«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
мемлекеттік қызметтің
ПАСПОРТЫ
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы Нұсқаулар
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Құжаттардың тізімі:
ХҚКО-ға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін порталға:
электрондық сұрау нысанындағы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
ХҚКО-ға:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде рәсімделіп, басып шығарылып.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Жұмыс кестесі:
1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізілсе, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО басшысының атына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |