|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеМемлекеттік бақылау және қадағалау
|
бет | 41/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
| 2 т. 1) тт.: алып тастау ұсынылады, себебі радиациялық қауіпсіздік халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласы аясында тексеріледі (6 тт.), сондықтан қайталанады. 2 т. 7) тт.: ТБЖ пайдаланып, тексерілетін субъектіге (объектіге) барып, профилактикалық бақылау жүргізу ұсынылады. Бұл ретте адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру деректері анықталған жағдайда, 137 бапта әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкіндігі қарастырылған. 2 т. 4) тт. бойнша: алып тастау ұсынылады, себебі 5) тт. қайталанады.
| 142-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Міндетті ведомстволық есептілік тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын және басқа көрсеткіштерді ведомстволық есепке алуға арналған есептілік нысаны болып табылады.
Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті ведомстволық есептілікті толтыруға міндетті..
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын орналастырылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.
| 142-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Міндетті ведомстволық есептілік тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын және басқа көрсеткіштерді ведомстволық есепке алуға арналған есептілік нысаны болып табылады.
Міндетті ведомстволық есептілік нысандарын кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері әр тоқсан сайын бір кейінгі айдың 20 сына дейін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі өкілетті органның ресми интернетіне қойылады.
3. алынып тасталсын.
| Мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің (бұдан әрі - ҚСжАЕАК) 1-П есебінің мәліметтері және міндетті ведомстволық есептілік жөніндегі мемлекеттік органдардың мәліметтері ерекшеленетін жағдай туындады. Осылайша: 1) ІІМ сайтының деректеріне сай өрт қауіпсіздігі саласында 32400 тексеру жүргізілді, ал Төтенше жағдайлар комитетінің 1П есебінде барлығы 31650 тексеру көрсетілген. 2) ҚМ МКК сайтының 2016 жылғы деректеріне сәйкес 76794 салықтық тексерулер жүргізілді, ал 1П есебінде осы кезеңде 24548 салықтық тексерулер жүргізілгені көрсетілді. Мемлекеттік органдар ведомстволық есептiлiктi орналастыру мерзімдерін бұзатынын атап өту қажет. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың сайттарында есептерді іздеу қиындатылған, себебі орналастыру реттелемеген және пайдаланушы есептің нақты атауын білмесе, оны табу қиын. ҚСжАЕАК 1П есебінің нысанына қатысты атап өтетін жайт, нысанда тексерулерді талдау үшін қажетті деректер жоқ. Мысалы, тексеру түрлері бойынша қимасында, негіздемелер қимасында, әкімшілік әсер ету шаралары бойынша қимада және т.б. кәсіпкерлік субъектілерін тексерулер саны. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ ҚСжАЕАК мемлекеттік органдарды тексеруді үйлестіруші орган болып табылатындығына және тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жұмысын бастағанына байланысты, Тексерулер картасын енгізк бойынша 1П есеп нысанын және міндетті ведомстволық есептілікті біріктіру ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың ҚСжАЕАК-не есеп тапсыру және бір сайтта деректерді жинақтау міндеттілігі деректердің әртүрлілігін болдырмайды, мемлекеттік органдардың деректерді уақтылы ұсыну тәртібін реттейді. |
|
1. Реттеуші орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|