«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді) топтарға бөлу



жүктеу 14,34 Mb.
бет40/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   213

141-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді) топтарға бөлу


1. Мемлекеттiк бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектiлерiн төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.

2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың алдын алу қолданылатын бақылау және қадағалау субъектiлері (объектiлері) жатады.

Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.

Тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылауды және қадағалауды тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.

Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектiлерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:



1) алынып тасталсын;
2) атом энергиясы саласында;

3) өрт қауіпсіздігі саласында;



4) алынып тасталсын;

5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;



6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

7) алынып тасталсын.

Cанитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі жарты жылда бір реттен жиі болмауы тиіс.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады

Осы тармақтың төртінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарымен айқындалады, алайда жылына бір реттен жиі емес.

Бақылау және қадағалау субъектiлерінiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.

Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін және тексеру парағын бағалау өлшемшарттары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.



Жүйелі түрде тағайындалған тексеруге байланысты нысандарды мәжбүр көрсете отырып тексеру және бақылау субъектілерге байланысты жарты жылдық графика жасалады. Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың он бесінші сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Тексерулердің жартыжылдық кестелерінің жобаларында сол бір тексерілетін субъектiлер белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган кестелердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді (объектiлерді) тексерулер жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.



Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың оныншы желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың оныншы мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекікен жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.



3. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144- бабы, 3 тармағында белгіленген негіздемеге сәйкес жүзеге асады.

Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізу үшін басқарушы мемлекеттік органдар (Салық кодексі) «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген жағдайлар тысында мемлекеттік органның ресми сайтына жүктелетін тексеру қағазы, тексеру және бақылау субъектілерін таңдау үшін тәуекел дәрежесін бағалау критериясына байланысты актілерді бекітіп, кәсіпкершілікке байланысты уәкілетті органдармен бірге дайындайды.

Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізу үшін негіз жергілікті атқару органы немесе атқарушы мемлекеттік органның бірінші басшысы тарапынан бекітілген Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізудің жарты жылдық тізімі болып табылады.



Алдыңғы жылдың желтоқсан айының тоғызына дейін Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізу мен ағымдағы жылдың оныншы мамыр айында дейін мемлекеттік басқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізудің жарты жылдық тізімін Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы тарапынан дайындау үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі өкілетті органның Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізудің бекітілген жарты жылдық тізімін жіберді.

Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізудің жарты жылдық тізімін беру формасы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы тарапынан анықталады.

Тексеру және бақылау субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізу үшін жарты жылдық өзгеріс енгізуге рұқсат берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 – желтоқсан мен ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасның Бас Прокуратурасының ресми интернет сайтына салады.
Бақылау және тексеру субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізу еселігі ең көп жылына бір рет тәуекел дәрежесін бағалау критерияларымен анықталады.

9-тап, 3- бөлім Бақылау және тексеру субъектілерін (объект) аралап, профилактикалық тексеру жүргізілмейді:



1) “Рұқсат беру мен ескертулер туралы” Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат алғанға дейін рұқсат беру талаптары мен рұқсат алуға қосымша немесе біліктілік талабына сәйкес үміткердің тапсырауын тексеруге байланысты тексеру және бақылау субъектілерінің өзінің атынан жазылған өтінішке сәйкес;

2) (Салық кодексі) «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 627 – бабында көрсетілген Салық төлеушінің шағымы;



3) Егер «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жасалған өнімдердің қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді таңдауға байланысты кірген болса;

4) проведения обследования территории на выявление очагов распространения карантинных объектов и особо опасных вредных организмов; Аса қауіпті, зиянды организмдер мен карантин ошақтарының нысандардағы таралуының анықталуына байланысты аймаққа тексеру жүргізу;

5) Егер сайтқа дәннің саны мен сапасының есебі және қабылдауы мен тиеуі барысында сынамаларды алуға байланысты және дәнге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес оның сапаксын анықтау үшін нан қабылдау кәсіпорындарында сақталған дәндердің мемлекеттік ресурстарын көруге байланысты кірген болса;

6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қоршаған орта, халықтың денсаулығы мен өміріне жаппай қауіп туғызған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды ескерту, профилактика жүргізу, жолын кесу мақсатында тексеру және қадағалау жүргізу;

Осы баптың 10 –шы бөлігі тармақшасына сәйкес бақылау және тексеру субъектілерін аралап, профилактикалық тексеру жүргізу тек қана Кодекстің 144-бабы 3 – тармағы 7) тармақшасын сәйкес нқты тексерілген субъектіге байланысты нақты дәйек бойынша жүргізілген жоспар тысы тексерудің жеткіліксіз болуы; Кодекстің 132 -бабы 2 – тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген талаптардың бұзылу дәйегінің орын алуы себебінің анықталуы үшін нақты дәйектерге байланысты басқа да субъектілер бойынша тексеру мен бақылау жүргізі талап етіледі.

1) Тексеру және бақылау органы әлеуетті потенциалы бар нақты дәйектерге байланысты тексеру және бақылау субъектілерін анықтау мақсатында басқа мемлекеттік органдарда тергеу жолымен «электронды үкімет» веб порталын қолдана отырып анализ жасау;

2) Тексеру және бақылау субъектілерін аралап, профилактикалық тексеру жүргізу үшін осы саланың бірінші басшысы тарапынан бекітілген қосымша тізім жасалады.

3) бақылау мен тексеру субъектісіне барып, профилактикалық тексеру жүргізу нысанасы - осы Кодекстің 144-бабы, 3- тармағы, 7) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс жүргізілген тексерудің нәтжесінде анықталған дәйектер болып табылады.

Осы баптың 10 - бөлімі 6) тармақшасына сәйкес пунктті бақылау және тексеру үшін субъектті аралап, профилактикалық тексеру жүргізу туралы шешімнің қабылдау негізсіз болғанда тексеру және бақылау субъектісі органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікпен міндеттеледі.



4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін қауіп дәрежесін бағалау талаптары, тексеру парақтары Мемлекеттік органдар қалыптастырған қауіпті бағалау жүйесі әдістемесінің негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бе.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің тәуекелді бағалау жүйесінің құрастыру әдісі Кәсіпкерлік бойынша уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің тарапынан бекітіледі.

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялығы ескеріле отырып, Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Үшінші топқа бақылау мен тексеру субъектісіне бармай ақ профилактикалық бақылау мен осы кодекстің 114-бабының 3 – тармағында көрсетілген негізге сәйкес жоспар тысы тексеру жүргізілетін бақылау мен тексеру субъектісі кіреді.

Мемлекеттік орган тарапынан жүргізілетін жоспар тысы тексерулер үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында орын алатын тексеру парақшасына байланысты актілер бекітіліп, кәсіпкерлікке байланысты өкілетті органмен бірге дайындалады.

Субъектілерді (объект) араламай ақ тек профилактикалық тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының басқа заңнамасы мен Кодекстің 137 – бабына сәйкес жүргізіледі.

6. Төртінші топқа бақылау мен тексеру субъектілерін араламай ақ тек қана профилактикалық жүргізілетін субъектілер жатады.

Субъектілерді (объект) араламай ақ тек профилактикалық тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының басқа заңнамасы мен Кодекстің 137 – бабына сәйкес жүргізіледі.

7. Осы баптың 3,5 және 6 тармақтарында көрсетілген топтарға мемлекеттік тексеру жүргізетін кәсіпкерлік субъектілердің қызметтік саласына жатқызу; сонымен қатар жоғары дәрежелі тәуекелге жататын және жатпайтын бақылау және тексеру субъектілерді (объект) бөлу әрбір бақылау және тексеру алаңы үшін мемлекеттік орган тарапынан жүргізіледі.



8. Бірінші және екінші топқа кіретін қадағалау мен профилактикалық бақылау субъектілері (объект) тек қана төмендегі жағдайларда үшінші топқа кіре алады:

1) егер осындай субъекттер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тәртіпте үшінші тараптың алдында азаматтық – құқықтық жауапкершілік сақтандыру келісім шарты жасалған болса;



2) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік органдары тарапынан дайындалған тәуекелді бағалау критерийлерінде субъектіні (объект) аралауды қадағалау мен бақылау тексерулерді арнайы өткізуден босатылғаны анықталған болса;

3) Егер субъекттер Қазақстан Республикасының «Өзін өзі реттеу туралы» заңнамасына сәйкес ерікті мүшелік (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелері болып саналса;




жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау