"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде



жүктеу 419,5 Kb.
бет5/7
Дата23.11.2018
өлшемі419,5 Kb.
#23865
1   2   3   4   5   6   7

17 Техникалық жай-күйін анықтау

93 Механизмдердің техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актілерін және кеме иесі ұсынған құжаттама бойынша анықталған тозулар, ақаулар, мүкістер және жүргізілген жөндеулер мен ауыстырулар туралы мәліметтерді пайдаланумен куәландыру нәтижелері бойынша белгіленеді.

Конструкциялардың, тораптардың және детальдардың тозуларының, ақауларының және мүкістер рұқсат етілген нормалары ұйым-дайындаушының конструкторлық құжаттамасы, нұсқаулықтары және формулярлары және осы Қағиданың нұсқаулары бойынша анықталады.

Механизмдердің техникалық жай-күйі егер олар жұмысқа қабілетті күйде болса және рұқсат етілген тозулар мен ақаулар нормаларынан асу анықталмаса жарамды деп танылады.

94 Механизмдердің техникалық жай-күйі келесі критериялар бойынша жарамсыз деп танылады:

1) тораптар мен детальдар тозуларының, ақауларының рұқсат етілген нормалардан асуы,техникалық (сервистік) қызмет көрсетудің дайындаушының пайдалану құжаттамасында регламенттелген көлемде және мерзімдерде орындалмауы.

2) қозғалтқыштардың жұмысшы параметрлерінің ауытқуы, ұйым-дайындаушының белгіленген шегінен шығуы;

3) блок бастиегі, форсункалар, іске қосу клапандары нығыздағыштары және басқа арматура арқылы газдың өтуі және қозғалтқыштың картеріне және машиналы бөлімшеге газдың кіруі, цилиндр қақпақшысында және цилиндр төлкесінде бүлінулер, жарықтар, өтпелі раковиналар немесе сырдың кетуі;

4) газ шығару жүйесінің өткізгіштігі;

5) жарамсыз немесе калибреуден өтпеген бақылау-өлшеу аспаптары.


18 Жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелерге қосымша талаптар

95 Кемеде пайдаланылатын механизмдердің, отын багының және оларға қызмет көрсетуші құбыржүйелерінің өз мақсатына сәйкес келуін тексеру.

96 Стартерлі құрылғының жұмыс істеуін тексеру. Осындай құрылғы ретінде аккумуляторлы батарея пайдаланса, оны зарядтау мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

97 Аккумуляторларды тексерген кезде осы Қағиданың 151-тармағын басшылыққа алу қажет.



4-бөлім. ПАЛУБАЛЫ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫКЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН КУӘЛАНДЫРУ

19 Жалпы нұсқаулар

98 Осы тараудың талаптары мына жалпыкемелік жүйелерге қолданылады:

1) құрғату;

2) сумен, көмірқышқылды, аэрозольдік өрт сөндіру (олар болған жағдайда);

3) желдету;

4) үй-жайлардың кондицированиесі және жылытылуы, ауыз су;

5) техникалық су; нәжісті;

6) мұнай өнімдерімен ластанған суды жинақтау.

Барлық жүйелер іс-қимылда тексеріледі. Тексеру барлық штаттық сорғыларды, компрессорларды, қашықтықтан басқарылатын жетектерді және сигнал беру құрылғыларын пайдаланумен жүргізіледі.

99 Сумен сөндіру жүйесін куәландыру кезінде кез-келген өрт сөндіретін көтергіш крандағы судың барынша шығындалуы кезіндегі қысымы тексеріледі.

100 Аэрозольды сөндіру жүйесін куәландыру кезінде оның жарамдылығын басқару және сигнал беру қалқанындағы индикация арқылы анықтайды, ал жұмысқа қабілеттілігін имитация әдісімен тексереді. Сонымен бірге жабдықты бекіту сенімділігін бақылайды.

101 Көмірқышқылды сөндіру жүйесін куәландыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігін сығылған ауамен тексереді.

Баллондарда көмір қышқылының бар болуын кеме иесі ұсынған өлшеу актісі бойынша тексереді. Осы ретте баллондардағы көмір қышқылы массасының рұқсат етілген ауытқуы жобада немесе қондырғыны пайдалану жөніндегі нұсқамада көзделгеннен 10%-ға аспауы тиіс.

102 Өртке қарсы жүйелерін куәландыру кезінде өрт сигнал беру жүйесін іс-қимылда тексереді.

103 Құрғату жүйесін іс-қимылда корпус отсектарынан суды сынамалы тартып шығару жолымен тексереді.

104 Желдету жүйесін куәландыру кезінде оны іс-қимылда басқару постарынан іске қосу және тоқтату арқылы тексереді. Сұйылтылған газдың тұрмыстық құрылғысы (плита) бар үй-жайларда, және баллондар сақталатын үй-жайларда (қоршаулар) желдету жүйесінің тексерілуіне ерекше көңіл бөлінеді.


20 Техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі жалпы нұсқаулар

105 Жүйенің техникалық жай-күйі егер жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, жұмыс ортасының агу анықталмаған, ал бақылау-өлшеу аспабы ақаусыз болса жарамды деп танылады.

106 Осы Қағиданың 4.1.4-тармағында атап көрсетілген жүйелердің элементтерінің техникалық жай-күйі мыналар анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:

1) корпуста бүлінулер, жарықтар, өтпелі қалқалар;

2) қозғалыс детальдарында, мойынтіректерде, жалғаулық және үйкелісті муфталарда бүлінулер, жарықтар, задирлер;

3) фундаменттерге жүйелер элементтері бекітпесінің босауы, жоғары діріл;

4) агрегаттар жұмысы кезінде бөгде шулар:

5) құбыр желісі қабырғасының және оқшаулағышының бүлінуі, құбыр желісі қосындылары арқылы жұмыс ортасының шығып кетуі, майұстағышты тығыздағыштардың тозуы, арматураның дұрыс жұмыс істемеуі.


21 Жалпыкемелік жүйелерді алғашқы куәландыру

107 Куәландыру кезінде сынақ жүйелері мен актілері құрамына кіретін жабдықтың қоса жүретін құжаттамасының бар болуы тексеріледі.

108 Жүйелерді куәландыру көлемі кеменің қызмет ету мерзіміне, оның элементтерінің техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманың бар болуына және т.б. қарай белгіленеді және жалпы жағдайда кезекті куәландыру көлемінен кем болмауы тиіс.

109 Осы Қағиданың 107 және 108-тармақтарында көрсетілгеннен басқа осы Қағиданың 99-104 тармақтары талаптарының орындалуы тексеріледі.


22 Жалпы кемелік жүйелерді жыл сайын куәландыру

110 Куәландыру көлеміне мыналар кіреді:

1) қол жетерлік орындардағы жүйелерді сыртынан қарау;

2) барлық жүйелерді іс-қимылда осы Қағиданың 99-104-тармақтарының талаптарына сәйкес тексеру;

3) ауыз су жүйесінің жарамдылығын тексеру. Сынау және зертханалық талдау нәтижелері кемеде сақталады.
23 Жалпы кемелік жүйелерді кезекті куәландыру

111 Жүйелерді кезекті куәландыру осы Қағиданың 110-тармағының нұсқауларына сәйкес механизмдерді тексеру және сынақтан өткізумен бір мезгілде жүргізіледі, осы ретте жүйелерді және құбыр желілерін қарау қажет болған жағдайда оқшаулағышқа, қоршамаларға, құбыр желілеріне, арматураға қол жетімділікті, ашуды және бөлшектеуді қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

Түпті, борт және өткізбейтін аралықтарда орнатылған арматураның жарамдылығына ерекше назар аударылу қажет.

112 Кезекті куәландырудың алдында Қазақстан Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесі ұсынған, кеме жүйесінің құбыр желісі және арматурасын, оларға қызмет көрсететін агрегаттарды қарау және ақаулау, тозуларды және ақауларды анықтау, жөндеу көлемін анықтау нәтижесі көрсетілген құжаттармен танысуы керек.

113 Жүйелердің гидравликалық сынағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Жүйелердің гидравликалық сынағы сонымен бірге жүйенің құбыр жүйесі, арматурасы және басқа да элементтері жөнделген және/немесе ауыстырылған жағдайларда жүргізіледі.

114 Барлық жүйелерді осы Қағиданың 99-104-тармақтарының, 110-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес іс-қимылда тексеру жүргізіледі.


24 Жалпыкемелік жүйелердің техникалық жай-күйін анықтау

115. Жүйелердің техникалық жай-күйі бұрынғы куәландыру және анықталған кеме құжаттамасы бойынша тозулар, ақаулар, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтер актілерін пайдаланумен, элементтерін (сорғыларды, компрессорларды, сепараторларды, желдеткіштерді, жылу алмасу аппараттарын, фильтрларды, құбыр желілерін және арматураны) куәландыру және сынау нәтижесі бойынша анықталады.

116 Жүйелер элементтерінің тозу және ақау нормаларын конструкторлық құжаттамаға, ұйым-дайындаушылардың нұсқаулықтары және формулярларына және осы Қағиданың нұсқауларына сәйкес белгілейді.

117 Егер тозулар және ақаулар ұйым-дайындаушылардың құжаттарында белгіленген нормалардан асса жүйелердің және олардың элементтерінің техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады.


5-бөлім. КЕМЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАУДЫ КУӘЛАНДЫРУ

25 Жалпы нұсқаулар

118 Осы тараудың талаптары мыналарға қолданылады:

1) кеме құрылғыларына: рульдік, ауыстырушы басқарғыш, зәкірлі, буксирлі, арқандап байланатын, қайықшалы, фальшкильдер мен салынды бұрылысы;

2) құтқару және сигнал беру құралдарына:

3) өртке қарсы, навигациялық және авариялық жабдықтарға;

4) жүк көтергіш құрылғыларға.

119 Кеме құрылғылары мен жабдықтарды куәландыру корпусты куәландырумен бір мезгілде жүргізіледі. Кеме құрылғылары іс-қимылда жасақталған күйде штаттық аспаптарды пайдалана отырып тексеріледі.

Кеме иелеріне пайдаланымда анықталған тозулар, бүлінулер және ақаулар, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтер ұсынылады.

Кеме құрылғыларын іс-қимылда тексеру кезінде құрылғының құрамдас бөлігін ауыстырумен жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін оларды кеменің арқандар байланатын және қажет болған жағдайда жүріс сынақтарында тексеру орындалады.

120 Палубалы шағын көлемді кемелердің зәкірлі, арқандап байлау құрылғыларының элементтері тиісінше ІСЖКЖҚ 41 және 42-тарауларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

121 Динамикалық қолдау принциптері бар кемелердің зәкірлі жабдықтау нормалары ІСЖКЖҚ 3083-тармағында келтірілген.

122 Ұзындығы 12 м дейін шағым көлемді кемелердің зәкірлі жабдықтау құрамын техникалық әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда келтірілген жалпы қабылданған нормалардың көмегімен анықтауға жол беріледі.

123 Жүк көтергіш құрылғылар ІСЖКЖҚ 44-тарауының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

124 Сыныптамалық есепке кемені қою кезінде рульдік құрылғының конструкциясы кемені басқару, кеменің курста бұрылғыштығын және тұрақтылығын қамтамасыз ететініне көз жеткізу қажет, бұл Қазақстан Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген арқандап байлау және жүзу сынағы бағдарламасы көлемінде жүргізілген кеменің жүзуын сынау нәтижесімен расталуы тиіс.


26 Техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі жалпы нұсқаулар

125 Рульдік құрылғыны техникалық куәландыруды жүргізу кезінде бағалау критериялары:

1) Рульді борттан бортқа ауыстырып қою 350 кем емес, аспалы қайық моторы үшін- 300 кем емес шекте.

2) штурвалдың айналымы кезінде кептелудің болмауы;

3) егер шағым көлемді кеме қашықтық рульдік басқарумен жабдықталса, рульдіктің орнында орнатылған көрсетушінің көмегімен рульдің диаметрлік жазықтыққа қатысты ақпараттың болуы;

4) штуртроста қаттама үзіктерінің жоқтығы;

5) рульдің қалақшасының және рульдік жетектің детальдарының бүлінуінің болмауы; шағым көлемді кемені қашықтық рульдік басқарумен жабдықтау кезінде кемені шағым жылдамдықта басқарудың авариялық құралының болуы:

126. Төменде көрсетілген талаптардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмеу зәкірлі және арқандап байлау-сүйрету құрылғысының техникалық жай-күйін «жарамсыз» деп бағалауға негіз болады:

1) 20% аса коррозиялық тозу салдарынан зәкір массасының төмендеуі;

2) алғашқы диаметрден зәкір шынжыр буындарының 10% аса тозуы;

3) болатты зәкір арқан сымдары үзілістерінің 8 диаметрге тең ұзындықта олардың жалпы мөлшерінен 10% аса кез-келген жерінен, үзілулері саны.
27 Алғашқы куәландыру

127 Куәландыру кезінде кеме құрылғыларына және жабдықталуына қоса жүретін құжаттаманың және сынау актілерінің болуы тексеріледі.

128 Кеме құрылғыларын және жабдықтауды куәландыру көлемі кеменің қызмет ету мерзіміне, оның элементтерінің техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманың болуына және т.б. қарай белгіленеді және жалпы жағдайда кезекті куәландыру көлемінен кем болмауы тиіс.
28 Жыл сайынғы куәландыру

129 Рульдік құрылғыны куәландыру кезінде руль жетегі, штуртрос, білікше өткізгіш, румпель, сектор, буферлі серіппелер, руль бұрағышты шектеулер(насадок), гидроцилиндрлер, сорғылар, құбыр жүйелері және гидропроводтардың арматурасы, сонымен бірге қарауға қол жетімді басқа да детальдар қаралуы тиіс.

Рульдік құрылғы іс-қимылда басты қозғалтқыштардың түрлі режимде тоқтатылған және жұмыс істеген кезінде тексерілуі тиіс.

Негізгі рульді жетек рульдік борттан бортқа көп рет ауыстырып салу жолымен, қосалқыны – ең көбінің 60 % тең кеменің алдыңғы жүрісінің жылдамдығына сәйкес бас қозғалтқыштың режимі кезінде рульді борттан бортқа ауыстырып салу жолымен тексеру керек. Бір мезгілде аксиометр көрсетуінің дұрыстығы тексеріледі.

Негізгі және қосалқы рульдік жетектерді негізгі, сондай-ақ авариялық қоректену көзінен тексеру қажет.

Ауыстырушы басқарғышты іс-қимылда тексеру қажет.

130 Қайықшалы құрылғы және қайықшалар түсіру және көтеру арқылы сыналуға тиіс.Сондай-ақ қайықшаларды жабдықтау жиынтықтығы тексерілуі керек.

132 Буксирлі құрылғыны қарау кезінде буксирлі гактың, буксирлі арқанның, буксирлі кнехтің жай-күйін, кеме корпусына оларды бекіту сенімділігін және шектемелі құрылғының жай-күйін тексеру қажет.

Буксирлі гактың онда бекітілген арқанмен жылжымалығын, гактан буксирлі арқанның қайтарымын, рубкадан гактың қашықтық қайтарымын, қашықтық және жергілікті басқару постарынан арқанды таңдау және өңдеу бойынша буксирлі жүкшығырының жұмысын, өздігінен тежелетін жетектен барабанды өшіру және арқанды еркін өңдеу, жүкшығыр механизмінің, тежеуішінің және электр жабдығының жұмысын тексеру қажет.

133 Белгі беру құралын қарау кезінде сигналды-ерекшелендіру фонарьларының, дыбыстық және пиротехникалық құралдардың ІСЖКЖҚ 47-тарауының талаптарына сәйкестігін тексеру керек. Фонарьлар мен дыбыстық құралдар іс-қимылда тексеріледі.

134 Кеме жабдығын қарау кезінде құтқару, навигациялық, авариялық және өрттік жабдықталуын осы Қағиданың 10-тарауында белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеру қажет. Жабдықтаудың техникалық жай-күйін сыртқы қараумен тексеру қажет.

135 Үрлемелі құтқару салдарына құжаттарды тексеру қажет және салдарды контейнерлермен, гидростатикалық құрылғылармен және баллондармен жыл сайын тексеру және қайта толықтыру, сондай-ақ суға түсіп кетуі, газ толтыру жүйесінің іске қосылуы және жол берілмейтін ақаулар анықталған жағдайда Қазақстан кеме қатынастары тіркелімімен берілген, Тану туралы куәлігі бар арнайы мекемелер жүргізеді.



29 Кезекті куәландыру

136 Кезекті куәландырудың алдында Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған, кеме құрылғыларының және жабдықтаудың техникалық жай-күйін көрсететін құжаттармен танысуға тиіс.

137 Слипта, докта немесе жағаға көтерілген кемеде корпустың суасты бөлігінде орналасқан құрылғылардың элементтерінің жай-күйін тексеру қажет.

138 Әрбір металл құтқару аспабы өткізбеушілікке, ал әрбір пластмассалы құтқару аспабы жүзгіштікке сыналуы тиіс.

Жауапты элементтерді (қаптама, киль, планширь) ауыстырумен жөндеуден өткен қайықша қосымша беріктілігіне сыналуға жатуға тиіс.

Сынаудан кейін құтқару аспабына сыналу датасы көрсетілген штамп қойылады.

139 Кеме құрылғыларын және жабдықтауды жұмыс істеу кезінде қарау және тексеру осы Қағиданың 129-135 тармақтарының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
30 Техникалық жай-күйін анықтау

140 Кеме құрылғыларының және жабдықтаудың техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актілерін және кеме иесі ұсынған құжаттама бойынша анықталған тозулар, ақаулар, зақымдар, неисправности, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтерді пайдаланумен куәландыру нәтижесі бойынша анықталады.

141 Кеме құрылғыларының және жабдықтаудың тозуларының және ақауларының нормалары ұйым-дайындаушының конструкторлық құжаттамасына, нұсқаулықтарына және формулярларына, сондай-ақ осы Қағидалардың нұсқауларына сәйкес белгіленеді.

142. Кеме құрылғыларының және жабдықтаудың техникалық жай-күйі егер оларды куәландыру кезінде тозулардың және ақаулардың нормаларынан асуы анықталмаған, құрылғылар жұмысқа қабілетті күйде болса, ал жабдықтау осы Қағидада белгіленген нормаларға сәйкес келсе жарамды деп танылады.

143. Кеме құрылғыларының және жабдықтаудың техникалық жай-күйі келесі критериялар бойынша жарамсыз деп танылады:

1) құрылғылардың, олардың механизмдерінің және конструкцияларының жол берілмейтін тозулары, ақаулары немесе жарамсыздығы анықталса;

2) кеме жарақталуының толық жинақталмауы;

3) Гельмарт салбұрынындағы саңылаулардың мәні конструкторлық құжаттамадағы нормалардан асқан жағдайда. Конструкторлық құжаттамада тисті нұсқау болмаған жағдайда 8 кестені пайдалану қажет.

8-кесте


Орнату белдігіндегі баллер диаметрі, мм

Салбұрын мен баллер арасындағы саңылау, мм

орнатулар

Пайдаланудағы ақырғы

25 – 50

0,20 – 0,30

1,5

51 – 100

0,25 – 0,35

2,0

101 – 150

0,30 – 0,40

2,5



6-бөлім. ПАЛУБАЛЫ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ПАРУСТЫ ЖАБДЫҚТАЛУЫН КУӘЛАНДЫРУ

31 Жалпы нұсқаулар

144 Желкенді жабдықты куәландыруды жүргізу кезінде бағалау критерийі палубалы шағым көлемді кемеге төлқұжаттық мәліметтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

145 Төлқұжаттық мәліметтерде көрсетілген талаптар міндетті болып табылады, және олардың кез-келгенін орындамаған жағдайда кеменің желкенді қару-жарақтануы бойынша жай-күйі «жарамсыз» деп бағаланады.
7-бөлім. ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗДЫРҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН

КУӘЛАНДЫРУ

32 Жалпы нұсқаулар

146 Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларын әрбір куәландыру алдында Қазақстан кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алдыңғы куәландыру нәтижелерімен танысуға және кеме иесінен сұйылтылған газдың тұрмыстық қондырғыларын, камбуздарды, камбуз плиткаларын, жылытқыларды және пештерді алдыңғы куәландырудан кейін анықталған ақауларды жою жөніндегі мәліметтерді алуға міндетті.

Осы тараудың талаптары алып жүретін тұрмыстық қыздыру аспаптарына қолданылмайды.

33 Алғашқы куәландыру

147 Куәландыруды өткізу кезінде тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларына және оларды толымдайтын құрал-жабдықтарға қоса жүретін құжаттаманың (төлқұжаттар, формулярлар, сертификаттар, сынау актілері және т.б.) бар болуы тексеріледі.



34 Жыл сайынғы және кезекті куәландыру

148 Тұрмыстық жылытқыш құрылғыларын жыл сайын (кезекті) куәландыру оларға қызмет көрсетуші жүйелерді куәландырумен бір мезгілде жүргізіледі. Куәландыру кезінде жалпы құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі және сұйылтылған газдың тұрмыстық құрылғысының газ құбырының барлық байланыстарын оларға сабын ертіндісін жағу арқылы саңылаусыздығын сынау нәтижесі тексеріледі. Жүргізілген тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларына техникалық қызмет көрсету мерзімдері және көлемі туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ сұйтылған газдың тұрмыстық құрылғысының жарамдылығы туралы арнайы ұйымның қортындысы бар тексерулер және сынаудан өту туралы актілер тексеріледі.


35 Техникалық жай-күйін анықтау

149 Келесі жағдайларда тұрмыстық қыздыру құрылғыларының техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады:

1) газ тұтынушылар автоматты газ беруді тоқтату құрылғыларымен жабдықталмаған немесе аталған құрылғылар жарамсыз;

2) газ құбырыны жалғауларының гемерикалы еместігі анықталса;

3) газ жабдықтары орнатылған үй-жай желдеткішпен жабдықталмаса.
8-бөлім. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТЫ КУӘЛАНДЫРУ

36 Жалпы нұсқаулар

150 Электр жабдықты іс-қимылда сынау барлық штаттық аспаптармен, аппараттармен, қашықтық және автоматты басқару құрылғыларымен, сигнал берумен, қорғаумен және т.б. жүргізеді.

151. Куәландырудың кез-келген түрінде мыналар тексерілуге тиіс:

1) аккумуляторлардың сенімді бекітілуі және олардың судың кіріп кетуінен қорғалуы;

2) оқшаулау кедергісі;

3) аккумулятордан бөлінетін газдың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын желдету жүйесінің ақаусыздығы;

4) палубалы шағын көлемді кеменің корпусынан тыс орналасқан сигналды-ерекшелендіру фонарьларының, шамдардың, ашалық ағытпалардың және ажыратқыштардың судан қорғалу орындалуы.

5) кабельдердің сенімді бекітілуі және тұтастығы.

152 Палубалы шағын көлемді кемелерде куәландырудың кез-келген түрі кезінде мыналар тексерілу қажет:

1) электр жабдықтың метал корпусының қорғаныштық жерге тұйықтауының болуы;

2) оқшауланбаған тоқ өткізгіш және ашық жылжымалы бөліктерге тиіп кетуден қорғайтын қоршауының болуы және ақаусыздығы;

3) электр жабдығын механикалық зақымданудан және оған судың, будың, жылудың және майлайтын майдың түсіп кетпеуінен қорғалуы;

4) электр жабдықты орнату кезінде өртке қарсы шаралардың сақталуы;

5) жайтартқыш құрылғысының болуы және ақаусыздығы;

6) электр жабдықтың оқшаулау кедергісін өлшеу нәтижесі.

153 Аккумуляторларды қарау кезінде мыналар тексеріледі:

1) аккумуляторлардың жарамдылығы және оларды бекіту сенімділігі;

2) аккумулятор батареяларының қуаттауға қосқан кезіндегі жұмысы;

3) қуаттау тоғының барлық сатыларында қуаттау құрылғысының жұмыс істеуі;

154 Шаруашылық, тұрмыстық және технологиялық мақсаттағы электр жабдыққа қатысты мыналарды тексеру қажет:

1) кабель трассасын электр энергиясы көзінен бастап жабдыққа дейін;

2) қорғау жабдығы;

3) қорғаныс жерлендірулер.

155 Куәландыруды жүргізу кезінде барлық тұтынушылардың қуат алуы кемедегі электр энергия көздерінен жүзеге асырылуы қажет.

Қазақстанның кеме қатынастарының тіркелімімен келісу бойынша кеме тұтынушыларының жағалаудағы тиісті параметрлері бар электр энергия көздерінен қуат алуларына жол беріледі.
37 Алғашқы куәландыру

156 Электр жабдығын қарау кезінде мыналарды тексеру қажет:

1) бұйымның электр схемасы монтажын;

2) бұйымның конструктивті орындалуы;

3) тораптардың, тоқ өткізгіш бөліктерінің, пісірілген, дәнекерлі, бұрамалы және басқа конструктивті және түйіспелі біріктірулердің және бекітілуінің мықтылығы;

4) тоттандырмайтын жабынның болуы;

5) қажетті маркировкалар мен жазбалардың болуы;

6) кабельдердің және өткізгіш сымдардың түйіспелі және қорғаныс жерлендірулерінің техникалық жай-күйі;

7) электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструкциялардың (қорғаныс жерлендірулер, блоктау және т.б.) жарамдылығы.

157 Кеме электр станциясының генераторларын бас бөліп таратқыш қалқанмен бірлесе барлық режимдерде куәландырады.

Қарау кезінде мыналар тексеріледі:

1) генераторлардың жұмыс қабілеттілігі;

2) генераторларды қорғаудың автоматты аппараттарының бапталуы;

3) генераторлардың қылшағының астында ұшқындау дәрежесі;

4) оқшаулау кедергісі.

158 Таратушы құрылғыны қарау және сынау кезінде мыналарды тексеру қажет:

1) құрылғылардың барлық режимде жүктеме астындағы жұмыс қабілеттілігі;

2) Құрылғыларды басқаруды негізгі посттардан (пульттардан) жергіліктілерге ауыстыру мүмкіндігін және олардың осындай басқару кезіндегі жұмысының тоқтаусызсыздығын;

3) басқару органдарының беретін ережелерінің басқарылатын объектілердің нақты жұмыс режиміне сәйкестігі;

4) өлшеу аспаптарының көрсетулері.

159 Электр жетегін қарау кезінде мыналарды тексеру қажет:

1) жүктеме астындағы жетектің жұмыс қабілеттілігі;

2) жетекті қашықтық және жергілікті посттардан басқару және авариялық ажыратушылардың көмегімен ажырату мүмкіндігі;

3) шекті ағытқыштардың, тежеуіштердің, блоктаулардың, бақылау құрылғыларының, автоматты қорғау және сигнал беру аппараттарының дұрыс жұмыс істеуі.

160. Басқару және сигнал беру аспаптарын қарау кезінде мыналарды тексеру қажет:

1) жетекші және орындаушы аспаптардың (телеграфтардың, рульдің, тахометрдің қалпын нұсқаушыларын және т.б.) іс-қимылдарының келісімділігі;

2) сигнал берудің, құрылғылардың, аппараттардың жарамдылығы;

3) Авралды және өрт сигнализациясының іске қосылуы.

161 Жолаушыларды тасымалдауға жарамды кемелерді куәландыру кезінде эвакуациялау жолдарын және құтқару құралдарын орналастыру орындарын жасанды жарықтандырудың жұмыс істеуі тексерілуге жатады.


жүктеу 419,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау