8-тарау. Оң температуралы тау жыныстарында тау әдісімен салынатын жерасты қоймаларына талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
39. Ашу схемасын таңдағанда ашқыш үңгімелер саны минималды болуы қажет.
40. Ұңғымалық ашқанда ұңғыма сағалары қоймаларда сақталатын өнімдердің максималды деңгейінен жоғары орналасуы қажет.
41. Жерасты үңгімелерінің топырағының көлбей еңісі осы ұңғыманы таситын транспорт түріне байланысты қарастырылуы қажет.
42. Жекелеген үңгіме-сыйымдылықтар арасындағы кентіректер ені беріктігін есептеу арқылы қабылданады, бірақ үңгіме-сыйымдылықтардың үш еселенген енінен кем емес.
43. Біріккен үңгіме-сыйымдылықтардың сбойкалары арасындағы арақашықтықтар өту технологиясына байланысты алынуы керек, бірақ үңгіме-сыйымдылықтардың екі еселік енінен кем болмауы қажет.
44. Кейбір үңгіме-сыйымдылықтарда өткіш жабдықтарды жабу тереңдігі мүмкіндігінше минималды болуы қажет (жабдықтардың өлшеміне байланысты), ал қуыс арасы мен жақын үңгіме-сыйымдылық арасындағы жыныстардың кентіректері кентіректің есептік енінен аз болмауы керек.
45. Жерасты қойманың алу зумпфтары үңгіме-сыйымдылықтардың профилінің ең төменгі нүктелерінде орналасуы керек.
Зумпфтар саны оқшауланған үңгіме-сыйымдылықтар санына сәйкес болуы керек.
46. Үңгіме-сыйымдылықтарды өтуге арналған арнайы құрылыс үңгімелері (кіретін жерлер, сбойкалар, арнаулы камералар, ұңғылар және тағы басқалар) егер олар қойманы пайдалану шарттарын қиындатса (желдету шарттары, қауіпсіздігі және тағы басқа) ашық қалдырылады не бөгеттермен оқшауланады.
47. Арнайы құрылыс үңгімелері саны минималды болуы қажет.
48. Жерасты қоймалардың ашу үңгімелерінің көлденең қима ауданы мына шарттарға байланысты минималды болуы керек:
1) тұрақты пайдаланылатын жабдықтарды орналастыру;
2) тау өткіш жабдықтарды орналастыру;
3) берілген қозғалыс жылдамдығында қажетті мөлшерде ауаны өткізу;
4) аз өлшемді қондырғылар мен жабдықтарды түсіру.
49. Өнімдерді толық не жартылай сақтауға қолданылатын ашық үңгімелердегі бөгет сақтаудағы өнім мен су үшін өткізбейтін болуы керек.
50. Су өткізбейтін бөгеттермен бекітілген ашық үңгімелерде келесі шарттарға сай су келуді тоқтату шараларын қарастыру қажет:
1) ашық үңгімелерге келетін қалдық су ағыны оның сағат сайын әр км анықталған көлемінен артпауы қажет;
2) ашық үңгімелердің барлық түрлерінде судың еркін тамшылауына жол берілмеуі қажет.
51. Жалғыз су жинағыш ретінде зумпфтарды қолданғанда олардың көлемдерін екі сағат бойы судың келуіне есептеу керек.
52. Кернеулі суы бар жарықшақты массивте жерасты қойманы салған кезде тірегіш бөрене жыныстардың ең жоғары беріктігі бар учаскелеріне қондырылуы керек.
53. Қоймаларды қолданыстан шыққан табиғи тау үңгімелеріне салған кезде, олардың орналасу тереңдігі нормаланған параметрлерге сәйкес болуы қажет.
54. Үңгіме-сыйымдылықтардың көлденең қима өлшемдері үңгімелердің биіктігі мен енінің қатынасы ең көп мүмкіндігінде берілген тау-геологиялық шарттары үшін максималды алынуы қажет.
Үңгіме-сыйымдылықтардыңформасы менөлшемдеріоны пайдаланудың барлық уақытында жоғары орналасқан тау жыныстарының қозғалып кету мүмкіндігін болдырмауы керек.
55. Ұзақ уақытта әсер ететін жүктемелер құрамында қоймадағы мұнай, мұнай өнімдерінің және сұйытылған газдардың ішкі қысымын ескеру қажет.
56. Шығарушы зумпфтар монолитті бетонмен бекітіліп, дәнекерленген металл ұстағыштармен жабылуы керек.
57. Сұйытылған газдардың жерасты қоймаларында батырылған сорғыларды қолданғанда шығарушы зумпфтар көлемі батырылған сорғыларды алған кезде технологиялық ұңғыларды толтыруға қажетті судың екі еселенген көлемінен аз болмауы керек.
58. Коллекторлық үңгімелердің көлденең қима ауданы желдетуге қажеті ауа мөлшерін берілген ауа қозғалысы жылдамдығында өткізе алатындығы тексерілуі қажет.
59. Коллекторлық және жақынды үңгімелерін бекіту қажеттілігі үңгіме-сыйымдылықтарға ұқсас шешілуі керек және саңылаусыз бөгеттерді қондыруды ескеру қажет.
60. Өнімдерге арналған құбырлар жүргізілетін коллекторлық және подходтық үңгімелерінде В 7,5 класстан төмен емес монолитті бетоннан түзеуші едендерді жасау қарастырылуы қажет.
61. Адамдарды апатты көтеруге технологиялық, желдету не арнайы ұңғыларды қолданғанда олардың диаметрі құтқаруға арналған баспалдақтың (немесе басқа осындай қондырғының) өлшемдерін ескеріп, анықталынуы керек.
62. Эксплуатациялық құбырлар ретінде ұңғылардың діңгек құбырларын пайдалануға тыйым салынады.
63. Жерасты қоймалардың тік діңгектері саңылаусыз бөгеттердің сорғылардың қандай тереңдікте орналасуына байланыссыз қондырылуы кезінде олар баспалдақты бөліктермен және жүк бөлігімен, немесе механикалық жүк-адамдар көтергішімен жабдықталуы керек.
64. Ұңғыдағы жүк көтеру бөлігі горизонталды үңгімемен не ұңғыдағы камерамен түйісу деңгейінде (егер ол ұңғыға тікелей жабыса орналасса) жер бетімен дыбыстық-жарықты дабыл қаққышы бар қабылдау алаңқайымен жабдықталады.
65. Қоймаларды пайдалану мерзімінде механикалық жүк-адамдар көтергіші ретінде лифттік көтергішті қолдану керек. Лифттік көтергішті қондыру мен пайдалануға іске қосу сәйкес мемлекеттік органдармен келісілуі керек.
66. Лифттік көтергіштің жүк көтергіштігі тасымалданатын қондырғы не оның бөліктерінің ең ауырымен анықталынуы қажет. Лифттік көтергішті басқару жер бетінен не лифт кабинасынан орындалуы керек.
67. Жарықшақты кернеулі суы бар тау жыныстарында салынатын жерасты қоймаларында суды шығару үшін су төккіш қарастырылуы қажет.
Сорғы станцияларын құру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай орындалып, олардың жұмысы автоматтандырылуы керек.
68. Үңгіме-сыйымдылықтарды оқшаулау саңылаусыз бөгеттермен орындалуы керек, олар өніммен толтырылған қойманы басқа қоймалардан және сыртқы ортадан оқшаулайды.
69. Саңылаусыз бөгеттер:
1) сақталатын өнімнің қысымына төзе алуы керек;
2) сақталатын өнім үшін өткізбейтін болуы керек;
3) қажетті технологиялық құбырлар мен коммуникацияларды өткізуді қамтамасыз етуі керек;
4) зиянды әсері бар орталарға төзімді, сақталатын өніммен әсерге түспейтін және оның сапасын бұзбайтын материалдардан салынуы керек;
5) үңгіме айналасындағы өтімділігі жоғары тау жыныстары аумағын жауып тұруы керек (бұл аумақ ауданының шамасы эксперименталды әдіспен құрылыс кезінде анықталуы қажет).
70. Саңлаусыз бөгеттердің есептемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес шектік жағдайлар әдісімен орындалуы қажет.
71. Беріктігін есептеу сақталатын өнімнің қоймадағы мүмкін максималды температурасында анықталатын қысымына және сорғылар станциясындағы немесе қойма кіре берісіндегі будың апатттық жарылыс кезіндегі соққы толқын күшіне сай орындалуы қажет.
Саңлаусыз бөгеттердің қабырғалары біркелкі таралған күштерден болатын тақташаның иілуі жағдайында есептелуі қажет және қосымша қиылуын есептеумен тексерілуі қажет.
2-параграф. Оң температурасы бар жыныстардағы шахталы қоймалар
72. Топырақ сулары деңгейінен төмен орналасқан шахталы қоймаларды жобалаған кезде жыныс массивтерінің суға толу дәрежесі және топырақ сулары деңгейінің орналасуы келесі шарттарға сай болуы қажет: суды үздіксіз шығарып отыру кезінде қойма бетіндегі су қысымы қоймадағы өнім қысымынан артық болуының орындалуы.
73. Қолданыстан шыққан тау үңгімелерінде қоймаларды жасағанда өтілген табиғи тау жыныстары және олардың жату тереңдігі нормаланған параметрлерге сәйкес болуы қажет.
9-тарау. Тас тұздарындағы жерасты қоймаларына талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
74. Жерасты қоймалары орналасқан тереңдік аралығында тасты тұз құрамында калий, магний және басқа тез еритін тұздар, сонымен қатар битумоидтар, күкірт пен газ болмауы қажет.
75. Жерасты сулары тұз қабаттарына өтуін болдырмайтын су бөгеттері жоқ кезде қойма төбесінде есептеумен негізделген қалыңдығы бар тасты тұз кентіректер қалдырылуы қажет.
76. Технологиялық ұңғыма конструкциясы мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
1) жерасты қойманың саңлаусыздығы;
2) ашылған жерасты сулары горизонттарын сенімді бөлектеу мен изоляциялау;
3) жобадағы берілген параметрлер бойынша жерасты қоймасын салу және пайдалану.
77. Ұңғы осьінің вертикалдан ауытқуы орташа ауытқулар конусы аймағынан шықпауы қажет.
78. Ұңғы өту колоннасының конструкциясы берілген тау-геологиялық шарттарға сәйкес алынуы қажет және кондуктор мен негізгі ұңғы өту колоннасынан тұруы қажет. Барлық ұңғы өту колоннасының құбыр айналасы ұңғының бар тереңдігінде цементтелуі қажет.
79. Ұңғы өту колоннасы ереже бойынша тасты тұз қабатына тереңдетілуі қажет. Қойма төбесі мен негізгі ұңғы өту колоннасы арасында ұзындығы берілген нормаға сай қатырылмаған ұңғы бөлігі қалуы қажет.
80. Ерітінді құбырлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалануы қажет.
81. Ерітіндіні тереңде орналасқан суы бар горизонттарға төгуге арналған қысым ұңғысының конструкциясы мына шарттарға сай болуы қажет:
1) сіңіргіш суы бар горизонтты жер үсті және шаруашылыққа пайдаланатын жер асты сулардан сенімді оқшаулау;
2) сіңіргіш суы бар горизонтты оңтайлы ашу;
3) қысым ұңғысының төккіштігін қалпына келтіруге арналған жұмыстарды орындау мүмкіндігін қарастыру;
4) ұңғының шетіндегі қысымды және ұңғыға құйылатын ерітіндінің шығынын өлшеу мүмкіндігін қарастыру.
82. Жерасты қоймасын салып біткеннен кейін ерітіндіні шығаруға арналған ғимараттар кешені тапсырыш берушіге не қызығушылық танытқан мекемеге тапсырылуы қажет. Бұл ғимараттарды ары қарай пайдалану мүмкіндігі болмаса оларды жою керек және бұзылған жерлерді тазалау қажет.
2-параграф. Тасты тұздағы шахтасыз қоймалар
83. Шахтасыз қоймаларды барлық морфологиялық түрдегі тасты тұз жыныстарында салуға болады.
84. Жоспарда тұз жыныстарының таралу аумағы кентіректерді үңгімелер, сонымен қатар үңгімелер мен тұз жыныстары беттерінің қабырғалары аралығында қалдыра отырып қоймалардың қажетті санын орналастыруға мүмкіндік беруі қажет,
85. Топырақ (тереңдігі бойынша) пен қойма төбесі аралығында жатқан тұз жыныстары суда және хлоридты-натрий ерітінділерінде тез еритін калий-магний мен басқа тұздарды өз құрамында болдырмауы қажет, сонымен қатар қажетті форма мен көлемдегі жерасты қоймаларын салуға кедергі келтіретін ерімейтін жыныстарда болмауы қажет.
10-тарау. Сұйытылған газдың жерасты қоймаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
86. Сұйытылған газдардың жерасты қоймалары тасты тұздар жыныстарының қабаттарында, өткізгіштігі жоқ не барынша өткізгіштігі жоқ гипс, ангидрит, гранит, топырақ және тағы да басқа тау жыныстарында, қолданыстан шыққан шахталарда, карьерлерде немесе басқа да тау жыныстарында, арнайы әдістермен жасалған тығыз тау жыныстарында (ядролық жарылыспен және тағы басқа), сонымен қатар саз бен газ конденсаттары шығарылған қазба үңгімелерінде салынуы қажет.
Сақталатын сұйытылған газды ерітінді, газ түріндегі агенттермен және басқа өнімдермен шығарып алады.
87. Жобалау кезінде СГ жерасты қоймаларының параметрлері келесі талаптарға сай болуы керек:
1) шектік максималды қысымға сай болуы;
2) алудың соңғы кезеңінде қажетті қысымның болуы;
3) активті және буферлік газдардың қажетті көлемінің болуы;
4) қысымдаушы-эксплуатациялық ұңғылардың қажетті санының болуы;
5) өнімдік және қосушы құбырлардың қалыңдығы мен диаметрлерінің сәйкес болуы;
6) компрессорлық станция үшін компрессорлық агрегаттың түрі мен жалпы қуатының сәйкес болуы;
7) газды қатты қоспалардан оны құйған кезде тазартатын және алған кезде кептіретін жерасты қоймасының қондырғыларының түрі мен өлшемдерінің сәйкес болуы;
8) қосымша керекті қаржы көлемі, газды сақтау құны, жұмсалған шығынның орнына толу уақыты.
2-параграф. Сулы құрылымдардағы сұйытылған газдың жерасты қоймалары
88. Сұйытылған газдың жерасты қоймаларын жобалағанда сулы коллекторлардың үңгімелерінде қойма төбесі, ұңғы діңгегінің айналасындағы цемент тастарындағы каналдар, тау жыныстарының тектоникалық бұзылыстары және газдың басқа да шығу жолдары арқылы газ шығынын ескеру қажет. Сондықтан барлау кезінде және газды тәжірибелік толтырғанда:
1) қойма төбесінің саңлаусыз екенін дәлеледеу керек;
2) су қаныққан коллектордың өткізгіш коэффициентін есептеу керек;
3) газдың суды ығыстырған кезіндегі қалған суқанығулығын анықтау керек;
4) газды қайта алған кезде сулы зонаның газбен қанығуын өлшеу не есептеу керек;
5) қолданылатын ұңғылардың өнімділік сипаттамаларын анықтау керек;
6) газға қаныққан коллектордың беріктілігін зерттеу керек;
7) ұңғылардың орнату зонасын бекітілуінің шараларын жасау керек.
89. Жерасты қоймаларының қалыңдығы нормаланған шамадан аз болмауы қажет.
90. Жерасты қоймаларының қабығы, жабуы және олардың қиылысқан жерлері қойманың саңлаусыздығын қамтамамссыз етуі қажет.
91. Қойманың жабуы сыртқы түсетін күштерге, СКГ жұмыс қысымына және қоймадағы қысымның азаюына есептелген болуы қажет.
92. СКГ жерасты қоймалары бақылаушы-өлшегіш аспаптармен және қорғаушы арматурамен, сұйық деңгейін көрсеткіштермен жабдықталуы қажет. Ашық түрдегі деңгей өлшегіші бар сұйық деңгейін көрсеткіштер екі МПа кем емес қысымға лайық болуы керек, жылдам клапандармен, жабушы крандармен жабдықталынып, металл қаптамамен қорғалуы қажет.
11-тарау. Қоймалардың жерүсті кешендеріне талаптар
93. Технологиялық құбырларда орнатылатын тиекті арматура өнімді ағып кету кезінде немесе құбырларда қысымның азайғанында технологиялық кешеннің кейбір бөліктерін тоқтататын автоматиканы қарастыру қажет.
94. СКГ және тез тұтанатын сұйықтар үшін құбырларда орнатылатын тиекті және басқарушы арматура болаттан не саңылаусыз тиектің бірінші класына сай болуы қажет.
95. Ерітінді қоймасының территориясы қоршалуы қажет.
96. СКГ төменгі температуралы қоймасының төбе жабуын салқындатуға су беру жеке шашыратқыш жүйе арқылы орындалуы қажет.
12-тарау. Алмастыру технологияларына талаптар
1-параграф. Өнімді ерітіндімен, газбен немесе сумен алмастыру әдісімен пайдалану үшін арналған жерасты қоймалары
97. Өнімді ерітіндімен, газбен немесе сумен алмастыру әдісімен пайдаланылатын жерасты қоймалардың ұңғы бастары мынаны қамтамасыз етуі керек:
1) құрылысын салғанда- ұңғыға суды және ерітпегішті жекелей құю арқылы ерітіндіні шығару, сұйықтарды құюдың әртүрлі режиміне ауыстыру, ұңғыға геофизикалық аспаптарды түсіру, ерітінді мен ерімейтін сұйықтардың жолдарында қысым мен температураны өлшеу, судың, ерітінді мен ерімейтін сұйықтардың пробасын алу;
2) пайдаланған кезде - өнімді қоймаға толтырумен қатар ерітінді (газды) шығару және керісінше, ұңғыға геофизикалық аспаптарды түсіру, өнімнің жерүсті ерітінді құбырларына баруын болдырмау, СКГ өнімдер мен ерітінділер бөлігі арқылы шыраққа апаттық төгу, барлық коммуникациялардағы қысым мен температураны өлшеу, судың, ерітінді мен ерімейтін сұйықтардың пробасын алу.
98. Технологиялық ұңғылар басы Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары талаптарына сай болуы қажет.
2-параграф. Өнімді сақтауды алмастырмай пайдалану үшін арналған жерасты қоймалары
99. Өнімді сақтауды алмастырмай пайдалану үшін арналған жерасты қоймалардың технологиялық жабдықтары қамтамасыз етуі қажет:
1) өнімдерді құю мен алу, суды шығару, өнім мен судың деңгейін (минималды және максималды шектік деңгейлердің дабыл қаққыштары), өнімдердің сұйық және газ фазаларының қысымы мен температурасын өлшеу;
2) «демалу» және апаттық қысымда СКГ шыраққа жіберу.
100. Жер үсті ашық ерітінді қоймалардың жедел ерітінділер көлемі және құрамын тұрақтандыратын қондырғылары ылғал буланудан артық болғанда ерітіндіні азайтуы немесе булану ылғалданудан артқан кезде тұщы су құюды қамтамассыз етуі керек.
101. Жерасты қоймаларының технологиялық процестерінің автоматтық пен телемеханикалық жүйелері қабылданатын және жіберілетін өнімді автоматты есептеуі, температурасын жазуды, булыгаз кеңістігіндегі қысымды, жерасты қоймасындағы өнім деңгейін есептеп отыруы қажет
13-тарау. Эксплуатациялық талаптар
102. Жерасты және жерүсті ғимараттары, негізгі және қосалқы жабдықтары, алаң ішіндегі инженерлік жүйелері мен коммуникациялары өнімдерді қабылдау, сақтау және беру технологиялық операцияларын сенімді және қауіпсіз орындауын қамтамасыз етуі керек.
103. Қоймалардың құрамына кіретін жерасты резервуарлары саңылаусыз, ал олардың үңгіме-сыйымдылықтары – пайдаланудың бар кезеңіне тұрақты болулары керек.
104. Жерасты резервуарлардағы сатылатын мұнай өнімдерінің сақтау мерзімі жерасты резервуардың түрімен және өнімнің жанармайлық қасиеттерінің сақталынып қалуымен анықталады.
105. Жерасты қоймаларын пайдаланудың технологиялық процестерін бақылау мен басқару ортақтанылған жүйелермен жабдықталған болуы керек.
106. Жерасты резервуарлардың барлық түрінің бақылау жүйесі келесі эксплуатациялық параметрлерді өлшеуді қарастыруы қажет:
1) қабылданған және алынған өнім мөлшерін;
2) өніммен толтыру мен оны алу жолындағы қысым мен температураны;
3) өнім сапасын;
Шахтасыз резервуарларда қосымша келесі параметрлерді бақылау жүргізілуі қажет:
4) ұңғы басындағы өнімнің қысымы мен температурасын;
5) ерітіндімен толтыру мен оны алу жолындағы қысым мен температураны, шығынын, тығыздығын, химиялық құрамын;
6) қоймадағы фазалар шекарасының деңгейін;
7) қойманың формасы мен өлшемдерін;
Шахталы резервуарларда қосымша келесі параметрлердің бақылауы жүргізілуі керек:
8) қоймадағы өнімнің қысымы мен температурасы;
9) өнімнің деңгейі;
10) «өнім – су» бөлу шекарасының деңгейі мен саңлаусыз бөгеттердің қысымы (оң температуралы тау жыныстарында).
107. Қолдану процесінде газ алған кезде шахтасыз резервуардың конструктивтік шешімдері ұңғымен газдың жеткілікті жылдамдықпен көтерілуін және қоймадағы қысымның берілген қарқынмен түсуін қамтамасыз етуі қажет.
108. Шахтасыз газ резервуарының сыйымдылығы оның технологиялық параметрлері мен тау-геологиялық орналасу шарттарына қарай активті және буферлік газ көлемдерін сақтау есебінен алынуы қажет.
109. Сақтаудағы өнімді аз қоспалы ерітіндімен немесе сумен итеріп шығарғанда тұздың еруінен тау үңгімесінің сыйымдылығы мен конфинурациясының өзгеретінін ескеру қажет. Итеріп шығарғанда циклдерінің саны резервуардың шектік өлшемдері мен ерітінді қоспасына тәуелді анықталынуы қажет.
110. Тасты тұздағы шахталы резервуардың сыйымдылығы өнімнің активті және буферлі көлемдерін ескере отырып анықталуы қажет.
14-тарау. Жобалау мен құрылысын салуға талаптар
1-параграф. Негізгі талаптар
111. Жерасты қоймалар жобалауға берілген тапсырыс бойынша орындалады.
Жерасты қоймалар құрылысы жобалық құжаттар мен жұмыс жүргізудің жобасы негізінде орындалады.
112. Жобалау тапсырысы мына мәліметтерді беруі қажет:
1) қойма орналасатын жер;
2) сақталатын өнімдердің тізімі мен физико-химиялық қасиеттері;
3) сақталатын өнімдердің құрамындағы улы және зиянды заттардың мөлшері;
4) әрбір сақталатын өнім үшін қажетті қойма көлемі;
5) сақталатын өнімді толтыру мен алудың өнімділігі;
6) жерасты қоймаларды жобалау мен салудың мерзімдері;
7) қоймада сақталатын өнімдерді тасу амалдары.
113. Көлемдік-жоспарлау схемасын таңдаған кезде сыйдыратын тау жынысын өте тиімді пайдалануы қамтамасыз етілуі қажет (қуатын максималды және минималды – ауданын пайдалану), ал шахталы қоймалар үшін сонымен қатар минималды мүмкін көлемі мен ашудың, қосалқы, арнайы үңгімелер саны мен әртүрлі бірнеше өнім сақтағанда үңгімелердің бір бірінен оқшаулануын қамтамассыз ету қажет.
114. Тасты тұз үшін деформацияның күш пен уақытқа сызықты емес тәуелділігінде реологиялық қасиеттерінің болатынын ескеру қажет.
115. Шахталы қоймаларды салған кезде геолого-маркшейдерлік жұмыстар, геологиялық, гидрогеологиялық және геокриологиялық бақылауларды орындау қажет, ал герметикалық бөгет салғанда үңгіме шектеріндегі өтімділік қуатын анықтау қажет.
2-параграф. Тұзды тастағы шахтасыз қоймалар
116. Қолданылатын ұңғыма конструкциясы мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
1) жобалық өнімділікпен суды, ерітіндіні, сұйық және газ түріндегі еріткішті, сақталатын өнімдерді толтыру мен алып шығуды;
2) ерітінді, еріткіш емес және сақталатын өнімдердің пробасын алуды;
3) ұңғымаға гидрат түзеуші мен коррозия ингибиторларын енгізуді;
4) ұңғымада апаттық жағдай болған кезде ілінбелі колонналардың қимасын жабу мүмкіндігін;
5) ұңғыманың есептелген қызмет ету мерзімін;
6) ашылған сулы горизонттардың оқшаулануы мен сенімді айыруын;
7) негізгі тірек колоннасын коррозиялық және термоқысымдық әсерлерден қорғалуын;
8) ілінбелі колонналардың түсіруін, көтерілуін және ауыстырылуын, тағы ұңғыма қондырғысын алып шығуды;
9) ұңғымада геофизикалық, диагностикалық жұмыстар мен профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуді.
117. Қолданылатын ұңғыманың негізгі тірек колоннасының табаны тасты тұзда орналасуы қажет немесе арнайы орындалған негіздеме болса тұрақты тау жынысында орналасуы қажет.
118. Қолданылатын ұңғыманың герметикалығын кезеңді сынаған кезде мына тәртіппен орындалуы қажет: құбырлар, негізгі тірек колоннасы, құбыр айналасындағы кеңістік, тіреудің бекітілмеген бөлігі мен сыртқы ілінбелі колонна.
119. Сақталатын өнімді басқа ортамен ығыстыру қаралмаған жерасты қойманың қондырғысы “ұңғы - үңгіме” жүйесіндегі қысымды реттеп отыруды қамтамасыз етуі қажет.
120. Үңгіменің көлденең қимасының өлшемі берілген тау-геологиялық шарттар үшін максималды алынуы қажет.
121. Жанаса орналасқан үңгіме қоймада сбойка арасындағы арақашықтық өту технологиясына сай алынуы қажет, бірақ үңгіме арасындағы кентірек енінің екі еселігінен кем болмауы қажет.
122. Шахталы қоймаларды қолдану кезінде үңгіме мен пайдаланылатын ұңғымалар өнімді, суды, өнімдерден бөлінетін бу фазасын қоймаға толтыру, шығарып алу үшін құбырлармен жабдықталуы қажет.
123. Қолданылатын, ауа желдететін немесе арнайы ұңғымалар пайдаланған кезде апаттық жағдайда адамдарды көтеріп шығару үшін олардың диаметрі арнайы көтеретін баспалдақтың өлшемдеріне сәйкес болуы қажет, бірақ жарықта 0,6 м аз болмауы қажет.
124. Өнімді алу жеріне қарай қоймада еңіс болуы қажет, ал жабуында демалу ұңғыма жағына қарай еңіс болуы қажет.
125. Жерасты қойманың ішкі бетінде қажетті қалыңдықтағы мұзды қабаты болуы қажет.
126. Эксплуатациялық шурфтар мен ұңғымалар бар тереңдікте бекітілуі қажет, ал бекітілген көлемі герметикалануы қажет.
127. Жерасты сорғы станциясын жасауға рұқсат етіледі, егер двигатель жұмыс істеген кезде тау жынысы ерімейтін болса.
128. Жаңбыр сулары мен еру сулары кірмеу үшін ұңғымалардың, стволдардың, шурфтардың өздері жер бетінен бір метрден кем емес шығып тұрулары қажет.
15-тарау. Жерасты қоймаларын салу сапасын бақылау мен қабылдау
129. Жерасты қоймалардың салыну сапасын бақылау, оның түрі мен көлемі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай анықталып, орындалады.
130. Жерасты қоймалардың жерүсті ғимараттарының сапасын, сынауы мен қабылдануын бақылау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындалып, жүргізіледі.
131. Құрылыс кезінде әрбір жерасты қоймасына паспорт жасалуы қажет, ол жерасты және жерүсті ғимараттары мен нысандарды салуы бойынша орындалатын техникалық құжаттармен бірге осы қойманы пайдаланушы мекемеге табыс етілуі қажет.
132. Жерасты қойманы пайдалануға бергенде қосу жүйесінің кешенінде байланыс пен эксплуатациялық параметрлерді бақылайтын жүйе болуы қажет, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға негізделген барлық іс шаралар орындалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |