Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства. Мазмұны
1-тарау.
|
Қолдану саласы
|
|
2-тарау.
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3-тарау.
|
Терминдер мен анықтамалар
|
|
4-тарау.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
|
|
1-параграф.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
|
|
2-параграф.
|
Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
|
|
5-тарау .
|
Автобекеттерді жобалау барысында жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Негізгі ережелер
|
|
2-параграф.
|
Сенімділік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша талаптар
|
|
3-параграф.
|
Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
|
|
4-параграф.
|
Автобекеттерді пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
|
|
5-параграф.
|
Инженерлік желілер мен жүйелер
|
|
6-параграф
|
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар
|
|
7-параграф
|
Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
|
|
6-тарау.
|
Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
|
|
1-параграф.
|
Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
|
|
2-параграф.
|
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АВТОБЕКЕТТЕРДІ ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ АВТОСТАНЦИЙ
|
-
Қолданысқа
енгізілген күні
|
2019-ХХ-ХХ
|
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары автобекет ғимараттарын жобалаған кезде оны орналастыру мен аумағына, көлемдік-жоспарлық шешіміне, инженерлік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы құрылыс нормалары жаңа автобекет ғимараттарын жобалау мен салуға және қолданыстағы автобекет ғимараттарын, сондай-ақ, қызмет көрсету мен адамдарды тасымалдау пункттерін реконструкциялауға таратылады.
3. Осы құрылыс құжатының талаптары халықаралық және қала маңындағы автобус желілері мен басқа да мақсаттағы вокзалдардың аралық аялдамаларын жобалауға таратылмайды.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
«Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру
және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №14858) (бұдан әрі – «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР);
«Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10728) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалары).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автомобиль көлігі – негізгі қызмет саласы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушыларды, багаждар мен жүктерді және поштаны тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
2) аялдама пункті – жолаушыларды отырғызып, түсіру үшін автокөліктің тоқтауына арналған жол шетіндегі алқапта жайластырылған аймақ;
3) вокзал жанындағы алаң – автовокзалға жанаса орналастырылған, автовокзалдың қызметіне байланысты қалалық көліктің аялдама пункттері мен жеңіл автокөліктердің тұрақтары орналастырылған, қаланың бас жоспарына қосылған, қала алаңы немесе алаңның бір бөлігі;
4) инженерлік тораптар – жылумен, газбен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру процесінде тікелей қолданылатын құрылыстар мен коммуникациялар жиынтығы;
5) күту залы – вокзалдағы жолаушылардың ұзақ уақыт болуына арналған орын;
6) қалқа – жолаушыларды атмосфералық жауын-шашын мен күн сәулесінен және радиациядан қорғауға арналған тіреуіштерде (бағаналарда) шатыр түрінде орнатылған, көшелік жылытылмаған конструкция;
7) қызмет көрсету орны – ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың және аймақтардың келушілерге қызмет көрсету үшін ұйымдастырылған және жабдықталған бөліктері;
8) отырғызу немесе түсіру постылары – перронның жиегіне жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған автобус тоқтайтын учаске;
9) өрт сөндірудің сплинкерлік қондырғысы – қалыпты жабылған спринклерлік суландырғыштармен жабдықталған, сумен және көбікпен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;
10) перрон – жолаушыларды отырғызып-түсіруге арналған автовокзалдың немесе жолаушылар автобекеті алаңының жүргіншілер бөлігінен көтеріңкі, қалқасы бар немесе қалқасыз, жоспардағы түрлі конфигурациялық алаңның бөлігі;
11) сыйымдылығы – нормативтік талаптарды сақтай отырып, осы алаңда бір мезгілде орналастыруға болатын адам саны.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
5. Нормативтік талаптардың мақсаттары автобекеттер ғимаратының қауіпсіздігін, тірек конструкцияларының тіршілік ету циклінің барлық сатысындағы олардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жолаушылардың және персоналдың өмірін және денсаулығын, мүлкін қорғау, өрттің болу ықтималдығын болдырмауды, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, жолаушылардың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін құрылыс салу және пайдалану кезінде энергетикалық тиімділікті және ресурспен жабдықтауды қамтамасыз ету.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. Автобекеттер мен автовокзалдар ғимараттарында жол жүру билеттерін сату, қол жүгі мен багаждарды сақтау, күту орындарымен қамтамасыз ету, қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда пункттері, ана мен бала бөлмесі, ақпараттандыру қызметі және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және отырғызу мен түсіру үшін жағдай жасалуы тиіс.
7. Механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимараттардың негізі мен көтергіш конструкциялары оларды жобалық мерзімнің бойында салу, реконструкциялау мен пайдалану кезінде сыналатын болжамдық жүктемелер мен әсерлер тіркесіміне төзімді болуы тиіс.
8. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобекеттер ғимараттары өрт ошағын тез анықтау және адамдарды хабарландыру жүйелерімен жабдықталуға және адамдарды үй-жайлардан тез, әрі қауіпсіз эвакуациялауға жағдай жасалынуы тиіс.
9. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобекет ғимараттарының ішінде және жақын орналасқан құрылыстарда өрт ошағы жайылуының алдын алу бойынша жағдайлар жасалуға тиіс.
10. Эвакуациялық жолдар мен әкімшілік-тұрмыстық және қызметтік үй-жайлардың шығу жолдары балалары бар жолаушылардың қажетті уақыт ішінде өрт кезінде қауіпсіз аймақтарға (ғимарат маңынан тысқары немесе ғимараттың ішінде) қауіпсіз эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
11. Автобекет ғимараттарында күту кезінде ғимаратты пайдалану барысында аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімін, санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жайлы жағдайлар жасалуға тиіс.
12. Автобекет ғимараттарының іргелес аумақтары мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын қоса алғанда, жолаушылардың автокөлік құралдарына кедергісіз мүмкіндікті қамтамасыз етуді есепке ала отырып, жобалануға және салынуға тиіс.
13. Автобекет ғимараттарын жобалаған кезде, пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған қажетті жағдайлар мен адамдардың жарақат алу мүмкіндігін болдырмау шаралары қарастырылуға тиіс.
14. Автобекет ғимараттары жолаушыларға қызмет көрсету мен тасымалдау кезінде, олардың қызмет ету мерзімінің бойында үй-жай ауасында ластаушы заттардың болуына, микроклиматқа, жарықтандыруға, инсоляцияға, күннен қорғанысқа, шуға, дірілге және сәулелеуге байланысты адам денсаулығына қауіп келтірмейтіндей етіп жобалануға және салынуға тиіс.
15. Автобекет ғимараттарындағы инженерлік жүйелер тұтынылатын энергияның талап етілетін мөлшерінің климаттық жағдайларын есепке ала отырып, ең аз дәрежеде төмен жобалануға және орнатылуға тиіс.
16. Автобекет ғимараттарын жобалаған кезде әуе және су бассейнінің ластануын болдырмайтын және табиғи ландшафт жоғары деңгейде сақталатын адам өмірі мен еңбегінің санитарлық-гигиеналық шарттарына жауап беретін экологиялық (табиғат қорғау) талаптардың сақталуын қамтамасыз ету керек.
17. Автобекет ғимараттары мен құрылыстарын салу және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғауды, энергия тұтынуды үнемдеу мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет.
5-тарау. Автобекеттерді жобалау барысында жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Негізгі ережелер
18. Автобекет пен автовокзал ғимараттарын жобалаған кезде мыналар қарастырылуы тиіс:
1) жолаушылар, қызметтік және техникалық үй-жайлар;
2) жолаушылардың күтуін, билеттердің сатылуын, қолжүктердің сақталуы мен дүңгіршектердегі бөлшек сауданы ұйымдастыруды қоса алғанда, ғимараттан тыс көріктендірілген жолаушылар аймағы;
3) жолаушыларды отырғызу және түсіру постылары бар жөнелту және келу перрондары;
4) рейсаралық тұру алаңы, автобустардың жүруіне арналған жүру жолдары және техникалық қарау постылары бар көлік аймағы;
5) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес қоқыстар мен тағам қалдықтарын жинауға және сақтауға арналған алаң бар шаруашылық аймағы.
19. Автобекеттерге жақын автокөлік кәсіпорындары бар автобустарға қызмет көрсету жөніндегі тиімді кооперацияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, мыналар қарастырылуға тиіс:
1) автобустарды механикаландырылған жуу;
2) қозғалтқыштарды жылыту құралдары.
2-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
20. Ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін ғимараттың тірек конструкциялары рұқсат етілген шекте өзінің қасиеттерін сақтауы және осы құрылыс нормаларының талаптарына жауап беруі тиіс.
21. Автобекет ғимараттарының көтергіш конструкциялары мен элементтерін жобалау және есептеу кезінде мыналар ескерілуге тиіс:
1) төзімділігі;
2) пайдалануға жарамдылығы;
3) талап етілетін көтергіш қабілеті.
22. Автобекет ғимараттарының конструкциялары мен негіздері олардың беріктігіне, төзімділігіне және пайдалану сипаттамаларына әсер ететін барлық жүктемелер әрекетіне төзімді болатындай жобалануы және салынуы тиіс.
23. Белгіленген нормаларды сақтаған кезде, ғимараттың көтергіш конструкциялары мен негіздері өздерінің қасиетін қызмет етудің болжанған мерзімінің бойында сақтауы тиіс.
24. Ғимараттың негізгі көтергіш бөлшектері мен конструкциялары белгіленген қызмет ету уақытының бойында орнықты болып қалуға және салғанда, табиғи әсерлерге немесе реконструкциялаған кезде бүлінбеуі тиіс.
25. Топырақтарда, негіздерде, ғимараттың конструкциясы мен элементтерінде Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес барлық қызмет ету мерзімінің ұзақтығында және құрылыс пен қайта жөндеу кезінде құрылымдық жарықшақтардың пайда болу, тұрақсыз жағдайға көшу, тепе-теңдіктің жоғалуы немесе бұзылу ықтималдығы төмен болуы тиіс.
26. Негіздерді сейсмикалық әсерлерді ескере отырып жобалау қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталатын жүктемелердің айрықша үйлесіміне көтергіщ қабілеттілігі жөніндегі есеп негізінде орындалу тиіс.
3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
27. Автобекет және автовокзал ғимараттарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР және «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
28. Хабарлау жүйесінің типі өрт сигнализациясы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың ережелеріне сәйкес ғимараттың сыйымдылығы мен қабат санына байланысты белгіленеді.
29. Автобекет және жолаушыларға қызмет көрсету бекеттері ғимараттарының түтінге қарсы қорғанысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс.
30. Ғимараттарды өрттен қорғау құралдарының жиынтығымен жабдықталуға тиіс. Адамдар көп жиналған орындарда қолданылатын барлық материалдар отқа төзімді немесе өрт қауіпсіздігі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес арнайы өңделген болуға тиіс.
31. Автобекет ғимараттары мен құрылыстары өрт сөндірушілердің жолаушылар мен қызметкерлерді құтқару, мүлікті қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыра алатындай және өрт сөндіру мен бақылауға арналған қондырғыларды пайдалана алатындай болып жобалануға және салынуға тиіс.
32. Автобекет ғимаратының әр қабатында өрт қаупі туған жағдайда, эвакуация сызбасы қарастырылуға тиіс.
33. Инженерлік қондырғылар мен диспетчерлендіруді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларын өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орнату қажет.
34. Автобекет ғимаратында өрт сөндіру постысына арналған, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын, жеке және ұжымдық құтқару құрылғыларын, сондай-ақ, өрт болған жағдайда, қызметкерлер мен өрт қауіпсіздігі қызметіне қажетті басқа да құрал-жабдықтарды орналастыруға арналған үй-жай бөлінуге тиіс.
35. Касса залы мен кассирлер кабиналары, күту залы және жолаушылардың ұзақ уақыт болуына арналған басқа да үй-жайлар, ана мен бала бөлмелері, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының үй-жайлары, қоғамдық тамақтандыру пункттерінің үй-жайлары, медициналық пункттер, байланыс және жинақ кассаларының үй-жайлары, автобекеттің қызметтік үй-жайлары автоматты өрт сигнализациясының заманауи жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
36. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу жүйесі және өртке қарсы қорғаныс жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
37. Автостанция ғимараттарында өрт сөндіру техникасы мен оны орналастыру «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР талаптарына сәйкес болуы тиіс.
38. Өрт машиналарының жүру жолдарының, сыртқы өрт баспалдақтарының, ғимарат шатырына шығу құрылғысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орналастырылуы керек.
39. Электр қондырғылар белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттар талабына сәйкес жанудың пайда болуы мен таралуына төзімді болуы тиіс.
40. Күту залдары мен басқа да үй-жайлардағы орындықтардың, қабырғалардың, аспаптар мен жабдықтау корпустарының бояулары уытты емес, жануы қиын немесе жанбайтын материалдардан дайындалуға тиіс.
41. Конструкциялар мен олардың өңдеуінің талап етілетін отқа тұрақтылығын қамтамасыз ету мен өрт қауіптілігін төмендету үшін технологиялық жабдықтауды қорғау және инженерлік коммуникацияларды өткізуге арналған технологиялық ойықтарды бітеу үшін оттан қорғайтын құралдарды пайдалануға жол беріледі.
42. Эвакуациялық жолдар мен шыға беріс есіктер, ғимараттан және касса мен жолаушылар залдарының жайынан, әкімшілік-тұрмыстық және қызметтік үй-жайлардан шығатын баспалдақ торлары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес келуі және өрт кезінде адамдарды, оның ішінде балаларды қауіпсіз аймаққа (ғимарат шегінен тыс жерге немесе оның ішінде) қажетті уақыт бойында қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс.
43. Қажетті белгілі уақыт бойында қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, өртке қауіпсіз аймақтар қарастырылуға тиіс.
44. Үй-жайдың барынша алыстатылған нүктесінен өртке қауіпсіз аймаққа дейінгі шекті жол берілген арақашықтығы эвакуациялаудың нормативтік белгіленген уақыты бойында қолжетерлік көлемде болуға тиіс.
45. Эвакуациялау жолдары мен адамдар жаппай келетін үй-жайлар бар ғимараттан шығу жолдары адамдарды жалпы өрттің қауіпті факторларының күрделі мәнінің әсер етуі басталғанға дейін эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс.
46. Адамдар көп жиналатын үй-жайларды бөліктерге алмаспалы арақабырғалармен бөлу қажеттігі кезінде, әр бөліктен өздігінен эвакуациялық шығатын жол қарастырылуға тиіс.
47. Ғимараттан эвакуациялық шығу жолдарының саны кез келген қабаттағы эвакуациялық шығу жолдарының санынан кем болмауға тиіс.
48. Үй-жай еденінен анағұрлым алыстатылған нүктенің шекті жол берілген арақашықтығынан жақын жердегі эвакуациялық шығатын жолға дейінгі арақашықтық ғимараттың отқа төзімділік деңгейі мен функционалдық өрт қауіптілігі жөніндегі топқа, үй-жайдың жарылыс өрті мен өрт қауіптілігінің санатына, эвакуацияланатындар санына және үй-жайлар мен эвакуациялау жолдарының геометриялық параметрлеріне байланысты шектелуі тиіс.
49. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін мынадай талаптар қажет:
1) эвакуациялау жолдарының орналасуы мен көлемі бір уақытта келетін жолаушылардың аса көп мөлшеріне есептелінуге тиіс;
2) апаттық есіктер ашық аумаққа өту жолдарына жақын болуға тиіс;
3) жылжымалы және айналмалы есіктер эвакуациялау кезінде пайдаланылмауға тиіс;
4) эвакуациялау жолдары апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс;
5) дыбыстық, қажет жағдайда ғимараттың барлық жайына жарық сигналдарын беру;
6) өрт болған жағдайда сөйлеу хабарламасын тарату;
7) адамдар келуі ықтимал барлық үй-жайларда екі жақты байланыс болуы тиіс.
50. Адамдарды эвакуациялау хабарландыру сигналдары бойынша мыналармен қабаттас болуға тиіс:
1) апаттық жарықтандыруды қосумен;
2) дүрбелең мен эвакуациялау барысын қиындататын басқа да жағдайлардың (адамдардың өткелдерде, тамбурлар мен басқыш алаңдарында және басқа жерлерде топталуының) алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;
3) қосымша эвакуациялық шығу жолдарының (мысалы, электромагниттік құлыптармен жабдықталған) есіктерін ашумен.
51. Хабарландыру жүйесін басқару күзет жайынан, диспетчерлік немесе басқа да арнайы жайдан жүзеге асырылуы тиіс.
52. Эвакуациялау жолдары табиғи жарықпен жарықтандырылуы, ал олардың қоршауларының отқа төзімділігі жоғары болуға тиіс.
4-параграф. Автобекеттерді пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
53. Шағын және орта қалалардағы автобекеттерді қалаішілік көлік қатынастарының орталығында орналастыру керек. Ал үлкен және ірі қалалардағы автобекеттерді қалаішілік көлік түрлерімен және сыртқы автокөлік жолдарына шығуға қолайлы жолдармен қамтамасыз етілген қала сыртындағы аумақта орналастыруға жол беріледі.
54. Автобекет және автовокзал ғимараттарын орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс.
55. Бас жоспарды шешу кезінде көлік пен жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мынадай шаралар қарастырылуға тиіс:
1) жол белгілерін, бағдаршамдарды және көзбен шолу коммуникацияларының құралдарын орналастыру;
2) жүретін жол мен рейсаралық тұрып қалу алаңын белгілеу;
3) жаяу жүргіншілер жолдарын, аялдамалар мен қалалық көлік тұрақтарын орналастыру.
56. Сыртқы көліктің екі немесе бірнеше түрлерінің қиылысу немесе жанасу пункттері бар қалаларда көліктің осы түрлерінің жолаушылар тасымалына қызмет көрсететін біріктірілген автобекеттер жобалануға тиіс.
57. Автобекеттерді жобалаған кезде қала құрылысының жағдайын, әлеуметтік ахуалды, осы ғимараттарды нақты учаскені таңдау бойынша болжамдық ауданда орналастырудың әлеуметтік салдарын бағалау жөніндегі жұмыстардың жоба алдындағы кезеңін орындау іске асырылуға тиіс.
58. Автобекеттерді жобалаған кезде автобустар мен жолаушылардың автобекет ғимаратының алаңдарындағы қозғалыс жолдарының бөлінуі қамтамасыз етілуге тиіс.
59. Жаяу жүргіншілер тротуарларын ұйымдастыру кезінде олардың ең төмен деңгейдегі ені жаяу жүргіншілердің екі бағытта бірдей, қатар қозғалысын қамтамасыз ететіндей жобалануға тиіс.
60. Жаяу жүргіншілер жолдары автокөліктердің жүру жолдары, сондай-ақ олардың тұрақтары бойынша қиылыспауы және олар арқылы өтпеуі тиіс.
61. Автобекеттерді орналастыру кезінде, жанармай мен тауарларды жеткізу мақсатында көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жергілікті жол торабына ыңғайлы кіретін және шығатын мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс.
62. Жолаушылар автобекеттерін санитарлық-қорғаныс аймақтарының аумағында орналастыруға жол берілмейді.
63. Перрондардың, жүретін жолдардың, автобустардың тұру алаңдары мен жеңіл автокөлік тұрақтарының мұнай өнімдеріне төзімді, қатты жабындары болуға тиіс.
64. Көріктендірілген жолаушылар аймағына немесе вокзал маңындағы алаңға жанаспа аумақта бөлшек сауда дүкендері мен павильондарын, қоғамдық тамақтану мен мәдени-ойын-сауық мақсатындағы объектілерді орналастыру керек. Тізбеленген объектілер саны мен мақсаты осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.
65. Автобекет ғимараттарының барлық функционалдық аймақтары мен аумақтары үшін қолданыстағы нормативтік құжаттар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес ғимараттарға кіретін жолда қатты төсемдердің болуы тиіс.
66. Демалыс аумақтары жаяу жүргіншілер жолдарымен қатар қарастырылуға және орналастырылуға тиіс және қоршаған ортамен қарама-қарсы болуы қажет.
67. Автобекет ғимаратының аумағына бөтен автокөліктің кіруін болдырмау үшін вокзал маңындағы кіретін және шығатын жолдарда тігінен ашылатын электромеханикалық шлагбаумдар орнатылуға тиіс. Шлагбаумдарды басқару бейнебақылау құралдарын пайдалану арқылы қашықтықтан жүргізілуге тиіс.
68. Автобекет аумағы мен алаңдарында (жаяу жүргіншілер жолдары, автокөлік және велосипед тұрақтары, автобус аялдамалары) қарды тазалауға және алып тастауға арналған жабдықтаулар орнатылуға тиіс.
69. Жолаушылардың күту аумағы мен алаңдары автобекет ғимаратының негізгі мақсаты ретінде қызмет атқаруға тиіс. Оның жанындағы аумақта күтуші жолаушыларға арналған бір немесе бірнеше жабынды жобалауға жол беріледі.
70. Автобекет аумағында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының автокөліктеріне арналған тұрақтар қарастырылуға тиіс. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған тұрақтар ғимаратқа кіретін есіктерге неғұрлым жақын орналастырылуға тиіс.
71. Қозғалыстың негізгі жолақтарының жол төсемдерінің беріктігіне есептеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес автокөліктің бір еселік және ұзақ әсер ететін автокөлікке арналған алаңның әртүрлі түрі мен ірілендірілген жол жағасында есептік автокөліктің қысқа мерзімді жүктеменің көп еселік әсеріне жүргізу қажет.
72. Құбырлардың (су құбыры, канализация, газ құбыры және тағы да басқа), байланыс және электр беру желілерінің, сондай-ақ, басқа да коммуникациялардың автокөлік жолдарымен қиылысуы оларды жобалауға арналған тиісті нормативтік құжаттар талаптарын сақтай отырып қарастырылуға тиіс.
73. Автовокзалдар мен жолаушылар автобекеті ғимараттарының көлемдік-жоспарлық шешімдері жолаушыларға арналған және қызметтік үй-жайлар аумағына жоспарлық бөлуді қамтамасыз етуге тиіс.
74. Автовокзал үй-жайлары, жолаушыларға арналған күту алаңдары мен аймақтарын құрылыс жүргізу ауданындағы климаттық жағдайларды есепке ала отырып жобалау қажет. Автовокзалдың барлық функционалдық байланысы қызметкерлер мен жолаушылар жүретін ең қысқа жолға сәйкес болуға тиіс.
75. Қоғамдық санитарлық тораптарды жолаушылар келетін және кететін негізгі жолдар арасына орналастыру және жолаушылар үй-жайларынан және перроннан шығатын кіреберістермен қамтамасыз ету керек.
76. Үлкен автовокзал ғимараттарындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызметкерлер мен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған тамақ үлестіретін сауда залы бөлінуі тиіс.
77. Билет кассаларын ашық кедергі артына орналастыруға, сондай-ақ, олардың салқындауына алып келетін едендерді орнатуға арналған конструкциялар мен материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
78. Диспетчер бөлмесінің орналасуы ол арқылы келу және жөнелту постыларын толықтай қадағалауды қамтамасыз етуге тиіс.
79. Жолаушылар автобекеті бастығының кабинетін жолаушылар залына жанаса орналастыру керек.
80. Жүргізушілердің қысқа уақыт демалу бөлмелерін жүргізушілер демалысын бақылау мақсатында диспетчер және жүргізушілер бөлмесіне жақын орналастыру керек.
81. Рейс алдындағы медициналық куәландыру бөлмелері мен жүргізушілердің қысқа уақыт демалу бөлмесі жүргізуші бөлмесіне жақын жерде орналастырылуға тиіс.
82. Перронды бақылаушылар бөлмесін жөнелту перронына жанаса, диспетчер бөлмесіне жақын орналастыру керек.
83. Операторлар бөлмесі құжаттар мен ақпаратты беру үшін диспетчерлер байланысымен қамтамасыз етілуге тиіс.
84. Хабарландыру дикторларының, байланыс торабы мен радиоанықтама ақпаратшысының бөлмелерін диспетчер бөлмесіне жанаса орналастыру қажет.
85. Вокзал бойынша кезекшінің бөлмесі жолаушылардың негізгі үй-жайларына жанаса орналастыру керек.
86. Жүргізушілер бөлмесі диспетчер бөлмесіне жанаса орналастырылуға және онымен құжаттарды рәсімдеуге арналған ойықтар арқылы біріктірілуге тиіс.
87. Автоматтық кассаларды тарату, жүргізушілердің (кондукторлардың) ақшалай түсімдерін санау мен өткізу бөлмелерін кассалық блок құрамында орналастыру керек.
88. Инкассаторлар үй-жайын инкассацияның ыңғайлылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, кассалық блокта орналастыру керек және инкассаторлық автокөліктің кіру мүмкіндігі бар дербес шығатын жолмен қамтамасыз етілуге тиіс.
89. Күту залдары жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлармен, вокзал жанындағы алаңмен және перронмен қатынасатын жер үсті қабаттарда орналастырылуы тиіс.
90. Буфет аймағына жанаса оның қосалқы үй-жайлары (тамақ әзірлеуге дейінгі және ыдыс жуатын бөлмелер, азық-түлік қоймасы, санитарлық торап) орналастырылуға тиіс.
91. Жөнелту перрондарын жолаушылар үй-жайларынан қысқа жол жүруді қамтамасыз ете отырып, ғимаратқа барынша жақын орналастыру қажет.
92. Перронның үстіне ені жолаушылардың отыруы және шығуы кезінде, сондай-ақ, олардың ғимараттан автобустың алдыңғы есігіне дейін жүру жолын қамтамасыз ететін қалқа қарастыру қажет.
93. Перрондардың өлшемдері мен конфигурациясы жолаушылар отыру алдындағы кезеңде жайлы орналасуын, олардың автобусқа отыру және одан шығу кезіндегі жайлылығын қамтамасыз етуге тиіс.
94. Перрондар, қалқалар мен күту алаңдары жаяу жүргіншілердің қолжетімділігі мен жолаушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді есепке ала отырып, орындалуға тиіс.
95. Перрондар мен күту алаңдарында жолаушылардың сыйымдылығы және адамдар еркін жүруі үшін кеңістік бөлінуі тиіс.
96. Кіреберіс есіктер ақаусыз, есік қорабына жақсы ықшамдалған болуға және үй-жайдың сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс. Кіреберіс сыртқы есіктер сыртқа қарай ашылатындай жобалануға тиіс.
97. Екі жармалы есіктер бір есіктің жоғарғы және төменгі жақтарында орнатылған, екі стопорлы жапқыштармен (шпингалеттермен) жабдықталуға тиіс.
98. Тамбур есіктерін орнатқан кезде келесі есікті ашқанға дейін бірінші есіктің ыңғайлы және толық жабылуын қамтамасыз ету қажет. Эвакуациялық талаптар бойынша тамбур есіктері сыртынан ашылуы тиіс.
99. Әйнек есіктер мен қоршауларды соққыға берік материалдардан орындау керек. Эвакуациялау жолдарына автоматты немесе жартылай автоматты есіктер орнатқан кезде, оларды кең ашылатын төсемдері бар есіктермен қоса істеу керек.
100. Барлық үй-жайлардағы терезе конструкциялары әйнектелуге тиіс, олар сенімді әрі дұрыс жабылатын құрылғылармен қамтамасыз етіледі, ал қажет болған жағдайда күзеттің техникалық құралдарымен жабдықталады.
101. Терезе конструкцияларын металл торлармен жабдықтау кезінде, оларды үй-жайдың ішкі жағынан немесе ашылатын конструкциясы бар рамалардың арасына орнату керек.
102. Баспалдақ алаңдарының сыртқа, ғимараттың жанындағы алаңға шығатын есіктері болуға тиіс.
103. Лифтілер, эскалаторлар жеңіл қолжетімді және ғимаратқа кіреберістегі вестибюльге жақын орналастырылуы тиіс. Автобекет ғимаратына лифтілер мен эскалаторлардың орналасуы келушілердің кеңістікті тез және қатесіз бағдарлауын қамтамасыз етуі және вестибюльдер мен дәліздерде жолаушылар ағынының қиысу ықтималдығын болдырмауы тиіс.
104. Көрнекі ақпарат құралдары халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының тануы үшін ыңғайлы нүктелерде орналастырылуы тиіс.
105. Белгілер оқу үшін қарапайым және жеңіл болуға тиіс, ал көрсеткіштерді қарама-қарсы түстерде орнату қажет.
106. Мүмкіндіктерді көрсететін халықаралық символдар жолдар мен құрылыстардың қолжетімділігін белгілеу үшін пайдаланылуы тиіс.
107. Үй-жайлар мен қызметтерді орналастыру сызбасында жолаушыларға арналған барлық қызметтік және қосалқы үй-жайлардың орналасуы схема түрінде бейнеленуі тиіс.
108. Автобекет аумағында, инфрақұрылым объектілерінде, отырғызу алаңдарының аймағында талап етілетін жайлылық пен жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында маңдайшалар мен жолдарда көрсеткіштерді орнату қажет.
109. Автовокзалдарды, автобекеттер мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін ақпараттық қамтамасыз ету белгілерінің түсті графикалық рәсімделуі жалпы интерьерге сәйкес болуға және ақпарат берудің нақтылығы мен айқындығын қамтамасыз етуге тиіс.
110. Мынадай көрнекі коммуникация құралдарын автовокзалдар мен жолаушылар автобекеттерінде қарастыру қажет:
«Автобекет» - маңдайша;
автобус бағыттарының схемасы;
автобустар қозғалысының кестесі.
111. Автобекеттерді жобалаған және пайдаланған кезде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер арасындағы соқтығысу ықтималдығын мейлінше азайту қажет. Жеке меншік автокөліктерді, такси мен автобустарды көлік қоятын жерге орналастыру автобекетке ыңғайлы мүмкіндікті қамтамасыз ететін кіреберіске барынша жақын болуы тиіс.
112. Ғимаратта акустиканы жолаушылардың перрондағы қоғамдық хабарландыруды естуі үшін артық шу мен діріл бақыланатын тиісті ретпен жобалау қажет.
113. Ғимарат пен үй-жайды пайдалану барысында күзет қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, сондай-ақ, жолаушылар багажы мен мүліктерін сақтауды ұйымдастыруы тиіс.
114. Лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында автобекет ғимараттарын бақылау бейнекамераларымен, ал ірі және орта автобекеттерді – қару-жарақтарды табуға арналған қосымша сканерлермен жабдықтау қажет.
115. Қауіпсіздікті бағалау автобекет ауданындағы жалпы қауіпсіздікке қарсы қауіпті байқаусыз туғызатын кез келген элементтерді анықтау үшін автобекеттерді жобалау барысында жүргізілуге тиіс.
116. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін хабарлаудың белсенді жүйесі барлық жобаланатын автобекеттерде қамтамасыз етілуі тиіс.
117. Дабыл сигнализациясының жүйесі «ажырату құқығынсыз» ұйымдастырылады және онда электр қуаттандырудың көзінің апаттық көзі болуы тиіс.
118. Автобекеттер ғимараттары мен құрылыстары пайдаланудың қарапайым жағдайларында жарақат алу немесе элементтердің шығыңқы бөліктерінің өткір ұштарымен жанасу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп жобалануға тиіс.
119. Ашық баспалдақ маршының ені бойына және ғимараттың ішіндегі басқа да шығыңқы элементтердің астына кедергілер мен қоршаулар және тағы да басқалар орнатылуға тиіс.
120. Перронның отырғызатын жағының жиектерінде платформа шетінің бойымен сақтандырғыш сигнал, сондай-ақ, көру қабілеті нашар жолаушыларға арналған түйсіну жолақтары қарастырылуға тиіс.
121. Автобекеттерде қоғамдық дәретхана, автобекет қызметкерлеріне және жүргізушілерге арналған дәретханалар жұмыс істеуі тиіс.
122. Орталық үй-жайлардың қабырғалары мен төбелерінің жабыны дыбыс жұтатын материалдардан жасалуға тиіс.
123. Автобекет ғимараттарының сыртқы кіретін және шығатын есіктерін ауамен жылыту перделерімен жабдықтау қажет.
124. Перрондар, отырғызу алаңдары, павильондар мен жабындар қоқыстардан, қар мен мұздан тазартылуға тиіс.
125. Автобекеттің үй-жайлары мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін күтіп-ұстау қоғамдық үй-жайларға қойылатын санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
126. Едендер тегіс, бетоннан немесе су өткізбейтін және сырғанамайтын материалдардан әрленіп жасалуға және таза әрі жақсы жағдайда ұсталуға тиіс.
5-параграф. Инженерлік желілер мен жүйелер
127. Автовокзалдар мен автобекеттердегі су құбыры мен канализация Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және кәрізі бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес, ал сыртқы желілерді және құрылыстарды сумен жабдықтау Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және құрылыстары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жобалау керек.
128. Сумен жабдықтаудың шаруашылық-ауыз су және өндірістік жүйелері бөлек қарастырылуға тиіс.
129. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауды жолаушылардың орта, үлкен және ірі автобекеттері үшін қарастырған жөн.
130. Автобекеттер ғимараттарының негізгі кіреберістері тазартатын кір тұндырғыштардың үстінен орнатылған, аяқты тазалауға арналған торлармен жабдықталуға тиіс.
131. Автобекеттердегі суды орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жергілікті су жылыту жүйесінің қондырғысы орнатылуы тиіс.
132. Жаңбыр суы олардың барлық учаскелерде жиналуы кезінде нөсер канализациясына жіберілуге тиіс.
133. Душтар суық және ыстық су тартылған кабиналармен жабдықталуы тиіс.
134. Автовокзалдар мен автобекеттер үй-жайларындағы жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын басшылыққа алу керек.
135. Үй-жайлардағы ауаның есептік параметрлері Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін ауаны жылыту, желдету және ауа баптау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес қабылданады.
136. Жылу көздері мен әлсіз салқындату бекеттердегі барлық жолаушылар алаңдарында және автобекеттің кассалық залдарында пайдаланылуға тиіс.
137. Жылу, үй-жайлардағы ауаның есептік температурасы мыналарды есепке ала отырып қамтамасыз ету үшін жобалануға тиіс:
1) қоршау конструкциялары арқылы жылу шығыны;
2) жылудың инфильтрленетін сыртқы ауаны қыздыруға кеткен шығыны;
3) жылудың материалдарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қыздыруға кеткен шығыны;
4) электр аспаптарынан, жарықтандырудан, технологиялық жабдықтаулардан, коммуникациялар мен материалдардан, адамдар мен басқа да көздерден тұрақты түсетін жылу ағыны.
138. Желдетуді механикалық және табиғи қозғаумен (оның ішінде үй-жайларды мерзімді желдетуді) жобалау қажет.
139. Таза ауаның кіруін, желдетуді, ауа жинайтын камераларды орналастыру, оған пайдаланылған газдардың жоғары шоғыры ластанған ауаның кіру мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
140. Жылыту жүйесі жұмыстан тыс уақытта талап етілетін жылу ағынын азайту үшін аспаптармен жабдықталуға тиіс.
141. Ғимараттың жылыту жүйелері үй-жайлардың ауасының біркелкі жылытылуын, гидравликалық және жылу тұрақтылығын, жарылыс-өрт қауіпсіздігін және тазалау мен жөндеу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып жобалануы қажет.
142. Жылыту жүйесін, желдету жүйесінің ауа жылытқыштарын жылумен жабдықтауды, ауа баптауды, ауа душын және ауа-жылу бүркемесін белгіленген тәртіппен құрылыста қолдануға рұқсат етілген қызуға төзімді полимерлік және металл полимерлік құбырлардан, сондай-ақ, болат (мырышпен қапталғаннан басқа), мыс және жез құбырлардан жобалау керек.
143. Жылыту аспаптарын сыртқы есіктері бар тамбурлар бөліктеріне орналастырылмайды.
144. Баспалдақ торындағы жылыту аспаптарын жылыту жүйесінің жекелеген тармақтарына немесе тіреушелеріне біріктірген жөн.
145. Электрмен жабдықтау, электр-техникалық құрылғылар мен жасанды жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
146. Автобекет пен жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің және инфрақұрылымның жарықтандырылуы Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін жарықтандыру бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес болуға тиіс.
147. Автобекеттердің, жолаушыларды отырғызу постылары мен перрондардың сыртқы жарықтандыруды қашықтықтан басқаруы болуға тиіс, ал жолаушыларға арналған үй-жайлардың ішкі жарықтандыруы – орталықтандырылған болуы тиіс.
148. Көліктік аумақтың жарықтандырылуы жүргізушілер үшін перрон жанында, өтетін және ирек жолдарда маневр жасау кезінде өте жақсы көру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс. Жарық көздері жүргізушінің көрмей қалу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
149. Жарықтандыру пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жарықтандырудың талап етілетін деңгейіне қол жеткізу мақсатында жаяу жүргіншілер жолдарының бойын қамтамасыз етуі тиіс.
150. Эвакуациялық жарықтандыру автобекеттердің мынадай үй-жайлары мен құрылыстарында қарастырылуға тиіс:
1) вестибюльдерде, кассалық залдарда, дәліздерде, өту жолдарында, галереяларда, баспалдақтарда, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тоннельдерінде, күту алаңдары мен перрондарда;
2) диспетчер бөлмелерінде, радиотораптарда, байланыс үй-жайларында, ана мен бала бөлмелерінде, кіру-тарату қондырғылардың қалқандық үй-жайларында.
151. Күту залдары мен дәліздерде апаттық жарықтандыру жобалануға тиіс, кіреберістер мен шығаберіс жерлерде қуаттандырудың дербес көздері және олардың жұмыс қабілетін автоматты түрде тексеретін құрылғысы бар апаттық сәулелік көрсеткіштер қарастырылуға тиіс.
152. Қуаттандыру істен шыққан жағдайда, апаттық жарықтандыру шығаберіс жолдардағы қауіпсіз әрі ұйымдастырылған эвакуациялауды жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
153. Талап етілетін апаттық жарықтандыру автобекеттер ғимараттары үшін энергия беру көздерінен бөлек қарастырылуға тиіс.
154. Дәліздер мен холдардағы көмескі жарық құрылғысын еденге кіріктірме орнатылған шағын шырақтармен жабдықтауға жол беріледі.
155. Ғимарат жобасында табиғи жарықтандыру мүмкіндіктерін (атриум, сәулелік сөрелер, шағылысатын зат беттерін) аса жоғары деңгейде пайдалану қажет.
156. Байланыс жүйесін, сигнализация және автобекет ғимараттарының инженерлік қондырғыларын диспетчерлеуді жобалаған кезде қолданылатын техникалық шешімдер пайдаланудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін, жұмыстың сенімділігін, заманауи қондырғыларды қолдануды, ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
157. Беру камералары мен бейнебақылау құрылғысын басқару пультін (ББҚ) тасымалдауды ұйымдастыру қызметі аға диспетчерінің үй-жайында қарастыру керек, бұл жағдайда вокзал бойынша кезекшіде ақпарат беретін бейне бақылау құрылғысы орнатылуы тиіс.
158. Бейнекамералардың орналастырылуы жарықтандыру, дыбыстық қондырғылар мен маңдайша жазу сияқты басқа қондырғының орналасуымен үйлестірілген болуға тиіс. Бейнебақылау камералары жұртшылыққа көрініп тұруға, алайда жеңіл қолжетімді болмауға тиіс.
159. Жабық орамды телевизиялық жүйе орталық диспетчерлік пунктте пайдаланылуға және көмек көрсетуге тиіс.
160. Автобекет жобасына оперативтік орталықпен және апаттық-құтқару қызметтерімен байланыс үшін платформа аумағында немесе оған жақын жерде апаттық телефон қосылуға тиіс.
6-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
161. Автовокзалдар мен жолаушылар автобекеттерін жобалаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтерге сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының аумақта қауіпсіз жүруін, олардың ғимараттағы мынадай жайларға ыңғайлы қолжетімділігі мен пайдалануын қамтамасыз етуге арналған құрылғылар мен шараларды қарастыру керек:
1) ғимаратқа кіреберістегі баспалдақтар жанындағы пандустарға және жайда еден белгісінің деңгей айырмасы болғанда;
2) физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кресло-арбасы мен балалар арбаларының жолын ескеретін көлемі бар есіктер мен тамбурларға;
3) бірінші қабаттан жоғары жолаушыларға арналған үй-жайлар болған кезде жолаушылар лифтілерінің құрылғысына.
162. Автобекеттер мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен құрылыстардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қызмет көрсету ыңғайлылығы мен ақпараттылығын, қолжетімділігін, қауіпсіздігі мен қызмет көрсету жайлылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
163. Жолаушылар автобекеттерінің ғимараттарында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін бейімделген жер бетінен кемінде бір кіреберіс болуға тиіс.
164. Автобекеттерді жобалаған кезде кресло-арбадағы мүмкіндігі шектеулі топтардың жеке пайдалануына бейімделген арнайы көтергіштер мен лифтілерді орналастыру қарастырылуы тиіс.
165. Жолаушылардың мүмкіндігі шектеулі топтарына арналған кіру алаңдары, баспалдақтар мен көтергіш құралдар атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған болуға тиіс.
166. Мүмкіндігі шектеулі топтарды эвакуациялау жолдары 3-ші типті баспалдақтар арқылы өтпеуі тиіс.
167. Екінші және одан жоғары қабаттардан эвакуациялау жолы ретінде пайдаланылатын пандус ғимараттан сыртқа шығу жолымен тікелей байланысты болуы тиіс.
168. Паналар мен жабындар мүмкіндігі шектеулі топтар үшін қолжетімділік талабы бойынша салынуға және жолаушылардың қардан, жауыннан, жел мен күннен қорғануын қамтамасыз етуге тиіс.
169. Перрондар кресло-арбадағы мүмкіндігі шектеулі және тірек-қимыл аппаратының ақауы бар топтарды отырғызып-шығаруға биіктігі бойынша ыңғайлы болуы тиіс.
170. Ақпарат құралдары мүмкіндігі шектеулі топтардың барлық категориялары үшін қолжетімді болуға тиіс. Автобекеттің ақпараттық құралдар жүйесі келушілердің дер кезінде бағдарлануын, сондай-ақ, олардың объектілер мен келіп-кететін орынды тануын қамтамасыз ететіндей үздіксіз болуға тиіс.
171. Мүмкіндігі шектеулі топтар келіп-кететін үй-жайлар мен аумақтарда адамдарды өрт шыққан жағдайда хабардар ету жүйесіне қосылған, дубляжданған (дыбыстық және көзбен көрерлік) сигнализация қарастырылуға тиіс.
172. Автобекеттердің қоғамдық дәретханаларында мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған кемінде бір арнайы дәретхана кабинасы болуға тиіс.
173. Автобекет ғимараттарында есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға арналған бір қоғамдық телефон қарастырылуға тиіс.
174. Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында осы құрылыс нормаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі топтарға ақпарат беру үшін спикер мен белгілерді қоса алғанда, қатты дауысты байланыс жүйесін орнату қажет.
7-параграф. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
175. Ғимараттарды салу, реконструкциялау, құрылысты тоқтату, бөлшектеу және бұзу жобаларын әзірлеген кезде, қоршаған ортаға жол берілген антропогендік жүктеме нормативтері есепке алынуы, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу мен қалпына келтіру жөніндегі шаралар, сондай-ақ, қалдықтармен жұмыс істеу әдісі қарастырылуы, табиғи қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіруге ықпал ететін үздік қолжетімді және ресурс үнемдейтін техникалық әдістер қолданылуы тиіс.
176. Ландшафттық жоспарлар су, топырақ, биологиялық әртүрлілік, энергетикалық ресурстар, ауаның сапасы, қоғам мүддесі үшін басқа да табиғи ресурстар сияқты табиғи ресурстарды сақтауы тиіс.
177. Су қоймасын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуді осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жүргізу керек.
178. Учаске ландшафтын жобалаған кезде оның табиғи даму жағдайын ескеру қажет.
179. Газдалған аймақтардың қалыптасуын болдырмау және оларды жою мақсатында автобекеттер мен автовокзал ғимараттарының аумағын желдету жағдайларын есепке алатын және атмосфералық ауа сапасының санитарлық-гигиеналық нормативтерін қамтамасыз ететін жоспарлық шешімдерін әзірлеу керек.
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша талаптар
1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
180. Ғимараттардың инженерлік жүйелері жылу энергиясын, суық және ыстық суды, электр энергиясын және газды есептеу аспаптарымен орталықтан жабдықталуы тиіс.
181. Автобекет ғимараттарын жобалаған кезде қарапайым қызмет көрсету, тиімді құрылыс пен жөндеу үшін қажетті энергия үнемдейтін материалдар қолданылуға тиіс.
182. Жобалау кезінде ғимараттың жарық жақтары бойынша дұрыс бағдарлануын қарастыру қажет. Ғимараттың дұрыс бағдарлануы жылудың қысқы кезеңдегі табиғи сақталуы мен жаз мезгілінде салқындатуға ықпал ететін үй-жайлардың инсоляциясын қамтамасыз етеді.
183. Энергия тұтынуды үнемдеу үшін ғимарат жылуды сақтаумен және желдетумен (мысалы, ауа қабатты қабырғалар мен шатырлардың жылу өткізбеуі, бір камералы немесе екі камералы әйнек пакеттер, әлсіз жылыту және салқындату) қамтамасыз етілуге тиіс.
184. Көлеңкеленуді, ғимарат құрылысы кезінде жылу қуатының азаюын қоса алғанда, ғимараттың қатты қызуын болдырмайтын шараларға, сондай-ақ, ең алдымен, ғимарат ішіндегі микроклиматты жақсартатын әлсіз салқындату технологиясын дамыту мен қолдануға назар аудару қажет.
185. Ғимараттың энергия тиімділігі мақсатында білікті қызметкерлердің тұрақты техникалық қызмет көрсетуі және жүйелерді тексеру арқылы экология, қауіпсіздік және энергетика тұрғысынан жылыту және ауа баптау жүйесінің оңтайлы жұмысын қамтамасыз ету қажет.
186. Жылыту, желдету және ауа баптау жүйесін жобалаған кезде энергия тиімді техникалық шешімдер, энергия үнемдеуші технология және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қондырғылар, сондай-ақ, экономикалық мақсаттылық пен экологиялық ахуалды ескере отырып, жаңартылған энергия көзі мен отынның жергілікті түрін қолдану қарастырылуы тиіс.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қойылатын талаптар
187. Автобекеттер ғимараттары пайдалану кезінде үй-жайлардың микроклиматы мен басқа да жағдайларға қойылатын, белгіленген талаптардың табиғи ресурстардың тиімді шығындалуын қамтамасыз ететіндей жобалануы қажет.
188. Су тұтынуды азайту, айналма және қайталама пайдалану жүйесіндегі су пайдалануды ұлғайту, өнімсіз шығындарды және су шығынын қысқарту, ластанған ағын суларды ағызуды азайту және тоқтату, ағын суларды тазалау сияқты су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шараларды есепке алу қажет.
189. Ағаштарды отырғызу кезінде климаттық жағдайлар, топырақ түрі, жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты мен өсімдіктерге техникалық қызмет көрсету есепке алынуы тиіс.
190. Автобекеттер ғимаратын табиғи ортаны қорғау, қалпына келтіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен жаңғырту, жақын және қашық экологиялық, экономикалық, демографиялық және оларды пайдаланудың өзге де салдары мен биологиялық әртүрлілікті сақтау басымдығын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ескеріп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтай отырып жол беріледі.
ӘОЖ 725.3 МСЖ 93.040.10
Түйінді сөздер: автобекет, вестибюль, есептік сыйымдылық, жобалау, жолаушыларға қызмет көрсету пункті, алаңдар, автотұрақтар, аумақ, көлік, қолжетімділік, үй-жай.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының 2019 жылғы _______
№ ___ бұйрығына 5-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МАГИСТРАЛДЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ
МАГИСТРАЛЬНЫЕ ТРУБОПРОВОДЫ
ҚР ҚН 3.05-01-2019
СН РК 3.05-01-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2 ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен № 2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
6 УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |