Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

        3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы 

модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, 

есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, 

сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр 

мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп 

белгiленедi. 

 

      4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға 



қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       19-бап. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм 

 

      1. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне 



өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң 

бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты болуға тиiс. 

 

        2. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмде: 



 

       1) өнеркәсiп үлгiсi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, 

сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру 

туралы өтiнiш; 

 

        2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн 



бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды 

жиынтығы; 

 

       3) 



Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  

N 237 


Заңымен. 

 

         4) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы; 



 

        5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс. 

 

      Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн 



растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат 

қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай 

iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм 

ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек. 

 

       Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм 



берiлмеген болып есептеледi. 

 

        3. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына 



өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, 

әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, 

сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр 

мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп 

белгiленедi. 

 

      4. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын 



талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

       20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы 

 

      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-



тармағына, 18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, 

өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi. 

 

        2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау 



ұйымына аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың 

iшiнде берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген 

халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi 

өтiнiм күнi бойынша белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-

жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса



 

соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек. 

 

       Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм 



берген кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап екi ай 

iшiнде мұны көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса беруге 

немесе оны сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан 

кешiктiрмей табыс етуге тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм 

берушi конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң 

сараптама жасау ұйымына келiп түскен күнiмен белгiленедi. 

 

      3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi және оны 



берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм 

қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты 

оларды назарға алу мүмкiн еместiгi туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы 

жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiніш берушi дербес өтiнiм 

ретінде ресiмдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша 

белгiленуi мүмкiн. V095772

 

        4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген 



өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде он екi айда және неғұрлым 

бұрын берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе, 

басымдық осы өтiнiм берушiнiң өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және 

қайтарып алынды деп саналмайтын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн 

неғұрлым бұрынғы өтiнiмi сараптама жасау ұйымына берiлген күн бойынша белгiленуi 

мүмкiн. Бұл орайда неғұрлым бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi. 

 

       Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен 



белгiлеуге болмайды. 

 

        5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң бөлектенген өтiнiм бойынша басымдығы - 



сол өтiнiм берушiнiң сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнiн ашатын 

бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша басымдықты неғұрлым 

ерте белгiлеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтiнiм шағым жасауға 

мүмкiндiгi таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтiнiм бойынша терiс 

қорытындысы шыққанға дейiн берiлсе, бастапқы өтiнiм бойынша - оның басымдық күнi 

бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған 

жағдайда уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн 

белгiленедi. 

 

        6. Басымдық бұрын берiлген бірнеше өтінiмдердiң немесе оларға қосымша 



материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар 

сақтала отырып белгiленуi мүмкiн. 

 

        7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие 



болғаны анықталса, басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек 

жiберiлген күнiн дәлелденген сол өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - 

сараптама жасау ұйымында неғұрлым бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм 

бойынша белгiленедi. 

 

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 



586 

Заңымен . 

 

      21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм 

 

              құжаттарын түзету 

 

      1. Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм 



қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен 

нақтылаулар енгiзуге құқығы бар. 

 

       Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда 



төлем алынбайды. 

 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау