Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты 

көрсете отырып, өтiнiм берушiмен келiсiлген елеулi белгiлер жиынтығымен бiрге 

патентке оң қорытынды бередi. 

 

       Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнеркәсiптiк 



үлгiге патент беру туралы не патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. 

 

        6. Мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау 



көлемiнде өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi 

анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. 

 

       Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы, егер өтiнiм өнеркәсiптiк үлгi 



ретiнде қорғалмайтын объектiге жататын болса және, егер өтiнiм берушi ол туралы 

хабарланғаннан кейiн елеулi белгiлердiң жиынтығын өзгертпеген, елеулi белгiлердiң 

ұсынылған жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болған немесе 

өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде 

қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсiптiк 

үлгiнiң бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргiзiлмеген 

жағдайда да берiледi. 

 

        7. Өтiнiм берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. 



Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң сұратқан материалдарының көшiрмелерiн сұрау 

алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi. 

 

        8. Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген және 



өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептер болған және өткiзiп 

алынған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген 

жағдайда қалпына келтiруi мүмкiн. 

 

       Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған 



мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат 

сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық 

кеңеске жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады. 

 

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.03.02. 



N 237 

Заңымен. 

 

       25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және 

 

              қорғау құжатын беру 

 

      1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының 



мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк 

тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік 

тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн 

енгiзедi. 

 

        2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай 



отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi. 

 

       Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау 



құжаты берiледi. 

 

        3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын 



авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi. 

 

      4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер 



құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi . 

 

      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi 

 

              жариялау 

 

      1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм 



берiлген күннен бастап он сегiз ай, ал өнертабысқа инновациялық патент, пайдалы 

модельге патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай 




 

өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама 

жасау ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн. 

 

       2. 



Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  

N 237 


Заңымен. 

 

         3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде 



аталынудан бас тартуға құқығы бар. 

 

        4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 



 

        5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген 

тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық 

iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы. 

 

        6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде 



қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi 

мемлекеттiк тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерiстерi туралы мәлiметтер жариялайды. 

 

      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу 

 

      Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан 



Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға 

құқылы. 


 

      28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту 

 

      1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы 



берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге 

өтiнiм етiп өзгертуге құқылы. 

 

        2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы 



берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа 

өтiнiм етiп өзгертуге болады. 

 

        3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген 



күнi сақталады. 

 

      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

   6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және  

 қалпына келтіру  

      29-бап. Қорғау құжатына дау айту 

 

      1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық 



бойынша мынадай жағдайларда: 

 

        1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент 



қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе; 

 

        2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң 



елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер 

болса; 


 

        3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы 

жағдайында берiлсе; 

 

        4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс 



көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

 

        2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша 



қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен 

күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген 

тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi. 

 

      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

 

 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау