«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Мемлекеттік бақылау және қадағалау



жүктеу 14,34 Mb.
бет43/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   213

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

1 тармақ бойынша:

Таңдаулы тексерулерді жоюмен және профилактикалық бақылауды енгізумен байланысты.

2 тармақ бойынша:

Алып тастау ұсынылады, себебі іс жүзінде мемлекеттік органдар (тексеру түрлері Салық кодексінде айқындалатын салық органдарын қоспағанда) жоспарланаын тексерулерге (арнайы тәртіп, таңдаулы) қатысты кешенді тексеру жүргізеді, себебі графикке немесе тізімге кірген барлық субъектілер 60 және одан астам бұзушылық көрсеткіштерін жинаған бұзушылар болып табылады. Ал жоспардан тыс тексеру жолданымда немесе тапсырмада көрсетілген мәселе бойынша ғана жүргізілу керек, яғни априори кешенді болуы мүмкін емес.

Яғни, кешенділік немесе тақырыптылық тек тексеру түріне ғана байланысты анықталады.

3 тармақ бойынша:

1) тт. бойынша профилактикалық бақылауды енгізумен байланысты нақтылау, сондай-ақ Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес тек өрескел бұзушылықтарды ғана қайта тексеруді шектеу ұсынылады;

1-1) тт. бойынша тексеру субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынбаған немесе бұзушылықты 2 немесе одан да көп рет жоймаған елеулі және елеулі емес бұзушылықтардың орындалуын тексеру мүмкіндігі ұсынылады.

2) тт. «зиян келтіру қаупінің туындауы» түсінігінің анықталмағандығына байланысты алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар 3) және 4) тт. болған бұзушылық фактісі бойынша растауға болатын негіздер анықталды;

5)-6) тт. «немесе келтіру қаупі туралы» сөздері алынып тасталды, себебі іс жүзінде қауіптің туындау шекарасын анықтау мүмкін емес, бұл әртүрлі аймақтарда әртүрлі түсінідірілуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде аумақтық прокуратура органдарында тексерулерді тіркеу кезінде қиындықтарға әкеледі.

Сондай-ақ, профилактикалық бақылау және қадағалау енгізілген соң, мемлекеттік органдар ескерту-профилактикалық жұмыстар жүргізуі тиіс.

Сонымен қатар 5) тт. басқа мемлекеттік органдарға тексеруге тапсырма беру құқығы ҚР Бас прокурорымен шектеледі, себебі іс жүзінде прокуратураның барлық аумақтық бөлімдердің тексерулер жүргізу туралы нұсқаулар беруге құқығы бар, бұл осы мемлекеттік органдардың тексерулер санын ұлғайтады. Осылайша, 2016 жыл ішінде прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша кәсіпкерлер субъектілеріне қатысты 3682 тексеру жүргізілді, бұл кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексерулердің жалпы санының 6% құрайды.

Бұл ретте осындай тапсырмалардың басым бөлігі қоршаған ортаны қорғау (экология саласындағы) органдарына, еңбек, жер ресурстары инспекцияларына, тұтынушылар құқықтарын қорғау (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) органдарына жіберілді.

7) тт. бойынша: қарсы тексеру ақпаратты нақтылау мақсатында жүзеге асырылады,оны профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты оны тексерулер үшін негіз ретінде алып тастау ұсынылады.

10) тт. «салық төлеушінің жолданымдары» сөздерін алып тастау ұсынылады, себебі осы негіздеме ТБЖ қолданбай, субъектіге барумен профилактикалық бақылауға мынадай себептер бойынша аударылды (осы кодекстің 141 бабы 3 тармағындағы түзетулер).

Осы негіздеме астында салық органдарының 96% тексерулері жасырынған. Бұл ретте ҚР СК 627 б. 32 негіздеме анықталған, олардың кейбіреулері тіпті тексеруге негіздеме болып табылмайды. Бұл:

- салық төлеушінің өтініші бойынша, ағымдағы КК-де IFC жатқызылды, себебі салық төлеуші өзі кеңес алу мақсатында жүгіне отырып, жазаланбауы керек.

- қосылған құн салығының арту шынайылығын растау үшін;

- салық төлеушінің (салық агентінің) қосымша салық есептiлiгiн ұсынуы;

- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуына байланысты;

- қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығарумен байланысты және т.б.

Сонымен қатар ҚР СК 627 бабында мемлекеттік органға және оның аумақтық департаменттеріне тексерулер тағайындау құқығын ұсынатын жалпылама және анық емес негіздемелер бар, бұл сыбайлас жемқорлық құраушыларына әкеледі. Мынадай негіздемелер:

- уәкілетті органның шешімі негізінде;

- осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық органының шешімі негізінде.

12) тт. қатысты сапармен профилактикалық бақылау жүргізу енгізілген соң, бұл негіздеме профилактикалық бақылау жүргізу барысында анықталған өрескел бұзушылыққтарды қайта тексеру ретінде 1) тт. ауысатынын айта кету керек.



145-бап. Тексеру тағайындау туралы акт




1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде жүргiзiледi.

2. Тексеру тағайындау туралы актiде:

      1) актiнiң нөмiрi мен күнi;

      2) мемлекеттiк органның атауы;

      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;

      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.

      Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеру тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;

      6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;

      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;

      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;

      9) тексерiлетiн кезең;

      10) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi;

      11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.



12) Жоқ.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау