1
Онлайн анықтамалық нұсқаулық – Жиі қойылатын сұрақтар
1.2 нұсқасы
С: Бұл картамен рейстерді қалай табамын?
Іздеуді бастау үшін картадағы нүктені басыңыз. Сосын ұшу рейсі туралы ақпаратты көру үшін
экрандағы мәзірден қалаған опцияны таңдаңыз. Нәтижелер картада көрсетіледі және ұшу
рейсінің дерегі төмендегі нәтижелер тақтасында көрінеді.
С: Ұшу рейсі дерегін қалай көре аламын?
Картаны немесе іздеу жолдарын пайдаланып іздеу жасаған соң, ұшу рейсі дерегін көру үшін
нәтижелер тақтасының үстіндегі көрсеткіні басыңыз. Ұшу рейсі дерегін жасыру үшін қайта
басыңыз.
С: Картадан басқа іздеуді қалай бастаймын?
Басқа нүктені басу арқылы картада тағы бір іздеу жасаңыз, сонда орналасқан жеріңізге
қатысты жаңа іздеу басталады.
С: Карта бойымен қалай жылжимын?
Экранның оң жағындағы + және - көрсеткісін пайдаланып картаны масштабтаңыз және
жылжытыңыз.
Картада бірнеше сызық көрінген кезде, сызықтарды анығырақ көру үшін картаны ұлғайтқан
пайдалы.
С: Қалай қайтадан бастауға, картаны тазалауға немесе жаңа іздеу жасауға болады?
Картаны жаңарту үшін экранның жоғарғы жағындағы
түймесін басыңыз.
С: Картадағы нүктелер неге әр түрлі пішінде?
Олар хабтарды, қалаларды, тура бағыттар желісін және қосылатын бағыттар желісін көрсету
үшін қолданылады. Экранның дәл астында орналасқан шартты белгілер осыларды көрсетеді.
Шартты белгілерді жасыру немесе көрсету үшін қойындыдағы көрсеткіні басыңыз.
С: Картада неге әр түрлі түсті маршрут сызықтары бар?
Бұлар бағыттар бойынша іздеудің әр түрін көрсету үшін қолданылады. Олар қай
маршрутты/ұшу рейсін таңдауды шешуге көмектесуі мүмкін. Экранның дәл түбінде орналасқан
шартты белгілер әрбір тиісті түсті түсіндіреді. Шартты белгілерді жасыру немесе көрсету үшін
қойындыдағы көрсеткіні басыңыз.
2
С: Бағыттар желісі, Бағыттар бойынша іздеу, Рейстер дейміз, іздеу барысында олардың
айырмашылығы неде, маған олардың қайсысы керек?
Бағыттар желісі – Қайда бара аламын? Бұл картада сіз ұшып баруға болатын барлық бағыттар
желілерін (қалалар/әуежайлар) көрсетеді. Ал сызықтар бағыттар желісін және төменде рейс
туралы ақпаратты көрсетеді.
Бағыттар бойынша іздеу – Ол жаққа қалай барамын? Бұл екі қала арасындағы ұшып баруға
болатын барлық түрлі жолдарды көрсетеді. Ол картада осы бағыттар бойынша іздеуді
суреттеп, төмендегі нәтижелер тақтасында ұшу рейсі туралы ақпаратты көрсетіп, оларды бір
қарағанда оңай көруге мүмкіндік береді. ]
ЕСКЕРТПЕ; бұл опция барлық карталарда бола бермейді.
Рейстер – Қашан бара аламын? Бұл таңдалған күндердегі екі қала арасындағы жоспарланған
рейстерді іздейді. Рейстерді көргенде ұшып кету және ұшып келу сапар күндерін таңдай
аласыз.
Іздеу формаларын қолдану
С. Іздеу формасында баратын жерді қалай таңдаймын?
Ұшып кету/келу орны
іздеу жолына қала немесе әуежай атын енгізіп, көрсетілген тізімнен
қалаған опцияны таңдаңыз.
С: Кері оралу рейсімді көру үшін ұшып кету және ұшып келу орындарымды қалай
ауыстырамын?
Кері оралу билетін алу мақсатында іздеу жолында ұшып кету және келу орындарын ауыстыру
үшін
түймесін басыңыз.
С. Іздеу жолында қалаған авиакомпанияны немесе авиакомпанияларды қалай таңдаймын?
Авиакомпания жолы қалаған авиакомпанияны таңдауға мүмкіндік береді. Іздеу жолындағы
көрсеткілердің бірін пайдаланып олардың біреуін таңдай аласыз. Бірнеше авиакомпанияны
таңдау үшін іздеу жолының қасындағы
түймесін басыңыз, сонда қалағанын таңдап,
құсбелгі қоюға болатын тізім ашылады. Аяқтаған кезде OK немесе Бас тарту түймесін басыңыз.
С. Ауысып отыратын пункттерді қамтитын іздеуді қалай орындаймын және бірден тікелей
рейстерді қалай табамын?
Ауысып отыру рейстерін қамту жолына құсбелгі қойылған кезде, нәтижелер тақтасында
ауысып отырып баратын рейстер, яғни, баратын жерге жету үшін басқа ұшаққа ауысып отыру
рейстерін немесе тікелей рейстерді көрінеді. Бұл әдетте бірнеше опцияларды көрсетеді.
Ауысып отыруды қажет етпейтін тіке рейстерді ғана көру үшін, іздеуді бастамас бұрын
"Ауысып отыру рейстерін қамту" құсбелгісін алып тастаңыз.
3
С. Аялдаусыз рейстерді ғана іздеуді қалай орындаймын?
Аялдаусыз рейстер жолына құсбелгі қойылған кезде, нәтижелер тақтасында аттанатын және
баратын жерлер арасында қонбайтын рейстер көрінеді. Жарты жолда қонатын ұшу рейстерін
таңдағыңыз келсе, бұл құсбелгіні алып тастаңыз.
С. Мен таңдаған авиакомпаниялардың ғана рейстерін қалай көруге болады?
Код-шерді қамту жолына құсбелгі қойылғанда әрбір авиакомпания орындайтын және жүзеге
асыратын барлық ұшу опцияларын көресіз. Бұл көптеген нәтижелерді көрсетуі мүмкін. Тек сіз
таңдаған авиакомпания басқаратын рейстерді көргіңіз келсе, іздеуді бастамас бұрын осы
құсбелгіні алып тастаңыз.
С. Рейстерді іздеу үшін күндерді қалай таңдаймын?
Ұшып кету және келу уақыттарын жолды басу және күнтізбеден күнді көрсету арқылы
таңдаңыз.
Қайту уақыты жолын бос қалдыра немесе таңдалған күнгі қайту сапарын жасауға ыңғайлы
рейстерді таңдай аласыз (өткен шақтағы күндер қабылданбайтынын ескеріңіз).
Күндер +/- 3 күн – осы жолға құсбелгі қойылғанда таңдалған күндерге дейінгі
3 күндегі және
одан кейінгі 3 күндегі рейстерді көре аласыз. Бұл ықтимал опциялардың толық көрінісін алу
үшін пайдалы, себебі барлық рейстер күнде бола бермейді. Жалғыз күнді ғана іздеуге тыйым
салу үшін, іздеуді бастамас бұрын осы жолдағы құсбелгіні алып тастаңыз.
С. Іздеуді қалай бастаймын?
Іздеу опцияларын таңдаған соң, Іздеу түймесін басыңыз. Нәтижелер картада және төмендегі
нәтижелер тақтасында көрінеді.
С. Картаны/іздеуді қалай жаңартамын және жаңа іздеуді қалай бастаймын?
Жаңа іздеуді бастау үшін, экранның жоғарғы жағындағы
түймесін басып, қайта бастаңыз.
С. Нәтижелер тізімін қалай оқимын?
Іздеу нәтижелеріңіз экранның төменгі жағында пайда болады, көріністі кеңейтіп, нәтижелерді
көру үшін қойындыдағы көрсеткіні басыңыз. Іздеу шарттары мен берілген нәтижелер санын
көресіз.
Бірнеше нәтиже пайда болған кезде, олар нөмірленеді, беттер сол жақта көрінеді. Сүзгі
түймелерін нәтижелер санын азайтып, нақтылау үшін пайдаланыңыз
С. Мен іздеу жасап, еш нәтиже ала алмадым, енді не істеймін?
Егер ешбір нәтиже шықпаса, іздеу шартыңызды кеңейтіп немесе басқа ұшып кету күнін таңдап
көріңіз.
4
С. Іздеу нәтижелерін қалай сүземін және қандай сүзгілерді пайдалануға болады?
Бағыттар желісі нәтижелер тізімі және Бағыттар бойынша іздеу нәтижелер тізімі баратын жер,
аялдаулар саны немесе қашықтық бойынша сұрыпталады. Таңдау үшін
сұрыптау түймесін басыңыз, нәтижелер таңдалған сұрыптау реті бойынша жаңарады.
Көрсетілген нәтижелердің нақтыларын ғана қалдыра отырып азайту үшін, Рейстер нәтижелер
тізімін бірнеше әдіспен сүзуге болады. Олай ету үшін сүзгі түймелерін пайдаланыңыз.
Аялдаулар: аялдаусыз ұшу рейстері сүзгісі 1 не 2 аялдауы бар ұшу рейстеріне
қарағанда азырақ рейстер санын көрсетеді
Код-шер: иә опциясы әр түрлі авиакомпанияның барлық біріккен рейстерін көрсетеді,
жоқ опциясы тек өз иелігіндегі ұшақтарымен жұмыс істейтін авиакомпания рейстерін
ғана көрсетеді.
Авиакомпания: бұл сүзгі тек сіз таңдаған авиакомпания рейстерін ғана көрсетеді.
Ұзақтық: бұл сырғытпаны ұшу ұзақтығын азайту үшін пайдаланыңыз, сонда ол азырақ
ұшу рейстерін немесе жәй ғана тікелей ұшатын рейстерді көрсетеді. Ұзақтық тек
көңілге қонымды шамаға қойылғанда ғана нәтижелер көрсетіледі.
Ұшып кету уақыты: сырғытпаның әрбір ұшын ұшып кету уақыты терезесін тарылту
және іздеуіңізді дәл анықтау үшін реттеңіз.
Ұшып келу уақыты: сырғытпаның әрбір ұшын ұшып келу уақыты терезесін тарылту
үшін реттеңіз.
Ауысып отыру қаласы: бұл опцияны ауысып отыратын қаланы таңдау, сосын тек осы
қалада ауысып отыруға болатын ұшу рейстерін көру үшін пайдаланыңыз.
Ұшақ: егер қалаулы ұшақ түрін таңдағыңыз келсе, сіз таңдаған ұшақпен орындалатын
ұшу рейстерін ғана көру үшін тізімнен осыны таңдаңыз.
Сұрыптау: дисплейдегі нәтижелерді маңыздылығы бойынша реттеу үшін сұрыптау
мүмкіндігін таңдаңыз.
С. Ұшу рейстері нәтижесі кестесінен қандай ақпарат аламын және бұл нені білдіреді?
Баған атаулары ақпаратты көруді оңайлатады.
Ұшып кету орны – бұл – ұшып кететін орын. Әуежай/қала аты, код және ел көрінеді
Ұшып келу орны – бұл – қонатын орын. Әуежай/қала аты, код және ел көрінеді.
Аялдау/ауысып отыру – бұл маршруттағы аялдайтын немесе басқа ұшу рейсіне
ауысып отыратын орындарды көрсетеді.
5
Авиакомпания – бұл таңдалған маршруттың/ұшу рейсінің авиакомпаниясын
көрсетеді
Жұмыс күндері – бұл ұшу рейсінің маршруты қай күндері орындалатынын
көрсетеді. Бұл +/- 3 күн көрсетілген кезде Ұшу рейстері іздеу нәтижесінде көрінеді.
Ұшу рейсі қашан орындалатынын тез көру үшін ұшу рейсі орындалатын әрбір
күннің астында аптадағы күндер мен
ұшақ белгішелерін көресіз.
Ұзақтық – бұл ұшу ұзақтығын сағаттармен және минуттармен көрсетеді.
Қашықтық – бұл ұшу қашықтығын көрсетеді.
С. Нәтижелер қай ретпен көрсетіледі?
Бағыттар желісі мен бағыттар бойынша іздеу әріптік ретпен көрсетіледі.
Ұшу рейстерінің нәтижелері ұшып кету уақыты ретімен көрсетіледі.
Нәтижелер бойымен тез жылжу үшін оң жақтағы жылжу жолын пайдаланыңыз.
Нәтижелерді ерекшелеу үшін тінтуір көрсеткісін бір жолдың үстіне қойыңыз.
С. Мәліметтер түймесі не істейді мен нәтижелер терезесіне қалай ораламын?
Маршрут немесе ұшу рейсі туралы толығырақ мәліметтер алу үшін оң жақтағы мәліметтер
түймесін
басыңыз. Нәтижелер тізіміне оралу үшін,
түймесін басыңыз.
С. Әуежайды немесе қаланы Google картасынан көре аламын ба?
Әуежайды немесе қаланы мәліметтер бөліміндегі Google картасында көріңіз, ол үшін қала
немесе әуежай атының қасындағы
түймесін басыңыз. Бұл Google картасын қамтитын жаңа
терезені ашады, оны сосын бөлек көруге болады.
С. Таңдалған маршруттағы бүгінгі күнгі жарамды ұшу рейстерінің кестелерін қалай көруге
болады?
Бағыттар желісі немесе Бағыттар бойынша іздеу жолында ағымдағы күнге арналған жарамды
рейстер кестелерін көруді таңдай аласыз, оларды көру үшін сілтемені басыңыз.
Ұшу билеттерін қалай брондаймын?
Ұшу билеттерін брондау мақсатында брондау бетіне өту үшін
түймесін
басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |