Балалардың шартты рефлексі



жүктеу 5,75 Mb.
Дата20.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#44387
Презентация Отбасындағы әкенің ролі


«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

Жоспар: 1.Отбасындағы әкенің рөлі 2.Отбасындағы әке рөлінің параметрлері 3.Әке-жаратылыс бастауы

Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше. Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.


Отбасындағы әкенің рөлі өте күрделі мазмұнда болады; ол келесі параметрлер бойынша айқындалады деп саналады:
*әкесінің отбасындағы адамдар саны мен соларға жауап беретіндердің саны;
*оларға жүргізетін үстемдігінің дәрежесі;
*тура жақындықта баласымен өткізетін уақыттың саны;
*әйелімен және балаларымен өткізетін уақыты және осы байланыстардың сапасы; қандай тәсілмен ол балаларын күтумен айналысады;
*әкесі балаларды іскерлік пен дағдылыққа тура және жанама үйретуде қаншалықты жауапты болады;
*оның балаға қатысты рәсімдерге, іс-шараларға қатысуы;
*отбасыны ұстау үшін қаншалықты еңбек етеді;
*отбасының ресурстарын ұлғайту және қорғау үшін оған қаншалықты күш жұмсау қажет;
«Ондаған, жүздеген мамандықтар, кәсіптер бар: бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,-бұл адамды жарату... Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес» В.А.Сухомлинский

. Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?! Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?! Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам, Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме! Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке! Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке! Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік, Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!


Ситуациялық сұрақтар - Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?
- Сізге, мектептегі мұғалімдерден “Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады” деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көршілерден де сондай шағымдар естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: “Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың”, - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
- Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз? - Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
- Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Әке мінезі балаға жұғады Баланың бойындағы ер мінезділік, өжеттілік, мәрттік қасиеттер әке арқылы қалыптасады. Әкенің бойындағы қасиет балаға беріледі немесе «жұғады». Қазір балабақшадағы, мектептегі, университеттегі тәрбие әйел адамдардың қолында екендігі де жасырын емес. Әсіресе осы кезеңде әкенің тәрбиеге араласуы өте маңызды. Қарапайым ғана шеге қағу, балға ұстау, шұрып бұрау, ат міну, аяқ киім тігу, электр тоғын жалғау сынды әйелдің шамасы келмейтін шаруаларға баулу да әке мойнына артылған. Әке көрмеген бала ертең балға сұраса ара әкеліп жатса таңғалмаймыз. Баланы өзімен бірге ертіп жүру, шамасы жетпейтін шаруа болса да жай ғана қарап тұруға қалдыру, көлік жуғызу, анасы мен қарындастарына ауыр заттарды көтертпеуге үйрету – ертеңгі күні жеміс беретін әдістерден.


жүктеу 5,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау