Ќазаќстан республикасыныѕ ЕЅбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігі



жүктеу 2,44 Mb.
бет7/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#7566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

шыны лентасының, бортқалыптайтын машиналардың ұстағыштарының күйі мен жағдайын қадағалау;

шыны лентасының ақауларының немесе деформацияларының алдын алу;

балқыма ваннасының герметизациясын қамтамасыз ету, қорғағыш атмосферасының және графиттік қатайтулардың күйін бақылау;

күйдіру пешінің температура режимін ұстап тұру.

395. Білуге тиіс:

борт қалыптайтын машиналар мен күйдіру пештерінің жұмыс істеу қағидасы мен құрылысы, «балқымалы лента» әдісімен өңделген табақтық шыны өндірісінің технология негіздері;

шыны лентасының берілген геометриясының бұзылуын тудыратын себептерді жою тәсілдері.

Параграф 2. Шыны лентасын қалыптау операторы, 5-разряд


396. Жұмыс сипаттамасы:

шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысына қызмет көрсету;

балқыма ваннасында шыны лентасының созылуын қадағалау;

газды ауа жастығында шыны лентасын қалыптау режимін, қорғаныш атмосфеасын қыздыру торабының жұмысын бақылау;

балқыту ваннасының және газды ауа жастығының аймақтары бойынша қорғағыш атмосфераның шығынын реттеу;

кварц шиберлерді, аражабын блоктарды, артқы батырылатын брусты, шыны массасын беру торабында бүйір шектеушілерді ауыстыру;

балқыту ваннасынан шыны массасын және шыны қайнатушы пештің бөлігін тазарту.

397. Білуге тиіс:

екі сатылы қалыптау қондырғысының құрылысы және пайдалану ережесі;

шыны лентасын қалыптау технологиялық процесі;

дайындалатын табақтық шынының сапасына қойылатын талаптар;

ақау түрлері және оларды жою тәсілдері.

Параграф 3. Шыны лентасын қалыптау операторы, 6-й разряд
398. Жұмыс сипаттамасы:

шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысын басқару;

қорғағыш атмосфераның балқыту ваннасына түсуін, шыны массасының ағуын және шынының үздіксіз лентасының қалыпталуын қадағалау;

шыны лентасының балқу ваннасының осі бойынша орналасуын, шыны массасының шығынын, лентаны тарту жылдамдығын және оның қалыңдығын реттеу;

балқу ваннасының аймақтары бойынша белгіленген жылу режимін қолдау;

кварц шиберлерді, шыны массасын балқу ваннасына беру торабында аражабын арқалықтарын ауыстыру;

балқу ваннасына және газды ауа жастығына қызмет көрсететін анағұрлым төмен білікті шыны қалыптау операторларына басшылық ету.

399. Білуге тиіс:

балқу ваннасының және газды ауа жастығының құрылысы, «балқушы лента» әдісімен өңделген шыны табақты дайындау технологиясы;

қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі;

шыны лентасын оның қалыңдығы бойынша тегістеу тәсілдері;

қалыптаудың технологиялық параметрлерін реттеу тәсілдері, ақау түрлері және оны жою ережесі.


.78. Шыны лентасын қысқартып кесуші
Параграф 1. Шыны лентасын қысқартып кесуші, 1-разряд
400. Жұмыс сипаттамасы:

берілген параметрлер бойынша шыныны тігінен тарту машиналарында лентаны қысқартып кесу;

ернеулерін омырып алу;

соғу кезінде ағыту және кесік сызықтарды қосу;

қызмет көрсетілетін машинаны соғу кезінде, сондай-ақ шыны табақтарының механикалық сынуы кезінде шыныны қолмен кесу;

соғу кезінде машинаның астынан шыныны жинау.

401. Білуге тиіс:

табақтарды кесу мен борттауға арналған құрылғылардың құрылысы;

шыны табақтарын пайдалану ережесі.

79. Шыны кесуші


Параграф 1. Шыны кесуші. 1-разряд
402. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластинкаларды қолмен немесе преспен кесу сызығымен кейіннен омырумен трафарет бойынша доңғалақпен немесе алмаспен кесу;

кесілген дайындамаларды қысқыштармен қысу (домалақтау);

кесілген дайындамалардан (банттардан) дөңгелек шыныларды қаққылау (сығу);

шыны пластинкаларын қағазбен жабу.

403. Білуге тиіс:

престің құрылысы және онда жұмыс жасау, кесетін құралды пайдалану ережесі;

шыныны ұстай білу ережесі;

шынының маркалары, шыныны кесу тәсілдері;

ақаудың себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 2. Шыны кесуші, 2-разряд
404. Жұмыс сипаттамасы:

табақты және айна шыныны шағын мөлшерлерге қолмен кесу;

плита шыныны пішу;

қайрақпен немесе балғамен көрініп тұрған ақаулары бар жерлерді және үшкір бұрыштарын алып тастай отырып, белгіленген салмағы бар шынының дайындамаларын кесу;

қалың қабырғалы шыны түтіктерін және фасонды бөліктерін электр кесу;

қолмен немесе кесетін машинканың көмегімен оптикалық шыныдан пластиналар мен дротты кесу;

алмас фрездері бар станоктарда өлшейтін дротты аралау және оны дайындамаларға ұсақтау;

шыны массасын бұрап, ұсақтап немесе артық массасын алып тастап дайындау және станокта берілген мөлшерге дейін жеткізу.

405. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы;

шынының негізгі қасиеттері мен ақулары;

шыныны кесу және ақауларын алып тастау ережесі;

шыныны кесу сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 3. Шыны кесуші, 3-разряд


406. Жұмыс сипаттамасы:

шаблондар бойынша табақты шыныны берілген мөлшерлерге қолмен кесу;

барлық мөлшер мен қалыңдықтағы табақты шыныны белгілеу және тік бұрышты және дөңгелек қалыпты бөлшектерге кесу;

қарапайым мүсінді айналарды пішу карталарына сәйкес кесу;

пішу машиналарында жиһаз айналарын кесу;

шыны шеттерінің тегіс емес жерлерін тазарта отырып қысқышпен алып тастау;

цилиндрларды белгілеу және шыны кесуге арналған стнокта кесу.

407. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың және құралдың құрылысы және пайдалану ережесі;

шынының негізгі қасиеттері;

цилиндрларды станокта кесу ережесі және олардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Шыны кесуші, 4-разряд


408. Жұмыс сипаттамасы:

қалыңдығы 8 мм дейін техникалық, сөрелік, өңделмеген жне өңдеген шыныны үлгі бойынша қолмен кесу;

жиһазға арналған мүсінді айнаны, шыныны кесу;

пішетін жартылай автомат станокта қиын балқитын, айна шынысын кесу;

шыны кескіштерді баптау;

хрустальды және саптама шыныдан ірі және қалың қабырғалы бұйымдарды кесу.

409. Білуге тиіс:

шынының негізгі қасиеттері, табақ шынының ақаулары;

табақ шыныны үлкен мөлшерлерге ұтымды пішу тәсілдері және жарамды бұйымдардың барынша көп шығымы бар оптикалық шынылар;

бақылау-өлшеу аспаптары мен шаблондарды пайдалану және жөндеу ережесі;

шыны кесудің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 5. Шыны кесуші, 5-разряд

410. Жұмыс сипаттамасы:

механикаландырылған станоктарда ауданы 1 м 2 артық ірі габаритті табақ шынысын кесу;

өз бетінше белгілей отырып қалыңдығы 8 мм артық сөрелік өңделген шыныны қолмен кесу;

ерекше жұқа шыныны арнайы станокта дәл мөлшерлерге кесу;

шыны кескіштерді баптау.

411. Білуге тиіс:

конвейерлік өңдеу шынысын кесу технологиясы;

шыныны белгілеу және ұтымды пішу ережесі;

шыны кескіштерді баптау ережесі.

80. Шыны қайнатушы


Параграф 1. Шыны қайнатушы, 4-разряд
412. Жұмыс сипаттамасы:

бекітілген режимге сәйкес қарапайым маркалы шыны массасын, силикат-глыбаны, эрклезді, флюстарды қайнату процесін жүргізу;

шихта мен ұсақ шыныны құмыраларға және пештерге уақытында себуді қамтамасыз ету;

шихта мен үгілген шыныны пешке жылжытуды реттеу;

пеште шыны массасының қажетті деңгейін ұстап тұру;

жұмыс камерасының, арналар мен жанарғылардың, ауырлық және үрлеу құрылғыларының күйін қадағалау;

форсункаларды мерзімді тазалау және ауыстыру;

шыны қайнату температурасын және отынның пешке түсуін реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

құмыраларды пешке орнатуға және алуға қатысу;

пешке ағымдағы жөндеу жасауға қатысу;

шыны қайнатудың негізгі көрсеткіштерінің жазуларын жүргізу;

шыныны табаққа немесе блокқа құюға қатысу.

413. Білуге тиіс:

шыны массасын қайнату технологиясының негіздері, қызмет көрсетілетін пештер мен жабдықтың құрылымы;

шыны қайнататын пештерге қызмет көрсету бойынша технологиялық нұсқаулық, отын мен ауаны пешке беруді реттеу тәсілдері;

термоөлшейтін аспаптардың белгіленуі және қолданылуы, шихтаның құрамы және оның компоненттерінің қасиеттері;

шыны массасының ақау түрлері және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар.

Параграф 2. Шыны қайнатушы, 5-разряд
414. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты реттеу жүйелерімен жабдықталған құмыра тәрізді және ванна пештерінде хрусталь, саптама, қиын балқитын және ыстыққа төзімді шыныларды, орта күрделі маркалы шыны массасын қайнату процесін жүргізу;

шихта мен үгітілген шыныны пешке уақытында себуді жүргізу;

шихта мен үгітілген шынының жылжуын реттеу;

пеште шыны массасының берілген деңгейін қолдау;

қайнатудың жылулық, газдық және гидравликалық режимін реттеу;

шыны массасының айнасының күйін және барботажды қондырғының жұмысын бақылау;

пештің бақылау нүктелерінен сынамалар алу арқылы қайнату процесін үнемі бақылау;

құмыраларды пешке орнатуды және оларды алуды басқару;

техникалық есептілік пен құжаттаманы жүргізу;

пештерді жөндеуге қатысу.

415. Білуге тиіс:

шыны массасын қайнатудың технология негіздері, қызмет көрсетілетін пештердің және жабдықтың құрылысы және техникалық пайдалану ережесі;

шихтаның құрамы және оны компоненттерінің қасиеттері, ауа мен отын келтіру сызбасы;

бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратурасының құрылысы және пайдалану ережесі;

шыны массасының ақаулары және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар.

Параграф 3. Шыны қайнатушы, 6-разряд
416. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз және мерзімді жұмыс істейтін құмыра тәрізді пештер мен ванналарда шынының күрделі, сирек қайталанатын маркаларының шыны массасын қайнату процесін жүргізу;

шыныны элктрмен қайнатуды жүргізу;

пешті шихтамен және үгітілген шынымен қуаттандырудың тұрақты режимін қамтамасыз ету;

қайнатудың жылулық, газдық және гидравликалық режимін реттеу;

шыны қайнататын пештің, саптаманың күйін, желдету жүйелерінің жұмысын бақылау;

магистральдарда отын мен ауаның қысымын, түтікте сұйылуын қадағалау;

бақылау сынамаларын алу,

қызмет көрсететін пештердің жұмыс көрсеткіштерінің жазуларын жүргізу, оларды «суық» және «ыстық» жөндеуге қатысу.

417. Білуге тиіс:

әр түрлі құрылымды пештердің құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

шыны массасын қайнату технологиялық процесі, тоқ жүктемелерін реттеу ережесі;

қолданылатын шихтаның құрамы және оның компоненттерінің қасиеттері;

әр түрлі маркалы шыныларды қайнатудың технологиялық процесінің ерекшеліктері;

шыны массасының ақаулары және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар;

бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратурасының құрылысы және пайдалану ережесі;

шыны массасын қосымша электрлік қыздыру жүйесінің құрылысы.

Параграф 4. Шыны қайнатушы, 7-разряд


418. Жұмыс сипаттамасы:

шыны массасын қайнататын технологиялық процесті автоматты басқару жүйесімен (АСУ- ТП) үздіксіз және мерзімді әрекеттегі ванна және құмыра пештерінде ерекше күрделі тәжірибелік, эксперименталдық, арнайы маркалы шыныларды термиялық қалыптау тармағы үшін шыны массасынан қайнату процесін жүргізу;

пештерді шихтамен және шыны үккішпен қуаттандырудың тұрақты режимін қамтамасыз ету;

шынының сынамаларын іріктеу;

пештердің берілген жылулық, газдық және гидравликалық режимін ұстау. АСУ-ТП-да қайнатудың берілген параметрлерін енгізу;

қызмет көрсететін пештердің жұмыс көрсеткіштерінің жазуын жүргізу.

419. Білуге тиіс:

шыны массасын қайнатудың технологиялық процесі;

әр түрлі конструкциялы пештердің құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

шыныны қайнату процесін автоматты басқару жүйелерінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шихтаның құрамы мен оның қасиеттері;

шыны массасының ақаулары және олардың алдын алу мен жою бойынша шаралар.

420. Орта кәсіптік білім қажет.

81. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы


Параграф 1. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 2-разряд
421. Жұмыс сипаттамасы:

таза қалыпта қарапайым шыны бұйымдарын, оның ішінде парфюмерлік және медициналық ыдысты және шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарда дроттың дайындамаларын дайындау процесін жүргізу;

жартылай автоматты қосу, зарядтау;

газ жанарғыларының жалынын реттеу;

шыны бұйымдарының шеттерін оларды қалыптау мен қыздырудан кейін балқыту, бұйымдарды алу;

бұйымдарды автоматты немесе қолмен ала отырып жартылай автоматта шыны дайындамаларын және бөлшектерді балқыту;

таза қалыптардың күйін қадағалау және оларды суытуды реттеу;

шыны бұйымдарын күйдіру пештеріне салу және тасу.

422. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, пайдалану ережесі;

газ жанарғыларының түсуін, оттегі мен ауаның түсуін реттеу тәсілдері, әр түрлі маркалы шынының негізгі қасиеттері;

жұмсарту температурасы, кеңейту коэффициенті, шыны дайындамаларын балқыту тәсілдері;

шыны бұйымдарының шетін жөндеу және бұйымдарды күйдіру пештеріне салу тәсілдері;

күйдіру пешінің температурасын реттеу ережесі;

дротқа, шыны бұйымдарын қыздыруға және қайта қоюға қойылатын техникалық талаптар;

ақаудың пайда болу себептері, оның алдын алу мен жою бойынша шаралар;

бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 3-разряд


423. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарда, оның ішінде калибрленген мойын қылтасы бар баллондар мен үлкен бөтелкелерді қара және таза қалыптарда жүйелі үрлеу арқылы көпұяшықты қалыпта бұйымдарды және дроттан дайындамаларды дайындау процесін жүргізу;

газ жанарғыларының жүйесімен жабдықталған арнайы станоктарда тораптар мен бөлшектерді дайындау;

дайындамалармен немесе дротпен шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарды қосу, зарядтау;

газ жанарғысы жалынының көмегімен шыны бұйымдарын қалыптау;

бұйымдарды өңдеу, вакуумдық- берік дәнекерлермен және ортаға келтірумен бірнеше тораптар мен бөлшектерді дәнекерлеу бойынша бірқатар жүйелі байланысты жұмыстарды орындау;

шыныны металмен дәнекерлеу;

аяқтарды колбаларға дәнекерлеп салу;

шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарды, қалыптарды майлау күйін, стаккерлер мен конвейерлердің жұмысын қадағалау;

шыны қалыптайтын машиналардың анағұрлым жоғары білікті операторының көрсетуімен ұсақ жөндеу және басқа жұмыстар орындау;

дайындамалар мен бұйымдардың сапасын бақылау.

424. Білуге тиіс:

шыны дайындау технологиясының негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, пайдалану және жөндеу ережесі;

газ жанарғысы жалынын реттеу тәсілдері;

өңделінетін шыны мен металдың негізгі қасиеттері;

шынының әр түрлі түрлерін үрлеу, жазу, тарту, пісіру тәсілдері;

дәнекерлеу сапасын көзбен анықтау, дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

дайындалатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар.

425. Жұмыс үлгілері:

1) ампулалар - дайындау;

2) шприцтарға поршеньдер - дайындау;

3) әр түрлі мөлшерлі шыны түтіктер, май өлшеуіштердің корпустары, аккумуляторлық ареометрларға пипеткалар, термодайындамалар- мойын қылтасын қалыптау;

4) етіктер, май өлшеуіштер, құйғыштар және термометрлерге арналған капиллярларға шариктер – үрлеп қатайту;

5) шыны бұйымдары – қыздыру және шетін өңдеу;

6) термометрлер - жабу.

Параграф 3. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 4-разряд


426. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қалыптайтын машиналардың анағұрлым жоғары білікті операторының басшылығымен вакуумдық- үрленбелі автоматтарда шыны ыдысты және сорттық ыдысты дайындау процесін жүргізу;

шыны қалыптайтын машиналарда, көлденең жартылай автоматтарда және барабандарда бұйымдарды және дроттан дайындамаларды дайындау;

көлденең жартылай автоматтарды қосу, дайындамалармен немесе дротпен, зарядтау;

шыныны машинаның қалыптарына беру;

айналу жылдамдығын реттеу;

шыны бұйымдарын қалыптау;

шыны бұйымдарын қалыптан алу және оларды күйдіруге немесе кристалдауға беру;

әр түрлі диаметрлі шынының дәнекерлерін және қабырғаның қалыңдығына дәнекерлер орындау;

жартылай автоматтардың жанарғы жалынының көмегімен бұйымдарды қалыптау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың және қалыптардың күйін, конвейерлердің жұмысын қадағалау;

бұйымдар мен дайындамалардың сапасын бақылау.

427. Білуге тиіс:

шыны қалыптайтын машиналардың құрылысы және пайдалану ережесі;

қуаттандырғыштың және басқа көмекші құрылғылардың құрылысы, қалыптау режимін және газ жанарғыларының жалынын реттеу ережесі;

дайындалатын бұйымдарға техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар, бөлшектерді бекітулі орнату ережесі;

ортаға келтіру, арнайы бақылау-өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі;

дәнекерді күйдіру режимдері, ақау түрлері және оны жою ережесі.

428. Жұмыс үлгілері:

1) ампулалар және шприцтарға поршеньдер - жартылай автоматтарда дайныдау;

2) май өлшеуіштер - жартылай автоматтарда дәнекерлеу және мойын қылтасын қалыптау;

3) флакондарға, банкаларға, шыны түтіктерге, шприцтарға цилиндрларға арналған дайындамалар - барабандарда дайындау;

4) моллирлеуге арналған дайындамалар – көлденең жартылай автоматта дайындау;

5) сорттық ыдыс және шыны ыдыс - дайындау;

6) әр түрлі мөлшерлі флакондар мен банкалар - дайындау;

7) бұрандалы мойын қылтасы бар тығыз қиюластырылған тығынға флакондар, мүсінді бөтелкелер, шаруашылық, штанглазды банкалар мен шыны сауыттар- үрленбелі жартылай автоматта дайындау;

8) шприцтарға цилиндрлар - дайындау.

Параграф 4. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 5-разряд


429. Жұмыс сипаттамасы:

шыны ыдысты дайындау процесін жүргізу;

шыны қалыптайтын машиналарда бұйымдарды және дроттан дайындамаларды дайындау;

қызмет көрсететін шыны қалыптайтын машиналардың жұмыс режимін үйлестіру және реттеу;

шыны қалыптайтын машинаға қызмет көрсету және қосу: агрегатты қосу, қалыптардың, домалату мен механизмдердің бекітуін тексеру;

бұйымдарды қалыптау және дәнекерлеу (қабыршақтардың, түрлі-түсті кинескоптардың және арнайы электрондық- сәуле түтіктерінің конустары);

шыныны қалыпқа беру және қыздыру кезінде қалыптардан шыны үгіткішті алып тастау;

қызмет көрсетілетін машиналарда берілген температура режимін реттеу және қолдау;

қалыптар мен басқа тораптарды ауыстыру;

технологиялық процеске сәйкес жұмыстарды жүргізу;

дайындалатын бұйымдардың сапасын қадағалау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

430. Білуге тиіс:

шыны массасынан шыны және одан бұйымдар дайындау технологиясының негіздері;

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және олардың жұмысындағы олқылықтарды жою тәсілдері;

бұйымдар ақауының түрлері, оның пайда болу себептері және оны жою тәсілдері.

Параграф 5. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 6-разряд
431. Жұмыс сипаттамасы:

вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптайтын машиналарда шыны ыдысты, химия- зертханалық және сорттық ыдысты дайындау процесін жүргізу;

жұмыс режимін таңдау және реттеу және қабырғалардың ішкі және сыртқы диаметрі мен қалыңдығы бойынша қатаң шектерімен автоматты жөндеу;

тамшы беру автоматты жүйесін және алғашқы, таза және мойын қылта қалыптарын майлаудың автоматты жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу;

қызмет көрсетілетін жүрісте ауыстырмалы тораптарды ауыстыру;

аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау және карусельдің айналу жылдамдығын, ауаның берілуін, вакуум, суыту деңгейін түзету;

қызмет көрсетілетін автоматты ұсақ жөндеу;

шыны қалыптайтын машиналарға қызмет көрсету және қосу, машинаның жұмыс режимдерін өз бетінше таңдаумен күрделі, сондай-ақ тәжірибелі жұмыстарды орындау;

әр түрлі диаметрді дайындалатын бұйымдардың сапасын және өтулердің геометриясы мен бірқалыптылығын сақтаумен қабырғаның қалыңдығын қадағалау;

шыны қалыптайтын машиналарда ақау мен істемей қалулардың алдын алу.

432. Білуге тиіс:

тораптардың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және өзара әрекеттестігі, қызмет көрсетілетін машиналарды және автоматтарды, сондай-ақ вакуумдық қуаттандырғыштың және басқа көмекші құрылғылардың пайдаланылу ережесі;

бұйымдарды қалыптаудың тұрақты режимін қамтамасыз ету ережесі;

қызмет көрсетілетін автоматты жұмыс күйінде реттеу, карусельдердің, түтіктердің жылдамдығын, ауаның берілуін, вакуумның деңгейін түзету тәсілдері;

әр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған қызмет көрсетілетін автоматты жөндеу ережесі;

үрлеу технологиялық процесінің параметрлерін бақылау үшін қолданылатын аспаптардың белгіленуі, және оларды пайдалану ережесі;

дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

433. Жұмыс үлгілері:

1) азық-түлік термосына арналған колбалар - дайындау;

2) түрлі-түсті кинескоптардың конустары және арнайы электрондық-сәулелік түтіктер - қалыптау;

3) сорттық ыдыс және шыны ыдыс - дайындау;

4) дәріханашының ыдысы - дайындау.

Параграф 6. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 7-разряд


434. Жұмыс сипаттамасы:

басқарушы компьютермен режимде агрегаттардың өзара әрекеттестігін синхрондауын қамтамасыз ету;

электрондық басқаруы бар көпсекциялық автоматтарда (ИС-6-3) шыны массасын медициналық өнеркәсіпке арналған шыны ыдысты дайындау;

жұмыс режимін таңдау, реттеу және қабырғалардың ішкі және сыртқы диаметрі мен қалыңдығы бойынша шектері бар автоматты жөндеу;

автоматқа қызмет көрсету және оған күтім жасау, қолданыстағы автоматта қалыптарды ауыстыру;

аспаптардың көрсеткіштеріне қызмет көрсету және айналу жылдамлығын, ауаның берілуін, салқындатуды түзету;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

435. Білуге тиіс:

технологиялық желі механизмдерінің құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және өзара әрекеттестігі, шыны қалыптайтын машиналарды пайдалану ережесі;

шыны қалыптайтын машинаға қызмет көрсету үшін қажетті көлемде компьютермен диалог, шыны қалыптайтын машинаның ассортименті мен өнімділігіне байланысты секция тораптары жұмысының қажетті циклограммасын қалыптастыру ережесі;

бұйымдарды қалыптаудың тұрақты режимін қамтамасыз ету ережесі;

қызмет көрсететін автоматты жұмыс күйде реттеу тәсідері, дайындалатын бұйымдардың ассортиментін өзгерту кезінде автоматты жөндеу ережесі;

технологиялық процесті бақылау аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі;

дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

436. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.

82. Шыны массасын жинаушысы


Параграф 1. Шыны массасын жинаушысы, 3-разряд
437. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнатушы пештен немесе құмырадан түтікке немесе «темірге» шағын және орта мөлшерлі бұйымдарды үрлеуге арналған белгілі бір тұтқырлықты шыны массасының қажетті мөлшерін жинау;

жинаққа қажетті пішін беру, оны престеуге арналған қалыпқа тапсыру;

түтікке шыны массасын жинау кезінде ақауларды жою.

438. Білуге тиіс:

пластмассаның қасиеттері, бұйымдардың мөлшерлеріне байланысты шыны массасын жинау және мөлшерлеу тәсілдері;

дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, шынының негізгі маркалары;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

439. Жұмыс үлгілері:

1) генератор шамдардың сыналары- шыны массасының жинағы;

2) үрленетін бұйымдарға арналған бөлшектер - шыны массасының жинағы;

3) үенератор шамдардың колбалары - шыны массасының жинағы;

4) карбюраторлар мен спиртовкаларға арналған қақпақтар- шыны массасының жинағы;


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау