"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде



жүктеу 419,5 Kb.
бет4/7
Дата23.11.2018
өлшемі419,5 Kb.
#23865
1   2   3   4   5   6   7

5 Құжаттар


47 Алғашқы куәландырудың нәтижесі бойынша тіркеуге қою мақсатында Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландыру актісін құрады. Куәландыру актісінде кеме палубалы шағын көлемді ретінде санатталғаны, кеменің сыныбы (санаты) және оның жүзуге жарамдылығы, сондай-ақ егер жүзу ауданы және шарты бойынша шектеу болса көрсетіледі, келесі жыл сайынғы куәландыру және жағалауда және жүзу барысында кезекті куәландыру күндері тағайындалады.

48. Күшіне ие кеме билеті бар және осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес тіркеуге қойылған кемелер үшін куәландыру актісінде негіздемесінде кеме палубалы шағын көлемді ретінде санатталаған кеме билетінің нөмірі көрсетіледі.

49 Келесі куәландырулар кезінде Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі куәландру актісін береді, онда Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің уәкілетті тұлғасымен кеменің жүзуге жарамдылығы туралы белгі енгізіледі және куәландыру күні, куәландыру түрі, техникалық жай-күйі, келесу куәландыру күні көрсетіліп, қол және мөрмен бекітіледі.

50. Палубалы шағын көлемді кеме конструкциясында нәтижесінде куәландыру актісінде және Сыныптамалық куәлігінде көрсетілген сипаттамалары өзгеретін өзгертулер болса, кейін куәландыру актісін рәсімдеу және тиісті жазбалар енгізумен кеме иесінің өтінімі бойынша кемені кезектен тыс куәландыру жүргізіледі.

Жойылмаса кеменің жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін кеме конструкциясында және/немесе жабдықтарында бүлінулер болған жағдайда, кейін куәландыру актін рәсімдеу және тиісті жазбалар енгізумен кеме иесінің өтінімі бойынша кемені кезектен тыс куәландыру жүргізіледі.

51. Егер палубалы шағын көлемді кеме жолаушылар тасымалдау үшін осы Қағидалардың талаптарына жауап берсе, куәландыру актісінде тиісті жазба енгізіледі.

52. Палубалы шағын көлемді кемелердің санаттандыру куәлігінің қолданысы келесі жағдайларда тоқтата тұрады:

1) жойылмаса пайдалану қауіпсіздігі қамтамсыз етілмейтін кеме бүлінулерінен кейін;

2) белгіленілген күні кемен куәландыруға ұсынылмаған жағдайда;

3) кеменің конструктивті өзгертілулерімен байланысты жұмыстарының жүргізілуі Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімімен алдын ала келісілмей жүзеге асырылған кезде;

4) куәландыру актісінде көрсетілген жүзу шарттары бұзылған кезде;

5) Осы Қағидалардың және Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің талаптары орындалмаған кезде.

Сыптамалық куәландыру қолданысын қалпына келтіру үшін кеме Сыныптамалық куәлік қолданысының тоқтата тұруына әкеп соққан себептер жойылғаннан кейін куәландыруға ұсынылады.

53 Палубалы шағын көлемді кемелердің сыныптамалық куәлігінің күші келесі жағдайларда тоқтайды:

1) кеме опатқа түскенде немесе жоғалғанда;

2) кеме жойылғанда (есептен шығарылғанда);

3) кеме бес жылдан аса куәландыруға ұсынылмағанда;

4) кеме сыныпталуы бойынша басқа ұйымның сыныбына өткенде.



Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі кеме (оның элементтер немесе кемелік техникалық құралдар) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде сыныптамалық куәлік беруден (оның әрекеттерін растаудан) бас тартады.
2-бөлім. КОРПУСТЫ КУӘЛАНДЫРУ

6. Жалпы ережелер

54 Осы бөлім болаттан, жеңіл қорытпадан, пластмассадан (шыныпластиктен, көпқабатты композициялардан) және ағаштан палубалы шағын көлемді кемелердің корпустарын куәландыру жөніндегі нұсқаулардан тұрады.

55 Корпусты куәландыру кезінде рубкалардың, кокпиттердің техникалық жай-күйін, люктердің және саңылаулардың жабылуын, леер қоршауларының, торларын және т.б. тексеру керек.

56 Ұзындығы 12 м асатын кемелердегі адамдардың болуы қарастырылған ашық палубалар берік фальшбортпен немесе леерлі қоршауларымен жарақталуы тиіс.

Ұзындығы 12 м кем кемелерде бұл жағдайда қондырма немесе рубка периметрі бойынша тұтқа орнатуға рұқсат етіледі.

«О», «Р», және «Л» сыныпты өздігінен жүрмейтін кемелерде, сонымен қатар командасыз пайдаланылып жатқан, жүкке арналған трюм мен жүкке арналған бункерлер ауданындағы леерлі қоршауларды жүкке арналған люк немесе жүкке арналған бункердің қабырғасы бойынша шкафутты қырлы бөренемен және тұтқышпен ауыстыруға рұқсат етіледі.

57 Адамдарды орналастыруға және демалуларына арналған ашық палубаның қаптамасы және рубкаларының жеке аймақтары (күншуақ аймақтары) қосымша қоршалуы не кеме жүзуі барысында статистикалық қалыпта адамның сенімді тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

58 Конструктивті өрттен қорғау келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

1) палубалы шағын көлемді кемелер осы Қағидалардың 18-кестесіне сәйкес өрт сөндіргіштермен жарақталуы тиіс;

2) өрт сөндіргіштердің еркін қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс; кем дегенде бір өрт сөндіргіш шағын көлемді кемені басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың қол жетімді шегінде болуы тиіс;

3) адамдар болатын шағын көлемді кемелерде өрт болған жағдайда сенімді эвакуация құралдары болуы тиіс;

4) мотор бөліктерінің, май цистерналарымен (бактарымен) қоршаудың және газбен жұмыс істейтін жабдықтар үй-жайының табиғи және күштеп желдетілуі қамтамасыз етілуі тиіс;

5) ұзындығы 6 м асатын кемелер үшін негізгі және қосымша сөндіру құралдарының және эвакуация жолдарының орналасуы көрсетілген өрт жоспары болуы тиіс.

6) май жүйесінің тораптары шығару жинағышына қарама-қарсы жақта орналасуы тиіс;

7) кеме пиротехникалық құралдары үшін тығыз жабылатын өткізбегіш металл жәшік қарастырылуы тиіс.

59 Ұзындығы 12 метрден асатын палубалы шағын көлемді кемелерде іштен жанатын қозғалтқышқа арналған үй-жай өткізбегіш қалқамен қоршалған болуы тиіс.

60 Жолаушылар тасымалдауға жарамды келесі кемелерде: «М-СП шкк», «М-ПР шкк»,«М шкк», «О-ПР шкк» және «О шкк» сыныпты су ығыстырғыш кемелерде және барлық сыныпты және санатты қолдаудың динамикалық принципті кемелерінде жиһаз бен жабдық заттары бекітілуі тиіс.
7 Куәландыру өткізу бойынша жалпы нұсқаулар

61 Куәландырудың жалпылама көлеміне келесі тексерулер кіруі тиіс:

1) копус тұтастығының су өткізбегіштігін;

2) аралықтардың бар-жоқтығын және орналасуын (көп корпусты кемелер үшін); кокпиттер мен рецесстердің көлемін және орналасуын; люктер мен жапқыштардың орналасуын;

3) орнықтылығын;

4) корпуста және қондырмада Осы Қағиданың 64-тармағында көрсетілген ақауларының болмауын;

62 Куәландыру үшін кеме бақылауға жататын аудандары қол жетімді болатындай орналасуы тиіс. Копус таза, қараңғы бөлмелері жиналған және құрғатылған болуы тиіс.
8 Техникалық жай-күйін анықтау

63. Кеме корпустарының техникалық жай-күйі олардың негізгі байланыстарының тозу деңгейі, копсутың жалпы және жергілікті беріктілігін төмендететін деформациялар және басқа бүлінулердің болуы бойынша анықталады.

64. Корпус қандай материалдардан жасап шығарылғанына қарамастан, кеме корпусының техникалық жай-күйі келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1) жарылыстармен, сызықтармен, бойлық жинақ аралықтарының және олардың қайықжапсырмаларының, жүк люктерінің комингстерінің тұрақтылығын жоғалтумен, палуба төсеніштерінің, түбінің, борттарының қаптамаларының бүгілуілерімен немесе белгіленген сынықтардың өзге белгілерімен корпуста бүкпелердің жалпы қалып қойған иілген жері (майысқан жері) болса;

2) кеме батып кеткен күйде болса;

3) корпус қаптамаларында, су өткізбегіш палубада, аралықтарда құрт жеген тесік, тесіктер болса;

4) пластмасс корпустардың қаптамаларынан су өткізбеушілігін бұзатын қаптамалардың қатпарлануының, қаптамадан қалыптардың қабатталуының орын алуы анықталса;

5) герметикалық аралықтардың тұтастығы бұзылса,

6) конструкциямен қарастырылған гермобөліктер, еру әуе жәшіктері және блоктары болмаса немесе герметизациясын жойса,

7) әуе жәшіктері және гермобөліктері тығыз жабылмаса;

8) транц тақтасы ақауларының болуы немесе оның өлшемдерінің өндіруші зауыт деректерімен сәйкессіздігі анықталса;

9) дәнекерлеу, тойтармалау, желімдеу, шеге және басқа біріктірулер (тігістерінде желімі ажырау және жарықтары, дәнекерленбей қалу, тігістердің түсуі, тойтармалардың, шегелердің және бұрандама біріктірулерінің түсуі немесе босауы орын алса) бойынша корпус конструкциясы элементтерінің біріктірулерінде қирау табылған кезде;

10) жобамен қарастырылған корпусқа бекіту конструкциясының (бұрандамалар, түйреуіштер, сомындар, тойтармалар, пісірмелі жік және т.с.с.) қираулар немесе болмауы, соның ішінде фальшкильдер, салындылар, дейдвудты және гельмпортты құбырлардың бұрандалы біріктірулерінде бөгеткіш құрылғылардың болмауы орын алса;

11) су аққандығы табылған кезде;

12) экипажды және жолаушыларды қорғау құралдары, ойықтардың жабылуы жөнделмесе,

13) пластмассадан және бакелитті шереден жасалған шағын көлемді кеме корпустарында су ағуға әкелуі мүмкін, көрінетін зақымданулар (қыртыстанулар, кертіктенулер, үйкеленулер, ватерсызықтан төмен орналасқан жөндеу іздері) болса;

14) ағаш шағын көлемді кеме корпусының құрт жеген қуыс, шіріп талқандануы болса,

Егер ақаулар қосымша нығайтқыштар енгізу жолымен жойылса немесе жалпы кеменің тозған және деформацияланған байланыстарының және корпусының беріктігінің жеткілікті қорын растайтын негізделген есептеулер ұсынылса, Қағидалармен реттелетін тозу және деформация параметрлерінің нормаларынан асуға рұқсат етіледі. Мазмұндалған су асты қанаттарындағы кемелердің қанатты құрылғыларына таралмайды.


9 Болат корпустарды куәландыру

65 Осы бөлімнің талаптары кеме құрылысына арналған болаттан жасалған корпустарға таралады.

66 Ұзындығы 6 м асатын кемелер үшін негізгі байланыс топтарының орташа қалдық қалыңдық нормалары 4-кестеде келтірілген.

4-кесте



Байланыстарының негізгі топтары

Орташа қалдық қалыңдық нормалары

Палуба төсеніші, түп қаптамасы, бүйір белдіктері, люктер комингстері, палуба және түп жинағы:

Корпус ұзындығы бойынша кез келген қимада борттар қаптамасы

Кеме ұзындығы бойынша кез келген учаскесіндегі барттарының, қаптамалары


0,6 t

0,55 t


0,55 t

Ескертпе.

1. t — корпусы байланыстарының элементтер тобының орташа қалыңдығы

2. Кеме корпусы байланыстары элементтер тобының тозық нормасы деп жобада көрсетілген қалыңдыққа қатысты, ал жобалық деректер болмаған жағдайда – Қағидалармен реттелген қалыңдықтарға қатысты қабылдау керек.

3. Тозығы бойынша корпустың техникалық жай-күйінің бағасы деп бағасы ең нашар байланыстың жеке топтарының тозық деңгейінен белгілеу керек.

4. Орташа тозық мәні деп таңдалған алаң орындарындағы қалдықты қалыңдық сомасының қатынасы анықталады. Таңдалған алаң ретінде әдетте ені шапция және ұзындығы шамамен метр немесе корпустық жинақ элементтерінің қума мерті болатын корпус (палуба) үстінің алаңы қабылданады.

67 Конструкцияның жергілікті қалдық деформацияларының нормалары 5-кестеде келтірілген.


5-кесте



Нормаланатын параметр

Жергілікті қалдық деформациялардың нормалары

Корпустың орта бөлігіндегі палуба мен түпке бөлек bi/В бір қимада корпус ені бойынша жаншылудың таралу дәрежесі


0,35

Палуба мен түпке жаншылу майысудың барынша шекті жебесі f мм:

корпус орта бөлігіндегі

кеменің шеттерінде


1/12 шпация

1/10 шпация


Кеме ұзындығы бойынша орналасуына қарамай борттарға және екінші түпке жаншылу майысудың шекті жебесі f мм

1/10 шпации

Ескертпе.

1. bi – көлденең қимадағы кеме ені бойынша корпус ені қосындысы бойынша жаншылу ұзындығы; В – палуба немесе түбінің ені.


2. Әртүрлі нормаланған көрсеткіштер бойынша бағалау бірдей болмаған кезде техникалық жай-күйді нашар баға бойынша бағалау керек. Корпустың кеме ұзындығы мидель-шпангоуттан алдыңғы-артқы жағына 0,5L-дан 0,25L дейінгі тең ауданы корпусының орта бөлігі болып саналады; тиісінше алдыңғы және артқы жағынан 0,25L перпендикуляр тұратын кеме ұзындығы бөліктері шеттері болып саналады.

68 Корпустың техникалық жай-күйі, осы Қағидалардың 64-тармағына қосымша, келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1) 4-кесте нормасынан артатын байланыс тозығы кезінде;

2) 0,1 асатын f/l қатынасы кезінде, мұндағы f — майысудың барынша шекті жебесі, ал l — майысудың барынша хордасы;

3) гофрлеу және орамның мойысу жебесінің мәні 5-кестеде белгіленген нормативтерден асқанда;

4) біріктіру табақтарының шегінен төмен тереңдігінде дәнекерлеу тігістерінде тозық анықталғанда.


10 Кемелердің жеңіл қоспалы корпустарын куәландыру
69 Осы тараудың талаптары алюминий негізіндегі қоспалардан жасалған корпустарға таралады.

70 Негізгі байланыс топтардың орташа қалдық қалыңдығының нормалары 6-кестеде келтірілген.

6-кесте


Материал

Корпус байланысының негізгі топтары

Орташа қалдық қлыңдығының нормалары

1. Дюралюминий қорытпалар

Түбінің қаптамасы, түбінің жинағы

0,85t




Палуба төсеніші (құрылыс үсті тенті), палуба жинағы

0,80t




Борт қаптамасы, борт жинағы

0,75t

2. Алюминий-магний қорытпалар

Түбінің қаптамасы, жинақ қаптамасы

0,80t




Палуба төсеніші (қондырма тенті), палуба жинағы

0,80t




Борт қаптамасы, борт жинағы

0,75t

Ескерту . t  корпус байланыстары элементтерінің жобалы қалыңдығы, мм

71 Конструкциялардың жергілікті қалдықты деформацияларының нормалары 7-кестеде келтірілген.

7-кесте


Нормаланатын параметр

Жергілікті қалдық деформафияларының нормалары

1. Салыстырмалы жаншылудың бойлануы, корпус ені бойынша бір қимада bi/B палуба және түбі үшін жеке

0,20

2. Салыстырмалы жаншылудың боланы борт биіктігі бойынша бір қимада hi/H әр борт үшін жеке

0,40

Ескерту . bi  кеменің ені бойынша жеке жаншылудың ұзындығы (көлемі); hi  борт биіктігі бойынша жеке жаншылудың ұзындығы (көлемі); H  борт биіктігі


72 Корпустың техникалық жай-күйі, осы Қағидалардың 64-тармағына қосымша, келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1) тиісінше дюралюминді және алюминий-магний қорытпалары корпустар үшін оның жаншылудың иілу бағыттамаларының f/l жоспардағы оның ең кіші мөлшеріне қатынасы 0,05 және 0,07 асқанда;

2) тиісінше дюралюминий және алюминий-магний қорытпалар үшін гофрлеудің барынша иілу бағыттамалары кеме жиынтығының белдемдері арасындағы арақашықтық 0,03 және 0,05 асқанда;

3) тиісінше дюралюминді және алюминий-магнилі қоспалар үшін орамдардың барынша иілу бағыттамалары кеме жиынтығының белдемдері арасындағы арақашықтық 0,05 және 0,07 асқанда;

4) тойтармалы біріктірулердің әлсіреуі өткізбегіштік бұзылуына әкеп соққанда;

5) кристал аралық және пленкалы коррозияға (сұр қақ, терең жаралар, металл кебуі және жіктелуі тән) ұшыраған сыртқы қаптама табақтарының және палуба төсенішінің ендерінің жиынтығы осы қимадағы негізгі байланыс топтарының енінен 0,2 асқанда.
11 Кемелердің пластмасс корпустарын куәландыру

73 Пластмассадан жасалған корпусты куәландырудың жалпылама көлемі, осы Қағидалардың 61-тармағына қосымша, келесі тексерулерді қосады:

1) су өткізбегіштікті;

2) жарықтардың, көрінетін көпіршіктердің, қабықтың қыртыстылуының болмауын; кетіктердің, декоративті қабат жарықтарының, қаптама жарықтарының болмауы; қалыптама жарықтарының, үзілулерінің болмауы.


12 Кемелердің ағаш корпустарын куәландыру

74 Осы тараудың талаптары қаптамасы майда, клинкерлі, көлденең, рейкалы, ломинадталған рейкалы, шпонды ломинадталған, фанерлі, тақтайлардан, сондай-ақ композициялы (арматураланған пластикпен қапталған ағаш) корпустарға тарайды.

75 Ағаштан жасалған корпусты куәландырудың жалпылама көлемі, осы Қағидалардың 61 тармағына қосымша, келесі ақаулардың болмауын тексеруді қосады:

1) сыртқы қаптамасында, жинағында, шпунт белдемесі маңайында, сабақтарға қосылу маңайында, еспелі білік шығысы, гельмпорт, борт сырты тесіктерінің, цистерналардың, транцтардың, палуба төсенішінде, ватервейстерде, рубка комингстерінде, кокпитте, люктерде, кокпит кұдығында шіру, жарық, сыртқы қаптаманың қабыршақтануын;

2) сыртқы қабық және палуба төсенішіндегі ағаш құртын, механикалық тозуды (үйкелудә), кетіктерді.

76 Ағаштан жасалған корпус техникалық жай-күйі, осы Қағидалардың 64-тармағына қосымша, келесі жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1) өткізбегіштікті бұзатын қаптама қабыршақтануы, кесілулері, фонер беттерінің тырналулары, біріктірулердің босауы (шруптардың ұяларынан түсуі не босауы және т.б.) байқалғанда;

2) қаптама және жинақ бойынша жырықтардың пайда болуы;

3) құрт жеген қуыстардың, шірік ошағының орын алғаны белгіленгенде; рұқсат етілген тозу нормаларын есепке алумен анықталатын белдеме қалыңдығы шірікті жойғаннан кейінгіден кем қалыңдық болатындай тереңге дейігі ағаш қаптаманың шіруі белгіленгенде;

4) металл бекіткіш бастарының тозуы олардың биіктігінен 1/3 артса және бұрандама (шеге) диаметрінің кішірейуі алғашқы диаметрден 0,1 асса.


13 Орнықтылықты, батпайтындықты, маневрлеуді бағалау.

Сынақтар өткізу

77 Шағын көлемді кемелердің орнықтылығын, батпайтындығын, маневрлеуін тексеру кезінде осы Қағиданың 31-тармағының бесінші абзацындағы ережелерді ескере отырып, осы тараудың талаптарын басшылыққа алу қажет.

78 Палубалы шағын көлемді кемелердің орнықтылығы ІСЖКЖҚ талаптарына сәйкес келуге тиіс.

79 Палубады шағын көлемді кемелердің батпайтындығы ІСЖКЖҚ талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Палубалы шағын көлемді кемелердің батпайтындығы келесі әдістердің біреуімен қамтылуы тиіс:


  1. корпустың су өткізбейтін аралықтарға бөлінуі;

  2. кеме корпусында қалқыма элементтерінің (ауа жәшіктері) орнатылуы.

80 Палубалы шағын көлемді кемелердің маневрлеуі пайдаланымдағы техникалық құжаттаға сәйкес келуі тиіс.
3-бөлім. МЕХАНИЗМДЕРДІ КУӘЛАНДЫРУ

14. Жалпы нұсқаулар

81 Осы Қағидалардың талаптары негізгі және қосалқы, соның ішінде ұзындығы 12 метрден кем палубалы шағын көлемді кемелерде орнатылған бензинді қозғалтқыштарға, редукторларға, реверстік-редукторлы берілістерге, ажыратқыш және басқа муфталарға, білте өткізгіштерге және қозғалтқыштарға, компрессорларға, сорғыларға, желдеткіштерге, сепараторларға, палубалы механизмдерге және с.с (бұдан әрі-механизмдер) таралады.

82. Механизмдерді іс-қимылда сынауды барлық штаттық аспаптармен, аппараттармен, қашықтық және автоматты басқару құрылғыларымен, белгі берулермен және с.с. өткізу қажет. Автоматтандыру жабдығын куәландыру және іс-қимылда сынау бұл жабдық жататын механизмдермен, құрылғылармен, жүйелермен бірлесе жүргізіледі.

83 Алдағы және жүргізіліп жатқан жөндеулермен және авариялық жағдайлармен байланысты куәландыруларды қоспағанда, куәландырылу және іс-қимылда тексерілуі үшін механизмдер ақаусыз күйде ұсынылады.

Куәландыру алдында Қазақстан кеме қатынастары тіркелімінің қызметкері қолда бар пайдалану және қызмет көрсету бойынша құжаттармен (сызбалар, сипаттамалар, схемалар, формулярлар, төлқұжаттар, басшылықтар (нұсқаулықтар) механизмдерге техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдардың қортындылары) танысуы керек.

84 Қазақстан Республикасынан тыс жасап шығарылған қозғалтқыштарды (с.і. аспалы) куәландыру кезінде көрсетілген қозғалтқыштардың техникалық жай-күйін айқындайтын оларға техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдар берген құжаттар танылады. Атап көрсетілген құжаттардың әрекет ету мерзімі қозғалтқышты дайындаушымен немесе техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдармен белгіленеді, бірақ ол құжаттарды ресімдеу күнінен бастап есептегенде бір жылдан аспауы керек.

85 Бензинді қозғалтқыштармен жабдықталған кемелер осы Қағиданың 86-тармағының талаптары ескеріле отырып, қолданыстағы ІСЖКЖҚ 1843-1844-тармағы талаптарына жауап беру керек.

86 Палубалы шағын көлемді кемені сыныптамалық тіркеуге қойған кезде кеме жасаушы осы кемеде бензинмен істейтін қозғалтқыштарды қолдануды көздегеніне көз жеткізу қажет.

Кемемен бірге жеткізілген пайдалану құжаттарында кеме жасаушы кемеде орнатуға рұқсат етілген бензинді қозғалтқыштар туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамасы және құрамында бензин бар жабдықты (қозғалтқыштар, бензобактар, құбыр желілері, арматуралар және т.б.) орналастыру орындарын көрсетуі керек.

Құрамында бензин бар жабдықты бұндай мақсаттарға арналмаған кеменің отсектарында орнатуға жол берілмейді.


15 Техникалық жай-күйін анықтау бойынша жалпы нұсқаулар

87 Куәландыруларды өткізу кезінде мыналардың тексерілуіне бірінші кезекті көңіл бөлінуі тиіс:

1) Отын жүйесіне (құбыр желілері, арматура, отын цистерналары және т.б.);

2) басқыштың болуына және ақаусыздығына;

3) қозғалтқышты қашықтық басқару жүйесінің ақаусыздығына (егер бұл конструкциямен қарастырылса);

4) жүзудің түрлі режимдерінде реверс-редуктордың қосылу (өшірілу), реверстің өздігінен қосылу және өшірілу мүмкіндігін болдырмайтын, реверс тұтқышының «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында бекіту жеңілдігі;

5)егер бұл конструкциямен көзделсе,қосылған реверс кезінде қозғалтқышты (моторды) іске қосу блокировкасының ақаусыздығы;

6) люфтың немесе ескіш білік (винт) бүлінуінің жоқтығы;

7) қозғалтқыш детальдарында, фундаментінде, кеме корпусының жүйелері мен элементтерінің біріктірулерінде және құбыр желілерінде жарық пайда болуына әкеп соғуы мүмікн қозғалтқыш (мотро) жұмысы кезінде елеулі вибрацияның болмауы.
16 Механизмдерді куәландыру жөніндегі нұсқаулар

88 Кемені куәландыру есебіне қою мақсатында механизмдерді алғашқы куәландыру олардың атқарымына, техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманың болуына байланысты белгіленеді және жалпы жағдайда кезекті куәландыру көлемінен кем болмауы керек.

89 Механизмдерді жылсайынғы куәландыруды жүргізу кезінде келесі тексерулер мен сынақтар өткізілуі керек:

1) механизмдердің пайдалану құжаттамасын тексеру;

2) қол жетімді орындарда механизмдерді қарау және оларды іс-қимылда түрлі режимдерде тексеру;

3) бас және қосалқы қозғалтқыштарды, білікөткізгіштерді, жүйелерді және оларға қызмет көрсетуші құрылғыларды, сондай-ақ рульдік рубкасы бар машиналы бөлімшенің байланыс құралдарын (кеме жобасы бойынша олар болған кезде) тексеру;

4) мәндері дайындаушы-ұйыммен белгіленген шектен шықпауы тиіс қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерінің сәйкестігін тексеру;

5) ҚАБ (ҚБ) жұмыс қабілеттігін, қозғалтқыштарды барлық белгіленген іске қосу, айналым жиілігін өзгерту және реверстеу бойынша командаларының дұрыс және нақты орындалуын тексеру;

6) Кемені басқару постынан (рульдік рубкадан) негізгі және қосалқы қозғалтқыштарды авариялық тоқтату құрылғыларын іс-қимылда тексеру;

7) Автоматты сигнал беру жүйесін (бас және қосалқы қозғалтқыштарды авариялық-ескертпе сигнал берулер, трюмдарда арнау сулардың, сулардың болуын сигналдау және басқаларды) және бас және қосалқы қозғалтқыштардың бақылау және қорғау аспаптарын тексеру;

90 Механизмдерді кезекті куәландыру кезінде осы Қағиданың 89-тармағында көрсетілген тексерулер мен сынақтарға қосымша мыналар орындалуы тиіс:

1) кеме иесі ұсынған механизмдерді ақаулау нәтижесін көрсететін құжаттарды, немесе арнайы ұйымдарда техникалық қызмет көрсетуден өткені туралы құжаттарды тексеру;

2) тірек, аралық және ескіш біліктердің (олар болған жағдайда) техникалық жай-күйін тексеру.

91 Қазақстан кеме қатынастары тіркелімінің қызметкері конструкцияны, пайдалану бойынша нұсқаулықты, қызмет ету мерзімін, атқарымдарды, алдыңғы куәландырудың нәтижелерін, бұрын жүргізілген жөндеулер мен ауыстыруларды, сондай-ақ қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерін назарға ала отырып, әрбір нақты жағдайда қарау, өлшеу және олармен байланысты механизмдерді ашу, бөлшектеу, демонтаждау көлемін белгілейді.

92 Кеме иесі ұсынған құжаттарда көрсетілген қарау, өлшемдер және іріктеп сынау нәтижелері бойынша Қазақстан кеме қатынастары тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 87 және 94-тармақтарында атап көрсетілген механизмдердің техникалық жай-күйін анықтау бойынша критерияларды басшылыққа алып, олардың техникалық жай-күйін белгілейді.


жүктеу 419,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау