Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттiң қолданылу мерзiмi ұзартылған 

жағдайда өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей өтiнiмге мәнi бойынша 

сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша сараптама өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға 

тиiстi ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтiнiш хатты өтiнiм берушi жасаған 

болса, инновациялық патенттiң күшiнде болуын қолдау кезiнде жүзеге асырылады. 

 

       Мәнi бойынша сараптама осы Заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында 



көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 

 

      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02. 



237 


Заңымен. 

 

       23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған 

 

               өтiнiмге сараптама 

 

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-бабы 2-



тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендiгi 

тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi. Егер өтiнiм осы Заңның 18-бабы 2-

тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, 

сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн 

құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде 

табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген 

мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм 

берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. 

 

       Сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген 



қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың 

орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель 

ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң 

бiрлiгi тексерiледі. 

 

       Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген 



патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент 

өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi. 

 

        2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы 



Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады. 

 

       Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын 



объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, 

пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi. 

 

       Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган пайдалы 



модельге патент беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. 

 

        3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде 



қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс 

қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы 

материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын 

объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын 

ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға 

байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, 

сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. 

 

       Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген 



күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. 

Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс. 

 

        4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент 



иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн 

техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент 

қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш 

беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi 




 

қолданылады. 

 

      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама 

 

      1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша ресми сараптама 



және  мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. 

 

        2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы бiрiншi 



бөлiгiнiң 1) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi 

тексерiледi, өтiнiм берiлген күн мен басымдық күнi анықталады. 

 

       Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза 



отырып ресiмделген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда сауал 

жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды 

табыс ету ұсынылады. 

 

       Егер өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе 



белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм берiлмеген 

болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. 

 

       Өнеркәсiптiк үлгiге берiлген өтiнiмге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша 



материалдар табыс етiлген кезде олардың өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн 

өзгертпейтiнi тексерiледi. 

 

       Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер 



болса, олар мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау 

кезiнде қосымша материалдардың мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн 

бөлiгi назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдей 

алады, бұл туралы өтiнiм берушiге хабарланады. 

 

       Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн ресми сараптаманың нәтижесi туралы өтiнiм 



берушiге хабарланады. 

 

        3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы 



өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. 

 

       Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсыныстың өнеркәсiптiк үлгi 



ретiнде қорғалатын объектiге жатқызылуы мүмкiндiгiн анықтауды, көркемдiк-

конструкторлық шешiм деңгейiн айқындау үшiн мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiге қатысты 

ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң осы Заңның 8-бабында 

белгiленген патентке қабiлеттiлiк талаптарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi 

қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат 

ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады. 

 

       Өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенi туралы құжат ресми 



сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде 

сараптама жасау ұйымына табыс етiледi. 

 

      4. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы 



өтiнiм берушiден онсыз сараптама жасау мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның 

iшiнде елеулi белгiлердiң өзгертiлген тiзбесiн сұратуға құқылы. 

 

       Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал 



жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнi өзгертiлместен 

табыс етiлуге тиiс. 

 

       Қосымша материалдарға өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде осы 



баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұратылған 

материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты белгiленген 

мерзiмде ұсынбаса, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi. 

 

        5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтiнiмге мәнi бойынша жүргiзiлген сараптама 



нәтижесiнде өтiнiм берушi сұраған көлемдегi құқықтық қорғау мәлiмделген ұсынысы осы 

Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына 




жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау