Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

        11. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге 

дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы 

өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына сәйкес 

жүргiзiледi. 

 

        12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен 



таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы 

оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi. 

 

        13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi 



өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi 

қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама 

жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн. 

 

       Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм 



бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама 

жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған 

қарсылықпен бiрге тапсырылады. 

 

        14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын 



мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы 

заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады. 

 

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге 

 

                 арналған өтiнiмге сараптама 

 

      1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 17-бабы 2-



тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм 

құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм 

осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының 

талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы 

хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген 

күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды 

(мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып 

есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. 

 

       Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен 



кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргiзедi, оның процесiнде осы 

Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi, оларға қойылатын 

белгiленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бiрлiгi талабының сақталуы тексерiледi, 

мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс ретiнде қорғалатын   oбъектiге жататындығы туралы 

мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күнi белгiленедi және мәлiмделген шешiмнiң 

Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде 

берiлген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтiнiмдерге, қаралатын өтiнiмнiң 

басымдық күнiне дейiн сараптама жасау ұйымына берiлген басқа өтiнiм берушiлердiң 

керi қайтарып алынбаған өтiнiмдерiне қатысты жергiлiктi жаңалығына тексеру, сондай-

ақ өнеркәсiпте қолданылымдығына тексеру жүргiзiледi. 

 

        2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша 



материалдар ұсынған болса, сараптама процесiнде олардың мәлiмделген өнертабыстың 

мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi. 

 

       Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгiзiлуге тиiс және 



өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген 

өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың өтiнiм 

берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және өтiнiм берушi 



 

оны дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге 

хабарланады. 

 

        3. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм 



бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда ол жiберiлген күннен бастап үш ай 

мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады. 

 

       Егер, өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе 



белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм керi қайтарып 

алынған болып есептеледi. 

 

        4. Өнертабыс бiрлiгi талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм 



берушiге оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде 

өнертабыстың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайда, 

өтiнiм құжаттарына нақтылаулар енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына 

енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Бөлектелген 

өтiнiмдердiң басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi. 

 

       Егер өтiнiм берушi өзiне өнертабыс бiрлiгi талаптарының бұзылғаны туралы 



хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау 

қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада 

бiрiншi көрсетiлген объектiнi, сондай-ақ онымен өнертабыс бiрлiгi талаптарын 

қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргізіледі. 

 

        5. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң өнертабыстар ретiнде қорғалатын 



oбъектiлерге жататыны, құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса 

және өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалық және өнеркәсiптiк 

қолданымдылық шартына жауап беретiн ұсынысты сипаттайтын болса, өтiнiм берушiмен 

келiсiлген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң 

қорытындысы берiледi. 

 

       Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа 



инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. 

 

        6. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке терiс қорытындысы: 



 

        1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiге қатысты; 

 

        2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы 



материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын 

объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын ұсынысты да 

сипаттайтын немесе өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты 

қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеген; 

 

        3) егер өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалыққа және 



өнеркәсiптiк қолданылымдық шартына жауап бермейтiн ұсынысты қамтыған жағдайларда 

берiледi. 

 

       Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен 



бастап алты ай мерзiмде оған қарсылығын уәкiлеттi органға бере алады. Қарсылықты 

апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс. 

 

        7. Өтiнiм берушi өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент 



иеленушi және үшiншi тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәлiметтер 

жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн айқындау үшiн ақпараттық iздестiру жүргiзу 

туралы өтiнiшхат бере алады, өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiн бағалау онымен 

салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы осы Заңның 6-

бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын oбъектiлерге қатысты 

ақпараттық iздестiру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру туралы өтiнiшхат 

берушi адам хабарланады. 

 

        8. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң өтiнiмдi қараудың кез келген 



сатысында берiлген немесе үшiншi тұлғалардың инновациялық патент беру туралы 

мәлiметтер жарияланғаннан кейiн берiлген өтiнiш хаты бойынша, бiрақ осы Заңның 5-




жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау