Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

      30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және 

 

              оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату 

 

      1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық 



немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. 

 

        2. Қорғау құжатының қолданылуы: 



 

       1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны 

туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi 

берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ 

өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы 

объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек 

өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады; 

 

        2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде 



ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын 

тоқтатылады. 

 

        3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп 



танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы 

мәлiметтер жариялайды. 

 

      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. 

 

              Соңынан пайдалану құқығы 

 

      1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде 



тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi 

күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, 

патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда

қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 

 

       Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру 



туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына 

келтiрiлген күн болып табылады. 

 

        2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн 



аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын 

өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық 

жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн 

пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы). 

 

       Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн 



пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана 

берiлуi мүмкiн. 

 

      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

   7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және  

 патент иеленушілердің құқықтарын қорғау  

      32-бап. Шағым кеңесi 

 

      1. Шағым кеңесi осы Заңның 22-бабының 6, 10-тармақтары, 23-бабының 3-тармағы 



және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа 

дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi 

болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу 

және қаралу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi. 

 

        2. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында осы Заңда белгiленген 



мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, 

сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты 

қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек. 

 



 

        3. Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi 

өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн. 

 

      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау 

 

      1. Мынадай даулар: 



 

        1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы; 

 

        2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы; 



 

        3) патент иеленушiнi анықтау туралы; 

 

        4) күштеп лицензия беру туралы; 



 

        5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға 

айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы; 

 

        6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық 



шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы; 

 

        7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы; 



 

        8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы 

төлеуi туралы; 

 

        9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы; 



 

        10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар 

сот тәртібiмен қаралуға тиiс. 

 

        2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты 



өзгерiстер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi. 

 

      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент 

 

              иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн 

 

              жауапкершiлiк 

 

      Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк 



объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм 

берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз 

пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртiбiн бұзу 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады. 

 

        


Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. 

N 179-IV 

Заңымен. 

 

   8-тарау. Қорытынды ережелер  



      35-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама ұйымының 

 

              iс-әрекеттерiне ақы төлеу 

 

      Уәкiлеттi органның күзет құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм 



бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу 

туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының 

салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады. 

 

      Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, күзет құжаттарын беруге өтiнiмдер 



қабылдауды, оларды тiркеудi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне сараптама жүргiзудi 

және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туындататын өзге де iс-

әрекеттердi қамтитын iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн сараптама ұйымы Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады. 

 

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. 



N 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз) Заңымен 

 

      36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер 



 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бiлiктiлiк деңгейi 

қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенiм 

бiлдiрiлген өкiл бола алады. 

 



 

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын , 

оларды аттестаттау, тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу 

туралы куәлiк бepу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. 

 

      2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш 



берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм 

бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады. 

 

        3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе 



шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк 

сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушінің құқықтарын, 

сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады. 

 

       Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде 



жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-

жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, 

патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра 

алады. 


 

      4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан 

Республикасының заң актiлерiнде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенiм 

бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл 

алатын ақпарат құпия болып танылады. 

 

       Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi 



өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан 

өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгедей қатысса, 

сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы 

лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес. 

 

        5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент 



иесiнiң оған берген сенiмхатымен куәландырылады. 

 

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен 

, өзгерту енгізілді - 2005.11.22.  

N 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-

баптан 


қараңыз) Заңымен 

 



      37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде 

 

              патенттеу 

 

      1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет 



елдерге өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай 

өткен соң немесе мемлекеттiк құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы 

белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы 

мүмкiн. <*> 

 

        2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ 



Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi 

халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, 

сараптама жасау ұйымы арқылы бередi. 

 

        3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне 



өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртiбiн бұза отырып 

берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне 

қорғау құжаты берiлмейдi. 

 

      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен 

 

              азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары 

 

      1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан 



Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара 


 

түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды 

тұлғаларымен тең пайдаланады. 

 

        2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және 



өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде 

көзделген құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше 

туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады. 

 

      Қазақстан Республикасының 

 

      Президенті 

 

 



 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат 



орталығы" ШЖҚ РМК 

Document Outline

  • 1-тарау. Жалпы ережелер
    • 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
    • 2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
    • 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
    • 4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және               өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы               уәкiлеттi мемлекеттiк орган
    • 4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
    • 5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
  • 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке   қабілеттілігінің талаптары
    • 6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
    • 7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк               талаптары
    • 8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк               талаптары
  • 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер
    • 9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы
    • 10-бап. Патент иеленушi
  • 4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға   ерекше құқық
    • 11-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi
    • 12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық                болып танылмайтын әрекеттер
    • 13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық                қорғау
    • 14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға                құқық беру
    • 15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
  • 5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
    • 16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
    • 17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
    • 18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм
    • 19-бап. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм
    • 20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
    • 21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм                құжаттарын түзету
    • 22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын                 сараптама
    • 22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге                   арналған өтiнiмге сараптама
    • 23-бап. Пайдалы модельгe патент беруге арналған                 өтiнiмге сараптама
    • 24-бап. Өнеркәсiптiк үлгiге берiлетiн өтiнiмге сараптама
    • 25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және                қорғау құжатын беру
    • 26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi                жариялау
    • 27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу
    • 28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
  • 6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және   қалпына келтіру
    • 29-бап. Қорғау құжатына дау айту
    • 30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және                оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
    • 31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру.                Соңынан пайдалану құқығы
  • 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және   патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
    • 32-бап. Шағым кеңесi
    • 33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау
    • 34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент                иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн                жауапкершiлiк
  • 8-тарау. Қорытынды ережелер
    • 35-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама ұйымының                iс-әрекеттерiне ақы төлеу
    • 36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
    • 37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде                патенттеу
    • 38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен                азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары

жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау