Ќазаќстан республикасыныѕ ЕЅбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігі



жүктеу 2,44 Mb.
бет3/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#7566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

автомеханикаландырылған процестің аспаптары мен механизмдерінің құрылысы, оларды пайдалану және жөндеу ережесі;

балқыту процесі диаграммасының шифрын ашу (автоматты жазудың), балқытудың технологиялық факторларының балқытатын кварц шынысының сапасына әсері;

кварц шыныны балқыту режимдері және тау хрусталі кесегінің ұсақтығына байланысты оларды түзету, арнайы автоматтандырылған кварц балқытатын машиналарда шынының ірі блоктарын балқыту ерекшеліктері.

19. Кептіру пештері мен барабандарының от жағушысы


Параграф 1. Кептіру пештері мен барабандарының от

жағушысы, 2-разряд


90. Жұмыс сипаттамасы:

кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығына отын салу;

кептірудің қажетті температуралық режимін сақтау;

шикізат пен материалдарды түсіру;

қызмет көрсетілетін оттықтарды тазарту, қож бен күлді алып тастау.

91. Білуге тиіс:

кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың құрылысы;

кептірудің температуралық режимі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Кептіру пештері мен барабандарының от

жағушысы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығында қатты, сұйық және газ тәрізді отынды жағу процесін жүргізу;

кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығына отынның, ауаның түсуін және материалдарды механикалық тиеу мен түсіруді реттеу.

93. Білуге тиіс:

кептіру және тасу (конвейердің, элеватордың) жабдығының құрылысы және оны пайдалану ережесі;

шикізат материалдары компоненттерінің қасиеттері, бақылау-өлшеу және реттеуші аппаратураның құрылысы және оны пайдалану ережесі.

20. Көбікблоктар кесуші
Параграф 1. Көбікблоктар кесуші, 2-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

көбікблоктарды циркульды арамен және аралап кесетін машинамен кесу;

көбікблоктарды айналмалы үстелден алу және оларды конвейерге салу;

көбікблоктарды конвейердің бір тармағынан екіншісіне қайта қою.

95. Білуге тиіс:

циркульды аралардың және арамен кесетін машинаның құрылысы және пайдалану ережесі;

берілген мөлшерлері бойынша көбікблоктарды кесу тәртібі;

соратын ветиляцияның және пневмокөліктің жұмыс істеу қағидасы.

Параграф 2. Көбікблоктарды кесуші, 3-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

көбікблоктарды автоматты кесу сызығында аралау;

қызмет көрсетілетін жабдықты блоктың берілген мөлшерлеріне дайындау;

көбікблоктардың сапасын және оны пішу мүмкіндіктерін анықтау;

автоматты кесу сызығының жұмысын қадағалау;

көбікблоктарды айналмалы үстелден алу және оларды транспортерге салу;

блоктарды гидравликалық штабельдеушімен қатарластырып жинау;

гидрожүйеге қызмет көрсету;

жұмыс орнындағы көбікшыны ұнтағы мен қимын жинау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

97. Білуге тиіс:

автоматты кесу тармағының құрылысы және пайдалану ережесі;

көбікблоктарды берілген мөлшерлер бойынша кесу тәртібі;

гидравликалық жүйенің, соратын вентиляцияның және транспортерлердің жұмыс істеу қағидасы;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

21. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің операторы


Параграф 1. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің

операторы, 4-разряд


98. Жұмыс сипаттамасы:

көбікшыны өндірісі бойынша автоматты желінің анағұрлым жоғары білікті операторының басшылығымен көбікшыны блоктары мен өңдеу тақтайшасын біріктіру және күйдіру процесін жүргізу;

шихта толтырылған қалыптармен платформалар мен вагонеткаларды бірктіру пешіне берудің циклдығын қадағалау;

аспаптардың көрсеткіштері мен берілген температуралық режимді қадағалау;

кристалдаудың температуралық және жылдамдықтық режимдерін реттеу;

газдың біріктіру пешіне және жанарғыларға түсуін бақылау;

технологиялық журналда жазба жүргізу.

99. Білуге тиіс:

біріктіру пештерінің құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының және біріктіру пештерін автоматты реттеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы;

біріктіру пешінің жекелеген бөліктерін қосу және сөндіру ережесі;

бұйымдарды біріктіру, күйдіру және кристалдау температуралық режимі және технологиясы;

бұйымдарды жентектеу пешінен түсіру ережесі.

Параграф 2. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің

операторы, 5-разряд


100. Жұмыс сипаттамасы:

біріктіру пештерінде шыныблоктарды біріктіру және күйдіру процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматты реттеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режимді бақылау;

автоматты желінің, гидросорғылардың, итергіштің, көтергіштің, блокты тасу механизмінің жұмысының өзара әрекеттестігін реттеу;

автоматты желінің барлық механизмдерінің жұмысын жөндеу;

жұмыс журналын жүргізу.

101. Білуге тиіс:

көбікшынының өндірісінің технологиялық процесі;

біріктіру пештерінің, гидрожүйенің, автоматты желі механизмдерінің құрылысы;

бақылау-өлшеу аспаптарының және біріктіру пештерін автоматты реттеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы.

22. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы
113. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 2-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым бір орындық өлшеу қондырғыларының көмегімен шыны мен өлшенбейтін ыдыстан аспаптардың дайындамалар көлемін өлшеу процесін жүргізу.

103. Білуге тиіс:

қарапайым бір орындық көлемді өлшеу қондырғыларының құрылысы мен әрекет ету қағидасы, белгілер түсіру тәсілдері;

нормаларды пайдалану ережесі.

104. Жұмыс үлгілері:

1) май өлшеуіштердің, термометрлердің дайындамалары – көлемдерді шамалап өлшеу;

2) өлшенбейтін колбалар, химиялық стақандар - көлемдерді шамалап өлшеу.

Параграф 2. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 3-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы:

көп орындық көлемді өлшеу қондырғыларының көмегімен сұйықтықтардың көлемін дәл өлшеуге арналған аспаптар мен химиялық- зертханалық ыдыстың көлемдерін өлшеу процесін жүргізу;

көлемдерді сынаппен, аналитикалық таразының көмегімен салмақтық әдіспен тексеру.

106. Білуге тиіс:

көлемді өлшеуге арналған көп орындық қондырғыларының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

көлемді анықтаудың салмақтық тәсілі, аналитикалық таразыда жұмыс істеу тәртібі;

өлшеу аспаптары мен өлшеу ыдысына қойылатын техникалық талаптар.

107. Жұмыс үлгілері:

1) өлшейтін тамызғыштар, бюреткалар, өлшейтін колбалар, цилиндрлар, мензуркалар – көпорындық аппараттарда көлемдерді өлшеу;

2) химиялық- зертханалық ыдыс - салмақтық әдіспен өлшеу.

Параграф 3. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 4-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматтарда шыныдан дәл өлшеу аспаптарының көлемдерін өлшеу процесін жүргізу, дайындамаларды тиеу құрылғысына беру;

өлшенетін сұйықтықтың берілуін бақылау;

көлемді өлшеу жартылай автоматтарына технологиялық күтім жасау мен жөндеуге қатысу.

109. Білуге тиіс:

көлемді өлшеу жартылай автоматтарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

бақылау-өлшеу аспаптарын және аспаптарды пайдалану ережесі;

өлшенетін өнімге мемлекеттік стандарттар, ақау түрлері және оны бақылау әдістері.

110. Жұмыс үлгілері:

1) мензуркалар өлшейтін цилиндрлар - жартылай автоматтарда өлшеу;

2) май өлшеуіштердің шкалалары – ПОМ түрлі жартылай автоматтарда өлшеу.

23. Крокус пен зімпараны жіктеуші


Параграф 1. Крокус пен зімпараны жіктеуші, 2-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:

маркалары бойынша дөрекі және орта тегістеуге арналған абразивті ұнтақтарды жіктеу;

қоспалардан тазартумен абразивті материалдарды ұсату.

112. Білуге тиіс:

ұсату механизмдерінің, конустардың, тұндығыштардың және абразивті ұнтақтар мен крокусты жіктеуге арналған басқа құрылғылардың құрылысы, қызмет көрсету және басқару ережесі;

тегістеу ұнтақтарын дайындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың қасиеттер;

реакцияның қосымша өнімдерін тұндыру кезінде артық реагенттерді табу үшін индикаторлармен жұмыс істеу ережесі;

абразивті материалдарды қоспалардан тазарту тәсілдері, суспензия құру ережесі;

абразивтерді жіктеу және техникалық шарттар.

Параграф 2. Крокус пен зімпараны жіктеуші, 3-разряд


113. Жұмыс сипаттамасы:

ұсақ тегістеуге арналған абразивті ұнтақтарды маркалары бойынша жіктеу,

өңдеудің барлық түрі үшін полиритті дайындау;

абразивті қасиеттері бойынша сорттық құмды жіктеу;

абразивті материалдарды жуатын құрылғыларға тиеу, оларды түсіру жән фракцияларға бөлу;

сорттық орды, жіктеу қондырғыларын және жуатын құрылғылады қажетті күйде ұстау.

114. Білуге тиіс:

крокусты дайындауға арналған материалдардың түрлері және өңдейтін ұнтақтарды дайындау тәсілдері;

крокус пен полиритқа арналған техникалық шарттар, микроұнтақтарды дайындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың қасиеттері;

жіктеу қондырғыларының құрылысы және пайдалану ережесі;

абразивті материалдарды бақылау әдістері мен сапасына қойылатын талаптар;

істеп болған абразивті ұнтақтарды механикалық қоспалардан тазарту және оларды майсыздандыру тәсілдері.

24. Крокусты суспензияны берудегі моторист
Параграф 1. Крокусты суспензияны берудегі моторист, 3-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:

конвейердің өңдеу желісін крокуспен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету;

сорғылардың қысымын қадағалау және реттеу;

бойлерге немес кеспекке су мен будың берілуін реттеу;

крокусты супензияның қажетті тығыздығын қамтамасыз ету;

суспензияны күкірт қышқылымен және темір купороспен қажетті желімтығыздыққа дейін қышқылдау;

бір кеспектен екіншісіне жұмысқа көшу;

резервті кеспектер мен крокустық магистральдарды шаю және елеуіштің көмегімен шаю сапасын бақылау.

116. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

крокустың сапасына қойылатын талаптар;

крокус пен күкірт қышқылының шығын нормасы;

темір купоросын күшейткіш ретінде мөлшерлеу.

25. Күміс жалатушы


Параграф 1. Күміс жалатушы, 2-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым конфигурациялы шыны және шыны бұйымдарына күміс жалату;

шыны және шыны бұйымдарына күміс жалатуға дайындау;

шыны бұйымдарын күміс жалатушы станокқа қою;

шыныны химиялық ерітінділермен және тазартылған сумен шю.

118. Білуге тиіс:

шыны және шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі;

күміс жалату ақауының түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

119. Жұмыс үлгілері:

1) мөлшері 200 м дейін шағылдырғыштар - күміс жалату;

2) 30 мм дейін призмалар - күміс жалату;

3) мөлшері 20х25 см дейін шыны және шыны бұйымдары, шырша әшекейлері - күміс жалату;

4) сыйымдылығы 3 л дейін термостар - күміс жалату.

Параграф 2. Күміс жалатушы, 3-разряд


120. Жұмыс сипаттамасы:

орта күрделі шыныға және шыны бұйымдарына күміс жалату;

шыныны химиялық ерітінділермен және тазартылған сумен шаю;

күміс жалатушы үлбірді (амальагаманы) кептіру;

шыны бұйымдарын кептіруді қадағалау және температуралық режимін реттеу;

күміс жалататын ерітінділерді қалыптастыру.

121. Білуге тиіс:

шыныға және шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі;

күміс жалату үшін қолданылатын ерітінділердің рецептурасы мен дайындау тәсілдері;

химикаттар мен өңделінетін бұйымдарға арналған техникалық шарттар;

күміс жалату ақауының түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

122. Жұмыс үлгілері:

1) мөлшері 10 мм дейін ұсақ бөлшектер - күміс жалату;

2) мөлшері 200 мм артық шағылдырғыштар - күміс жалату;

3) мөлшері 30 мм артық призмалар - күміс жалату;

4) III-V класты кедір-бұдырлы торлар - кеуексіз күміс жалату;

5) дьюар ыдыстары - күміс жалату;

6) мөлшері 20х20 см және 70х55 см артық шыны және шыны бұйымдары- күміс жалату;

7) сыйымдылығы 3л артық термостар - күміс жалату.

Параграф 3. Күміс жалатушы, 4-разряд


123. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі конфигурациялы шыныға және шыны бұйымдарына күміс жалату;

күміс жалататын ерітінділерді қалыптастыру;

күміс жалататын станокқа бұйымдарды салу;

шыныны химиялық ерітінділермен және тазартылған сумен шаю;

күміс жалатату үлбірін кептіру;

шыны бұйымдарын кептірудің температуралық режимін сақтау.

124. Білуге тиіс:

шыныға және шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі, күміс жалату үшін қолданылатын ерітінділердің рецептурасы мен дайындау тәсілдері;

химикаттар мен өңделінетін бұйымдарға техникалық шарттар;

күміс жалату ақауының түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

125. Жұмыс үлгілері:

1) мөлшері 10 мм артық бөлшектер- жарық бөлетін химиялық күміс жалату;

2) мөлшері 70х55 см артық шынылар - күміс жалату.

26. Қалыптарды лактаушы
Параграф 1.Қалыптарды лактаушы, 2-разряд
126. Жұмыс сипаттамасы:

шыны бұйымдарын үрлеуге арналған металл қалыптардың ішкі бетіне лак жағу;

рецепт бойынша лак дайындау;

шыны бұйымдарын үрлеуге арналған қалыптарды лактың ескі қабатынан тазалау және шаю;

қалыптың ішінде тегіс жылтыр бет болғанға дейін лак жағу және бүркеу;

лакқа ағаш тозаңының қабатын жағу;

лак жабынын кептіру;

қалыпты лакпен жағу сапасын анықтау.

127. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі;

шыны бұйымдарын үрлеуге арналған металл қалыптарды кептіру режимдері;

қолданылатын лактардың құрамы мен қасиеттері;

лак жабынының сапасын айқындау әдістері.

27. Қалып ұстаушы


Параграф 1. Қалып ұстаушы, 2-разряд
128. Жұмыс сипаттамасы:

шыны бұйымын үрлеу үшін қалыпты дайындау;

үрленетін шыны бұйымды ашық қалыпқа қабылдау;

қалыпты жабу және ашу.

129. Білуге тиіс:

қалыптың құрылысы, қалыпты пайдалану ережесі.

28. Құм мен кеуек тасты жіктеуші
Параграф 1. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 2-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:

түйісу кеспегінде пульпаны дайындау;

анағұрлым жоғары білікті құм мен кеуек тасты жіктеушінің басшылығымен құм мен кеуек тасты жіктеу;

судың тартпалы қуаттандырғышын қосу, суды іске қосу; жіктеу тартпасында пульпаның қажетті деңгейі мен тығыздығын қолдау;

түйісу кеспегінің аралстырғышын және құм сорғысын іске қосу, шекқұбырларды шаю.

131. Білуге тиіс:

түйісу кеспегінің белгіленуі және құмның гидравликалық жіктегішінің құрылысы, пульпадағы құм мен судың пайыздық арақатынасы;

пульпаның тығыздығын әлсін-әлсін өлшеу тәртібі;

жұмыстан кейін магистральды тазалау ережесі, резервті сорғыға көшу ережесі.

Параграф 2. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 3-разряд


132. Жұмыс сипаттамасы:

пульпаны дайындау және оны гидрожіктегіштің гидросорғылармен жинау кеспегіне беру;

құммен судың араластырғышқа берілуін реттеу.

133. Білуге тиіс:

араластырғыш-жіктегіштің және қызмет көрсететін басқа жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

пульпаның белгіленуі және оны дайындау тығыздығы.

Параграф 3. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 4-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:

құм мен кеуек тасты гидравликалық жіктегіштерде жіктеу;

фракциялар бойынша жіктелген құмды, кеуек тасты ротациялық өңдеу аппараттарына және шыныны тегістеу-өңдеу конвейерлеріне беру.

135. Білуге тиіс:

гидравликалық жіктегіштің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

құм мен кеуек тасты жіктеу процесінің мәнісі, шыныны тегістеу- өңдеу режимі;

фракциялар бойынша жіктелген құмды, кеуек тасты, шыныны тегістеу-өңдеу жабдығына беру ережесі, жіктелетін құм мен кеуек тастың сапасына қойылатын талаптар.

29. Машиналардан шыныны омырып алушы


Параграф 1. Машиналардан шыныны омырып алушы, 2-разряд
136. Жұмыс сипаттамасы:

табақтардан домалататын оюлы және қаңқа темірленген шынының ернеуін омырып алу;

қажет болған кезде механикаландырылған омырып алу кезінде шыныны тігінен тарту машиналарнда шыны табақтарынан ернеуді қолмен омырып алу және шыны табақтарының механикалық омырып алынуын қадағалау;

шыныны тарту машинасы шихтадан шыққанда шыны түтіктерінің берілген мөлшерлері бойынша кесу және омырып алу;

машинаны соғу кезінде шыны табақтарын іріктеу;

шыны табақтарын транспортерге немесе пирамидалаға орнату;

суытуға арналған түтіктерді жинау;

түтіктерді күйдіруге және кейінгі өңдеуге жіберу.

137. Білуге тиіс:

шыны табағын дайындау технологиясының негіздері, шыныны кесу және омырып алу тәсілдері және қолданылатын құрылғылардың құрылысы, шыныны омырып алу сапасына қойылатын талаптар;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

Шыны лентасының ені 2,5 м артық шыныны тігінен тарту машиналарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.

30. Отта кесуші
Параграф 1. Отта кесуші, 2-разряд
138. Жұмыс сипаттамасы:

шағын және орта қуыс шыны бұйымдарын отта, газ жанарғылары бар станокта кесу;

шыны бұйымдарын ыдысқа, кассетаға, стеллаждарға төсеу;

кесу сапасын көзбен бақылау.

139. Білуге тиіс:

станоктар мен шыны бұйымдарын кесуге және балқытуға арналған құрылғылардың құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

газ жанарғыларының жалынын баптау ережесі;

қуыс шыны бұйымдарын кесуге қойылатын талаптар;

кесу тәсілдері мен тәсімдері;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

140. Жұмыс үлгілері:

1) колбалар – газ конусында кабельді сызық бойынша кесу;

2) колбалар, цилиндрлар, шыны түтіктер – қыздырылатын сымда кесу;

3) электронды - сәуле түтіктеріне арналған конустар - кесу;

4) диаметрі 200 мм дейін шашыратқыштар;

5) түссіз шыныдан жасалған сортты ыдыс (рюмка, фужер, бокал, шай ішуге арналған стақандар, су ішуге арналған стақандар) – кесу;

6) шыны бұйымдары (колбалар, мензуркалар, цилиндрлар, стақандар және басқа бұйымдар) – станокта және газ жанарғылары бар машиналарда мойын қылтасын кесу және балқыту;

7) барлық мөлшердегі және рецепті цилиндрлар- диск пышағы бар және газ жанарғысымен станокта кесу және балқыту.

Параграф 2. Отта кесуші, 3-разряд
141. Жұмыс сипаттамасы:

ірі және қалың қабырғалы шыны бұйымдарын кесу;

газ жанарғыларымен станоктарда хрусталь және сапматалы шыныдан ұсақ және орта қуыс бұйымдарды кесу;

станоктарда және жартылай автоматтарда күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын кесу;

әр түрлі шыны бұйымдарын кесу кезінде жартылай автоматты қайта жөндеу;

газоттегі жанарғының жалынында кварц шыныдан әр түрлі бөлшектер мен аспаптарды дайындау;

кварц шыныдан өңдеу: жанарғы жалынында шыбықты майыстыру, қолмен бұрау;

газ жанарғыларының жалынын реттеу;

шыны бұйымдарын ыдысқа салу.

142. Білуге тиіс:

газ жанарғылары бар станоктардың және қолданылатын құрылғылардың құрылысы және пайдалану ережесі;

кварц шыныдан бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі;

өңделінетін және дайындалатын бұйымдарға қойылатын талаптар;

газ жанарғыларының жалынын реттеу тәсілдері;

дайындалатын аспаптар мен бөлшектерге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

143. Жұмыс үлгілері:

1) моншақтар, кварц шыныдан шырақтар мен шашыратқыштарға арналған шығыршықтар - дайындау;

2) ықшамдау колбаларына арналған дайындамалар - баллондарды кесу, түбін, мойын қылтасын кесу;

3) регенерациялауға арналған колбалар – арнайы станоктарда колбалардың мойын қылтасын кесу;

4) қолмен дайындалған генераторлық колбалар - кесу;

5) су электрондық көбейткіштерге арналған колбалар - кесу;

6) экрандық станокқа арналған конустар және электронды- сәулелік түтіктерге көшу - кесу;

7) тұғырықтар - секторға кесу;

8) диаметрі 200 мм артық шашыратқыштар;

9) сортты ыдыс (хрусталь және саптама шыныдан бұйымдар: рюмка, фужер, бокал, қалың қабырғалы шарап стақаны, сусынға арналған стақан; қарапайым және саптама шыныдан орта мөлшерлі бұйымдар) - кесу;

10) шыны бұйымдары (колбалар, мензуркалар, цилиндрлар, стақандар мен басқа бұйымдар) – станоктар мен жартылай автоматтарда мойын қылтасын кесу және балқыту;

11) шеттері - оттекті-сутегі жанарғының жалынында және арнайы станоктарда жалын кесу;

12) қалың қабырғалы шыны түтіктер және фасондық бөліктер - кесу.

Хрусталь және саптама шыныдан ірі және қалың қабырғалы бұйымдарды кесу кезінде - 4-разряд.

31. Пештерге тиеуші
Параграф 1. Пештерге тиеуші, 2-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

вагонеткалар мен қалыптарды біріктіру пешіне тиеуге дайындау;

шихтаны жұмыс орнына жақындату;

шихтаның шығыс бункерге түсуін бақылау;

қалыптарды майлау үшін коалин суспензиясын дайындау;

қалыпқа жаққышпен немесе бүріккіш- пистолетпен біркелкі май жағу;

қалыптарды артық майдан тазарту;

шихтаны мөлшерлеу және қалыптарға төгу;

шихтаны тегістеу;

шихтамен қалыптарды қақпақпен жабу;

вагонетканы траверсті арбаға, шихтамен қалыптарды біріктіруге беру.

145. Білуге тиіс:

бүріккіш-пистолеттердің құрылысы, арбалардың электрқозғалтқыштарын және басып озатын жол кареткаларының басқару ережесі;

қалыптарды майлау тәртібі және оларды тазарту;

қалыптарды майлау үшін суспензиялар дайындау тәсімдері.

Параграф 2. Пештерге тиеуші, 3-разряд


146. Жұмыс сипаттамасы:

вагонеткаларды біріктіру пешіне тиеу;

көбікшыныға арналған шихтамен тиелген қалыптарды, вагонеткаларды тиеу терезесіне беру;

шиберді көтеру және шихтамен қалыптарды біріктіру пешіне итеру, сырғыма тиектердің пештік бағыттаушыларында дұрыс орналасуын қадағалау және бақылау, пештің шиберін жабу;

көбікшыны блоктарын қалыптардан алу және оларды кассеталарға салу;

кассеталарды күйдіру пешінің торына орнату;

блоктарды күйдіру процесін бақылау;

біріктіру қалыптарын тазалау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

147. Білуге тиіс:

көбікшыны өндірісі бойынша желінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

блоктарды біріктіру және күйдіру технологиялық процесі;

қалыптардан көбікшыны алу ережесі;

вагонеткаларды біріктіру пешіне тиеу ережесі;

шихтамен қалыптарды біріктіру пешіне жылжыту циклдігінің режимі.

32. Реактивші


Параграф 1. Реактивші, 4-разряд
148. Жұмыс сипаттамасы:

берілген рецептура бойынша айнаны тазартуға арналған шыны мен пастаға күміс пен мыс жалатуға арналған химиялық ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау.

149. Білуге тиіс:

шыныға күміс жалату үшін қолданылатын химиялық реактивтердің құрамы мен қасиеттері;

күміс жалататын ерітіндінің рецептурасы;

айнаны тазартуға арналған пастаны және айнаның қорғаныш жабыны үшін ерітіндіні қалпына келтіру тәсілдері;

химикаттарды және аспаптарды пайдалану ережесі.

33. Сепараторшы


Параграф 1. Сепараторшы, 2-разряд
150. Жұмыс сипаттамасы:

шикізаттық материалдарды сепараттау;

магнитті сепараторды шикізаттық материалдармен тиеу;

сепаратордың жұмысын және материалдарды темір тотықтарынан тазартуды қадағалау.

151. Білуге тиіс:

магнитті сепаратордың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

қосатын құрылғыларды пайдалану ережесі;

шикізаттық материалдарды сепараттау ережесі.

34. Суретхимгравирлеуші
Параграф 1. Суретхимгравирлеуші, 5-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:

шыныбұйымның бетіне фоторезист жағу;

шыныбұйымның бетін дайындау;

беттің майын кетіру;

фоторезист жағылғаннан кейін шыны бұйымын кептіру;

шыны бұйымын салқындату және жағылған фоторезистке негативті жабыстыру;

шыны үстінде берілген суретті көрсету;

суреттің көрінуі;

суретті илеу;

арнайы ерітіндіде өңдеу;

ащы натр ерітіндісінде тазарту.

153. Білуге тиіс:

фоторезист жағу процесі, шыны бұйымдарының бетін дайындау ережесі;

шыны бұйымдарын өңдейтін ерітінділердің рецептурасы;

шыны бұйымдарын кептіру параметрлері;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

35. Сынап дистилляторшысы
Параграф 1. Сынап дистилляторшысы, 2-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дистилляторшының басшылығымен сынапты химиялық, механикалық және басқа тәсілдермен тазарту процесін жүргізу;

жинағыштарды вакуумсорғының көмегімен сынаппен толтыру;

сынапты азот қышқылымен өңдеу, сумен шаю, сүзу;

ерітінділер мен бояулар жасау;

құрамында сынап мөлшері бар, ақауға шығарылған лампалар мен термометрлерді қайта өңдеуші ұсақтағышқа жүктеу;

шыныны ұсату;

сынапты шыныдан бөлу, жуатын ваннада сумен шаю;

сынапты тазартуға арналған қондырғыларды бөлшектеу, тазарту және құрастыру;

қайта өңдеуші жабдығына ағымдағы жөндеу жасау.

155. Білуге тиіс:

сынаптың және қолданылатын реактивтердің негізгі физикалық –химиялық қасиеттері;

улы заттармен қауіпсіз жұмыс ережесі;

сынапты улау, тазарту және пайдаға асыру процесін жүргізу негіздері;

сынапты шыныдан бөліп алу және ұсату тәсімдері.

Параграф 2. Сынап дистилляторшысы, 3-разряд


156. Жұмыс сипаттамасы:

вакуумдық қондырғыда сынапты дистилляциялау процесін жүргізу;

механикаландырылған вакуум қондырғыларының жұмысын қадағалау;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

157. Білуге тиіс:

сынапты вакуумдық және дистиллятциялау түрлері мен тәсімдері;

құрылысы, жөндеу ережесі қызмет көрсетілетін жабдықтың, сынапты тазарту, улау және дистиллятциялау технологиялық процестерін жүргізу ережесі.

Параграф 3. Сынап дистилляторшысы, 4-разряд


158. Жұмыс сипаттамасы:

сынапты магнитті-гидравликалық тазарту және демеркуризациялау қондырғыларында сынапты тазарту және дистиллятциялау процесін жүргізу;

қондырғылардың жұмысын жөндеу және реттеу, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша процестік барысын қадағалау;

қондырғыда разрядталу мөлшерін, су салқындататын контурға судың берілуін реттеу;

сорғалап ағатын және электр-магниттікті сорғылардың жұмсын қадағалау;

автоматты режимде басқару пультынан сынап шамдарды демеркуризациялау процесін өткізу;

қызмет көрсетілетін жабдықты қарауға және жөндеуге қатысу;

жұмыс журналын жүргізу.

159. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

сынапты қоспалардан тазарту сапасына қойылатын талаптар, сынапты тазарту және дистиллятциялау түрлері мен әдістері;

сынап лампаларын демеркурлеу, сынапты тазарту, улау және дистиллятциялау технологиялық процестерін жүргізу ережесі.

36. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші
Параграф 1. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші, 4-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнатушы пештерге, шыныны күйдіру пештеріне және басқа пеш қондырғыларына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;

пештердегі анағұрлым жоғары білікті кезекші қалаушының (пеш жасаушының) басшылығымен шыны қайнатушы пештерге және пеш қондырғыларына «ыстық» және «суық» жөндеулер жүргізу;

отқа төзімді кірпішінтен массивтерді, атуларды, түптерді және саптамаларды қалау;

газ және ауаағарларды футерлеу кезінде оқшаулайтын отқа төзімді қалау;

ауақыздырғыштардың ұяшықтарын, саптамаларын тазарту;

берілген құрам бойынша арнайы ерітінділерді даярлау.

161. Білуге тиіс:

шыны қайнатушы пештердің және пеш қондырғыларының құрылымдары;

жұмыс істеу қағидасы, қызмет көрсету және жөндеу, шыны қайнатушы пештерден құмыраларды, боттарды алу және орнату тәсілдері;

фасондық, отқа төзімді және термоизоляциялық бұйымдардың түрлері мен маркалары, оларды қабылдау және сақтау тәртібі;

шыны қайнатушы пештердің элементтерін қалау сапасына қойылатын негізгі талаптар.

Параграф 2. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші, 5-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнатушы пештерге және пеш қондырғыларына «ыстық» және «суық» жөндеулер жасау;

шыны қайнатушы пештердің қабырғаларының, күмбездердің, аркаларының барлық түрлерін отқа төзімді етіп қалау және жөндеу;

саптаманың үстіңгі қатарын қалау;

регенераторлардың жабындарын қалау және жөндеу;

отқа төзімді бұйымдарды жазықтығы бойынша фасондық жону.

163. Білуге тиіс:

шыны қайнатушы пештерді пайдалану кезіндегі шекті температуралары;

шыны қайнатушы пештердің конструкциялық элементтерін қалаудың, жөндеудің сапасына қойылатын талаптар;

отқа төзімді ерітінділердің, толтырмалардың құрамы.

37. ТВЧ қондырғысының операторы
Параграф 1. ТВЧ қондырғысының операторы, 4-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:

берілген технологиялық режимге сәйкес ТВЧ қондырғысына қызмет көрсету;

шыны бұйымдарын қалау, қыздыру, престеу, суыту және түсіру;

құмыраны орнатуға түсіруге қатысу және құятын үстелде шыны массасын құю;

учаскенің электр жабдығына қызмет көрсету. ТВЧ қондырғысының негізгі тораптарын жөндеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау;

геренатордың режимін таңдау;

қондырғыны тиеуді және шыны бұйымдарының шығымын есепке алу.

165. Білуге тиіс:

ТВЧ қондырғысының құрылысы, сызбасы және басқару ережесі;

шыны бұйымдарын қыздыру және престеу режимі;

өлшеу аспаптарын қосу сызбасы және олардың көрсеткіштерінің шекті мәндері;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

38. Термометрлердің белгілеушісі


Параграф 1. Термометрлердің белгілеушісі, 2-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:

термометрлердің корпустарында температура нүктелерін алдын ала белгілеу;

термометрлердің дайындамаларын су термостатына және қар ваннасына орнату;

су термостатына және қар ваннасына қызмет көрсету.

167. Білуге тиіс:

термометрлердің негізгі толтырғыштарының атауы мен қасиеттері;

термометрлерге белгілер жағу техникасы;

термометрия негіздері, термостаттарды пайдалану ережесі.

Параграф 2. Термометрлердің белгілеушісі, 3-разряд
168. Жұмыс сипаттамасы;

күрделі емес термометрлердің температура нүктелерін дәл белгілеу;

түзетуді ескерумен эталонды термометрді орнату және іріктеу;

термометрдің қабыршығында реперлік белгіні жағу, термометр шкаласын бекіту сапасын бақылау;

термометрдің дайындамаларын ұстау үшін термостатқа орнату;

термометрлерді сүрту және шаю;

май және тұз термостаттарына қызмет көрсету.

169. Білуге тиіс:

термометрлерді дайындау технологиясы, май және тұз термостатын пайдалану ережесі;

эталондық үлгілермен жұмыс істеу ережесі;

бояулардың құрамы мен қасиеттері, ақау түрлері және оның пайда болу себептері.

Параграф 3. Термометрлердің белгілеушісі, 4-й разряд


170. Жұмыс сипаттамасы:

селитралық және спирттік термостаттарда көмекші шкаланы пайдаланумен орта күрделі жоғары градустық және төмен градустық термометрлердің температура нүктелерін дәл белгілеу;

термостаттық қоспаларды дайындау;

электр пешінде термометрлердің дайындамаларын алдын ала қыздыру.

171. Білуге тиіс:

термостаттық сұйықтықтардың химиялық және физикалық қасиеттері;

белгі жағу үшін қолданылатын бояулардың құрамы мен қасиеттері;

термостаттарды, электр пештерін пайдалану және қызмет көрсету ережесі;

физика мен электроника негіздері.

Параграф 4. Термометрлердің белгілеушісі, 5-разряд


172. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты режимде жұмыс істейтін өрістердің градиентінің жоғары дәлдігімен термостаттар мен криостаттарда ерекше күрделі жоғары дәлдікті термометрлерді белгілеу;

термометрдің калибріне есептеу жүргізу.

173. Білуге тиіс:

жоғары дәлдікті термостаттар мен криостаттарға қызмет көрсету ережесі;

термометрдің калибріне түзетулер есептеу әдістері мен нысандары;

шартты градус бағасының мәндерін есептеу;

жоғары математика бойынша негізгі мәліметтер.

39. Термостарды жинаушы
Параграф 1. Термостарды жинаушы, 1-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:

термос қабығының жекелеген бөлшектерін жиынтықтау, қатайтатын және амортизациялайтын бөлшектерді төсеу;

термостың пластмасса немесе металл қабығында термос колбасын толық жинақтау;

сыртқы және ішікі колбалардың арасына асбест төсемдерін немесе болат серіппелерді қою арқылы колбалар мен Дьюар ыдыстарын ортаға келтіру.

175. Білуге тиіс:

әр түрлі сыйымдылықтағы және пішіндегі термостарды жинау тәсілдері мен ережесі;

термостарды жинау сапасына қойылатын талаптар, дайын термостарға техникалық шарттар;

термос колбаларын ортаға келтіру үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, термос колбаларын ортаға келтіру қасиеттері.

Параграф 2. Термостарды жинаушы, 2-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:

пластмасса, металл корпусымен термостарды жиынтықтау, жинау және құрастыру;

сувенир термостарды жинау;

жекелеген тораптарды жинау кезінде саңылауларды бұрғылау;

электр қыздырғыштарды орнату;

қайырмалы қақпақты жинау және орнату.

177. Білуге тиіс:

жиналатын тораптардың атауы, олардың өзара орналасуы, жиналатын термостарға жиынтыққа кіретін бөлшектердің ерекшелігі мен мөлшерлері, бұрғылау тәсілдері;

кесетін аспапты пайдалану ережесі;

термостарды жинау сапасын бақылау әдістері.

40. Тигльдер жинаушы
Параграф 1. Тигльдер жинаушы, 4-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:

тигльдерді алдын ала өңдеу;

тапсырысқа сәйкес тигльдік бөлшектерін мөлшері бойынша іріктеу;

пуансонның шығарылымын қиыстырып келтіру және тигльдерді ортаға келтіру;

тигльдерді блоктармен немесе хрустальмен зарядтау;

тигльдерді сөрелерге орнату.

179. Білуге тиіс:

тигльдің құрылысы және оны жинау мен зарядтау ережесі;

түтіктердің әр түрлі диаметрлері үшін тигльдерді жинау, өңдеу дәлдігіне қойылатын талаптар;

хрустальдың түрлері, пуансонның шығарылымы, пуансонның диаметрі бойынша берілген түтіктің диаметріне байланысты тигльдерді жинау кестесі.

41. Уақтаушы-ұсатушы
Параграф 1. Уақтаушы-ұсатушы, 3-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:

шикізат материалдарын, шыны ұсатқышты, эрклезді, таулы хрустальді, полиматериалдарды (полистиролды, поликарбонатты), зімпаралы және корунд кесектерін және уақтау- ұсату агрегаттарындағы басқа материалдарды уақтау және ұсату;

уақтау- ұсату жабдығын жұмысқа дайындау, шикізат материалдарын тиеу және түсіру;

уақтау процесін реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау.

181. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, белгіленуі және пайдалану ережесі;

өңделінетін шикізаттық материалдарды ұсатуға, елеуге қойылатын техникалық талаптар;

өңделінетін материалдардың сапасын анықтау ережесі;

материалдардың түрлері және оларға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Уақтаушы-ұсатушы, 4-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

кесек кварцт термоұсақтау пештерінде ұсату, дисктік диірмендерде уақтау, дірілді елеуіште елеу, кептіргіш пештерінде кептіру, гидрокөтергіші бар арбамен тасымалдау;

кесек кварцты термоұсатуға дайындау;

ұсату, кептіру, уақтау және елеу процесін реттеу;

ұсақталған кварцты фракциялар бойынша сұрыптау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау және оны жөндеуге қатысу.

183. Білуге тиіс:

дисктік диірмендерді, дірілді елеуіштерді, гидрокөтергіші бар арбаларды термоұсақтау және кептіру пештерінің құрылысы;

белгіленуі және пайдалану ережесі, термиялық пештерге қызмет көрсету ережесі;

ұсатуға, кептіруге, уақтау мен себуге қойылатын техникалық талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және белгіленуі;

орындалатын жұмыстар көлемінде темір ұста жұмыстары.

Параграф 3. Уақтаушы-ұсатушы, 5-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:

сорғалап ағатын ағынға қарсы диірмендерде құмды ұсату процесіне қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы олқылықтарды жою;

ұсақтаудың ұсақтығын реттеу;

шаң ұстау жүйесіне қызмет көрсету.

185. Білуге тиіс:

сорғалап ағатын ағынға қарсы диірмендердің, ауа үрлегіштердің, вакуум көлігінің, шаң ұстау жүйелерінің және басқа қосалқы жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

өңделетін материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықты техникалық пайдалану ережесі;

жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері және оларды жою тәсімдері.

42. Үлдір даярлаушы
Параграф 1. Үлдір даярлаушы, 2-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:

ассортимент бойынша үлдір дайындау;

үлдір орамын жазу;

үлдірді матаға тігу, конвейерді қыздыру және іске қосу;

үлдірдің берілген ылғалдылығын алуды ескерумен конвейердің температурасы мен жылдамдығын реттеу;

үлдірді тазалау;

үлдірлерді берілген мөлшерлер бойынша кесу.

187. Білуге тиіс:

конвейердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

үлдірге қойылатын техникалық талаптар, конвейерді қосу алдында үлдірді бекіту (түйістіру) тәсілі;

үлдірді кептірудің температуралық режимін реттеу тәсімі;

берілген ассортиментті алу үшін үлдір дайындау мөлшерлері, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

селикагельдің қасиеттері және белгіленуі.

43.Үрлейтін жартылай автоматтың операторы


Параграф 1. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы 2-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:

таза қалыпта қарапайым парфюмерлі және медициналық ыдысты қалыпту арқылы үрленбелі жартылай автоматта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау;

таза қалыптардың күйін қадағалау және оларды суытуды реттеу.

189. Білуге тиіс:

үрленбелі жартылай автоматтың құрылысы және оны пайдалану ережесі;

шынының негізгі қасиеттері, дайындалатын бұйымдарға техникалық шарттар;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 2. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы, 3-разряд


190. Жұмыс сипаттамасы:

алғашқы және таза қалыптарда калибрленген мойын қылтасы бар баллондар мен үлкен бөтелкелерді жүйелі үрлеу арқылы үрленбелі жартылай автоматтағы көпұяшықты қалыпта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау;

қалыптардың күйін қадағалау және оларды суытуды реттеу.

191. Білуге тиіс:

фидерлік қуат көзі бар жартылай автоматтың құрылысы және оны пайдалану ережесі;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 3. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы, 4-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:

үрленбелі жартылай автоматта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау: алғашқы қалыпта бұрандалы мойын қылтасы бар және тығынға тығыз қиюластырылған флакондарды, кухтыльдарды фигуралық бөтелкелерді, шаруашылық және штанглазды банкаларды және шыны сауыттарды.

193. Білуге тиіс:

үрленбелі жартылай автоматтың құрылысы және оны пайдалану ережесі;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

44.Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші


Параграф 1. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд
194. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен ыстық шыны бұйымдарын өңдеу;

шыны бұйымдарын пеште қажетті температураға дейін қыздыру;

шыны бұйымдарын газ жанарғысының жалынында шыныны жұмсарту температурасына дейін қыздыру;

шыны бұйымының шетін ыстық түрде жазу және оны құралмен пішіні бойынша кесу;

шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту, технология талаптарына сәйкес конусқа немесе цилиндрге түзету.

195. Білуге тиіс:

шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі және шыныны жұмсарту деңгейі;

құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу тәсілдері, ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

196. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) сыйымдылығы 500 мл дейін әр түрлі колбалар;

2) сыйымдылығы 300 мл дейін химиялық стақандар;

3) сыйымдылығы 250 мл дейін цилиндрлар мен мензуркалар.

Параграф 2. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 4-разряд


197. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен орта күрделі ыстық шыны бұйымдарын өңдеу;

шыны бұйымының шетін ыстық түрде жазу және оны құралмен пішіні бойынша кесу;

шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту және технология талаптарына сәйкес түзету.

198. Білуге тиіс:

шыны дайындау технологиясы;

шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі және шыныны жұмсарту деңгейі, орта күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тәсілдері;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

199. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) сүт, қайнатпаға арналған, парфюмер флакондарға, қабықты тығынға банкалар;

2) химиялық баллондардың және дәрі-дәрмектерге арналған шыны сауыттардың мойын қылтасы;

3) сыйымдылығы 500 мл және артық әр түрлі колбалар;

4) сыйымдылығы 300 мл және артық химиялық стақандар;

5) шыны қалың қабырғалы түтіктер және бурттармен фасондық бөліктер;

6) сыйымдылығы 250 мл және артық цилиндрлар мен мензуркалар.

Параграф 3. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 5-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:

технология талаптарына сәйкес арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен күрделі шыны бұйымдарын өңдеу;

шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту және үлгіге сәйкес түзету.

201. Білуге тиіс:

шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі және шыныны жұмсарту деңгейі;

күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тәсілдері;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

202. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:

1) бөтелкелер, Эсмарх кружкалары, тығыз қиюластырылған тығынға парфюмер флакондар;



2) дәрі-дәрмектерге және тығыз қиюластырылған тығынға штанглазға арналған шыны сауыттар.

Параграф 4. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 6-разряд


203. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық талаптарға және үлгіге сәйкес арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу;

фасондық бөліктерін кертпелеу.

204. Білуге тиіс:

шыны жасау технологиясының негіздері, қолданылатын құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу;

шыны бұйымдарының шеттерін қыздыру және өңдеу тәсілдері;

шынының негізгі маркалары, ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

205. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) бокалдар, шағын мөлшерлі аяғы бар құмыралар, креманкалар, рюмкалар, фужерлер – шағын мөлшерлі түбін өңдеу;

2) тұтқасыз құмыралар;

3) диаметрі 200 мм артық шашыратқыштар.

Пішіні бойынша ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 7-разряд.

206. Жұмыс үлгілері.

1) құмыралар, күбілер, ірі құмыралар, тұтқасы бар графиндар және ірі бұйымдар, аяқтары бар және жабыстырылған тұғырықтарда дайындамалар;

2) диаметрі 70-тен 90 мм дейін бұйымдардың түбін өңдеу;

3) диаметрі 250 мм артық өңдеулерібар күрделі конфигурациялы шашыратқыштар.

Бірегей бұйымдар мен көрме үлгілерін өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 8-разряд.

207. Жұмыс үлгілері.

1) жеміс- жидектерге арналған құмыралар, Түбінің диаметрі 90 мм артық сыраға арналған бокалдар;

2) цинксульфидті жіппен гутендік жасау бұйымдары және басқа жоғары көркем бұйымдар.

45. Фацетші
Параграф 1. Фацетші, 2-разряд
208. Жұмыс сипаттамасы:

фацеттік станоктар мен түрлі шайбалар үстінде жалпақ, екі қырлы, жартылай шеңберлі және конусты фацетті шыны бұйымдарға жағу;

түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарының жиектерін қайрау;

абразивті материалдар мен шайбаларды дайындау;

өңделген шыны бұйымын жуып шаю.

209. Білуге тиіс:

фацеттік станоктың жұмыс істеу қағидасы және абразивті шығыршықтарды орнату тәсілі;

шайбалардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

фацеттер жағу тәсілдері;

абразивті материалдардың тәсілдері;

ақау түрлері оның алдын алу тәсілдері.

210. Жұмыс үлгілері:

1) клингерлер, қалтаға және сөмкеге салатын айналар - фацет жағу;

2) домалақ және сопақ қалыпты көзілдірік линзалары – жалпақ, жартылай жалпақ және конустық фацетті жағу;

3) фацетке рүұсат етілетін  0,5 мм айна шағылдырғыштары–жиектерінің ұшын шығару.

Параграф 2. Фацетші, 3-разряд


211. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен ағаш пен киізден жасалған шайбалар үстінде және жалпақ тегістеу станокта тік және кең фацетті шыны бұйымына жағу;

жиектерді қайрау;

түрлі типтегі шайбаларда әр түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарының жиектерін өңдеу;

жылтыр фацетті шыны бұйымға жағу;

өңделген шыны бұйымын жуып шаю;

шайбаларды жөндеу;

жұмыста қолданылатын абразивті материалдарды дайындау;

су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу.

212. Білуге тиіс:

жалпақ тегістеу станогының, шайбалардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

абразивті материалдардың қасиеттері және олардың маркалануы;

шыны бұйымдарын фацеттеу кезінде рұқсат етілетін ауытқулар, фацеттелген бұйымдарға арналған техникалық шарттар;

көзілдірік линзаларының рефракциясы мен тазалығы туралы жалпы мәліметтер;

ақаудың себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

213. Жұмыс үлгілері.

1) айна - өңделген фацет жағу;

2) айна, әр түрлі конфигурациялы шыны бұйымдары - жиектерін өңдеу;

3) рұқсат етілетін  0,05 мм жапсарды қиыстырып келтірумен қосарланған бұйымдар - фацет жағу;

4) периметрі рұқсат етілетін 3 м дейін  1 мм бұйымдар - қою және кең фацет жағу.

Параграф 3. Фацетші, 4-разряд
214. Жұмыс сипаттамасы:

шойын және тас шайбаларда шыны мен шыны бұйымдарға жүздерді салу;

«Алмаз» түріндегі айналардың жиектерін өңдеу;

шыны бұйымын қалау, орнату және түсіру;

өңделген шыны бұйымын жуып шаю;

шайбаларды жөндеу;

жұмысқа абразивті материалдарды дайындау;

су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу.

215. Білуге тиіс:

әр түрлі конфигурациялы шайбалардың құрылысы және пайдалану ережесі, абразивтердің әр түрлі маркаларын қолданумен фацеттік станоктарда әр түрлі құралмен жүздерді салу тәсілдері;

фацеттелген бұйымдарға арналған техникалық шарттар, фацеттік станокты дәлдікке тексеру тәсілдері;

тау шайбаларын, киізден жасалған шығыршықтың, бояма шайбаның бетін түзету тәсілдері;

ақаудың себептері оның алдын алу бойынша шаралар.

216. Жұмыс үлгілері:

1) табақ периметрі 3 м артық техникалық және жиһаз шынылары - қою және кең фацетті жағу;

2) триплекс шыны, орта мөлшерлі блоктар, жарық техникалық шыны – қуыс бұрғымен қиыстырып келтірумен шеттерін өңдеу.

Параграф 4. Фацетші, 5-разряд
217. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен шойын мен тастан жасалған шайбалар үстінде және фацеттік станокта шыны мен шыныбұйымға кертіктер салу;

бес және одан да көп бұрышы бар күрделі не қисық пішінді немесе шеңбер пішінді шыны бұйымдарының жиектерін қолмен өңдеу;

бұйымдарды қалау, орнату және түсіру;

жұмысқа абразивті материалдарды дайындау;

су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу.

218. Білуге тиіс:

фацеттік станоктардың, шайбалардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі, тас шайбаларын түзету тәсілдері;

фацеттік станокты дәлдікке тексеру ережесі, абразивті материалдардың қасиеттері, фацеттелген бұйымдарға техникалық шарттар;

ақаудың себептері оның алдын алу бойынша шаралар.

219. Жұмыс үлгілері.

1) есік кенептері – саңылау түсіру.

46. Фацеттік станоктың операторы
Параграф 1. Фацеттік станоктың операторы, 3-разряд
220. Жұмыс сипаттамасы:

фацеттік станоктарда (жалпақ тегістеу, дөңгелек тегістеу, шпинделдік және конструкциясы жағынан оған ұқсас) шынының тура сызықты табақтарына және қарапайым шыны бұйымдарына фацет жағу процесін жүргізу;

шыны мен айналардың шетін 360-М түрлі станоктарда өңдеу.

221. Білуге тиіс:

фацеттік станоктың құрылысы, әрекет ету қағидасы және пайдалану ережесі, шынының физикалық қасиеттері;

шынының жиектерін өңдеуге техникалық шарттар бойынша шектер, фацеттелген шыныға техникалық шарттар;

фацеттеу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

Параграф 2. Фацеттік станоктың операторы, 4-разряд


222. Жұмыс сипаттамасы:

фацеттік станоктарда (жалпақ тегістеу, дөңгелек тегістеу, алты шпинделдік және конструкциясы жағынан оған ұқсас) шынының тура сызықты табақтарына және қарапайым шыны бұйымдарына фацет жағу процесін жүргізу;

ағындық желіде шынының табақтарын фацеттеу;

шыны табақтарының және ПОК-2 және ПОК-6 желілерінде айналардың шетін өңдеу. өңдегіштерге суспензия беруді реттеу;

вакуум сорғыларды ауыстыру.

223. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шынының жиегін өңдеуге шектер, фацеттеу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

47. Фидерші
Параграф 1. Фидерші, 4-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:

фидермен шыны қалыптайтын машинаға берілетін шыны масса тамшыларының температуралық режимін, салмағын, конфигурациясын және мөлшерін реттеу;

фидер тораптарын ағымдағы жөндеу.

225. Білуге тиіс:

фидердің құрылысы;

жұмыс істеу қағидасы және пайдалану ережесі;

шыны мен шыны массасының қасиеттері;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

48. Филаментмашинадағы оператор
Параграф 1. Филаментмашинадағы оператор, 4-разряд
226. Жұмыс сипаттамасы:

сыртқы диаметрі бойынша 0,05 мм артық шегімен шыны дайындамаларын капиллярларға тарту процесін жүргізу;

бір уақытта тоқ өткізетін қабатпен жабумен әр түрлі диаметрді шыны түтіктерін тарту;

филаментмашинаны жөндеу;

шыныны беруді және температура режимін реттеу;

шыны түтіктеріне май құю;

жабын қабатының қалыңдығын анықтау және шығатын жерінде оны кептіруді қадағалау;

тоқ өткізетін қабаттың кедергі мөлшерін өлшеу.

227. Білуге тиіс:

филаментмашинаның құрылысы, әр түрлі маркалы шыны өңдеудің жылулық режимі;

шыныны жабуға арналған тоқ өткізуші массалардың негізгі қасиеттері және оларға қойылатын техникалық талаптар;

шыны түтіктерін тарту кезінде қолданылатын өлшеу аспаптарының белгіленуі.

Параграф 2. Филаментмашинадағы оператор, 5-разряд
228. Жұмыс сипаттамасы:

сыртқы диаметрі бойынша 0,05 мм дейін шегімен шыны дайындамаларын аса жұқа капиллярларға тарту процесін жүргізу;

филаментмашинаны жөндеу;

шыны түтіктерін жабу үшін қолданылатын тоқ өткізетін массалардың жарамдылығын олардың консистенциясы бойынша анықтау.

229. Білуге тиіс:

шыны түтіктерін тартуға арналған филаментмашинаның құрылымы мен жөндеу ережесі;

шыныны қыздыру және беру температурасын реттеуге арналған құрылғыларды пайдалану ережесі;

кедергі мөлшерінің тоқ өткізетін массалардың құрамына тәуелділігі.

49. Флотаторшы
Параграф 1. Флотаторшы, 2-разряд
230. Жұмыс сипаттамасы:

камераларда пульпаның қажетті деңгейін және берілген температураны ұстап тұру;

реганеттерді беру;

қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау;

анағұрлым жоғары білікті флотаторшының басшылығымен жұмыстар орындау.

231. Білуге тиіс:

құмды флотациямен байыту қағидасы;

флотациялық қондырғының құрылысы;

құмды байыту үшін қолданылатын реагенттердің құрамы.

Параграф 2. Флотаторшы, 3-разряд


232. Жұмыс сипаттамасы:

құмның байыту процесін жүргізу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау;

сілтілі реагенттерді дайындау;

флотациялық қондырғыға пульпаның үздіксіз түсімін байқау;

флотациялық қондырғы жүктемесін реттеу;

берілген пульпа тығыздығын, температурасын, қысымын, сығылған ауаны қолдау;

қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау;

анағұрлым жоғары білікті флотаторшыларға басшылық ету.

233. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

құмды байыту технологиялық процесінің негіздері;

байыту процесін бақылау және реттеу ережесі;

құмдарды байыту үшін қолданылатын реагенттердің құрамы, байытудан кейін құмның сапасына қойылатын талаптар;

жабдық жұмысындағы олқылықтарды жою тәсілі.

50. Целлулоид жағушысы


Параграф 1. Целлулоид жағушысы, 1-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстыратын ерітіндінің целлулоидын қалыптарға жағу;

қалыптарды кептіру конвейеріне орнату;

конвейердің кептіретін секциясына ыстық ауаны беру.

235. Білуге тиіс:

жабыстыратын ерітіндінің мөлшерлемесі;

дайындалатын ерітіндінің сапасына қойылатын талаптар.

51. Шикізат пен материалдарды кептіруші


Параграф 1. Шикізат пен материалдарды кептіруші, 1-разряд
236. Жұмыс сипаттамасы:

шикізат пен материалдарды кептіру қондырғысына тиеу. Шикізат пен материалдарды кепкеннен кейін түсіру.

237. Білуге тиіс:

кептіру қондырғыларының құрылысы және оларға тиеу ережесі.

Параграф 2. Шикізат пен материалдарды кептіруші, 2-разряд
238. Жұмыс сипаттамасы:

шикізат пен материалдарды кептіру қондырғысында кептіру;

берілген температуралық режимге сәйкес материалдарды кептіру процесін қадағалау;

кептірудің температуралық режимін ұстап тұру.

239. Білуге тиіс:

кептіру қондырғыларының құрылысы, материалды кептірудің температуралық режимі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

52. Шикізатты орталаушы


Параграф 1. Шикізатты орталаушы, 2-разряд
240. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты (соданы, сульфатты және басқ.) орталайтын қондырғыға түсіру;

қондырғының жұмысын қадағалау;

орталанған шикізатты түсіру.

241. Білуге тиіс:

орталайтын қондырғының құрылысы;

орталанған шикізатқа қойылатын техникалық талаптар.

53. Шихта құрастырушы


Параграф 1. Шихта құрастырушы, 3-разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:

берілген рецептураға сәйкес шихта құрастыру;

шихтаға кіретін шикізат компоненттерін мөлшерлеу және өлшеу;

шихта компоненттерін араластыратын агрегаттарға құю;

шикізат компоненттерінің араластырғышқа түсуін реттеу;

транспортерлердің, элеваторлардың, араластырғыштардың жұмысын қадағалау;

өлшеу дұрыстығын бақылау;

шихтаны араластыру сапасын бақылау мен химиялық талдау үшін сынамалар алу;

дайындалған шихтаны түсіру және оны қор бункерлеріне беру;

материалдарды есепке алу және оларға бастапқы құжаттаманы ресімдеу.

243. Білуге тиіс:

мөлшерлеу, араластыру және тасу жабдығының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

дайындалатын шихтаның рецептурасы, шихта компоненттерін өлшеу және құю реттілігі, шихтаны араластыру сапасына қойылатын талаптар;

суды, мышьякты, қорғасын қосылыстарын және шихтаның құрамына кіретін басқа улы заттарды ұстай білу ережесі;

шихтаны тасу ережесі.

Параграф 2. Шихта құрастырушы, 4-разряд


244. Жұмыс сипаттамасы:

ағындық – механикаландырылған және автоматтандырылған желілерде шыны қайнататын өндіріс үшін шихта дайындау процесін жүргізу;

шихтаны арнайы жабдықта ұсақтау;

арнайы шыныларды қайнату үшін шихтаны ұсақтау: техникалық (электрвакуумдық), саптама, хрустальды;

кварц кесегін дайындау;

технологиялық желіге кіретін агрегаттардың жұмысын қадағалау және реттеу;

әр түрлі қышқылдарда (балқытушыдан басқа) кварц кесегін сусыздандыру, кептіру, өңдеу;

шихтаның сапасын талдау үшін бақылау сынамалар алу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу;

дайындалған шихтаны есепке алу және құжаттама жүргізу.

245. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, әрекет ету қағидасы және жөндеу ережесі;

шихтаның құрамы, шикізатты өңдеу реттілігі, шихтаға және шихтаны араластыру сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 3. Шихта құрастырушы, 5-разряд


246. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты басқару жүйесімен желілерден шихта дайындау процесіне қызмет көрсету;

І-шы класты улылықты шикізаттық материалдарды пайдаланумен күрделі көпкомпонентті шихтаны (12-14 компонентті) дайындау;

берілген рецептураға сәйкес жекелеген компоненттерді мөлшерлеу, өлшеу;

араластыратын және таситын жабдықтың жұмысын қадағалау;

дайындалған шихтаны есепке алу.

247. Білуге тиіс:

көпкомпонентті шихтаны дайындау технологиялық процесі;

дайындалатын шихтаның рецептурасы;

улы материалдармен жұмыс істеу тәртібі және тәсілдері;

шихтаның сапасына қойылатын талаптар.

54. Шихта төгуші


Параграф 1. Шихта төгуші, 3-разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:

шихтаны, ұсақталатын шыныны, эрклезді шыны қайнатушы пештердің механикалық тиегіштерінің бункерлеріне механикаландырылған тиеу;

шихтаны құмыра тәрізді пештерге қолмен төгу;

ванна пешінде шыны массасының берілген деңгейін қолдау;

тиелетін компоненттердің сапасын бақылау;

шихтаны тиеу жеріне жеткізу;

шыны қайнатушы пештердің ағымдағы жөндеуіне қатысу.

249. Білуге тиіс:

механикалық тиегіштердің, кран- балканың және басқа да жабдықтардың құрылысы және пайдалану ережесі;

шихта мен ұсақталатын шыныға қойылатын техникалық талаптар;

шихта мен ұсақталатын шыныны шыны қайнатушы пештерге төгу ережесі;

шынының маркалары, көтеру- тасу жабдығын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Шихта төгуші, 4-разряд
250. Жұмыс сипаттамасы:

шихтаны, ұсақталатын шыныны шыны қайнатушы пештердің механикалық тиегіштерінің бункерлеріне механикаландырылған тиеу;

ұсақталатын шыны мұнарасы мен ұсақтағыштарда шихтаның компоненттерін өңдеу;

төгу кезінде шихта мен ұсақталатын шынының қажетті арақатынасын сақтау;

шыны қайнатушы пештердің ваннасында шыны массасының берілген деңгейін қолдау;

тасымалдаушы жабдыққа қызмет көрсету (элеваторларға, конвейерлерге);

шыны қайнатушы пештерді жөндеуге қатысу.

251. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

шихта мен ұсақталатын шыныға қойылатын техникалық талаптар, шихта мен ұсақталатын шынының компоненттерін дайындаудың технологиялық процесі;

шихта мен ұсақталатын шыныны пешке төгу ережесі.

55. Шихтаны ұсақтау операторы


Параграф 1. Шихтаны ұсақтау операторы, 5-разряд
252. Жұмыс сипаттамасы:

берілген параметрлермен шихтаны ұсақтау және түйіршіктер алу процесін жүргізу;

технологиялық желінің жабдығын, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика, коммуникациялар жүйесін жұмысқа дайындау;

технологиялық желіні қосу және тоқтату;

шыны ұсату мұнарасында шыны ұсатуды өңдеу;

түйіршіктерді шихтамен қуаттандыруды реттеу;

вибраторларға, элеваторларға, конвейерлерге және басқа тасушы жабдыққа қызмет көрсету;

түйіршіктеу сапасын бақылу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

253. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шихтаны және шыны ұстауды өңдеудің технологиялық процесі;

шихтаны араластыру сапасына қойылатын талаптар;

шихтаның құрамына кіретін материалдарды пайдалану ережесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою тәсілдері.

56. Штенгелдеуші


Параграф 1. Штенгелдеуші, 2-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматтарда электрвакуумдық құралдарға арналған колба штенгельдерін қолмен тиеу арқылы колбаларды штенгельдеу процесін жүргізу және жартылай автоматтың алып салмалы позициямен штенгельденген колбаларды түсіру;

жұмыс барысында жартылай автоматтың газ жанарғысының жалынын реттеу;

бөлшектің геометриялық талаптарына сәйкес штенгельды ортаға келтіру;

орындалған жұмысты көзбен бақылау.

255. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы;

штенгельденген колбаларды жүктеу, алу және ортаға келтіру ережесі;

шынының қасиеттері және штенгельдеудің белгіленуі;

шыны ақауының түрлері және штенгельдеудің сапасыз орындалуын тудыратын себептер.

Параграф 2. Штенгелдеуші, 3-разряд
256. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы құрылғылар мен жартылай автоматтарда электрвакуумдық құралдар үшін қолмен әр түрлі конфигурациялы колбалардың тұмсықтары мен басқа да бөлшектерін қалыптау арқылы штенгельдеу процесін жүргізу;

газ жанарғыларының жалынын реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндету;

бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен штенгельдеу процесін бақылау.

257. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жөндеу ережесі;

шынының қолданылатын маркалары, олардың құрамы мен қасиеттері;

шыныны өңдеудің температуралық режимдері;

штенгельдеу кезінде ортаға келтіру тәсілдері;

бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі.

57. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші


Параграф 1. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын

жөндеуші, 4-разряд


258. Жұмыс сипаттамасы:

кесетін механизмдерді, шыныны кесу мен балқытуға арналған жартылай автоматтарды, шыныны кесуге, іріктеуге, сындырып алуға арналған автоматтарды, патрондарды құрумен жартылай автоматтарды, автоматтарды және фацеттік станоктарды, сферо–фрезерлік, арамен кесетін, бөлетін станоктарды, ортаға дәл келтіру автоматтарын және жартылай автоматтарды, сонымен қатар шыны бұйымдарын дәнекерлеу және пісіру стонктары мен жартылай автоматтарды дайындау, жөндеу және профилактикалық байқау;

тораптар мен механизмдері ақауының болмауын тексеру, жұмыс процесінде механизмдерді жөндеп дайындау, қызмет көрсетілетін жабдық пен құрылғыларды ауыстыру;

жабдықты алдын ала қарау, тозуын айқындау, тозған бөлшектерді және механизм тораптарын ауыстыру.

259. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оған жөндеу жүргізу тәртібі;

қызмет көрсетілетін жабдықты және аспаптарды жөндеу ережесі;

жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері, олардың алдын алу және жою тәсімдері.





  1. жүктеу 2,44 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау