«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Мемлекеттік бақылау және қадағалау



жүктеу 14,34 Mb.
бет51/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   213

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Тәуекелдерді бағалау және таңдамалы тексерулер алып тастау негізінде профилактикалық бақылауды енгізумен байланысты редакциялық түзету.

1 т. 1) тт. бойынша:

«осы Кодекстің 144 бабы 2 тармағында» сөздері «осы Кодекстің 147 бабы 6 тармағында» сөздерімен ауыстырылды, себебі дәл осы тармақта бір бақылау және қадағалау органының бірдей мәселелер шеңбері бойынша тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты тексерулер белгілеу туралы актіні тіркеу үшін ерекшеліктер белгіленген.



156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргiзiлген тексерудiң жарамсыздығы




1. Егер бақылау және қадағалау органы жүргізген тексеру осы Кодексте белгiленген тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүзеге асырылса, тексеру жарамсыз деп танылады.

Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тексерiлетiн субъектiлердiң бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.

      Тексерудiң жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе соттың осы тексеру актісінің күшiн жоюына негiз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң жарамсыздығына байланысты актiнiң күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы өтiнiш берiлген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

      Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiн бұзу тексерiлетiн субъектiнiң пайдасына шешiледi.

2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылыққа:

      1) тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;

      2) тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;

      3) тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;

      6) тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

      7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;

      8) тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;

      9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулер жүргізу мерзімдерін бұзу жатады.

10) жоқ.

156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргiзiлген тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың жарамсыздығы


1. Егер бақылау және қадағалау органы жүргізген тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау осы Кодексте белгiленген тексерулердi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауларды ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүзеге асырылса, тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiлердiң бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.

      Тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе соттың осы тексеру актісінің күшiн жоюына негiз болып табылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың жарамсыздығына байланысты актiнiң күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы өтiнiш берiлген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

      Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiн бұзу тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiнiң пайдасына шешiледi.

2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылыққа:

      1) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу негiздерінiң болмауы;

      2) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындау туралы актiнiң болмауы;

      3) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;

      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаулар жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;

      6) тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

      7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындауы;

      8) тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу;

9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаулар жүргізу мерзімдерін бұзу жатады;



10) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объекетісіне) барумен алдын ала бақылау және қадағалау және тексеру жүргізудің айрықша тәртібі бойынша өрескел бқзушылықтар болмаған жағдайда нәтижелері осы Кодекстің 144 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау