2-параграф. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
3) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
…
7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуіне;
…
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға;
…
16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына;
17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптардың сақталуына;
18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
20) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жөніндегі талаптарды сақтауына;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына;
24) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;
25) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды
|