"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде


Палубалы шағын көлемді кемелерді куәландыру



жүктеу 419,5 Kb.
бет3/7
Дата23.11.2018
өлшемі419,5 Kb.
#23865
1   2   3   4   5   6   7

4 Палубалы шағын көлемді кемелерді куәландыру


27. Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі палубалы шағын көлемді кемелерді куәландырудың келесі түрлерін жүргізеді:

1) алғашқы;

2) кезекті;

3) жыл сайынғы;

4) кезектен тыс (белгіленген жағдайларда).

28. Палубалы шағын көлемді кемелер Осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің сыныптамалық тіркеуіне келесі жағдайларда қойылады:

1) кеме жасалғаннан кейін;

2) сыныптамасы бойынша басқа ұйымның сыныптамалық тіркеуінде болған кемені Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің сыныптауына қабылдау кезінде;

3) кемені сыныптауға қабылдау кезінде Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қолданыстағы құжаттары жоқ, соның ішінде бұрын басқа сыныптамалық (қадағалау) органының тіркеуінде болғанда.

29. Кемені Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің сыныптамалық тіркеуінен алу:

1) кемені жою кезінде;

2) сыныптамасы бойынша басқа ұйымның сыныбына өткен кезде;

3) егер кеме қатарынан бес жыл бойы куәландыруға ұсынылмаса;

4) кеменің конструктивті опаты кезінде;

5) кеме иесі ауысқан кезде;

6) кеме туы ауысқан кезде.



Кемені Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің тіркеуінен алу, 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген жағдайларды есепке алмағанда, кемені тіркеуден алу себебі көрсетілуі тиіс кеме иесінің өтінімі бойынша жүргізіледі.

30. Кемені сыныптамалық тіркеуге қою үшін кеме иесі/өтінім беруші Қазақстанның кеме қатынасының тіркеліміне келесі құжаттар ұсынады:

1) жеке тұлға болып табылатын кеме иесі тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлға болып табылатын кеме иесі аталуы мен мекенжайы, банктік деректемелері көрсетілген жазбаша өтініш;

2) палубалы шағын көлемді кеменің алдыңғы аталуы мен сыныбы, сондай-ақ жеке тұлға болып табылатын алдыңғы кеме иесінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлға болып табылатын алдыңғы кеме иесінің аталуы мен мекенжайы. Өтінішке кемені заңды иелену фактісін растайтын құжаттар көшірмесі (нотариалды немесе кеме иеленушімен расталған) қоса ұсынылады.

3) кеме туралы мәліметтер;

4) конструкторлық және/немесе жасау құжаттамасы;

5) құрылысшы құжаттары (болған жағдайда);

6) жүруге жарамдылық туралы бұрын берілген куәлік және/немесе кемелерді сыныптау жөніндегі ұйыммен берілген басқа құжаттар, кеме билетінің көшірмесі, куәландыру актісі;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттар;

8) меншік иесі өкілінің құзыретін белгіленген тәртіпте растайтын сенімхат (қажет болсы)

9) кеме билеті (есептен өткен кемелер үшін);

10) 54422-2011 Р МЕМСТ немесе орыс тіліне аударылған ISO 10240:2004 сәйкес рәсімделген иесі үшін нұсқама;

11) барлық элементтер бойынша (санат алуға өтінім берген кемелер үшін) өтінім берілген қолдану ауданы үшін осы Қағидалардың талаптарына кеме сәйкестігінің талдауы.

31. Кемені тіркеуге қою кезінде алғашқы куәландыру жүргізіледі. Куәландыру жағалауда немесе жүзу барысында жүргізіледі.

Тіркеуге қою мақсатында палубалы шағын көлемді кемелерді алғашқы куәландыру құқық белгілеуші құжаттарында ол туралы көрсетілген мәліметтерге кеменің іс жүзінде сәйкестігін растау үшін мемлекеттік тіркеу және оны палубалы шағын көлемді кеме ретінде тіркеу үшін сыныптау алдында жүргізіледі.

Кемені палубалы шағын көлемді ретінде сыныптау барысында кемелік техникалық құралдардың дұрыстығы мен жұмыс қабілеттілігі, кеменің техникалық құжаттамасы тексеріледі, оның жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты және қозғалтқыш (аспалы моторлар) саны, рұқсат етілген желкен алаңы, жүзу ауданы (жағалаудан алшақтауы), су үсті бортының барынша биіктігі, рұқсат етілген толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, дабыл оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақталуы бойынша міндетті шарттар, нормалар мен техникалық талаптар белгіленеді.

Тіркеуге қою мақсатында шағын көлемді кемені алғашқы куәландыру кеме иесінің өтінімі бойынша Куәландыру актісін және Сыныптау куәлігін берумен жүргізіледі.

Техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (төлқұжатта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес емес жеке жасалған палубалы шағын көлемді кемелер, сондай-ақ өнеркәсіптік жасалған кемелер үшін қосымша теңізде жүзу сапасын сынау (жүзе алатындығын, орнықтылығы және батпайтындығы) жүргізіледі.



Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алғашқы куәландыру нәтижелері бойынша куәландыруға ұсынылған кеме палубалы шағын көлемді болып табылатындығына баға беріп куәландыру актісін құрады және оң шешім болған жағдайда кемеге сынып немесе санат береді.

Егер кемені алғашқы куәландыру нәтижесінде оның сапаттамалары кеме билетінің деректеріне сәйкес еместігі немесе кеменің техникалық жай-күйі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталса, куәландыру Актісінде айқындалған сәйкессіздіктер көрсетіледі және оның жүзуге жарамдылығын растамайтын жазба енгізіледі. Сыныптау куәлігі (тек мемлекеттік тіркеу үшін) беріледі. Кеме иесі айқындалған сәйкессіздіктерді жойғаннан соң Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімін хабардар етеді және кемені кезектен тыс куәландыруға ұсынады.

32. Тіркеуге қою мақсатында алғашқы куәландыруға ұсынылатын палубалы шағын көлемді кеме осы Қағидалармен қарастырылған апаттық-құтқару және басқа жарақтаулармен жинақталуы тиіс.

33. Куәландыру оң нәтижелі болған кезде кеме билеті бар шағын көлемді кемелер үшін кеме билетінде көрсетілген жүзу ауданы мен шарттарына барынша сәйкес Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің сыныбы беріледі. Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімімен негіздемесінде көлік бақылау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлінісімен жүзу шарты және навигациялық шектеулер тағайындалған техникалық құжаттаманы қарау жүргізілмейді.

Қолданыстағы кеме билеті бар балық аулау кемесіне санат беру кезінде оған көлік бақылау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлінісімен берілген (қауіпсіз жағына) рұқсат етілген толқын биіктігі санаты бойынша жақын санат беріледі. Егер рұқсат етілген паналау орнынан алшақтау 1-кестеде көрсетілгеннен кем болса, кемеге паналау орнынан алшақтау бойынша қосымша шектеу кеме билетіне сәйкес тағайндалады.

34. Палубалы шағын көлемді кемені жыл сайын куәландыру кезекті куәландырулар арасындағы кезеңде жүргізіледі, оған кеменің техникалық жай-күйін бақылау тексеріс кіреді және кеме сыныбын (санатын) растау шарттарына жеткілікті дәрежеде жауап беретінін белгілеу мақсатын көздейді.

Шағы көлемді кемені жыл сайынғы куәландыру жүзу барысында жүргізіледі.

Жыл сайынғы куәландыру күні Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімінің қызметкерімен тағайындалады. Жыл сайынғы куәландыру кезінде техникалық құжаттамасының бар-жоқтығы, кеме элементтерінің техникалық жай-күйі, анықталған нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақталуының бар-жоқтығы тексеріледі, пайдалану шарты нақтыланады.

Жыл сайынғы куәландыру нәтижесі бойынша Қазақстаның кеме қатынасының тіркелімінің қызметкерімен куәландыру актісі құрылады және куәландыру оң нәтижелі болған кезде кеменің жүзуге жарамдылығы туралы жазба енгізіледі.

35. Егер палубалы шағын көлемді кемені куәландыру нәтижесінде оның сипаттамасы берілген сыныпқа (берілген санатқа) сәйкес еместігі немесе кеменің техникалық жай-күйі кеме қатынастары қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтіні анықталған жағдайда куәландыру актісінде айқындалған сәйкессіздіктер көрсетіледі және кемені жоспарлы куәландыру кезінде сыныбы жаңартылғаны туралы белгі енгізілмейді. Өтініш беруші айқындалған сәйкессіздіктерді жойған соң Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімін жазбаша хабардар етеді және Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі кемені кезектен тыс куәландыруды жүргізеді.

36 Палубалы шағын көлемді кемені кезекті куәландыру кеме сипаттамаларының сыныбына (санатына) сәйкестігін тексеру жолымен кеменің сыныбын (санатын) жаңарту мақсатымен жүзеге асырылады және жағалауда және жүзу барысында бес жылда бір кезеңділігімен жүргізіледі. Куәландыру алдыңғы кезекті куәландыру немесе тіркеуге қою мақсатында алғашқы куәландыру күнінен анықталатын бес жылдық кезең өтелгенге дейін аяқталуы тиіс. Оның нәтижесі бойынша акт құрылады және Санаттық куәлік беріледі.

37 Палубалы шағын көлемді кемені кезектен тыс куәландыру келесі жағдайларда жүргізіледі:

1) жойылмаса кеменің жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін бүлінулерден кейін;

2) жүзу қауіпсіздігіне қатерлі ақаулар анықталған жағдайда және кеменің техникалық жай-күйін немесе жүзу ауданын нақтылау кезінде, сондай-ақ Сыныптау куәлігі қолданысының тоқтата тұруына әкеп соққан себептердің жойылуын тексеру үшін;

3) кеме типін, мақсатын және сыныбын (санатын) өзгертпестен, алайда оның конструкциясының және (немесе) жабдығының елеулі өзгеруімен шағын көлемді кемелердің жөнделуінен немесе жетілдірілуінен кейін;

4) куәландыру актілерімен белгіленген жүзу ауданының немесе маусымдық шектеулердің бұзылуына жол берген кемелер үшін;

5) кеме жолаушыларының және экипажының қауіпсіздігіне, кеме қатынасы қауіпсіздігіне, қоршаған ортаның ластануына ықпал ететін кеме және кеменің техникалық құралдарының элементтеріне қатысты көлік бақылау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлінісімен кемені тексеру нәтижесі бойынша сәйкессіздік анықталған кезде;

6) мемлекеттік қадағалау (бақылау) органдарының, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның өкімі бойынша;

7) кемені сыныптамалық тіркеуге қою және алу кезінде;

8) кеме үшін белгіленбеген жүзу аудандарынан және маусымдарынан тыс бір жолғы өтуге (айдауға) дайындық кезінде және жүзеге асырғаннан соң;

9) кеме иесінің өтінімі бойынша.

Кезектен тыс куәландыру нәтижелері бойынша Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен куәландыру актісі құрылады.

Кеме конструкциясына немесе кеме билетінде не кемені алғашқы куәландыру актісінде көрсетілген кеменің сипаттамаларын өзгертетін элементтеріне өзгертулер енгізілген жағдайда; жойылмаса кеменің жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін кеме конструкциясының және/немесе жабдықтарының бүлінулері кезінде кеме иесі кеме сыныбын немесе санатын растау не өзгерту және оның жүзуге жарамдылығын растауы мақсатында кемені куәландыруды жүргізулері үшін Қазақстанның кеме қатынасының тіркеліміне жүгінуі міндетті.

38. Кеме сыныбы (санаты) келесі жағдайларда тоқтата тұрады:

1) қайта жарақтау, жетілдіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімімен алдын ала келісілмеген;

2) кеме бұл кемеге берілген сыныпқа немесе белгіленген шектеулерге сәйкес емес жағдайларда пайдаланылған;

3) кеме апаттық бүліну алған (апаттан кейін);

4) куәландыру нәтижелері бойынша кеменің техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылған.

39. Сыныбын (санатын) қалпына келтіру үшін кеме оны тоқтата тұруға әкелген себептер жойылған соң кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.

40 Кеме сыныбы (санаты) келесі жағдайларда жойылады:

1) сыныбын (санатын) тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін;

2) сыныбын (санатын) қайта қалпына келтіру (жаңарту) мүмкін емес деп танылған кезде;

3) кеме сыныптамалық тіркеуден алынғанда;

4) кеме опат болғанда.

41 Кемелерді куәландыру, апаттық жағдайлар кезіндегі шақыруларды есепке алмағанда, куәландыруға дейін кемінде 10 жұмыс күні ішінде Қазақстанның кеме қатынасының тіркеліміне алдын ала жолданылатын өтінімдер бойынша жүзеге асырылады.

42 Әрқайсы куәландыру және сынау алдында Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алдыңғы куәландыру нәтижелерімен танысуға және кеме иесінен кемені және оның элементтерін алдыңғы куәландырудан (сынаудан) кейін аныталған ақаулары жойылғаны туралы мәліметтер алуға міндетті.

43 Кемені және оның элементтерін куәландыру кеме иесінің немесе аталған кеме элементтері үшін жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізілуі тиіс.

44. Нормативтік құжаттардың талаптары есепке алынбай, техникалық құжаттамасы келісілмей немесе қадағалау органдарының не сертификаттау жөніндегі органдардың техникалық қадағалауынсыз жобаланған немесе жасалған палубалы шағын көлемді кемелер, өздігінше жасаған кемелер үшін сынып беру ықтималдығы туралы шешім осы Қағидаларға сәйкестігіне әзірлеу және талдаудан кейін ғана қабылданады.

45 Осы Қағидаларда келтірілген кеме элементтері талаптарының біреуінің сақталмау кеменің техникалық жай-күйін «жарамсыз» ретінде анықтау үшін негіздеме болып табылады.

«Шектеулі жарамды» деген анықтама қабылданбайды.

46. Куәландыру нәтижелері бойынша Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен өтінілген жолаушылар санын тасымалдауға кеменің жарамдылығын бортта адамдардың жайғасу орындарының жалпы орналасуы туралы осы Қағидалардың 7-тармағын, құтқару құралдарының бар-жоқтығын және осы Қағидалардың басқа талаптарының орындалуын есепке алумен анықтайды.


жүктеу 419,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау