"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде


Палубалық шағын көлемді кемелерді сыныптау принциптер



жүктеу 419,5 Kb.
бет2/7
Дата23.11.2018
өлшемі419,5 Kb.
#23865
1   2   3   4   5   6   7

3 Палубалық шағын көлемді кемелерді сыныптау принциптер


14. Палубалы шағын көлемді кемелердің сыныбы кеме сыныбының формуласымен кемеге оны сыныптау кезінде берілген және қауіпсіздік талаптарынан Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі Қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес конструктивтік ерекшеліктерін, кеменің тағайындалуын және оны пайдалану шартын сипаттайтын шартты таңбалар бірізділігімен анықталады.

15. Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмi сыныбын алуға өтінім берілген палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптау Сыныптау Қағидаларының 6 және 7-қосымшаларында келтірілген ішкі су бассейндерінің сыныптауына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмi санатын алуға өтінім берілген палубалы шағын көлемді кемелерді санаттау осы Қағидалардың 22-23-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Жиынтықты жағдайдағы толыққанды сынып формуласы:

‡ К мс h%/h типі (мұз Т) А ПА/ЖА,

мұндағы ‡ — сынып формуласына қосылатын таңба, кеме жасау Қазақстанның кеме қатынасы тiркелiмiнің техникалық байқауымен жүзеге асырылғандығы;

К шкк — ішкі су бассейнінің разрядын анықтайтын сыныптың негізгі таңбасы, кеме — «Л шкк», «Р шкк», «О шкк» немесе «М шкк», «О-ПР шкк» «М-ПР шкк» немесе «М-СП шкк» пайдалану үшін арналған және кеме типі – шағын көлемді,

h% — су ығыстырымдылық режимінде кеме пайдалану бассейнінің разрядына сәйкес қамтамасыз етілген, 0,1 м дейін нақтылығымен, м, толқынның рұқсат етілген сандық мәні. Сыныптағы формуласында «Л шкк», «Р шкк» және «О шкк» негізгі таңбаны кемелер үшін h% 1% қамтамасыз етілуі сәйкес, сыныптағы формуласында «О-ПР шкк», «М-ПР шкк» немесе «М-СП шкк» — негізгі рәмізді кемелер үшін h% 3% қамтамасыз етілуі сәйкес;

h — 0,1 м дейін нақтылықпен ығыстырымдылықтан асатын кеме жүзу режимінде, м, рұқсат етілген толқы биіктігінің мәні. Күтіп ұстаудың динамикалық принцицптері бар кемелер үшін енгізіледі. Сынып формуласында «Л шкк», «Р шкк» және «О шкк» негізгі рәмізді кемелер үшін h% 1% қамтамасыз етілуі сәйкес, Сыныптағы формуласында «О-ПР шкк», «М-ПР шкк» немесе «М-СП шкк» — негізгі таңбасы кемелер үшін h% 3% қамтамасыз етілуі сәйкес;

тип — жоғарыжылдамдықты кеме типі: глиссер, ӘЖК, СҚК, экран-жоспар, катамаран (жоғары жылдамдықты кемелер үшін);

(мұз Т) — кеме ұсақ шағылған мұзда жүзуге арналған кемелерге қойылатын талаптарға сәйкес болат корпустан болған жағдайда көрсетілетін қосымша таңба;

Т — кеме пайдалануға рұқсат етілген кезде, см, ұсақ шағылған мұз қалыңдығы;

А — автоматтандыру құралдарымен жарақтанған кемелер үшін көрсетілетін таңба (болған жағдайда);

ПА — 1 км дейін нақтылықпен, ішкі су бассейндері үшін, км-де, паналау орнынан алшақтаудың рұқсат етілген мәні (болған жағдайда),

ЖА — 0,01 км дейін нақтылықпен, ішкі су бассейндері үшін, км-де, жағалай шегіне қалыпты жағалаудан алшақтаудың рұқсат етілген мәні (болған жағдайда),

Шағын көлемді кеме сыныбы формуласының мысалдары Қосымшада келтірілген.

17. Толқынның рұқсат етілген биіктігі бойынша белгіленетін шектеулер осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес болуы не өндіруші зауытпен немесе жоба жасаушымен анықталуы тиіс. Соңғы жағдайда рұқсат етілген толқын биіктігі палубалы шағын көлемді кемелер үшін осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген мәннен аспауы тиіс.

18. Паналау орнынан және/немесе жағалаудан рұқсат етілген алшақтау бойынша белгіленетін шектеулер осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес болуы не өндіруші зауытпен немесе жоба жасаушымен анықталуы тиіс.

Аралас жүзу сыныпты кемелер үшін барлық бағыттағы жел кезінде кеменің кіру және тұрақ мүмкіндігін қамтамасыз ететін паналау орындарының арасындағы рұқсат етілген арақашықтық кеме номиналдыдан 70 % құратын және 80 мильден аспауы тиіс тыныш суда жүзу жылдамдығы кезінде 12 сағат қозғалыс ішінде жүзетін арақашықтықтан аспауы тиіс. Паналау орнынан алшақтау 40 мильден аспауы, жағалаудан алшақтау 12 мильден аспауы тиіс.

19. Палубалы шағын көлемді кемелерді пайдаланудың рұқсат етілген шарттары кеменің сынып формуласындағы негізгі рәмізбен, типімен және ұзындығымен анықталады және Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қадағалауымен жасалған кемелер үшін келесілер қолданылады:



1) палубалы шағын көлемді кемелер үшін – «Л шкк», «Р шкк» және «О шкк» сыныпты кемелер үшін рұқсат етілген толқын биіктігінің 1% қамтамасыз етілуі тиісінше 0,6; 1,2 және 2,0 м, «М шкк» сыныпты кемелер үшін – рұқсат етілген толқын биіктігінің 3% қамтамасыз етілуі 3,0 м, паналау орнынан және жалаудан алшақтау бойынша шектеу белгіленбейді;

2) теңізде жолаушылар тасымалдайтын кемелер үшін орта бөлігіндегі су үсті бортының биіктігі, сондай-ақ алдыңғы жақ ұшындағы тұнбасы жүзу ығыстырымдылық режимінде рұқсат етілген биіктіктен 0,6h3% кем емес болуы тиіс.

20. Осы Қағидалар қолданысқа енгенге дейін жасалған палубалы шағын көлемді кемелер үшін Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі сынып беруі кезінде олардың бұрын анықталғандарға барабарлығын қамтамасыз ететін қосымша пайдалану шектеулері белгіленуі мүмкін.

21. Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі сынып формуласына мұндай рәміз енгізілуі үшін негіз болып табылған шарт өзгерген немесе бұзылған кезде сәйкес қосымша рәмізді немесе сөзді сипаттаманы сынып формуласынан алуы немесе өзгертуі мүмкін.

22. 1 кестеде көрсетілген 1-5 санаттар өтінім берілген (осы Қағидалардың 15-тармағын қараңыз) палубалы шағын көлемді кемелерге оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін және кеме Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен куәландырылғанын растайтын кеме иесімен ұсынылған кеме құжаттамаларын қараудың оң нәтижелері болған жағдайда беріледі.

Кемеге қарауға кеме иесімен ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер осы Қағидалардың талаптарпының орындалуын тексеруге мүмкіндік беретін көлемдегі ақпараттан тұруы тиіс.



Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің жұмысшысымен жүргізілген куәландырудың оң нәтижелері кеменің осы Қағидалардың талаптарына және кемеге кеме иесімен ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін растауы тиіс.

23. Палубалы шағын көлемді кемелерге берілетін санаттар, Қазақстан Республикасының жағалаулық теңізде (жағалаудан 12 теңіз милінен аспайтын) және ішкі суда жүзуге рұқсат етілген аудандары, жүзу және паналау орнынан алшақтау шарттары 1-кестеде көрсетілген.


1-кесте
Кемелер санаты


Санаты

Жүзу шарты

Палубалы шағын көлемді кемелер

0 санат

3,5 м дейін толқын биіктігінің 3 % қамтамасыз етілуі, 92 км (50 миль)1 аспай паналау орнынан алшақтаумен Каспий бассейнінің жағалаудағы теңіз аудандары

1 санат

1,8 м дейін толқын биіктігінің 1 % қамтамасыз етілуі, 22 км (12 миль) аспай паналау орнынан алшақтаумен жағалаудағы теңіз аудандары және ішкі су бассейндері

2 санат

1,5 м дейін толқын биіктігінің 1 % қамтамасыз етілуі, 13 км (7 миль) аспай паналау орнынан алшақтаумен жағалаудағы теңіз аудандары және ішкі су бассейндері

3 санат

1,2 м дейін толқын биіктігінің 1 % қамтамасыз етілуі, 11 км (6 миль) аспай паналау орнынан алшақтаумен жағалаудағы теңіз аудандары және ішкі су бассейндері

4 санат

0,6 м дейін толқын биіктігінің 1 % қамтамасыз етілуі, 5 км (2,7 миль) аспай паналау орнынан алшақтаумен жағалаудағы теңіз аудандары және ішкі су бассейндері

5 санат

0,25 м дейін қамтамасыздығы 1 %-дық толқын биіктігімен, 2 км (1,1 миль) аспай паналау орнынан алшақтаумен жағалаудағы теңіз аудандары және ішкі су бассейндері

1 Көрсетілген санат тек балық өндіргіш кемелерге қолданылады

24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енген сәтте көлік бақылау саласында уәкілетті органның аумақтық бөлінісімен берілген қолданыстағы кеме билеті (бұдан әрі – кеме билеті) бар палубалы шағын көлемді кемелер үшін куәландырудың оң нәтижелерінің негізінде куәландыру актісіне кеме билетінен су үсті бортының шамасы көрсетіледі.

Кеме билеті жоқ палубалы шағын көлемді кемелер үшін ең аз су үсті бортының шамасын анықтау үшін ІСЖКЖҚ 76-бөлімінде келтірілген шамалар қолданылады.

25. Директива аясында Еуропалық Одақпен расталған ұйымға берілген 94/25/ЕО Еуропалық Одақ Директивасының ережесіне сәйкестік сертификаты бар палубалы шағын көлемді кемеге сәйкестендіру және куәландыру жүргізілгеннен кейін 2-кестеге сәйкес сынып/санат берілуі мүмкін.


2-кесте


94/25/ЕО Еуропалық Одақ Директивасының конструктивті санаттары

Сынып/санат

А «Мұхиттық»

М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк,

М-СП шкк, 1-санатты



В «Теңіздік»

М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк,

М-СП шкк, 1-санатты



С «Жағалауда жүзу»

Р шкк, О шкк, 2 және 3-санатты

D «Қорғалған су үшін»

Л шкк, 4 және 5-санатты

26. Палубалы шағын көлемді кемеге жобалаушы және пайдаланушы құжаттамада (спецификациялары, қолданушыға нұсқама және басқа құжаттар) жобалаушымен анықталған жел жылдамдығының шектеуі белгіленеді.

Жобалаушы және пайдаланушы техникалық құжаттамасында көрсетілген шектеулер болмаған кезде 3-кесте талаптарына сәйкес жел жылдамдығының шектеуі белгіленеді.
3-кесте


Шағын көлемді кеменің

сыныбы/санаты



Жел жылдамдығы,

м/с


«М-СП шкк», «М-ПР шкк»,

«М шкк»/санат 0; 1



13,4

«О-ПР шкк», «О шкк»/санат 2

10,4

«Р шкк», «Л шкк»/санат 3; 4; 5

7,0




жүктеу 419,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау