Қазақстан Республикасының Патент Заңы
Мұрағаттық версия
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы
МАЗМҰНЫ
ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 Заңымен енгізілген өзгерістер
әртүрлі уақытта қолданысқа енгізілген ( 2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда
"Заң" Деректер базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез
келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;
2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi
ресми
мерзiмдiк басылым;
3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк қызмет нәтижелерi және
азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi
дараландыру құралдары;
4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берiлген өнертабыстарға инновациялық
патенттер мен патенттер, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдерге патенттер;
5) қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс
берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк
объектiлерi;
6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа
(лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану
құқығын беру шарты;
7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және
өнеркәсiптiк үлгiлер;
8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге
1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;
9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне
құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;
11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары
берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;
12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың
уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының
азаматтары.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.
N 237
Заңымен.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен
пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес
қатынастар реттеледi.
2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер,
интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары,
тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен
реттеледi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк
меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық
шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше
ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N
586
Заңымен .
4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және
өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан
Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi,
өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық
қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау
құжаттарын беру;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың
қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау,
әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09
N 586
, өзгеріс енгізілді -
2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда
(өнертабыстарды,
пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында
қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық
бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер
қабылдау;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама
жүргiзу;
3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк
үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы
мәлiметтердi жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де
функцияларды жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N
586
Заңымен .