Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоптар, әртүрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бірыңғай салалы бұлшық ет, эпителий (эпителийдің әртүрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.
Жұмыс барысы.
1.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.
2.Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:
А)көлденең жолақты бұлшық ет;
Ә) көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;
Б) бірыңғай салалы бұлшық ет;
В) эпителий (әртүрлі эпителий);
Г) сүйек;
Ғ) жүйке ұлпалары.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқанба?
Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Тізе рефлексін зерттеу.
Мақсаты: тізені бақылап,көру
Құрал-жабдықтар: резеңке балға.
Жұмыс барысы.
Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.
Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер. Бұл жұмысты түрлі түсті қағаздан аппликация (жапсырма) түрінде де жасауға болады.
Қорытынды.
Біліміңді тексер:
Сәйкестендір: Рефлекстік доға
Нейронның түрлері:
Сезгіш
Байланыстырғыш
Қозғалтқыш
Нейрондардың қызметі:
А. тітіркендіргіштерді қабылдап, қозуды сезім мүшелерінен ОЖЖ не өткізеді;
Б. қозуды орталық жүйке жүйесінен (ОЖЖ) жұмыс мүшесіне жеткізеді;
В. сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Нейрондардың орналасуы:
Г. нейронның денесі жұлында, ал оның ұзын өсінділері одан тыс жерлерде орналасқан.
Д. нейронның денелері ОЖЖ не баратын жолдарда жүйке түйіндерінде орналасқан.
Е. нейронның денесі мен оның өсінділері орталық жүйке жүйесінде жинақталған.
Айтылған нейрондарды суреттен тауып,
олардың қандай сандармен белгіленгенін көрсет.
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі.
Мақсаты: көз құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: жыпылықтату рефлексінің рефлекторлық доғасының схемасы
Жұмыс барысы.
1.Жыпылықтату рефлексі дегеніміз не?
2. Жыпылықтату рефлексінің түзілу механизмін сипаттап жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |