Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

       Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық 

болмаса, онда жұмыс берушінің қызметкерден қызметтік өнертабыс туралы қосымша 

материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен 

бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген 

мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап 

қайта қалпына келтіріледі. 

 

       5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні қызметтік 



өнертабыстың жасалғандығы туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-тармағында 

көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен 

басталады. 

 

       Егер қызметтік өнертабыстың жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол 



қызметтік өнертабыс авторына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл 

ретте, егер қызметтік өнертабысқа қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі 

болса, ол авторға тиісті өтінімді ресімдеудің басталғандығы туралы хабарлауға 

міндетті, ал автор жұмыс берушінің талабы бойынша жазбаша түрде қызметтік 

өнертабысқа өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және қызметтік 

өнертабыстың барлық авторларының тізімін беруге міндетті. 

 

       6. Жұмыс беруші қорғау құжатын алуға өтінім бергеннен кейін оны алуға не 



қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған жағдайда, қорғау құжатын алуға 

құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы және өтеусіз беруге міндетті. 

 

       7. Егер жұмыс беруші жасалған өнеркәсіп меншігі объектісі туралы өзін автор 



хабардар еткен күннен бастап төрт ай ішінде өтінім бермесе, қорғау құжаттарын алу 

құқығын басқа адамға бермесе және тиісті объектіні құпия сақтау туралы авторға 

хабарламаса, онда қорғау құжатын алу құқығы авторға көшеді. Бұл жағдайда жұмыс 

берушінің тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін патент иеленушімен шарт бойынша өз 

өндірісінде пайдалануға басым құқығы бар. 

 

       8. Тараптардың ешқайсысының екінші тарапқа бұл туралы хабардар етпей, 



қызметтік өнертабысқа қатысты өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымына 

қорғау құжатын алуға өтінім беруге құқығы жоқ. 

 

       9. Қызметтік өнертабыс үшін авторға сыйақы төлеудің мөлшері, шарттары және 



тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісіммен белгіленеді. Келісімге қол 

жетпеген жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты жасаудағы 

автор мен жұмыс берушінің үлестерін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған 

немесе алуға тиісті пайданың жартысына автордың құқығы бар деп танылады. 

 

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10. 



N 179-IV 

  Заңымен. 

 

   4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға  

 ерекше құқық  

      11-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi 

 

      1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша 



пайдалануына ерекше құқығы болады. 

 

       Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға 



айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде 

жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады. 

 

        2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, 



жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы 

мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн 

пайдалану болып танылады. 

 

       Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi 



формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр 

белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын 

өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп 



 

табылады. 

 

       Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы 



мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады. 

 

       Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және 



негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, 

қорғалатын өнеркәсiптік үлгiсi бар болып танылады. 

 

        3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi. 



 

       Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн 

пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. 

Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын 

объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң 

келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ. 

 

       Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi 



патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.   

 

        4. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы 



мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi сондай 

өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз 

пайдаланылмаса, патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi пайдаланбаған және 

тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте, кез 

келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш жасауға 

құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн 

дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн 

белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген 

лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс. 

 

       Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы 



iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс. 

 

       Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн 



пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен 

бiрге беруi мүмкiн. 

 

       Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi 



доғарылған реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс. 

 

        5. Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт 



жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының басқа 

иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан Республикасы 

аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше емес күштеу лицензиясын 

беру туралы сотқа арыз беруге құқылы. 

 

       Аталған лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi 



өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн және 

тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда қалыптасқан практикаға 

сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс. 

 

       Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы 



бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлген кезде 

ғана берiлуi мүмкiн. 

 

      6. Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды 



тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге 

тиiс. V074648 

 

      7. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу 



құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi. 

 

        8. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп 



тұруға мiндеттi. 

 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау