Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық 

айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi 

қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу 

(қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер 

болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi. 

 

        2. Патент иеленушi: 



 

       1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды; 

 

        2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен 



бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын 

өтеуiн; 


 

        3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен 

бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына 

өндiрiп алуды; 

 

        4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi 



айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын 

толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi

 

        5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен 



бастап, азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау 

құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы 

арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға

 

        6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты 



мiндеттi түрде жариялауға құқылы. 

 

        3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды 



лицензиаттың да қоюы мүмкiн. 

 

      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

   5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі  

      16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау 

 

      1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-



бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - 

өтiнiм берушi) бередi. 

 

        2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде 



берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi. 

Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың мемлекеттiк 

тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi 

сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай 

iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм 

ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. 

 

       Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген 



болып есептеледi. 

 

        3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау 



органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган 

және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға 

дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс. 

 

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм 

 

      1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) 



бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын 

өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы). 

 



 

        2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар: 

 

       1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, 



сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын 

беру туралы өтiнiм; 

 

        2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн 



толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы; 

 

        3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн 



өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге 

тиiс; 


 

        4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де 

материалдар; 

 

        5) реферат; 



 

        6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат; 

 

       7) 



Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  

N 237 


Заңымен. 

 

       Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама 



жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн 

азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе 

өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған 

жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. 

 

       Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм 



берiлмеген болып есептеледi. 

 

        3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-



тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм 

құжаттары түскен күн бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде 

тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi. 

 

      4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды 



сараптама жасау ұйымы белгiлейдi. 

 

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм 

 

      1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге 



өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын 

пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс. 

 

        2. Пайдалы модельге өтiнiмде: 



 

       1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, 

сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру 

туралы өтiнiш; 

 

        2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын 



сипаттамасы; 

 

        3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң 



формуласы; 

 

        4) сызбалар; 



 

        5) реферат; 

 

        6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 



 

      Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн 

растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса 

тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде 

тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, 

бiрақ екi айдан аспауға тиiс. 

 

       Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм 



берiлмеген болып есептеледi. 

 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау