, көбінесе басым болатын желдерге қатысты тұрғын үйлердің ық жағына және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген жобалық құжаттамаға қатаң сәйкестікпен орналастыру керек. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына және осы құрылыс нормаларына сай, автокөлікке жанармай құю станциясының аумағын келесі функционалдық аймақтарға бөлу керек: кіру аймағы, май құю аймағы, қызмет көрсету аймағы, май сақтайтын резервуарлар аймағы, тазартқыш ғимараттар аймағы және көмекші аймақ.
37. Техникалық қызмет көрсету станциясы, автокөлікке жанармай құю станциясы, автокөлік жуу орындары мен басқа қызмет көрсету объектілері бір алаңда біріктірілген жағдайда, олар мен отын сақтайтын резервуарлар арасындағы қашықтықты сақтау керек.
38. Автокөлікке жанармай құю станциясын автокөлік кәсіпорындарының аумағында орналастырған жағдайда, автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстарының осы кәсіпорындардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарына дейінгі қашықтығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша қабылданады.
39. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағы, ғимараттары мен құрылыстарының мынадай жабдықтары болуы керек:
1) «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР талаптарына сәйкес автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталуы тиіс;
2) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР 17-қосымшасының талаптарына сәйкес өрт сөндірудің бірінші құралдарымен жабдықталуы керек.
40. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағына кіретін жолдар мен кіреберістерді осы қарастырылған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша жобалау керек.
41. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағына кіреберісте сервис белгілері орнатылуы керек.
42. Көлік құралдарын қоюға арналған алаңдарда олардың автокөлікке жанармай құю станциясы аумағынан еркін шығуы ескерілген автомобильдерді қоюды қамтамасыз ететін белгілер болуы керек.
43. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағы мен мұнай өнімдерін резервуарларға құюға арналған алаңдардың жабындары мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді, ақаба суды кәріз суға арналған резервуарға немесе автокөлікке жанармай құю станциясын өндірістік-жауын-шашындық кәрізге жинауға арналған кәріз астауларына қарай еңістетіп жобалау керек.
44. Кәріз суды ағызуға арналған бөлек алаңның аумағы сәл еңістетіп, автоцистернадан немесе резервуардан (мөлшерінен асырып құйғанда) мұнай өнімдері төгілген жағдайда, олар автокөлікке жанармай құю станциясының басқа аумағына және оның маңындағы нысандардың аумағына, соның ішінде жолға ағып кетпейтіндей етіп жобалануы керек.
45. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша келесі жол белгілері орнатылуы керек:
1) «Кіруге тыйым салынады» (автокөлікке жанармай құю станциясы автокөлік кіру үшін жабық болған жағдайда);
2) «Ең үлкен жылдамдықты шектеу»;
3) Автокөлікке жанармай құю станциясы телімінің орналасу жағдайы ескерілген өзге де белгілер.
46. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағының жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен қиысуына жол берілмейді.
47. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағының жабыны қатты, жер үстіндегі және жауын-шашын ағыстарын жинауға арналған резервуар орналасқан жерге дейінгі жалпы еңісі болады, ол түнгі уақытта жарықтандырылады.
Вертикаль жоспарлау, абаттандыру, инженерлік желілерді орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай орындалуы керек.
48. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағы абаттандырылған болуы керек.
49. Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақты контейнерлерді орнатуға арналған су оқшаулайтын жабынмен жабдықталған арнайы алаң бөлінуі керек.
7-тарау. Ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар
50. Автокөлікке жанармай құю станциясы алаңдарының (телімдерінің) жоспарлануы өндірістік процесс пен еңбекке ең қолайлы жағдай туғызады, жер телімдерін ұтымды әрі үнемді пайдалануды және капитал салымдарының барынша тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
51. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстарын жобалау және құрылысын салу сейсмикалық аудандастыру, орналасқан аумағы және инженерлік-геологиялық жағдай ерекшеліктері (топырақтың қопсуы, топырақтың отыруын, мұздан ісінуін және тағы сондай сипаттағы) сияқты ерекше жағдайлардың есебімен орындалуы керек.
52. Құрылыс конструкциялары ықтимал қауіпті әсерлердің есебі бар ғұмырлық пен сенімділікке ие болуы керек.
53. Конструкциялар құрылыс аймағындағы қауіпті геологиялық процестердің әсерін, сондай-ақ, сейсмикалық аудандастыруды ескере отырып, өз салмағы мен өздері тіреп тұрған құрылғылардың жүктемесіне, қар мен жел жүктемесіне, технологиялық құрал-жабдықтардың, көлік және инженерлік құрал-жабдықтардың жүктемесіне төзімді болып орнатылуы керек.
54. Жобалау кезінде құрылыс конструкцияларын есептеу нормативтік құжаттарға сәйкес, сондай-ақ, қажет болғанда үйлестірілген Еуропалық нормативтік құжаттарға сәйкес орындалуы және сенімділік пен төзімділік қауіпсізідігінің талаптарына жауап беретін материалдар мен технологияларды қолдануды шектемеуі керек.
55. Құрылыс салу және пайдалану барысында ғимараттардың іргелері мен күш түсетін конструкциялары құрылыстардың пайдалануға беру қасиеттерін төмендетуге әкелетін сызаттары, зақымдары мен деформациялары болмауы қажет.
56. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді жобаның технологиялық жобалау нормаларына сай әзірленетін технологиялық бөлігіне сәйкес қабылдау керек.
57. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында «А», «Б» санаттарының үй-жайларын (көлік жуу ғимараттарындағы көлік қоятын үй-жайлар мен техникалық қызмет көрсету орындарынан басқа), сонымен қатар «Г» санатты (автокөлікке жанармай құю станциясы үй-жайларының жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары бойынша) үй-жайларды орналастыруға рұқсат етілмейді.
58. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында Автокөлікке жанармай құю станциясының жұмыскерлеріне арналған, көлік жүргізушілер мен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, көлік құралдарына қызмет көрсетуге арналған қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады.
59. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында бос орны бар жерасты үй-жайларды, жасырын кеңістіктерді, сонымен қатар жерасты ғимараттарын (тоннельдерді, арналарды және тағы да басқаларды) жасауға жол берілмейді. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттарының астына және эвакуациялық есіктер жаққа отын құбырларын салуға болмайды.
60. Көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үй-жайларын және көлік жүргізушілері мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үй-жайларын; сұйық мотор отынын сатуға арналған дүкен мен қоғамдық тамақтану жайын бір ғимаратта орналастыруға болмайды.
61. «В» санатты үй-жайларды, сондай-ақ, жанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған дүкеннің қоймаларын ғимараттардың терезесі бар сыртқы қабырғаларының бойына орналастыру керек.
62. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстары өртке төзімділіктің I, II, IIIа дәрежелі бір қабатты болып жобаланады. Ғимараттардың ең үлкен жалпы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылданады.
63. Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай өнімдерінің буы шығуы ықтимал үй-жайлардың қарама-қарсы орналасқан екі не одан астам есік болуын қамтамасыз ету қажет.
64. Еденнің үстін жабуға арналған материалдар мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді болуы керек.
65. Өрт, жарылыс қаупі бар, улы және күйдіргіш заттарды тасымалдауға арналған құбыр жолдарын тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар, электр құрылғыларына арналған үй-жайлар, желдету камералары арқылы өткізуге болмайды.
66. Технологиялық құрал-жабдықтар мен май құю бағаналарының үстіндегі шатырлар жанбайтын материалдардан жасалуы керек. Желдетілмейтін бөліктері (қуыстары) бар шатырларды жасауға болмайды.
Автоцистерналардан отын төгу алаңдарының және сұйық мотор отынын сақтауға арналған жерүсті резервуарларының үстіне шатыр жабуға жол берілмейді.
67. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимаратының конструктивтік элементтері қалыпты пайдалану жағдайында оның жарылыс және өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда қорғалуын қамтамасыз етуі керек.
68. Электр желілерін қайта жабдықтауға, стандартқа сай келмейтін сақтандырғыштарды қондыруға, қолдан жасалған және жарамсыз электр-жылу аспаптарын пайдалануға (жобада бекітілмеген) болмайды.
8-тарау. Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1-параграф. Автокөлікке жанармай құю станциясында өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
69. Барлық үй-жайлар, ғимараттар және сыртқы құрылғылар үшін жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар белгіленуі керек.
70. Үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың санаттарын, сондай-ақ, жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша (бар болған жағдайда) сыртқы қондырғыларды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР 3-қосымшасының талаптарына сәйкес, «Автокөлікке жанармай құю станциялары (АЖС) мен отын құю объектілердің (ОҚО) жарылыс қауіпі бар аймақты жіктеулері және жарылыс қауіптілігіне қарай санаттандыру» құжатын ескере отырып анықтау керек.
71. Өрттің көршілес ғимараттар мен құрылыстарға таралуының алдын-алу, өрттен келген залалды қысқарту, ғимараттардың адамдар мен мүлікті қорғау үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі өртке қарсы талаптарды орындау керек:
1) өртке қарсы нормаларда реттелетін ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы минималдық қашықтықты қатаң сақтау;
2) Автокөлікке жанармай құю станциясында ықтимал өртті сөндіруге арналған сыртқы және ішкі сумен қамсыздандыру көздері болуы керек;
3) өзендер мен су айдыны маңында өрт машиналарының су алуына арналған кіру жолдары болуы керек;
4) ғимараттар мен құрылыстарға барлық тарапынан өрт сөндіру техникасының, құтқару және медициналық қызметтердің техникалық құралдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету керек;
5) Автокөлікке жанармай құю станциясының аумағы, ғимараттары және құрылыстары автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
72. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағы жанбайтын материалдарды қолданумен қоршалады. Бұл ретте толассыз желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
73. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағын гүлдену кезінде үлпек, талшықты заттар немесе мамықты ұрық шығаратын бұталармен және ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді.
74. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттарында отты және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайларды қарастыруға тыйым салынады.
2-параграф. Автокөлікке жанармай құю станциясының жарылыс қауіпсіздігі
75. Жарылыс қауіпті аймақтарда орналасқан электр жабдықтары мен автокөлікке жанармай құю станциясын, бақылау-өлшеу орынын жарылыстан қорғайтын етіп жасау керек.
76. Үй-жайларды желдету жүйесінде ауа шығару қарастырылады, ол үй-жайлардың жоғарғы бөлігінен, қабырғалардағы ойықтар немесе шатыр аралығындағы дефлектор арқылы жүзеге асырылады.
9-тарау. Автокөлікке жанармай құю станциясын технологиялық жабдықтауға қойылатын талаптар
77. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен үй-жайларының өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес анықталады.
78. Автокөлікке жанармай құю станциясы автокөліктің багынан ластағыш заттарды газбен қайтарып жинау жүйесін қамтамасыз ететін отын тарату бағаналарымен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және сәйкестік сертификаты бар басқа да технологиялық жабдықтармен жабдықталуы керек. Ластағыш заттарды газбен қайтарып жинап алу жүйесі жоқ отын тарату бағаналарын қолдану мемлекеттік санитариялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіледі.
79. Отын сақтайтын резервуарлардың конструкциясында оны жөндеу кезінде сақталған отынның қалдығынан тазарту, желдету және газын шығару мүмкіндігі қарастырылуы керек.
80. Отын тарату бағаналарына отын беру құбырларын жабу үшін отын беру құбырларының резервуарлардың алдындағы жерлеріне жапқыш бұрамаларды орнатуды қарастыру керек. Жапқыш бұрамаларға еркін қолжетімді болуы тиіс.
81. Бензин сақтауға арналған резервуарлар өте жоғары қысымды ауа қақпақтары мен резервуарлардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасын қайтару қолданылатын газ теңестіру жүйесімен жабдықталуы керек. Газ теңестіру жүйесінің резервуарлар арасында орналасқан құбырларында, ауа беру жүйесі құбырлары шығатын жерлерде және олардың резервуарларға қосылатын жерлерінде от тоқтатқыштарды қондыру қарастырылуы керек.
Бензин және дизель отыны құйылған резервуарлар (камералар) арасында ортақ газ теңестіру жүйесін қондыруға жол берілмейді.
82. Газ теңестіру жүйесінің құбырлары жанбайтын материалдардан жасалып, жылдың кез-келген мезгілінде оның жұмыс қабілеттілігін сақтайтын от тоқтатқыштармен немесе от тоқтатқыш қондырылған ауа бергіштермен жабдықталуы керек.
83. Отынды жер астында сақтауға арналған резервуарлар олардың герметикалықтығын бақылау жүйелерімен жабдықталуы керек.
84. Толтыру сорғылары (автоматты қосылуына қарамастан) оператор жайында және сорғылардың жанында немесе отын тасымалдауға арналған автокөлік цистернасына арналған алаңда орналасатын электр қоректенуін қолмен ажыратқыштармен жабдықталуы керек.
85. Отынды жер астында сақтау резервуарларына енгізілетін құбырды олардың номиналдық толтыру деңгейінен жоғары орналастыру қарастырылуы керек. Люктарды, тығындарды, қысқа құбырларды және тағы басқа құрал-жабдықтарды осы көрсетілген деңгейден төмен орнатуға тыйым салынады.
86. Технологиялық шахта мен оның қабырғалары арқылы құбырларды енгізу құрылғылары оның ішіндегі отынның топыраққа ағып шығу мүмкіндігін болдырмауы керек.
87. Қоршаған орта әсерінің қарқындылық дәрежесін бағалау және жерүсті резервуарлар мен құбырлардың сыртқы үстіңгі қабатын тотығудан қорғау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
88. Құбыр жолдарының ұзындығы барынша аз болуы керек және олар мұнай өнімдерінің саны мен сапасын сақтай отырып, Автокөлікке жанармай құю станциясындағы барлық технологиялық операцияларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
89. Технологиялық жабдықтар гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес шу мен дірілдің шекті рұқсатты мөлшерінен аспайтын деңгейін қамтамасыз етуі керек.
90. Қажет болған жағдайда, Автокөлікке жанармай құю станциясы маңындағы елді мекендерге құралдардан болатын шудың әсерін төмендету үшін шудан қорғайтын қабырғалар орнатылуы керек.
91. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай, автокөлікке жанармай құю станциясын найзағайдан қорғаумен жабдықтау керек.
92. Автокөлікке жанармай құю станциясы көлік құралының багы номиналды толған кезде отын құюды автоматты түрде бұғаттауды қамтамасыз ететін отын тарату колонкасы қолданылуы керек.
93. Резервуарларға отын тасымалдауға арналған автокөлік цистернасындағы отынды толтыру оттың резервуарды толтыру желісі бойынша таралуына тосқауыл қоятын құрылғыларды қолдана отырып, жерасты өткізілген отын құю құбыры арқылы жүзеге асырылуы керек.
94. Жерүсті немесе резервуарлар мен технологиялық құдықтардың бос шахталарында орналасқан барлық отын құбырлары металдан жасалып, олардың жалғасқан жерлері саңылауды болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы керек.
95. Отын тасымалдау үшін пластмассадан жасалған құбырларды пайдалануға рұқсат беріледі, бұл жерде олардың жер астымен арнасыз өткізіліп, механикалық зақымнан қорғалуы міндетті.
96. Отын беру желілері қысым немесе сол желілердің сорғылары орындайтын ажырату жолымен ашылатын және осы аталған сорғылар ажыратылған кезде тығыз жабылатын кері қақпақтармен жабдықталуы тиіс.
97. Бір не бірнеше отын тарату колонкасында бір не бірнеше резервуардан отын беруге арналған ортақ құбырды пайдалануға болады, бұл жерде сол құбырларда әрбір отын тарату колонкасы мен әрбір резервуардың алдында ілмекті арматураның болуы міндетті.
98. Отын немесе оның буы бар құрал-жабдықтар орналастырылған, сондай-ақ, бос орны бар резервуарлардың технологиялық шахталарының және құдықтардың қабырғалары жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Басқа жағдайларда жануы қиын материалдарды қолдануға болады. Аталған құрал-жабдықтар қойылған технологиялық шахталардың не құдықтардың құрылысы атмосфералық жауын-шашындар тимейтіндей және қақпақты ашып-жапқанда ұшқын пайда болу мүмкіндігін болдырмауы керек.
99. Отын сақтауға арналған (жерасты, жерүсті) резервуарлардың мұнай өнімдері мөлшерінен асырып құйылу кезінде төгілген немесе таралып төгілген не апат жағдайында қорғайтын астаулары болуы керек.
100. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған контейнер шатырға шығуға және резервуардың ернеуі мен құрал-жабдықтарға кіруге арналған баспалдақпен жабдықталуы тиіс.
10-тарау. Автокөлікке жанармай құю станциясын инженерлік-техникалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
1-параграф. Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
101. Стационарлық автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында шаруашылық-ауыз су, өндірістік және өртке қарсы сумен қамсыздандыру жүйелерін орнату қарастырылуы керек. Өртке қарсы су құбырын шаруашылық-ауыз су және/немесе өндірістік су құбырымен біріктіруге болады.
Шаруашылық-ауыз су құбырларын ішуге жарамсыз су құбырлары жүйесімен біріктіруге болмайды.
102. Автокөлікке жанармай құю станциясын сумен қамсыздандыру және су шығару жүйелерін жобалау барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы керек.
103. Автокөлікке жанармай құю станциясы су құбырлары жүйесінен сумен қамсыздандырылуы қарастырылуы керек. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін тасымал суды қолдануға болады. Тасымал су Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған резервуарларда сақталуы керек.
Техникалық су құбырларын техникалық суды ауыз су ретінде қолдану мүмкіндігін жоятындай арнайы бояумен бояу қарастырылуы керек.
104. Сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысын есептеп шығару керек. Өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығысын анықтау кезінде шаруашылық мұқтаждыққа жұмсалатын су шығысы есепке алынбайды.
105. Автокөлік жуғыштың су қамсыздандыруы айналымды болуы керек.
106. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында су шығаратын төмендегідей жүйелерді:
ғимараттар мен құрылыстардан шығатын өндірістік ақаба суларды және су шығару құрылғыларының ашық алаңдарынан, мұнай өнімдерінің резервуарлары орналасқан алаңнан жауын-шашын суларын қабылдауға арналған өндірістік немесе өндірістік-жауын-шашын кәрізін;
санитарлық аспаптар мен душтардан тұрмыстық ақаба суды қабылдауға арналған тұрмыстық кәрізді орнатуды қарастыру керек.
107. Көлік жуынды сулары мен мұнай өнімдерінің резервуарларын тазарту суларын кәрізге ағызуға болмайды. Ол ағыстар құбырлармен арнайы резервуарларға ағызылып, кейіннен кәдеге жаратылуы тиіс.
108. Тұрмыстық ақаба суды елді мекеннің кәріз желісіне ағызу керек. Автокөлікке жанармай құю станциясы салынып жатқан аймақта су ағызу жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті тазарту ғимараттарын салу қарастырылуы керек.
109. Автокөлікке жанармай құю станциясы ақаба суының тұнбасын өңдеу амалдарын жобалау кезінде нақты жағдайға қарай белгілеу керек.
110 Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында кәріздік сорғы станцияларын жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындалуы керек.
111. Тұрмыстық кәріз бен өндірістік кәрізді біріктіруге жол берілмейді.
112. Өндірістік-жауын-шашын кәрізі тазарту ғимараттарымен (мұнай ұстағыштармен және жабық типті тұндырғыштармен) жабдықталуы керек. Жауын-шашын кәрізіне алып-салынатын тақталармен жабылған астауларды орнатуға болады.
113. Мұнай өнімдерін жерүсті резервуарларында сақтау алаңдарындағы жауын-шашын суын қалыпты жағдайда суды жауын-шашын кәрізіне, ал резервуарлар тесіліп, суы сыртқа аққан жағдайда мұнай резервуарларының құрамына кіретін апаттық қабылдауыш резервуарға ағызуға мүмкіндік беретін ысырмалы үлестіргіш құдық арқылы ағызу қарастырылуы керек.
114. Ақаба суды жинау және тазарту жүйесі жоқ автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалануға болмайды.
2-параграф. Жылыту және желдету
115. Автокөлікке жанармай құю станциясының жылу және желдету жүйелерін жобалау кезінде, осы құрылыс нормаларының талаптары орындалуы керек.
116. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимаратын жылытуды жарылыстан қорғайтындай етіп тек зауытта жасалған жабық электр жылытқыштарымен жүзеге асыру керек.
117. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимаратын табиғи немесе автономиялық кондиционерлерді (Сплит жүйелерін) қолданып желдету қарастырылуы керек.
118. Ауа ортасының қажетті жағдайын қамтамасыз ету үшін, техникалық қызмет көрсету үй-жайларында кәсіпорынның жұмыс тәртібі мен жобаның технологиялық бөлімінде белгіленетін зиянды заттардың мөлшерін ескере отырып, механикалық түрде іске қосылатын жалпы алмастырғыш ауаны енгізіп тартқыш желдету жүйесін орнату қарастырылуы керек.
119. «А» және «Б» санатты өндірістік үй-жайларда негізгі енгізіп тартқыш желдету жүйесімен қатар жарылыс қауіпті концентрациялар туралы белгі бергіш әсерінен желдеткіштер автоматты түрде қосылатын апаттық желдеткіштерді орнату қарастырылуы керек.
120. Апаттық желдету жүйесі негізгі желдету жүйесіне қосымша бір сағат ішінде үй-жайдың толық көлемінде 8 мәрте ауа алмастыруды қамтамасыз етуі керек.
121. Жылу және желдету жүйелері өндірістік үй-жайларда микроклимат өлшемдерінің және ауа ортасының өндіруші зауыттардың техникалық талаптары мен өндірістік объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталуын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
122. «А» санатының үй-жайларына қызмет көрсететін желдету құралдары жарылыс қауіпсіз болып жасалуы керек.
3-параграф. Электрмен қамсыздандыру, электрмен жабдықтау, найзағайдан қорғау, байланыс, өндірістік процестерді автоматтандыру
123. Ғимараттар мен үй-жайларды электрмен жабдықтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер және осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.
124. Жарылыс қауіпті аймақтарда орналастырылатын электр құрал-жабдықтары мен автоматандыру құралдарының жасалуы ғимараттар мен сыртқы құрылғылардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша жіктеліміне сай келуі тиіс.
125. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары мен құрылыстарын жергілікті жағдайлардың есебімен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықтау керек.
126. Резервуарларды, азық-түлік құбырларын және технологиялық құрал-жабдықтарды статикалық электр тогының зарядынан қорғау үшін, жерлендіру контурына жалғау керек. Статикалық электр зарядын шығару үшін, автоцистерналарды мұнай өнімдерін төгу кезінде және автоцистерналарды автокөлікке жанармай құю станциясының аумағына уақытша қою кезінде жерлендіру құрылғыларын орнату қарастырылуы керек.
127. Барлық электр құрылғылары, металл құрылғылар жерлендірілуге тиесілі.
128. Жерлендіру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай, орындалады.
129. Ток шығарғыштармен және жерлендіру құрылғыларымен жабдықталған барлық жай тартқыштар дәнекерленіп жасалуы керек.
130. Автокөлікке жанармай құю станциясының жарылыс қауіпті жерде орналасқан электр құрал-жабдықтары жарылыстан қорғалатындай етіп жасалуы керек.
Жарылыс қаупі бар аймақтарға жарылыстан қорғау жөніндегі таңбалануы жоқ электр құралдарын орнатуға жол берілмейді.
131. Автокөлікке жанармай құю станциясының электр қабылдағыштары электрмен қамсыздандыру сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша ІІІ санатқа жатады.
Автоматты өрт дабылының электр қабылдағыштары, автоматты өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғылары І сенімділік санатына жатады, сондықтан олардың қосымша автономиялы электрмен қамсыздандыру көзі болуы керек.
132. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында қолданыстағы нормаларға сай тәуліктің қараңғы мезгілінде қосылатын сыртқы жарықтандыруы болуы керек.
Көлікке май құю және мұнай өнімдерін ағызу орындарының жарықтандыруына баса назар аудару қажет.
133. Күзет жарықтандыру сыртқы жарықтандырудан бөлек қарастырылады.
134. Автокөлікке жанармай құю станциясы (сымды немесе сымсыз) телефон байланысымен немесе радио байланыспен және қатты дауысты байланыспен жабдықталуы керек.
Қызмет көрсетуші жұмыскерлер тұрақты отыратын жұмыс орындары мұнай базаларының диспетчер бекетімен байланысуға арналған телефондармен (радиотелефондармен) жабдықталады.
135. Автокөлікке жанармай құю станциясы ғимараттары, үй-жайлары және құрылыстары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарының есебімен автоматты өрт дабылы жүйесімен және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғыларымен жабдықталуы керек.
136. Автоматты өрт дабылы іске қосылған кезде:
1) қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен автокөлікке жанармай құю станциясы аумағындағы адамдарға өрт туралы хабарлау;
2) резервуарларға отын толтыру операцияларын тоқтату;
3) резервуарға отын беру құбырларының қақпақ арматурасын жабу;
4) барлық отын тарату бағаналары мен компрессорлық құрал-жабдықтардың автоматты түрде ажыратылуы қамтамасыз етілуі керек.
137. Отын тарату бағаналарының жұмысын басқару қашықта немесе жергілікті болады.
138. Автокөлікке құйылатын отынның шығыны отын тарату колонкасына орнатылатын санауыштар арқылы есептелінеді.
139. Барлық қолданылатын өлшеу құралдары стандарттаудан өтеді және тексерілгені туралы сертификаттары (қажет болған жағдайда) болады.
140. Өлшеуді орындаудың қолданылатын әдістемелері аттестатталған болуы тиіс.
141. Автокөлікке жанармай құю станциясының автоматика жүйесі негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың техникалық талаптарына сай жасалуы керек.
142. Автокөлікке жанармай құю станциясының басқару жүйесі өрт туындаған немесе төтенше жағдаймен байланысты тағы басқа жағдайлар туындаған кезде отын беруді автоматты түрде ажыратуы керек.
11-тарау. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
143. Автокөлікке жанармай құю станциясын жобалау, орналастыру, құрылысын салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде Экологиялық кодекс талаптарының орындалуы қамтамасыз етілуі керек.
144. Атмосфералық ауаның, топырақтың және су қоймаларының ластануын кеміту үшін автокөлікке жанармай құю станциясы аумағында:
1) резервуарлар мен технологиялық құрал-жабдықтарды толық техникалық іске жарамдылығын сақтап, тығыз жабылуын қамтамасыз ету;
2) резервуарлардың ауа кіргізу қақпақтарын артық қысым мен вакуумның талап етілетін мөлшеріне ыңғайлап реттеп, олардың іске жарамдылығын қадағалау;
3) бензин құйылған резервуарларды аса жоғары қысымды ауа кіргізу қақпақтарын қолдана отырып, газ бекіткіштерімен жабдықтау;
4) автоцистерналардағы мұнай өнімдерін жылдам ажыратылатын тығыз ағызу муфталарын қолданып қана ағызу;
5) «үлкен» ағыспен резервуардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасының қайта шығуын қамтамасыз ету;
6) газ қайтару жүйелерін қолданып, автокөлік бактарынан бу-ауа қоспасының қайта шығарылуын қамтамасыз ету;
7) жергілікті тазартуды қолданып, жерүсті-жауын-шашын ағыстарын жинауды ұйымдастыру;
8) ластану аймағын ескере отырып және ластағыш заттарды жинақтау әсерін қолданып, автокөлікке жанармай құю станциясы төңірегіне жасыл аймақтар жасау керек.
145. Ауаның газдалу мөлшерін анықтау, мұнай өнімдерінің апатты төгілулері мен жайылып таралуын жою іс-шаралары, соның ішінде ластанған топырақты жинау мен шығару экологиялық қауіпсіздік бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес іске асырылуы керек.
146. Автокөлікке жанармай құю станциясы аумағынан құрамында мұнай бар қалдықтар, ластанған өндірістік-жауын-шашын ақаба сулары мен қоқысты шығару жиналуына сай жүйелі болуы және жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісілуі керек.
147. Автокөлікке жанармай құю станциясына арналған санитарлық-қорғаныс аймағының (СҚА) көлемі атмосфераға зиянды заттардың таралуын есептеумен расталып келуі керек.
148. Автокөлікке жанармай құю станциясы жұмыс аймағының ауасындағы және санитарлық-қорғаныс аймағының шегіндегі (тұрғын аймақтары үшін) зиянды заттардың мөлшері шекті рұқсатты мөлшерден (ШРМ) аспауы керек.
149. Жобаның технологиялық бөлігін әзірлеу барысында апат жағдайында және жөндеу кезінде технологиялық ғимараттардағы және құбырлардағы мұнай мен мұнай өнімдерін жинау, сондай-ақ, барлық ықтимал жоғалту нүктелеріндегі мұнай өнімдерін жинау қарастырылуы керек.
150. Апат кезінде мұнай өнімдерін кәрізге төгуге болмайды.
151. Автокөлікке жанармай құю станциясында орнатылған барлық жабдықтар технологиялық операцияларды механикаландырылған тәсілмен орындау шарттарына сәйкес келеді, автокөлікке жанармай құю станциясы аумағының ластануын болдырмайды.
152. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бақылау және автоматтандыру жүйесіне қойылатын негізгі талаптар:
1) қабылдағыш электр жетекші ысырмаларды автоматты түрде жабу немесе өнім сорғыларын тоқтату жолымен мұнайдың (мұнай өнімдерінің) резервуарға құю кезінде төгілуінің алдын-алу;
2) бергіш магистралдық құбыр тарапынан қабылдау орнында қысым көтерілген кезде нысанның технологиялық құбырларын жарылудан қорғау;
3) стационарлық газ анализаторлары көмегімен мұнай және мұнай өнімдері машина залдары үй-жайларының газдалу мөлшерін бақылау;
4) атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды кезең сайын бақылау;
5) стационарлық анализаторлар көмегімен (тиісті құралдар болған жағдайда) тазартылған ақаба судағы мұнай (мұнай өнімдері) мөлшерін бақылау немесе зертханалық жағдайда кезең сайын бақылау.
153. Автокөлікке жанармай құю станциясының бас жоспарын әзірлеген кезде вертикаль жоспарлау су ағызу жүйесінің болуын қамтамасыз етуі керек.
154. Жерасты суы мен маңындағы жерлердің ластануын болдырмау үшін жерде орналасқан тазарту немесе қорғағыш құрылыстарды (шлам жинауыштар, су тұндырғыш тоғандар, қоймалар және тағы сондай сипаттағы) сүзбейтін етіп көзделеді.
155. Табиғатты қорғау іс-шаралары кешені мен табиғи ортаға келтірілген зиян үшін төленетін толық өтемақы мөлшері қоршаған ортаға әсерді бағалау өткізілген соң анықталады.
156. Автокөлікке жанармай құю станциясы жобаларында жұмыс аймақтарының және аумақтың жерге жақын бөлігінің газдалу мөлшерін стационарлық (өнеркәсіпте шығарылуына қарай) және тасымалы газ анализаторлары көмегімен тұрақты түрде бақылап отыру жүйелерін жасау қарастырылуы керек. Автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалану кезінде Экологиялық кодекс талаптарына сай қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізу керек.
12-тарау. Электр-химиялық қорғанысқа қойылатын талаптар
157. Автокөлікке жанармай құю станциясы жобаланатын жерастылық болат ғимараттары топырақ бұзылуынан қорғайтын жабындармен және электр-химиялық қорғаныс құралдарымен кешенді қорғалуы керек.
158. Автокөлікке жанармай құю станциясы жобаланатын алаңындағы коммуникациялардың электр-химиялық қорғанысын оған жанасқан алаң және желілік ғимараттардың электр-химиялық қорғанысының есебімен орындау керек. Бұл жерде оның қорғанысы автокөлікке жанармай құю станциясының басқа ғимараттарына зиынды әсерін тигізбеуі керек.
13-тарау. Автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалануға беруге қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
159. Автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалану қолданыстағы заңнамаға және Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
2-параграф. Машиналарға қызмет көрсету мен автокөлікке жанармай құю станциясы жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
160. Автокөлікке жанармай құю станциясын пайдалануға беру кезінде топырақ, ашық су қоймаларындағы су, атмосфералық ауа ластануының алдын-алу шаралары қабылдануы керек.
161. Отын құю кезінде резервуарлардағы отын деңгейін бақылауды қамтамасыз ететін жабдықтар дұрыс күйде болуы және кезең сайын бақылануы керек.
162. Барлық автокөлікке жанармай құю станцияларын жиынтықталған медициналық дәрі қобдишаларымен және жұмыскерлерді жеке қорғайтын жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
14-тарау Жазатайым оқиғалар қауіпсіздігі және қолданудағы қолжетімділікке қойылатын талаптар
163. Автокөлікке жанармай құю станциясын жобалаған кезде жергілікті жағдайлар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарының есебімен физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен халықтың басқа да қозғалысы шектеулі топтары үшін аумақтың қолжетімді болуына қатысты нақты іс-шаралар орындалуы керек.
164. Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына жататын көлік жүргізушілер мен жолаушыларға автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін:
1) суланған кезде тайғақ болмайтын жабындар;
2) халықтың қозғалысы кем топтарының автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясының аумағында кедергісіз және қолайлы жүріп-тұру жағдайы қарастырылуы керек.
165. Автокөлікке жанармай құю станциясының аумағына кіру жолдарында физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімді объекті туралы ақпараттың элементтерімен жабдықталады.
166. Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімді ақпарат жүйесінде ақпараттың үздіксіздігі, уақтылы бағытталуы және объектілер мен баратын жерлерді бірден танулары қамтамасыз етілуі керек. Ақпарат құралдары жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ассортименті, эвакуациялау жолдарының орналасуы туралы ақпарат беріліп, сонымен қатар экстремалды жағдайларда қауіп төнуі туралы ескерту жасалуы, тағы сондай сипаттағы ақпараттар берілуі керек.
167. Көзбен көретін ақпарат бірден көрінетіндей болып басқа түспен айқындалуы, алыстан көре алатындай көлемде болуы және интерьердің көркемдік шешіміне сай келуі керек.
ӘОЖ 658.562 МСЖ 91.020
Негізгі сөздер: автожанармай станциясы, бас жоспар, ғимараттар мен имараттардың ара қашықтығы, вертикаль жоспарлау, инженерлік желілер, санитарлық-қорғау аймағы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының 2019 жылғы _______
№ ___ бұйрығына 4-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АВТОБЕКЕТТЕРДІ ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ АВТОСТАНЦИЙ
ҚР ҚН 3.03-08-2019
СН РК 3.03-08-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2 ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
6 УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |